Инвестициялық жобалар және олардың жіктелуі
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны мен нысаны ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Инвестициялық жобалардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3 Инвестициялық шешімдерді бағалау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.2 Қазақстандағы инвестициялық жобалар тәуекелдерінің жіктелуін талдау..19
2.3 ҚР.дағы 2011.2013 жж. инвестицияның бөлінуін талдау ... ... ... ... ... ... ... ..22
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ Республикасындағы инвестициялық жобаларды қолдауды жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жобаларды қолдауды жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

Курстық жұмыстың өзектілігі. Нарықтық қатынастардың тереңдеуі және тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы алдында өндіруші өнеркәсіп саласынан жоғары технологиялық экономика секторын дамытуға мүмкіндік беретін елдің инвестициялық потенциалын құру жөніндегі стратегиялық мақсат тұр. Жоғары технологиялық өндірісті дамытуға бағытталған инвестициялық саясатты қалыптастыру индустриалды-инновациялық даму қағидалары негізінде жүргізілуі қажет. Осындай мақсаттарға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Индустриалды-инновациялық даму Стратегиясын құрды. Мұндай актуалды мәселелерді шешу сәйкес қаржылық даму институттарын құру және олардың тиімді қызмет ету механизмдерін қарастыруды талап етеді.
Сонымен қатар, қолайлы инвестициялық климатты құру қажет, ол инвестициялық салымдар көлемімен ғана емес, ең алдымен, бұл салымдардың нақты инвестициялық жобаларға құйылу тиімділігімен анықталуы тиіс. Мемлекетте қолайла инвестициялық климатты құруда мемлекеттің реттеуші қызметі өте маңызды. Мемлекет тарапынан инвестициялық жобалар үшін басымды экономика салалары анықталуы тиіс, отандық және шетел инвесторлары үшін олардың инвестициялық салымдарын қорғайтын құқықтық база құрылуы және инвестициялардың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі қамтамасыз етілуі қажет. Бұл инвестициялық жобалау механизмі негізінде жүзеге асырылады. Инвестициялық жобалау механизмінің актуалдығы экономика салаларына инвестициялар ағымын басқару, инвестицияларды талдау және дайындау процесінде бақылау жүйесін қолдану арқылы инвестициялардың тиімділігін қамтамасыз етумен анықталады.
коммерциялық, экономикалық тиімділік бағасын белгілеуді міндет ететін жобаның техникалық-экономикалық негізделуі.
Зерттеудің мақсаты: Инвестициялық жобалардың негізгі мақсаты – инвестициялық қорлардың түрлерін, инвестициялық жобаның жіктелуін толық қамти отырпы, тақырыпты зерттеу.
Сонымен, жоғарыдағы курстық жұмыстың мақсаттарына байланысты мынадай міндеттерді шешу қарастырылды:
- инвестициялық жобаның мәні, мазмұны мен нысанын қарастыру;
- Инвестициялық жобадағы тәуекелдердің экономикалық тиімділігін зерттеу;
- инвестициялық шешімдерді бағалау әдістерін зерттеу;
- инвестициялық жобалар және олардың жіктелуін зерттеу.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Инвестициялық жобалау мәселелерімен Ресей ғалымдары Канторович Л.В., Хачатуров Т.С., Шапиро В.Д. және басқалары айналысқан. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде инвестициялау және инвестициялық жобалау процесі жетік зерттелген. Уильям Ф. Шарп, Гордон Дж. Александр еңбектерінде бұл мәселе жан-жақты көрсетілген. Инвестициялар және Қазақстан экономикасындағы инвестициялық салымдардың ролі Аубакиров Я.А., Кошанов А.К., Баймұратов У.Б., Кенжегузин М.Б., Нұрланова Н.К., Карагусова Г., Есентүгелов А., Утебаев М.С және басқа ғалым-экономистердің еңбектерінде қарастырылған. Дегенмен, бұл еңбектер экономикалық өсу жағдайындағы инвестициялық жобалауды жетілдірудің негізгі мәселелерін ашпайды.
Отандық ғылымда инвестициялық жобалау мәселелерінің нақты және толық қарастырылмауы осы саладағы методикалық және практикалық ұсыныстарды дайындауды қажет етеді.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден 3 бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен құралады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан 2050- стратегиялық бағдарламасы», А-1997
2. Н.Назарбаев. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауы, Егемен Қазақстан, 2007, 28 ақпан.
3. Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» заңы//Егемен Қазақстан, 2012
4. Қазақстанда инвестициялық тәуекелді басқару мәселелері// Аль-Пари-2012
5. Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.О «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері», Алматы – 2002.
6.Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуы» 1/2008 және 1/2009
7. Назарбаев Н. Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы.- Алматы - Білім, 1998 .-94 б.
8. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан 2050- стратегиялық бағдарламасы», А-1997
9. Инвестиции в РК: тенденций переходного периода 2012-2. Издательство «МРК», 2011.
10. ҚР-ң инвестициялық заңнамасы // Ізденіс. — 2011. - №4, 100-104 бет.
11. Асилова А.С Инвестицияны қаржыландыру және несиелеу,- 2011.
12. Омарова А.К Инвестицияны қаржыландыру және несиелеу,- 2009.
13. Кадерова Н.Н. Финансирование и кредитование инвестиций,- 2011

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны мен
нысаны ... ... ... ... ... ... ... . ..5
1.2 Инвестициялық жобалардың жіктелуі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3 Инвестициялық шешімдерді бағалау
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу
барысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.2 Қазақстандағы инвестициялық жобалар тәуекелдерінің жіктелуін
талдау..19
2.3 ҚР-дағы 2011-2013 жж. инвестицияның бөлінуін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . .22
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ Республикасындағы
инвестициялық жобаларды қолдауды жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жобаларды қолдауды
жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Нарықтық қатынастардың тереңдеуі және
тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы
алдында өндіруші өнеркәсіп саласынан жоғары технологиялық экономика
секторын дамытуға мүмкіндік беретін елдің инвестициялық потенциалын құру
жөніндегі стратегиялық мақсат тұр. Жоғары технологиялық өндірісті дамытуға
бағытталған инвестициялық саясатты қалыптастыру индустриалды-инновациялық
даму қағидалары негізінде жүргізілуі қажет. Осындай мақсаттарға сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі Индустриалды-инновациялық даму
Стратегиясын құрды. Мұндай актуалды мәселелерді шешу сәйкес қаржылық даму
институттарын құру және олардың тиімді қызмет ету механизмдерін қарастыруды
талап етеді.
Сонымен қатар, қолайлы инвестициялық климатты құру қажет, ол
инвестициялық салымдар көлемімен ғана емес, ең алдымен, бұл салымдардың
нақты инвестициялық жобаларға құйылу тиімділігімен анықталуы тиіс.
Мемлекетте қолайла инвестициялық климатты құруда мемлекеттің реттеуші
қызметі өте маңызды. Мемлекет тарапынан инвестициялық жобалар үшін басымды
экономика салалары анықталуы тиіс, отандық және шетел инвесторлары үшін
олардың инвестициялық салымдарын қорғайтын құқықтық база құрылуы және
инвестициялардың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі қамтамасыз етілуі
қажет. Бұл инвестициялық жобалау механизмі негізінде жүзеге асырылады.
Инвестициялық жобалау механизмінің актуалдығы экономика салаларына
инвестициялар ағымын басқару, инвестицияларды талдау және дайындау
процесінде бақылау жүйесін қолдану арқылы инвестициялардың тиімділігін
қамтамасыз етумен анықталады.
коммерциялық, экономикалық тиімділік бағасын белгілеуді міндет ететін
жобаның техникалық-экономикалық негізделуі.
Зерттеудің мақсаты: Инвестициялық жобалардың негізгі мақсаты –
инвестициялық қорлардың түрлерін, инвестициялық жобаның жіктелуін толық
қамти отырпы, тақырыпты зерттеу.
Сонымен, жоғарыдағы курстық жұмыстың мақсаттарына байланысты мынадай
міндеттерді шешу қарастырылды:
- инвестициялық жобаның мәні, мазмұны мен нысанын қарастыру;
- Инвестициялық жобадағы тәуекелдердің экономикалық тиімділігін
зерттеу;
- инвестициялық шешімдерді бағалау әдістерін зерттеу;
- инвестициялық жобалар және олардың жіктелуін зерттеу.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Инвестициялық жобалау мәселелерімен Ресей
ғалымдары Канторович Л.В., Хачатуров Т.С., Шапиро В.Д. және басқалары
айналысқан. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде инвестициялау және
инвестициялық жобалау процесі жетік зерттелген. Уильям Ф. Шарп, Гордон Дж.
Александр еңбектерінде бұл мәселе жан-жақты көрсетілген. Инвестициялар және
Қазақстан экономикасындағы инвестициялық салымдардың ролі Аубакиров Я.А.,
Кошанов А.К., Баймұратов У.Б., Кенжегузин М.Б., Нұрланова Н.К., Карагусова
Г., Есентүгелов А., Утебаев М.С және басқа ғалым-экономистердің
еңбектерінде қарастырылған. Дегенмен, бұл еңбектер экономикалық өсу
жағдайындағы инвестициялық жобалауды жетілдірудің негізгі мәселелерін
ашпайды.
Отандық ғылымда инвестициялық жобалау мәселелерінің нақты және толық
қарастырылмауы осы саладағы методикалық және практикалық ұсыныстарды
дайындауды қажет етеді.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден 3 бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер
тізімінен құралады.
1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІНІҢ ТЕОИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны мен нысаны
Инвестиция теориясын ағылшын экономисі Дж. Кейнс өзінің Жалақы,
пайыз және ақшаның жалпы теориясы (1936 ж.) еңбегінде қарастырған, онда
ол салымның өндіріске жан бітіретін және тиімді сұранымның басты
факторы ретінде қарастырады. Салымның өсуі ұлттық табыстың ұлғаюына,
өндіріске қосымша жұмыскерлерді тартуға ықпал етеді, яғни жұмыссыздықты
жояды.
Инвестиция немістің invesition деген сөзі және бұл кәсіпорынға
(фирма) пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капитал мөлшерін
көрсетеді. Осы тұрғыдан инвестициялау күрделі қаржыға қарағанда кең
мағына білдіреді.
Инвестиция тиімділігін арттырудың басты құралы техникалық прогрес
болып табылады. Жаңа техниканы ендіру оны экономикалық тиімділігін анықтау
қажеттілігін қарастырады және оның пайдалы проектісін ескісімен
салыстырғанда мына параметрлермен айқындалмақ: машина, станоктың қуаты
мен өнімділігі, ондағы деталдарды еңбек тиімділігін арттыру және оны
жеңілдеті болып табылады.
Инвестиция дегеніміз – бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және
басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бар өндірісті дамыту үшін
жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз (процент) түріндей
немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Инвестициялық жобаның қайнар көзіне - өнеркәсіп кәсіпорының
(фирма) көптеген пайдасы, ірі банктердің еркін ақшалай қоры, тұрғындардың
жинаған ақшалары, мемлекеттің ақшалай қоры, яғни мемлекеттің табыстарынан
(салық, кеден салығы және т.б.) оның барлық шығындарын алып тастау.
Тұтынуға кетпеген барлық ресурстар – жинақталған ресурстар болады. Олар
инвестиция ретінде жаңа кәсіпорынды салуға және жұмыс атқаратын
тұрғындарын жабдықтауға сондай – ақ жол құрылысына, денсаулық сақтау,
оқу – ағарту, мәдени объектілеріне бағытталған, яғни капиталдың қорлануына
жұмсалады. Қорлану теориясын К.Маркс Капиталдың бірінші томында
қарастырған, онда капиталдың қорлануының мәні мен механизмін ашады, ел өз
кезегінде оның органикалық құрылымын өзгертеді және жұмыссыздықты
тудырады.
Инвестщиялық жоба дегеніміз - шаруашылық іс-шаралардың жоба-ларын
қамтитын ұйымдастыру-құқықтық және есептік-қаржылық құ-жаттардың жүйесі.
Инвестициялық жоба жүйе ретінде жобаның жасалуы мен жүзеге асы-рылуын
мынадай кезеңдер бойынша қарастырады:
1. Инвестициялық идеяларды қалыптастыру, оны таңдау және негіздеу,
инновациялық, патенттік және экологиялық талдаулар жасау, сертификаттары
талаптар, жобаны жүзеге асыратын кәсіпорынды тандау, ақпараттық меморандум.
2. Инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеу және негіздеу, өнім мен қыз-
метке деген сұранысты, ағымдағы және болжамды бағаларды, коммер-циялық
тиімділіктерді зерттеу.
3. Маркетингтік зерттеу (сұраныс, ұсыныстар, нарық сегментациясы,
баға, сұраныс икемділігі, маркетингтік стратегия, т.б.) өткізуді, өнім
шығару бағдарламасын қалыптастыру, сметалық-қаржылық (өндіріс шығыны
бағамы, капитал салымдары есебі, айналым капиталының қажеттіліктері),
бюджеттік, коммерциялық, экономикалық тиімділік бағасын белгілеуді міндет
ететін жобаның техникалық-экономикалық негізделуі.
4. Келісімшарттық құжаттар мен тендер саудасын дайындау.
5. Жобаның құжаттарын дайындау.
6. Құрылыс-монтаждау, реттеу жұмыстары, қызметкерлерді оқыту, келісім-
шарт даярлау, өнімнің лидерлік партиясын шығару.
7. Объектіні пайдалану, экономикалық мониторингі (өнімді серти-
фикаттау, дилерлік желі түзу, техникалық қызмет көрсету орталығын құру,
жобаның экономикалық көрсеткіштерінің мониторингі).
Жаңа бұйым, жаңа техника мен технологияны, құрылыс салу, кеңейту, қайта
жаңғыртуды және техникалық қайта жабдықталуды инвестиция объектісі етіп
алған кәсіпорындар инвестиция субъектісі (рециплент) болып табылады. Бұл
объектілер масштабына, бағытына (коммерциялыкқ әлеуметтік, т.б.) және
инвестициялық циклдің сипатына қарай ажы-ратылады.
Инвестициялардың капитал түзуші (капиталды шығындар, ҒЗТКЖ, құрылысы,
айналым қаражатының өсуі, қайта жаңғырту және техникалық қайта жабдықталу)
және өзіндік қаржылық құралдары есебінен қаржылык активтерге тартылатын
қоржындық инвестициялар (кіріс, амортизациялық аударылымдар, акцияларды
сату, қаржыны холдингтермен бөлісу, т.б.), сондай-ақ, қаржылық ресурстардың
инвестицияларды қаржылық салымдарға айналдыратын заемдық қаржыдан (несие,
облигация, вексель), шетел инвестициясынан, бюджеттен қаржы бөлулер сияқты
түрлері бар.
Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни таза
табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі саналады. Басқаша айтатын
болсақ, инвестиция көзі-жаңадан жасалынған құн немесе таза табыстың
сақталатын бөлігі болып табылады. Шаруашылық субьектілері немесе
кәсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен, өзін-өзі
қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды. Тағайындалу
түрлері бойынша инвестициялар нақты және қаржылық инвестиция болып екі
түрге бөлінеді.
Нақты инвестиция дегеніміз – шаруашылық субьектісіндегі белгілі бір
материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық, құрылыс)
өсуіне, дамуына жұмсалыну үшін салынатын салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестициялар — бұл субъектінің табыс алу мақсатында
пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға
ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын баска да олжалар
(мысалға, коммерциялық мәміленің нәтижесі). Сондай-ак, қаржылық
инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Каржылық
инвестицияның бір түрі болып бағалы (кұнды) кағаздар да саналады. Барлық
бағалы (құнды) кағаздар екі топка бөлінеді — ақшалай және күрделі
(капиталды) болып. Акшалай бағалы қағаздарды алған кезде акшалай қарыздарды
алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға:
вексельдер, депозиттер және жинак сертификаттар және т.б. жатады. Осы
бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар
өзінің номиналдык (атаулы) кұнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен
калыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, кысқа мерзімге (бір жылдан
аспайтын уакытқа) беріледі.
1.2 Инвестициялық жобалардың жіктелуі
Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы отандық және шет елдік
инвестициялардың қаншалықты көп болуымен байланысты болып келеді.
Инвестицияларды әртүрлі қаржы құралдарын шығара отырып тарту жағдайы
бүгінгі күні кең көлемде қолға алынды. Оған елдегі қолайлы инвестициялық
климат өз әсерін тигізуде.
Инвестициялық жобаларды дайындай отырып, ссудалық қаражаттарды бизнеске
тарту соңғы жылдары қолға алынды.
Жобалық несиелеу – бұл отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын
жаңа нысаны болып табылады және оның банктік несиелеуден мынадай
артықшылықтары бар:
1. Инвестициялаудың стратегиясын даярлау;
2. Инвестициялаудың белгілі бір уақыт аясын белгілеу;
3. Инвестициялық басымдығын анықтау;
4. Баламалы нұсқауларды қарастыру;
5. Инвестицияның жүзеге асыру жоспарын дайындау;
6. Бір уақытта бірнеше қаржыландыру көздері арқылы қаражат тарта алу.
Инвестициялық жобалар арқылы несие алу экономиканың нақты секторларын
дамытуда болашақта ең негізгі құрал болатыны сөзсіз.
Инвестициялық жоба дегеніміз шектелген уақыт мерзімі ішінде белгілі бір
мақсаттарға жетуге бағытталған бір-бірімен тығыз байланысқан және үйлескен
ұйымдастырушылық, техникалық және инвестициялық іс-әрекеттер жиынтығы.
Жоба белгілі бір бастапқы мәліметтері бар нәтиженің (мақсаттың) болуын
талап ететін және оны шешу тәсілдеріне негізделетін міндеттерді білдіреде.
08.01.2003 ж. ҚР Инвестиция туралы Заңында инвестициялық жоба
түсінігіне келесідей анықтама беріледі: Инвестициялық жобалар жұмыс істеп
тұрған кәсіпорындарды кеңейтуге және жаңартуға немесе жаңа кәсіпорындарды
құруға инвестицияларды көздейтін шаралар жиынтығы.
Жобалардың табыстылығы көптеген факторларға байланысты:
1. инвестициялық негіздеме деңгейінің жоғары болуы, сметалық құнын және
құрылыс ұзақтығын бағалаудың сенімділігі;
2. объектінің барлық функционалды талаптарға сай келуі, пайдалану
шығындарын минимизациялауды қамтамасыз ету деңгейінің жоғары болуы;
3. жобаны басқару жұмыстарын рационалды түрде ұйымдастыру;
4. жобаның жүзеге асырылу уақытында тапсырыс берушінің жобаға өзгерістер
енгізе алу мүмкіндігі.
1 Кесте. Инвестициялық жобалардың жіктелуі
Қолданылатын ресурстар кіші жобалар
көлеміне байланысты орта жобалар
мегажобалар
Жүзеге асу мерзіміне қысқа мерзімді
байланысты орта мерзімді
ұзақ мерзімді
Ұлттық масштабына байланыстыұлттық жобалар
халықаралық жобалар
Тәуекел деңгейіне байланыстытөмен тәуекелді
орташа тәуекелді
жоғары тәуекелді
Ұйымдастыру нысанына мультижоба
байланысты модульдік жоба
Жобаны бағалауда және оның тиімділігін есептеуде жобалық талдаудың негізгі
санаты жобаның өмір сүру циклы болып табылады. Өмір сүру циклы деп
жобаның пайда болуы мен оның жойылуы кезіне дейінгі уақыт аралығын айтамыз.
Жалпы алғанда жобалық цикл келесі кезеңдерден тұрады:
1. инвестициялық шешім қабылдау;
2. инвестициялау;
3. жаңадан құрылған объектілерді пайдалануға беру.
Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі мамандарының сараптауы бойынша
жобалық цикл мына кезеңдерден тұрады:
1. жобаларды таңдау (identification);
2. жобаларды дайындау (preparation);
3. жобаларды бағалау (appraisal);
4. келіссөздер жүргізу және жобаны бекіту (negotiations and appraisal);
5. жобаны жүзеге асыру және оны бақылау (implementation and control);
6. жобаның нәтижелерін бақылау (evaluation).
Әлемдік банктің мәліметтеріне сүйенсек, инвестициялау алдындағы кезең
шығындарын былайша топтауға болады (жоба құнынан):
1. жобаның инвестициялық ниетінің қалыптасуы (инветсицялық ұсыныс) – 0,2-
1%;
2. инвестициялық зерттеулер – 0,25-1,5%;
3. жобаның техникалық – экономикалық негіздемесі:
a) шағын жобалар үшін – 1,0-3,0%;
b) ірі жобалар үшін – 0,2-1,0%.
Инвестициялық жобаларды қаржыландырудың әр түрлі формалары мен әдістері
бар. Солардың ішіндегі ең кең тараған түрлері келесілер:
1. акционерлік инвестициялар – акциялар сатып алу негізінде ақша
салымдарын жасау;
2. бюджеттік инвестициялау – иневестициялық бағдарламалар арқылы жүзеге
асырылатын тікелей субсидиялау;
3. инвестицияларды қаржыландыру ретіндегі лизингтік операциялар, яғни
меншік құқығын сақтай отырып, ұзақ мерзімге құрал-жабдықтарды, мүлікті
арендаға беру;
4. жеке және заңды тұлғалардың қарыздық міндеттемелері және банктік
несиелер негізінде қарыздық қаржыландыру.
Инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздері де әр түрлі болады:
1. шаруашылық субъектілердің жеке қаржы көздері – пайда, амортизациялық
аударымдар, тартылған қаражаттар (акция сатудан түскен түсім,
қаәтарымсыз негізде берілген қаражаттар, т.б.), сақтандыру ұйымдары
төлейтін өтем сомалары, басқа да активтер;
2. әр түрлі бюджет деңгейлері тарапынан, кәсіпкерлікті қолдау қорларынан,
бюджеттен тыс қорлардан қайтарымсыз немесе жеңілдіктер негізінде
берілетін бюджеттік ассигнованиялар;
3. шетел инвестициялары – біріккен кәсіпорындардың жарғылық капиталын
қаржыландыру формасындағы шетел жеке және заңды тұлғаларының капиталы,
халықаралық ұйымдардың, меншік түрлері әр түрлі қаржы ұйымдарының және
жеке тұлғалардың тікелей қаражат салымдары;
4. қарыз қаражаттары – қайтарым негізінде мемлекеттік және коммерциялық
банктермен, шетел инвестиорларымен (Әлемдік банк, Европа Қайта құру
және Даму Банкі, халықаралық қорлар, т.б.), зейнетақы қорларымен
берілетін несиелер.
Коммерциялық жобаларда қоғам немесе жеке меншік кәсіпорын ресурстары
белгілі бір тауарлар мен қызметтерді алып-сату арқылы спекулятивті табыс
алуға бағытталады.
Инвестициялық жоба – бұл жобаның іске асуына қажетті және оның
мақсаттылығын көздейтін қаржылық-экономикалық, инжинерліөтехникалық
құжаттар жүйесі.
Инвестициялық жобалар негізінен ұзақ мерзімді инвестициялық салымдарды
көздейді. Мәселен, кәсіпорындар мен фирмалар тарапынан жиі ұсынылатын
жобалардың келесідей түрлерін келтіруге болады:
1. құрал-жабдықтарды ауыстыру немесе жаңартуға бағытталған жобалар;
2. өткізілім нарығын кеңейтуге және тауарлар өндірісін ұлғайтуға
бағытталған жобалар;
3. жаңа тауарлар шығарып, жаңа нарықтарға шығуды көздейтін жобалар;
4. өндіріс қауіпсіздігін арттыруға және қоршаған ортаны қорғауға
бағытталған жобалар.
Инвестициялық жобаларды тәуелді және тәуелсіз инвестициялық жобалар деп
бөледі.
Егер екі жоба бойынша күтілетін шығындар мен нәтижелер екінші жобаның
сәйкес көрсеткіштеріне әсер етпейтін болса, онда екі жоба тәуелсіз деп
танылады. Бұл жобалар бойынша шешім қабылдау, оларды дайындау және жүзеге
асыру әр жоба бойынша жеке жүргізіледі.
Тәуелді инвестициялық жобалар өз кезегінде бірін-бірі жоятын және бірін-
бірі толықтыратын болып бөлінеді.
Бірін-бірі жоюшы жобалар екі жобаның бір мезгілде жүзеге асырылуының
техникалық жөнінен мүмкінсіздігімен және экономикалық тұрғыдан
тиімсіздігімен сипатталады.
Бірін-бірі толықтырушы жобаларда бір жобаның екінші жобадан бөлек іске
асырылуы екі жобаның параллельді түрде бірге жүргізілуіне қарағанда аз
көлемде табыс береді.
Әрбір тез дамып келе жатқан коммерциялық ұйым қызметінің маңызды
аспектілерінің бірі – инвестициялау.
Инвестициялау туралы шешім - қабылдау өте күрделі процесс. Оған түрлі
факторлар әсер етуі мүмкін: инвестициялардың түрі, инвестициялық жоба құны,
қаржы ресурстарының шектеулілігі, инвестициялау процесінде болатын
тәуекелдер, т. б.
Әрбір шешім қабылдау процесі әр түрлі кезеңдерден тұрады.
1 Сурет . Шешім қабылдау үрдісінің кезеңдері
Жоспарлау кезеңі 4 этаптан тұрады:
1. Мәселе қою кезеңі. Шешім қабылдау критерийлерін анықтап алу үшін
инвестор өзінің инвестициялық іс-әрекеттерің мақсаттарын анық білуі
қажет.
2. Ізденіс кезеңі. Бұл этапта инвестордың мүмкін іс-әрекеттерін және
олардың нәтижелерін анықтау қажет. Бұл мәселе жоспарлау әдістерін
қолдануды талап етеді.
3. Бағалау кезеңі инвестордың өз мақсаттарына жетуін қамтамасыз ететін
шешімдерді қабылдаудың алдындағы дайындық кезеңі болып табылады.
4. Шешім қабылдау кезеңі. Берілген кезеңде баламалы жобаларды салыстыра
отырып, болашақта іске асырылуы мүмкін жоба қабылданады.
Іске асыру кезеңі. Инвестициялау процесі қабылданған шешімге байланысты
жүзеге асырылады.
Бақылау кезеңі. Жоспарланған нәтижелер нақты нәтижелермен
салыстырылады.
Жобалық талдаудың міндеттеріне инвестициялық жобаның іске асырылуын
бағалау, жобаның нәтижелілігін бағалау, жобаның тиімділігін бағалау және
жобаны оңтайландыру жатады.
Кез келген инвестициялық жобаны талдау барысында жобаның түріне, сондай-
ақ, оның мазмұнына және сипатына байланысты әр түрлі саладағы мамандардың
қатысуы талап етіледі. Ондай мамандарға қаржы-экономистер, инжинер-
технологтар, архитекторлар, жұмысшылар, инжинер-экологтар және т.б. жатады.
Инвестициялық жобаны талдау қаралатын жобаның артықшылықтары мен
кемшіліктерін жан-жақты бағалауға негізделеді. Осыған сәйкес жобалық талдау
да бірнеше түрлерге бөлінеді:
1. жобаны экономикалық талдау;
2. жобаны техникалық талдау;
3. жобаны коммерциялық талдау;
4. жобаны ұйымдастырушылық талдау;
5. жобаны әлеуметтік талдау;
6. жобаны экологиялық талдау;
7. жобаны қаржылық талдау.
Соның ішінде жобаны коммерциялық талдау жүйесін төмендегі 2-ші суреттен
көруге болады:
2 Сурет. Инвестициялық жобаны коммерциялық талдау
Таңдау нәтижесі ретіндегі кез келген шешім іс-әрекетке бастаманы
білдіреді.
Шешімдердің тиімділігін негіздеудің рационалды әдістерін таңдаудың
маңызды аспектілерінің бірі – осы шешімнің классификациялық белгілерін
білу. Классификациялық белгілер тізімін төмендегі кестеден көруге болады:
2 Кесте. Жобалық шешімдер классификациясы
Классификация белгілері Жүйе мінездемесі
1. Экономика сферасы Позитивті
Нормативті
2. Мазмұны Экономикалық, технологиялық,
әлеуметтік, т.б.
3. Әрекет ету мерзімі Қысқа мерзімді (оперативті)
Орта мерзімді (тактикалық)
Ұзақ мерзімді (стратегиялық)
4. Шешім қабылдайтын адамдар саныЖеке
Коллективті
5. Шешім қабылдау ортасы Анықтық
Тәуекел
Анықсыздық
6. Мақсаттар саны Бір мақсатты
Көп мақсатты
7. Ақпараттық база Келесі мәліметтер негізінде құрылған:
априорлы
апостериорлы
8. Бірегей деңгейі Күнделікті
Шығармашылық
9. Эксперимент жасау мүмкіндігі Бар
Жоқ
Нарықтық экономикаға өту кезеңінде жетіспейтін инвестициялар шет ел
несиелерімен толықтырылатын жағдайда қабылданатын инвестициялық шешімдердің
экономикалық негізділігіне талаптар күшейді. Жобаларды бағалау жұмыстары
әрдайым дұрыс жүргізілуі керек. Бағалаудың қателігі немесе инвестициялар
өтелу құнының асыра көрсетілуі қаржылық ұйымдар үшін біршама қиыншылықтар
туғызуы мүмкін, өйткені рентабельді, табыстылығы жағынан тиімді жобаларды
қабылдамауға алып келеді.
1.3 Инвестициялық шешімдерді бағалау әдістері
Жобалардың тиімділігін бағалау және оларды қаржыландыруға іріктеуге
қатысты әдістемелік ұсынымдарда мына төмендегілер бөліп көрсетіледі:
— коммерциялық-қаржылық тиімділік,
— бюджеттік тиімділік,
— инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға арналған капитал са-лымдарының
экономикалық тиімділігі.
Жобаның коммерциялық тиімділігі (қаржылық негіздеу) қаржылық шығындар
(Қш) және нәтижелердің (Қ^) арақатынасымен анықталады:
К. =ҚҚ Н
Кәсіпорынның инвестициялық, операциялық және қаржылық қызметі нақты
ақшаның (А ) түсімі (Т ) мен қайтуы (К ) ағымын есепке ала отырып
анықталатын коммерциялық тиімділіктің негізін құрайды:
Кәсіпорынның инвестициялық қызметінен түсетін нақты ақша ағыны негізгі
капиталға (негізгі өндірістік қор мен материалдық емес активтерге) және
айналымдағы капиталдың (айналымдағы өңцірістік қорлар-дыңқаржылардың)
өсуіне жұмсалатын капитал салымдарымен байланысты шығынның барлық түрін
қамтиды. Операциялық қызметтен түсетін нақты ақшаның таза ағыны өндіріс
шығынын, амортизация, несие, салық пен алымдарды қоса есептегендігі өнімді
сатудан түскен кіріс пен шығыстың барлық түрін қамтиды. Бұған өткізуден тыс
кірістер де жатады. Қаржылық қызметтен түскен нақты ақша ағыны акциялармен,
демеу қаржымен, қысқа және ұзақ мерзімді несиемен, олардың өтелуімен және
дивиденттердің төленуімен байланысты нақты ақшаның түсімі мен кетуін
(жылыстауын) қамтиды.
Бюджеттік тиімділік федералдық және аймақтық бюджеттен қаржы-
ландырылатын жобалардың кірісі мен шығысының арақатынасы арқылы анықталады.
Мұндайда бюджет тиімділігі жобаны жүзеге асырудың кірісі мен шығынының
айырмашылығы ретінде анықталады. Шығыс құрамына жобаларды қаржыландырудың,
банк несиелерінің, мемлекеттік құнды қағаздар төлемінің, сондай-ақ, мүмкін
болатын барлық инвестициялық тәуекелдерді кепілдендірудің бюджеттен
жұмсалатын барлық шығындары кіреді.
Өткізуге арналған ең жақсы жобаны таңдау түрлі инвестициялық жобалар
мен олардың көрсеткіштерін салыстыру арқылы жүзеге асады. Мұндайда тұтастай
алғанда инвестициялық жобаны таңдаудың түрлі әдістері мен критерийлері
қолданылады:
— Кірісті таза дисконттау әдісі;
— Табыстылық индексі әдісі;
— Табыстылықтың ішкі нормасының әдісі.
Таза дисконтталған кіріс (ТДК) - интегралды тиімділік (интегралды
нәтижелердің интегралды шығындардан жоғары түруы) - дисконттың тұрақты
нормасында барлық есептеу кезеңі (мысалы, жаңатехника қызметінің
амортизациялық-нормативтік мерзімі) бойынша анықталады: мұндағы: Т- 1-інші
адымдағы есептеу шегі (объектіні енгізуден жоюға дейін); Ні және Ші - і-
інші адымдағы нәтижелер (мысалы, өнімді өткізу) және шығыстар (өндіріс
шығындары).
Мысалымызда өнімді өткізуден түсетін дисконтталған кіріс дискон-тталған
капитал салымдары көлеміне азаюы мүмкін:
Кі - 1-інші адымдағы капитал салымдары.
Мүндайда дисконтталған таза кіріс төмендегіні құрайды:
Мұндағы;
Төі = Ні - Ші: - өнімді өткізуден түскен табыс (пайда).
Жоба нәтижелерінін (тандалған және өткізілетін) құрамына басқарудың
түрлі деңгейінде мына төмендегілер қамтылады:
— халық шаруашылығы деңгейінде (ақырғы өндірістік нәтижелер - мүлік пен
интеллектуалдық меншікті (жаңалық ашу, ноу-хау, ЭЕМ бағ-дарламалары, т.б.)
сатудың, ішкі және сыртқы нарықта барлық өнімдерді өткізудің түсімі);
әлеуметтік-экономикалық нәтижелер, тікелей қаржылық нәтижелер (салықтар мен
алымдар), несие мен займдар, импорттық банк, т.б.;
— басқарудың халық шаруашылығындағы деңгейіндегі тәрізді ай-мақтық
деңгейде қол жеткізілген нәтижелер;
— кәсіпорын деңгейінде жоба нәтижелеріне жеке қажеттілікке пай-
даланылған өнімдерден өзге, өнімді өткізуден түскен, сондай-ақ, кәсіпорын
қызметкерлеріне арналған әлеуметтік нәтижелер және еңбек шарттарын жақсарту
бойынша экологиялық нәтижелер жатады.
Тандалған жоба құрамында қатысушы-кәсіпорындар шығыны, бір жолғы және
ағымдағы шығындар, амортизациялық аударылымдар, қатысушы-кәсіпорындардың
мемлекеттік бюджет кірісіне төлемдерінің барлық түрі, процестер мен
несиелер, т.б. қамтылады.
Бұл критерий жалпы түрде дисконтгалған таза кіріс максимумында
-тандалған жобаны жүзеге асыруға арналған капиталды салымдарды есепке
алмайды. Сондықтан бұл критерий келтірілген тиімділік мөлшерінің кел-
тірілген капитал салымдарының көлеміне қатынасы ретіндегі табыстылық
индексі (ИД) критерийімен - көрсеткіштерімен толықтырылады:
Осы критерий бойынша ТИ1 болғанда, жоба тиімді болады, ал ТИ1 болса,
ал тиімсіз болып табылады. ТИ=1 болғанда, бұл капиталды салымдардың тиісті
мерзімінде өтелуін білдіреді:
Жобаның тиімділігі туралы мәселенің нүктесін табыстылықтың ішкі нормасы
(ТІН) қояды:
Инвестициялық жобаның оңтайлы нұсқасын таңдағаннан кейін оның жүзеге
асу шарттарындағы болуы мүмкін өзгерістерге төтеп беру деңгейі анықталады.
Осы мақсатта шығынсыздық нүктесі (өнім өндірудің шектік көлемі),
белгісіздік (тәуекел) және инфляция факторын есепке алатын экономикалық
әсер мөлшері есептеледі.
Шығынсыздық нүктесі өткізуден түскен түсім (ӨТ) өндірістің жалпы
шығынына (ӨШ) тең болып, кіріс О-ге тең болатын өнімнің сыни көлемін
анықтайды:
Б х Пр - Швзг х Өс хПвқалг + Посг х Ө,
Мұндағы;
Б - өнім бірлігінің бағасы; Шөзг - өзгерісті үлестік (өнім бірлігіне
шаққанда) шығындар.
а1 жаңа =1 а1 негізгі
- ресурсы бағасының (жаңа және негізгі) инфляция нәтижесінде өсу
индексі. В - тауар бағасындағы инфляциясын ескермеуге болатын өзге де (Аі
санына кірмеген) шыгындар үлесі; Б(6), АР В және I - жобаны ө4деу негізінде
белгіленеді.
Жобаның бүкіл өміршеңдік цикліндегі коммулятивті (жинақтаушы) әсер
мөлшері жылдарға қарай едәуір айырмашылықта ұшырайды.
Шығынсыздық нүктесінің мөлшері қаншалықты аз болса, жобаның қаржылық
беріктігінің қосалқы қоры соншалықты көп болады.
Инвестициялық жобаны жүзеге асырудың экономикалық әсері белгі-сіздік
(тәуекел) факторын есепке алуға тиіс, яғни, осы факторды есепке алатын
күтілетін экономикалық әсер есептелуге тиіс.

барысы
Қазақстанның инвестициялық Қоры АҚ Қазақстанның даму институты
ретінде Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-
2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру шеңберінде Қазақстан
Республикасы Үкіметінің №501 қаулысымен 2003 жылдың 30 мамырында құрылған.
Қазақстанның инвестициялық Қоры АҚ-ның Жалғыз акционері – Самұрык-
Қазына Ұлттық Әл-ауқат Қоры АҚ.
Қордың мақсаты – перспективалы ұйымдардың жобаларына инвестицияларды
жүзеге асыру және тарту арқылы Қазақстан Республикасының индустриялық-
инновациялық саясатын іске асыруға ықпал ету, экономиканың шикізаттық емес
секторындағы жеке секторының бастамасына қаржылық көмек көрсету.
Қордың мәселелері:
1. Шикізат пен материалдарды толығымен қайта өндіретін, жаңа
технологияларды пайдаланып, бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаратын,
сонымен бірге келешегі бар ұйымдарға өндірістік қызмет көрсететін,
өздерінің іс әрекеттерін өнеркәсіпте жүзеге асыратын жаңадан құрылған,
сондай-ақ жұмыс істеп тұрған ұйымдардың жарғылық капиталдарына
инвестицияларды жүзеге асыру;
2. Инвестициялық жобаларды Қормен қаржыландыру арқылы экономиканың
шикізат емес секторына жеке инвестицияларды ынталандыру (ұйымдардың
жарғылық капиталдарына инвестицияларды жүзеге асыру) және осы
жобаларды басқаруға қатысу;
3. Қосымша, аралас өндірістерді дамытатын, отандық және шетелдік ұйымдар
арасында өндірістік кооперацияны қамтамасыз ететін, Қазақстан
Республикасынан тыс жердегі инвестициялық жобаларды бірлескен
қаржыландыру арқылы шетелдегі қазақстандық ұйымдардың инвестициялық
белсенділігін көтеруге ықпал ету.
4. Мемлекеттік бағдарламаларда айқындалған қызмет бағыттарын, сондай-ақ
Сарыарқа макроөңірінің кластерлік бастама мен сауда балансы жөнінде
жүргізілген зерттеулерді ескере отырып, шикізаттық емес сектордағы
Сарыарқа Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпорациянің(әрі қарай ӘКК)
инвестициялық қызметінің мынадай басымдықтары айқындалды:
• металлургия және металл өңдеу;
• ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу (ет-сүт өнімдерін қайта өңдеу,
дайын өнімдерді орау және шығару);
• жеміс-көкөніс кластерін құру;
• тері өңдеу өнеркәсібі;
• жиһаз жинау және жиһаз керек-жарақтарын шығару;
• қағаз өнімдерін шығару;
• құрылыс материалдарын шығару, оның ішінде шыны массасын шығару;
• балық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz