ДНҚ – ның фотохимиялық түрленуі. Люминесценттік таңбалар мен сорғылар және олардың медицинада қолданылуы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

“Астана медицина университеті” АҚ

Медбиофизика курсымен информатика, математика кафедрасы

СӨЖ(реферат)

Тақырыбы : ДНҚ - ның фотохимиялық түрленуі . Люминесценттік таңбалар мен сорғылар және олардың медицинада қолданылуы .

Астана 2012

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. ДНҚ - ның фотохимиялық түрленуі . Люминесценттік таңбалар мен сорғылар және олардың медицинада қолданылуы .
  1. Фотохимиялық реакциялар
  2. Алғашқы фотохимиялық акт
  3. Алғашқы фотобиологиялық реакциялардың өнімін оқу
  4. Электронды - қозу күйінің примидиновты негіздерінің фотохимиялық реакциялары
  5. Фотодимеризация реакциясы
  6. Фотогидратация реакциясы
  7. Люминесценттік микроскопия
  8. Люминесцентті таңбалар мен сорғыларды медицинада қолдану
  1. Қорытынды

Қолданылған әдебиет

Кіріспе

Тақырып бойынша ДНҚ - ның фотохимиялық түрленуі мен люминесценттік сорғылар туралы ақпаратты қамту қажет болды . Ең алдымен фотохимиялық реакциялар дегеніміздің өзі не екеніне тоқтала кеттім келеді. Фотохимиялық реакциялар - жарықтың әрекетімен болатын химиялық процестер. Табиғатта кеңінен тараған, фотосинтездің, озон қабатының түзілуі мен бұзылуының, фотохимиялық у түтін пайда болуының және ластағыш заттектердің басқа да бірқатар айналуларының негізі осы фотохимиялық реакциялар болып табылады.

Фотохимиялық реакциялар - химия ғылымының жарық сәулелері әсерінен жүретін реакцияларды зерттейтін саласы. Фотохимиямен оптика және оптикалық сәуле шығару тығыз байланысты. Фотохимиялық реакциялардың жүруі затқа сіңірілген жарық сәулелерінің әсерінен ғана болатынын алғаш орыс ғалымы Х. Гротгус дәлелдеген (1818) . Ол “Химиялық қоспада тек жұтылатын сәулелер ғана химиялық активті болады” деп тұжырымдалатын Фотохимияның бірінші заңын ашты. Фотохимия саласында жинақталған тәжірибелік материалдар мен оларды ғылыми жағынан түсіндіріп, бір жүйеге келтіру 20 ғ-дың 1-жартысында кванттық механика, атомдық немесе молекулалық спектроскопия дамығаннан кейін мүмкін бола бастады. Фотохимияның екінші заңы - кванттық эквиваленттілік заңын А. Эйнштейн ашты (1912) . Бұл заң бойынша жұтылатын сәуленің әрбір кванты тек бір ғана молекуланы түрлендіруге қатысады. Фотохимиялық реакциялар кезінде химия жүйенің бос энергиясының азаюы немесе көбеюі мүмкін. Энергияның көбеюі сырттан сіңірілген жарық сәулелері энергиясының жүйе энергиясына қосылуынан болады. Фотохимиялық активтену процесінде жарық сәулелерін сіңірген молекула атомдарға немесе атомдар тобына ыдырайды, кейде молекула ыдырамай “қозған” молекула күйіне ауысады. Ыдыраудан пайда болған бөлшектердің немесе заттардың активтілігінің жоғары болуы ондағы бос валенттілікке байланысты. Фотохимиялық реакциялардың тиімділігі квант шығымымен (γ) анықталады; Ол реакция өніміндегі молекулалар санының жұтылған квант санына қатынасына тең. Фотохимиялық реакциялар: фотодимерлену, фотоконденсаттану, фотоиондану, фотототықтыру, фотогидролиз, т. б. болып бөлінеді. Бұл реакциялардың практикалық маңызы зор. Мысалы, ауа қабатының жоғары бөлігінде оттек молекуласы қысқа толқынды ультракүлгін Күн радиациясын сіңіріп, “қозған” күйге айналады: О 2 +hv→О 2 . Осы молекулалар қалыпты оттек молекулаларымен әрекеттесіп (О 2 2 3 +О), төменгі ауа қабатындағы организмдерді қорғайтын озон қабатын түзеді (қ. Озоносфера) . Күн сәулесі энергиясын пайдаланатын өсімдіктердегі фотосинтез процесі және фотография процестер Фотохимиялық реакциялардың қатысуымен жүреді.

Фотохимиялық реакциялар деп химиялық реакцияға түсетін заттардың бірі сәуле квантын өзіне сіңіріп, нәтижесінде өзі активті бөлшекке айналып онан әрі жүретін реакцияларды айтады.

бөлуге болады. . Бұларсәулеәсерінсіз де жүреалады . Сәулеэнергиясы тек , процесс ағымынкатализдейді. болуышарттынәрсе. Бұғанқажетті энергия сәулетолқынындағы электромагнит түріндежеткізіледі. Затқасіңгенсәуле, бұл системадағы энергия қорынарттырып, тепе-.

Фотохимиялық реакцияларға өсімдіктегі фотосинтез, бояулардың одуы, сәуле әсерінен ыдырау реакциясы, суретке түсіру құбылысы және тағы басқа процестер мысал болады. да, сұйықта да, каттызаттарда да жүребереді.

Алғашқы рет 1817 жылы К. Гроттус тек системаға дарыған сәуле ғана химиялық өзгеріс туғызатынын анықтады. Ал, 1855 жылы Р. Бунзен хлор мен сутек арасындағы реакциядан шығатын өнімнің мөлшері әрекеттесетін газ қоспасына түсетін сәуле жарықтығы мен сәуле түскен уақытқа пропорционалдығын көрсетеді. К. А. Тимирязев (1875) және Вант-Гофф (1904) сәуле әсерінен жүретін реакциялардағы химиялық өзгерістерге тап болатын заттардың және осы тұста жаңадан түзілетін өнімнің мөлшері оларға дарыған сәуле энергиясына тура пропорционал болатынын ашты. Сәуле табиғатының (1910) кванттык құрылымынанықтаған жаңалық фотохимиялық процестердің негізгі теориялық жағдайын қалыптастыруға мүмкіндік туғызды.

1912 жылы А. Эйнштейн ашқан фотохимиялық эквиваленттік заңы аса маңызды бетбұрыстың бірі: алғашқы фотохимиялық айналу актісіне кезіккен молекула саны осында дарыған сәуле квантының санына тең.

Фотохимиялық реакциялардың бастапқы өнімдері өте тұрақсыз болып олар бастапқы күйіне қайтадан өтуі немесе тұрақты фотоөнімдердің таралымы өте аз болып, оларды қарапайым физико -химиялық әдіспен анықтау мүмкін болмайды .

Бастапқы фотоөнімді анықтауға арналған әдістеме ол -импульсты фотолиз әдістемесі . Бұл әдістемеде үлгі күшті жарықпен жарықталынады . Ол үлгі молекулаларының көпшілігін бір уақытта қозған күйге өткізеді . Пайда болған қозған фотоөнімдердің спектрін анықтауға болады . Олар бірнеше микро немесе миллисекунд аралығында жоғалып кетеді . Осындай өнімдерін анықтау және оларды талдау олардың жарықты жұту спектрін және “өмір сүру” уақытын өлшеу арқылы жүргізіледі .

Импульстік фотолиз әдісі қалыпты температурада ерітіндіде триплетті молекулалардың жойылуын тікелей бақылауға мүмкіншілік береді .

Фотобиологиялық процесстерге биологиялық маңызды қосылымдардың жарықты жұтуынан басталатын және физиологиялық реакциямен аяқталатын процесстер жатады.

Барлық фотобиологиялық процесстерде жарықтың энергиясы химиялық түрлендірулердің активациялық тосқауылдарынан өту үшін қолданылады. Жарықтын әсерінен қозған молекуланың реакциялық қабілеттігіне бірқатар факторлар әсерлерін тигізеді. Реакцияға түсу қабілеті қозған электронның энергетикалық деңгейінің қалпына тәуелді. Бұл деңгей энергетикалық тосқауылдан өтуді қамтамасыз етеді. (1 сурет ) .

1 сурет . А * Р фотохимиялық процессінің энергетикалық схемасы

∆E 1 - көлеңкелік реакцияның активация энергиясы; А + В Р; ∆E 2 - берілген: А * Р ( ∆E 1 >∆E 2 ) фотохимиялық реакцияның активация энергиясы (Рубин А. Б., 2000) .

Фотохимиялық рекцияның орындалуында қозған қалыптың өмір сүру уақытының маңызы аса зор, өйткені бұл уақыттың ішінде молекула артық энергияны сақтайды. Сондықтан көптеген фотохимиялық реакцияларға триплетті қозған қалыптағы молекулалар қатысады, өйткені мұндай молекулалардың синглетті қалыппен салыстырғанда өмір сүру уақыты анағұрлым көп болады. Оның үстіне мұндай молекула бирадикал болып табылады.

Барлық фотохимиялық реакциялар біркванттық механизм бойынша жүреді (реакцияға түсетін молекула тек қана жарықтың бір квантын жұтады) . Тек қана күшті лазерлі сәулеленудің әсерінен молекула екінші квантты жұтуға үлгере алады да бір молекуланың екіфотонды қозуы пайда болады және молекула жоғары қозған деңгейлерге көшеді.

Бірақ тек қана фотосинтез кезінде жарық сәулелердің энергиясы өнімдердің (глюкоза) химиялық байланыстарының энергиясы түрінде жинақталады, өйткені бастапқы заттармен (СО 2 және Н 2 О) салыстырғанда олардың еркін энергиясының қоры молдау болады. Басқа фотобиологиялық процесстерде жарық фотохимиялық реакцияларға әкелетіндігіне қарамастан, реакцияның өнімдерінде артық еркін энергияның молшері бастапқы заттармен салыстырғанда көп болмайды. Бірақ фотохимиялық кезеңнен кейін жүретін жарық шығарусыз кезеңдерде күрделі физиологиялық-биохимиялық түрленулердің нәтижесінде биоқұрылымдарда энергияның мөлшері жоғары болуы мүмкін. Ондай түрлендірулердің (жарықтың морфогензге, пигменттердің синтезіне, дем алуға фотостимуляциялық әсері) жалпы энергиялық эффектісі өте жоғары болғанымен тікелей жарық сәулелерінің энергиясы жинақталмайды.

Фотобиологиялық процесстердегі айналымдардың тізбегі: хромофорлық топпен жарықты жұту және электрқозған қалыптардың пайда болуы - электронды қозудың энергиясының миграциясы → бірінші фотофизикалық акт және бірінші фотоөнімдердің құрылуы - аралық кезеңдер → бірінші тұрақты химиялық өнімдердің құрылуы → физиологиялық-биохимиялық процесстер → ақырғы фотобиологиялық өнім.

Барлық белгілі фотобиологиялық процесстер екі топқа бөлінеді: негативті (деструктивтік) және позитивтік (реттеуші) фотобиологиялық процесстер.

Негативті фотобиологиялық процесстердің ағзадағы екі түрі болады: фототоксикалық және фотоаллергиялық.

Фототоксикалық эффекттерге аллергиялық реакциялармен қатар жүрмейтін, терінің не көздің зақымданулары жатады . Олардың клиникасынка эритема, эдема, пигментация, көз жанарының бұлдырауы және т. б. жатады.

Фотоаллергиялық эффекттерге аллергиялық сенсибилизацияның бірінші иммунологиялық механизмі кіреді.

Позитивті фотобиологиялық эффекттерге көру қабілеті, фотопериодизм (тәулік және жыл ішіндегі тіршілік циклдерін жарық-қараңғы фазаларының ауысуы арқылы реттеу) . Адам мен сүтқоректі жануарларда фотопериодизмнің рецептор көздері бар, кейбір құстарда - гипоталамус, балықтарда - эпифиз, жәндіктерде - ми.

Тағы бір позитивті механизм - ультракүлгін әсерінен провитаминдерден Д витаминнің құрылуы.

Өсімдіктерде маңызды фотобиологиялық процесстер - фотосинтез, фототаксис, фототропизм және фотопериодизм.

Сонымен, фотобиологиялық процесстердің көптігіне қарамастан олардың әр қайсысының құрамына келесі кезеңдер кіреді:

  1. Жарық квантын жұту
  2. Энергия алмасуының молекула ішіндегі процесстері
  3. Энергияның көшуі
  4. Біріншіфотохимиялық акт.
  5. Фотохимиялық өнімдердің жарықсыз өзгерулері, тұрақты өнімдердің құрылуымен аяқталады
  6. Фотоөнімдердің қатысуымен жүретін биохимиялық реакциялар
  7. Жарық әсеріне жалпыфизиологиялық жауап.

Биофизиканы тек қана бірінші бес процесс қызықтырады. Әр түрлі толқынды жарық сәулелерінің әсер ету сипаттамалары ерекше. Адамға көбінесе жарық аймағының үлкен жиынтығы өз әсерін тигізеді (сурет 2) .

2 Сурет. Сәуле шығарудың спектралдық таралуы.

1 - Жер бетіне жеткен күн көзі сәулелері (қысқатолқынды - 285 нм) ;
2 - эритемалық люминесценттік лампа;

3 - күнге күю люминесценттік лампа;

(Владимиров Ю. А. және т. б., 1983)

Адамның ағзасына тигізетін биологиялық әсерінің сипаттамасына сәйкес барлық спектралды аймақты былай етіп бөледі:

Инфрақызыл аймақ (толқындардың ұзындығы 750 нм астам) жылулық эффекттер үшін жауапты.

Көрінетінаймақ (400-750 нм) көру, фотопериодизм.

Ультракүлгін аймақ (200-400 нм) үш аймаққа бөлінеді:

а) қысқатолқынды УК-C (200-280 нм)

б) ортатолқынды - УК-В (280-315 нм)

в) ұзынтолқынды - УК-A (315-400 нм)

Күннің сәулелерінің экологиялық УК компонетіне 290 нм. ұзын толқындар жатады, қысқатолқынды УК сәулелері жерге дейін жетпейді, өйткені олар атмосфераның озонында жұтылады.

Әр түрлі УК сәулелерінің биологиялық әсері әртүрлі.

УК-А - күннің көзіне күю, провитаминдерден Д витаминнің синтезі, фотоаллергиялық және сенсибилизацияланған фототоксикалық эффекттер.

УК-В- эритема, эдема, күннің көзіне күю, көздің күйігі, канцерогенез, Д витаминнің синтезі

УК-С - эритема, күннің көзіне күю, канцерогенез, мутациялар, бактерицидті эффект.

1. 2. Фотобиологиялық әсерлердің спектрлері

Фотобиологиялық әсерлердің спектрі дегеніміз фотобиологиялық эффекттің әсер ететін жарықтың толқынының ұзындығынан тәуелдігі.

Фотобиологиялық әсерлердің спектрлері биологиялық процесті тиімді түрде шақыратын спектр аймағын анықтау үшін ғана емес, сонымен бірге бұл биологиялық процессте қандай зат жарық кванттарының акцепторы болатындығын анықтауға мүмкіндік береді.

Әсер ететін жарықтың сандық сипаттамасы болып фотохимимиялық реакцияның көлденен кесіндісі деп аталын шама саналады. Бұл шама кванттық шығуының кюветаның ауданына көбейтіндісіне тең болады. Фотохимияда әсер етудің спектрі болып ферменттің инактивациясының көлденең кесіндіcінің әсер ететін жарық толқынының ұзындағына тәуелдігі саналады `(сурет 3) .

3 сурет . Фотобиологиялық процестердің әсер ету спектрлері.

3. сурет. ФОТОБИОЛОГИЯЛЫҚ процесстердің әрекет спектрлері 1 - трипсиннің инактивацияның әсер ету спектрі және 2 - оның жұту спектрі (α - инактивацияның көлденен кесіндісі, D - оптикалық тығыздық) . 3 адам УК-эритемасының әсер ету спектрі. 4 - үйректердің жыныстық жетілуінің фотопериодтық стимуляциясының әсер спектрі (S„/S„ - тажірибе басында және тәжірибе соңындағы ұрықтарының өлшемдерінің арақатысы), 5 - үйректің бастары ұлпаларының көз орбиталдары жағынан гипоталамусқа дейінгі өткізу спектрі (I/I 0 ) .

О. Варббургтың жұмыстарымен дәлелденген заң: ерітінділердегі фотохимиялық реакциялардың кванттық шығуы әсер ететін жарықтың толқынының ұзындығына тәуелсіз.

Бұл заңның физикалық маңызы люминисценциядағы Вавиловтың заңына сәйкес келеді - фотохимиялық реакцияға қозған қалыптың ең төменгі деңгейіндегі молекулалар қатысады.

Бұл заңның салдары: σ =sϕ x болғандығынан σ (λ) әсер ету спектрінің формасы жеке зат үшін оның S(λ) жұту спектріне сәйкес келеді. Биологиялық жүйедегі дозалық қисық сызықтар бойынша әсер етудің спектрін өлшеу ешқандай спектралдық өлшеусіз фотолизге ұшыраған заттын жұту спектрін, ақырғы фотобиологиялық эффект үшін күрделі жүйенің қай компонентінің фотолизі жауапты екендігін табуға болады.

Қарапайым оқиға. Трипсиннің фотобиологиялық әсер ету спектрінің және сол ферменттін жұту спектрінің қисық сызықтарын қарастырайық (сурет 3) . Трипсинде 3 бас хромофорлар болады: триптофанның, тирозиннің және цистиннің қалдықтары. Олар трипсиннің жұту спектрі үшін жауапты. Әсер ету спектрі бұл спектрді толығымен қайталайды, сондықтан ақуыздың инактивациясы үшін барлық үш аминоқышқылдардың инактивациясы керек деп айтуға болады.

Күрделі фотобиологиялық процестерде ақырғы эффект алдында жартылай қайтымды фотохимиялық процесстер мен жарық шығарусыз кезеңдер жүреді. Онда:

[7. 1]

кинетикалық тепе-теңдік орындалмауы мүмкін және әсер ету спектрін анықтау үшін σ қалай анықтауға болатындығы белгісіз. Көбінесе мұндай жағдайда ордината осі бойынша барлық толқындар ұзындықтары үшін бірдей фотобиологиялық эффектті шақыратын Д с дозасына теріс Э «жарықтың тиімділігі» шамасы салынады.

[7. 2]

Эритеманың әсер ету спектрінде ордината осінде «эритемалық тиімділік» деп аталатын шаманы салады, ол шама минималды эритемалық дозасына (МЭД) теріс пропорционалды. МЭД- минималь эритемдік доза, яғни ең минималь байқалатын эритеманың пайда болуын туғызатын сәулелену дозасы. Мұндай шама адамның күннің көзіне күю, өсімдіктердің фототропизм және фототаксис, көздің сезімталдығы т. б спектрлерін салу үшін алынады.

Күрделі биологиялық жүйелердің әсер спектрлерін қарасыруда жоғарыда айтылған салыстырмалы түрде қарапайым саналатын суреттеме экранировка эффекттісі кезінде шамасынан ауытқуы мүмкін. Экранировканың мәні объектіге түсірілген жарық сол объектінің жоғары беткі қабаттарында жұтылуы мүмкін. Және оның терең қабатында әсер етуші жарық интенсивтілігі түсетін жарық интенсивтілігінен төмен болып шығады. Бұл интенсивтілік бізге белгілі. Зерттеліп жатқан фотобиологиялы процессте квант акцепторларының табиғаты нақтыланған кезде бұл рецепторда қандай нақты фотохимиялық реакция жүретінін айқындап білуге болады.

Димеризацияның пиримидиндік негіздердегі электрондық қозу жағдайының қалай жүретінін, тиминдік сұйықтарда, ДНҚ - ның өшіретін триплеттік негіздермен және фотосинсебилизация әдісімен зерттеген . Тиминді триплеттік сөндіргіштермен шағылыстырғанда циклобутандық димерлердің шығуының азаюы, тиминдік димерлердің триплеттік негіздердің жағдайы арқылы өтетіні айқындалады . Бірақ та дәл сол триплеттік негіздер ДНҚ - ның тиминдік димерлерінің түзілуіне ешқандай әсері жоқ . Сол себепті де ДНҚ - дағы тиминдердің димеризациясы негіздердің синглетті қозу жағдайында жүреді деп есептеуге болады . Алайда триплеттік сөндіргіштердің ДНҚ - лардың димерінің шығуының әсерінің жоқтығы, тимин молекулаларының жақын және қолайлы орналасуы триплеттік деңгейдегі димеризация жылдамдығының константасынан жоғары . Егер осы тұжырымдама дұрыс болса, онда ДНҚ тиминдерінің димеризациясы триплеттік жағдай арқылы жүзеге асады .

Бұл реакция алғаш рет тиминді сұйықтықтарды ультракүлгін сәулелерімен шағылыстарғанда табылған . Ол 5, 6 екіреттілік көміртек байланысымен түзілген циклобутанның сақинасынан тұратын екі негіздіболып табылады. Қысқа ультракүлгін сәулелері әсерінен 70 - 80 % летальды зақымдануы бар ДНК бір тізбегінде тимин димерлері түзіледі . Димеризация реакциясының негізгі белгісі болып оның фотоқалпына келуі . Пиримидиндік негіздер 200 - 300 нм қашықтықтағы сәулелерді жұтады, ал олардың димерлері ультракүлгін сәулесінің 200 - 285 нм диапазонында . Сол себепті де ДНК немесе негіздерді ультракүлгін сәулелермен шағылыстарған кезде әрбір толқын ұзындығына қоздырылған жарықтың димерлер мен негіздердің арасында динамикалық тұрақтылық орнатады.

ДНК дағы тиминдік негіздердің негізгі фотохимиялық реакцияларының бірі болып табылады . Пиримидиндік сақинаға су молекуласының көміртектік байланысты бұзып қосылуының айтамыз . Димеризация реакцияларына қарағанда фотогидратация фото қайтымды процесске жатпайды . Алайда гидраттар жоғары температура, сұйықтың иондық күшінен және рһ өзгерісінен бұзылуы мүмкін . Фотогидратацияның жылдамдығы H 2 O ның D 2 O ге айналысында азаяды . Триплеттік өшіргіштер фотогидратацияға әсер етпейді . Реакцияның кванттық шығуы ультракүлгін сәулесінің толқын ұзындығына тәуелді емес . Фотогидратация процессінің бір ерекшелігі ол тек бір ДНК молекуласында болады. Сол себепті пиримидин гидраттары тек ұдайы репликацияланатын және транскрипцияланатын жасушаларға әсерін тигізеді .

Тірі клеткаларды зерттеуде флуресценттік микроскопия әдісі мен флуоресценттейтін бояулар кеңінен қолданылады. Оның мәні бір заттардың жарық энергиясын қасиетіне ие болуымен қорытындыланады. спектр . Мысалы, бөлініпалынған хлорофилл . Бұл принцип : флуоресценттік объектініқарастыруда. -. .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДНК-ның фотохимиялық түрленуі. Люминесценттік таңбалар мен сорғылар және олардың биология мен медицинада қолданылуы
ДНК-ның фотохимиялық түрленуі, люминесценттік таңбалар мен сорғылар
ДНҚ - ның фотохимиялық түрленуі. Люминесценттік таңбалар мен сорғылар және олардың медицинада қолданылуы туралы
ДНҚ-ның фотохимиялық түрленуі.Люминесцентік таңбалармен сорғылар және олардың биология мен медицинада қолданылуы
ДНҚ-ның фотохимиялық түрленуі. Люминенсценттік таңбалар мен зондтар және медицина мен биологияда қолдану
Атомдар мен молекулалардың жарықты шығаруы және жұтуы
Биохимиялық реакциялар
ДНҚ-ның фотохимиялық түрленуі туралы
Энергия алмасуының молекула ішіндегі процесстері
ДНҚ-ның фотохимиялық түрленуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz