Зейін туралы жалпы түсінік



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1. ЗЕЙІН ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.
1.1 Зейін туралы жалпы ұғым. 6
1.2 Зейіннің физиологиялық негізі. 8
1.3 Зейіннің түрлері және қасиеттері. 9
1.4 Зейінді дамыту жолдары. 16
1.5 Зейінді тәрбиелеу жолдары. 18

2. ЗЕЙІНДІ ДАМЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУ.
2.1 Зейінді дамыту мен тәрбиелеудегі мұғалімнің ролі. 20
2.2 Зейінді дамыту мен тәрбиелеуде орындалатын талаптар. 22

ҚОРЫТЫНДЫ 23

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 24
КІРІСПЕ
Психикалық іс әрекеттің мақсат бағдарлы және нәтижелі болуы үшін адам ең алдымен өзінің ой–санасын істеп жатқан әрекеті мен сан әрекет нысанына тоқтата білуі қажет. Әдемі сурет салуға бекінген баланы көз алдыңызға келтіріңіз. Сурет затын, оның түр–түсі мен қағазға қалай орналасуын ойластырамын деп, жас суретшінің жұмысқа шомғаны сонша, тіпті ата – аналарының оған қарата айтқан сөздерін мүлде аңғарар емес. Мұндайда бала зейінін істеп жатқан әрекетіне шоғырлады, назарын қажетті заттарына аударды, басқа заттардың бәріне алаңдамастан, өз керегімен шұғылданды дейміз.
Келтірілген мысал адамның бір мезгілде әрқандай заттар туралы ойлап, әртүрлі іспен бірдей шұғылдана алмайтынынының дәлелі. Сондықтан да оның санасы белгілі мезеттің әрбір бөлігінде өзіне қажет болған заттар мен құбылыстардың маңызды да мәнді тараптарына бағытталады.
Ой–сананың бағытталуы деп ең алдымен психикалық әрекеттің таңдамалық сипатын, нақты объекті күні бұрын ниетті іріктеуін, не оған мән бермеуін айтамыз. Бағытталу түсінігі сонымен бірге іс - әрекеттің біршама уақыт аралығында өз сипатын сақтап тұра алу қасиетін де қамтиды. Зейінді болу үшін қандай да бір істің түрін таңдап қана алу жеткіліксіз, сол таңдауды тұрақтатып, сақтап қалу қажет. Мысалы, педагогикалық процесте оқушылар зейінін, анау не, мынау зат не деп, іске бағыттау онша қиындық тудырмайды, әңгіме төркіні сол зейін бағытын қажетті уақыт аралығында сақтап тұру.
Зейін сөзі сонымен бірге ой–санамыздың белгілі іс-әрекетке шоғырлануы мен шому мағынасын да білдіреді. Адам алдында тұрған міндет неғұрлым қиын болса, зейін де соғұрлым күшті әрі өткір болып, ал жұмыс қиындығы болмағанда, зейін салудың күші де кемірек келеді.
Өз кезегінде зейін шоғырлануы ой – сананы қажетсіз объектке бәрінен ауыстыра алумен де байланысты. Зейін күші толығып нақты бір істің шешіміне бағышталған шақта, төңіректегі қай заттардың бәрі біз үшін елес күйінде байқалады.
Сонымен, қандай да бір затқа зейін қоюымыздан, ол зат біздің санамыздың төрінен орын теуіп, қалған дүние деректерінің сана аймағының шектеріне ығыстырылады. Осыған орай зейін аударылған заттың санамыздағы бейнесі нақты айқындалып жөніндегі елестер мен ойлар іс - әрекет мақсатына жеткенше, санамызда бекіген халде сақталады. Осыдан, зейін іс - әрекетті бақылау және реттеу қызметін де атқарады.
Зейін, әдетте, адамның бет, дене қалпы мен қозғалыстарында көрінеді.Сырттай- ақ зейінді тыңдап отырған оқушыны зейіндізінен айыруға болады. Ал кей жағдайларда зейін қоршаған дүние емес, адам санасындағы ойлар мен бейнелерге де бағытталады. Мұндай жағдайдағы зейін интеллектуалды деп аталып, ол сезімдік зейінінен біраз өзгеше келеді. Ал ой – сана дене қозғалыстарға бағытталған болса, онда өз арқауына қимылдық зейін алынады. Мұның бәрі зейіннің дербес танымдық, өз мазмұнына ие болған өзге танымдық процестердің қосалқы қызметтерін атқарытынын дәлелдейді.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Әдеп және жантану. Хрестоматия. – Алматы, 1996 ж.
2. Т. Тәжібаев. Жалпы психология. – Алматы, 1993 ж.
3. М. Мұқанов. Жас және педагогикалық психология (лекциялар). – Алматы, 1982 ж.
4. В.C. Мухина. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. – Алматы, 1986 ж.
5. Ж. Аймауытов. Психология. – Алматы: Рауан, 1995 ж.
6. Қ. Жарықбаев. Психология. – Алматы: Білім, 1993 ж.
7. А. Темірбеков, С. Балаубаев, А.В. Петровский. Педагогикалықұ және жас ерекшелігі психологиясы. – Алматы: Мектеп, 1987 ж.
8. Психология. – Алматы: Мектеп, 1966 ж.
9. Психология. 2 – басылымнан қазақ тіліне аударылған. – Алматы: Мектеп, 1980 ж.
10. Возрастная и педагогическая психология/Под ред. Петровского А.В. 2 изд. – М., 1979 ж.
11. Возрастная и педагогическая психология/Под ред. Гамезо М.В. – М., 1989 ж.
12. А. Темірбеков, С. Балаубаев. Психология. – Алматы: Мектеп, 1966 ж.
13. Общая психология/Под ред. А.В. Петровского. 2–изд.–Москва, 1977 ж.
14. М.М. Мұқанов. Оқушылардың зейінін тәрбиелеу. Алматы: ҚМБ, 1960 ж.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3

1. ЗЕЙІН ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.
1.1 Зейін туралы жалпы ұғым.
6
1.2 Зейіннің физиологиялық негізі.
8
1.3 Зейіннің түрлері және қасиеттері.
9
1.4 Зейінді дамыту жолдары.
16
1.5 Зейінді тәрбиелеу жолдары.
18
2. ЗЕЙІНДІ ДАМЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУ.
2.1 Зейінді дамыту мен тәрбиелеудегі мұғалімнің ролі.
20
2.2 Зейінді дамыту мен тәрбиелеуде орындалатын талаптар.
22

ҚОРЫТЫНДЫ
23

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
24

КІРІСПЕ
Психикалық іс әрекеттің мақсат бағдарлы және нәтижелі болуы үшін адам
ең алдымен өзінің ой–санасын істеп жатқан әрекеті мен сан әрекет нысанына
тоқтата білуі қажет. Әдемі сурет салуға бекінген баланы көз алдыңызға
келтіріңіз. Сурет затын, оның түр–түсі мен қағазға қалай орналасуын
ойластырамын деп, жас суретшінің жұмысқа шомғаны сонша, тіпті ата –
аналарының оған қарата айтқан сөздерін мүлде аңғарар емес. Мұндайда бала
зейінін істеп жатқан әрекетіне шоғырлады, назарын қажетті заттарына
аударды, басқа заттардың бәріне алаңдамастан, өз керегімен шұғылданды
дейміз.
Келтірілген мысал адамның бір мезгілде әрқандай заттар туралы ойлап,
әртүрлі іспен бірдей шұғылдана алмайтынынының дәлелі. Сондықтан да оның
санасы белгілі мезеттің әрбір бөлігінде өзіне қажет болған заттар мен
құбылыстардың маңызды да мәнді тараптарына бағытталады.
Ой–сананың бағытталуы деп ең алдымен психикалық әрекеттің таңдамалық
сипатын, нақты объекті күні бұрын ниетті іріктеуін, не оған мән бермеуін
айтамыз. Бағытталу түсінігі сонымен бірге іс - әрекеттің біршама уақыт
аралығында өз сипатын сақтап тұра алу қасиетін де қамтиды. Зейінді болу
үшін қандай да бір істің түрін таңдап қана алу жеткіліксіз, сол таңдауды
тұрақтатып, сақтап қалу қажет. Мысалы, педагогикалық процесте оқушылар
зейінін, анау не, мынау зат не деп, іске бағыттау онша қиындық тудырмайды,
әңгіме төркіні сол зейін бағытын қажетті уақыт аралығында сақтап тұру.
Зейін сөзі сонымен бірге ой–санамыздың белгілі іс-әрекетке шоғырлануы
мен шому мағынасын да білдіреді. Адам алдында тұрған міндет неғұрлым қиын
болса, зейін де соғұрлым күшті әрі өткір болып, ал жұмыс қиындығы
болмағанда, зейін салудың күші де кемірек келеді.
Өз кезегінде зейін шоғырлануы ой – сананы қажетсіз объектке бәрінен
ауыстыра алумен де байланысты. Зейін күші толығып нақты бір істің шешіміне
бағышталған шақта, төңіректегі қай заттардың бәрі біз үшін елес күйінде
байқалады.
Сонымен, қандай да бір затқа зейін қоюымыздан, ол зат біздің
санамыздың төрінен орын теуіп, қалған дүние деректерінің сана аймағының
шектеріне ығыстырылады. Осыған орай зейін аударылған заттың санамыздағы
бейнесі нақты айқындалып жөніндегі елестер мен ойлар іс - әрекет мақсатына
жеткенше, санамызда бекіген халде сақталады. Осыдан, зейін іс - әрекетті
бақылау және реттеу қызметін де атқарады.
Зейін, әдетте, адамның бет, дене қалпы мен қозғалыстарында
көрінеді.Сырттай- ақ зейінді тыңдап отырған оқушыны зейіндізінен айыруға
болады. Ал кей жағдайларда зейін қоршаған дүние емес, адам санасындағы
ойлар мен бейнелерге де бағытталады. Мұндай жағдайдағы зейін интеллектуалды
деп аталып, ол сезімдік зейінінен біраз өзгеше келеді. Ал ой – сана дене
қозғалыстарға бағытталған болса, онда өз арқауына қимылдық зейін алынады.
Мұның бәрі зейіннің дербес танымдық, өз мазмұнына ие болған өзге танымдық
процестердің қосалқы қызметтерін атқарытынын дәлелдейді.
Зейіннің мұндай қызықты да қайшылықты қасиеттері ғалым назарына түсіп,
оный пайда болуы мен мәнін әрқилы пайымдап негіз берді. Зейін табиғатын
түсіндіруде Н.Н. Ланге ғылым қалыптасқан келесі тұжырымдар тобын алға
тартады:
1. Зейін қимылдық икемделудің нәтижесі. Мұндай пікір келесі негізде
туындаған: зейіннің бір заттан екінші затқа ауысуы бұлшық ет
қозғалыстарынсыз мүмкін емес, қимыл нәтижесі ғана сезім ағзалары қабылдау
үшін тиімді жағдайларға икемдеседі.
2. Зейін сана аумағының шектеулі болуынан туындайды. Cана аумағы мен
ауқымының қандай мәнге ие екенін түсіндіріп жатпастан, И. Герберт пен У.
Гамильтон күшті елестердің әлсіз елестерді ығыстыратынын немесе
тежейтінін алға тартады.
3. Зейін көңіл – күй нәтижесі. Ағылшын психологиясында кең өрісті дамыған
бұл теория зейіннің алға қойылған ниетке тәуелділігіне негізделеді. Дж.
Миль “ұнамды немесе жағымсыз сезімге не идеяға бөлену мен сол факторларға
зейінді қатынас екеуі деген нәрсе” – деп тұжырымдайды.
4. Зейін өткен тәжірибенің нәтижесі, яғни адам білген таңдаған затына ғана
ден қояды.
5. Зейін рухтық сананың ерекше белсенділік қабілеті. Зейін құбылысының
ғажайыптылығына таң қалған кей психологтар оны пайда болуы түсіндіруге
келмейтін әу бастан бар белсенді қабілетті баламалайды.
6. Зейін жүйке тітіркендіргіштері күшеюінің нәтижесі. Бұл гипотезаға орай
зейін орталық жүйке жүйесінің мекенді тітіркену қабілетінің ұлғаюынан
пайда болады деп түсіндіріледі.
7. Жүйкелік тежелу теориясы зейіннің негізгі себебін төмендегіше
пайымдайды: алғашқы физиологиялық жүйке процесінде алынған елестер соңғы
басқа елестер мен қозғалыстардың физикалық процестерінен басымдау келеді,
осыдан сананың ерекше шоғырлануы туындайды.
Қазіргі заман психологтарының зейінді түсіндіруге байланысты
пайымдаулары П. Я. Гальпери еңбектерінде келтірілген. Олар келесідей:
Зейін бағыттау – зерттеушілік іс - әрекеттің бір кезеңі, осыдан зейін
адам психикасында нақты бір мезетте пайда болған бейнелер мен мазмұнын
тұрақтатуға бағышталған психологиялық әрекет;
Өз қызметі бойынша зейін осы мазмұнға қойылған бақылау. Әр адам
әрекеті бағыттау, орындау және бақылау бөліктерінен тұрады. Осы тізбектегі
үшінші іс зейін арқылы орындалады;
Белгілі өнім шығаруға бағытталған әрекеттен ерекше зейіннің, түрін
бағыттаудың, өз алдына нәтижесі болмайды;
Психикалық бақылау әрекеті ретінде танылған құбылыс тұрғысынан
зейіннің әрбір нақты көрінісі жаңа ақыл – ес ептіліктерінің пайда болу
ізімен туындайды.
Аталған теориялар нақты деректерге негізделгені сөзсіз, бірақ
әрқайсысы өздері ұстанған зейін белгілерін асыра көтеріп, қалғандарын
елемеуге тырысады. Ал, шындыққа жүгінсек, зейіннің мән–мағынасын оған
байланысты барша қасиеттер мен сапаларды өзара біріктіре талдау негізінде
түсіну мүмкін. Осы тұрғыдан қазіргі уақытта зейіннің келесідей анықтамасы
қабылданған.
Зейін–бұл кісінің сезімдік, ақыл–ес және қимылдық белсенділігін
көтеруге қажет дүниелік не идеалды нысанға сананың бағытталуы және
шоғырлануы.

1. ЗЕЙІН ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.
1.1 Зейін туралы жалпы ұғым.
Зейін деп – адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын
көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы
объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған спихикалық әрекетімізді
тұрақтата алу. Мысал келтірейік. Оқушы математикалық есептер шығарып отыр.
Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді (бала
көзін қадайды, шұқшия үңіледі, демін ішіне тартады т.б.). Оқушы есептің
шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп
шығарып болып, азғантай үзілістен кейін тарихты, одан соң географияны оқуға
көшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі нәрселермен айналысады. Осы
көріністердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін
ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады.
Осындай түрлі кезеңдерде бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт
алып және сонда азды – көпті тұрақтап отырғанын көруге болады.
Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның
нәтижелі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К.Д. Ушинский (1824 - 1870)
зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді. “Зейін адам санасының қорытылып
өтетінін барлық ойды аңғартатынын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып
табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде – бір сөзі соқпай өте алмайды,
егер де ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ешьеңе де қалмайды”.
Зейінді психикалық процестердің тобына жатқызу дұрыс болмас еді.
Өйткені адам өз өмірінің әрбір кезеңдерінде бір нәрсені қабылдайды не есіне
түсіреді, бірер нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жөнінде ойлайды. Ал зейін
болса, өз алдына бұлардай дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп
келетін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып
табылады. Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді
күшейтое түсуге не оны бөлеп жіберуге себепші болады. Мәселен бір объект
жағымды сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал көрші кластан естілген ән –
күй сабақ тыңдап отырған баланың зейінін төмендетеді. Ерік, ой, қиял
процестері де зейінге түрліше әсер етіп отырады.
Зейіннің физиологиялық негіздерін И.П. Павлов ашқан жүйке
процестерінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады.
И. П. Павлов, егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса,
осымен байланысты қалған алаптарында тежелу процестері пайда болатындығын
айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қозу берілсе, басқа нәрселер туралы
жөнді ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алабында күшті процесі болып
жатады да, айналасындағы адаптарда тежелу болады (теріс индукция заңы).
Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиологы, академик А. А.
Ухтомскийдің (1875 - 1942) доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге
болады.
Cыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға
көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздырады,
осындай алапты доминанта деп атаған. Мидың осы күшті қозғыш алабы қалған
алаптардағы әлсіз қозу процестерін өзіне тартып алып отырады. Осыдан мидың
күшті қозған алабы онан бетер күшейеді. Мәселен, қызық кітапқа беріле
оқығанда адамға кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет жасамайтыны, қайта
олардың біздің ойымыздың күшеюіне жәрдемдесетіні байқалады. Сондықтан адам
бар зейінін қойып кітап оқыған кезде қасындағы бөгде тітіркендіргіштерден
(мысалы, сағат маятнигінің соғуы секілді) қашпауы керек. Бұл біздің басқа
нәрсеге көңіл аудармай, үңіліп отырған әрекетімізге мейлінше беріле түсуге
жәрдемдеседі. Өйткені, жоғарыда айтылғандай, мидағы басыңқы қозу әлсіз
тітіркендіргіштерден болған қозуларды өзіне тартып алып, солардың есебінен
күшейіп отырады. А. А. Ухтомскийдің доминанта теориясының мәнін И.П.
Павловтың “Қозудың оптимальдық алабы” дейтін теориясы онан сайын толықтыра
түседі.
И. П. Павловтың оптимальдық қозу алабы теориясы ырықты зейіннің
табиғатын физиологиялық тұрғыдан өте жақсы түсіндіреді.
Қозу процесі ешқашан да ми қабығына біркелкі тегіс тарамайды, өйткені
онда әр уақытта қозу пайда болатындай жағымды “оптимальдық жағдай” жасалып
отырады. Оптимальдық қозуы бар осы алап – ми қабығының творчестволық
бөлімі, ырықты зейіннің физиологиялық негізі. Бұл жөнінде И. П. Павлов
былай дейді: “Бас сүйегінің сыртынан біз іштегі миды байқай алатын болсақ,
онда ми сыңарларының оптимальдық қозу пайда болатын жері жарқылдап көрінсе,
біз ойлап отырған саналы адамның ми сыңарларында формасы және шамасы өне
бойы өзгеретін тамаша тұрлаусыз жарқылдаған сәуледағын көрер едік, бұлар ми
сыңарларының барлық жерлерін алыпжатқан азды – көпті қара көлеңкенің ішінде
үздіксіз қозғалып жүрген болар еді”. Ұлы физиолог оптимальдық қозу үнемі
қозғалыста болатындығын айта келіп, оның МИДа ауысып отыруының өзі зейін
бағытының да өзгеріп отыруы деп түсіндірді. Мидағы тежелулердің бірінен
екінші сапқа түсуі, біреулерінің күшейіп, алдыңғы сапқа шығуы осы
оптимальдық қозу алабының жұмысы болады. Оптимальдық қозуы бар алап (өзара
индукция заңы) мидың басқа бөліктеріндегі тежелуді күшейтеді.
Мұндай жағдайда адам зейіні бір жерге күшті шоғырланады да, ол қалған
объектілерді байқайматын болады. Оптимальдық қозу алабын екінші сигнал
жүйесінен шыққан сигналдар қуаттап отыратындығын, сөздік сигналдар ми
қабығындағы осындай алаптардың бір–біріне ауысуын тездетіп отыратындығын,
сайып келгенде, психикалық әрекеттің талғамалы сипатта болатынын жақсы
көрсетеді.
Бір нәрсеге зейін аудару адамның сыртқы кейпінен де (дененің, бастың,
көздің түрлі қозғалыстары, бет бұру, үңілу, құлақ тігу т.б.) жақсы
көрінеді. Бірақ бір қарағанда зейін анық байқала да қоймайды. Өйткені осы
айтылғанға біршама ұқсас сыртқы көріністерді өмірде жиі кездестіруге
болады. Сондықтан да, кейбір мұғалімдер сыныптағы оқушылардың кескініне
қарап, бір дегеннен баланың сабаққа қаншалықты зейінді, не зейінсіз
отырғанын ажырата алмайды. Бұл, әсіресе, тәжірибесі аз жас мұғалімдерде жиі
кездеседі. Түрлі тәсілдер арқылы оқушы зейінінің қасиеттерін тәрбиелеу
отыру – мектептегі барша мұғалімнің ат салысатын негізгі педагогикалық
істерінің бірі. Іске шын мәнісінде зейін қойып кіріскенде ғана әрекетті
нәтижелі етіп орындауға болатындығы мұғалім үшін аксиомалық қағида болуы
қажет.

1.2 Зейіннің физиологиялық негізі.
Зейіннің физиологиялық тетіктер арқылы қажетті де мәнді әсерлерді
таңдауы белсенді ми қызметінің және жалпы тәннің сергектігі арасындағы
байланысынан болады.
Адамның сергектік деңгейін оның сырт кейпін бақылай танумен бірге
мидағы әлсіз ток қуатын анықтайтын электроэнцефаллограф (ЭЭГ) аппараты
арқылы да білуге болады. Әдетте, сергектік 5 күйде көрініс беретіні
дәлелденген: терең ұйқы, қалғып – мүлгу жағдайы, сабырлы сергектік,
белсенді сергектік, шектен тыс сергектік. Тиімді зейін тек сабырлы және
белсенді сергектік жағдайында болуы мүмкін, ал басқа кейіп кездерінде зейін
сапасы кеміп, кейбір қызметтерін ғана орындай алуы ықтимал. Мысалы,
мүлгіген жағдайда адам бір не екі әсерге ғана жауап беріп, қалған
тітіркендіргіштерді тіпті сезбейді. Сондықтан да шаршаған анна ешбір әсер
елеместен, терең ұйқыға берілуі мүмкін, ал нәрестесінің сәл ғана дауысынан
оянып кетері сөзсіз.
Зейін механизмдерінің іске қосылуында бағдарлаушы рефлекстің рөлі өте
күшті. Бұл құбылыстың негізі–адамдар мен жануарлар ағзасының сыртқы орта
өзгерістеріне сай тума қалыптасқан жауап бере алу қабілеті. Мысалы, сәл
ғана сыбырдың өзінен мысық елең етіп, дыбыс шыққан тарапқа құлағын түреді.
Қызықты да жауапкерлі жұмысқа шомған оқушылар кенет есік ашылудан,
жұмыстарын қоя салып, назарын есік жаққа еріксіз аударады. Бұл рефлексті И.
П. Павлов “немене?” рефлексі деп атаған.
Зейіннің таңдамалылығы ағзада болып тұратын күрделі процестермен
байланысты. Әдетте, қоршаған орта арасынан қажетті әсерлерді саралап алуда
екі топ ағза тетіктері іске қосылады: перифериялық (шеткі) және орталық.
Перифериялық механизмдерге сезім (түйсік) мүшелерінің икемдесу әрекеті
жатады. Әлсіз дыбысты ұғуға орай адам дыбыс шыққан тарапқа мойын бұрады,
сонымен бір уақытта сезімталдығын күшейту үшін тиісті бұлшық еттер құлақ
жарғағын кереді. Ал күшті дыбыста жарғақ кернеуі босаңсып, миға өтетін
жағымсыз әсерді басады.
Зейіннің орталық тетіктері бір жүйке ошақтарының қозуына байланысты
басқа жүйке көздерінің тежелуі негізінде іске қосылып барады. Туындау әсері
күшті болған қозу өзімен бір уақытта жүріп жатқан әлсіздеу процесті басып,
психикалық іс - әрекеттің бағыт – бағдарын айқындап отырады. Сонымен бірге,
бір–біріне қуат қосатын бір уақыттағы әлденеше тітіркендіргіштердің
бірігіп, әрекетке түсуі де мүмкін. Қозулардың мұндай өзара байланысты
ықпалы қажет болған әсерді таңдап, психикалық әрекеттің белгілі бағытта
жүруіне негіз қалайды.
Зейін әрекетінің физиологиялық көрінісін түсінуде Ч. Шеррингтон ғылыми
дәлеледеп, кейін И. П. Павлов кең қолданған жүйке процестерінің индукция
заңы үлкен маңызға ие. Бұл заңға орай ми қабығының бір аймағында туындаған
қозу оның басқа бөліктерінде тежелу пайда етеді (бір мезгілді индукция)
немесе мидың сол бөлігіндегі тежелумен орын ауысады (бірізді индукция),
себебі нақ қозу пайда болған аймақ өзінің сол қозу үшін тиімді жағдайымен
ерекшеленеді, сондықтан да бұл арада әсерлер жіктеліп, сарапталады, жаңа
шартты байланыстар түзіледі, яғни бұл аймақ нақ сол мезетте – үлкен ми
сыңарларының жасампаз, шығармашыл бөлігі сипатына ие. Ал мидың басқа
бөліктерінің қызметі бұл уақытта адамның астар саналы немесе
автоматтандырылған әрекетімен байланысып жатады.
Зейіннің физиологиялық негіздерін айқындауда доминанта принципі (A. A.
Ухтомский) де жетекші мәнге ие. “Доминанта” түсінігі нақты бір мезетте
жүйке орталықтарының қызметіне ықпал жасап, уақытша үстемдік етумен
психикалық болмысқа бағыт – бағдар беретін қозу ошағын білдіреді.
Доминантаның ерекшеліктеріне байланысты жүйке жүйесіне беріліп тұрған
импульстер бірігеді әрі жинақталады, сонымен бірге басқа орталықтардың
белсенділігі шектеліп, қозу ошағының әрекеті күшейе түседі. Үстемге қозу
көзінің пайда болуына тек тітіркендіргіштің күші ғана емес бұрын болған
әсерлердің және жүйке байланыстарының өткен тәжірибеден қалыптасқан іздері
де негіз бола алады.
Бірақ жүйке қозғалысының индукция заңы да, доминанта жөніндегі
тағылимат та динамикадағы зейін құбылысын, әсіресе оны ырықты сипатын толық
ашып бере алмайды. Оның себебі адамдарды жануарларға тән болмаған өз
зейінін мақсат бағдарлы басқара алу қабілетінің болуында. Мақсат қою мен
оны нақтылап отыруда зейін туындайды, тұрақталады және ауысып тұрады.
Қозуды басымдау ошағының пайда болуын бірінші және екінші сигналды
жүйкелердің өзара ықпалды байланысымен түсіндірген жөн, себебі қозу тілдік
(екінші) сигналдың таңдамалы иррадиациясымен бірінші сигнал жүйесіне өтеді.
Өз кезегінде, алғашқы тітіркендіргіштер сөздік баламаға келіп, мақсатты
нақтылауға себін тигізеді де қажетті қозу көзінің одан әрі күш алуына
көмектеседі.
Сонымен, зейін табиғаты өзара бір – біріне тәуелді байланысты болған
ми құрылымының біртұтас жүйесінің іс - әрекетімен байланысты, бірақ олардың
зейін түрлерін реттеудегі ролі бірқалыпты емес.

1.3 Зейіннің түрлері және қасиеттері.
Адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді.

Сыртқы дүниенің кез келген объектілері кейде ырықсыз–ақ біздің
назарамызды өзіне тартады. Мәселен, көшемен кетіп бара жатқан адамның
бояулы афишаға көзі түссе, оған мойнын бұрады не милиционердің ысқырығына
жалт қарайды т.б. Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейіннің
бұл түрі әсіресе жас балаларда жиі кездеседі. Өйткені балалық дәуірде
адамның күрделі іс - әрекеттері (оқу, еңбек т.б.) белгілі жүйеге келе
қоймайды да, осының нәтижесінде оның психикасы өте нәзік, түрлі сыртқы
әсерлерге берілгіш келеді. Әрине, бұдан бала есейген соң, оның ырықсыз
зейіні маңызын жояды деген қорытынды тумау қажет. Адам өмірінің барлық
кезеңдерінде ырықсыз зейін тиісінше орын алып отырады. Қызығу – ырықсыз
зейіннің бұлағы. Өйткені қызықты іске көңіліміз тез ауады. Мәселен, қызықты
кітап оқуға ырықсыз зейін жеткілікті. Ал қызықсыз кітапты оқу – ырықты
зейінді керек етеді. Ырықты зейінде де қызығу орын алуы тиіс. Бірақ ырықты
зейін де жанама, дәнекерлі қызығуды керек етеді. Мұнда адам өз ісінен
шығатын нәтижеге қызығады, оны орындау үшін кұж жұмсайды, өйтпесе іс
өнбейді, күткен нәтижеге қол жеткізе алмайды.
Ырықсыз зейін физиологиялық тұрғыдан барлау (ориентировочный)
рефлексінің жемісі болып табылады. Зейіннің бұл түрі жануарлар мен
адамдардың сыртқы ортамен байланысында үлкен роль атқарады. Ырықсыз зейін
кез келген тітіркендіргіш арқылы пайда бола бермейді. Ырықсыз зейіннің
көрінуіне төмендегі жағдайлар себеп болады:
а) күшті тітіркендіргіштер (көзді аштырмайтын жарық, қанық бояулы
заттар, қатты дауыс, мұрын жаратын иіс т.б.); б) заттар мен құбылыстардың
жаңалығы мен қозғалысы (мәселен, адамның үстіндегі киімінің өзгеруі,
дыбыстың, жарықтың артуы не кемуі т.б.);
ә) адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дәрежесі
(қызығу, қажетсіну, көңіл күйінің хош болуы) ырықсыз зейіннің тууына жақсы
әсер етеді.
Адамның ырықты зейіні әрекетті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау
арқылы орындалуынан көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат қойып,
объектіге ерекше зер салып отыру көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына
дейін ерік – жігерді сарқа жұмсауды талап етеді. Ырықты зейін мынандай
ерекшеліктерімен сипатталады:
1. Қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейінді бағындыра алу үшін
іс - әрекетке тікелей кірісу қажет.
2. Үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, алаңдататын нәрселерден бойды
аулақтатқан жөн.
3. Орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын ықыласпен
берілген дұрыс.
4. Түрлі қолайсыз жағдайларда да жұмыс істеуге машықтану. Мәселен,
көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштердің (айқай – шу, тарсыл –
гүрсілдерде де) әсеріне берілмей жұмыс істей беру. Бұл зейінді
шынықтырудың, оны мықты және шыдамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы жолы
болып табылады.
5. Зейінді болуды өзіңе үнемі ескертіп отыру керек. Бір сөзбен айтқанда,
ырықты зейін деп іс - әрекетті жоспарлы түрде ұйымдастыруды айтады.
Зейіннің, екі түрі де бір – бірінен ешқашан қалмай ілесіп отырады.
Ырықты зейін ырықсызға, ырықсыз зейін ырықтыға қарай жиі алмасады.
Шындығында, адамның үнемі ырықты зейін жағдайында болуы мүмкін емес. Оқушы
алғашқыда жай қызыққан нәрсесіне тікелей зейінін аударады, ал содан кейін
сабақтың мақсатына қарай тікелей қызық емес басқа материалдарға да зейін
қояды. Алғашқы уақытта қызықсыз болып көрінген сабақ кейін балаға түсінікті
бола бастайды. Бұл кезде оның ырықсыз зейіні сыртқа теуіп, ырықты зейіннің
пайда бола бастағаны.
Зейіннің үйреншікті деп аталатын түрі де бар. Үйреншікті зейін –
адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай – ақ орындалатын зейін.
Мәселен, бала оқуға төселсе, бұл оның тұрақты әдетіне айналса, оның зейіні
де үйреншікті бола бастайды. Қандай нәрсеге болса да үйреніп, жаттығып
алған соң, адамның іс - әрекеті дағдысына айналады. Үйреншікті зейіннің де
табиғаты осыған ұқсас. Өйткені үйреншікті зейін ырықты зейіннен дамып
қалыптасады. Зейіннің қай түрі болмасын іс - әрекеттен нәтижеге шығаруға
бағытталады. Егер адам жұмысқа өздігінен беріліп істесе, ырықсыз зейіні
көрінеді. Бірақ ұзақ жұмысты тікелей қызығып істей беру де оңай емес.
Мұндай жағдайда ырықты зейінге орын беріледі. Ылғи ырықты зейінмен жұмыс
істеуі де адамды қажытып шаршатады. Сондықтан адам жұмысты зейіннің осы екі
түрін қатынастыра отырып, үйреншікті зейінмен істеуді әдетке айналдыруы
қажет.
Зейін жөнінде әңгіме болғанда оның мына төмендегі қасиеттерін еске
алады:

А. Зейіннің тұрақтылығы және жинақтылығы.
Адамның зейіні бір объектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса,
оның зейіннің тұрақтылығы дейді. Мысалы, өндіріс озатының не хирург
дәрігердің жұмыс үстіндегі зейінін осыған жатқызуға болады.
Зейінді бір жерге тұрақтатып, жинақтап алу арқасында адам істеп
отырған ісін тереңінен түсініп, оның әртүрлі байланыстарын анықтайды.
Зейінді тұрақтата алушылық саналы әрекетке өзінді жеке алудың басты бір
белгісі болып табылады.
Зейіннің осы қасиетінің оқу процесінде маңызы зор. Сабақ үстінде
баланың назарын көп нәрсеге аудармай, басты бір нәрсеге не белгілі бір
әрекетке ғана аударып, оған тұрақтатып әдеттендіру керек. Сонда ғана бала
есейген кезде үлкендердің көмегінсіз – ақ зейінін тиісті объектіге жинақтай
алатын болады.
Ересек адамдар жұмыс үстінде зейінін 40 минуттай бір объектіге
тұрақтата алады. Осындай 10–20 минуттық зейін қоюшылықтан кейінгі бірнеше
секундта көңілдің бәр нәрсеге бөлінуі сол жұмыстың одан ыры
ұйымдастырылуына ешбір нұсқан келтірмейді. Қайта бұл секілді тынығу,
жұмысты бірнеше сағат бойы жақсы, тұрақтап істеуге мүмкіндік береді. Адам
соншалық ерік – жігермен зейін салып жұмыс істеген жағдайда да оқтын –
оқтын ойы бөлініп, басқа бір затқа ауып отырады. Осылайша зейіннің бірде
әлсіздене, бірде күшейтіп тұруын зейіннің толқуы дейді. Толқу – зейіннің
табиғи қасиеттерінің бірі. Мәселен, бар ілтипаттан кітап оқыған адам анда –
санда бөтен ойға түседі, басын көтеріп жан – жағына қарайды. Зейіннің
мұндай толқуы, әрине, адамның көңіл аударған нәрсесіне ойынның бөлінуіне,
зейінін тұрақтатуына бөгет алмайды. Кейбір адамдардың зейіні толқымалы
келеді. Бұған қатты тітіркендіргіштер, күшті эмоциялық әсерлер, сондай – ақ
адамның өз еркін жөндеп билей алмауы себеп болады.
Зейінді ұзақ уақыт бойы іс - әрекетке жеткілікті жұмылдыру үшін,
әсіресе, оның бөтен нәрсеге көңілі ауып кетпеуін ойластыру керек. Бұл көп
күш жұмсауды қажет етеді. Зейінді алаңдататын әртүрлі тітіркендіргіштерге
қарсы күресу – қажетті шаралардың бастысы. Мәселен, ысқырған дауыс,
қоңыраудың сылдыры, сырнай – керней т.б. адамның тынышын кетіреді. Зейінін
жақсы ұйымдастыра алатын адамдар осындай жағдайда да жұмысты тез және
сапалы орындайтыны байқалады. Адамды алаңдататын нәрселер көп болғанмен,
олардың барлығы да кесел тигізе бермейді. Мәселен, машинаның дүрілі,
музыканың әуені зейінді аударатын тітіркендіргіш болғанмен, оларға шыдап
отыра беруге болады. Ал қасындағы адамның айқай – шуы, реніш т.б. адамды
күштірек алаңдатып, жұмыс істетпейді. Әрине, бұларды жоюдың мүмкіндігі
болмаса, оған көңіл аудармай, сабырлылықпен жұмыс істей беруге болады.
Әрине, бұған ерік – жігер қажет. Осындай ыңғайсыз жерлерде жұмыс істей
алушылық – адамның жақсы қасиеттерінің бірі. Мәселен, орыстың атақты
жазушысы А.П. Чехов жас кезінде көп әңгімелерін ойын – күлкі, той – думан
үстінде жазса; ал Мусоргский мен Бородин өздерінің опералық шығармаларын
қонақта отырып – ақ жаза беретін болған. Қандай жағдайда да адам зейінге
кедергі келтіретін нәрселерді жеңе алатын болуға тиіс. Тіпті тыныш жерде
отырып жұмыс істеуді ұнататын адамдар да өзін ыңғайсыз жағдайларға
төселттіріп, кез – келген жағдайда жұмыс істей алатындай қабілетке ие болуы
тиіс.

Ә. Зейіннің шоғырлануы.
Зейіннің шоғырлануы – оның белгілі бір нысанға бағытталып, басқа
топталу күші мен дәрежесі, яғни психикалық немесе саналы іс - әрекеттің
толығымен өажетті нүктге шөгуі. Зейіннің шоғырлануы ми қабығындағы қозу
ошағының доминанттық қызметімен тікелей байланысты (Н.A. Ухтомский).
Дәлірек айтсақ, шоғырлану нысанды ошақтағы қозудың және сонымен бір уақытта
жүретін бас ми қабығындағы басқа аймақтардың тежелуінің салдарынан келіп
шығады.

Б. Зейіннің аударылыуы.
Зейіннің аударылуы деп бір объектіден екінші объектіге назарымызды
көшіруді айтады. Физиологиялық тұрғыдан мидағы оптималдық қозудың ауысуы.
Зейінді тез аудара білу қабілеті көбінесе жүйке процестерінің
өзгермелілігіне байланысты. Кейбір адамдар бір жұмыстың түрінен екінші бір
жұмысқа жеңіл көшеді, зейін қойып жаңа жұмысты тез меңгеріп кетеді. Бұл
икемді, оңтайлы зейіннің көрінісі. Екінші біреудің зейіні, керісінше, басқа
объектіге қиындықпен ауысады. Зейінді тез аудара білу көлденеңнен кез
келген әсерлерге кідірірусіз жауап беруде аса қажет. Мәселен, машинистерде
зейінді тез аудара білу қасиеті жөнді жетілмеген болса, олардың жұмыста
түрлі сәтсіздіктерге ұшырауы мүмкін. Мектеп жағдайында балалардың зейінін
бір пәннен екінші пәнге, бағдарламаның бір бөлімінен екінші бөліміне,
жұмыстың бір түрінен (үй тапсырмаларын сұрау) екінші түріне (жаңа сабақты
тыңдау кезі) үнемі аударып отыруға тура келеді. Зейінді аудара алу оқушының
ерік сапалары біраз дамыған кезде, әсіресе оқу материалдарын түсінген және
оларды ұмытпайтындай етіп меңгерген жағдайда ғана мүмкін болады. Мұғалімнің
материалды жүйелі етіп, бір ізбен жақсы түсіндіруі, өткен материалды дұрыс
қорытуы, оқылатын жаңа тараудың мақсатын айқындауы, жаңа материалды
тыңдауға және түсінуге оқушылардың дайындығын тексеру т.б. зейіннің дұрыс
аударылуына себепші болады.

В. Зейіннің бөлінушілігі.
Адам санасының бір мезгілде бірнеше әрекеті атқара білу мүмкіншілігін
зейіннің бөлінушілігі дейді. Адам зейінін екі – үш нәрсеге бөле алады.
Зейінді бір уақытта түрлі объектіге бөлуге болатындығын арнаулы
зерттеулер көрсетіп отыр. Мәселен, оқышылар өздері есеп шығарады, сонымен
қатар осы кезде басқа оқушының тақтаға шығарған есебін бақылайды, оның
сөзін тыңдайды т.б. Студенттер бір мезгіл ішінде лекция тыңдайды,
түсінгенін жазып отырады, кітап оқып отырып, конспект жазады. Еңбек
процесінде зейін бөлінуінің маңызы бәрінен де зор. Қазіргі кездегі
өндірістің онан сайын автоматтанылуы адам зейінінің бөлінушілігін ерекше
дамытуды қажет етеді. Ал машина жүргізушілерге (машинист, шофер т.б.)
бірнеше нәрсеге зейін бөлішулік қаншама маңызды екендігі түсінікті. Олар
бір кезеңде руль механизмін басқарады, жолға назар аударады, тормоз береді
және т.б... Бұл операциялардың әрқайсысы зейінді өте шеберлілікпен бөле
білуді қажет етеді. Мұғалімдік қызметте де зейінді бірнеше объектіге бөле
білудің маңызы зор. Мұғалім бір мезгілде сабақтың мазмұнын, формасын сабақ
оқыту жоспарына сәйкес тексеріп отырады, барлық сынып ұжымы мен жеке
оқушылардың тәртіп сақтауын, сабаққа қалай қатысып отырғанын байқайды.
Тәжірибесі аз, жас мұғалім кейде барлық сыныпты не жеке оқушыларды, не
өзінің айтып тұрған сөзін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамның даралық психологиялық сипаттары туралы
Психикалық құбылыстарды жіктеу
Таным процестер және олардың инженерлік ерекшеліктері
Бөлшектің сызбасында Тесіктер мөлшерлерін дұрыс сызу
Жалпы психология пәні
Баланың зейінін тәрбиелеуде жеке адам туралы түсінік. Қиял және оның түрлері
Психология пәні, мақсаты, міндеттері мен әдістері Психология пәні, міндеттері мен әдістері
Зейін мен қиялдың негізгі түрлері
Кіші мектеп жасындағы балалардың зейінін дамыту жолдары
Автокөлік психологиясы оқу құралы
Пәндер