Тұлга психологиясы
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім
2.1. Тұлға туралы жалпы мағлұмат ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2.2. Тұлға құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.3. Tұлғаның дамуы мен қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.4. Тұлға дамуының негізгі факторлары ... ... ... ... ... ... ... .17
2.4.1 Тұлға дамуындағы тұқым қуалаушылық ролі
2.4.2. Тұлға дамуындағы орта ролі
2.4.3. Тұлға дамуындағы іс.әрекет пен тәрбие ролі
3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

Кіріспе
Біз күнделікті өмірімізде «психология», «психолог», «психологиялық» және осыған ұқсас сөздерді қолдана отырып, олардың мазмұны туралы ойланбаймыз.
«Психология» сөзі XVIII ғасырда пайда болды. Бұл сөзді тапқан атақты неміс ғалымы, М.В.Ломоносов ұстазы Христиан Вольф.
Психология өз мағынасында жан туралы ілімді білдіреді. «Жан» түсінігі ғылымда өте сирек қолданылады, «психика» ұғымы ғылыми көп қолданылады. Осылайша психология түсінігі қатаң мағынада психика туралы ғылым, ал психолог- бұл ғылыммен теориялық және практикалық жағынан професионалды түрде айналысатын, сонымен қатар, оның жетістіктерін қолдана отырып, адамдарға түрлі көмек көрсететін адам.
Психологияның ғылым ретіндегі ерекшеліктерін атап өтейік. Бұл адамға белгілі ең күрделі ғылым. Өйткені, психика- «жоғары материя қасиетіне тән». Егер адам психикасын алатын болсақ, онда, «жоғары материя» сөзіне «ең» деген сөзді қосу керек, себебі адамның миы- бұл біз білетін ең жоғары материя.
Психология саласында тұлғаны зерттеу тарихы жүз жылдан асты. Жүз жылдан артық уақытта ғалымдар тұлғаның табиғаты туралы, адамның ішкі дүниесі туралы, тұлғаның дамуы мен тұлға мінез-құлқын анықтайтын факторлары туралы, оның қылықтары мен өмір жолы туралы сұрақтарына жауап іздеуде. Бұл сұрақтарға жауап тек қана теория жағынан құнды емес. Әуелден бастап тұлғаны зерттеу практикалық тапсырмаларды шешу қажеттілігімен тығыз байланысты.
Практикасыз психология өзінің адам тану мен қызмет ету мақсатынан, міндетінен айырылады. Практикалық ориентация психологиялық теорияның мағынасын азайтпай оның маңыздылығын артпайды. Нәтижелі практика үшін ең алдымен практикалық дағдыны игерумен тәжірибе жинау маңызды, ал теориялық білім мүлдем керек емес деген пікір дұрыс емес.

Қолданылған әдебиеттердің тізімі
1. Асмолов А.Г. Личность: Психологическая стратегия воспитания // Образование. -2002. №1. –с.17-32
2. Бердяев Н.А. О назначении человека. – Москва, изд-во: Феникс, 1993, 355 стр.
3. Венгер Л.А., Мухина В.С. Психология. Учебник. – Москва, изд-во: Просвещение, 1986, 735стр.
4. Газман О.С. Социальные аспекты развития // Советская педагогика, 1988. №5. –с.12.
5. Давыдов В.В., Зинченко В.П. Принцип развития в психологии // Вопросы философии. -1980. №12.-с.7-8
6. Денисюк Н.Г. Традиции и формирования личности.– Минск, изд-во: Просвещение, 1979 г
7. Добрынская Е.И. Свободное время и развитие личности. – Ленинград, изд-во: Феникс, 1983, 675стр
8. Елшибаева Г. Психология в лицах // Учитель Казахстана. – 1998- №15-16. – с.5-6
9. Ильенков Э.В. Что такое личность? – Москва, изд-во: Просвещение 1991 г, 255стр.
10. Ковалев А.Г. Психология личности, изд. 3, переработ. и доп. – Москва, “Просвещение”, 1969 г., 515стр.
11. Крутецкий В.А. Психология: Учебник для учащихся пед. училищ.–Москва: Просвещение, 1980 г.
12. Коссов Б.Б. Личность: актуальные проблемы системного подхода. // Вопросы психологии. 1997. -№6. –с.58-68
13. Леонтьев А.Н. Глава о способностях. // Вопросы психологии. -2003. -№2 – с.7-13.14
14. Маркс К. Капитал, Т. 3. Москва, изд-во: Просвещение, 1972, 272 стр.

Тақырыбы: Психология ғылымындағы тұлға мәселесі.
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім
2.1. Тұлға туралы жалпы мағлұмат ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2.2. Тұлға құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.3. Tұлғаның дамуы мен қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.4. Тұлға дамуының негізгі факторлары ... ... ... ... ... ... ... .17
2.4.1 Тұлға дамуындағы тұқым қуалаушылық ролі
2.4.2. Тұлға дамуындағы орта ролі
2.4.3. Тұлға дамуындағы іс-әрекет пен тәрбие ролі
3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26 Қолданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Кіріспе
Біз күнделікті өмірімізде психология, психолог, психологиялық
және осыған ұқсас сөздерді қолдана отырып, олардың мазмұны туралы
ойланбаймыз.
Психология сөзі XVIII ғасырда пайда болды. Бұл сөзді тапқан атақты
неміс ғалымы, М.В.Ломоносов ұстазы Христиан Вольф.
Психология өз мағынасында жан туралы ілімді білдіреді. Жан түсінігі
ғылымда өте сирек қолданылады, психика ұғымы ғылыми көп қолданылады.
Осылайша психология түсінігі қатаң мағынада психика туралы ғылым, ал
психолог- бұл ғылыммен теориялық және практикалық жағынан професионалды
түрде айналысатын, сонымен қатар, оның жетістіктерін қолдана отырып,
адамдарға түрлі көмек көрсететін адам.
Психологияның ғылым ретіндегі ерекшеліктерін атап өтейік. Бұл адамға
белгілі ең күрделі ғылым. Өйткені, психика- жоғары материя қасиетіне тән.
Егер адам психикасын алатын болсақ, онда, жоғары материя сөзіне ең
деген сөзді қосу керек, себебі адамның миы- бұл біз білетін ең жоғары
материя.
Психология саласында тұлғаны зерттеу тарихы жүз жылдан асты. Жүз
жылдан артық уақытта ғалымдар тұлғаның табиғаты туралы, адамның ішкі
дүниесі туралы, тұлғаның дамуы мен тұлға мінез-құлқын анықтайтын факторлары
туралы, оның қылықтары мен өмір жолы туралы сұрақтарына жауап іздеуде. Бұл
сұрақтарға жауап тек қана теория жағынан құнды емес. Әуелден бастап тұлғаны
зерттеу практикалық тапсырмаларды шешу қажеттілігімен тығыз байланысты.
Практикасыз психология өзінің адам тану мен қызмет ету мақсатынан,
міндетінен айырылады. Практикалық ориентация психологиялық теорияның
мағынасын азайтпай оның маңыздылығын артпайды. Нәтижелі практика үшін ең
алдымен практикалық дағдыны игерумен тәжірибе жинау маңызды, ал теориялық
білім мүлдем керек емес деген пікір дұрыс емес.
Батыс психологиясында практиканың интенсивті дамуы тұлға
психологиясына жататын кейбір сұрақтарды туғызады. Атап айтқанда, тұлға
дамуының жетекші бастамасы туралы сұрақ талқылануда. Яғни, тұлғаны
гуманистік бағыттың өкілдері ұсынғандай, адам бойындағы енгізілген
потенциялдың ашылу ретінде қарастыру ма немесе даму процесі адамның өмірлік
таңдау қатарымен анықталады ма?
2.1. Тұлға туралы жалпы мағлұмат
Зерттеу обьектісі ретінде тұлғаның күрделілігі мен ерекшелігі. Ол
күрделілік мынада: тұлғада нақты адамның түрлі болмыс кеңістігі
біріктірілген, тірі дене болмысынан руханилыққа- адам ретінде, саналы және
белсенді субьекті ретінде, қоғам мүшесі. Тұлғаның анықтамасын іздеген кезде
К.Маркстың сөзі адам барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы 14 жиі
қолданылады.
Кейбір авторлар бұл сөздерде тұлғаның тура анықтамасын көреді.
Кейбіреулері онымен келіспейді, себебі бұл жерде жалпыланған адам туралы
айтылады, яғни адамзат туралы, ал олай болса, ешбір нақты адам барлық
қоғамдық қатынастардың жиынтығы бола алмайды.
Менің ойымша, екінші пікір дұрыс: Маркстың келтірілген формуласы
адамға жалпы философиялық көзқарасты білдіреді, атап айтқанда, оның
қоғамдық негізін постулаттау деген сөз.
Тұлға - организм және оның жоғары өкілі - ми, өзінің құрамында біздің
өткеніміздің қалдығы мен болашағымыздың негізі бар. Бұнда индивидуалды
мінез-құлықтың іс-әрекеттік және пассивтік қабілеттері, антипатиялары,
дарындылығы мен аққаулығы, іс-әрекеттілігі мен әрекетсіздігі бейнеленген.
Тұлға кеңістігі күрделі құрылымды және оның өзінің көптеген
деңгейлері бар. Тұлға араласатын сыртқы ортаның құбылыстары мен сыртқы орта
обьектілерімен орнатылатын қарым-қатынас тұлғаның сыртқы кеңістігін
құрайды. Өзі және дүние туралы көзқарас, әртүрлі құбылыстарды бастан
кешіру, өзіне деген қатынас, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі реттеу, өмірлік
мақсаттары мен жоспарлары тұлғаның ішкі әлемі. Тұлға өмір сүретін қоғамдық
кеңістік оның ішкі дүниесінде бейнеленген. Сонымен қатар, оның
белсенділігінде, іс-әрекетінде, қарым-қатынасында тұлғаның ішкі өмірі
көрінеді.
Адамның өмір сүруіне бөлінбейтін бірлікте енгізілген, анықталған
тарихи жағдай материалдың негізі мен оның өзгеруіне бағытталған іс-әрекет
психикалық бейнесін негіздейді. Ал ол өз қатарында өмір сүру барысында ізін
қалдырады.
Тұлға - белгілі дәуірдің жаңа өкілі және оның қоғамдық-психологиялық
қасиеттерінің көптігін анықтайды.
Біз жақсы білетіндей, тұлға тек тарихтың нәтижесі ғана емес, тарихты
қозғаушы күш, жаңа заманның субьектісі мен обьектісі. Оның жаңа заманмен
байланысы, қоғамдық құбылыстармен байланысы ескеріледі. Бұл байланыс- өз
класының адамдарымен , қоғамдық теңімен, мамандығы бір адамдармен
байланысы. Тұлға қатарластарымен бірге қалыптасып, бірдей уақытта тарихи
құбылыстардың куәгерлері мен қатысушысы болады. Ұрпақтар бірлігінің
қалыптасуы қоғамдық тәрбие жүйесіне тәуелді. Белгілі бір ұрпақтың өкілі
болуы нақты тұлғаның маңызды сипаттамасы.
Тұлға - қоғамдық индивид, тарихи процестің обьектісі мен субьектісі.
Сондықтан, тұлғаны сипаттағанда адамның қоғамдық негізі толығымен ашылады.
Бұл негіз - адамзат дамуының барлық құбылыстарын, табиғи ерекшеліктерін
анықтайды.
Сонымен тұлға қасиеттерінің ортақ обьективті негізі болып қоғамдық
қатынастардың жүйкесі есептеледі. Яғни, тұлғаны қоғам қалаптастырады. Тұлға
мен қоғам өзара әсерленуші күш ретінде бір-біріне қарсы тұрмайды. Тұлға -
қоғам мүшесі, оның өкілі. Индивид-қоғам қатынасы- қоғамның тұлғаны
қалыптастыру қатынасы. Сонымен қатар, тұлғаны қалыптастыру қоғам дамуы
процесінің керекті құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Себебі тұлғаның
қатысуынсыз бұл процесс қоғамда өмір сүре алмайды.
Адам қай кезде тұлға болып есептеледі? Егер оның түрткілерінде
(мотив) анықталған мағынасында иерархия болса, атап айтқанда өзінің ойларын
басқа нәрселерге аударса, онда ол адам тұлға болып саналады. Бұл
жағдайларды субьект басқа нәрсеге бағытталған қылықтарда жасай алады.
Сонымен қатар, бұл түрткілер қоғамға маңызды деп есептелінеді. Олар өзінің
пайда болуы мен мағынасы жағынан қоғамдық болады. Яғни қоғамнан алынған,
адамда тәрбиеленген. Бұл тұлғаның бірінші критерийі.
Екінші керекті тұлға критерийі - өз қылықтарының саналы түрде басқара
алу қабілеті. Бұл басқару саналы түрдегі мотив- мақсаттар мен принциптер
арқылы жүзеге асады. Қарапайым, тікелей емес қылық (бірінші критерий)
өзінің негізінде шұғыл түрде пайда болған мотив иерархиясы болуы мүмкін.
Тіпті стихиялық өнегелілікті тудырады: адам дәл осылайша әрекет жасауға
не әсер еткенін айта алмайды, сонымен қатар , адам өнегелі әрекет жасайды.
Сонымен екінші критерийде тікелей емес қылық туралы айтқанда, оны саналы
түрде жүзеге асатыны айтылады. Бұнда өзіндік сана тұлғаның ерекше
инстанциясы ретінде болу мүмкіндігін көрсетеді.
Көрсетілген шектеулерді ескерсек, тұлға деген кім?
Тұлға - психологиялық сипаттамалар жүйесінен алынған адам. Бұл
сипаттамалар қоғаммен шартталған, табиғатынан қоғамдық байланыстар мен
қарым-қатынастарда көрінеді, тұрақты болып келеді, өзіне және қоршағандарға
маңызды болып келетін адамның өнегелі қылықтарын анықтайды. 17
Ғылымда адам, тұлға ұғымдармен қатар индивид, индивидуалдық
ұғымдары көп қолданылады. Бұлардың тұлға деген ұғымнан айырмашылығы
келесіде: егер адам ұғымы берілген адамға тән немесе тән еместігіне
тәуелді емес, жалпы адамға тән адамдық қасиеттер жиынтығын білдірсе, онда
индивид ұғымы тек қана адамды ғана сипаттайды, сонымен қатар, тұлғалық
қасиеттермен бірге, психологиялық және биологиялық қасиеттер тән. Сонымен
қатар индивид ұғымына берілген адамды басқалардан ерекшелейтін
қасиеттермен бірге өзімен басқа адамдарға ортақ қасиеттер кіреді.
Индивидуалдық мазмұны жағынан шектеулі ұғым. Бұл ұғым адамның
индивидуалды және тұлғалық қасиеттерін білдіреді. Олардың қосылысы берілген
адамды басқа адамнан ажырытады.
Тұлға тек қана психологияның пәні ғана емес, сонымен қатар
философиялық, қоғамдық – тарихи танымның пәні болып табылады. Ал белгілі
деңгейде тұлғаның анализі өзінің табиғи, биологиялық ерекшеліктері жағынан,
антропология, соматология және генетика пәні ретінде шығады.
Тұлға туралы жалпы көзқарастар өте көп. Оның біреуі тұлғаны
қайталанбайтын бірлік, жиынтық ретінде көрсетеді. Басқа көзқарас бойынша
тұлға психикалық процестерді басқаратын жоғарғы, интеграцияланған инстанция
болып табылады (У.Джемс тұлғаны психикалық процестердің басқарушысы деп
атаған, Г.Олпорт – мінез-құлық пен ойлардың анықтаушысы).
Тұлға сөзі тек қана адам жөнінде және дамуының белгілі деңгейінен
бастап қолданылады. Біз жануардың тұлғасы немесе сәбидің тұлғасы деп
айтамыз. Бірақ жануар немесе сәбиді индивид деп, олардың индивидуалды
ерекшеліктері туралы айту қиынға соқпайды. Екі жасар бала өзнің генетиптік
ерекшеліктерін, әлеуметтік ортаның әсерінен иеленген қасиеттерін таныса да,
біз оны тұлға деп айта алмаймыз.
Тұлға түсінігі индивид түсінігіндей өмір субьектісінің бір тұтастығын
бейнелейді. Тұлға ерекше түрдің біртұтас құрылымын көрсетеді. Тұлға
генетиптік анықталған жүйе емес: тұлға болып тумайды, тұлға болып
қалыптасады. Индивидуалдылықтың белгілері онтогенездің алғашқы сатыларында
байқалса да, біз сәби немесе нәрестенің тұлғасы туралы айтпаймыз. Тұлға
қоғамдық – тарихи және адамның онтогенетикалық дамуының кеш жемісі.
2.2. Тұлға құрылымы
Тұлға құрылымын қарастырайық. Оған кіретін қабілет, темперамент, мінез,
ерік қасиеттері, эмоциялар, мотивация, қоғамдық бағдарлар кіреді.
Өмірдегі іс-әрекеттердің барлық түрлеріне байланысты жиі айтылып
жүретін сөздердің бірі адамның қабілеті.
Қабілет - білімді, дағдыны, шеберлікті сәтті игеруге жағдай жасайтын
адамның психологиялық ерекшеліктері, бірақ өздерін онда бар білімдерге,
дағдыларға, шеберлікке жатқызуға болмайды. Қабілеттер білім мен дағдыларды
игерудегі адамның мүмкіндігін көрсетеді.
Темперамент тұлғаның маңызды қасиеттерінің бірі болып
табылады.
Бұл проблемаға қызығушылық осыдан 2,5 жыл бұрын пайда болды.
Ол индивидуалдық түрлердің пайда болуынан болды. Яғни адамның
биологиялық және физиологиялық бітімі ерекшеліктері және ағзаның дамуы,
сондай- ақ әлеуметтік даму , әлеуметтік байланыстар және
контакттардың бір – біріне ұқсамайтындығы және қайталанбайтындығы
әсерінен болады. Тұлғаның биологиялық құрылымына темперамент
жатады. Темперамент адамдар арасындағы психикалық айырмашылықтық бар екенін
анықтайды, сондай - ақ эмоцияның беріктілігі және интенсивтілігін
анықтайды.
Осы уақытқа дейін темперамент проблемасын бірнеше рет зертеуге
алынса да, бұл проблема қазіргі кезде шешімін таппай отыр.Қазіргі уақытта
темпераментті зерттеудің бірнеше әдістері бар. Бірақ зеттеушілердің айтуы
боынша олардың әдістері бір нәрседен шығады ол яғни ол темпераменттің
биологиялық фундаменті, онда тұлға әлеуметтік түрде құрылады , ал
тұлғаның өз қасиеттері темперамент болып табылады.
Темперамент - жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның
жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-
қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент - ағзаның
физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе жоғарғы жүйке қызметінің тума
қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы
қозғалысынан да (мәселен, біреулер қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер
жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де
(мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз
болады), адамның көңіл-күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты,
жеңіл, тұрақсыз т.б.), эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу
күйгелек т.б.) жақсы байқалып отырады.
Адамның мінезін, оның құрылымын анықтау дегеніміз мінездің негізгі
компоненттерін не қасиеттерін ажырату және күрделі қатынас пен өзара
байланыста туындайтын өзіндік бітістерді табу деген сөз. Бірақ мінез – бір-
бірімен белгілі қатынас байланысы бар жеке адам қасиеттерінің жүйесі, тұтас
құрылымы болып табылады. Сондықтан да, адам мінезінің бір әлде бірнеше
қасиеттерін біліп, оның басқа қасиеттерінің қандай екенін айтуға болады.
Мінез дегеніміз адамның іс-әрекетінде пайдаланатын, амал-тәсілдерінен
көрінетін оның жеке психикалық қасиеттерінің жиынтығы.
Адамның негізгі оның іс-әрекетінде, жасаған жұмысында, қойылған
мақсатын орындауда. Осылардың барысында ол әртүрлі қиындықтармен,
кедергілермен кездесіп, соларды жеңу үшін ақыл-ойын, күш-жігерін, қайратын
жұмсайды. Мұның бәрі еріктің көрінісі.
Сөйтіп, ерік дегеніміз қойылған мақсатты орындау жолындағы
әрекеттерді реттейтін адам санасының қызметі және сол жолдағы кездесетін
қиындықтарды жеңу үшін барысынша күш-жігерін жұмсауы.Ерік процестері басқа
психикалық процестерімен тығыз байланыста болады.
Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады. Олардың бір тобы жағымды
не ұнамды эмоциялар деп аталады. Бұлар адамның тіршілік қажетіне орайлас,
оның ішкі өмірінің шарықтап, жан-жақты өсуі шарттарының бірі болып
табылады. Мәселен, қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл қоштық және т.б. осындай
эмоциялар, енді бір тобы жағымсыз не ұнамсыз эмоциялар делінеді. Бұлар -
белсенді әрекетке азды-көпті нұқсан келтіретін қораш сезімдер. Мұндай
эмоцияларға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, урейлену, үмітсіздену т.б.
жатады. Осы айтылғандармен қатар, қарапайым және күрделі эмоциялар бар.
Қарапайым эмоциялар адамның органикалық қажеттіліктерінің өтелу-өтелмеуіне
байланысты туып отырады. Мысалы, күрделі түрлеріне: көңіл, аффект, құмарлық
эмоциялары кіреді.
Р.Мейлидің пікірінше16, осындай қасиеттер жиынтығын қарастырайық.
Бұл жиынтық тұлғаны сипаттайды:
1. Өзіне-өзі сенімділік - сенімсіздік.
2. Интеллектуалдық - шектеулік (дамыған қиялдың болмауы).
3. Ақыл-ойдың дамуы - логиканың болмауы, тәртіптің болмауы.
4. Ұстамдық, тұрақтылық - басқаның әсеріне тәуелді болу.
5. Сабырлық - нервоздылық.
6. Жұмсақтық - қаттылық, қатаңдық.
7. Мейірімділік - эгоизм, өзін-өзі еркін ұстау.
8. Икемділік, достық - кекшілдік, ригидтілік.
9. Сезімталдық - ашулық, қаттылық.
10. Реализм - аутизм.
11. Ерік күші - ерік күшінің болмауы.
12. Ар-ұяттың болуы - ар-ұяттың болмауы.
13. Ақыл-ой дисциплинасы - шашыраңқылық.
14. Сенімділік - сенімсіздік.
15. Ересектілік - инфантилизм.
16. Әдептілік - әдепсіздік.
17. Ашық болу - тұйықтық.
18. Көңілді болу - мұңды болу.
19. Сүйсіндіру - көңілден шықпау.
20. Қарым-қатынасқа оңай түсу - тұйықтық.
21. Белсенділік - пассивтілік.
22. Емін-еркінділік - конформдылық.
23. Экспрессивтілік - ұстамдылық.
24. Қызығушылықтарының көп түрлілігі - қызығушылықтарының шектеулі болуы.
25. Сезімталдық - суықтық.
26. Салмақтық - жеңілтектік.
27. Шыншылдық - өтірікші болу.
28. Агрессивтілік - мейірімділік.
29. Көтеріңкілік - көңілді болу.
30. Оптимизм - пессимизм.
31. Батылдық - қорқақтық.
32. Жомарттылық - сараңдық.
33. Тәуелсіздік - тәуелділік.
Өзін-өзі дамытушы тұлғаның психологиялық сипаттамасы:
• Нақтылықты белсенді қабылдау мен жақсы бейімдеушілік қабілеті;
• Басқа адамдармен өзін дұрыс қабылдау, яғни мен қандаймын, солай
қабылдау;
• Мінез-құлқындағы турашылдық пен өзінің ойлары мен сезімдері аяқ
асты білдіру;
• Сыртқы ортада болып жатқандарға зейінін аудару, оған қарама-қарсы
өзінің сезімдеріне назар аудару, өзінің ішкі дүниесіне ғана
бейімделу;
• Мысқыл сезімінің болуы;
• Дамыған шығармашылық қабілеттері;
• Шарттылықтарды да қабылдамау;
• Басқалардың өміріне көңіл бөлу, тек қана өзінің ғана ойлай бермеу;
• Өмірді тереңінен түсіну қабілеті;
• Басқа адамдармен достық мейірімді жеке қарым-қатынас орнату, (әрине
барлық адамдармен ғана емес);
• Өмірге обьективті көзқараспен қарау мүмкіншілігі;
• Өзінің тәжірибесіне, ақыл-ойына, сезімдеріне сүйене білу, дәстүрлер
мен шарттылықтар, басқалардың пікірлеріне ғана сүйенбеу;
• Барлық жағдайларда ашық және шын әрекеттер;
• Өзіне жауапкершілікті мойындау, одан қашпау;
• Алға қойған мақсаттарға жету үшін максимум күш жұмсау;
Адамның көптеген психологиялық ерекшеліктері оның өмір сүретін
ортасына қоғамдық қатынастардың (экономикалық, идеологиялық) тікелей әсер
етуімен қалыптасып отырады. Жеке адамның психикалық қасиеттері бір сыдырғы
тұрақты және тұрлаулы ерекшеліктер болып отырады. Тұлғаның психикалық
тұрақты да, тұрлаулы ерекшеліктері өмір ағымында жетіліп қалыптасады.
Бұлардың өзгеруі қиын немесе бұл ерекшеліктер өзгермейді деу де қате.
Демек, адамдың айналасын қоршаған дүние үнемі өзгеріп отыратындықтан,
осымен бірге оның түрлі ерекшеліктері де дамып, өзгеріп отырады. Мұндай
қасиеттер адам өмірге келісімен пайда болмайды. Адам белгілі дәрежеде өсу,
жетілу процесінде дамиды.
2.3. Тұлғаның дамуы мен қалыптасуы
Тұлғаның қалыптасуы процесін тереңінен қарастырайық. Ең алдымен бұл
процестің жалпы көрінісін елестетейік. Қазіргі заманғы психология
көзқарасына сай, тұлға индивидпен қоғамдық қалыпты тәжірибені игеру мен
иелену жолымен қалыптасады. Тұлғаға тікелей қатысты тәжірибе бұл адам
өміріндегі құндылықтар мен нормалар туралы көрініс жүйесі, оның жалпы
бағыттылығы, мінез-құлқы, басқаларға деген қатынасы, өзіне,жалпы қоғамға
деген қатынасы. Олар әртүрлі формаларда философиялық, этикалық
көзқарастарда, әдебиет туындыларында, өнер туындыларында, заңдар жинағында,
қоғамдық жаза беру, мақтау жүйелерінде, қоғамдық пікірлер мен дәстүрлерде
белгіленген.
Тұлғаның қалыптасу процесі ерекше қоғамдық қатынастар сферасын игеру
болса да, басқа процестерден ерекше. Ол процесс білім, дағдылар әрекет
тәсілдерін игеруден ерекшеленеді. Мұнда жаңа мотивтер мен қажеттіліктердің
қалыптасуы, оларды түрлендіруді, басқару т.с.с. әрекеттерді игеру туралы
айтылады. Ал бұның бәрі қарапайым игеру жолымен жүзеге аспайды. Игерілген
мотив дегеніміз білетін мотив, бірақ бұл мотив нақты жүзеге аспайтын, яғни
ақиқат емес. Не істеу керектігін, неге талпыну керектігін білу - дәл осыған
шын ниетпен ұмтылу керектігін білдірмейді. Жаңа қажеттіліктер мен мотивтер,
олардың бағынуы игеру процесінде емес, өмір сүру барысында қалыптасады. Бұл
процесс тек қана адамның өмірінде өтеді. Ол әрқашан эмоционалды құнарлы,
бай және субьективті шығармашылық болып келеді.
Тұлға қасиеттері туа бітпей, өмір бойы қалыптасады деген пікірімен
көптеген психологтар келіседі. Бірақ тұлғаның дамуы қандай заңдылықтарға
бағынады деген пікірге көзқарастары сәйкес келмейді. Бұл келіспеушілік
дамудың қозғаушы күштері туралы айтылған. Атап айтқанда, тұлғаның дамуына
қоғам мен әртүрлі қоғамдық институттар маңыздылығына дамудың заңдылықтары
мен этаптарына, осы процестегі тұлғаның дамуы кризистері болуы, ерекшелігі
мен ролімен байланысты. Сонымен қатар, даму процесін жылдамдату
мүмкіншіліктері және т.б. сұрақтарға байланысты.
Танымдық процестер дамуына қатысты - балалық шақ шешуші фактор болса,
онда тұлға дамуымен де тікелей байланысты.
Барлық негізгі адамның тұлғалық қасиеттері балалық шақта қалыптасады,
бірақ өмір бойы қалыптасып, белгілі жасқа дейін даму барысында қасиеттер
қалыптасады.
Балалық шақта негізгі мотивациялық тұлғаның стильдік аспаптық сипаты
қалыптасады.
Мотивациялық сипаты адамның қызығушылықтарына, өзнің алдына қоятын
мақсат-мүдделеріне, негізгі қажеттіліктері мен мінез-құлық мотивтеріне
жатады. Аспаптың сипатына қойылған мақсаттарына жету құралдары жатса,
стильдік сипатына темперамент, мінез-құлқы, әрекет әдістері, манералары
жатады. Мектеп бітіргенде тұлға қалыптасады және мектепте пайда болған
индивидуалды жеке сипаттағы ерекшеліктері белгілі бір дәрежеде өмір бойы
сақталып қалады.
Баланың дамуы әртүрлі қоғамдық институттар әсерінен жүзеге асады. Ол
институттар жанұя, мектептер, балабақшалар және БАҚ (бұқаралық ақпарат
құралдары), басылымдар, радио, теледидар жатады. Сонымен бірге, баланың
қасындағы адамдар мен тікелей қарым-қатынас. Әртүрлі жас периодында
тұлғаның дамуына әсер ететін қоғамдық институттардың тәрбиелік мәні
әртүрлі. Тұлға дамуы процесінде туғаннан үш жасқа дейін жанұя басымдылығы
байқалып, оның тұлғалық жаңадан құрылуы ең бірініші жанұямен байланысты.
Мектепке дейінгі жаста жанұяның тәрбиесіне қатарластарымен , басқа ересек
адамдармен қарым-қатынас болады, ақпарат құралдарын қолдана бастайды.
Мектепке келгеннен кейін бала тұлғасына қатарластары, мұғалімдер, мектептік
оқу бағдарламалары мен жаңа істер арқылы өте күшті тәрбиелік әсер жүзеге
асады. БАҚ-пен қарым-қатынас сферасы кеңейіп, оқу арқылы тәрбиелік мәні
бар ақпарат ағымы көбейіп олардың әсері күшейеді.
Тұлға кім? Деген сұрақтарға психологтар әртүрлі жауап береді, олардың
жауап беруіне көптүрлілігімен көзқарастардың келіспеуінде тұлғаның
феноменінің күрделілігі анықталады. Тұлға анықтамасының әрқайсысы,
әдебиеттердегі көңіл бөлуді қажет етеді, себебі тұлғаның кең ауқымды
анықтамасын табуға қажетті.
Тұлға дегеніміз адамды қоғамдық пайда болған қасиеттердің жиынтығы
ретінде қарастырады. Тұлғалыққа генотиптік және физиологиялық шартталған
қасиеттер жатпайды, қоғамдық өмірге тәуелді емес. Тұлғалық қасиеттерге
адамдың танымдық процестерімен іс-әрекеттің индивидуалды стилі б.е.
психологиялық қасиеттері жатпайды. Бірақ психологиялық қоғамдарға,
адамдарға қатынас қасиеттері жатпайды. Тұлға ұғымына тұрақты қасиеттерді
жатқызып, адамдарға маңызды қылықтарын анықтайтын адамның индивидуалдылығын
куәландырады.
2.4.1. Тұлға дамуының негізі факторлары
Тұлға дамуына қандай себептер әсер етеді?
Тұлға дамуына қарай қоршаған орта (тіршілік ету ортасы) әсер етеді.
Бұл жерде тиімді қалыпты климат, солтүстік суық немесе тропиктің ыстық
климатына қарағанда тұлға дамуына тиімді, әрине бұл факт.
Климат пен қатар метеорологиялық және географиялық маңыздылығы да
бірдей. Адам өмір сүруіне шөлдер де адам бар күшін қоршаған табиғатпен
күрес тұлға дамуына кедергі болады.
Жағымсыз географиялық жағдайлар эндемикалық26 дамумен сипатталады.
Бұл даму кез келген аурулармен байланысып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz