Мал шаруашылығы. Жылқы



Өткен ғасырлардың бірінде бір қытайлық зерттеуші: «Егер сіз қазақтан қанша уақыт жерде отырдың және қанша уақыт атпен жүрдің? » десе, ол өзінің барлық дерлік уақытын ат үстінде өткізген болып шығады», – деп естелік жазып қалдырған екен. Демек, қазақ пен дала, жылқы өте ертеден бірге. Себебі ұланғайыр алып даланы, орасан байтақ өлкенің ұлы тұрғындарының тыныс-тіршілігі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпы, салт-санасы, өнер-білімі, бар салтанаты, яғни, бір сөзбен айтқанда, бүкіл ғұмырлық мәдениеті жылқы түлігімен тығыз байланысып жатыр деп айтуға болады. Осыдан барып қазақты «жылқы мінезді» деп те бекерден-бекер айта салмаған. Кез келген қазақта бұл мінез бар. Алайда бір өкінішті нәрсеге тоқталсақ, сан ғасырлар бойы төрт түліктің жетекші саласы болып саналатын жылқы шаруашылығына бүгінгі күні жете көңіл бөлініп отырған жоқ. Күні кеше қолда бар байлық «ұстағанның қолында, тістегеннің ауызында» кеткен қайта құру кезеңі қыруар құйма тұяқтыны құртып кетті. Мысалы, кеңес заманында табынды жылқы жақсы дамып, бір жолға қойылған еді. Ғасыр бойы табиғи селекция үрдісі жүруінің арқасында дене бітімі шымыр, ауа райының қатаң жағдайларына төзімді, әрі жем-шөп талғамайтын жылқылардың түрлері де дүниеге келді. Жылқы малы сұрыпталып, ғылыми-зерттеулер оң нәтиже бергенін ешкім жоққа шығармайды. 1916 жылға дейін Қазақстанда 4 млн 640 мың жылқы болыпты. Ал кейінгі соңғы жылдың деректеріне көз жүгіртсек, елімізде ұзын саны 1 миллион 600 мың жылқы бар. Әр жыл сайын бұған 4-5 пайыз жылқы қосылады. Бірақ жылқы малы көбейіп жатқан жоқ. Биыл қыстың қаттылығынан жылқы саны азайды. Себебі асыл тұқымды ақалтеке, дончан, т.б. тұқымдар өліп жатыр. Ал өзіміз шығарған тұқымдар дін аман. Дүние жүзінде бұл түліктің 300-ден астам түрі болса, соның 7-еуі Қазақстанда өсіріледі. Олар Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында жақсы дамып, жақсы көрсеткішке қол жеткізгенімен кеңестік уақытпен салыстыруға келмейді. Ол кезде Қазақстанда жылқы шаруашылығына арналып, 19 асыл тұқым жылқы зауыты тұрақты жұмыс істеп, асылдандырылған асыл тұқымды жылқы фермалары құрылды. Мал басын көбейтуге аса мән берілді. Жылқының стратегиялық маңызы ескеріліп, әскерге, ауыл шаруашылығының жұмысына жүйелі селекция жүрді. Сонымен бірге жылқы еті өзге ет өнімдері ішінде үлесі 80 пайызды құраса, бие сүті сиыр сүтінен кейін екінші орында тұратын. Қазір ондай негіз бізде аз. Көп шаруашылық жекешелендіріліп кетті. Ал қазіргі қымызға келер болсақ, оны тек өндіріп ғана қоймай, халықаралық стандарттың талабына сай өңдеп, экспортқа шығаруды міндеттеу қажет. Қымызбен айналысатын қожалықтар мен жеке адамдарға Үкімет тарапынан қолдау жеткіліксіз. Былай ойлап қарасаңыз біздегі жылқы шаруашылығын жандандыру мәселесі екінің бірін толғандырады. Әрқайсымыз сіңімді ет пен қасиетті қымыз қазақтың брэндіне айналуы тиіс деп ойлаймыз, бірақ іске аспай жатыр.– Елімізде жылқы өнімдерін сыртқа шығаруға мүмкіндік бар ма?
– Біз ең бірінші сыртқа шығатын ет өнімдерінің сапасын жақсартып, шетелдік стандарт шарттарын орындау жүйесін жақсы білуіміз керек. Сонда ғана жылқының етін шығара аламыз. Кезінде қазақстандық жылқы еті Мәскеу мен Петерборда ең қымбат тауар түрі болғанын біреу білсе, біреу білмес. Ол кезде бізде жылқылар еркін жайылып, табиғи немесе «қоспасыз» шөппен азықтанатын. Осының арқасында жылқы еті дәмді, әрі сапалы болды.
Меніңше, бүгінгі күнде елімізде бәсекеге қабілетті екі өнім бар болса, оның бірі – майлы бағыттағы құйрықты қой мен жылқы еті. Бұл өнімдерді сапалы өндіру елімізге үлкен пайда әкелері анық. Бірақ оны әлемдік талапқа сай өндіре алмай келеміз.
– Ол үшін шаруашылықты қандай жолға қойған дұрыс деп ойлайсыз?
– Жылқы – аяқты мал. Аяқты малға жақсы жайылым, тұнық су керек. Елімізде бос жатқан жерді пайдалану жылқы малының көбеюіне жағдай жасайды. Онымен айналысып отырғандар өнімдерін, яғни, еті мен қазы-қартасын, жал-жаясын, қымызын, сондай-ақ асыл тұқымды малын сыртқа сата алмай отыр. Тіптен жылқы өнімдерін шетелге шығарумен айналысатын мамандандырылған әрі орталықтандырылған мекеме жоқ. Ал бар болса, ол шашыраңқы, жұмыстары жүйесіз және нәтижесіз. Елдегі үлкен мәселенің бірі – шетелдерге тірі жылқыларды және оның өнімдерін өткізуге өріс ашатын мемлекетаралық келісімшарттардың болмауы бір болса, болған күннің өзінде мемлекеттер арасындағы ветеринариялық құжаттардың сапасыз дайындалуында дер едім. Бұл біздің ілгері жылжуымызға қолбайлау болса, құлшыныс жоқтың қасы. Мәселелер дұрыс шешілген жағдайда Қазақстанда жылқы шаруашылығы жақсы дамып, өркендейтін дәрежеге жетері анық. Біз кез келген іске Елбасының тікелей тапсырмасын күтуді әдетке айналдырдық. Содан кейін іске асыруға

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Реферат

Тақырыбы: Мал шаруашылығы жылқы

Дайындаған: Давлетбаев.С.Г
Тексерген:Аслемова.А.Р
Өткен ғасырлардың бірінде бір қытайлық зерттеуші: Егер сіз қазақтан қанша уақыт жерде отырдың және қанша уақыт атпен жүрдің? десе, ол өзінің барлық дерлік уақытын ат үстінде өткізген болып шығады, - деп естелік жазып қалдырған екен. Демек, қазақ пен дала, жылқы өте ертеден бірге. Себебі ұланғайыр алып даланы, орасан байтақ өлкенің ұлы тұрғындарының тыныс-тіршілігі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпы, салт-санасы, өнер-білімі, бар салтанаты, яғни, бір сөзбен айтқанда, бүкіл ғұмырлық мәдениеті жылқы түлігімен тығыз байланысып жатыр деп айтуға болады. Осыдан барып қазақты жылқы мінезді деп те бекерден-бекер айта салмаған. Кез келген қазақта бұл мінез бар. Алайда бір өкінішті нәрсеге тоқталсақ, сан ғасырлар бойы төрт түліктің жетекші саласы болып саналатын жылқы шаруашылығына бүгінгі күні жете көңіл бөлініп отырған жоқ. Күні кеше қолда бар байлық ұстағанның қолында, тістегеннің ауызында кеткен қайта құру кезеңі қыруар құйма тұяқтыны құртып кетті. Мысалы, кеңес заманында табынды жылқы жақсы дамып, бір жолға қойылған еді. Ғасыр бойы табиғи селекция үрдісі жүруінің арқасында дене бітімі шымыр, ауа райының қатаң жағдайларына төзімді, әрі жем-шөп талғамайтын жылқылардың түрлері де дүниеге келді. Жылқы малы сұрыпталып, ғылыми-зерттеулер оң нәтиже бергенін ешкім жоққа шығармайды. 1916 жылға дейін Қазақстанда 4 млн 640 мың жылқы болыпты. Ал кейінгі соңғы жылдың деректеріне көз жүгіртсек, елімізде ұзын саны 1 миллион 600 мың жылқы бар. Әр жыл сайын бұған 4-5 пайыз жылқы қосылады. Бірақ жылқы малы көбейіп жатқан жоқ. Биыл қыстың қаттылығынан жылқы саны азайды. Себебі асыл тұқымды ақалтеке, дончан, т.б. тұқымдар өліп жатыр. Ал өзіміз шығарған тұқымдар дін аман. Дүние жүзінде бұл түліктің 300-ден астам түрі болса, соның 7-еуі Қазақстанда өсіріледі. Олар Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында жақсы дамып, жақсы көрсеткішке қол жеткізгенімен кеңестік уақытпен салыстыруға келмейді. Ол кезде Қазақстанда жылқы шаруашылығына арналып, 19 асыл тұқым жылқы зауыты тұрақты жұмыс істеп, асылдандырылған асыл тұқымды жылқы фермалары құрылды. Мал басын көбейтуге аса мән берілді. Жылқының стратегиялық маңызы ескеріліп, әскерге, ауыл шаруашылығының жұмысына жүйелі селекция жүрді. Сонымен бірге жылқы еті өзге ет өнімдері ішінде үлесі 80 пайызды құраса, бие сүті сиыр сүтінен кейін екінші орында тұратын. Қазір ондай негіз бізде аз. Көп шаруашылық жекешелендіріліп кетті. Ал қазіргі қымызға келер болсақ, оны тек өндіріп ғана қоймай, халықаралық стандарттың талабына сай өңдеп, экспортқа шығаруды міндеттеу қажет. Қымызбен айналысатын қожалықтар мен жеке адамдарға Үкімет тарапынан қолдау жеткіліксіз. Былай ойлап қарасаңыз біздегі жылқы шаруашылығын жандандыру мәселесі екінің бірін толғандырады. Әрқайсымыз сіңімді ет пен қасиетті қымыз қазақтың брэндіне айналуы тиіс деп ойлаймыз, бірақ іске аспай жатыр. - Елімізде жылқы өнімдерін сыртқа шығаруға мүмкіндік бар ма?
- Біз ең бірінші сыртқа шығатын ет өнімдерінің сапасын жақсартып, шетелдік стандарт шарттарын орындау жүйесін жақсы білуіміз керек. Сонда ғана жылқының етін шығара аламыз. Кезінде қазақстандық жылқы еті Мәскеу мен Петерборда ең қымбат тауар түрі болғанын біреу білсе, біреу білмес. Ол кезде бізде жылқылар еркін жайылып, табиғи немесе қоспасыз шөппен азықтанатын. Осының арқасында жылқы еті дәмді, әрі сапалы болды.
Меніңше, бүгінгі күнде елімізде бәсекеге қабілетті екі өнім бар болса, оның бірі - майлы бағыттағы құйрықты қой мен жылқы еті. Бұл өнімдерді сапалы өндіру елімізге үлкен пайда әкелері анық. Бірақ оны әлемдік талапқа сай өндіре алмай келеміз.
- Ол үшін шаруашылықты қандай жолға қойған дұрыс деп ойлайсыз?
- Жылқы - аяқты мал. Аяқты малға жақсы жайылым, тұнық су керек. Елімізде бос жатқан жерді пайдалану жылқы малының көбеюіне жағдай жасайды. Онымен айналысып отырғандар өнімдерін, яғни, еті мен қазы-қартасын, жал-жаясын, қымызын, сондай-ақ асыл тұқымды малын сыртқа сата алмай отыр. Тіптен жылқы өнімдерін шетелге шығарумен айналысатын мамандандырылған әрі орталықтандырылған мекеме жоқ. Ал бар болса, ол шашыраңқы, жұмыстары жүйесіз және нәтижесіз. Елдегі үлкен мәселенің бірі - шетелдерге тірі жылқыларды және оның өнімдерін өткізуге өріс ашатын мемлекетаралық келісімшарттардың болмауы бір болса, болған күннің өзінде мемлекеттер арасындағы ветеринариялық құжаттардың сапасыз дайындалуында дер едім. Бұл біздің ілгері жылжуымызға қолбайлау болса, құлшыныс жоқтың қасы. Мәселелер дұрыс шешілген жағдайда Қазақстанда жылқы шаруашылығы жақсы дамып, өркендейтін дәрежеге жетері анық. Біз кез келген іске Елбасының тікелей тапсырмасын күтуді әдетке айналдырдық. Содан кейін іске асыруға бойымызды үйретіп, жоғары жаққа қарап отырамыз. Жақсы істі Елбасы қолдайды, көмегін де береді.
- Қазақ жылқыларының сапасын жақсартуда ғалымдарымыз аз жұмыс жасаған жоқ. Оның ішінде сіздің еңбегіңіз зор.
Қазақстандағы жылқылардың басты ерекшеліктері неде?
- Бар ғұмырымды жылқыға арнаған адаммын. 1956 жылдан бері қазақтың дархан даласында жылқы мен жылқышылардың өмірімен жете танысып келемін. Үйір-үйір жылқы, мыңдаған табын қайырған табыншылармен етжақын болдым. Оның ішінде қазақтың жабы жылқысын зерттеп, еңбек еткен ғалыммын. Көп іздендім. Өзімнің ғылыми тәжірибелік терең ізденістен қазақтың жабы түрінен: мұғалжар, сарыарқа, құланды және қаба жылқы тұқымдарын өсіруде өзіндік үлес қостым деп айта аламын. Еңбегімнің нәтижесінде кандидаттық, докторлықты қорғап, ғылым шыңына көтерілдім. Зерттеу барысында қазақ жылқыларының өзіндік ерекшеліктері барын да байқадым. Қазақтың жабы жылқысы қазақпен бірге жасасып келеді. Жүйрік ат ұстау атадан балаға жалғасқан. Осыдан барып, Ат - ердің қанаты, Ат - жеткізер мұратқа деген мақал-мәтелдің шығуы бекер емес. Қазақтың жабы жылқысы шаппайды, бірақ шыдамды келеді. Ертеде ақсақалдар: Жабыдан айғыр салмаңыз, қалың мал арзан деп, жаман қатын алмаңыз, жабыдан айғыр салсаңыз, жауға мінер ат қайда, жаман қатын алсаңыз, ердің атағын шығар ұл тумас деген сөздерді жиі айтатын. Мұнда шындық жатыр. Жабы деген табиғаттың қатал сынына да төтеп береді, әрі төзімді, тебінге мықты жануар. Мұны біз Кембридж университетінің ғалымдарымен байланыс жасағанда білдік. Ағылшын ғалымдары жылқының шежіресін жасапты. Шежіреге қазақтың жылқылары енбепті. Біз оны кіргіздік. Бұдан кейін ағылшындық пен Бүкілодақтық ресейлік жылқы шаруашылығымен айналысатын институт ғалымдары біздің жабы, адай, мұғалжар және басқа жылқымыздан қан алып тексерді. Біз де тексеріп көрдік. Тексеру кезінде ағылшындардың қатты таңғалғаны бар. Жер жүзіндегі жылқылардың ішінде қазақ жылқыларында, мұғалжарда алғашқы жабайы жылқы тұқымының бірінші гені барын анықтаған. Басқа тұқымдарда бұл ген жоқ. Қазақ жылқысының шыдамдылығы сол - алғашқы жабайы жылқының генінің барлығы сақталған. Ол тарпаңнан қалған. Ертеде қазақтар жабайы тарпаңдарға бие қосып, тұқым алған. Сол жабайы жылқылардан қалған қазіргі қазақ жылқылары. Оның жұрнақтары біздің жылқыларда кездеседі.
- Қазақтың жабы жылқысынан басқа жылқының қанша түрі мен тұқымы кездеседі?
- Еліміздің географиялық жағдайына байланысты жылқының түрі көп. Батыстық, қостанайлық, адай, мұғалжар, жабы, найман, тіптен тарақтының да жылқысы болған. Елдегі жылқы тұқымы аз емес. 1930 жылдары КСРО-ның Ғылым академиясының ғалымдары қазақ жылқыларын тексеріп, біздерге біраз өзгеріс әкелді. Тексеруде жылқының әскерге және ауыл шаруашылығына, қара жұмысқа қажеттілігі ескеріліп, қазақ жылқыларының бойы аласа болғандықтан оның тұқымын жақсарту шаралары қолға алынады. Тұқымды жақсарту үшін асыл тұқымды айғырларды қандай аймаққа қосу керектігі де қарастырылған. Мысалы, Жамбыл облысына дончак пен ақалтеке тұқымын әкелсе, Батыс Қазақстанға дончак пен буденный тұқымы және таза қанды жүрісті жылқылардың айғырларын қосып, қазақ жылқысын өсіру технологиясын өзгерту керек деп шешті. Жылқы тебін мен жайылымда жүрсе өспейді дегеннен кейін мәдени табын түрінде биелерді бір бөлек, айғырларды бір бөлек бағу қолға алынды. Қыстың күні жылқыларды қораға қамап, жемшөп берді. Біз де өзіміздің іс-тәжірибемізде жүргізіп, жабымен жұмыс жүргіздік. Оның нәтижесінде биелер 320 келі тартса, ал айғырлар 400 келіге жақындады. Мұғалжар айғырларының салмағы 580-600 келіге дейін барады. Бұл жерде біз өзіміздің технологияны өзгерткен жоқпыз, жылқы тебінді де жүрді. Жұмысымызды жүйелеп, жақсыларды іріктеп, сұрыптап, талдау мен ізденудің барысында ет-сүтті мұғалжар жылқысын шығардық. Бұған аз уақыт кетпеді. Біраз айналыстық. Еңбегіміз қазақ жылқысының жаңа тарихына енді. Іс-тәжірибеміздің арқасында халыққа керекті жылқы дүниеге осылай келді. Мәскеулік ғалымдар өздерінің теориясы бойынша жүйрік жылқы шығарамыз деп, технологияны өзгертумен ізденістерін жүргізді. Табыннан жүйрік жылқы өспейді, ол үшін технологияны өзгерту керек. Ал енді жабыдан дұрыстап зауыттық ғылыми әдіспен таңдау, зерттеу және іріктеу, сұрыптаудың нәтижесінде тамаша жетістікке жетуге болатындығын біздер көрсетіп келеміз. Бұған ағылшын ғалымдары таңғалды. Мүмкін емес дегенді де айтты. Біз бірақ оны дәлелдедік
- Бұл сіздің ғылыми жетістігіңіз ғой?
- Бұл 1956 жылдан бері айналысқан еңбегімнің жемісі. Қазірде жұмыс істеп жатырмын. Мұғалжар жылқысының ішінде сарыарқа тұқымының түрін, бұдан ембі мен қаба деген түрді дүниеге әкелуге атсалыстым. Мұғалжар жылқысының ішінде Қожамберді түрі де бар. Жылқының Қожамберді деп аталуы тегін емес. Көп жылдары Қарағанды облысының Шолақеспе деген жылқы зауытында Қожамберді деген белгілі жылқышы менімен бірге еңбек етті. Марқұм Қожекең жылқының қыры мен сырын жақсы білетін жайсаң жан еді, балалары да әке кәсібін жалғастырды. Сол кісінің еңбегін ескеріп, біз жылқының жаңа түрін Қожамберді деп атадық. Қазір ақсақалдың үшінші ұрпағы жылқы шаруашылығымен айналысса, оның төртінші ұрпағы да ата кәсіптің құрығын ұстаған. Олар болмаса, жалғыз ғалым не бітірер еді? Әсіресе, табыншылардың еңбегі біздің ғылыми жұмысымызға көп пайдасын тигізді. Қазақ бекер айтпаған: Жылқы баққан кісі жылқының тұяғынан қатты болу керек. Әйтпесе қолынан түк келмейді деп. Сол сөз біздің іздеген еңбегімізге нәтиже берді.
- Сіздің балалық шағыңыз Ұлы Отан соғысымен тұспа-тұс келіпті. Біраз қиыншылықты көрген де боларсыз?
- Ол рас. Семейде дүниеге келгенмін. Жетім өстім. Басымнан талай қиыншылықты өткердім. Соғыс жылдарында шешем жалғыз болғандықтан 5- сыныптан бастап, жұмысқа араластым. Оныншы сыныпты бітіргенше шешеме көмектестім. Мектеп бітіріп, Алматыдағы университетке құжаттарымды тапсырдым. Ойым - журналист болу. Бірақ күз түсіп, киім мен ақшаның жоқтығынан шешемнің қасына келдім. Геологтармен бірге жұмыс істеп, біраз қаражат жинап, университетке түспек ойым болды. Осылай жүргенде әскерге шақырды. Әкем сияқты ұшқыш болуды армандап, училищеде 3 жарым жыл оқыдым. Аспанға көтеріліп екі-үш ұшаққа міндім. Ең бірінші реактивтік Миг-15 ұшағында ұшқан кезім болды. 4-жылы қан қысымым көтерілгендіктен бұйрық шығып, мені босатты. Әскерден босағаннан кейін, мал шаруашылығы институтында лаборант болып жұмыс істедім. Бірден жылқы шаруашылығына түстім. Сол уақыттан бері жылқымен айналысып келемін. Құдайға шүкір, жылқы баққандардың бәрі қазақтар болды.Оларға мыңда бір рақмет айтамын. Менде ешқандай тірек, сүйеніш болған жоқ. Бірақ қазақтар мені кәдімгідей өзінің туған баласындай көрді. Олармен бірге жүріп, бірге тұрғандықтан тілді де меңгердім. Көбі мені сары бала деп атап, мейірімді жылы жүзбен қарады. Ол кезде Хрущевтың заманы болатын. Жылқы керегі жоқ деп, бие мен тайды сойғызып, ет комбинаттарына өткізіп, масқара етті. Осы кезде біздің институттың директорының орынбасары, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор Ю.Барминцевтің бастамасымен етті-сүтті жылқыны өсіріп, жылқыны сақтау шаралары қолға алынды. 1956 жылы Алматы облысындағы Кеген жылқы зауытынан 1500 жылқыны алып, тамыздың 15-і күні атпен айдап, қарашаның 15-інде Бетпақдаланың жылқы тәжірибе стансасына жеткіздік. Маған Бетпақдала ұнады. Мен институттан Беттпақдала тәжірибе стансасына ауысып, 1970 жылға дейін жылқы шаруашылығында жұмыс істеп, көп тәжірибе жинақтадым. Бұдан кейін мал шаруашылығы институтына қайта келіп, ғылыми жұмыстармен айналыстым. Аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары болып, директордың міндетін атқарушы да болдым. ВАСХНИЛ-ге келіп, директордың орынбасары, ауыл шаруашылық академиясында президенттің орынбасары қызметін де атқардым.
- Өздеріңіз шығарған мұғалжар жылқысы туралы не айтар едіңіз?
- Мұғалжар жылқысы - қазақтың жабы жылқысынан шыққан. Жабы жылқысының шыдамдылығы мұғалжар жылқысында қалған, етті тұқым. Салмағы 100-150 келіге жетеді. Сүттілігі де бар. Оның қасиеті сол. Біздің Қазақстан бүкілодақтық сауда ұйымына кіргелі жатыр. Осыған кіргенде жылқы еті бағаланады. Мысалы, Франция халқының 30 пайызы жылқы етін жейді, Италияға да жылқы еті таңсық емес, олар есекке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал шаруашылығының өнімдері
Қазақстанның жылқы шаруашылығы
Ірі қара мал шаруашылығы
Ендігі кезекте мал шаруашылығы саласының бәсекеге қаблеттілігін арттыру
Агро өнеркәсіп кешенінің қазіргі даму жолдарына жалпы сипаттама
Жылқы етін өндіру, жылқының ет өнімділігі, еттің биологиялық құндылығы
Қазақстандағы мал шаруашылығының қалыптасуы
Етті және ет өнімдерін концервлеуді мал дәрігерлік санитарлық және өндірістік практика
Нарық талабына сай мал шаруашылығының мамандануы
Жылқы көшпенді халықтың негізгі байлығы
Пәндер