Отбасы және неке әлеуметтануы



Жоспар:


1. Кіріспе
2. Отбасы және неке ұғымы
3. Отбасы әлеуметтік институт ретінде
4. Отбасы арасындағы қатынастар туралы Зигмунд Фрейдтың ілімі
5. Қорытынды
6. Пайдаланылған әдебиет
Кіріспе
Отбасы және неке әлеуметтануының адамның тіршілік әрекетінің формасы ретінде отбасының өмір сүруі, дамуы мен өзеруінің ішкі және сыртқы факторларының жүйесін, сонымен қатар оның құрылымын және қоғамдағы әлеуметтік функцияларын қарастыруды қамтиды.
Отбасы және неке әлеуметтануында әлеуметтік қатынас ретіндегі неке және осы қатынастың негізі болып саналатын әрі тарихи белгілі бір ұйымдасқан ерекшелікті әлеуметтік жүйе ретіндегі отбасы арасында қасыбір айырмашылықтар қалыптасқан. Осыдан келіп, неке әдетте әйел мен еркектің арасындағы тарихи өзгеріске түсетін қатынастардың әлеуметтік формасы ретінде пайымдалады. Ал отбасын тарихи белгілі бір ұйымдықты меңгерген шағын әлеуметтік топ ретінде және бір мезетте ерекше әлеуметтік институт ретінде қарастыру анықталған. Отбасына деген әлеуметтік қажеттілік ең алдымен қоғамның халықты физикалық және рухани жағынан ұ.....
Отбасы және неке ұғымы

Отбасы – ертеректен келе жатқан әлеуметтік институттардың бірі. Ол алғашқы қауымдық құрылыстың топырағында таптардан, ұлттардан және мемлекеттен бұрын пайда болды. Отбасының қоғамдық құндылығының шарты тікелей өмірді жалғастыруда ұрпақтар әкелі, балаларды тәрбиелеу және олардың өзіндік санасын қалыптастыру болып табылады.
Тарихи дамудың барысында алдымен қоғамдағы өндірістің түріне, өмір салтына және қоғамдық қатынастардың билеушілік ықпалы әсерінен отбасы мен қоғамның, отбасы мен тұлғаның қатынастары ылғи да өзгерісте болады. Қоғамдық прогресс белгілі дәрежеде әйелдерге деген кемсітушілікті жоюға, яғни әйелдердің өндірісте, әлеуметтік және рухани салада, неке за....
Отбасы әлеуметтік институт ретінде

Отбасы әлеуметтік институт ретінде бірнеше кезеңдерден тұратын отбасылық саты – немесе отбасылық өмірден өтеді. Зерттеушілер бұл саты фазаларды әр түрлі атайды. Дегенмен олардың арасындағы бастылары мыналар болып табылады:
1. Некеге отыру – отбасын құру;
2. Бала туудың басталуы – бірінші баланы туу;
3. Бала ....
Пайдаланылған әдебиет
1. Ұлы ғалым нені аңсады?// «Ақиқат», 1996, №3.
2. Қабдиев Д. Социально-экономические воззрения казахских просветителей-демократов. Алма-Ата, 1976.
3. Әлеуметтану. И.Шәмшәтұлы, М.Дәкенов, Д.Дәуіт, И.Күнхожаев. А., 1999.
4. Әлеуметану. М.Дәкенов, Р.Әбсаттаров, 2007.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Астана медицина университеті АҚ
Философия және социология кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Отбасы және неке әлеуметтануы

Орындаған:
Топ:
Қабылдаған:

Астана 2013

Жоспар:

1. Кіріспе
2. Отбасы және неке ұғымы
3. Отбасы әлеуметтік институт ретінде
4. Отбасы арасындағы қатынастар туралы Зигмунд Фрейдтың ілімі
5. Қорытынды
6. Пайдаланылған әдебиет

Кіріспе
Отбасы және неке әлеуметтануының адамның тіршілік әрекетінің формасы
ретінде отбасының өмір сүруі, дамуы мен өзеруінің ішкі және сыртқы
факторларының жүйесін, сонымен қатар оның құрылымын және қоғамдағы
әлеуметтік функцияларын қарастыруды қамтиды.
Отбасы және неке әлеуметтануында әлеуметтік қатынас ретіндегі неке және
осы қатынастың негізі болып саналатын әрі тарихи белгілі бір ұйымдасқан
ерекшелікті әлеуметтік жүйе ретіндегі отбасы арасында қасыбір
айырмашылықтар қалыптасқан. Осыдан келіп, неке әдетте әйел мен еркектің
арасындағы тарихи өзгеріске түсетін қатынастардың әлеуметтік формасы
ретінде пайымдалады. Ал отбасын тарихи белгілі бір ұйымдықты меңгерген
шағын әлеуметтік топ ретінде және бір мезетте ерекше әлеуметтік институт
ретінде қарастыру анықталған. Отбасына деген әлеуметтік қажеттілік ең
алдымен қоғамның халықты физикалық және рухани жағынан ұдайы өндіру
мұқтаждығынан туындаған. Отбасындағы көшбасшылық, оны анықтаудың өлшем-
бірліктері, отбасының қоғам алдында атқаратын міндеттерді, некеге отыру мен
ажырасудың уәждері үлкен зерттеуді тудырып келе жатқан мәселелердің
қатарына жатады.

Отбасы және неке ұғымы

Отбасы – ертеректен келе жатқан әлеуметтік институттардың бірі. Ол
алғашқы қауымдық құрылыстың топырағында таптардан, ұлттардан және
мемлекеттен бұрын пайда болды. Отбасының қоғамдық құндылығының шарты
тікелей өмірді жалғастыруда ұрпақтар әкелі, балаларды тәрбиелеу және
олардың өзіндік санасын қалыптастыру болып табылады.
Тарихи дамудың барысында алдымен қоғамдағы өндірістің түріне, өмір
салтына және қоғамдық қатынастардың билеушілік ықпалы әсерінен отбасы мен
қоғамның, отбасы мен тұлғаның қатынастары ылғи да өзгерісте болады.
Қоғамдық прогресс белгілі дәрежеде әйелдерге деген кемсітушілікті жоюға,
яғни әйелдердің өндірісте, әлеуметтік және рухани салада, неке заңдарында,
отбасының қызметін елеулі өзгертуге, некелік-отбасылық қатынастарды
жетілдіруге жағдайлар туғызды және оның тәрбиелік дәрежесін көтерді.
Отбасы қоғамның ұйытқысы болып табылады. Сондықтан оның қызметіне
әлеуметтік қатынаста және мәдениетте болып жатқан жағымды, жағымсыз
процестердің барлығы да ықпал етеді. Отбасына және оның адамгершілік
жағдайына оны қоршаған ортамен әлеуметтік факторлар тікелей әсер етеді. Оны
біз күнделікті өмірден, еңбек ұжымдарынан және тұратын мекенінен байқаймыз.
Отбасында жинақталған нақты жағдайларды талдау жалпы сипаттамалармен
қатар, ерлі-зайыптылардың және балалардың өміріндегі әйелдердің орны мен
рөлін қарастырудың қажеттілігін көрсетеді.
Отбасы ерлі-зайыптылардың одағына және туысқандық байланысына (күйеуі
мен әйелі, әке-шеше мен балалары, басқа да туыстары) жалпы шаруашылықты
бірлесіп жүргізуде және өзара моральдық жауапкершілікте болатын қоғамдағы
кішкене әлеуметтік топ. Отбасылық қатынастар негізін алғашында неке
құрайды.
Некенің негізі – ерлі-зайыптылардың еріктілік, теңдік және өзара
құрметтеушілік, некеге отыру туралы мәселені жүрек қалауы мен
сүйіспеншілікті бірінші кезекке қоюшылық принциптері болып табылады.
Неке – бұл тарихи өзгерісте болатын әйелдер мен еркектер арасындағы
әлеуметтік қатынас түрі. Қоғам өз тарапынан олардың жыныстық қатынасын
реттеп құқықтандырады, ерлі-зайыптылық және туысқандық құқықтары мен
міндеттерін белгілейді. Құқықтық нормалары мен некеге отыру тәртібін және
оның шарттарын белгілейді. Отбасы, жұбайлар, ата-аналармен, балалар
арасында және отбасының басқа мүшелері арасындағы өзіндік және мүліктік
қатынастарды, сәбиді бала етіп алуға, немесе жасөспірімді тәрбиелеуге
байланысты туатын қатынастарды реттейді.
Бірақ отбасы – некеге қарағанда күрделі қатынастар жүйесін құрайды,
себебі ол тек қана ерлі-зайыптыларды ғана емес, сонымен қатар олардың
балаларын және басқа да туыстарын біріктіреді. Сондықтан, отбасын жай ғана
некелік топ демей оны әлеуметтік институт, яғни байланыстар жүйесі,
адамдардың өзара қимылы мен қатынастары белгілі бір құндылық пен нормаларға
негізделген, ұрпақ жалғастыру қызметі орындаушы деп қарастырулы керек.

Отбасы әлеуметтік институт ретінде

Отбасы әлеуметтік институт ретінде бірнеше кезеңдерден тұратын
отбасылық саты – немесе отбасылық өмірден өтеді. Зерттеушілер бұл саты
фазаларды әр түрлі атайды. Дегенмен олардың арасындағы бастылары мыналар
болып табылады:
1. Некеге отыру – отбасын құру;
2. Бала туудың басталуы – бірінші баланы туу;
3. Бала туудың аяқталуы – соңғы бала;
4. Бос ұя - соңғы баланың некеге отырып отбасынан бөлініп шығуы;
5. Отбасының өмір сүруін тоқтатуы – ерлі-зайыптының бірінің өлімі.
Әрбір кезеңде отбасы ерекше әлеуметтік және экономикалық сипаттарға ие
болады.
Әлеуметтану отбасы түрлерінің жалпы принциптерін анықтаған. Некенің
құрылымына байланысты отбасы моногамиялық және полигамиялық болып бөлінеді.
Полигамия – бұл ерлі-зайыптылардың біреуінің некеге отыруы болып табылады.
Бұның екі түрі бар: Полигиния – бір еркектің бірнеше әйелмен некеге отыруы
болса, полиандрия – бір әйелдің бірнеше еркекпен некеге отыруы болып
табылады.
Ең көне отбасының түрі – топтық некеге негізделген еді. Оны экзогамдық
және эндогамдық некелер деп атаған, бұның алғашқысының некелесу дәстүрі
ерлік-зайыптылық, туыстық-отбасылық топтан, фратриядан тыс болса,
соңғысында некелесуге фратрияның өз ішінде рұқсат берілген.
Ф.Энгельс этнограф Л.Морганның отбасы туралы жазған Көне қоғам атты
құнды ғылыми еңбегінің XIX ғасырдың екінші жартысында жарық көруіне
байланысты жазған Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы деген
еңбегінде көне тарих үшін Г.Морган ашқан жаңалықты өте жоғары бағалай
отырып, алғашқы қауымдық құрылыстағы отбасы формаларының даму жолын бүкіл
әлемге материалистік тұрғыдан паш етті.
Алғашқы қауымдық құрылыстағы ең көне отбасы түрі – топтық некеге
негізделгендіктен ондағы некелер тобы рулар ішіндегі бірімен-бірі тұтас
ұрпақтар жігімен бөлінетін. Айталық, бабалар мен әжелер, әкелер мен
шешендер, балалар тобында – ағалы-інілер, апалы-сіңілілер немере, шөбере
туыстар біріне-бірі ерлі-зайыпты, яғни әр ұрпақтың бір-біріне ағалы-
қарындас бола тұра некелес болатын. Алғашқы заманда, дейді К.Маркс,
қарындасы ағасының әйелі болған, мұның өзі әдептілікке жататын да еді.
Отбасы әлеуметтік институт ретінде адамзат қоғамының қалыптасуымен
бірге пайда болды. Отбасының қалыптасу және қызмет жасау процесі құндылық-
нормалық жүйелермен белгіленген. Мысалы, болашақ жар таңдау, оны құрметтеп
күту, жыныстық қатынаста сексуальдық тәртіпті сақтау, мәдениеттілік
нормаларды әйелі мен еркегі, ата-аналар мен балалар және т.б. басшылыққа
алуы орындамаған жағдайда заңға жүгінеді. Бұл құндылықтар, өлшемдер мен
заңдылықтар осы қоғакмда қабылданған еркектер мен әйелдер арасындағы тарихи
өзгерісте болатын қатынастар түрінің көрінісі болып табылады да олардың
жыныстық өмір қатынасын реттеп заңдандырады және ерлі-зайыптылық, ата-
аналық және басқа туыстық құқықтары мен міндеттерін белгілейді.
Қоғамның алғашқы даму кезеңдерінде еркектер мен әйелдер, үлкендер мен
жас ұрпақтар арасындағы қатынастар арқауы тайпалық, рулық әдет-ғұрып
бойынша діни нанымдардан туындаған адамгершілік нормалары негізінде тәртіп
салтына енді. Мемлекеттік пайда болуымен отбасы өмірін реттеу заңдылық
сипат алды. Некені заңмен бекіту мемлекетке де белгілі бір міндет жүктеді.
Енді әлеуметтік бақылау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы және гендер әлеуметтануы
Отбасы әлеуметтануы пәнінен лекциялар жиыны
«Әлеуметтану» дәрістер
Отбасы әлеуметтануы туралы
Әлеуметтану бойынша дәрістер
Салалық әлеуметтану
Білім беру әлеуметтануы пәнінің оқу әдістемелік кешені
Әлеуметтану пәнінен дәрістер комплексі
Отбасы әлеуметтануы
Отбасы түрлері және оның қызметтері
Пәндер