Баскару



1. Шешім қабылдау тәсілдері және процесі.
2. Басқару шешімінің белсенділік жағдайлары.
3. Басқару шешімдерінің орындалуын ұйымдастыру және бақылау.
Басқару процесінің маңызын құрайтын үлкен және кіші, күрделі және қарапайым, ма-ңызды және екінші дәрежелі мәселелерді шешу, басқару процессінің субъектісінің объектіге алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін әсер етуін білдіреді.

Басқару шешімдерін әртүрлі көзқарастан қарастыруға болады: Ұйым болашағына әсер ету дәрежесі бойынша стратегиялық және тактикалық болып бөлінеді. Стратегиялық ұйым дамуының негізгі жолдарын анықтайды, тактикалық – нақты тәсілдерін көрсетеді. Ұйымның сыртқы нарыққа шығу туралы шешімі стратегиялық болып табылады, ал шығарылатын өнімнің бәсекелестік мүмкіндігін арттыру мақсатымен қажетті іс-*шараларды өткізу туралы шешім тактикалық болып табылады. Әдетте стратегиялық шешімдер ұйымды басқарудың жоғары деңгейінде қабылданады, ал тактикалық – төменгі

Стратегиялық шешімдерді қабылдауды жоғары жетекшілік өз инициативаларына алатын болғандықтан, оларды инициативалық шешімдер деп те атайды. Ал тактикалық шешімдер нақты түрде жоғары жақтан түсетіндіктен алдын ала жазылған шешімдер болып табылады.

Уақыт шегіне сәйкес перспективалы шешімдер болады, олар болашақта орындалуға ар-налған; ағымдағы шешімдер – күнделікті қажеттіліктерді шешуге арналған. Біріншісіне кәсіпорынды реконструкциялау үшін қаржыны инвестициялау туралы шешімді жатқызуға болады, ал екіншісіне – уақытша бос ақшалық заттарды қысқа мерзімдік құнды қағаздарға салу туралы шешімді жатқызуға болады.

Шешімді жүзеге асыру мерзімінің ұзақтығына байланысты ұзақ мерзімдік (5 жылдан жо-ғары), орта мерзімдік (1 жылдан 5 жылға дейінгі) және қысқа мерзімдік (1 жылға дейінгі) болады.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Шешім және оны түрлері

Басқару процесінің маңызын құрайтын үлкен және кіші, күрделі және қарапайым, ма-ңызды және екінші дәрежелі мәселелерді шешу, басқару процессінің субъектісінің объектіге алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін әсер етуін білдіреді.

Басқару шешімдерін әртүрлі көзқарастан қарастыруға болады: Ұйым болашағына әсер ету дәрежесі бойынша стратегиялық және тактикалық болып бөлінеді. Стратегиялық ұйым дамуының негізгі жолдарын анықтайды, тактикалық - нақты тәсілдерін көрсетеді. Ұйымның сыртқы нарыққа шығу туралы шешімі стратегиялық болып табылады, ал шығарылатын өнімнің бәсекелестік мүмкіндігін арттыру мақсатымен қажетті іс-*шараларды өткізу туралы шешім тактикалық болып табылады. Әдетте стратегиялық шешімдер ұйымды басқарудың жоғары деңгейінде қабылданады, ал тактикалық - төменгі

Стратегиялық шешімдерді қабылдауды жоғары жетекшілік өз инициативаларына алатын болғандықтан, оларды инициативалық шешімдер деп те атайды. Ал тактикалық шешімдер нақты түрде жоғары жақтан түсетіндіктен алдын ала жазылған шешімдер болып табылады.

Уақыт шегіне сәйкес перспективалы шешімдер болады, олар болашақта орындалуға ар-налған; ағымдағы шешімдер - күнделікті қажеттіліктерді шешуге арналған. Біріншісіне кәсіпорынды реконструкциялау үшін қаржыны инвестициялау туралы шешімді жатқызуға болады, ал екіншісіне - уақытша бос ақшалық заттарды қысқа мерзімдік құнды қағаздарға салу туралы шешімді жатқызуға болады.

Шешімді жүзеге асыру мерзімінің ұзақтығына байланысты ұзақ мерзімдік (5 жылдан жо-ғары), орта мерзімдік (1 жылдан 5 жылға дейінгі) және қысқа мерзімдік (1 жылға дейінгі) болады.

Ұзақ мерзімдік шешімдер болжамдық сипатта болады, яғни қазіргі кездегі қажеттіліктер мен жағдайды ескере отырып болашаққа көз жүгірту. Нәтижесінде бұл ше-шімдер жүзеге асырылмаған күйінде қалуы мүмкін, өйткені болашақтағы жағдайдың өзгеруіне байланысты қажеттілікте өзгереді.

Орта мерзімдік шешімдер орындалуға міндетті жоспарларда және бағдарламаларда көрсетіледі, оларға сәйкес нақты практикалық іс-шаралар жүргізіледі.Жоспарлар мен бағдарламаларға да түзетулер енгізіледі, бірақ жиі емес - тек төтенше жағдайларда ғана.

Қысқа мерзімдік шешімдер жоспарларда ғана емес, сонымен бірге ауызша немесе жазбаша түрде бұйрықтарда немесе нұсқауларда беріледі. Әдетте олар алдын ала дайындықсыз қабылданады. Сондықтан ұзақ мерзімдік шешімдердің нәтижесі ықтималдық сипатта болады, ал қысқа мерзімдік шешімдер - детерминацияланған сипатта.

Шешімнің орындалу міндеттілігіне байланысты директивті, ұсыныстық және бағыттаушы болуы мүмкін, ол практикада бірқатар жағдайларға байланысты болады, мысалы, шешім қабылданатын деңгейге, мерзіміне, ұйым үшін маңыздылығына.

Директивті шешімдер басқарудың жоғары органдарында ұйымның ағымдағы және перспективалы маңызды мәселелері бойынша жасалады және ол төменгі деңгейде міндетті түрде орындалуы керек.

Ұсыныстық шешімдерді комитет немесе комиссия тәрізді мәжілістік органдар дайындайды. Оларды орындау міндетті емес, бірақ орындалуы тілек етіледі, өйткені бұл шешімдер қатысты болатындар шешімді қабылдағандарға бағынбайды.

Бағыттаушы шешімдер директивалы сияқты басқарудың төменгі деңгейіне арналған, бірақ орталықтан біршама еркін жағдайда. Баағыттаушы шешімдерді маңызы жағынан жоспарға алдын ала сілтеме болатын болжамды шешім деп қарастыруға болады.

Функционалдық орындалуына байланысты ұйымдастыру, үйлестіру, реттеу, белсендіру және бақылау шешімдері болады. Ұйымдастыру шешімдеріне акционерлік қоғамды тағайындау туралы шешім, қызметтік міндеттемелерін бөлу және т.б. жатады. Реттеуші шешімдер көбіне белгілі бір жағдайларда қандай да бір іс-әрекеттерді жүзеге асыру тәсілдерін анықтайды және олар әртүрлі ережелерде, графиктерде, норма және нормативтерде және т.б. беріледі. Үйлестіруші шешімдер негізінен оперативті сипатта болады, мысалы, ағымдағы жұмысты орынгдаушылар арасында бөлу. Бақылаушы шешімдер қарамағындағылардың іс-әрекеттерінің нәтижелерін бағалау үшін қолданылады.

Қабылдау тәсіліне байланысты таңдамалы және жүйелі шешімдер болады. Біріншісі қарастырылатын мәселенің аспектілері ұқсас бір немесе бірнешеуіне ғана тиісті болады, ал екіншісі мәселені толығымен қамтиды.

Шешімді қабылдайтын адамдар болғандықтан, шешімді қабылдауға қатысушылардың санына байланысты жеке қабылданған және ұжымдық болып бөлінеді. Ұжымдық шешімдер өз кезегінде кеңес беруші, біріккен және парламенттік болып бөлінеді.

^ Кеңес беруші шешімдер - шешімді қабылдаушы тұлға қасындағылармен - қарамағындағы-лармен және сарапшылармен кеңеседі, сонан кейін айтылған ұсыныстарды ескере отырып өзінің таңдауын жасайды. Біріккен шешімдер барлық қатысушылардың консенсус негізіндегі өзара келісімінің нәтижесінде қабылданады, ал парламенттік шешімдер қатысушылардың көпшілігі өздерінің келісімін білдіруге негізделген.

Қамту кеңдігіне байланысты жалпы және арнайы шешімдер болады. Жалпы шешімдер ұйымның әртүрлі бөлімшелеріне қатысты бірдей мәселелерді қамтиды, мысалы, жұмыс күнінің басталу және аяқталу уақыты, түскі үзілістер, жалақыны төлеу мерзімдері және т.б. Арнайы шешімдер тек бір бөлімшеге немесе онда жұмыс істейтін адамдарға қатысты мәселелерге байланысты болады.

Басқару шешімдері алдын ала анықтылығы бойынша бағдарланған және бағдарланбаған болып бөлінеді. Бағдарланған шешімдерді қабылдауға жағдайдың даму логикасы өзі алып келеді, соған байланысты іс-әрекетті бастау кезін, оның интенсивтілік дәрежесін және нәтижесі жақсартатын басқа да параметрлерді таңдау ғана қалады.

Көбіне мұндай шешімдер стандартты, үнемі қайталанып тұратын жағдайларда қабылданады. Керісінше бағдарланбаған шешімдер қайталанбайтын жағдайларда қабылданады және жан-жақты тәжірибені, жек, шығармашылық ыңғайды, арнайы зерттеулердің мәліметтерін, менеджердің сезімталдылығын талап етеді.

Жүзеге асыру сферасы бойынша өндіріспен, өтіммен, ғылыми зерттеулермен, кадрлармен және т.б. байланысты шешімдер болуы мүмкін, ал мазмұны бойынша басқару шешімдері техникалық, экономикалық, әлеуметтік болып бө-лінеді. Техникалық шешімдер ұйым қызметінің объективті факторлары бойынша - құрал-жабдықтарды, технологияны пайдалану және т.б. Экономикалық шешімдер ұйымның шығынымен және соған негізделген нәтижелерімен байланысты. Әлеуметтік шешімдер персоналдардың еңбек жағдайы, жалақсы, жеңілдіктер, кепілдер бойынша қабылданады.

Қабылдау тәсілі бойынша интуитивтік және адаптациялық шешімдер деп бөлуге болады.

Интуитивті шешім жетекшінің өз таңдауын дұрыс деп пайымдауына негізделген. Мұндай шешімдерді қабылдау кезінде қателіктерге жол беру қаупі жоғары, сондықтан ол өте тығыз, басқа жол таба алмаған жағдайда ғана мүмкін.

Адаптациялық шешімдер жалпы білімге, жетекшінің негативті және позитивті тәжірибесіне негізделеді. Мұндай шешімнің оң жағы қабылдаудың қарапайымдылығы және оперативтілігі, дегенмен оның да бірқатар маңызды кемшіліктері бар.

Шешімнің екі түрінің де әлсіз жағына олардың субъективтілігі жатады, ол ең алдымен жетекшінің мінез-құлқымен негізделеді, соған сәйкес қабылданған шешімдер тәуекелге негізделген, инертті және импульсивті болуы мүмкін, сонымен бірге жағдай мен мәселені түсіну деңгейі байланысты болатын компетентілігіне, тәжірибесіне, біліміне де байланысты болады.

Психологтардың айтуынша шешім қабылдау үшін жүйелі ойлай біл, төзімділік және саналы ой болуы керек, ал мұндай қасиет көптеген адамдарға 45 жаста келеді және 60 жасқа дейін біршама жоғары болып қалады. Тіпті осылардың бәрін ескерегеннің өзінде интуитивті және адаптациялық шешімдерді қабылдау кезінде субъективизмнің болу қаупі төмендемейді. Ол тек ұтымды шешімді жасағанда және қабылдағанда ғана жойылады.

3. Шешім қабылдау әдістері

Басқару шешімдерін қабылдаудың барлық әдістерін 3 топқа біріктіруге болады (1 сурет).

Шешім қабылдау әдістері

Формальды емес (эвристикалық)

Ұжымдық

Сандық

Сурет. 1. Басқару шешімдерін қабылдау әдістерінің жіктелуі

1. Шешім қабылдаудың формальды емес (эвристикалық) әдістері. Басқару практикасы көрсеткендей шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру кезінде жетекшілердің белгілі бір бөлігі басқару шешімдерін қабылдайтын жеке тұлғалардың аналитикалық қабілеттеріне негізделген формальды емес әдістерді қолданады. Бұл жетекшінің жинақталған тәжірибесін ескере отырып альтернативаларды теориялық салыстыру жолымен ұтымды шешімдерді таңдау әдістемесі мен логикалық тәсілдерінің жиынтығы. Көбіне формальды емес әдістер менеджердің интуициясына негізделеді. Оның артықшылығы оперативті қабылданады, ал кемшілігі - формальды емес әдістер тиімді емес қате шешімдердің таңдалмауына кепіл бола алмайды, өйткені кей жағдайда менеджердің интуициясы қателесуі мүмкін.

2. Шешімді талқылаудың және қабылдаудың ұжымдық әдістері. Басқару шешімдерін қабылдау және жүзеге асырудағы ұжымдық жұмыс процесінің негізгі кезеңі осы процеске қатысушы жеке тұлғаларды анықтау болып табылады. Көбіне бұл құрамына жетекшілер де, орындаушылапр да кіретін уақытша ұжым. Мұндай топтарды ұйымдастыруға қойылатын басты критерий компетенттілік, шығармашылық міндеттерді шеше білу қабілеті, ойлау конструктивтілігі және коммуникабельділігі. Жұмысшы тобының ұжымдық формалары әртүрлі болуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік басқарудың әдістемелік негіздері
Қоғамдық басқару
Басқару ұғымы, қоғамдағы басқару салалары
Персоналды басқару ұғымы, мақсаттары, басқару жүйесінің құрылымы
Жергілікті өзін өзі басқарудың теориялық негіздері
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қалыптасу мәселелері
Мемлекеттік басқарудың обьектілері мен субьектілері және негізгі әдістері
Жүйе жəне басқару
Жергілікті өзін - өзі басқару органдарында этикалық мәдениетті дамыту
Кибернетика - ғылымның соңғы кездерде қалыптасқан бір жаңа саласы
Пәндер