Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1 Зейнетақы жүйесі: теориясы және әдістемесі
1. 1 Зейнетақы және зейнетақы жүйесіне жалпы сипаттамасы . . . 4
1. 2 Зейнетақы қорлары, атқаратын қызметтері, қағидалары . . . 8
1. 3 Зейнетақы жүйесінің шетелдік тәжірибесі . . . 10
2 Қазақстандағы мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының
зейнетақы жүйесінің орнын талдау
2. 1 Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының қалыптасуы және даму
тарихы . . . 16
2. 2 Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық
ресурстарына талдау . . . 18
2. 3 Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық
Бағыттары . . . 21
3 Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы қорының даму болашағы
3. 1 Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы жинақтаушы зейнетақы
қорының туындаған мәселелері және оны шешу жолдары . . . 25
3. 2 Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының алдағы уақытта жүзеге
асырылуы, даму бағыттары . . . 30
Қорытынды . . . 34
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 36
Қосымшалар
Кіріспе
Зейнетақымен қамсыздандыру кез келген ел үкіметінің басты назарындағы әлеуметтік мәселелердің бірі болып табылады.
Зейнетақы деп отырғанымыз бұл әрбір азаматтың еңбегімен табылған жеке меншігі және оның зейнетақыға қатысты құқығы мен және заңдармен қорғалуын айтамыз. Зейнетақы негізінен мынадай қағидаға жауап беруі тиіс: адам өз өмірінде қалай жұмыс істесе, ол солай зейнетақы алуы тиіс.
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі бұл Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік Жинақтаушы Зейнетақы Қорының қызметтері, шетелдік тәжірбиесі, дамуы және жаңа зейнетақы жүйесінің жүзеге асырылуы болып отыр.
Жинақтаушы Зейнетақылық Қорына жаңа принциптердің енуі ғылым мен практикада жаңа міндеттемелерді туғызуы.
Бұл міндеттемелердің жаңашылдығы нарықтық экономикаға көшу жағдайындағы еңбекке жарамсыз халықты әлеуметтік қамтамасыз ету, яғни зейнетақымен камтамасыз ету мәселелерінің зертелуінің өзектілігін көрсетеді. Нарықтық жағдайдағы зейнетақы нарығының жаңарылуының өзектілігі зор, өйткені бұл мәселе бүкіл халықты қамтитын мәселе.
Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы қоры негізінен Чилидің зейнетақы жүйесінің үлгісіне байланысты жасалған болатын. Чилидегі жинақтаушы зейнетақы жүйесі 1981 жылы пайда болған болатын, және қазіргі таңда бұл жүйені дүниедүзінің 27 елі енгізіп, табысты жұмыс істеуде. Чилидің зейнетақы жүйесінің ерекшелігі бұл салымшылардың зейнетақы қорларына ай сайын тиісті жарнасын аударып отырыуы және салымшылардың қаржысы инвестициялық мақсатқа пайдалануы болып отыр.
Чили тәжірбиесіне негізделіп жасалған қазақстандық модель сипаты бойынша түрлі заманауи модельдердің белгілерін қамтиды. Ол мемлекеттің белсенді қатысуы мен жұмыспен қамту мәселелеріне ерекше көңіл бөлуі бұл скандинавиялық модельге үйлеседі.
Курстық жұмыста Қазақстан Республикасының зейнетақы нарығының құрылуы оның механизмі, принциптері, қазіргі таңдағы зейнетақы нарығының жағдайы, проблемалары және оны шешу жолдары қарастырылған.
Негізгі мақсаты болып Қазақстан Республикасындағы Зейнетақы нарығының дамуын тежейтін мәселелер, оған қарсы жүргізіліп жатқан бағдарламаларды анықтау болып табылады.
Міндеттемелері:
- Еліміздің зейнетақы түрлерінің төленін анықтау
- ҚР-ғы Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының даму ерекшеліктерін анықтау
- еліміздің экономикасындағы Жинақтаушы Зейнетақы Қорының экономикалық мәнін, маңыздылығын ашып көрсету
- еліміздегі жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық ресурстарына талдау жасау
- МЖЗҚ-ның Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры болып ауыстырылуы және оның даму бағыттарын анықтау болып отыр.
Жинақтаушы зейнетақы қорының дамуы үшін келесідей іс-әрекеттер атқарылуы керек: кепілдік қорының құрылуы (сақтандыру), ЖЗҚ-ң қаржылық жағдайын көрсете алатын білікті мамандарды дайындау.
Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барынша маңызды мәселелері
1) ұлттық қор нарығының дамымауы, яғни, активтерді инвестициялау үшін құралдар тапшылығы;
2) қызметтің негізгі қағидалары бойынша тұрғындардың сауатсыздығы және мағлұматсыздығы;
3) жинақтаушы зейнетақы қорларынң қызметімен тұрғындардың толық қамтылмауы;
4) ерікті және кәсіби зейнетақы жарналарының кеңінен қолданылмауы;
5) қоржынның нашар диверсификациясы және аффилиирленген тұлғалармен мәмілелер;
6) отандық сақтандырудың дамымаған класстарының бірі-зейнетақылық аннуитеттер.
Қазақстан Респуликасының Зейнетақымен қамтамасыз ету негізінен үш деңгейден тұрады.
Бірінші деңгей- республиканың барлық азаматтары үшін мемлекеттік базалық зейнетақы. «ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету» туралы заңға сәйкес жинақтаушы жүйемен қатар ынтымақтастық зейнетақы жүйесі сақталды. Бұл жағдайда ескі зейнетақы жүйесі кезінде қызмет еткен зейнеткерлер алдындағы мемлекеттің барлық міндеттері сақталды.
Екінші деңгей - ынтымақтастық жүйеден (республикалық бюджеттен) төленетін зейнетақы және міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорлары.
Үшінші деңгей- ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы аударымдары есебінен төленетін қосымша төлемдер.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық дамуындағы маңызды рольді Қазақстанның зейнетақы қызмет көрсету нарығы алады
1 Зейнетақы жүйесі: теориясы және әдістемесі
1. 1 Зейнетақы және зейнетақы жүйесіне жалпы сипаттамасы
«Зейнетақы» сөзінің орысша баламасы «пенсия» сөзі төлем деген мағынаны білдіреді. С. И. Ожеговтың орыс тілінің түсіндірме сөздігінде «зейнетақы» сөзіне мынадай анықтама берілген: «еңбек сіңірген жылдары үшін, мүгедектігіне, еңбекке жарамсыздығына және т. б. байланысты ақшалай ақысыздандыру». [1]
Кеңестік кезеңнің заң әдебиетінде «зейнетақы» сөзіне түрліше анықтама берілген. Алғаш рет зейнетақы сөзіне 1946 жылы Е. И. Астрахан анықтама берді. Оның пікірінше, зейнетақы - бұл «қызметкерді, жұмысшыны не оның отбасын оның еңбек қызметінің белгілі бір үлкен циклының аяқталуына немесе ұзақ мерзімге шығуына орай материалдық қамсыздандыру мақсаттарында әлеуметтік сақтандыру қаражаты есебінен жүзеге асырлатын мерзімдік төлемдер». [2, 88б]
«Зейнетақы» сөзінің өзге де анықтамалары негізінен «зейнетақы алу құқығы туындау үшін алғышарт болып тұрақты немесе ұзақ мерзімдік еңбекке жарамсыздық болып табылады, сол себепті өмір сүрудің негізгі көзі ретіндегі жалақының орнына ақшалай төлемдер төленеді» деген пікірлерге негізделеді.
Қазіргі кезде зейнетақы қандай да бір себептермен еңбекке қабілетін жоғалтқан, белгіленген жасқа толуына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына және т. б. себептерге орай еңбек міндеттерін орындауды тоқтатқан немесе оны тоқтату құқығына ие тұлғалар үшін тағайындалады. Басқаша айтар болсақ, зейнетақыны тағайындау объективтік, сонымен қатар субъективтік сипаттағы белгілі бір талаптармен байланысты.
Біздің пікірімізше, зейнетақыны мемлекеттің сыйы ретінде, қайырмдылық әрекеті ретінде қарастыруға болмайды. Зейнетақы - бұл әрбір азаматтың еңбегімен табылған жеке меншігі, оның зейнетақыға қатысты құқығы заңдармен қорғалады. Зейнетақы мынадай қағидаға жауап беруі тиіс: адам өз өмірінде қалай жұмыс істесе, ол солай зейнетақы алуы тиіс. [2, 64б]
Одан әрі еңбек зейнетақыларын алудың жағдайларын өзгерту көзделуде - белгілі бір жасқа толумен қатар қандай да бір зейнетақы қорына зейнетақы жарналарын міндетті түрде төлеу қажет болады.
Сонымен, зейнетақы - бұл тұлғаларға заңдарда белгіленген жасқа толған жағдайда, сонымен қатар еңбек сіңірген жылдары үшін, мүгедектігіне байлансты, асыраушысынан айырылған жағдайда Орталықтың немесе жинақтаушы зейнетақы қорларынан өмір сүрудің негізгі көзі ретіндегі ақша қаражатын ұзақ мерзімге ай сайын төлеу.
Қазақстан Республикасында зейнетақылардың келесі түрлері төленеді:
- Еңбек зейнетақылары;
- Әлеуметтік зейнетақылар.
Еңбек зейнетақылары, өз кезегінде, келесі түрлерге бөлінеді:
- жасына байланысты зейнетақылар;
- мүгедектігі бойынша зейнетақылар;
- еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылар;
- асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылар.
Жасына байланысты еңбек зейнетақысы және мүгедектігі бойынша еңбек зейнетақысы екі бөліктен тұрады: негізгі және жинақтаушы.
Еңбек зейнетақысы - бұл азаматтарға жалақысынан немесе өзге де табысын өтеу мақсаттарында төленетін ай сайынғы ақшалай төлем. Еңбек зейнетақысына қатысты құқық зейнетақы заңдарының шарттарымен және нормаларымен анықталады.
Еңбек зейнетақысына қатысты құқықты Қазақстан Республикасының азаматтары «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңның шарттарын сақтаған жағдайда иеленеді.
Жоғарыда аталған азаматтардың отбасыларының еңбекке жарамсыз мүшелері заңдарда көзделген жағдайларда асыраушысынан айырылуына байланысты еңбек зейнетақысына құқықты иеленеді.
Егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар да зейнетақы алуға құқылы.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әртүрлі зейнетақылар алуға құқығы бар азаматтарға олардың таңдауы бойынша бір зейнетақы тағайындалады. [2, 65б]
Зейнетақыларды тағайындау тәртібі. Жасына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырлуына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылар осы тұлға белгіленген жасқа толған кезде және еңбек стажы ( жалпы немесе арнайы ) болған жағдайда, сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жағдайда тағайындалады.
Еңбек және өзге де қоғамға пайдалы қызметпен байланысты зейнетақылар орташа белгіленген нормалар бойынша жалақыдан есептеледі. Зейнетақы қатаң сомада тағайындалады.
Әлеуметтік зейнетақылар қандай да бір себептермен зейнетақының өзге түрлерін алу құқығын иеленбеген азаматтар үшін тағайындалады. Әдетте, әлеуметтік зейнетақылар зейнетақылық жасқа жеткен, бірақ қажетті еңбек стажы жоқ тұлғаларға тағайындалады. Мұндай жоғдайда, зейнетақы жалақыдан есептеле алмайтындықтан, ол тиісті зейнетақы ең төменгі мөлшерде белгіленеді.
Зейнетақылық қамсыздандыруды халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы арыз зейнетақы төлемдерін есептеу үшін қажетті стажы мен табысын растайтын құжаттарымен қоса азаматтың тұрақтылықты жері бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органға беріледі.
Орталықтан зейнетақы төлемдері зейнетақы тағайындауға өтініш берілген күннен бастап тағайындалады. Арыз бен қажетті құжаттарды зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органға бір мезгілде берген күн Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағаындауға өтініш берген күн болып есептеледі. Арыз бен қажетті құжаттарды поштамен жіберген жағдайда Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш берген күн болып бұларды поштадан жіберген күн есептеледі.
Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауды зейнетақы төлемдерін тағайындаушы орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізеді.
Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауға арналған құжаттарды қарауды халықты әлеуметтік қорғау органы құжаттар табыс етілген күннен бастап 10 күн мерзімнен кешіктірмей жүзеге асырады. Зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органы тиісті шешім шығарылғаннан кейін 5 күннен кешіктірмей бұл туралы арыз берушіге хабарлайды.
Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тартылған жағдайда зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органы бас тартудың себептерін жазбаша түрде негіздеп, табыс етілген құжаттарды арыз берушіге қайтаруға міндетті. [2, 66б]
Зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органның шешіміне сот тәртібімен шағымдануға болады.
Орталықтан зейнетақы төлемдері өткен ай үшін төленеді. Зейнетақының мөлшері өзгеруі мүмкін. Зейнетақы мөлшерінің көтерілуіне құқық туындаған жағдайда немесе оның мөлершерін азайтуға әкелетін жағдайлар туындаған жағдайда, сонымен қатар оның мөлшерін жоғарлату не азайту туралы шешім қабылданған жағдайда зейнетақының жаңа мөлшерін төлеу зейнеткерге зейнетақының мөлшерін көбейту туралы арызына барлық қажетті құжаттарды ұсына отырып берген айынан кейінгі келесі айдың бірінші күнінен бастап төленеді. Зейнетақының мөлшері азайтылған жағдайда зейнетақының жаңа мөлшері тиісті жағдайлар туындаған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап төленеді.
Зейнеткер уақтылы алмаған зейнетақы бүкіл өткен уақыт үшін, алайда зейнетақы алу үшін жолданғаннан 3 жыл бұрынғы уақытқа ғана төленеді.
Егер зейнетақы әлеуметтік қамсыздандыру органдарының кінәсі бойынша уақытылы төленбеген болса, онда ол бүкіл өткен уақыт үшін қандай да бір мерзіммен шектелместен төленеді.
Зейнетақы төлемдері нотариат куәландырған сенімхат бойынша төленуі мүмкін.
Зейнеткер қайтыс болған жағадайда оның өліміне орай алынбаған зейнетақы төлемдері зейнеткердің мұрагерілеріне жалпы негіздер бойынша төленеді. Қайтыс болған зейнеткердің жерлеуін ұйымдастырған оның отбасы мүшелеріне жерлеуге қатысты ақша олар мұрагерлікті қабылдаған кезеде төленеді.
Егер зейнеткер әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерінде тұратын болса, онда оған тағайындалған зейнетақының 25%-дық бөлігі төленеді. Тағайындалған және төленген зейнетақының арасындағы айырмашылық әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік мекемеде тұратын зейнеткерлердің өмір сүру жағдайын жақсарту үшін осы мекеменің бюджетіне жіберіледі.
Зейнетақы тағайындау кезіндегі қателіктер салдарынан артық төленген сомаларды зейнетақы төлемдерін алушының өтініші негізінде ұстап қалатын жағдайлардан, сондай - ақ сотталғандардың, бас бостандығынан айырылғандардың табысынан ұстап қалатын жағдайлардан басқа, зейнетақыдан ұстап қалу атқарушылық іс жүргізу тәртібімен жасалуы мүмкін.
Зейнетақыдан ұстап қалу төленуге тиісті сомадан жасалады. Зейнетақыдан төленуге тиісті соманың 50%-дан астамын ұстап қалуға болмайды.
Зейнетақылық қамсыздандыру құқығы келесі тұлғаларға тиесілі:
- Қазақстан Республикасының азаматтарына;
- азаматтығы жоқ тұлғаларға;
- Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдік азаматтарға ( арнайы халықаралық келесімдер болған жағдайда ) ;
- отбасына (асыраушысынан айырылған жағдайда) .
Орталықтан зейнетақы төлемдері өмір бойына тағайындалады және төленіп отырады. [2, 68б]
1. 2Зейнетақы қорлары, атқаратын қызметтері, қағидалары
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры - Қазақстан Республикасы заңнамасы белгіленген тәртіппен салымшылардың зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметті және алушыларға зейнетақы төлемдерін жүзеге асыратын, зейнетақы активтерін қалыптастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және оларды мемлекеттік бағалы қағаздарға, банктердің депозиттеріне, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялайтын заңи тұлға.
Қазақстанда Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорларынан басқа мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары жұмыс істейді.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары ашық және корпоративтік болуы мүмкін. [3, 462б]
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары алушының жұмыс істейтін және тұратын жеріне қарамастан салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге асырады. Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорлары осы жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлері болып табылатын бір немесе бірнеше заңи тұлғалардың алушы-жұмыскерлері үшін құрылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорымен салымшылардың арасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімшарт жасасылады. [3, 463б]
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры негізінен мыналарды қаржыландырады:
- көрсетілген қорға олардың пайдасына зейнетақы жарналары төленген зейнеткерлер болғандарға және зейнетақы төлемдерін алушыларға берілетін мемлекеттік зейнетақыларды;
- егер зейнетақының мөлшері заңнамамен бекітілген ең төменгі деңгейден төмен болса, қосымша төлемдер түріндегі әлеуметтік жәрдемақыларды қаржыландыру. [3, 459б]
Әлеуметтік арналым қорларын қалыптастырудың екі қағидаты бар:
- ұрпақтар ынтымақтастығының негізінде; жұмыс істейтін ұрпақ жұмыс істемейтіндерді қамтамасыз етеді, ал, өз кезегінде, еңбекке жарамдылыққа айырылуына қарай оларды еңбек қызметіне жаңа кірген ұрпақ ауыстырады. Бұл қағидатқа негізделген жүйе Қазақстанда 1998 жылға дейін қолданылады; [3, 460б]
- әлеуметтік қорларға, көбінесе зейнетақымен қамтамасыз ететін әлеуметтік қорға азаматтардың дербес аударымдарының негізінде; бұл қағидаттың іс-әрекеттің кезінде төлемақылардың мөлшері нақты тұлғаның бүкіл жұмыс істеген кезіндегі салған сомасына байланысты болады. Бұл қағидаттың іс-әрекетіне негізделген жүйе Қазақстандағы зейнетақы реформасының негізіне қойылған.
Бірінші қағидатқа негізделген және Қазақстанда 1998 жылға дейін қолданылған жүйе мынадай ерекшеліктерімен сипатталады:
- зейнетақымен қамсыздандыруға мемлекеттік монополия;
- әлеуметтік қамсыздандыру қорларына түсетін міндетті зейнетақы жарналарының топтастырылуы;
- жүйе ішінде қаражаттарды қайта бөлу;
Мұндай жүйе жоспарлы директивалық экономика, еңбекке қабілетті халықтың жұмыспен толық қамтылмауы, мемлекет тарапынан жан-жақты бақылау, зейнеткерлерге жұмыс істейтін халықтың жоғары ара қатынасы жағдайында тиімді болады. Өмір сүрген жүйе азаматтардың түрлі кәсіптік және әлеуметтік санаттарына арналған жеңілдіктердің көптеген түрлерінің болуымен сипатталады.
Қазақстанда жүргізіліп жатқан зейнетақы реформасының негізіне қойылған екінші қағидаттың іс-әрекетіне негізделген жүйе мыналармен сипатталады.
- Зейнетақымен қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу;
- Зейнетақы қорын қалыптастыруға қатысқан 30 жастан төмен емес азаматтар үшін күнкөрістің ең төменгі деңгейін сақтау жөніндегі мемлекеттің кепілдіктері;
- Зейнетақы жинақ ақшасын және әлеуметтік қамсыздандырудың басқа нысандарын межелеу;
- Зейнетақы қорланымдарын қалыптастыруға еңбек етуге қабілетті жастағы барлық азаматтардың міндетті қатысуы;
- Еңбек етуге қабілетті азаматтардың қартайғанда өздерін зейнетақымен қамсыздандыру үшін жеке жауапкершілігі; [3, 461б]
- Инвестициялаудың тиімділігін және зейнетақы жинақжасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы қорланымдарға азаматтардың мұралану құқығын белгілеу;
- Қосымша ерікті зейнетақымен қамсыздандыруға азаматтарға құқық беру;
- Зейнетақы жинақақшасын экономикаға инвестициялау, бұл оның дамуына жәрдемдеседі. [3, 462б]
Зейнетақы қорланымдарының сақталуы бойынша кепілдікті қамтамасыз ету аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін заңды түрде зейнетақы төлемдерін алушыларға оның зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуына мемлекет кепілдігі жүзеге асырылуда. 2009 жылдың 1 желтоқсанындағы деректер бойынша, 50, 2 мың салымшыға 1411, 3 миллион теңге көлемінде мемлекеттік кепілдік сомасы төленеді. [3, 467б]
1. 3 Зейнетақы жүйесінің шетелдік тәжірибесі
Зейнетақымен қамсыздандырудың қазақстандық моделі ашық және түсінікті болуы үшін, оны басқа елдердегі жүйелермен салыстыру қажет болып отыр, себебі әр мемлекет, оның зейнетақы жүйесі бірегей болып табылады.
Зейнетақымен қамсыздандырудың деңгейі мен сапасы - бұл ел халқының экономикалық және әлеуметтік жағдайының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Әр мемлекет өзі қалыптасқан экономикалық, саяси, моральдық, діни сенімдік және тағы басқа да, қоғамының даму ерекшеліктеріне байланысты өз азаматтарын әлеуметтік қорғаудың өзіндік жолдары мен тәсілдерін таңдайды. Мұндай тәсілдер мен әдістер әртүрлі себептерге байланысты әр мемлекетте өзгеше болып келеді, бірақ негізінен олар жалпы бір мақсатты көздейді - өз азаматтарын барынша әлеуметтік қорғау мен өмір сүру деңгейінің лайықты болуын қамтамасыз етуді көздейді.
Дамыған мемлекеттердің көбінде әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандырудың негізгі үш қайнар көзі бар. Олар:
1. Мемлекеттік зейнетақы жүйесі (әлеуметтік сақтандыру шеңберінде) ;
2. Зейнетақы қорлары;
3. Сақтандыру компаниялары және басқа да қаржы ұйымдары.
Мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі елдің барлық халқына немесе тек мемлекеттік жұмыскерлерге, қарулы күштерге, ал кейде теміржол қызметкерлеріне де қызмет көрсетеді. Көптеген елдерде жасына, жұмыс қабілетін жоғалтуына байланысты халықтың басым бөлігін зейнетақымен қамсыздандыру компаниялардың, фирмалардың, кәсіпорындардың, халықаралық ұйымдардың зейнетақы қорларына жүктелген. Мұндай қорларды «жекеменшік» немесе «өндірістік» деп атайды. Сақтандыру компаниялары өз қызметтерінің бір түрі ретінде жеке және топтық зейнетақыны сақтандырумен айналысады. [4, 115б]
Бір елдегі жекеменшік зейнетақы қорлары мен зейнетақыны сақтандырудың даму деңгейі, мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің халық мұқтаждығына қаншалықты жауап беретіндігімен тікелей байланысты болып келеді. Жекеменшік зейнетақы қорлары негізінен АҚШ-та кең тараған, керісіншне, мемлекеттік жүйе жақсы дамыған елдерде аз кездеседі, мысалы, Скандинавия мен Австрияда.
Дамыған елдердегі зейнетақы төлеміне бөлінетін қаржының мөлшері орта есеппен алғанда жалпы ішкі өнімнің үлесі 10 пайызын құрайды. Өндірістік дамыған елдерде жеке түрде қаржыландырылатын зейнетақымен қамтамасыздандырудың бағдарламаларын мемлекеттік бағдарламалар толықтырады, олар көбінесе алдын-ала төленетін жарналардың жүйесіне негізделеді. [5, 65б]
Қазіргі таңда жинақтаушы зейнетақы жүйесіне негізделген реформалар Латвияда, Польшада, Венгрияда, Ресейде (ерікті түрі), Испанияда және Латын Америкасының 16 мемлекетінде жүріп жатыр. Ең алғашқылардың бірі және мінездемелі болғандықтан Латын Америкасының тәжірибесіне кеңінен тоқталайық.
Латын Америка елдеріндегі зейнетақы қорларының жалпы капиталы 134 млрд. АҚШ долларын құрайды. Негізгі үлесі Бразилия мен Чилиге келеді:
ـ Бразилия - 60, 29;
ـ Чили - 23, 26%;
ـ Аргентина - 8, 61%;
ـ Мексика - 4, 33%;
ـ Колумбия - 1, 58%;
ـ Перу - 1, 3%;
ـ Уругвай - 0, 28%;
ـ Боливия - 0, 25%;
ـ Коста-Рика - 0, 05%;
ـ Сальвадор - 0, 04%.
Зейнетақы реформасы барлық елдерде бір уақытта басталған жоқ. Бұл елдер бірінің тәжірибесін бірі ескере отырып, жаңа жүйеге күдікпен қарады. Алғашқы болып, 1981 жылы Чили бастаса, қалған елдер 90-шы жылдары жаппай зейнетақы жүйесін реформалауға бет бұрды. Сондықтан да, олар ерекше сипаттамаларға ие, мемлекеттің қатысуы да әртүрлі және көрсеткіштері де өзгеше.
(1Қосымшаны қара) Кесте 1 - Латын Америкасы елдеріндегі зейнетақы жүйесінің негізгі көрсеткіштері
Зейнетақы қорларының қызметін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі елдің барлық қорларының зейнетақы активтерінің соммасының жалпы ұлттық өнімге қатынасы болып табылады. [5, 98б]
Қорыта айтқанда, Латын Америкасындағы зейнетақы реформасы нәтижесінде, сол елдерде инвестициялық жобаларды қаржыландырудың және жұмыс орындарының жаңа қайнар көздері пайда болды. Олар капитал нарығының дамуына, халық жинақтарының көбеюіне, жұмыссыздықтың азаюына және жалпы экономиканың нақты секторының өсуіне игі әсер етті. Бұл салымшылардың қартайғанда бүткіл еңбек өміріне сәйкес әділетті зейнетақы алуына мүмкндік жасайды.
Европа елдерінің зейнетақы жүйесі. Зейнетақының абсолюттік шамасы евромен көрсетілген, 1 евро≈$0. 6
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz