Каспий өңірінің флорасы мен фаунасы



Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Каспий теңізінің жалпы сипаттамасы
2.2 Каспий маңының флорасы мен фаунасы
2.3 Каспий маңындағы Қызыл кітапқа енген жануарлар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ

Каспий теңізі негізінде Жер бетіндегі ең үлкен көл болып саналады. Орташа ені 400 шақырымдық, солтүстіктен оңтүстікке 1200 шақырымға созыла отырып, ол бес тәуелсіз мемлекеттің жағалауын жуып өтеді және өзара екі ірі құрлық – Еуропа мен Азияны байланыстырады. Каспийдің жағалау сызығының ұзындығы 7 мың шақырым, жалпы ауданы шамамен 400 мың шаршы шақырымды құрайды, ол Балтық, Адриат, Ақ теңіздер сияқты Дүниежүзілік мұхиттың бірнеше теңіздерінің аумағынан біршама асып түседі. Каспий теңізі өзінің ұзақ тарихында қазіргі пішініне келгенге дейін өзінің кескіні мен көлемін бірнеше рет өзгерткен. Ұзақ уақыт бойы Жерорта, Қара, Азов және Каспий теңіздері Дүниежүзілік мұхтипен бірігіп бір ғана орасан үлкен теңіз бассейнін құрап жатқан.

Каспий теңізі туралы алғашқы мәліметтер антикалық кезеңнің географтары менжазушыларының жұмыстарында келтірілген. Б.э.д. 323 жылы Александр Македонский теңзде жүзуші Патроклды Каспий теңізінің жағалауын зерттеуге жібереді. Патрокл Кара-Бұғаз-көл шығанағына дейін жетеді және ол оны Каспий теңізін мұхтипен байланыстыратын өзеннің бастауы ретінде қабылдайды. Сол кезеңнің көптеген ғалымдары Каспийді, олардың түсінігі бойынша жұрттың бәріне белгілі жерді қоршап тұрған Дүниежүзілік мұхиттың солтүстіктегі шығанағы деп санады. Ежелгі заманның атақты географы Страбон өзінің «География» кітабында Каспийді батыстан шығысқа параллель бойынша созып көрсеткен.

Орта ғасырда Батыс Еуропаның ғалымдарының Каспий теңізі туралы мәліметтері өте аз болды. Афанасий Никитин өзінің Үндістанға сапары кезінде тверлік көпестермен бірге Каспийде болған, сол саяхатын өзінің «Үш теңіздің арғы жағына саяхат» кітабында сипаттап жазған. Ол Дербент өзенін бірінші өзен ретінде санайды. Каспий теңізінің барынша дәл картасын неміс ғалымы және саяхатшысы Адам Олеарий жасады, соның өзінде ол Каспий теңізі туралы сенімді бейнелерді бере алмады.

Герадот, Гомер, Аристотель, Марко Поло сияқты антикалық кезең мен ежелгі және ортағасырлардың тағы басқа ғалымдары өзінің жұмыстарын Каспий теңізіне арнады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
• Қазақстанның қызыл кітабы
• http://redbook.kz/kk/index.html
• http://kk.wikipedia.org
ЖАратылыстану

Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Каспий теңізінің жалпы сипаттамасы
2.2 Каспий маңының флорасы мен фаунасы
2.3 Каспий маңындағы Қызыл кітапқа енген жануарлар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Каспий теңізі негізінде Жер бетіндегі ең үлкен көл болып саналады. Орташа ені 400 шақырымдық, солтүстіктен оңтүстікке 1200 шақырымға созыла отырып, ол бес тәуелсіз мемлекеттің жағалауын жуып өтеді және өзара екі ірі құрлық - Еуропа мен Азияны байланыстырады. Каспийдің жағалау сызығының ұзындығы 7 мың шақырым, жалпы ауданы шамамен 400 мың шаршы шақырымды құрайды, ол Балтық, Адриат, Ақ теңіздер сияқты Дүниежүзілік мұхиттың бірнеше теңіздерінің аумағынан біршама асып түседі. Каспий теңізі өзінің ұзақ тарихында қазіргі пішініне келгенге дейін өзінің кескіні мен көлемін бірнеше рет өзгерткен. Ұзақ уақыт бойы Жерорта, Қара, Азов және Каспий теңіздері Дүниежүзілік мұхтипен бірігіп бір ғана орасан үлкен теңіз бассейнін құрап жатқан.

Каспий теңізі туралы алғашқы мәліметтер антикалық кезеңнің географтары менжазушыларының жұмыстарында келтірілген. Б.э.д. 323 жылы Александр Македонский теңзде жүзуші Патроклды Каспий теңізінің жағалауын зерттеуге жібереді. Патрокл Кара-Бұғаз-көл шығанағына дейін жетеді және ол оны Каспий теңізін мұхтипен байланыстыратын өзеннің бастауы ретінде қабылдайды. Сол кезеңнің көптеген ғалымдары Каспийді, олардың түсінігі бойынша жұрттың бәріне белгілі жерді қоршап тұрған Дүниежүзілік мұхиттың солтүстіктегі шығанағы деп санады. Ежелгі заманның атақты географы Страбон өзінің География кітабында Каспийді батыстан шығысқа параллель бойынша созып көрсеткен. Орта ғасырда Батыс Еуропаның ғалымдарының Каспий теңізі туралы мәліметтері өте аз болды. Афанасий Никитин өзінің Үндістанға сапары кезінде тверлік көпестермен бірге Каспийде болған, сол саяхатын өзінің Үш теңіздің арғы жағына саяхат кітабында сипаттап жазған. Ол Дербент өзенін бірінші өзен ретінде санайды. Каспий теңізінің барынша дәл картасын неміс ғалымы және саяхатшысы Адам Олеарий жасады, соның өзінде ол Каспий теңізі туралы сенімді бейнелерді бере алмады. Герадот, Гомер, Аристотель, Марко Поло сияқты антикалық кезең мен ежелгі және ортағасырлардың тағы басқа ғалымдары өзінің жұмыстарын Каспий теңізіне арнады. Каспий теңізінің мыңдаған жылдардағы тарихында 70 түрлі атауы болды. Мысалы, арабтар Каспий теңізін жағалаудағы Гиркания елінің атауы бойынша (Қасқырлар елі) - Гиркан теңізі, солтүстік-батыс жағалауда тұратын хазар халықтарының құрметіне - Хазар теңізі деп атады. Қытайлықтар оны Сихай (яғни Батыс теңізі), түріктер - Кучук-Дениз, татарлар - Аг-Дениз деп атады. Орыстар Волганың сағасында тұратын халықтардың атауы бойынша Хвалын деп атады. Маңайындағы елдер мен қалалардың атаулары бойынша Каспий теңізі Мазандаран, Парсы, Орыс, Астрахань, Сарий, Баку, Дербент және басқа деп аталды. Каспийдің шығуы ежелгі Тетис теңізінің геологиялық тағдырымен байланысты. Ол қазіргі Жерорта, Қара, Азов, Каспий теңіздерінің қазіргі жер телімдерін алып жатты және батысында Атлант мұхитымен, ал шығысында - Тынық мұхитымен жалғасты. Күрделі тектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде Тетис теңізі алдымен Тынық мұхитынан, содан соң Атлант мұхитынан бөлінді. Бұл жасты Каспий теңізінің пайда болу кезеңімен есептеуге болады. Қазіргі Каспий атауын б.э.д. І ғасырларда Кураның оң жағалауында өмір сүрген ежелгі Каспий тайпаларының атауымен аталды. Сол ерте замандарда теңіздің өзінде және айналасында өмір сүретін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қалыптаса бастады.Каспий теңізінің қазіргі өсімдіктер дүниесі қарапайым кіші организмдерден бастап қалыптасқан өсімдіктерге дейінгі саны 728 түрге жетеді. Онда өмір сүретін теңіз флорасы бірнеше қайтара тұздану мен тұщыланудың әсерімен түбегейлі өзгерістерге ұшырады, соның нәтижесінде тұщы суда өмір сүретін түрлері көбейді және теңіз флорасы барынша азайып кетті. Волга-Дон каналы ашылған соң мұнда Азов және Қара теңіздерді мекендейтін балдарлардың басқа түрлері пайда болды. Каспий теңізін жануарлардың 1809 түрлері мекендейді. Каспий теңізінің табиғаиы ежелгі заманнан бері көптеген ғалымдар, саяхатшылар мен мемлекеттік қызметкерлердің назарын аударған. Осы айдынның табиғи ресурстарын игерудің каспий маңы елдері мен қоршап жатқан елдердің халық шаруашылығында маңызды экономикалық мәні бар.Каспий теңізі - флора мен фауна, соның ішінде бұрын дүниежүзілік кәсіпшілік өндірудің сексен пайызынан артығын қамтамасыз еткен бекіре тұқымдас балықтардың дүниежүзілік табынын бізге көненің көзіндей етіп жеткізген табиғаттың ғажап жаратылысы.Каспийді мекендеушілердің біреуіне ерекше тоқталғымыз келеді. Ол - каспий итбалығы. Ғалымдарсолтүстікті мекендеушінің қалайша жылы теңізге келгендігіне жауап таба алмауда. Бүгінде каспий итбалығының қаңқаларын біздің теңіз Дүниежүзілік мұхиттың бір бөлігі болған ерте кездегі ежелгі геологиялық шөгінділерінен табылған. Итбалық - сүтқоректілер мен олардың ежелгі арғы тегі құрлықта, алғашқы дәуірдің ормандарында аң аулаған. Сондықтан жергілікті қазақтар оны дәлме-дәл итбалық деп атаған. Каспий итбалығының толық жойылып кету қаупі бар. Ересек итбалықтар да, олардың балалары кәсіпшілік аулаудың объектісі болып отыр. 1944 жылы 290 мың итбалық ауланған, содан кейін итбалықтың қауымдасу саны төмендей бастағандығы туралы мәліметтер бар. Аңдарды аулауға тиым салында. Итбалықтардың қауымдасуы қайта қалпына келтірілді және кейбір деректер бойынша 600 мың басқа жеткен. Мұнай кен орындары тағы да Каспий итбалықтарына қауіп төндіруде. Маңғыстауда құстардың 300-ден астам түрі кездеседі.Маусымдық ұшу кезінде көптеген құстар Каспий теңізінің жағалауына келіп қоныстанады.Сол құстардың бір тобын Қаракөл көлінен көруге болады. МАЭК кәсіпорнынан шыққан сарқынды,қышқыл,қалдық сулардың жиналуынан пайда болған жасанды көл көрінісі көрсетілген.Көл жағасында жайқала өскен қалың қамыс ортасынан ұзынсирақ балықшы,қасқалдақ,көлбұқа,барылдауы қ үйрек,тауқұдірет және қызылбас сүңгуірді көреміз.Қалың қамыс құстарды сырт көзден қорғайды.Түбекте жыртқыш құстарда аз кездеспейді Олардың ең ірісі-түнде ұшатын үкі.Үкіні қазақ халқы қастерлеп,оның қауырсынын жас нәрестенің бас киіміне,ақындардың домбырасына,қыздардың сәукелесіне қадаған.Себебі,үкінің қанатындағы ирек сызықтар құранның сүресіндегі жазуларға ұқсайды деп сеніп,тіл-көзден сақтайды деп түсінген.Үкі 68 жыл өмір сүреді екен.Жыртқыш құстардың өздеріне тән ерекшеліктері мықты тырнағы,имек тұмсықтары.Осының көмегімен жемтіктерін оңай ұстайды. Сонымен қатар:2.Кәдімгі күйкентай,3,4.Дала құладаны,5.Байғыз,6.Айқанат жамансары,7.Тілеміш,8.Қаршыға,9.Саз жапалағы.Мәселен,жапалақ түнде ұшатын құс,Ол түнде жақсы көреді және құлағы күшті естігішжанында жүгіріп бара жатқан тараканның аяқ дыбысын естиді.Ағылшын зоологы Флоуердің айтуы бойынша жапалақ 15 жыл өмір сүреді екен.Жыртқыш құстардың бәрі де тышқандармен,ірілі-ұсақты жәндіктермен қоректенеді.Құстардың ортасындағы ең ірі құс-Су құзғыны деп аталады.Ол өте ашқарақ құс.Аузындағы балығын тауысып болмай,екінші балыққа жармасады.Сондықтан үнемі үстінен балық иісі сасып тұрады.Сол жақтан бастап: 1. Ысылдақ шүрегей, 2. Көк сүңгуір, 3, 7. Қызылбас сүңгуірлер, 5, 14. Секпілтес бейнеарықтар, 6. Барылдауық үйрек, 8, 9. Даурықпа шүрегейлер, 11, 12. Сарыалақаздар, 13. Сұқсыр, 16. Сусылдақ, 17. Бақылдақ, 18. Ақмаңдайлы қарашақаз,19, 20. От үйректерді көре аласыздар.Сұқсыр-адамның баруы қиын қалың қамыстың арасын мекендейді.Азығын су астынан алып жейді.Оның басқа құстардан айырмашылығы-ұясын судың бетінде қалқып жүретін қамыстың үстіне салады.От үйрек туралы аңыз бар.Бір ханның қызын,ата-салтын бұзғаны үшін құсқа айналдырып жіберген.Қыздың жирен шашы құстың қауырсынына,мойнындағы қара моншағы құстың мойнындағы қара сызығына,аяғындағы қара аяқ киімі құстың қара аяғына айналған.Ол басқа үйректерге қарағанда қыздың жүрісіндей сызылып жүреді.Боз далада Қызыл кітапқа енген дуадақ деген құсты көреміз.Дуадақ - өте ауыр құс, салмағы 14-15 кг-ға дейін барады.Сонымен қатар дала қояны,Қарақұйрық-дала реңдес,сымбатты аң.Ашық далалы алқапта өмір сүргенді ұнатады.Қыстың аязды,жаздың аптап,ыстық күндеріне төзімді келеді.Түйенің ішпейтін тұзды суын ішеді.Табиғаттың қолайсыз жағдайы мен аяусыз қырудың кесірінен Қызыл кітапқа тіркелген.Бірқазан - өте ірі құс,ол аузына 8 кг-ға жуық балық жинап қожайнына тарту етеді.Бұл ақпейіл құс,ұрпақтарына аса қамқорлықпен қарайды,сондықтан оның суреті жетімдер үйінің белгісі ретінде қабылданған.Жалбағай - оның тұмсығы дәрі-дәрмектер жасауға қолданылады,сондықтан азайып кету қаупі төніп тұр.Қоқиқаз (Фламинго) - шыққан жері Африка.Ақшыл-қызғылт түсі оның сұлулығын аша түскендей.Оларды көлден топтанып тұрғанда ұшырата қалғанда қызғылт түсті аралға жолыққандай әсер қалдырады.Оның фламинго аталуы Португалша (фламос) жалын ұғымын білдіреді.Осындай түске бұл құстар 3 жастан асқан соң ғана ие болады.Оған дейін қоңыр түсте болады.Маңғыстауда мекендеген жануарлардың көбі қорғауға алынып,Қызыл кітапқа енгізілген.Бір кездері Үстіртте жер бетіндегі ең жүйрік аң - Гепард тіршілік еткен.(сағатына-115 км) жылдамдықпен жүгіретін.Осы бір сымбатты аң Солтүстік Азия мен Қазақстан жерінен біржолата жер ауды.Ең соңғы ізі Маңғыстауда 1956 жылы табылған.Үстірт қорығын ұйымдастыру қолға алынбағанда құрып кету қаупі Үстірт қойларына да төнген болар еді.Үстірт шыңдары,Қарақия ойпаты,Таулы Маңғыстаудан - Үстірт қойлары муфлондарды кездестіреміз.Олар жылына 1 рет көктем айларында төлдейді.Мықты мүйіздерінің арқасында таудан тасқа қиналмай оңай секіре алады.Тастақты жерлерде тіршілік ететін:2.Самыр,3.Кекілік,4.Дала қыраны. Маңғыстау жыртқыштарының ең ірісі- қасқыр бұл өңірде айтарлықтай көп таралған.Қасқыр- өте сезімтал,аса сақ жыртқыш.Тіпті ұйықтап жатқан кезде де оның есту мүшесі өз жұмысын еш тоқтатпайды.Мысалы: шошқаның қорылын 2-3 км жерден естиді.Қасқырлар үйірімен жүреді,бір үйірде 6-9 дан болады.Келесі көріп тұрған жыртқыш- Қызыл кітапқа енген Қарақал деп аталады.Оның саны Маңғыстау территориясында санаулы ғана,ол Үстірт қорығында қорғалады.Ал мына түлкі тәріздес аң - қарсақ деп аталады.Онан кейін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарбағатай жотасы - Геоқұрылымдық тұрғысынан
Қазақстанда қалыптасқан экалогиялық ақуалдар
Арал, Балқаш, Каспийдің экологиялық проблемалары
Қазақстандағы полигондар
Қазақстанның экологиялық жағдайы
Қазақстанда қалыптасқан су экологиясының ахуалдары
Балқаштың экологиялық ахуалы
Қазақстан жабайы фаунасын және өсімдектерін қорғау. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы
Арал теңізінің тарихы
Арал
Пәндер