Жергілікті бюджеттің кірістері мен шығыстары



ЖОСПАР

КІРІСПЕ
1. ЖЕРГІЛІКТІ ҚАРЖЫ, БЮДЖЕТІНІҢ КІРІСТЕРІ МЕН ШЫҒЫСТАРЫНЫҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
1.1 Жергілікті қаржының мәні мен маңызы
1.2 Жергілікті бюджеттердің мәні, кірістері мен шығыстары
1.3 Жергілікті бюджет жобасын әзірлеу

2. ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТІҢ КІРІСІ МЕН ШЫҒЫСЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
2.1 Жергілікті бюджеттің кірістерін талдау
2.2 Жергілікті бюджеттің шығыстарын талдау

3. АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫҢ ҚАРЖЫСЫ
3.1 Арнайы экономикалық аймақтардың қаржысының мәні


ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Еліміз егемендік алып, іргелі елдермен ұлы көшке ілескеніне саусақпен санарлықтай жылдар өтсе де, осы аз мерзімнің ішінде ғасырға татырлық игі өзгерістер болды. Еліміздің егемендік алу сәті нарықтық экономикаға тұспа-тұс келіп, халық арасында «нарық қарық қыла ма ?!»-деген мысқыл мәтел де пайда болды. Әйтсе де бүгінгі күні бәріміз де нарықтық экономиканы мойындап, оның өмір талабынан туындап отырғанына көзіміз жетті. Нарықтық экономика жағдайларында халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайы, шаруашылық көрсетуші субъектілердің әлеуметтік дамуы мемлекеттің қолында болып отыр. Осы орайда жергілікті қаржының атқаратын рөлі мен маңызы ерекше. Қазақстан Республикасында экономикалық қатнастарды орталықсыздандыру мемлекеттің жалпы экономикалық саясатын жүзеге асыруда аймақтардың дербестігі мен рөлін арттырып отыр. Жергілікті қаржы органы қызметінің аясы кеңейе түсуде, олар әлеуметтік-экономикалық сипаттағы проблемаларын шешуге едәуір дербестікке ие бола бастады. Жергілікті өзін-өзі басқару органына мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын жүзеге асыру жөнінде оларға маңызды міндеттер жүктелген. Халыққа қызмет көрсету жөніндегі шараларды қаржыландыру негізінен жергілікті қаржы органдары есебінен жүзеге асырылады. Жергілікті қаржының бүкіл теориялық аспектілерін шешіп алуға, елдің бюджет құрлысының мемлекеттік құрлысқа нақты сәйкестігіне байланысты болып келеді. Жергілікті қаржыда билік пен басқарудың жергілікті органдарының сан қырлы қызметінің қаржы базасы болып табылатын жергілікті бюджеттерге маңызды рөл беріледі.
Жергілікті бюджет-бұл меншікті салықтан алынған табысты аумақтық тұрғыда қайта бөлуге мүмкіндік жасайтын және билік пен басқарудың жергілікті органдардың қаржы базасын жасауды қамтамасыз ететін экономикалық қатнастардың жиынтығы болып табылады. Нарықтық қатнастар, жергілікті басқару органдарын реформалау жергілікті бюджеттің кіріс көздерінің толық қалыптасуына әсер етіп отыр. Содай-ақ жергілікті бюджеттің проблемасы олардың меншігін құрайтын шаруашылық салалары бюджеттерді қалыптастыруға кіріс бермек түгіл залалды болып табылады және жергілікті бюджеттің қаражаттарын едәуір бөлігін жеп қоятындығында болып отыр. Осылайша жергілікті деңгейдегі қаражат түсімдері мен жұмсалымының құрамы мен құрылымы әкімшілік-аумақтық бірлктердің әлеуметтік-экономикалық даму дәрежесін анықтайды.
Осылайша, қазіргі таңда жергілікті бюджеттердің кірістерін толыққанды қамтамасыз ету және оларды өзекті бағыттарда жұмсау қоғамның әлеуметтік жағдайын арттырудың бірден-бір көзі болып отыр. Сонымен қатар еліміздің кең-байтақ территориясының аймақтық ерекшеліктеріне байланысты бюджет қаражаттары алуан түрлі көлемде болып келеді. Сол себепті әр аймақтың бюджеттік кірістері мен шығыстарын талдау және қажетті шаралар қолдану көкейтесті мәселелердің бірі болып табылады және осы курыстық жұмыс бүгінгі таңдағы өзекті тақырыпқа жазғанымды анықтап береді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 12 тамызында қабылданған, 2002 жылдың 1 қаңтарыдан бастап күшіне енген № 209-11 «Салықтар мен басқада міндетті бюджеттік туралы» Салық кодексі.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2004 жылдың 21 маусымынан бастап күшіне енген № 678 қаулысы мен бекітілген «Бюджет кодексі».
3. Аблязов М. Отсутствие бюджетной политику у правительства привело государственные финансы в состояние инфаркта // Панорама. № 37, 97.
4. Сұңғат Әліпбай, Қаржысыз билік қауқарсыз “Егемен Қазақстан” № 68 (24926) 8-сәуір 2005.
5. Ж. Сапарәлиев, Жаңа бюджет жылының жаңалығы көп «Қаржы Қаражат» журналы № 3, 1999.
6. М. Нұрғалиев, Қаржы жинауға-қарқымды қимыл «Қаржы Қаражат» журналы № 1, 2000.
7. С. Мыңбаев, Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылға арналған Республикалық бюджет туралы «Қаржы Қаражат» № 1, 1999.
8. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы.оқулық. –Алматы. 2005
9. Ильясов Қ.Қ., Мельников В.Д. Финансы. Учебник для экономической специальностей вузов.- Алматы, 2002.
10. Құлпыбаев С.К. Баязитова Ш. Қаржы . – Алматы, 2000.
11. Құлпыбаев С.К., Баязитова Ш. Қаржы теорисы. Оқу құралы. – Алматы: Мерей, 2001.
12. Қазақстан экономикасын басқару негіздері. Оқу құралы. К.Б.Бердалиев. Алматы: Экономика 2001ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ
1. ЖЕРГІЛІКТІ ҚАРЖЫ, БЮДЖЕТІНІҢ КІРІСТЕРІ МЕН ШЫҒЫСТАРЫНЫҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
1.1 Жергілікті қаржының мәні мен маңызы
1.2 Жергілікті бюджеттердің мәні, кірістері мен шығыстары
1.3 Жергілікті бюджет жобасын әзірлеу

2. ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТІҢ КІРІСІ МЕН ШЫҒЫСЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
2.1 Жергілікті бюджеттің кірістерін талдау
2.2 Жергілікті бюджеттің шығыстарын талдау

3. АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫҢ ҚАРЖЫСЫ
3.1 Арнайы экономикалық аймақтардың қаржысының мәні

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Еліміз егемендік алып, іргелі елдермен ұлы көшке ілескеніне саусақпен
санарлықтай жылдар өтсе де, осы аз мерзімнің ішінде ғасырға татырлық игі
өзгерістер болды. Еліміздің егемендік алу сәті нарықтық экономикаға тұспа-
тұс келіп, халық арасында нарық қарық қыла ма ?!-деген мысқыл мәтел де
пайда болды. Әйтсе де бүгінгі күні бәріміз де нарықтық экономиканы
мойындап, оның өмір талабынан туындап отырғанына көзіміз жетті. Нарықтық
экономика жағдайларында халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайы, шаруашылық
көрсетуші субъектілердің әлеуметтік дамуы мемлекеттің қолында болып отыр.
Осы орайда жергілікті қаржының атқаратын рөлі мен маңызы ерекше. Қазақстан
Республикасында экономикалық қатнастарды орталықсыздандыру мемлекеттің
жалпы экономикалық саясатын жүзеге асыруда аймақтардың дербестігі мен рөлін
арттырып отыр. Жергілікті қаржы органы қызметінің аясы кеңейе түсуде, олар
әлеуметтік-экономикалық сипаттағы проблемаларын шешуге едәуір дербестікке
ие бола бастады. Жергілікті өзін-өзі басқару органына мемлекеттің
әлеуметтік бағдарламаларын жүзеге асыру жөнінде оларға маңызды міндеттер
жүктелген. Халыққа қызмет көрсету жөніндегі шараларды қаржыландыру
негізінен жергілікті қаржы органдары есебінен жүзеге асырылады. Жергілікті
қаржының бүкіл теориялық аспектілерін шешіп алуға, елдің бюджет құрлысының
мемлекеттік құрлысқа нақты сәйкестігіне байланысты болып келеді. Жергілікті
қаржыда билік пен басқарудың жергілікті органдарының сан қырлы қызметінің
қаржы базасы болып табылатын жергілікті бюджеттерге маңызды рөл беріледі.
Жергілікті бюджет-бұл меншікті салықтан алынған табысты аумақтық тұрғыда
қайта бөлуге мүмкіндік жасайтын және билік пен басқарудың жергілікті
органдардың қаржы базасын жасауды қамтамасыз ететін экономикалық
қатнастардың жиынтығы болып табылады. Нарықтық қатнастар, жергілікті
басқару органдарын реформалау жергілікті бюджеттің кіріс көздерінің толық
қалыптасуына әсер етіп отыр. Содай-ақ жергілікті бюджеттің проблемасы
олардың меншігін құрайтын шаруашылық салалары бюджеттерді қалыптастыруға
кіріс бермек түгіл залалды болып табылады және жергілікті бюджеттің
қаражаттарын едәуір бөлігін жеп қоятындығында болып отыр. Осылайша
жергілікті деңгейдегі қаражат түсімдері мен жұмсалымының құрамы мен
құрылымы әкімшілік-аумақтық бірлктердің әлеуметтік-экономикалық даму
дәрежесін анықтайды.
Осылайша, қазіргі таңда жергілікті бюджеттердің кірістерін толыққанды
қамтамасыз ету және оларды өзекті бағыттарда жұмсау қоғамның әлеуметтік
жағдайын арттырудың бірден-бір көзі болып отыр. Сонымен қатар еліміздің кең-
байтақ территориясының аймақтық ерекшеліктеріне байланысты бюджет
қаражаттары алуан түрлі көлемде болып келеді. Сол себепті әр аймақтың
бюджеттік кірістері мен шығыстарын талдау және қажетті шаралар қолдану
көкейтесті мәселелердің бірі болып табылады және осы курыстық жұмыс бүгінгі
таңдағы өзекті тақырыпқа жазғанымды анықтап береді.
1. ЖЕРГІЛІКТІ ҚАРЖЫ, БЮДЖЕТІНІҢ КІРІСТЕРІ МЕН ШЫҒЫСТАРЫНЫҢ МӘНІ МЕН
МАҢЫЗЫ

1. Жергілікті қаржының мәні мен маңызы.
Жергілікті қаржы-қоғамдық өнімнің ақша нысанындағы бір бөлігін жергілікті
басқару органдары өздеріне артылған функцияларға сәйкес жасау, бөлу,
пайдалану процесіндегі қаржы қатынастарының жүйесі. Жергілікті қаржы
мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Ол
жергілікті бюджеттерді, арнаулы бюджеттен тыс қорларды және басқарудың
жергілікті органдарының қарамағындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қаржысын қамтиды. Жергілікті қаржы отандық экономика үшін біршама жаңа
ұғым. Бүкіл жергілікті бюджеттер елдің мемлекеттік бюджетінің бірыңғай
жүйесіне кірістірілген 1938 жылдан бастап жергілікті қаржы дербес категория
ретінде өзінің өмір сүруін тоқтатқан болатын.
Қаржы технологизмінің тұғырнамасы мынаған сүйенеді: бюджет үрдісін
регламенттеу, бюджет саласындағы институттардың өзара іс-қимылының тәртібін
анықтау үрдісі, олардың билік өкілеттілігін үйлестіруі және жауапкершілігі
болып табылады. Жергілікті қаржы ресурстарын жұмсау бағыттары мен нақты
ойын шарты негізіндегі тиімді іс-әрекетінің стартегиясына жатқызуға
болады. Қазақстан Республикасының бюджет кодексі өз күшіне енгеннен бері
ретке келтіру жүзеге асырылып, мемлекеттік қаржы жүйесінде оң үрдістерге
қол жеткізілді.
Жергілікті қаржының рөлі, оның құрылымы мен бағыты бүтіндей билік пен
басқарудың жергілікті органдарына жүктелінген функциялардың сипатымен,
сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси-
экономикалық бағыттылығымен анықталады.
Жалпы жергілікті қаржының жай-күйі әрқашанда, біріншіден, елдің жалпы
экономикалық жағдайына, екіншіден, тиісті аумақтардың экономикалық
әлуетіне, үшіншіден, билік пен басқарудың жергілікті органдарының құқығы
мен міндеттерін белгілі бір дәрежеде реттеп отыратын мемлекеттік заңдардың
деңгейіне, төртіншіден, биліктің жергілікті органдары құзырының дәрежесіне
байланысты болады.
Бұл тарауда жергілікті каржының басты буындарының бірі-жергілікті бюджеттер
егжей-тегжейлі қаралады, ал басқа буындарды-жергілікті шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржылары (корпорациялық қаржылар), сондай-ақ бюджеттен тыс
қорлар жалпы ұлттық шаруашылықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілері мен
мемлекеттің бюджеттен тыс қорларына тән біркелкі белгілері мен қасиеттері
бар функционалдық жағынан бір тектес ұғымдар ретінде тиісті тарауларында
қаралған.
Өркениетті батыс елдеріңде жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы ресурстарын
қалыптастыру мен пайдалану үрдісінде едәуір рөл атқарады. Оның үстіне
жергілікті бюджеттердің айтарлықтай дербестігі болады және батыс елдерінде
олар мемлекеттік бюджеттің жалпы жүйесіне кірмейді.
Қазақстан Республикасының экономикасы дамуының қазіргі кезеңінде реформа
ауыртпалығының салмағы шаруашылық жүргізудің аймақтық деңгейіне ауысып
отыр, осыған орай басқарудың жергілікті органдарына үлкен өкілеттік
беріліп, олардың жауапкершілігі арта түсуде. Білім беру мен денсаулық
сақтау саласындағы бағдарламаларға, қамсыздандыру жөніндегі іс-шараларды
және атаулы әлеуметтік көмекке жұмсалынатын шығындардың көбі оларды
қаржыландырудың жаңа тәртібіне сәйкес жергілікті бюджеттерге жүктеліп отыр.
Сонымен бірге бюджеттерде соңғы кездерде бюджет бөлінісі және әлеуметтік
жеңілдіктердің орнына қаржылай жәрдемақы сияқты жаңа ұғымдар өзінің
көрінісін тапқан.
"Бюджеттік бөлініс" салықтар мен алымдардың әртүрлі деңгейдегі бюджеттерге
түсуін нақты шектеумен ерекшеленеді. Атап айтқанда корпорациялық табыс
салығы түгелдей республикалық бюджетке, ал акциздер, жеке тұлғалардан
алынатын табыс салығы мен әлеуметтік. салық жергілікті бюджетке қалдырылды.
Бұл әкімдердің жергілікті қазынаны толтыруға, әлеуметтік мәселелерді шешуге
деген ынтасын арттыруға септігін тигізері сөзсіз. Сонымен қатар қоршаған
ортаны ластағаны үшін төлем, табиғатты қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін
алынатын айыппұлдар республикалық және жергілікті бюджеттер арасында тепе-
тең бөлінетін болды.
1994 жылға дейін Қазақстанда 3045 жергілікті бюджеттер болған еді; 1994
жылдың басынан жүргізілген бюджет жүйесін орталықтандыруға байланысты 2500
жергілікті бюджеттер-селолық, поселкелік, ауылдық бюджеттер жойылды.
Осының нәтижесінде бюджет жүйесіне түсетін қаражаттарды орталықтаңдырудың
дәрежесі едәуір бәсеңсіді.

2. Жергілікті бюджеттердің мәні, кірістері мен шығыстары.

Жергілікті бюджет-бұл ұлттық табысты аумақтық тұрғыда қайта бөлуге
мүмкіндік жасайтын және билік пен басқарудың жергілікті органдарының қаржы
базасын жасауды қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Жергілікті ақшалай қаражаттарының орталықтандырылмаған қорын жасаумен және
пайдаланумен байланысты бюджеттің қызметі айрықша экономикалық формалар
арқылы-бюдежеттің кірістері мен шығыстары арқылы атқарылады. Олар құндық
бөліністің жеке кезеңдерін көрсетеді. Екі категория да объективті және
бюджет секілді өздерінің арнайы қоғамдық міндеттері бар: кірістер
жергілікті бюджетке қажетті қаражатпен қамтамасыз етсе, шығыстар тиісті
әлеуметтік қамсыздандыруға бөледі. Кірістер мен шығыстардың құрамымен
құралы өзі-өзі басқаратын органдармен нақты әлеуметтік-экономикалық, тарихи
жағдайда жүзеге асыратын бюджет және салық саясатын іске асыру бағыттарына
байланысты. Соның өзінде жергілікті кірістерді қалыптастырып, шығындарды
жұмсаудың нақты жағдайға сәйкес формалары мен әдістерін пайдаланады.
Жергілікті бюджеттің меншік түсім көздері болып табылатын, меншікті
салықтар немесе төлемдер болып табылады. Кірістер мен шығыстардың
тәптіштелген тізімі мен топтамасы бюджет жіктемесінен айқындалады. Бюджет-
жіктемесі бұл жергілікті қаржы органдарының бүкіл бюджеттік қызметінің
негізін қалайтын бюджеттің кірістері мен шығыстарының жүйеленген
экономикалық топтамасы. Бюджет жіктемесі экономикалық және әлеуметтік
дамудың жоспарлары, болжамдары және бағдарламалары мен байланысты
қамтамасыз етеді. Бюджет жіктемесінің бөлім, парагрф, тарау және баптары
болады.
Бюджет процесін қарастырғанда, жергілікті органның қаржыландырудың
экономикалық нысандарын оңтайлы іріктеу туралы сауалдың алатын орыны
ерекше. Оның шешімі бюджетті қалыптастырудың пәтуа үрдісін өтеп алуға
берілген. Бюджет туралы заңды дайындау және қарау, бекіту үрдісі, сонымен
қатар оны атқару мен атқарылуын бақылау үрдісі процедураның басты мәселесі.
Соңғы он жылдықта қазақстандық бюджет саласының дамуы, экономикалық және
әлеуметтік негізделген құрлымымен және жергілікті шығыстар көлемімен
қажетті нәтижеге қойған жоқ. Негізгі себептерінің бірі ретінде қолданыстағы
бюджеттік процедураның әлі де жетілмегенін айта кеткен жөн. Бюджеттік
технологизм тұғырнамасында процедура мәселесін заңмен реттеу барысында
негізгі критерий ретінде бюджеттік процедураның тиімділігін және айқындығын
пайдалану маңызды болып табылады. Бұл байланыста бюджет туралы заң жобасын
төрт рет қараудан гөрі бір рет бюджет заңын қабылдау өзекті болып саналады,
ол үкіметтін экономикалық саясатының сенімді ұйғарымы болады. Мұнда бюджет
үрдісіне қатысушыларға қажетті ақпаратты қатамасыз ету сауала туындайды.
Қажетті ақпараттың әртүрлі бюджет процедурасының шешіміне әсер ететін
дәрежесін есепке ала отырып, бюджет туралы заң жобасымен бір уақытта
енгізілген материалдар мен құжаттар тізімдемесін қалыптастыратын амалды
өзгерту керек. Бұл бюджеттің мақсаттық параметірін әзірлеуге мүмкіндік
береді, яғни оның басымдығын анықтауға және бюджеттің атқарылуын бақылау
жүйесін жетілдіруге мүмкіндік туғызады.
Бюджетті атқару стадиясы, бюджетті дайындау, қарау және бекіту кезеңдеріне
қарағанда, ұзақ уақыт аралығын алады-бір сөзбен айтқанда қаржы жылын.
Тағайындалған көлеммен салыстырғанда, бюджеттік қаржыландыру көлемін
өзгерту бойынша шешім құжаттық рәсімдеуді және мемлекеттік қаржы бақылау
органдарына айтуды қажет етпейді, бұл бақылау процедурасының тиімділігін
төмендетеді. Бюджеттік тағайындау өзгергенде, заңмен бекітілген шарттарды
сақтамау, бюджеттің орындалуы туралы есеп беруді қабылдамау үшін негіз
болмайды. Осымен қатар, атқарушы өкіметке мемлекеттік қаржыларды заңды
түрде еркін иеленуге мүмкіншілік туады. Бюджеттік қатынастардағы әртүрлі
субъектілердің-атқарушы өкімет пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
өкілеттігі туралы мәселенің реттелмегені бюджеттің атқарылуы кезінде
күрделі ауыртпалық болып табылады. Бұл мәселе менің ойымша, жалпы бюджет
үрдісін оңтайландыру негізінде шкшілуі керек. Мысалы, әлеуметтік-
экономикалық жағдайдың елеулі ауытқуы кезінде болжамданатын параметрлерден
бірқатар істерді алдын-ала қарастыру керек.
Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру мен пайдалану өндіріс пен айырбасқа
қатысушылар арасындағы, атап айтқанда: кәсіпорындар мен мемлекет
арасындағы, меншіктің барлық нысандарындағы макроэкономиканың өндірістік
және өндірістік емес салаларының кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелері
арасындағы, бюджет жүйесінің буындары арасындағы, мемлекет пен халық
арасындағы қоғамдық өнім құнының қозғалысын білдіреді.
Жергілікті бюджеттердің экономикалық мәні олардың мынадай арналымында
көрінеді;
билік пен басқарудың жергілікті органдарының ақша қорларын қалыптастыру;
бұл қорларды жергілікті деңгейдегі инфрақұрылым салалары мен халықтың
арасында қайта бөлу.
Жергілікті бюджеттер билік пен басқарудың жергілікті оргаңдарының сан қырлы
қызметінің негізгі қаржы базасы бола отырып, олардың экономикалық
дербестігін нығайтады, шаруашылық қызметін жандандырады, ведомствоға
қарасты аумақтарда оларға инфрақұрылымды дамытуға, аумақтың экономикалық
әлуетін кеңейтуге, қаржы ресурстарының резервтерін ашып, пайдалануға
мүмкіндік жасайды.
Қазақстан Республикасының жергілікті бюджетінің құрамы облыстық
бюджеттерді, қалалардың (аудандық маңызы бар қалаларды қоспағанда) және
аудандардың (қалалардағы аудандарды қоспағанда) бюджеттерін қамтиды.
Қазіргі кезде Қазақстандағы бюджеттер кірістері мен шығыстары бойынша
мемлекеттік қаражаттары көлемінің 50% аралығын құрайды. Олар бюджеттің
құрамды бөлігі болып есептелмейді, республикалық бюджетпен бірге қоғамның
мемлекеттік бюджетінің жиынтығын құрайды.
Қазақстан Республикасында жергілікті бюджеттер коммуналдық заңды тұлғаларға
бекітілген; мүлікпен және әкімшілік-аумақтық бірліктің меншігіндегі өзге де
мүлікпен бірге әкімшілік-аумақтық экономикалық және қаржылық негізін
құрайды; түсімдер мен бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржылаңдыру
есебінен қалыптасатын, Конституциямен, заңдармен және Қазақстан
Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен жүктелген
міндеттерді жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдар белгілейтін
жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға арналған тиісті
маслихаттың шешімімен бекітілген әкімшілік-аумақтық бірліктердің ақша
қорлары болып табылады. Нарықтық қатынастар, басқарудың жергілікті
органдарын реформалау жергілікті бюджеттердің кіріс көздерінің қалыптасуына
әсер етіп отыр.
Қаржыларды орталық бюджетке шоғырландыру, барлық деңгейлер бюджеттері
арасында қарсы қаржылық ағындардың болуы, жергілікті бюджеттердің меншікті
кірістері деңгейінің төмендегі-осылардың барлығы жергілікті билік
органдарын халықтың өмірлік маңызды проблемаларын шешу мүмкіндігінен
айырады, сонымен қатар сәйкес аумақтарда тиімді салықтық-бюджеттік саясатты
жүргізуге кедергі жасайды .Бюджеттік жүйе деңгейлері бойынша салық әулетін
таратуды үйлестіру сияқты бюджетаралық қатынастардың маңызды сұрағы әлі
шешілген жоқ. Аймақаралық деңгейде, бюджетаралық реттеудің тиімсіз
әдістерін қолдану, аймақтардың өздерінің салықтық түсімдерін жоғарлатуға
мүддесіздігімен шартталады. Салықтардың жиналу деңгейінің төмендегі
жергілікті бюджеттердің трансферттердегі қажеттілігін жоғарлатады және оның
тапшылығының өсуіне әкеледі. Аймақтардың өз күштерімен тапшылықты
қысқартуға тырысуы меншікті кіріс жетіспеушілігімен сипатталады. Біздің
елімізде мемлекеттік және жеке меншікке негізделген нарықтық экономика
түбегейлі қалыптасып келе жатыр. Сол нарық қатынастарының барлығы есеппен
жүретінін көріп те, естіп те жүрміз. Осы маңызды істі қолға алып жетілдіру,
басшы және мамандардың жауапкершілігін арттыру мақсатында Елбасымыздың
бірнеше аса құнды заң күші бар Жарғылықтары шықты. Осы Жарғылықтарға орай,
еліміздің экономикасы дамып келе жатқаны сөзсіз бәрімізге мәлім деп айтсам
артық емес.
Түсімдер республикалық бюджттен берілетін трансферттер болып табылады.
Әйтсе де, орта есеппен, олар түсімдердің 14% құрғанымен, бірқатар
субвенциялық облыстардың бюджеттерінде әлеуметтік-экономикалық
қажеттіктерді қаржыландырудың қолайлы деңгейіне жету үшін меншікті салықтық
және басқа түсімдердің жетіспейтіндігінен бұл түсім көзі 50 пайызға дейін
барады. Бұл мұндай облыстардың салық базасының нашарлығымен байланысты. Бұл
жағдайда республикалық бюджет арқылы бюджеттік алымдар мен субвенциялар
тетігінің көмегімен түсімдерді қайта бөлу проблемасы көкейтесті болып
табылады, яғни бұл тетік объективті негізделген жетілдіруді қажет етеді.
Жергілікті бюджеттердің проблемасы сондай-ақ олардың меншігін құрайтын
шаруашылық салалары (тұрғын үй шаруашылығы, мәдениет және шығармашылық
мекемелері, коммуналдық инфрақұрылым-су құбыры, көлік, тазалау службасы
және басқалары) бюджеттерді қалыптастыруға кіріс бермек түгіл залалды болып
табылады және жергілікті бюджеттер қаражаттарының едәуір бөлігін жеп
қоятындығында болып отыр. Меншікті республикалық және коммуналдық етіп
бөлген кезде биліктің жергілікті органдарының басқаруына залалды
кәсіпорындар немесе шамалы кіріс әкелетіндері берілді.
Жергілікті бюджеттердің шығыстарында әлеуметтік инфрақұры-лымдарды-білім
беруді, денсаулық сақтауды, халықты әлеуметтік қорғауды қаржыландыру
(45,4%), экономикалық салалардан-көлік және байланысқа жұмсалған шығыстар
басым болып отыр.
Қорғанысқа жұмсалатын шығыстардың функционалдық тобы азаматтық қорғаныс
(төтенше оқиғалар кезінде) пен әскери комисариаттардың шығындарын
қаржыландыруды білдіреді.
Жеке функционалдық топтар бойынша мемлекеттік бюджет шығыстарындағы
жергілікгі бюджеттер шығыстарының үлесіне келсек, онда әлеуметтік-тұрмыстық
инфрақұрылымды қаржыландыру бағыттары бойынша ол басым орын алады, мысалы:
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық-7,7%;
денсаулық сақтау-12,3%;
білім беру-22,0%;
мәдениет, спорт, ақпаратгық кеңістік-3,1%;
көлік және байланыс-4,6%;
Басқа топтар бойынша да шығыстардың көлемі айтарлықтай жоғары:
жалпы экономиканы қаржыландыру-8,0%;
басқару (жалпысипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету)-3,9% ;
қоғамдық тәртіп сақтау және қауіпсіздік-3,5%.
Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің
бюджетін бірыңғай бюджеттік жоспарлау негізінде әзірлеп, дербес атқарады.
Жергілікті атқарушы органдар тиісті қаржы жылына арналған бюджетті және
өткен қаржы жылында тиісті жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепті
қарап, бекітеді.
Жергілікті атқарушы органдардың заңды және жеке тұлғаларының сондай-ақ
Қазақстан Республикасы Үкіметінен (республикалық бюджеттен кредит алу
жолымең) үкіметпен келісілген аймақтық инвестициялық бағдарламаларды
қаржыландыру үшін қарыз қаражаттарын алуға құқығы бар. Қарыз алу жергілікті
аткарушы оргаңдардың бағалы қағаздарын шығару немесе қарыз алу нысанында
жүзеге асырылады; олардың тәртібін Үкімет анықтайды.
Бюджеттік бағдарламаларға кірістірілетін мемлекеттік мекемелер шығыстарының
сметаларын жергілікті атқарушы органдардың қаржылық рұхсаттарына сәйкес осы
мекемелердің басшылары атқарады.
Қандайда болмасын мемлекеттің салық жүйесі негізінен екі қызмет атқарады.
Біріншісі фискалды қызмет болса, екішісі реттеуші қызмет атқарады. Фискалды
қызмет ешкімді де алаңдата қоймайды себебі кез келген мемлекеттің өмір
сүруі үшін қаражаттың қажеттілігі өте маңызды нәрсе. Реттеуші қызмет
әркімнің мейілін мемлекеттің немесе кәсіпкерлердің болсын, аса қызықтыратын
мәселесі болып табылады. Баршамызға белгілі таразының екі жағы бар,
біріншісі мемлекеттің қажеттілігінен туындаса, ал екіншісі еркін
кәсікерлікті ұстанғандардың мүдделерінен шығады.
Тәжірибе жүзінен қарайтын болсақ, жергілікті салық комитеттері жеке
тұлғалардың табысына қолданылатын шегерімдердің дұрыс және заңды болуын
қадағалау үшін, кәсіпорындардан ай сайын әрбір қызметкердің жанұя
мүшелерінің шынымен де табыс таппайтындығын айқындайтын құжаттарды талап
ете алады. Шынында да ай сайын кез келген жанұяда қандай да бір өзгерістер
болып жатуы әбден мүмкін.
Сонымен, егер жергілікті салық жүйесіндегі жеке тұлғаларға салынатын табыс
салығына осндай өзгерістер енгізетін болсақ, табысы өте төменгі дәрежедегі
азаматтарымызға едәуір көмек жасаған болар едік. Мұндай өзгерістен кейін
жергілікті халық ешқандай зардап шекпейді керісінше, табысы орташа
деңгейден жоғары болатын салық төлеушілердің жалақыларына қолданылатын
шегерімдерді алып тастағанның арқасында жергілікті халықтың жағдайы жақсара
түспек.
Қорыта айтқанда, жоғарыда аталған ұсыныстарды жүзеге асыру қиынға
соқпайды, ал олардан түсетін экономикалық тиімділік айтарлықтай болары
анық.
Бюджеттік шешімдер қабылдауды оңтайландыру сметаларды нөлдік негізде жасау
және бюджеттерді жоспарлау, бағдарламалау (БЖБ) жүйесін пайдалану әдісі
арқылы мүмкін.
Бюджеттерді нөлдік негізде жасау әдісі мынада: жыл сайын жаңа смета
жасалынады, ал бюджеттік мекеме өзінің бағдарламасын толық негіздеуі және
басымдықтарды анықтауы міндетті.
Бюджеттерді жоспарлау, бағдарламалау әдісі ұйымдық шаралар мен әр түрлі
мекемелер арасында ресурстарды бөлудің қандай ұштастырылуы нәтижеліктің ең
жақсы көрсеткіштеріне жетуге ең жоғары дәрежеде жәрдемдесетінін анықтау
үшін бюджеттік бағдарламалардың өлшеуге еретін нәтижелерін қаржыландыру
үшін пайдаланылады. Бұл әдісте шығыстардың нормалары пайдаланылуы мүмкін.
Сөйтіп, жергілікті буындағы бюджет рәсімі тиімділік өлшеміне негізделуі
мүмкін.

1.3Жергілікті бюджет жобасын әзірлеу
Жергілікті бюджет жобасын әзірлеу үшін 2005 жылға арналған жергілікті
бюджетті жобалау Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес
жасалынған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 21 маусым 2004 жылғы № 678
Қаулысымен бекітілген ережеге байланысты басшылыққа алына отырып
жүргізіледі.
1. Жергілікті бюджеттің алдағы жылға жобасы жергілікті өкілді орган
бекітетін өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары,
жергілікті атқарушы орган бекітетін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің
алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді жоспары мемлекеттік,
салалық, өңірлік бағдарламалар, Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан халқына елдегі ахуал және Республиканың ішкі және сыртқы
саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайынғы жолдауы, өткен және
ағымдағы қаржы жылдарындағы жергілікті бюджеттің атқарудың нәтижелері,
бюджеттік бағдарламаларды атқару тиімділігін бағалау бюджет жобасын
әзірлеудің негізі болып табылады.
2. Жергілікті бюджет жобасын әзірлеу мынадай кезеңдерді қамтиды:
а)алдағы қаржы жылына арналған түсімдердің болжамды көрсеткіштерін
айқындау;
б)ағымдағы бюджеттік бағдарламалар және бюджеттік даму бағдарламаларына
арналған шығыстардың лимиттерін айқындау;
в)жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерді
жасауы;
г)бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарау;
д)мәслихаттың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы
шешімінің жобасын әзірлеу.
3. Ауданның бюджетінің жобасын әзірлеуде. Жергілікті бюджетті жоспарлау
жөніндегі жергілікті уәкілетті органы үш жылдық кезеңге белгіленген
облыстық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенциялардың, облыстық бюджет пен
аудан бюджетінің арасында кірістерді бөлу нормативтерін ескере отырып,
бюджет құрылымына сәйкес жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің болжамды
көрсеткіштерін айқындап және оларды жергілікті бюджет комиссиясының
қарауына жібереді.
Бюджет комиссиясы қаржы жылының 1 тамызына дейінгі мерзімде алдағы қаржы
жылына аудан бюджетінің ұсынылған болжамды көрсеткіштерін қарайды және
мақұлдайды.
4. Ағымдағы бюджеттік бағдарламаларына және даму бағдарламаларының бюджет
шығыстарының лимиттерін айқындауда. Жергілікті бюджет шығыстарының
лимиттерін жергілікті бюджетті жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті
органы жергілікті бюджеттің болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражатын
жұмсаудың бағыттарын, жергілікті бюджет тапшылығына жол берілетін шектегі
мөлшері және үш жылдық мерзімге белгіленген бюджеттік алымдар мен
субвенциялардың көлемдері, сондай-ақ алдағы қаржы жылына арналған ауданның
бюджеті түсімдерінің бюджет комиссиясы мақұлдаған болжамды көрсеткіштері
негізінде қалыптастырады.
Жергілікті бюджетті жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы:
-аудан бюджетінің ағымдағы бюджеттік бағдарламалар үшін бюджет шығыстарының
лимиттерін;
-аудан бюджетінің бюджеттік даму бағдарламалары үшін жергілікті бюджет
шығыстарының лимиттерін бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Бюджет комиссиясы ағымдағы қаржы жылының 5 тамызына дейінгі мерзімде
жергілікті бюджеттің ағымдағы бағдарламаларына және бюджеттік даму
бағдарламаларына арналған шығыстардың лимиттерін қарайды және мақұлдайды.
Бюджет комиссиясы мақұлдаған жергілікті бюджеттің ағымдағы бағдарламалары
үшін шығыстардың лимиттерін жергілікті бюджетті жоспарлау жөніндегі
жергілікті уәкілетті органы үш жұмыс күні ішінде жергілікті бюджеттің
бағдарламаларының әкімшілеріне және әкімдердің аппаратарына, ал бюджеттік
даму бағдарламалары үшін шығыстардың лимиттерін бюджеттік инвестициялық
жобаларды ipiктey үшін жергілікті бюджеттің экономикалық жоспарлау
жөніндегі жергілікті уәкілетті органына жеткізеді.
5. Жергілікті бюджет бағдарламалары әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерді
жасауы және бюджеттік өтінімдерін қарауда. Жергілікті бюджеттік
бағдарламаларының әкімшілері мен әкімдерінің аппараттары жергілікті
бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы белгілеген кестеге сәйкес
ағымдағы жылдың 25 тамызынан кешіктірмей жергілікті қаржыны жоспарлау
жөніндегі жергілікті уәкілетті органына ұсынады. Бюджеттік бағдарламалар
әкімшілерінің және әкімдер аппараттарыеың бюджеттік өтінімдері жөніндегі
қорытындының нысанын жергілікті қаржыны жоспарлау жөніндегі жергілікті
уәкілетті органы айқындайды. Уәкілетті органның бюджет жобасының
қорытындысы ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінен бастап бюджет комиссиясының
қарауына енгізіледі. Бюджет комиссиясы жергілікті бюджеттік бағдарламалар
әкімшілерінің енгізілген өтінімдерін, бюджеттік жоспарлау жөніндегі
уәкілетті органының қортындысын қарайды және ағымдағы жылдың 20 қыркүйегіне
дейінгі мерзімде олар жөнінде шешім қабылдайды.
6. Tиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың
шешімі мен бюджет жобасын әзірлеу. Жергілікті бюджетті жоспарлау жөніндегі
жергілікті уәкілетті органы бюджет комиссиясы қабылдаған шешімдер негізінде
алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет жобасының түпкілікті
нұсқасын жасайды және оны 1 қазанынан кeшiкпей бюджет комиссиясының
қарауына енгізеді.
Аталған мекеме өз кезегінде:
1) Тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетіне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы жергілікті атқарушы органның қаулысының
жобасын әзірлеуге қатысады;
2) тиісті қаржы жылына арналған бюджеттің түсімдері мен оны
қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекітеді және оларға өзгерістер
енгізеді;
3) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне немесе мемлекеттік мекемелерге
қаржылық рұқсаттар береді;
4) мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша төлемдерді жүзеге
асырады;
5) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда мемлекеттік
мекемелердің шоттарын ашу, жабу, және жүргізу тәртібін айқындайды;
6) бюджетке есепке алуды жүргізу тәртібін айқындайды;
7) есептілік жасаудың және табыс етудің тәртібін айқындайды, сонымен
қатар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді
жүзеге асырады.
Сондықтан жоғарыда көрсетілген міндеттерді атқару барысында аудандық қаржы
бөлімі мемлекеттік мекемесі Ақтөбе облыстық қаржы басқармасының 27
желтоқсан 1999 жылғы бекіткен Мұғалжар ауданының қаржы бөлімі мемлекеттік
мекемесінің ережесіне және облыстық әділет басқармасының заңды тұлғаны
мемлекеттік тіркеу туралы куәліктері негізінде бюджеттің орындалуы барысын
атқару міндеттері жүктелген.

2. ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТІҢ КІРІСІ МЕН ШЫҒЫСЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

2.1 Жергілікті бюджеттің кірістерін талдау
Жергілікті бюджеттің кірісін талдауда кірістерді сенімді және тұрақты
нормативтік негізде қалыптастырылуы қажет. Индустриалды немесе аграрлы
бағыттардағы аумақтардан табыстарды жаңа меңгеріліп жатқан аумақтарға
аудару кезінде әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі әртүрлі облыстар,
қалалар, аудандар топтар арасында да салықтық бөлулердің диференциясы болуы
керек. Бұл республика экономикасының қаржылық экономикалық баланстың
болуынан жергілікті орган және мемлекеттік бюджет қатынастарын ғылыми
негізде нормативтік базаға ауыстыруға негізделген.
Жергілікті экономикалық-әлеуметтік және саяси жағынан одан әрі
демократияландыруда жергілікті шаруашылықты басқаруда әкімшілік
экономикалық механизімдердің алатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет кірістерінің сыныптамасы
Мемлекеттік бюджеттің ақшалай кірістері
Салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары
Мемлекеттік бюджеттің экономикада алатын орны жайында
Мемлекеттiк бюджеттің негізгі мәселелері мен шешу жолдары
Қазақстанның бюджет жүйесі
Бюджеттің кірістері, шығыстары және бюджеттік құқықтық қатынастар 7 3. Мемлекеттік борыш 13
Пәннің оқу - әдістемелік кешені "мемлекеттік қаржы"
Шардара аудандық бюджеттің экономикалық мәні мен ролі
Салықтық емес түсімдер
Пәндер