Қазақстанның жекелеген аймақтар мысалында қоршаған орта сапасын жақсартуға арналған іс - шаралар.


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
«Гигиена-1, дене шынықтыру және валеология» кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қазақстанның жекелеген аймақтар мысалында қоршаған орта сапасын жақсартуға арналған іс - шаралар.
Орындаған: Құдайберген Ә. А
Тобы: 103 «а» МІК
Қабылдаған: Тайжанова М. А
Шымкент, 2013ж
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
а) Атмосфера ауасын қорғау
б) Су ресурстарын қорғау
с) Экология ережелері
д) Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланғанәдебиеттер
Кіріспе
Адам үшін табиғат - ең қасиетті де қастерлі ұғым. Өйткені, адамның өзін дүниеге әкелетін аяулы да қадірлі жаны анасы болса, адамның табиғаты «Ана» деп құрметтеуінде өте үлкен мән жатыр, Адам - табиғаттың бір бөлшегі әрі ғажайып туындысы. Адамның табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес. Себебі, адам өзіне керекті, қоректі заттардың бәрін табиғаттан алады. Сондықтан табиғат пен адамды бөліп қарауға болмайды. Әсіресе, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін табиғатсыз елестету мүмкін емес. Сан ғасыр бойы халқымыз кең далада өзін аялаған табиғат аясында көшіп-қонып тіршілік еткен. Табиғаттың сан алуан құпия сырларына үңіліп, өзіндік ой түйген. Сол арқылы табиғат заңдылықтарына үндесіп, бірлікте өмір сүрген. Әсіресе, мал шаруашылығымен айналысқан халқымыз өз кәсібін табиғатпен үйлесімді жүргізіп отырған. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екеніне ерекше мән берген.
Өкінішке орай, қазіргі таңда табиғатқа көңіл бөлінбей, жанашырлық танытылмай отырған жайы бар. Бүгінгі күн бүкіл адам баласын ойландырып отырған үлкен экологиялық мәселелер бар. Дүниежүзінде туындап отырған ірі экологиялық зардаптарды айтпаған күннің өзінде, бір ғана өз елімізде шешуін таппай отырған экологиялық мәселелер ұшаң-теңіз. Семей полигоны мен Арал теңізінің құрғап кету мәселесін былай қойғанда, күнделікті ауа мен судың ластануы, ормандардың отқа орануы, кейбір жануарлар мен өсімдік түрлерінің жоғалып кету қаупі, тіпті, қоршаған ортаның көң-қоқысқа көмілуі - осының бәрі кезек күттірмейтін үлкен экологиялық мәселелер. Бұл мәселелердің адам өмірінде маңызы зор. Адам табиғатқа тәуелді әрі тығыз байланыста болғандықтан, аталған мәселелерді шешіп, өзі өмір сүріп отырған табиғат - үйіне қамқорлық жасауы тиіс.
Табиғатты қорғау іс-шаралары
Кәсіпорында жыл сайын табиғат ресурстарын қорғау жә-не оңтайлы пайдалану бойынша іс-шаралар жоспарлары әзірленеді және орындалады.
Барлық табиғатты қорғау іс-шаралары:
- атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын төмендету-ге;
- жер асты суларын ластанудан қорғауға;
- ағынды сулардың нормадан тыс ағуының алдын алуға;
- өндіріс қалдықтары жиналған кезде қоршаған ортаны қорғауға бағытталды.
Атмосфера ауасын қорғау
«ПМХЗ» ЖШС-те Отын-энергетикалық ресурстарды тө-мендету жөніндегі 2010-2015 жылдарға арналған бағдарла-ма әзірленді және қолданысқа енгізілді.
Бағдарламада келесі іс-шаралар көзделді:
- пештердегі отын үрлектерін ауыстыру;
- пештердің шегендіктерін күрделі жөндеу;
- ғимаратты жылытуды будан жылытылған суға ауысты-ру;
- тұрмыстық үй-жайлардағы қыздыру шамдарын энергия сақтаушы шамдарға ауыстыру.
Су ресурстарын қорғау
2011 жылы тозығы жеткен аэротенктердің болаттан жа-салған сүзгілеу құбырлары полимер құбырларына ауысты-рылды, соның нәтижесінде тазарту деңгейі 10%-ға артты.
Айналымдық сумен жабдықтау блогіндегі суытқыш мұ-нараларды қайта жаңарту және ауыстыру нәтижесінде техникалық суды үнемдеу шамамен 100 мың м. кубты құрады.
Өндіріс қалдықтары
Кесектелген күкірттің жиналуына жол бермеу мақсатында кәсіпорында кү-кіртті түйіршіктеу қондырғысы жұмыс істейді.
Түйіршіктелген күкірт қоршаған ор-таны ластамайды, оны тасымалдау қау-іпсіз және ыңғайлы болып келеді. Қон-дырғы 2013 жылы I жартыжылдығында 7, 277 мың тонна күкіртті өңдеуге мүмкіндік берді.
«ПМХЗ» ЖШС-те өндіріс қалдықтарын азайту мақса-тында мұнайқоқырларын өңдейтін Flottweg неміс фирмасы-ның трикантер қондырғысы қолданылады.
Мұнайқоқырларын өңдеу қондырғысын пайдалану кәсіп-орынға:
- оларды қоршаған ортаға жинамауға;
- қалқып алынатын мұнайды технологиялық үдеріске қайтаруға;
- атмосфера ауасына шығарылатын тасталындар үшін төлемді және қалдықтардың қоршаған ортада орналасуын қысқартуға;
- атмосфера ауасына көмірсутектердің шығарылуын төмендетуге;
- тереңдетілген қоқыржинауыштарды пайдалану кезінде жер асты сулары мен топырақтың ластануына жол бермеуге мүмкіндік берді.
Осы уақытта Сарымсақ жинақтау-ышы және санитарлық-қорғау аймағын-дағы жерасты суларының қазіргі кезең-дегі экологиялық жағдайларына баға бе-ру жөніндегі зерттеулік іздестірулер жүргізілуде.
Зерттеулік іздестірулерді жүргізудің мақсаты кәсіпорын-ның өндірістік қызметі нәтиежесінде мүмкін болған гидро-геологиялық өзгерістерді анықтау, жерасты суларына лас-тағыш заттардың түсуін бақылау және олардың ластану-ының алдын алу шараларын әзірлеу болып табылады
Өскемен қаласының қоршаған ортаны қалпына келтіру жобасы
Бүгінгі күні экология мәселесі Өскемен қаласы үшін ең өзектілердің бірі болып табылады, өйткені Өскемен қаласы бірегей урбанизацияланған жүйені көрсететін Қазақстанның өте ірі өнеркәсіптік орталықтарының бірі болып табылады.
Қалада қалыптасқан экологиялық ахуалды ескере отырып, жергілікті атқарушы билікпен экология мәселелеріне және қоршаған табиғат ортасын жақсарту мен тұрақтандыруға бағытталған табиғатты қорғау іс-шараларының орындалуына көп көңіл бөлінеді, олар облыстық және жергілікті бюджет есебі қаражатындағыдай, табиғат пайдаланушы кәсіпорындардың жеке қара-жаты есебінен де жоспарлануда және жүзеге асырылуда. .
«2008-2010 жылдарға арналған ШҚО қоршаған ортаны қорғау» өңірлік бағдарламасының аясында Өскемен қаласына шарт бойынша жос-парға сәйкес 2010 жылы облыстық бюджет қаражатынан 54, 6 млн. теңге бөлінді, олар жыл қорытындысы бойынша 100 % мөлшерінде игерілді. .
2010 жылға арналған шарт бойынша нақтыланған жоспарға сәйкес Өскемен қаласын көріктендіру бойынша табиғатты қорғау іс-шараларын жүзеге асыруға жергілікті бюджет қаражаты есебінен 12, 1 млн. теңге бөлінді, олар 100% мөлшерінде игерілді. .
Өскемен қаласының табиғатты пайдаланушы - ірі кәсіпорындарымен («Қазмырыш» ЖШС, «ҮМЗ» АҚ, «ТМК» АҚ, «АЭС Өскемен ЖЭО» және «АЭС Согралық ЖЭО» ЖШС) 2010 жылы жоспарланған табиғатты қорғау іс-шаралары жыл қорытындысы бойынша жоспарланғанның 108 % игерілді.
Өскемен қаласы әкімінің төрағалығымен экология мәселесі бойынша жұмыс тобы құрылды, оның құрамына облыс жұртшылығы Кеңесінің сараптамалық комиссия өкілдері кіреді. 2010 жылы жұмыс тобының 12 отырысы өткізіліп, оның жұмыс барысында қала үшін бірінші кезектегі келесі экологиялық мәселелер зерделеніп, қарастырылды: ::
1. 2005-2009 жылдар аралығындағы қала атмосферасының ластануына талдау жүргізілді; ;
2. Қаланың орталық бөлігінде көлік құралдарын доғаруды шектеу арқылы қаланың орталық көшелері босатылды және светофорлар жұмысының мерзімділігі реттелді; ;
3. Қаланың жолаушылар тасымалдаушы кәсіпорындарының жылжы-малы құрамы шығындылар нормасына сәйкес тексерілді; ;
4. Су деңгейінің төмендегені үшін Ертіс алабын егжей-тегжейлі зерделеу бойынша жұмыс жүргізілді, оның қорытындысында Ертіс алабы су деңгейінің төмендеуі табиғатты-климаттық өзгерістерге байланысты болатындығы анықталды; ;
5. Атмосфера ауасының ахуалын мониторингтеу, зиянды заттарды бейта-раптау және су ағысын тазалау бойынша басқа елдердің тәжірибесі зерделенді және оларды Өскемен қаласына енгізу мүмкіндіктері қарастырылды.
Экология ережелері
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығы
Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 47, 523-құжат
Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және елдің экологиялық тұрақты дамуы жөніндегі мемлекеттік шаралардың кешенін айқындау мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2004 - 2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі екі ай мерзімде Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2004 - 2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өз қызметінде Тұжырымдаманың ережелерін басшылыққа алсын.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 30 сәуірдегі N 2967 өкімімен мақұлданған Қазақстан Республикасының Экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасының (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1996 ж., N 18, 149-құжат) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығымен мақұлданған
Қазақстан Республикасының экологиялық қауіп-сіздігінің жай-күйі мен проблемалары
Қазақстандағы тәуелсіздік жылдары экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мүлде жаңа мемлекеттік жүйесінің құрылуының және қалыптасуы-ның, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдардың жақсы ұйымдастырылған және аумақтық таралған жүйесін - қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқарудың жылдары болды. Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және дәйекті іске асыруды қамтамасыз етті.
Алайда, Қазақстанда көптеген онжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғары техногендік салмақ түсіретін, табиғат пайдаланудың көбіне-се шикізат жүйесі қалыптасты. Сондықтан әзірге экологиялық жағдайдың түбегейлі жақсаруы әзір бола қойған жоқ әрі ол бұрынғысынша биосфераның тұрақсыздануына, оның қоғамның тіршілік әрекеті үшін қажетті қоршаған ортаның сапасын оның қолдау қабілетін жоғалтуына апаратын табиғи жүйелердің тозуымен сипатталады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негіздері Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 30 сәуірдегі өкімімен мақұлданған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасына енгізіліп, онда өтпелі кезеңнің экологиялық басымдықтары, атап айтқанда, жекешелендірудің экологиялық проблемалары, табиғат қорғау заңнамасының, мемлекеттік бақылау және сараптаманың, табиғат пайдаланудың экономикалық тетіктерінің, қоршаған орта мониторингінің жүйесін құру қажеттілігінің мәселелері қарастырылған болатын.
Ұлттық экономиканың барлық салаларын реформалау табиғи ресурстарды пайдалануға көзқарастардың өзгеруіне, қоршаған ортаны сақтауды ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық дамуды жүзеге асыруға негіз болды.
Аталған Тұжырымдаманы қабылдаған сәттен бастап Қазақстан Республи-касында қоғамдық дамуда елеулі өзгерістер болды. Мемлекет дамуының стратегиялық құжаттары әзірленді, табиғат қорғау заңнамасының негізі құрылды, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша бірқатар халықаралық конвенцияларға қол қойылды, табиғат қорғау қызметін басқару жүйесі құрылды.
Мысалы, 1997 жылы "Қоршаған ортаны қорғау туралы", "Ерекше қорғала-тын табиғи аумақтар туралы", "Экологиялық сараптама туралы", 1998 жылы - "Радиациялық қауіпсіздік туралы" Заңдар, ал 2002 жылы - "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" Заң қабылданды. Табиғатты ұтымды пайдалану саласында Президенттің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" (1996 жыл) және "Мұнай туралы" (1995 жыл) заң күші бар Жарлықтары, 2003 жылы - Орман, Су және Жер кодекстері қабылданды. Заңға тәуелді қажетті нормативтік құқықтық актілердің көпшілігі әзірленіп, бекітілді.
Заңнаманы жетілдіру мақсатында республикада оны дамыған елдердің заңнамасына жақындатуға және халықаралық стандарттарды енгізу бағыты алынды. Қазақстан Республикасы 19 халықаралық конвенцияға қол қойды және оларды іске асыру жөніндегі іс-қимылды ұлттық жоспарлары әзірледі. Экологиялық сараптау жүйесі, рұқсат ету және бақылау-инспекциялық жұмыс жолға қойылды.
Тұжырымдаманың міндеттерін орындау нәтижесінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейту және міндетті экологиялық сараптаманы енгізу есебінен 90 жылдардың басымен салыстырғанда қоршаған ортаны ластаудың қарқыны едәуір төмендеді. Алайда, мемлекеттің экологиялық осал аумақ және шешілмеген экологиялық проблемалар мәртебесі сол күйінде қалып отыр.
Жоғарыда аталғандармен байланысты елдің стратегиялық басымдықта-рына сәйкес қазіргі жағдайдағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің міндеттерін түбегейлі қайта қарау, нақтылау және кеңейту көзделуде.
Жаңа Тұжырымдамада іске асырылмаған міндеттерді шешу ұсынылады. Олардың ішінде: экологиялық қауіпсіздік пен табиғат пайдаланудың аса мА-ңызды проблемалары бойынша зерттеулердің, оның ішінде іргелі ғылыми зерттеулердің ілгерілемелі дамуын қамтамасыз ету; қоршаған ортаның жай-күйіне мониторингтің бірыңғай жүйесін енгізу; Қазақстан Республикасының аумағын экологиялық аудандарға бөлу және арнаулы картографиялау ұсынылады.
2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын әзірлеудің өзектілігі және басымдықтары
Әлемдік тәжірибе көрсететіндей, экологиялық проблемаларды табысты шешу мен экологиялық апаттардың алдын алудың негізі кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жүйесін экологияландыру болып табылатынын көрсетеді.
Ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде экологиялық қауіпсіздік тұрақты дамудың міндетті шарты болып табылады және табиғи жүйелерді сақтаудың және қоршаған ортаның тиісті сапасын қолдаудың негізі болады.
Осы Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы "Қазақстан - 2030" Стра-тегиясының басымдықтарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспарына сәйкес және XXІ ғасырдағы Күн тәртібінің негізгі ережелері мен Қоршаған орта және даму жөніндегі 1992 жылғы Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаттарын, сондай-ақ Йоханнесбургге өткен (2002 жыл) Тұрақты даму жөніндегі дүниежүзілік саммиттің шешімдерін ескере отырып әзірленді.
Қоршаған ортаның жай-күйінің нормативтік көрсеткіштеріне қол жеткізе отырып, экологиялық қауіпсіздіктің оңтайлы деңгейін қамтамасыз ету осы Тұжырымдаманың ережелерін кезең-кезеңмен іске асыруды көздейді.
Бірінші кезең (2004 - 2007 жылдар) - қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету және оны тұрақтандыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу.
Екінші кезең (2008 - 2010 жылдар) - қоршаған ортаның сапа көрсеткіш-терін тұрақтандыру және табиғат пайдалануға экологиялық талаптарды жетілдіру.
Yшінші кезең (2011 - 2015 жылдар) - қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу.
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мақсаты, негізгі міндеттері мен қағидаттары
Экологиялық қауіпсіздіктің мақсаты
Экологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты та-биғи жүйелердің, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен жеке тұлға құқығының қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсерлердің нәтижесінде туындайтын қатерлерден қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады.
Экологиялық қауіпсіздіктің негізгі міндеттері
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
· климаттың өзгеруі мен Жердің озон қабатының бұзылуына душар ететін антропогендік әсерді азайту;
· биоәртүрлілікті сақтау және жердің шөлейттенуі мен тозуының алдын алу;
· экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш полигондары мен сынақ кешендерін оңалту;
· Каспий теңізі қайраңының ластануының алдын алу;
· су ресурстарының тозуының және ластануының алдын алу;
· табиғи ластануларды, әуе бассейнінің ластануын, радиоактивті, бактериологиялық және химиялық, оның ішінде трансшекаралық ластануларды жою және олардың алдын алу;
· өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жинақталу көлемдерін қысқарту;
· табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу.
Қойылған міндеттерді шешуге:
· Қазақстан Республикасының заңдарын, табиғат пайдаланудың, мемлекеттік экологиялық бақылаудың және экологиялық мониторингтің экономикалық тетіктерін жетілдіру және жүйеге келтіру;
· табиғат пайдаланудың және экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесін оңтайландыру;
· қоршаған ортаны қорғау, экологиялық статистика, экологиялық білім беру, экологиялық үгіт-насихат және жұртшылықтың қатысуы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту;
· халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолымен қол жеткізіледі.
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің не-гізгі қағидаттары
Мемлекеттің экологиялық қауіпсіз дамуы мынадай қағидаттарға негізделеді:
· табиғи ресурстарды пайдаланудың экологиялық мүмкінді шектерін айқындайтын және қоршаған ортаны сапалы теңгермелі басқаруды қамтамасыз ететін шектеулердің, нормативтердің және шаруашылық әрі өзге де қызмет жүргізу ережелерінің ғылыми-негізделген кешенін енгізу жолымен мемлекеттің тұрақты дамуы үшін барлық қоғамдық қатынастарды реттеуге экожүйелік тәсіл;
· экологиялық қауіпсіздіктің өңірлік және жергілікті міндеттерінің экологиялық қатерлердің алдын алудың жаһандық және ұлттық мақсаттарына бағыныштылығы;
· қоршаған орта мен адамның денсаулығына келтірілген залалды өтеудің міндеттілігі (табиғат пайдаланушылар мен ластаушылар төлейді) ;
· өндірістік күштерді дамыту мен орналастырудың экологиялық-экономикалық теңгермелігі (экологиялық сыйымдылық пен аумақтық жоспарлау қағидаттары) ;
· шаруашылық және өзге де қызметінің қоршаған ортаға әсерін одан кейінгі экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалармен бағалаудың міндеттілігі;
· халықтың экологиялық ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз ету және оның экологиялық проблемаларды шешуге қатысуы;
· халықаралық ынтымақтастықтағы әріптестік және халықаралық құқық нормаларын сақтау.
3. Экологиялық қауіпсіздік проблемалары және оларды шешу жолдары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz