Еуразияның жер бедері


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ЕУРАЗИЯНЫҢ ЖЕР БЕДЕРІ.

Еуразияның жер бедері алуан түрлі. Материктің теңіз деңгейінен орташа биіктігі 840 м, оның ауданының жартысынан астамын таулар құрайды. Еуразияда дүние жүзіндегі аса биік тау жүйелері орналасқан: мұндағы 14 шыңның абсолюттік биіктігі 8000 м-ден жоғары. Олардың 11-і Гималай тауында орналасқан, ең биігі - Джомолунгма (Эверест), биіктігі - 8848 м . Таулардың аралығын кең - байтақ жазықтар алып жатыр. Еуразияның жер бедерінің тағы бір ерекшелігі - биіктік ауытқуларының зор болуы: теңіз деңгейінен ең төмен жатқан - Өлі теңіз (-403м) бен Джомолунгманың биіктігі арасындағы айырмашылық 9251 м-ге жетеді. Еуразия жер бедерінің аталған ерекшеліктері материктің даму тарихы мен оны құрайтын жер қыртысындағы өзгерістермен байланысты.

Материктің негізін құрайтын Еуразия литосфералық тақтасы әр түрлі геологиялық жастағы құрылымдардың жымдасуынан түзілген. Олардың ең ежелгілері - Шығыс Еуропа, Сібір, Қытай-Корей және Оңтүстік Қытай платформалары . Олардың аралығындағы қозғалмалы бөліктерде болған кейінгі тау жасалу әсерінен платформалар әр түрлі өзгерістерге ұшырап, бір-бірімен жалғасады. Соның нәтижесінде материктің көлемі ұлғаяды. Кейінірек оған ежелгі Гондвана материгінің сынықтары - Арабия мен Үндістан платформалары келіп қосылған. Еуразия литосфералық соқтығысу нәтижесінде аса биік, құрылымы күрделі тау жүйелері - Кавказ таулары, Армян және Иран таулы қыраттары , Памир, Тибет таулы қырат, Гималай таулары қалыптасқан. Материктің шығысында Тынық мұхиттық тақта Еуразия тақтасының астына саналап енетін бөлікте аралдар доғалары мен мұхиттық терең шұңғымалар түзілді. Бұл аймақтағы жер қыртысы осы уақытқа дейін өте қозғалмалы болып келді.

Еуразия арқылы дүние жүзіндегі аса ірі екі сейсмикалық белдеу өтеді. Альпі - Гималай белдеуі Еуразияның оңтүстік - батысынан Азияның оңтүстік - шығысына дейін созылып жатыр. Оның солтүстік бөлігі біздің еліміздегі таулы аудандарды да қамтиды. 1911 жылғы Алматыда болған күші 9 балдық апатты жер сілкінуі кезінде қала түгелге жуық қирап, жер қыртысында жарықтар пайда болған. Ал 1988 жылғы желтоқсанда Арменияның Спитак қаласы маңында жер сілкінуі кезінде қала түгелдей қирап, 60-тан астам елді мекендерге зиян келген , 25 мың адам қаза тапқан . 1999 жылы тамыз, қараша айларында түркияда болған, күші 7 балға жеткен жер сілкінулері кезінде мыңдаған адамдар қаза болып, бірнеше қала қираған. Бұл белдеуде жанартау атқылаулары да болып тұрады. Біздің заманымыздың 79 жылы Везувий жанартауының атқылауы нәтижесінде ежелгі Италияның гүлденген қаласы - Помпей түгелімен ыстық лава астынла қалған.

Күшті жер сілкінулер Тынық мұқиттық геосинкиналдық белдеуде де байқалады. Сондай апатты жер сілкінудің бірі 1923 жылы Жапония астанасы Токио қаласын қиратты. Жер сілкіну нәтижесінде 140 мың адам қаза тауып, 1 млн-ға жуық адам баспанасыз қалған. Мұндай жер сілкінулер мұхит түбінде де жиі байқалады. Жер сілкіну орталықтарынан жан-жаққа шеңбер жасап, жылдам тарайтын күшті толқындар - цунами жағалаудағы қалаларға үлкен апат әкеледі. Жапонияның жағалауында 1896 жылы болған осындай апат кезінде 27 мың адам қаза тауып, 10 600-ден астам үйді су толқындары лезде шайып, күл-талқан еткен. Тынық мұхиттық белдеуде жер сілкінісі жиі байқалып, цунамилер кездеседі. Осы белдеуде жанартаулардың атқылаулары да жиі байқалады. Сондықтан бұл белдеуді Тынық мұхиттағы " Отты шеңбер " деп атайды. Еуразиядағы ең биік сөнбеген жанартау - Ключи Шоқысы ( 4750 м) мен 1883 жылы Жер тарихындағы ең апатты атқылау болған Үлкен Зонд аралдарындағы Кракатау жанартауы да осы Тынық мұхиттық белдеуде орналасқан.

Жер сілкіну жиі болатын аймақтарда көп қабатты үйлердің іргетасы ерекше жобамен қаланады, яғни жер сілкінісіне төзімділігі ескеріледі. Жанартау әрекеті тоқталмаған кейбір аудандарға ыстық сулардың атқылауы - гейзерлер тән. Камчаткада әйгілі гейзерлер аңғары орналасқан. Адамдар Исландия мен Камчаткада гейзерлердің ыстық суын үйлерді жылытуға пайдаланады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еуразияның физикалық географиялық сипаттамасы
Солтүстік Америка мен Еуразияның географиялық орны
Еуразияның физикалық картасы
Ландшафтты қалыптастырушы факторлар
ЕУРАЗИЯНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ. ЕУРАЗИЯ МАТЕРИГІНІҢ АЙМАҚТАРЫНА СИПАТТАМА
География туралы ұғым (дәрістер)
Литосфераның құрылысы, құрамы және қасиеттері
Көпжылдық тоңданудың өрістеуі жағдайында Сарыарқаның көптеген аудандарында
Литосфера — жер қабығы туралы ақпарат
Қазақстанның археологиялық мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz