Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі
Мазмұны:
Кіріспе
1 Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі
1.1 Кейбір тұрғындар тобына берілетін кеңестер
2 Тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі
2.1 Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен принциптері
2.1.1 Тағам өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары мен принциптерi
2.1.2 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
2.1.3 Тағам өнімдерінің, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік нормалау
2.1.4 Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретi
2.2 Тағам өнімдерінің қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау
2.3 Тағам өнiмдерiн мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу және мемлекеттiк тiркеу туралы шешiмдi кері қайтарып алу
2.4 Тағам өнімдерінің , материалдар мен бұйымдардың айналымын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері
2.4.1 Субъектiлердiң мiндеттерi
2.4.2 Тағам өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар және оны қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Тағам ластануына байланысты айтарлықтай маңызды мәселе – бактериалды ластану болып табылады. Тағам өнімдерін дайындау тізбегіндегі барлық адамдар санын ішінде фермерлер, тағам өнімдерін өндірушілер, сатушылар , сонымен қатар қоғамдық тамақтану қызметшілері тағамның қауіпсіздігіне жауапты болады. Тағам ластануының алдын алу үшін оның әзірленуіне жауапты адамдар қолдары таза болуы тиіс ,сонымен бірге жемістер мен көкөністердің тағаммен жанасатын беткі қабаттарын тазалау қажет.Олар онымен бірге қолдануға дайын өнімдерді шикі және дайын өнімдерден алшақ ұстауға міндетті. Қауіпсіздіктің маңызды шарттары келесідей:
• Тағам әзірлеу үшін жеткілікті жоғары температураны қолдану;
• оңай бұзылатын өнімдерді тоңазытқышта;
• қажет болса өнімдерді мұздату ережелерін сақтай отырып мұздатқышта сақтау.
Тағамды әзірлеу алдында қолды жақсылап жуу керек, әсіресе , шикі ет , құс еті, жұмыртқа және теңіз өнімдерін қолданғанда . Сонымен қатар тағамды әзірлеп болғаннан кейін де қолды жуу біршама маңызды. Қолды жуғанда сумен сулап, содан соң 20 сек аралығында қолды сабындайды да таза , әрі жылы сумен шайып , таза құрғақ орамалмен сүртеді.
Тағам өнімдерінің бактериялармен ластануынан сақтану үшін оларды жақсылап жуу қажет. Балауса көкөністер мен жемістерді қолдануға дейін бастапқыда қажетсіз жапырақтарын алып тастайды және ағынды сумен оларды жуып, қолмен сүртіп, қағаз және мақталы қағаз сүлгімен кептіреді. Өнімдерді дымқыл күйінде сақтау бактериялардың тірілуі мен өсуіне алып келеді. Сәйкесінше, егер өнімді жуғаннан кейін қолданылмайтын болса, кептіріп, кептірілген күйінде сақтаған жөн.
Берілген өнімдердің қолдануға дайын екендігін білу үшін таңбалануын оқу қажет.Көбінесе өнімдер арнайы орамдарда қолдануға дайын күйінде сатылады. Мұндайда оларды жуудың қажеті жоқ, бірақ сақтау мерзіміне дейін ғана қолданылған жөн. Мұндай өнімдерді тоңазытқышта және сәйкес температуралық жағдайларда сақтау талап етіледі.
Шикі ет пен құс еті тоғысқан бактериалды ластануды тудыратындықтан, оларды беткі жағындағы бактериялар қолдануға дайын басқа да өнімдерге , асхана ыдыс-аяқтарына және үселдің беті мен тағаммен жанасатын беттерге түсіп кетуі мүмкін.
Шикі, қолдануға дайын және дайын өнімдерді сатып алғанда , тағам әзірлегенде және сақтағанда бір-бірінен жеке ұстау қажет. Осыған орай түрлі өнімдердің бір-бірінен бактериалды ластануының алдын алуға болады. Онымен қоса, тоңазытқыш сөрелерінің

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің сайты - old.memst.kz
2 «Азаттық Радиосы» сайты - www.azattyq.org
3. index.phpkaz.newsfactory.kz/
4 «Егемен Қазақстан» газетінің сайты - index.phpwww.egemen.kz
5 Қазақстан Республикасының заңдары - kz.government.kz
6 ҚР Президентінің ресми сайты - www.akorda.kg

Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны:
Кіріспе
1 Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі
1.1 Кейбір тұрғындар тобына берілетін кеңестер
2 Тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі
2.1 Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен принциптері
2.1.1 Тағам өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары мен принциптерi
2.1.2 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
2.1.3 Тағам өнімдерінің, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік нормалау
2.1.4 Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретi
2.2 Тағам өнімдерінің қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау
2.3 Тағам өнiмдерiн мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу және мемлекеттiк тiркеу туралы шешiмдi кері қайтарып алу
2.4 Тағам өнімдерінің , материалдар мен бұйымдардың айналымын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері
2.4.1 Субъектiлердiң мiндеттерi
2.4.2 Тағам өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар және оны қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Тағам ластануына байланысты айтарлықтай маңызды мәселе - бактериалды ластану болып табылады. Тағам өнімдерін дайындау тізбегіндегі барлық адамдар санын ішінде фермерлер, тағам өнімдерін өндірушілер, сатушылар , сонымен қатар қоғамдық тамақтану қызметшілері тағамның қауіпсіздігіне жауапты болады. Тағам ластануының алдын алу үшін оның әзірленуіне жауапты адамдар қолдары таза болуы тиіс ,сонымен бірге жемістер мен көкөністердің тағаммен жанасатын беткі қабаттарын тазалау қажет.Олар онымен бірге қолдануға дайын өнімдерді шикі және дайын өнімдерден алшақ ұстауға міндетті. Қауіпсіздіктің маңызды шарттары келесідей:
* Тағам әзірлеу үшін жеткілікті жоғары температураны қолдану;
* оңай бұзылатын өнімдерді тоңазытқышта;
* қажет болса өнімдерді мұздату ережелерін сақтай отырып мұздатқышта сақтау.
Тағамды әзірлеу алдында қолды жақсылап жуу керек, әсіресе , шикі ет , құс еті, жұмыртқа және теңіз өнімдерін қолданғанда . Сонымен қатар тағамды әзірлеп болғаннан кейін де қолды жуу біршама маңызды. Қолды жуғанда сумен сулап, содан соң 20 сек аралығында қолды сабындайды да таза , әрі жылы сумен шайып , таза құрғақ орамалмен сүртеді.
Тағам өнімдерінің бактериялармен ластануынан сақтану үшін оларды жақсылап жуу қажет. Балауса көкөністер мен жемістерді қолдануға дейін бастапқыда қажетсіз жапырақтарын алып тастайды және ағынды сумен оларды жуып, қолмен сүртіп, қағаз және мақталы қағаз сүлгімен кептіреді. Өнімдерді дымқыл күйінде сақтау бактериялардың тірілуі мен өсуіне алып келеді. Сәйкесінше, егер өнімді жуғаннан кейін қолданылмайтын болса, кептіріп, кептірілген күйінде сақтаған жөн.
Берілген өнімдердің қолдануға дайын екендігін білу үшін таңбалануын оқу қажет.Көбінесе өнімдер арнайы орамдарда қолдануға дайын күйінде сатылады. Мұндайда оларды жуудың қажеті жоқ, бірақ сақтау мерзіміне дейін ғана қолданылған жөн. Мұндай өнімдерді тоңазытқышта және сәйкес температуралық жағдайларда сақтау талап етіледі.
Шикі ет пен құс еті тоғысқан бактериалды ластануды тудыратындықтан, оларды беткі жағындағы бактериялар қолдануға дайын басқа да өнімдерге , асхана ыдыс-аяқтарына және үселдің беті мен тағаммен жанасатын беттерге түсіп кетуі мүмкін.
Шикі, қолдануға дайын және дайын өнімдерді сатып алғанда , тағам әзірлегенде және сақтағанда бір-бірінен жеке ұстау қажет. Осыған орай түрлі өнімдердің бір-бірінен бактериалды ластануының алдын алуға болады. Онымен қоса, тоңазытқыш сөрелерінің беткі қабаты шикі етте , құс етінде , балықтакейбір тез берінетін деликастер мен шикі көкөністерде болатын бактериялармен жылдам ластануы мүмкін.
Әзір емес және дұрыс әзірленбеген ет, құс етінің , жұмыттқа өнімдері бактериалды ластанудың потенциалды қауіптілігін көрсетеді.
Тоңазытқышта қалтырылған өнімдерді сәйкес температураға дейін қыздыруға кеңес беріледі. Бактериялар +4-тен +600С температураларда жылдам көбейеді. Көрсетілген себепке қарай тағам өнімдерін 40С-тан төмен температурада сақтап, 600С - тан жоғары температураға дейін қыздыру қажет.
Тоңазытқыштағы температура +4-тен , ал мұздатқыштағы -1800С асырмау да маңызды мәнге ие. Тоңазытқышта қалдырылған өнімдер 3-4 тәулік аралығында бактериялармен ластануы мүмкін. Тағамның тауарлық түрі өзгертіп, иістендірмеуі де мүмкін , нәтижесінде өнім қолданылуға қауіпсіз емес болып шығады. Кейде өнім қауіпсіздігіне күдік туса, онда оның дәмін татып көргеннің өзі қауіпті болуы мүмкін. Егер өнім қауіпсіздігіне күмәндансаңыз оны тез арада тастай алған дұрыс.
Кейбір адамдар ластанған тағамдардан ауру адамдардың көпшілігінен қарағанда қатерлі. Бұл категорияға жүкті әйелдер, кіші жастағы балалар , қарттар, иммунды жүйесі бұзылған адамдар , сондай-ақ созылмалы аурулардан зардап шегуші адамдарды жатқызады. Олар тағам өнімдері қауіптілік әкелмейтіндерге сенімді болу үшін қосымша сақтық шараларын сақтауы керек.
Мысалы, жүкті әйелдер мен қарттар Listeria monocytogenes бактериялары тудыратын листериоз ауруының дамуын жоғары дәрежеде қабылдағыш келеді. Бұндай бактериялар көбіне егер шұжық жеткілікті дәрежеде жылулық өңдеуге ұшырамаса, осы шұжық өнімдерін ластайды . Онымен қоса, мұндай адамдарға пастерленбеген сүт пен сүт өнімдерін , шикі және дұрыс пісірілмеген жұмыртқа , сондай-ақ шикі жұмыртқа , шикі және дұрыс пісірілмеген ет, құс еті , балығы бар басқа да теңіз өнімдері, пастерленбеген шырындарды қолданудан бас тартуға кеңес беріледі.
1 Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі
Тағам өнімдері бактериялармен, вирустармен, паразиттермен, токсиндермен, сонымен қатар адам ағзасы үшін қауіпті болып табылатын химиялық заттармен ластануы мүмкін. Осындай өнімдерді тұтынудан аулақ болған жөн. Ластанған өнімдерді тұтынуға байланысты аурудың белгілері мен симптомдарын : диарея, жүрек айну, бас айналу , асқазандағы спазма және есінен тану , сондай-ақ паралич пенменингит сияқты ауыр халге әкелетін асқазан-ішек симптомдарынан варирлейді.
Басты кеңестер
Тағамды ластайтын бактериялардан сақтану үшін:
* Қолды, жемістер мен көкөністердің тағаммен жанасатын беткі жағын тазалап жуу керек. Шикі ет пен құсты сумен шаюға кеңес берілмейді , себебі ол басқа тағам өнімдерінің тоғысқан бактериалды ластануын тудыруы мүмкін ;
* Шикі қолдануға дайын және дайын болған өнімдерді сатып алу кезінде, тағам әзірлеу мен сақтауда бір-бірінен алшақ ұстаған жөн;
* Тағамды әзірлеуде микроорганизмдердің жойылуын қамтамасыз ету үшін оны қауіпсіз температураға дейін қыздыру қажет;
* Оңай берінетін өнімдерді тоңазытқышта және егер қажет боса мұздатқышта сазтап, оны дұрыс мұздат керек;
* Шикі (пастерленбеген) сүтті , сонымен қатар пастерленбеген сүттен дайындалған барлық өнімдерді , шикі және дұрыс пісірілмеген жұмыртқаны ,сондай-ақ құрамында шикі жұмыртқа , шикі және дұрыс пісірмеген ет, тауық етін және пастерленбеген шырынды қолданудан бас тартқан жөн.[1]
Кейбір тұрғындар тобына берілетін кеңестер
* Құрсақтағы балалар және кіші жастағы балалар , жүкті әйелдер , егде тартқан, сонымен қатар иммунды жүйесі бұзылған адамдарға шикі пастерленбеген сүт және пастерленбеген сүт өнімдерін , шикі және дұрыс қайнатылмаған жұмыртқа, сондай-ақ құрамында шикі жұмыртқа, шикі және дұрыс пісірмеген ет , тауық етінің өнімдерін, теңіз өнімдерін, пастерленбеген шырындарды қолдануға тыйым салынады.
* Жүкті әйелдер , қарттар мен иммунды жүйесі бұзылған адамдар : ет өнімдері және шұжық өнімдерін ол тек алдын ала жылулық өңдеуге ұшыраған жағдайда ғана қолдануға кеңес беріледі.
2 Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі
Заң Қазақстан Республикасының аумағында адам өмiрi мен денсаулығын, тұтынушылардың заңды мүдделерiн және қоршаған ортаны қорғау үшiн тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң құқықтық негiздерiн белгiлейдi.
Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) азық - адам үшiн тамақ көзi болып табылатын жануарларды азықтандыру үшiн пайдаланылатын, өсiмдiктен, жануардан, минералдан, микробиологиялық қолданыстан алынатын азық-түлiк;
2) азық қоспалары - адам үшiн тамақ көзi болып табылатын, жануарлар рационында жетiспейтiн қоректiк және минералдық заттар мен витаминдер көздерi ретiнде пайдаланылатын органика, минерал және (немесе) синтетика тектi заттар;
3) байытылған (фортификацияланған) тамақ өнiмдерi - ауруды профилактикалау мақсатында енгiзiлетiн, тамақтың құнарын арттыру үшiн бастапқыда болмаған не жеткiлiксiз мөлшерде болған немесе өндiру (дайындау) процесiнде (сатысында) жоғалтылған бiр немесе одан да көп қажеттi ингредиенттер (витаминдер, минералдар, белоктар, амин немесе май қышқылдары) және басқа да заттар қосылған тамақ өнiмдерi;
4) балалар тағамы азық-түлiгi - балалар организмiнiң физиологиялық қажетiне сай келетiн және үш жасқа дейiнгi балалар тағамдарына арналған, арнайы мақсаттағы тамақ азық-түлiгi;
5) ветеринарлық қадағалануға тиiстi тамақ өнiмдерi - тамаққа тиiстi өңдеусiз пайдаланылмайтын, жануардан алынатын тамақ азық-түлiгi мен шикiзат, сондай-ақ азық және азық қоспалары;
6) ветеринарлық сертификат - ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасында және көлiкте ветеринарлық қадағалануға тиiстi тамақ өнiмдерiнiң әрбiр партиясына беретiн, белгiленген нысандағы құжат;
7) генетикалық түрлендiрiлген объектiлер - гендiк инженерия әдiстерi пайдаланылып алынған, өсiмдiктен және (немесе) жануардан алынатын шикiзат пен азық-түлiк, соның iшiнде генетикалық түрлендiрiлген көздер, организмдер;
8) дайындалған күнi - тамақ өнiмдерiн өндiру (дайындау) процесiнiң (сатысының) аяқталған күнi;
9) диеталық тағам азық-түлiгi - ауруларды профилактикалау және (немесе) емдеу мақсатында адамдардың жекелеген санаттары үшiн арналған арнайы дайындалған тамақ өнiмдерi;
10) емдiк-профилактикалық тағам азық-түлiгi - зиянды кәсiптiк факторлардың созылмалы әсерiмен байланысты адам организмiндегi бұзылудың алдын алу мақсатында адамдардың жекелеген санаттарына арналған, арнаулы тағам рациондарында пайдаланылатын арнайы тамақ өнiмдерi;
11) есептiк нөмiрi - өндiру объектiсiнiң қызмет түрi мен нөмiрiн қамтитын код;
12) жалған тамақ өнiмдерi - көрiнеу және қасақана өзгертiлген, қолдан жасалған және (немесе) ол туралы ақпарат көрiнеу дұрыс емес немесе толық емес болып табылатын, жасырын қасиеттерi мен сапасы бар тамақ өнiмдерi;
13) жарамдылық мерзiмi - тамақ өнiмдерiн өндiру (дайындау), айналымы процестерiнiң (сатыларының) шарттары сақталып, ол аяқталғанша тамақ өнiмдерiн мақсаты бойынша пайдалану қауiпсiз деп саналатын кезең
14) жол берiлмейтiн қатер - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленетiн, тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi деңгейiнен асатын қатер;
15) қатер - тамақ өнiмдерiнiң адам денсаулығына қолайсыз әсер ету ықтималдығы және бұл әсер етудiң адам өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiруiне әкелетiн салдары;
16) қатердi бағалау - зиянкестiң немесе аурудың енуi, тамыр жаюы немесе таралуы ықтималдылығын және осымен байланысты ықпалды әсерi бар биологиялық және экономикалық салдарын сапалық және (немесе) мөлшерлiк бағалау немесе тамақ өнiмдерiнде қоспалардың, ластағыш заттардың, уыттардың немесе ауру тудыратын организмдердiң болуынан туындайтын адамның өмiрi мен денсаулығына немесе жануарларға қолайсыз әсер ету мүмкiндiгiн бағалау;
17) қатердi басқару - қатердi айқындау, оны азайту үшiн қолданылатын шараларды таңдау және жүзеге асыру, сондай-ақ олардың мониторингi мен тексерiлуi;
18) қатерлердi талдау - өзара байланысты төрт құрамдастан: қауiп көзiн айқындаудан, қатердi бағалаудан, қатердi басқарудан және қатер туралы ақпараттан тұратын қауiптi факторларды анықтау және қатердi бағалау үшiн қолжетiмдi ақпаратты пайдалану рәсiмi;
19) қатер туралы ақпарат - тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне жауапкершiлiк алған субъектiлер мен уәкiлеттi органдар, сондай-ақ барлық басқа да мүдделi тараптар арасында қатер туралы өзара уақтылы мәлiметтер алмасу;
20) қауiптi тамақ өнiмдерi - пайдаланылуы кезiнде адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта үшiн жол берiлмейтiн қатер төндiруi мүмкiн өнiмдер;
21) қауiптi тамақ өнiмдерiн жою - тамақтық мақсатқа пайдаланылуын болдырмай және оған адам мен жануарлар жете алмастай етiп, тұтынуға және (немесе) одан әрi өңдеуге жарамсыз тамақ өнiмдерiне ықпал жасау;
22) нормативтiк-техникалық құжаттама - тамақ өнiмдерiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерiн (сатыларын) реттеу үшiн қажеттi құжаттар;
23) өнiмдердiң тамақ құндылығы - организмнiң қоректiк заттармен қанағаттандырылуы олардың энергетикалық құндылығымен, құрамымен және дәмдiк қасиеттерiмен айқындалатын дәрежесi;
24) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиiстi тамақ өнiмдерi - ветеринарлық қадағалануға тиiстi тамақ өнiмдерiнен басқа тамақ өнiмдерi;
25) тамаққа биологиялық активтi қоспалар - байыту мақсатымен немесе парафармацевтиктердi қоспағанда, ауруларды профилактикалау үшiн жеке қолдануға немесе тамақтық азық-түлiк құрамына енгiзуге арналған табиғи немесе табиғиға барабар заттардың құрамдастары;
26) тамақ қоспалары - тамақ азық-түлiгiнiң биологиялық және энергетикалық құндылықтарына әсер етпейтiн және тамақ азық-түлiгi ретiнде өздiгiнен пайдаланылмайтын, оларға дiттелген сипаттар беру мақсатында арнайы қосылатын табиғи және жасанды заттар мен олардың қосындылары;
27) тамақ өнiмдерi - адам тұтынатын шикiзат, тамақ азық-түлiгi, арнайы мақсаттағы тамақ өнiмдерi, ауыз су, тамақ қоспалары және тамаққа биологиялық активтi қоспалар, адам үшiн тамақ көздерi болып табылатын жануарларға берiлетiн азықтар және азық қоспалары;
28) тамақ өнiмдерiмен байланысты материалдар мен бұйымдар (бұдан әрi - материалдар мен бұйымдар) - тамақ өнiмдерiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерiнде (сатыларында) пайдаланылатын материалдар мен бұйымдар, соның iшiнде технологиялық жабдықтар, аспаптар мен қондырғылар, ыдыстар, буып-түю материалдары, ыдыс-аяқ, асханалық жарақтар;
29) тамақ өнiмдерiн әзiрлеу (жасау) - жаңа өндiрiстi ұйымдастыру және (немесе) жаңа тамақ өнiмдерi үшiн қажеттi үлгiлердi және (немесе) нормативтiк-техникалық құжаттаманы жасау процесi;
30) тамақ өнiмдерiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою субъектiсi (бұдан әрi - субъект) - тамақ өнiмдерiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
31) тамақ өнiмдерiн кәдеге жарату - мақсаты бойынша басқа тамақ өнiмдерiне пайдалануға жарамсыз тамақ өнiмдерiн технологиялық қайта өңдеу;
32) тамақ өнiмдерiн өндiру (дайындау) - тамақ өнiмдерiнiң технологиялық процесiн және олармен байланысты орау, буып-түю, таңбалау процестерiн, сондай-ақ iшкi өндiрiсте сақталуы мен тасымалдануын қамтитын тамақ өнiмдерiн дайындау процестерi (сатылары);
33) тамақ өнiмдерiн өндiру (дайындау) объектiсi (бұдан әрi - өндiру объектiсi) - тамақ өнiмдерiн өндiретiн (дайындайтын) кәсiпорын;
34) тамақ өнiмдерiн сәйкестендiру - тамақ өнiмдерiн әзiрлеудiң (жасаудың), өндiрудiң (дайындаудың), айналымының және кәдеге жаратудың барлық процестерiнде (сатыларында) белгiлi бiр өнiмдердiң айырымдық белгiлерi бойынша танылуын қамтамасыз ететiн рәсiм;
35) тамақ өнiмдерiнiң айналымы - тамақ өнiмдерiн әкелудi (импорттауды) және әкетудi (экспорттауды) қоса алғанда, тамақ өнiмдерiн өткiзу (сату немесе беру) процестерi (сатылары), сондай-ақ олармен байланысты орау, буып-түю, таңбалау, сақтау және тасымалдау процестерi;
36) тамақ өнiмдерiнiң биологиялық құндылығы - тамақ өнiмдерiнiң қуаттылығы, құрамында белок, майлар, көмiрсулар, витаминдер, макро- және микроэлементтер қамтылатын сипаттамасы;
37) тамақ өнiмдерiнiң қадағалануы - тамақ өнiмдерiн әзiрлеудiң (жасаудың), өндiрудiң (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерiнде (сатыларында) тамақ өнiмдерiн (шыққан тегiн, қозғалысын және тұрған жерiн) қадағалау мүмкiндiгi;
38) тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi - қауiптi фактордың iске асу ықтималдылығы мен оның салдарының ауырлық деңгейiнiң ұштасуы ескерiле отырып, адам өмiрi мен денсаулығына зиян келуiмен және тұтынушылардың заңды мүдделерiнiң бұзылуымен байланысты тамақ өнiмдерiн әзiрлеудiң (жасаудың), өндiрудiң (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерiнде (сатыларында) жол берiлмейтiн қатердiң болмауы;
39) тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiн куәландыратын құжат - Қазақстан Республикасының тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы заңнамасында белгiленген талаптарға тамақ өнiмдерiнiң сәйкестiгiн, тамақ өнiмдерiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерiнiң (сатыларының) сәйкестiгiн, тамақ өнiмдерiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою кезiнде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтың, материалдар мен бұйымдардың сәйкестiгiн куәландыратын санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды, ветеринарлық-санитарлық қорытынды, ветеринарлық куәлiк, ветеринарлық сертификат, ветеринарлық анықтама, сәйкестiк сертификаты;
40) тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламент - Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес әзiрленетiн және қолданылатын, тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне және (немесе) оларды әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерiне (сатыларына) қойылатын мiндеттi талаптарды белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;
41) тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органдар (бұдан әрi - уәкiлеттi органдар) - өз құзыреттерi шегiнде тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар;
42) тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiк көрсеткiшi - адам денсаулығына және жануарларға қауiп төндiретiн химиялық, радиоактивтiк, уытты заттардың және олардың қосындылары құрамының, микроорганизмдердiң және басқа да биологиялық организмдердiң жол берiлетiн деңгейi;
43) тамақ өнiмдерiнiң партиясы - қауiпсiздiгiн куәландыратын бiр iлеспе құжаты бар, ұқсас жағдайларда өндiрiлген (дайындалған) және (немесе) буып-түйiлген бiртектi тамақ өнiмдерiнiң жиынтығы;
44) тамақ өнiмдерiнiң энергетикалық құндылығы - адамның немесе жануарлардың тұтынуы нәтижесiнде тамақ өнiмдерiнен бөлiнетiн және олардың физиологиялық функцияларын қамтамасыз ететiн қуат мөлшерi;
45) тамақтық азық-түлiк - адамның тамаққа тұтынуына арналған табиғи немесе өңделген түрдегi азық-түлiк;
46) таңбалау - тұтынушыға ақпарат беретiн және тамақ өнiмдерiне түсiрiлген мәтiн, тауар белгiлерi, шартты таңбалау мен суреттер, құжаттар, жадынамалар (қосалқы парақтар), этикеткалар, контрэтикеткалар, кольереткалар, құлақшалар, жапсырмалар (стикерлер) тұтыну ыдыстары (бумалар);
47) шикiзат - тамақ өнiмдерiн өндiру (дайындау) үшiн пайдаланылатын, өсiмдiктен, жануардан, микробиологиялық, химиялық жолдармен және минералдан алынатын объектiлер;
48) экологиялық таза тамақ өнiмдерi - экологиялық таза тамақ өнiмдерiн өндiрудiң (дайындаудың) стандарттарына сәйкес дайындалған тамақ өнiмдерi;
49) экологиялық таза тамақ өнiмдерiнiң белгiсi - таңбаланған тамақ өнiмдерiнiң экологиялық таза тамақ өнiмдерi стандарттарына сәйкестiгiн растайтын тiркелген белгi.
Қазақстан Республикасының тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. P991716
Осы Заң Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн және Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн (импортталатын) тамақ өнiмдерiне, сондай-ақ тамақ өнiмдерiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерiне (сатыларына) қолданылады.
Осы Заңның күшi жеке тұтынуға арналған, үйде дайындалатын тамақ өнiмдерiне қолданылмайды.
2.1 Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк реттеу
2.1.1 Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары мен принциптерi
1. Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары:
1) мыналарды:
* адам өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiн;
* тұтынушылардың заңды мүдделерiн қорғауды;
* экологиялық қауiпсiздiктi;
* ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
2) кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесу;
3) адам өмiрi мен денсаулығын, тұтынушылардың заңды мүдделерiн қорғау үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасын халықаралық нормалармен және ережелермен үйлестiру;
4) отандық өнiмдердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;
5) халықаралық сауданың дамуы үшiн жағдайлар жасау болып табылады.
2. Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк реттеу:
1) адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау үшiн тамақ өнiмдерi қауiпсiздiгiнiң басымдығы;
2) адам денсаулығына және қоршаған ортаға ықтимал зиянды әсердiң алдын алу;
3) мемлекет жүзеге асыратын шаралардың ашықтығы;
4) ақпараттың жариялылығы, қолжетiмдiлiгi, дұрыстығы;
5) қатерлердi бағалаудың ғылыми негiздiлiгi;
6) тамақ өнiмдерiн әзiрлеудiң (жасаудың), өндiрудiң (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерiнде (сатыларында) тамақ өнiмдерiнiң қадағалануы;
7) тамақ өнiмдерiн әзiрлеудiң (жасаудың), өндiрудiң (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерiнде (сатыларында) тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудегi субъектiлердiң жауапкершiлiгi принциптерi негiзiнде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiне мыналар жатады:
1) тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi саласында мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;
2) уәкiлеттi органдардың қызметiн салааралық үйлестiру;
3) бекiту жөнiндегi құзыретi осы Заңның 6-бабында көзделген нормативтiк құқықтық актiлердi қоспағанда, тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк-құқықтық актiлердi бекiту;
4) тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi саласындағы салалық (секторлық) бағдарламаларды бекiту;
5) мыналарды:
* Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндiрiлетiн (дайындалатын) және алғаш рет әкелiнетiн (импортталатын) азықтарды және азық қоспаларын мемлекеттiк тiркеу;
* адам өмiрi мен денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауiп төндiретiн тамақ өнiмдерiн кәдеге жарату және жою;
* мемлекеттiк тiркелуге тиiстi тамақ өнiмдерiн әкелу (импорттау);
* Қазақстан Республикасының тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы заңнамасында белгiленген талаптарға тамақ өнiмдерiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерiнiң (сатыларының) сәйкестiгiн, әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою кезiнде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың, материалдар мен бұйымдардың сәйкестiгiн уәкiлеттi органдардың келiсуi;
* санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиiстi тамақ өнiмдерiн байыту(фортификациялау);
* өндiру объектiлерiне есептiк нөмiрлер беру;
* Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгiленген талаптарға тамақ өнiмдерiнiң сәйкестiгiн растау;
* Қазақстан Республикасының тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы заңнамасында белгiленген талаптарға тамақ өнiмдерiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерiндегi (сатыларындағы) олардың сәйкестiгiн, тамақ өнiмдерiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерiнiң (сатыларының) сәйкестiгiн бақылауды жүзеге асыру;
* генетикалық түрлендiрiлген объектiлердiң айналымы;
* генетикалық түрлендiрiлген объектiлердiң қауiпсiздiгiн ғылыми негiзде растау жөнiндегi жұмыстар жүргiзу тәртiбiн бекiту. [2]
2.1.3 Тамақ өнімдерінің, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік нормалау
1. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретiне:
* тамақ өнiмдерiне олардың қауiпсiздiгiн айқындау жөнiнде санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзу;
* тамақ өнiмдерiн өндiру және сақтау объектiлерiне, iшкi сауда объектiлерiне және көлiк құралдарына санитарлық паспорттар беру, есепке алу және жүргiзу;
* курортология ғылыми орталықтарының табиғи минералды суларды пайдалануға бальнеологиялық қорытындылар беруi;
* тамаққа биологиялық активтi қоспалардың айналымы;
* балалар тағамы азық-түлiгiн, тамаққа тағамдық және биологиялық активтi қоспаларды, генетикалық түрлендiрiлген объектiлердi, бояғыштарды, сумен және тамақ өнiмдерiмен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететiн химиялық заттарды, өнiмдер мен заттардың жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу және мемлекеттiк тiркеу туралы шешiмдi керi қайтарып алу;
* тамаққа биологиялық активтi қоспалардың қауiпсiздiгiн ғылыми негiзделген растау жөнiнде жұмыстар жүргiзу;
* тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi саласында салалық (секторлық) бағдарламалар әзiрлеу тәртiбiн бекiту жатады.
2. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның құзыретiне мыналар жатады:
1) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиiстi тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру;
2) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиiстi тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк ету;
3) Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиiстi тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы заңнамасында белгiленген талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру, үйлестiру және жүзеге асыру;
4) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиiстi тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi саласындағы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтердi, техникалық регламенттердi, нормативтiк құжаттарды әзiрлеу; P080230, P080199
5) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиiстi тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша консультативтiк-кеңес органдарын құру;
6) мыналарды:
* тамақ өнiмдерiнiң жарамдылық мерзiмдерiн және сақталу шарттарын;
* санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиiс тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк-техникалық құжаттаманың жобаларын;
* санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды бере отырып, Қазақстан Республикасының тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы заңнамасында белгiленген талаптарға тамақ өнiмдерiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерiнiң (сатыларының) сәйкестiгiн, әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою кезiнде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың, материалдар мен бұйымдардың сәйкестiгiн келiсу;
7) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиiстi қауiптi тамақ өнiмдерiн анықтау және өткiзуге жол бермеу жөнiндегi шараларды әзiрлеу мақсатында өндiру объектiлерi мен iшкi сауда объектiлерiн санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру;
8) тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiн айқындау бойынша оларға санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметiн бақылауды жүзеге асыру;
9) балалар тағамы азық-түлiгiн, тамаққа биологиялық активтi қоспаларды, генетикалық түрлендiрiлген объектiлердi, бояғыштарды, сумен және тамақ өнiмдерiмен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететiн химиялық заттарды, өнiмдер мен заттардың жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу және мемлекеттiк тiркеу туралы шешiмдi керi қайтарып алу, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген заттар мен өнiмдердiң Мемлекеттiк тiзiлiмiн мерзiмдi баспа басылымдарында жариялау; V085162
10) Қазақстан Республикасының тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы заңнамасында белгiленген талаптарға тамақ өнiмдерiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналымы және кәдеге жарату процестерiндегi (сатыларындағы) олардың сәйкестiгiне, тамақ өнiмдерiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерiнiң (сатыларының) сәйкестiгiне, тамақ өнiмдерiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою кезiнде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың, материалдар мен бұйымдардың сәйкестiгiне санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
11) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиiстi тамақ өнiмдерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкестiгi туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды беру;
12) осы Заңның талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беру;
13) өндiру объектiлерiнiң және iшкi сауда объектiлерiнiң есебi және мониторингi;
14) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиiстi тамақ өнiмдерiн өндiру объектiлерiне есептiк нөмiрлер беру және олардың тiзiлiмiн жүргiзу.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасындағы және көлiктегi халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретi Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
3. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның құзыретiне мыналар жатады:
1) ветеринарлық қадағалануға тиiстi тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру;
2) ветеринарлық қадағалануға тиiстi тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк ету;
3)мыналарға:
* Қазақстан Республикасының ветеринарлық қадағалануға тиiстi тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы заңнамасында белгiленген талаптардың сақталуына;
* тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiн айқындау бойынша оларға ветеринарлық-санитарлық сараптаманы жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру, үйлестiру және жүзеге асыру;
4) тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi саласындағы салалық (секторлық) бағдарламаларды әзiрлеу;
5) ветеринарлық қадағалануға тиiстi тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi саласындағы ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) ережелер мен нормативтердi, техникалық регламенттердi, нормативтiк құжаттарды әзiрлеу;
6) ветеринарлық қадағалануға тиiстi тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша консультативтiк-кеңес органдарын құру;
7) Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндiрiлетiн (дайындалатын) және алғаш рет әкелiнетiн (импортталатын) азықтарды және азық қоспаларын мемлекеттiк тiркеу;
8) Қазақстан Республикасының аумағында өндiруге (дайындауға), әкелуге (импорттауға), қолдануға және өткiзуге рұқсат етiлген азықтардың және азық қоспаларының мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу;
9) ветеринарлық қадағалануға тиiстi тамақ өнiмдерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкестiгi туралы ветеринарлық құжаттар беру;
10) ветеринарлық қадағалануға тиiстi тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк-техникалық құжаттаманың жобаларын келiсу;
11) ветеринарлық қадағалануға тиiстi тамақ өнiмдерiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерiнiң (сатыларының) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкестiгiне ветеринарлық қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
12) ветеринарлық қадағалануға тиiстi қауiптi тамақ өнiмдерiн анықтау және өткiзуге жол бермеу жөнiндегi шараларды әзiрлеу мақсатында iшкi сауда объектiлерiне ветеринарлық қадағалауды және мониторингтi жүзеге асыру;
13) тамақ өнiмдерiн өндiру (дайындау) және айналымы процестерiнде (сатыларында) ветеринарлық қадағалануға тиiстi тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне ветеринарлық қадағалауды жүзеге асыру;
14) тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiн айқындау бойынша оларға ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргiзу тәртiбiн бекiту;
15) осы заңның талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беру;
16) ветеринарлық қадағалануға тиiстi тамақ өнiмдерiн өндiру объектiлерiне есептiк нөмiрлер беру және олардың тiзiлiмiн жүргiзу.
Ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретi Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
4.Техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қадағалануға тиiстi рәсiмдердi қоспағанда, тамақ өнiмдерiн өткiзу сатысында олардың қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттердiң талаптарына тамақ өнiмдерiнiң сәйкестiгiн бақылауды жүзеге асырады.
2.1.4 Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың(астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретi
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиiстi тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi саласындағы құзыретiне мыналар жатады:

2) тамақ өнiмдерiн өндiру және сақтау объектiлерiне, iшкi сауда объектiлерiне және көлiк құралдарына санитарлық паспорттар беру, есепке алу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz