Тауартану туралы түсінікті айқындайтын күрделі мәселелер


Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе 3

1. Тауартану туралы түсінікті айқындайтын күрделі мәселелер.

1. 1 Тауартанудың пәні мен тәсілдері. 4

1. 2 Тауарлардың негізгі категориялары. 11

2. Тауар саясатының теориялық негіздері.

2. 1 Маркетингтегі тауар саясатының ролі. 13

2. 2 Тауардың бәсекеге қабілеттілігі және оны бағалау. 16

3. Тауартанудың басқа ғылымдармен және пәндермен байланысы және тауартанудың пайда болуы және дамуы.

3. 1 Тауартанудың басқа ғылымдармен және пәндермен байланысы. 23

3. 2 Тауартанудың пайда болуы және дамуы. 23

Қорытынды 28

Пайдаланған әдебиеттер 30

Кіріспе

“Тауартану” деген терминнің түбірі “тауар” және “тану” деген екі сөзден құралады. Оның қызметі тауарлардың сапасы мен ассортиментін (түр - түрін) қалыптастыруға, оларды сақтау мәселесін дүрыс шешуге бағытталған.

Еңбек жұмсау арқылы жасалатын тауар өндірісінің жағдайы қоғамдық өндірістің үш жүйесінен құралады. Олар мыналар болып табылады:

  • өндіріс жүйесі, мұнда ол еңбектің құралы ретінде көрініс береді және жасалады;
  • айналым жүйесі, мұнда ол айырбас (сату болмаса сатып алу, яғни сауда) құралына айналады;
  • тұтыну жүйесі, мұнда ол тұтыну құралына айналады.

Тауар өндірісі жағдайындағы тауарлардың объектісіне еңбек жұмсау арқылы жасалатын барлық өнімдердің өнетіндігін ұмытпау керек. Ол адамның жеке сұранымын қанағаттандырады және сауда жолымен бөлінеді, яғни тауар түрінде ие болады. Айырбас нәрсесі ретінде әрбір тауардың бойында өзіне тән екі қасиет болады. Оның біріншісі тұтыну құны, яғни аталған тауардың адамның кез - келген мұқтажын өтеу мүмкіндігі, екіншісі айырбас құны, яғни тауардың белгілі бір дәрежеде мүлік ретінде басқа бір мүлікпен айырбасқа түсе алу мүмкіндігі.

Тауар тұтыну құнын өнімді шығаруға жұмсалатын қоғамдық абстракты еңбектің, сол сияқты белгілі бір қоғамдық қатынастағы құнның диалектикалық тұтастығын қамтиды. Тұтыну құнында өндіргіш күштердің белгілі дәрежеде дамуын қамтамасыз етуге жұмсалатын және нақты істі жүзеге асырушылардың атқарған қызметі бейнеленеді. Құн экономикалық категория ретінде тарихи сипатқа ие болады. Тауар өндірісі тоқтаған уақытта ол да жойылады.

Тұтыну құнының жалпы құннан айырмашылығы бар. Ол еңбек арқылы жасалып, айырбасқа түсетін және жеке тұтынуға пайдаланылатын барлық өнімдерге тән болып келеді. Ол қоғамдық өндіріс саласына кіріптар емес. Сондықтан да тауартануда тауар, мүлік, өнім және басқалары ортақ бір ұғымда қолданылады. Ал экономикалық жағынан алып қарасақ, олардың түрлі мазмұнда болуы мүмкін.

К. Маркс өзінің “Капитал” деген еңбегінде “Тауарлардың тұтыну құны тауартану деп аталатын ерекше пән арқылы сипатталады” деп жазған.

Өндіруші мен тұтынушы арасындағы дәнекер болып табылатын сауда үшін еңбек өнімінің тұтыну құнын бағалау түпкі мақсат емес. Оған белгілі бір тауардың айырбас құнын, яғни қалыптасқан нарық жағдайында тауардың айырбас қабілетін айқындау жетіп жатыр. Осы жағдайда тұтыну құнының бағасы ықтимал сипатта болады, ал оның шындыққа қаншалықты дәл келетіндігі сауда қызметкерінің тауар танудағы біліктілік дәрежесіне, тауар туралы ақпараттық молдығына, нарықтағы қалыптасқан коньюктураға байланысты болып келеді.

Осы айтылғандарды қорыта келіп, мынадай анықтама беруге болады: тауартануда негізгі тауарлардың құны болып табылатын комплексті ғылыми пән деп атауға болады.

1. Тауартану туралы түсінікті айқындайтын күрделі мәселелер.

1. 1 Тауартанудың пәні мен тәсілдері.

Тауарды тұтыну. Адамдардың тауарларды тұтыну объективтік және өндірістік күштер мен өндірістік қатынастардың даму дәрежесіне негізделеді.

Адамның тұтыну сұранымы үнемі өсу үстінде, ізденіс сипатында болады. Жалпы нақтыланбаған сұраным бастапқыда материалдық игіліктерді тұтыну түрінде пайда болады. Ол адамның жалпы өмір сүруін қамтамасыз ететін және сұранымды қанағаттандырудың әдістері мен түрлі нәрселерін іздестіруге итермелеуші болып табылады. Осы іздену процесі барысында абстрактылы тұтыну бастапқыда жалпылама функциональды сипатта (тамаққа, киім - кешекке, тұрғын үйге т. с. c cұраным) шоғырланады, кейін ол нақты функциональды, яғни нақты материальдық игілікке сұраным ретінде көрініс береді. Осыдан біз әрбір материалдық игіліктің нақты және белгіленген сұраным (нақты тұтыну құны, тұтыну құрамының нақты шоғырлануы) екендігін байқаймыз.

Адамның жеке мұқтажын (тұтынуын), түрлі белгілер бойынша жіктеуге болады. Ол, мәселен, мыналар: табиғи негізі, белгілі бір мақсатқа бағытталып қойылатын талаптың дәрежесі, олардың сапалық және сандық айқындалу дәрежесі және тағы сол сияқтылар.

Табиғи қалыптасуына байланысты адамның барлық мұқтажын дана, жеке бас және әлеуметтік деп үшке бөлуге болады. Осы мұқтаждықтардың әрқайсысын қанағаттандыру үшін тұтынудың спецификалық пәні жасалады. Функциональды бағытталуына қарамастан барлық материалдық игілік іс жүзінде осы жоғарыда айтылған үш мұқтаждықты қамтиды. Еңбек өнімдерін тиісінше дана, мәдени және әлеуметтік мұқтаждықтарды өтеуге арналған деп белгілеуге болады. Бірақ олардың адам мұқтажын өтеу дәрежесі де әр деңгейде болып келеді. Сондықтан да олар өнімнің құрамы мен сапасының номеклатуралық көрсеткіштері мүмкіндіктеріне орай тұтынушылар талаптардың топтастырылған түрі ретінде көрініс береді.

Тұтыну өзіне қойылатын талапқа, болмаса артықшылығына байланысты бірінші (бірінші кезекте қанағаттандырылатын), екінші, үшінші және т. с. с. немесе күнделікті (шұғыл) өте қолайлы немесе комфорты, перспективалы болып бөлінеді. Әрбір саты бойынша мұқтаждықтың өтелуі оның алдындағы сатыдағы сұранымның қалай орындалғанына байланысты болады.

Тұтынуды сандық айқындалу дәрежесі бойынша абсолютті, толық және төлемін өтей алатын деп айырады.

Абсолютті тұтыну тұтынудың ең кең тараған тұрі болып табылады. Cандық қатынас жағынан абсолюты тұтынудың шегі жоқ. Ол өндірістік мүмкіндіктермен және халықтың сатып алу мүмкіндігімен санаспайды. Бұл арқылы нақты тарихи кезеңде тауарларды тұтынудың абсолютті мүмкіндігі көрінеді.

Толық (іс жүзіндегі) тұтыну өндірістік күштер мен өндірістің қол жеткізген масштабының және өндіргіш күштер дамуының қалыптасқан дәрежесі көлемінде көрініс береді.

Ақша эквивалентімен қамтамасыз етілетін тұтыну көлемін өтей алатын тұтыну болып саналады. Он негізінен рынокта көрініс береді.

Айналым жүйесіндегі тауарларды қамтитын тауартану үшін тұтыну түрлерінің ішінде өтімін төлей алатын тұтынудың, яғни тұтынушылар сұранысының алатын орны ерекше. Халықтың тауарға деген сұранымының өтелмеушілігі ең алдымен тұтынушылар мұқтажының нашар зерттелуіне, ол ең алдымен сапалық және ассортимент жайының ескерілмеуіне байланысты.

Адамның сұранымын өтеуде қоғамдық өндірістің алатын орны ерекше. Өйткені ол тұтыну құралдарын жасап, оларға деген сұранымды тудырады. Дегенмен сұраным үнемі өндірістің алдында жүреді. Сөйтіп оның дамуын жеделдетеді. Өндіріс пен тұтынудың арасында үнемі белгілі бір кереғарлық болады. Ол тауар айналымынан көрініс береді. Мәселен, рыноктағы тауарлар саны молайған жағдайда, тұтыну заттарының сапасы төмендеп кетеді. Тауар өндіруді сан жағынан молайту оның тұтынушы сұрамына сай келмеуіне әкеліп соғады. Осының салдарынан бір жағынан тозған тауарларды өткізу, ал келесі жағынан тұтынушылардың өскелең сұранымын өтеу мәселесі туындайды, міне, өндіріс пен тұтынудың арасындағы қайшылық осы болып табылады.

Адамның жеке мұқтажының өсу дәрежесі оның жан - жақты дамуының негізі болып табылады. Ол қоғамдық қатынастардың жағдайымен айқындалады және өндіргіш күштердің өркендеуі бойынша дамиды.

Сұранымның өсу заңының мазмұнын мынаған келіп саяды. Мәселен, өндіргіш күштердің өсу көлеміне сай халықтың материалдық және рухани игіліктерді пайдалану шеңбері кеңейе түседі. Ол сонымен бірге сапаның да жоғары дәрежеде болуын талап етеді. Бұл заңдылық әр қоғамға тән. Мысалы, тауар айналымын сапа жағынан емес, сан жағынан дамыту өз мүмкіндігінен айырылады. Сұранымның өсу заңын жүзеге асыру үшін материалдық негіз өндірілетін өнім сапасының деңгейін өсіру болып табылады. Тұтыну тауарының сапалық деңгейі неғұрлым жоғары болса, адамдардың сұранымы да соншалықты өседі, сонымен бірге ол адамның жан - жақты дамуын қамтамасыз етеді. Бұдан шығатын қорытынды өнім сапасын көтеру арқылы қоғамдық өндірісті толығымен және айналым саласын ішінара одан әрі жедел көтеруге болады.

Тауардың тұтыну құны. Тауардың мүмкіндігі адамның нақты мұқтажын өтеуден көрінеді. Ол сонысымен пайдалы. Ал тауардың пайдалылығы оның тұтыну құнын айқындайды.

Біз күнделікті өмірде қолданатын әр заттың бойында көптеген қасиеттер болады. Алайда оның тұтыну құны пайдалы деп танылған қасиеті бойынша ғана бағаланады. Өйткені ол өзінің жеке қасиетімен адамдар үшін байлықтың элементін құрайды. Ал, байлық тұтыну құнымен тепе - тең - бұл адамдар қолданатын және оларды пайдаланудағы қатынасты көрсететін өнімдердің қасиеттерінде танытылады.

Тұтыну құны диалектикалық категорияға жатады. Заттың пайдалылығының материалдық негізін құрайтын табиғи қасиеті тарихи дамуға тәуелсіз сияқты болып көрінеді. Пайдаланылатын заттың құндылығы мұқтаждықтың қалай өтелуінің қоғамдық маңызымен айқындалады. Тарихи даму процесі кезінде заттар мен материалдардың түрлі пайдалы жақтары ашылады, болмаса жойылады. Ғылыми - техникалық прогрестің дамуы материалдардың бойындағы қасиеттерді түгелімен ашып қана қоймайды. Ол сонымен бірге оған жаңа қасиеттер береді. Табиғи қасиеттерден жоғары түсіп жататын жаңа материалдарсыз адамдардың өскелең сұранымын өтеу ақылға сыйымсыз іс.

Қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге сәйкес өнімдердің техникалық көрсеткіштері мен кейбір табиғи қасиеттері де өзінің маңызын өзгертеді. Осыдан келіп өнімнің пайдалылығы оның табиғи қасиеті тәрізді қоғамдық сұранымның (қоғамдық қасиеттің) өзгеру құрылымын қалыптастырады. Белгілі бір уақыт аралығында тауардың жаңаша сипатта қайта жаңаруы үшін өзінің ескі тұтыну формасын өзгертуге тиіс.

Еңбек өнімдерінің тұтыну құны оны пайдалану кезінде пайда болады. Жеке тауар бір ғана (потенциалды) пайдаға жарайды.

Еңбектің өнімі ретінде ол өз мүмкіндігін тұтыну құны мен өткізу кезінде ғана, яғни тұтынуда ғана таныта алады.

Шынында да тек қана тұтынуға жарайтын өнімдер шын мәніндегі өнім болады. Мысалы, көйлек тек оны кигенде ғана бұйым ретінде бағаланады; егер үйде адам тұрмаса оны қажетті өтейтін нәрсе деп айтуға болмайды.

Тауарлардың тұтыну құнының бүтіндегі қоғамдық тұтынуға негізделе отырып, сапалық және сандық жағынан айқындалады. Бұл ереже тұтыну құны ретіндегі өнімнің өлшемі, осы өнім түріне деген сұранымның мөлшері болып табылады дегеннен шығады. Барлық сұранымның сапалық және сандық анықталған қасиеті болады. Ол қасиет тұтыну құнына да тән. Бұл айтылғандарды нақтылай түсіну үшін мына пікірлерді келтіруге болады. Өндірілген өнім қоғамға тек белгілі бір мөлшерде ғана қажет. Ол мөлшер өнімнің тұтыну құны ретінде сақталатын сапасы бойынша оның ерекшелігін, жарамдылығын, ішінара бұған мұқтаж болып отырған адамдардың өзгеру санымен анықталады. Ол тұтынушылардың санына, өнімнің ерекшелігіне байланысты осы өнімдерге деген мұқтаждықтардың өсу көлемі бойынша айқындалады.

Еңбек өнімдерін тұтыныдың сипатына байланысты тұтыну құнының негізгі екі түрі болады. Ол - жеке және қоғамдық тұтыну құны.

Жеке тұтыну құны - деп - өнім шығарушылардың тек өздері үшін ғана шығаратын өнімдердің құнын айтамыз. Бұл өнімдер айналысқа түспейді, сауданың құралына айналмайды, тауар формасын иеленбейді, сондықтан олар тауартанудың объектісі болып табылмайды. Олардың тұтыну құны қоғамдық тұтыну тұрғысынан бағаланбайды, оған бағаны және атауды осы өнімді жасағандардың өздері қояды.

Қоғамдық тұтыну құны үшін емес, баршаға арнап шығарылған өнімдерге тән болып келеді. Тауар өндірісінің шарты бойынша мұндай өнімдер айналым жүйесі арқылы өтеді. Олар сауданың басты құралына айналады. Тауар формасына ие болады. Сондықтан да олар тауартанудың объектісі болып табылады. Оларды тұтыну құны қоғамдық тұтынудың көзқарасымен бағаланады және тұтыну құнының қасиеті қоғамдық тұтыну құны ретінде көрініс береді.

Қоғамдық тұтыну құнында өнімнің табиғи және қоғамдық қасиеті тұтасып кетеді. Ол қоғамдық еңбек арқылы жасалады. Сол арқылы заттың табиғи қасиетін адамның қоғамдық тұтынуына қарай икемдейді. Қоғамдық тұтыну құнының мәні еңбек жұмсау арқылы жасалатын өнімнің табиғи және қоғамдық қасиеттерін қоғамның мұқтажын өтеуге икемдейтін өндіріс тұтастығы кезеңінің ерекшелігінен туындайды.

Тұтынудың өтелу көлемін бірыңғай қоғамдық тұтыну құны (біріңғай тұтыну құны немесе тұтыну құны десе де болады) мен тұтас қоғамдық тұтыну құны айырады.

Біріңғай тұтыну құны адамдардың нақты бір сұранымын өтеуге бағытталған жеке өнімдерге, болмаса өнімдер жиынтығына, ал тұтас қоғамдық тұтыну құны белгілі бір тобының сұранымын нақты қамтамасыз етуге арналған өнім түрлеріне тән. Өнімнің біріңғай тұтыну құны өзінің сапа айқындылығымен сипатталса, тұтас қоғамдық тұтыну құны тұтынуды сапа және сан жағынан қамтамасыз етеді. Тұтас қоғамдық өнімнің сан жағынан айқындалған қасиетін мынадан көреміз: өнімнің саны сұраным көлеміндей болуы керек. Егер ол қоғамдық сұранымды ескермей, көп шығарылса, онда мұндай өнімнің белгілі бір мөлшері қоғамдық тұтыну құнын жояды. “… Егер тұтыну құны жекелеген тауарлардың қандай да бір сұранымды өтеуге жарамдығына байланысты болса, ол қоғамдық өнімдердің белгілі мөлшерінің тұтыну құны әрбір жағдайда өнім айқындалып отырған қоғамдық сұранымды өтей ала ма, соған байланысты…”.

Тауартану ғылыми пән ретінде тұтыну құны пен тұтас қоғамдық тұтыну құнының сан және сапа айқындылығын зерттейді. Ол белгілі бір мақсатқа пайдаланылатын заттардың құрылымы мен сапасын түрлі жақтарынан, мысалы, өсімтал болу қасиеті, жарық сезгіштігі, қуаты және сол сияқтыларын алып қарайды.

Тауардың сапасын анықтау. Философиялық және коммерциялық тауартану аспектілерінде “тауардың құны” мен “сапасы” деген ұғымдардың қабыспайы да мүмкін. Мысалы, философиялық ұғымда мұнай, газ, көмір тәрізді өнімдердің әртүрлі тұтыну құны болады және олардың әрқайсысының өзіндік қасиеті белгілі болғандықтан сапалары бір - бірімен салыстырылып жатпайды. Ал тауартану тұрғысынан келгенде олар біртұтас тұтыну құны ретінде алынады және ол тек энергия көзі ретінде қабылданады.

Тауартанудың негізінде сапа ұғымы тұтыну құнының өзіндік сапалық көрсеткішімен емес, қоғамдық пайдалылығымен есептеледі. Яғни философиялық тұрғыдан алғанда сапаның анықталуы болып шығады. Мұнымен “сапа” ұғымы салыстырмалы сипат алады, болмаса тұтыну құнының бірлігі әртүрлі көлемдегі функциональды қасиетке ие болады. Олардың біртұтас критериясы нақты қоғамдық сұранымды өтеу жағынан көрініс береді.

Тұтыну құнының сапалық анықталуы абстракты емес, нақты ұғым. Оны өлшеуге де және бағалауға да болады. “Тауар бағасы үшін ғана сатып алынбайды, оның саудаға түсетіндігі “тұтыну құнының” болатындығында және белгілі бір мақсатқа қолданылатындығына байланысты, олай болса: 1) тұтыну құны “бағаланады”, яғни оның сапасы зерттеледі; 2) түрлі сорттағы тауарлар бір мақсат үшін жұмсалып, бірін - бірі алмастыра алатын болса, онда солардың біреуіне артықшылық беріледі, таңдалып алынады, тағы басқалар.

Cапаны анықтау арқылы ғана нақты тұтыну бағасы қойылады. Мысалға синтетикалық материалдарды мақта-матадан тігілген бұйыммен салыстырып, оның не үшін пайдаланылатынын ескермей, сатып алады деп айтуға болмайды. Іш киімдерді мақта - мақтадан жасаған жақсы, сол сияқты, мақта - матадан емес, синтетикалық жіптен жасалған балық аулайтын тордың орны бір бөлек. Бұл екі жағдайдан бір заттың не үшін қолданылатындығын бірінші кезекке қойып, оның сапасын да сол арқылы қарастырамыз.

Тауарлардың сапасы дегеніміз күрделі ұғым. Оған да тұтыну құны тәрізді екі қасиет тән. Мұның бірі - техникалық (материалдық мүлік), екіншісі - экономикалық (шағын) жағы.

Сапаның анықтағышы көп. Бір жағдайда техникалық жағы, келесісінде экономикалық жағы сапада басымырақ көрініс беріп жатады. Осы айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады: өнімнің қолданылу бағытына байланысты тиісті сұранымды өтеу мүмкіндігі, қасиетінің тұтастығы сол өнімнің сапасы болып саналады. Ол көп жағдайда өнімнің өндірістік күштердің даму дәрежесіне тікелей қатысты болып саналатын техникалық жағын көрсетеді.

Cапаның техникалық аспектісі тауартанудың объектісі болып табылады. Бұл - тауартану сапаның экономикалық аспектісіне көңіл аудармайды деген сөз емес. Мәселе басқада жатыр. Егер тауардың құны (бағасы) оның тұтыну құнын ескере отырып қойылатын болса, тауартанудың тұтыну құнын экономикалық жағынан зерттеу шын мәнге ие болар еді.

Тауартану үшін дамудың интенсивті кезеңіне көшкен кезде тауардың сапасының техникалық және экономикалық жағын қарастырудың маңызы ерекше. Өйткені халық үшін тауар сапасының бір деңгейден келесі деңгейге көтерілуіне қанша шығын жұмсалатындығын білу өте қажет.

Егер қоғамдық шығындарды ескермесек, онда өнімнің техникалық жағынан жетілдірілуі мен оны қолданудағы экономикалық тиімділіктің арасында қарама - қайшылықтың туындауы мүмкін. Өнім сапасын оған жұмсалатын шығынды шексіз көбейту жолымен көтеруге болмайды, сол тәрізді сапасын төмендету арқылы өнімнің өзіндік құнын кемітуге болмайды. Қоғамдық еңбектен аз шығын жұмсау арқылы жасалған өнім қоғамның сұранымын толық көлемде өтей аболса, оны өнімнің ең жоғары пайда келтіру мүмкіндігіне ие болғаны деп айтамыз. Көп жағдайда осы мәселе тауардың алдағы тағдырын да шешіп отырады: өнім кей жағдайда толық өтіп кетеді, болмаса қып қызыл шығынға ұрындырады, осы арқылы өнімді өндірудің әлеуметтік жағынан тиімді, тиімсіздігі алдын ала ескеріліп отыру керек.

Қоғам үшін экономикалық жағынан барынша тиімдірек болатын тауардың сапа дәрежесі қолайлы сапа дәрежесі болып табылады. Ол өндіруші мен тұтынушының мүдделерін бірдей деңгейде ескеріп отырады. Тауардың қолайлы сапа дәрежесі уақытша сипатқа ие және ол сұранымының өсуі мен қоғамның төлейаларлық қабілетінің өсуіне байланысты ұлғайып отырады.

Тауардың сапасы сан жағынан бағалануы, болмаса өлшенуі мүмкін. Сапаны сан жағынан бағалау мейлінше күрделі және ол белгілі бір мөлшерде шартты түрге ие болады. Сан жағынан бағалаудың методологиялық негізі тауарлардың жекелеген топтары үшін жасалған сапа көрсеткіштерінің номенклатуралық өлшемі болып табылады.

Еңбек өнімдерінің сапасын жүйелі түрде жақсартып отыру қоғамдық - экономикалық формацияға тән және ол экономикалық дамудың қажетті шарты болып саналады.

Тауарлардың тұтыну құны мен сапасының аспектілерін қарастыру тауартану пәнімен іштей қабысып жатады. Мұны білмеушілік тауартанудың міндеттерін теріс ұғындыруға әкеліп соғады.

Тұтыну жағдайының бастапқы үлгісі. Кез-келген өнім адамның сұранымын өтеу үшін жасалады. Егер өнімге деген сұраным әр жағынан, бөлшектеніп нақтыланытн болса, ол сұранымды соншалықты толық өтей түседі. Басқаша айтқанда тұтынуды нақтылай өтеу қажет. Осыдан келіп нақты сұранымды (өнімнің сұранымдағы қасиеті) және оның құрылымын (өнімнің ассортиментін) орнықтыру мәселесі қалыптасады.

Болашақ өнімнің сұранымын (тұтыну) және оның ассортиментін орнықтыру күрделі процесс. Ол “адам - өнім - орта” жүйесін егжей - тегжейлі талдауды қажет етеді. Ол жүйелі бірқатар операциялар арқылы іске асады. Олар мыналар:

  • заттардың не нәрсеге бағытталатынын және олардың атқаратын қызметін нақтылау;
  • заттардың тұтыну қасиетін және оның топтастырылуын қамтамасыз ету;
  • заттардың тұтыну жағдайындағы өзіндік ерекшелігін анықтау;
  • тұтынуды нақты жағдайға байланысты жаңаша үлгілеу;
  • заттардың тұтыну тобын анықтау;
  • заттардың сапасы жайындағы сұраным көрсеткішінің номенклатурасын біріктіру;
  • көрсеткіштердің маңызын анықтау.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауардың тұтыну қасиеттері мен тұтынушының шығындары
Кедендік сараптама бойынша нормативтік-құқықтық актілер
Былғарыдан тігілген аяқ киім экспертизасы және тауартануы
Судья кітабы
Тауар бірлігінің әлеуметтік тұтыну құны
Тауарлардың есебі және оның бухгалтерлік есебінің принциптері
Тауартану: түсінігі, пәні, мақсаттары
Сот тауартану сараптамасы
Тауартану және экспертиза жайлы жалпы мағлұмат
Тауартану пәнінің шығу тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz