III – VII ғасырлардағы иран


КІРІСПЕ
Иран жеріне адам баласы тым ерте заманнан бері қоныстанған. Б. з. б. 3 -мыңжылдықта қазіргі Иранның оңтүстік - батысында алғашқы мемлекеттер құрыла бастады. Б. з. б. 2 - мыңжылдықта бұл аймаққа Орталық Азиядан арий тайпалары келіп қоныстанды. Б. з. б. 673 - 672 ж. қазіргі Иранның солтүстік - батысында Мидия мемлекеті пайда болып, 616 - 605 ж. Ассирияны талқандап, аса ірі мемлекетке айналды. Б. з. б. 550 ж. үкімет билігі парсылық Ахемен әулетіне көшті (қ. Ахемен әулеті ) . Ахемен әулеті мемлекетінің шекарасы шығыста Үнді өзенінен батыста Эгей теңізіне дейін, солтүстікте Армениядан оңтүстікте Ніл өзендеріне дейін жетті. Батыс пен Шығысты жалғастыратын сауда жолдары үшін бұл мемлекет гректермен ұзаққа созылған соғыс жүргізді. Сақтар еліне бірнеше дүркін басқыншылық жорықтар жасады. (қ. Кир II, Дарий I ) . Ахемен әулеті мемлекетін б. з. б. 330. Александр Македонский талқандады. Иран эллиндік мемлекеттердің билігіне көшіп, б. з. б. 2 ғасырдың орта тұсынан бастап Парфия патшылығына бағынды. 224 ж. Парфия мемлекеті құлап, орнына Сасани әулеті мемлекеті құрылды.
Сасани әулеті мемлекеті Оңтүстік Арабияны, Сирияны, Палестинаны, Мысырды жаулап алды. Византияға қауіп төндірді, Түрік қағанатымен соғыс жүргізді. Бірақ Сасани әулеті мемлекеті арабтардың шабуылынан құлап, 7 ғасырдың 2 - жартысында Иранның Араб халифаты құрамына қосылды. 8 ғасырда Араб халифатының билеушісі Әбу әл - Аббас әс - Саффах халифат астанасын Бағдатқа көшірді. Иран аумағы ұзақ жылдар бойы Аббас әулеті билеген Бағдад халифаты құрамында болып, мәдени және экономикалық дамуды басынан кешірді. 9 - 10 ғасырларда елде Араб халифатына шартты түрде ғана тәуелді болған әмірліктер құрылды. Елде экономикалық және мәдени өрлеу байқалып, қалалар өсе бастады.
Сондай әмірліктердің бірі Самани әулеті биліктен кеткеннен кейін Шығыс Иранның Ауғанстанмен және Орта Азияның бір бөлігімен бірге түркі текті ғазнауи әулеті билеген мемлекеттің құрамына кірді (қ. Ғазнауи әулеті ) . 11 ғасырда Иранға түрік - оғыздар (селжүк) басып кіре бастады. Көп ұзамай олар Ғазнауи әулеті әскерін талқандап, бүкіл Иранды және көрші елдерді басып алып селжүктер мемлекетін құрады. 12 ғасырда селжүктер бірнеше сұлтандыққа бөлініп кетті де, осы ғасырдың аяғына таман бүкіл Иранды түркі қыпшақ тайпасынан шыққан Хорезм шаһы Текеш басып алды. 1220 - 1256 ж. Иранды Шыңғыс хан әулеті жаулап алды. Олар елде Хулагу әулетіне қарайтын ельхандар мемлекетін құрды.
14 ғасырдың 30 жылдары ельхандар мемлекеті бірнеше иелікке бөлініп кетті де, 1380 - 1393 ж. Иранды Әмір Темір әскерлері басып алды. Әмір Темір өлгеннен кейін Шығыс Иран Темір әулетінің билігінде қалып, Батыс Ирандағы Қарақойлы мемлекеті құрылды. 16 ғасырда Кіші Азиядан шыққан түркі тайпалары (қызылбастар) Иранға басып кіріп, 1501 - 1610 ж. елді толығымен бағындырып, Сефеви әулеті мемлекетін құрды. 17 - 18 ғасырларда Иранның экономикасы құлдырап, халықтың жағдайы нашарлап кетті. Ұсақ халықтар (ауғандар, түрікмендер, әзербайжандар, курдтер, армяндар, грузиндер) орталықтың езгісіне қарсы жиі - жиі көтеріліс жасап тұрды. Әсіресе, 18 ғасырдың 2 - жартысында елдегі үстемдік үшін екі әулеттің (Зенд және Каджар) арасындағы үздіксіз соғыс халықты әбден қалжыратты. 18 ғасырдың аяғында билікке Каджар әулеті келді. Осы кезден елдің ішкі істеріне еуропалық мемлекеттер (Англия, Франция) араласа бастады.
1. III - VII ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ИРАН.
1. 1 Сасанилер әулетінің билікке келуі.
224 ж. Парфян патшалығының вассалы, Парсы (Персия) билеушісі Ардашир Ормиздаган алқабында Артабан V - ң әскерін талқандады. Бұл жеңіілстен кейін Парфия патшалығы Персияның құрамына еніп, дербестігін біржолата жоғалтты. Парсылар - Иранның оңтүстігіндегі Фарс облысының халқы. Оның астанасы алғаш Истахр, кейін, Буйилер мемлекеті кезінде - Шираз қаласы болды.
Сөйтіп 224 (226) ж. Парфяндар әулетін құлатып, билікке келген парсылық Сасанилер әулетінің негізін қалаушы Ардашир [224(226) -241] болды. Ол әулеттің билігі кезінде, яғни 224 - 651 жж. Иранның халықаралық аренадағы шоқтығы биіктей түсті. Иран бұл кезде Риммен, кейін, IV - VII ғасырларда Византиямен қырқысқан соғыстар жүргізді.
Ардашир оңтүстіктегі Фарс облысындағы князьдердің бірі болатын. Таққа отырған соң ол Ктесифон қаласын астанаға айналдырды. Ардашир билікке заратуштра (зороастризм) дінбасыларының қолдауымен келді. Оның атасы Сасан осы діннің басшысы болатын. Сасанилер ірі ақсүйектерге қарсы күресінде орташа және майда жер иелеріне арқа сүйеуге тырысты.
Парфян патшалығында тақ мұра арқылы көшіп отырса, жеке облыс басшылары вассалдық тәуелділікте ғана болса, жаңапарсылық Сасанилер патшалығы бір орталыққа бағындырылған мемлекет болды. Ел олардың тұсында 18 сатраптыққа бөлінді. Әр сатрап басында губернатор тұрды. Губернаторды патша өзі тағайындап отырды. Оны патша қалаған кезінде алып тастай алатын. Сондықтан губернаторлап патшаға толық тәуелді еді. Патшаның қатаң тәртіпке бағынған атты және жаяу әскері болды. Өзіне қарсы ақсүйек - мықтыларды патша күшпен құртып отырды. Кейде керісінше де болатын. Ебін баба білген ақсүйектер өздері жек көретін патшаны құртып, оның орнына өздері қалаған Сасан әулетінің өкілін таққа отырғызатын…
Жаңа әулеттің ресми астанасы Персеполь болды. Бірақ тоқтаусыз жүріп жатқан соғыстарға байланысты Шахиншах мекені іс жүзінде шекара маңындағы, Тигр өзені бойындағы Ктесифон (Бағдад маңында) болды.
Иран Риммен, кейін - Византиямен Қара теңіз жағасы үшін күрес жүргізді. I Шапур тұсында (241 - 272) парсылықтар жеңіске жетіп, Кіші Азияны басып алды. 256 ж. Антиохия басып алынды. 260 ж. Рим әскері талқандалып, император Валериан тұтқынға түсті. Иран әскерінің онан әрі жылжуын арабтық Пальмира патшасы Одейната қарсылығы тоқтатты. 266 - 272 жж. патшалық құрған Одейнатаның әйелі Бат - Заббай Римге қарсы көтеріліс жасап, бүкіл Кіші Азия мен Египетті басып алды. Бірақ 272 ж. Бат - Заббайдың әскері Рим императоры Аврелианнның әскерінен жеңілді. 273 ж. римляндар Пальмираны біржолата құртып жіберді. Рим әскері 283 ж. Сасанилер астанасына дейін жетті. Оны басып ала алмады. 298 ж. парсилықтар Нисибин түбінде тағы да рим әскерінен жеңілді. Нисибин шарты бойынша Прмения мен Месопотамияның солтүстігіндегі 5 провинция Римніңқол астына көшті.
Иран - рим соғыстарының жаңа кезеңі II Шапур (309 - 373) тұсында басталды. Ол алдымен парсы шығанағындағы Бахрейнді басып алды. Иран мен Рим қатынастарының сипатына христиан дінінің тарауы елеулі ықпал етті.
IV ғасырдың басында Грузияда, Армения мен Солтүстік Әзербайжанда христиан діні қабылданды (301 - 303 жж. ) . Арменияның христиан дінін қабылдауы оны Риммен байланысын нығайтуға итермеледі. Армения халқының бір бөлігі Римді, христиандықты қолдаса, бір бөлігі Иранға бағыт ұстанды. 338 ж. II Шапур Риммен соғысты қайта жалғастырып, Армения мен солтүстік Месопотамияға басып кірді, 363 ж. Иранға жасаған сәтсіз жорығы кезінде Рим императоры Юлиан өлді. Оның орнына таққа отырған Иовиан Иранмен бітім шартын жасады. Ол шарт Иран үшін тиімді болды. Грузия мен Арменияның шығыс бөліктері Иранның қол астына көшті (387 ж. ) .
V ғасырдың Иран мен Шығыс Рим империясы - Византия арасында тыныштық болды. Ол екеуі енді солтүстіктен қауіп төндірген ортақ жау - гунн көшпелі тайпаларына қарсы күреске бірікті.
II Шапур өлген соң 20 жыл бойы тақ үшін талас, сарай төңкерістері болды. Ол төңкерістер тек 399 ж. таққа I Иездигерд отырған соң тыйылды. Бұл патша христиандарды қуадалаулы тоқтатты, тұтқындарды босатып, бұзылған шіркеулерін қалпына келтіруге рұқсат етті.
Христиандарды қудалау V Бахрам мен Гур (421 - 438) тұсында қайта жалғасты. Бұл кезде солтүстік пен солтүстік - шығыстан көшпелілер шабуылы күшейді. V Бахрам Мерв (Мары) түбіндегі шайқаста эфталиттерді жеңіп, Сасанилер державасының шекарасын Амударияға дейін жылжытты.
II Иездегирд (438 - 457) тұсында Армениядағы үстемдікті нығайтып, онда зороастризмді таратуға күш салынды. Армения автономиясына қастандық көтеріліске әкеп соқты. Армяндарға Византия көмектесе алмады. Көтеріліс 451 ж. басылды. Бірақ Армения автономиясы мен христиан дінін ұстану құқын сақтап қалды.
II Иездегирд өлген соң екі жылдай таққа талас жүрді. 458 ж. таққа оның баласы Пероз (458 - 484) отырды. Көшпелі эфталиттер Хорасанның жартысын басып алды. Оларға қарсы екінші рет жасалған жорық тағы да сәтсіз аяқталды. Иран әскерлері талқандалып, Пероз қаза тапты.
Сасанилер әскері шығыстағы жорықтарда жүргенде Закавказье халқы Иранға қарсы көтеріліске шықты. Оны Картли патшасы Вахтанг Горгасал мен армян батыры Ваган Мамиконян басқарды. Ол көтеріліс Пероздың мұрагері Валаш (484 - 488) шахиншахтың тұсында тоқтады. Валаш Картлидің, Арменияның және Албанияның (Дағыстан) басшыларымен бітім шартын жасады. Шарт бойынша Иран ол елдердің автономиясын мойындап, христиан дінін қудаушылығын тоқтатты. Валаш Иранның өзінде де несториандық түріндегі христиан дінін ұстауға рұқсат берді. Валаш таққа отырғанда қазына қаңсып бос тұрған еді. Сондықтан ол көп әскер ұстамай алды. Төрт жылдан соң Валаш тақтан құлатылып, оның орнына соғыста қайтыс болған Пероздың баласы Кавад отырғызылды (488 - 496) .
1. 2 I - V ғасырлардағы Иранның қоғамдық құрылысы. Дін.
Ежелгі Иранда еріктілердің 3 тобы: абыздар, жауынгерлер мен егіншілер белгілі болатын. IV ғасырға қарай қоғам мүшелері төрт топқа: абыздар, жауынгерлер, есеп - қисапшылар (писцы), шаруалар (податное население) болып бөлінді. Мемлекет басында шахиншах тұрды. Оның ең бірінші көмекшісі, әрі кеңесшісі Мобедан-мобед деп аталған зороастризм дінбасшысы болды. Сондай - ақ кеңесші - көмекшілер еран - спахбад (әскер басшысы) пен дабирбед (хатшылар басшысы), вастриошан - салар болды.
Алғашқы үш сословие (абыздар, жауынгерлер, хатшылар) жер иелері болса, төртінші сословиенің көпшілігі тәуелді диқандар еді. Барлық алым - салықтар осы төртінші сословиенің мойнында жатты. Құлдар шаруашылықта шешуші рөл атқарған жоқ. Құлдық біртіндеп жойылып келе жатты.
Сасанилер тұсында бұрынғы парфяндық синкретизм орнына зороастризм діні келді. Оның қасиетті кітабы Авеста болды. Ол энциклопедия іспеттес еді. Оған діни білімнен басқа астрономиялық, космогондық, заңдық, моральдық білімдер енгізілді.
Зороастризм ілімі негізінде екі бастаманың: адалдық пен арамдықтың күресі туралы түсінің жатты. Адалдық құдайы Ахурамазда (күн, ай, …), зұлымдық құдайы Анхра майнья (ауру, өлім, қыс, жұт, т. б. жаманшылық құдайы) . Бұл екеуінің күресінде түбі жарқын күштер жеңеді деп уағыздалады. Адам бұл күреске Ахурамазда жағында қатысуы тиіс. Әртүрлі әдет-ғұрыптарды қатаң сақтау арқылы адам өмірде өзін зұлымдық күштерден қорғай алады.
Зороастрилықтар сонымен қатар отқа, жер мен суға табынды. Ғұрыптарды орындау орны от храмдары болды. Абыздар тек діни ғұрыптарды ғана орындаумен шектелмеді. Олар өз қолдарында ағарті ісі мен сот ісін де ұстады. Мұра бөлу де солардың билігіне тиді. Олар барлық адамдардың өміріне араласып отырды. Сол себепті де III - V ғасырлардағы халық қозғалыстары сектанттық тұрғысынан немесе жаңа дінге ауысу ұранымен өтіп отырды.
III ғасырдың ортасында тарай бастаған жаңа дін манихейлік болды. Оның негізін қалаушы Мани зороастризм мен христиан дінінің ортасынан жаңа дін шығармақ болды. Оның жаңа діні бойынша алғашқы адамды жарық күші өмірге келтірді. Бірақ оны туысымен зұлымдық құдайы - түнек - тұтқынға алды. Жарық күші әрең дегенде алғашқы адамды ол тұтқыннан босатып алды. Дегенмен адамның бойында түнек патшалығының зұлымдық қасиеттері де қалып қойды. Ол зұлымдық қалдығынан құтылу үшін адам материалдық игіліктен, байлықтан бас тартып, өзін - өзі жетілдіруімен шұғылдануы керек. Мани аскетизмге, үйленбеуге, қан төкпеуге шақырды. Өз уағызын Мани 241 - 242 жылдары бастады.
Ол елден кетуге мәжбүр болды. Иранға қайтып келгенде ұсталып, 276 ж. зороастризм дінбасыларының үкімімен өлім жазасына кесілді. Манихейлік ізі XI ғасырға дейін сақталды.
Ирандағы христиан дініне көзқарас туралы жоғарыда айтылды. Сасанилер державасында иудейлер колониялары да болды. Иудаизмді уағыздаушылар қуғындалған жоқ. Елдің шығысында, Балхта, буддизм кеңінен өріс алды.
1. 3 Маздакшылар қозғалысы.
V - VI ғасырларда кезінде Иранда кең өріс алған бұқаралық халық қозғалысы маздакилер қозғалысы болды. Ол Иранда V ғасырдың аяғында басталды. Оның қозғаушы күші қауымдас диқандар мен кедейленген қолөнершілер болды.
Қозғалыстың басшысы Маздақ жарқын болмыстың, әділеттіліктің зұлымдықты қалай да жеңетіндігі туралы ұран тастады. Ол жеңіс әйтеуір бір кезде, құдай сәтін салғанда ғана емес, осы өмірде, табан астында келуі тиіс деп есептелді. Тек адамдардың белсенділігі арқасында жер бетіндегі зұлымдықтан құтылуға болады делінді. Зұлымдықтың нақтылы көрінісі - адамдар арасындағы мүлік теңсіздігі деп табылды. Ең алдымен сол мүлік теңсіздігі жойылуы керек болды. Меншікті тепе - тең етіп қайта бөлу талабы қойылды. Өз бағдарламаларының әлеуметтік талаптарын жүзеге асыру үшін маздакилер байлардың мал - мүлкін тартып алып, кедейлерге бөліп бере бастады. Байлардан алынған жер қауым аумағына қосылды.
Қозғалысты үстем таптың біраз бөлігі де, шахиншах I Кавад өз мақсаттарына пайдаланып алуға тырысып, оған алғаш қолдаушылық көрсетті. Кавад күшті байлардан құтылмақшы болды, әрі әскердің негізін құрайтын азат - дехкандардың көңіл - күйін де есепке алды. 496 ж. шонжарлар Кавадты құлатып, зынданға тастады. Бірақ 499 жылы Кавад билікті қайтарып алды.
Кавадтың көмегімен маздакилер өз жоспарларын жүзеге асырып қалуға тырысты. Маздақ мемлекет басшыларының бірі болып тағайындалды. 502 - 506 жж. Иран Византиямен соғысты табысты аяқтады, көшпенділер шабуылын тойтарды. Иранда бірнеше қалалар салынып, каналдар жүйесі кеңейтілді. Қауым ішіндегі пысық, бақуаттылары біртіндеп маздакиттер қатарынан шығып, оған қарсы бола бастады. Оның үстіне Кавад та ақсүйектермен, дінбасыларымен келісімге бет бұрып, өз позициясын өзгертті. Себебі біраз әлсіреген ақсүйектер енді Кавадқа қауіпсіз болды. Азат - дехкандар да қозғалыстан шықты. Қозғалыс 529 ж. толық талқандалды.
1. 4 I Хосров реформалары.
I Хосров реформалары. Халық қозғалыстары үстем тапқа ескі тәртіптер бойынша өмір сүруге болмайтынын көрсетті. Сондықтан да сасанилердің жаңа патшасы I Хосров (531 - 579) феодалдық укладты дамытып, нығайтуға бағытталған қайта құру (реформа) жолдарын іздестіруге мәжбүр болды.
Маздакилердің байлардан тартып алған жерлері кәмпескеленді. Ол жер енді мемлекеттік жер қорына қосылды. Байлығынан айырылған ақсүйек әулеттерін, азат адамдарды Хосров патша қызметіне қабылдап, өзне тәуелді жаңа әлеуметтік топ құрды.
Салық саласында түбегейлі өзгерістер болды. Бұрынғы әртүрлі салықтар жойылып, негізгі екі түрі ғана болды. Ол “хараг” деп аталған жер салығы және “гезит” деп аталған жан басы салығы. Жаңа салық бөлшері маздакиттер қозғалысына дейінгі мөлшерден әлдеқайда төмен болды. Бұл шаруаларға жасалған жеңілдік еді.
Айлық табысы белгіленген тұрақты армия құрылды. Елде 4 әскери округ құрылды. Әскери билік азаматтық биліктен бөлінді. Ел оңтүстік, батыс, солтүстік, шығыс деген төрт облысқа бөлінді. Ол облыстардағы азаматтық үкімет билігі әскери билікке - спахабадтар деген әскер басшыларына бағынышты болды. Патшаның тең праволы үш уәзір - фармардары тағайындалатын болды. Бұл өзгерістер, жаңалықтар патша билігін нығайтуды көздеді.
1. 5 VI - VII ғасырлардағы Иранның сыртқы саясаты.
I Хосров белсенді сыртқы саясат жүргізді. 540 ж. Византиямен соғысты жалғастырды. Шахиншах әскерлері Сирияны басып өтіп, Оронттағы Антиохияны (Таяу Шығыстағы) талан - таражға салды. Сонан соң соғыс қимылдары Кавказға ойысты. Онда Иран Византиядан Лазиканы (Батыс Грузия) тартып алуға тырысты. 561 ж. I Хосров Ануширван мен император I Юстиниан арасында “мәңгілік” “бейбітшілік” бітімі жасалды. Ол бітім бойынша Византия өзінің бұрынғы шекарасын сақтап қалды.
Бірақ көп өтпей бұл бітім қайта бұзылды. Енді Иран мен Византия Оңтүстік Аравия үшін қырқысты. 577 ж. Сайф ибн зу - Иазан бастаған Иемен ақсүйектері I Хосров жіберген әскердің көмегімен Византия мүддесін қорғаушы Эфиопия әскерін елден қуып, үкімет билігін өз қолына алды. Иемен шахиншахқа салық төлеп тұруға тиіс болды. 598 ж. Иемен Иранға қосылып алынды. 628 жылға дейін оның басшысы марзбанды шахиншах тағайындап отырды. 536 - 567 жылдары I Хосров солтүстік - шығыста эфталиттерді жеңіп, бұрынғы жоғалтқан жерлерін қайтарып алған болатын.
579 ж. I Хосров Ануширван өлген соң таққа оның баласы IV Хормузд (579 - 590) отырды. Бұл кезде Иранға қарсы Кавказдың солтүстігінен хазарлар, шығыстан - Амудария жақтан - түріктер, оңтүстіктен - арабтар шабуылға шықты. Оларға тойтарыс берілді. 589 ж. күзде түріктерді жеңген әскер басшысы Бахрам Чубин көп олжа түсіріп, оның азғантай бөлігін Ктесифонға жіберді. Оған ашуланған IV Хормузд Бахрамның әскер басшылығынан түсірілгенін жариялады. Бұл бұйрыққа қарсы Бахрам көтеріліске шықты. Оған қарсы жіберілген әскердің көпшілігі көтерілісшілер жағына шығып кетті.
Бұл кезде астанада IV Хормуздқа қарсы қастандық ұйымдастырылды. Оны шахиншахтың ағайындары Биндой мен Бистам басқарды. Олар IV Хормуздың көзін ойып алып, орнына баласы II Хосровты отырғызды. II Хосров Парвиз (590 - 628) жас болғандықтан, қастандықты басқарған ағайындардың қолындағы қуыршаққа айналды. Ол басқарған әскер Бахрам қолынан жеңілген соң II Хосров Византияға қашты. Бұл кезде Биндой мен Бистам оның әкесі IV Хормузды өлтірді. Бахрам астананы басып алып, елді бір жылдай басқарды. 591 ж. II Хосров византиялықтар көмегімен тақты қайтарып алды. Бахрам Чубин түріктер қағанатына қашып барып, сонда өлтірілді. II Хосров ағайыны Биндойды өлтірткізді. Хорасанда әкім болып жүрген Бистам көтеріліс жасап, 595 ж. жеңілді.
602 ж. II Хосров вассалдық тәуелділікті арабтық Хира патшалығының өзін - өзі басқаруын жойды. Бұл әрекетке наразы болған араб - бедуиндер Зуқарада 604 және 605 жылдары шахиншах әскерін талқандады. 604 ж. Иран мен Византия арасындағы ең үлкен соғыс басталды. Оның алғашқы кезеңі (622 жылға дейін) ирандықтар үшін сәтті болды. Олар Месопотамияны, Сирияны, Арменияны бағындырып, Египетке жақындады. Соғыстың екінші кезеңінде (622 - 628) Византия жоғалтқан иеліктерін қайтарып алды.
628 жылдың аяғында астанада қастандық ұйымдастырылып, II Хосров Парвиз тақтан құлатылды. Cол жылы су тасқыны болып, өз жағаларынан шыққан Тигр мен Ефрат өзендері егістікке орны толмас зиян келтірді. II Хосров өз мұрагеріне соғыстағы жеңілістер мен бүлінген шаруашылықтарды қалдырды. Ол тақтан түскеннен кейінгі төрт жылдың ішінде он шақты мұрагерлер бірінен соң бірі ауысты. Кейбір облыстардың орталықпен байланысы үзілді. III Иездегирд (632 - 651) тұсында елді қайта біріктіріп, нығайту әрекеті жасалды. Бірақ экономкиасы әлсіреген Иран араб шапқыншылығына қарсы төтеп бере алмады.
1. 6 Сасанилік Иранның мәдениеті.
Иран - байырғы мәдениеттің отаны. Сонау ерте орта ғасырларда Иранда сәулет өнері жоғары дәрежеде дамыды. Ктесифон мен Сервистанда зәулім сарайлары салынды. Мүсін өнері де елеулі табыстарға жетті. Оған дәлел Накш - и- Рустам мен Би - Шапурдағы I -Шапур патшаның Рим императоры Валерианды жеңгендігін бейнелейтін мүсін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz