Табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға ынталандыратын, жауапкершілігін артыратын экономикалық механизм мен тетіктер жүйесі



Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Табиғатты қорғауға, тиімді пайдалануға ынталандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2.Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғауды ынталандырудың экономикалық механизмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
Кіріспе

Адамзаттың әлеуметтік- экономикалық прогрестің шыңдарына шығуы оның табиғаттың әр түрлі сыйлықтарын – табиғи (немесе жаратылыстық) ресустарды пайдалануымен барынша тығыз байланысты. Адамның табиғи ресустардың әр түрін қажетсінуі біркелкі емес. Мысалы, табиғаттың баға жетпес сыйлығы – оттегінсіз адам бірнеше минутте тіршілік ете алмайды, ал ядролық отын уран мен плутонийсіз мыңдаған жыл өмір сүрді. Табиғи ресустарды игеруге жұмсалатын шығын да әр түрлі. Кейде бұл шығындар болмашы, алайда көбіне табиғи ресурстарды игеру көп күрделі қаржыны керек етеді: әсіресе қымбат тұратын техника мен технологияны қолдану, кен орындарын өндіру кезінде көп қаражат жұмсалады. Барланып, өндірілген көптеген табиғи ресустар материалдық өндірістің алуан түрлі салалары үшін шикізат болып табылады.
Табиғи ортаны қорғау, табиғат байлығын тиімді пайдалану, оған барлық халық, жеке кәсіпорындар мен кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар мүдделі болғанда ғана ауқымды және нәтижелі болады. Мүдделілікті эконоикалық ынталандару тетіктері арқылы басқаруға болады. Экономикалық басқару механизмдерін қолданып табиғатты қорғауға, тиімді пайдалануға жағдай жасалады. Экономикалық жолмен басқарудың ерекшелігі, мұнда ешкімді күшпен зорлап емес, әркімнің өз еркімен табиғатты қорғауға, оның байлығын молайтып, тиімді пайдалануға жұмсалады. Табиғи ортаға зиян келтіру, табиғат ресурстарын ысырапқа ұшырату ең бірінші кезекте оған жол бергендердің өзіне тиімсіз.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Н.Қ.Мамыров, М.С.Тонкопий, Е.М.Үпішев «Табиғатты пайдалану экономикасы», Алматы 2005
2. С.Мұқаұлы, Е.Үпішев «Табиғатты пайдалану экономикасы»,Алматы 1999
3. Т.И.Есполов, О.А.Абралиев «Табиғатты пайдалану экономикасы», Алматы 2005
4. Қ.Ә.Әлімбетов, Г.С.Оспанова, А.Қ.Мейірбеков «Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері», Алматы 2000.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлтық университеті
Биология және биотехнология факультеті
Молекулярлық биология және генетика кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға ынталандыратын, жауапкершілігін артыратын экономикалық механизм мен тетіктер жүйесі

Оқытушы: б.ғ.к., Басығараев Жандос Махабатович
Студент: Сабырқұлов Аман Өтемісұлы, экология 106

Алматы 2012
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Табиғатты қорғауға, тиімді пайдалануға ынталандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2.Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғауды ынталандырудың экономикалық механизмі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18


Кіріспе

Адамзаттың әлеуметтік- экономикалық прогрестің шыңдарына шығуы оның табиғаттың әр түрлі сыйлықтарын - табиғи (немесе жаратылыстық) ресустарды пайдалануымен барынша тығыз байланысты. Адамның табиғи ресустардың әр түрін қажетсінуі біркелкі емес. Мысалы, табиғаттың баға жетпес сыйлығы - оттегінсіз адам бірнеше минутте тіршілік ете алмайды, ал ядролық отын уран мен плутонийсіз мыңдаған жыл өмір сүрді. Табиғи ресустарды игеруге жұмсалатын шығын да әр түрлі. Кейде бұл шығындар болмашы, алайда көбіне табиғи ресурстарды игеру көп күрделі қаржыны керек етеді: әсіресе қымбат тұратын техника мен технологияны қолдану, кен орындарын өндіру кезінде көп қаражат жұмсалады. Барланып, өндірілген көптеген табиғи ресустар материалдық өндірістің алуан түрлі салалары үшін шикізат болып табылады.
Табиғи ортаны қорғау, табиғат байлығын тиімді пайдалану, оған барлық халық, жеке кәсіпорындар мен кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар мүдделі болғанда ғана ауқымды және нәтижелі болады. Мүдделілікті эконоикалық ынталандару тетіктері арқылы басқаруға болады. Экономикалық басқару механизмдерін қолданып табиғатты қорғауға, тиімді пайдалануға жағдай жасалады. Экономикалық жолмен басқарудың ерекшелігі, мұнда ешкімді күшпен зорлап емес, әркімнің өз еркімен табиғатты қорғауға, оның байлығын молайтып, тиімді пайдалануға жұмсалады. Табиғи ортаға зиян келтіру, табиғат ресурстарын ысырапқа ұшырату ең бірінші кезекте оған жол бергендердің өзіне тиімсіз.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.Табиғатты қорғауға, тиімді пайдалануға ынталандыру
Экономикалық мүдде тудырудың басты әдістері: жоспарлау, шаруашылық есеп және экономикалық ынталандыру. Бұл әдістер баға, қаржыландыру, несие, материалдық сыйлық және жауапкершілік, табиғат пайдалану төлемдері, экологиялық нормативтер, т.б. экономикалық тетіктер арқылы жүргізіледі.
Жоспарлау басқарудың әкімшілік әдісіне тән деп есептелгенімен, экономикалық басқару механизмінде де маңызы зор. Тек мұнда жоспарлаудың сипаты түбірімен өзгереді. Ол жоғарыдан нұсқау, бұлжытпай орындалатын заң сипатын өзгертіп, іс - әрекеттерді ерікті, сапалы ббасқару сипатына ие болады. Жоспарлау арқылы көптеген жағымсыз құбылыстарды, шығындарды алдын ала болжап, оларды болдырмау шараларын ұйымдастыруға болады. Жоспарлау еңбекті белгіленген мақсатта жұмылдыруға мүмкіндік береді. Табиғат пайдалану саласындаарлаудың басты мақсаты - табиғи ортаны қорғауды, тиімді пайдалануды, оның ресурстарын үнемдеп, мүмкін болғанда молайтуды қамтамасыз ету. Жоспарлаудың мұндай қызметі нарық экономикасы жағдайында күшейе түседі.
Нарық қатынасы бойынша табиғатты арнайы пайдалану төлемді, табиғат пайдаланушылар табиғат ресурстары арқылы пайдаланады, табиғи ортаға келтірген зияндарын жоюға, зиянға ұшырағандардың шығынын қайтаруға міндетті және табиғи ортаны қорғауға, табиғат заңдарын сақтауға міндетті.
Табиғат пайдалану жоспарларын айқындау үшін экологиялық нормативтер маңызды роль атқарады. Олар табиғат қорғау, пайдалану ережелеріне, талаптарына сәйкес анықталады және нақты аймақтық табиғи жағдайына байланысты құрылады. Табиғат пайдалану нормалары орындалғанда, жетілдірілгенте табиғат пайдаланушыларға жеңілдіктер, сыйлықтар беріледі, ал орындалмағанда айып төлем белгіленеді.
Табиғат қорғауға, тиімді пайдалануға ынталандыру мақсатында баға тетігі кеңінен қолданылады. Жалпы баға деңгейі нарық қатынасына сәйкес қалыптасқанымен, оның негізгі құрамды бөлігі - өнімнің өзіндік құны табиғат пайдалану дәрежесіне сәйкес қалыптасады. Табиғат қорғау шығындары өскенде немесе табиғатқа әсер артқанда, төлемдер өскенде, табиғат ресурстары ысырапқа ұшырағанда, өнімнің өзіндік құны артады, таза пайда кемиді.
Нарық жағдайында тауардың бір түріне баға теңеседі. Ал өнімді шығаруға жұмсалған шығындар әр кәсіпорында әр түрлі.
Сонымен қатар, экологиялық таза өнімдер шығарылғанда, оларды қымбатырақ бағамен сатуға мүмкіндік туады. Мысалы, кәсіпорындар экологиялық шығындар жұмсап, өнімнің өзіндік құнын және бағасын арттырды десек, олардың таза пайдасы да артады. Табиғат пайдалануда ҒТЖ қолдану, шикізатты, отын энергия қорын үнемдеу, қалдықтарды пайдалану дәрежесі баға деңгейінде өзінің толық көрінісін табады. Қайтарымды қалдықтарды, қаптарды, жәшік, бөтелке, полиэтилен, металды тиімді пайдалану мақсатында олардың құны тауардың бағасына қосылып сатылады және олар қайтарылғанда тұтынушыларға ақшасы қаййтарылады. Сөйтіп, әр түрлі табиғатта өздігінен жойылмайтын, оған зиян келтірілетін тауарлардың қаптарын ( бөтелке, қалбыр, жәшік, полиэтилен пленкалары т.б.) жинау, қайта пайдалану, өңдеу, бір орталықтан залалсыздандыру ісі ынталандырылады.
Табиғат қорғауды, тиімді пайдалануды ынталандыру мақсатында қаржыландыру және несие экономикалық тетіктері кеңінен қолданылады. Табиғат қорғау бағдарламалары, жоспарлары, шаралары республикалық, аймақтық, мемлекеттік және мемлекеттік емес қорлардан бірінші кезекте қаржыландырылуы тиіс. Халықаралық, қоғамдық гранттар көпшілігінде табиғат қорғау шараларына бағытталады.
Несиенің ынталандыру және жауапкершілікті арттыру қызметі әсіресе жоғары. Өйткені несие белгілі мерзімге, белгілі мақсатқа міндетті түрде қайтарылатын жағдайда беріледі. Несиенің пайдалану мезіміне байланысты өсімі белгіленеді. Табиғатты қорғау және тиімді пайдалану шараларын ынталандыру үшін басқа іс әректтерге қарағанда, жеңілдетілген несие беріледі. Екінші жағынан несиенің ынталандыру қызметі қайтарымдылығы. Несие неғұрлым тез қайтарылса, соғұрлым аз өсім төленеді. Сондықтан несие алушылар табиғат қорғау шараларын тезірек іске асыруға мүдделі болады. Кезекпен қайтарымдф несиелеу арқасында аздаған қаржымен көптеген табиғат қорғау шараларын жүргізуге болады. Дамыған капиталистік елдерде солай істейді. Несиенің белгілі мақсатқа берілуі табиғат қорғау шараларын ынталандыру қызметін арттыра түсседі.
Табиғат қорғау шараларын ынталандыру мақсатында материалдық сыйлықтар жүйесі де қолданылады. Ондай сыйлықтар мынандай жағдайларда берілуі мүмкін:
* Ауаға улы газдардың, тағы басқа ластаушы заттардың шығарылуы, суға улы ерітінділердің төгілуі нормада белгіленген шамадан азайтылғанда;
* Суды пайдалану (тұтыну) шамасы нормадағы мөлшерден (шектен) кемігенде;
* Кен өндіргенде оның нормалы жоғалтылатын мөлшерін, ысырабын азайтқанда;
* Табиғат қорғау шараларының нәтижесінде топырақтың құнарлылығы арттырылғанды, орманның құдылығы арттырылғанда, т.б.
Бұл сыйлықтар табиғат қорғау қорларынан беріледі. Сонымен қатар, кәсіпорындарға тікелей тиім бермейтін, бірақ халық шаруашылығында, жалпы табиғатқа тиімді табиғат қорғау шараларын жүзеге асырған кәсіпорындар аймақтық және республикалық табиғат қорғау қорларынан сыйлық ала алады. Орталықтандырылған табиғат қорғау ұорларынан материалдық сыйлық алудың басты шарты - табиғат қорғау шараларының халық шаруашылық тиімділігі болып табылады.
Табиғатты қорғауды, тиімді пайдалануды ынталандырудың маңызды тетіктерінің бірі - табиғат пайдалану төлемдері. Ынталандыру табиғат пайдалану төлемдерінің ең негізгі қызметі болып табылады. Төлемдер табиғат пайдаланушылардың оны қорғауға, үнемдеп пайдалануға жауапкершілігін арттыратын бірден бір экономикалық механизм. Ресурстарды ақысыз паййдалану ысырапшылдыққа әкеп соқтыратынын тәжірибеміз өте жақсы көрсетті. Табиғат пайдалануды қаншама мөлшерлеп шекиегенмен, төлемдер механизмі қолданылмаса аса нәтижелі болмайды.
Ынталандыру мақсатында кейде төлемдерден босату, азайту сияқты жеңілдіктер де қолданылады. Мысалы, жанама, ілеспе өнімдерді, қалдықтарды, өнімділігі аз, қолайсыз орналасқан табиғат ресурстарын пайдаланушыларға жеңілдіктер беріледі: төлем алынбайды немесе азайтылады. Табиғат қорғау шараларын төлемдердің есебінен жүргізуге рұқсат етіледі. Төлемдер жеңілдіктерімен қоса, салық, қаржыландыру, несие жеңілдіктері де қолданылады. Мысалы, тау кен кәсіпорындарыілеспе газдарды, кендегі негізіг емес жанама элементтерді, өндіріс қалдықтарын пайдаланғанда олар осы өнімдер бойынша ресурстарды қалпына келтіру, пайдалану төлемдерінен босатылады. Өнімділіг аз, жарамсыз жерлерді пайдаланушыларға жер салығы азайтылады. Қалдықтарды пайдаланушылар төлемдерден босатылып, әр түрлі жеңілдіктермен пайдалана алады.
Ынталандырудың қаржы, несие, материалдық сыйлықтар, жеңілдіктер тетіктерін қолдану үшін табиғат қорғау экологиялық қорлары құрылады. Олар кәсіпорындарда, өндіріс салаларында, аймақта және республика бойынша ашылуы мүмкін.
Кәсіпорындардың табиғат қорғау қорлары мына қаржылардан құрылады:
* Табиғат қорғау жөніндегі құрылымдар мен күрделі қорлардың амортизациялық аудармалары;
* Банкіге салынған экологиялық қорлардың өсімі;
* Экологиялық қорларға жұмсалатын ксіпорын пайдасы;
* Экологиялық қорларға алынған несие, орталықтандырылған қорлардын түскен қаржы, көмек қаржылар және жарналар.
Салық экологиялық қорлар кәсіпорындардың аударымдарынан, ерікті жарналардан, республикалық қордан түскен қаржылардан құрылады.
Жергілікті (аймақтық) экологиялық қорлар:
* Кәсіпорындардың экологиялық төлемдерден, оның ішінде зиянды заттарды атмосфераға шығарғаны, суға төккені және қалдықтарды жерге орналастырғаны үшін төлемдерден;
* Табиғат қорғау заңдарын бұзу арқылы келтірілген зиянды өтеуге алныған қаржылардан және оған кінәлі адамдардан әкімшілік жолымен, сот арқылы алынған айып төлемдерден;
* Кәмпеселенген құрал саймандарды және солардың көмегімен алынған өнімдерді сатудан түскен қаржылардан;
* Экологиялық бағдарламаларды іске асыруға бюджеттен немесе басқа қорлардан түскен қаржылардан;
* Кәсіпорындардың , қоғамдық ұйымдардың, азаматтардың ерікті жарналарынан;
* Несиенің өсімімен, экологиялық займдардан және өзге коммерциялық шаралардан түскен қаржылардан құралады.
Республикалық экологиялық қор жергілікті қорлардан түскен қаржылырдан және республикалық маңызы бар табиғат ресурстарын пайдалану төлемдерінен құралады.
Экологиялық қорлардың қаржылары тек табиғат қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану бағдарламаларына жұмсалуы тиіс.
Мысалы, жергілікті экологиялық қор арнайы табиғат қорғау, денсаулық сақтау бағдарламаларын қаржыландыруға, ондай шараларды жүзеге асырушыларға жәрдемдесуге, сыйлық беруге, ғылыми - зерттеу жұмыстарына жұмсалады.
Табиғат қорғау шараларын ынталандыру мақсатында амортизациялау тетігі де қолданылады. Табиғат қорғау, табиғат ресурстарын кешенді өңдеу, қалдықтарды пайдалану бағыттарында қолданылатын негізгі қорларға жеңілдетілген, тездетілген нормативтер белгіленеді. Соның арқасында осындай шараларға жұмсалған күрделі қаржының қайтарымы тездетіледі, ғылыми - техникалық жетістіктерді кеңірек қолдануға мүмкіндік туады.
Табиғат қорғау шараларын ынталандырудың нағыз нарықтық механизмі - ластаушы заттарды шығару құқығын сату болып табылады. Ол әсіресе кәсіпорындарды ластаушы заттар шығаруды нормалы шамадан да ары кемітуге ынталандырады. Әдетте кәсіпорындар ластаушы заттар шығару шамасын нормалы мөлшерге жеткізгеннен соң, одан әрі қарай төмендетуге онша ынталы болмайды. Өйткені, оған экономикалық механизмдер нормативтерге сүйенеді. Табиғат қорғау шараларының нәтижесін нормативтер бойынша бағалайды. Соларға сүйеніп сыйлықтар белгіленеді, айып салынады, яғни барлық бағалаулар нормативтер деңгейімен салыстырылып анықталынады.
Кәсіпорындар барлық мүмкіншіліктерін пайдаланып ластаушы заттарды табиғи ортаға шығаруды нормадағы шектен де төмендетуге ынталандыру үшін ондай нәтижелерге жеткен кәсіпорындарға өздерінің нормадағы шамаға дейін ластау құқын басқа кәсіпорындарға сату принципі қолданыла бастады. Ол бойынша бір аймақта орналасқан кәсіпорындар жалпы кеңестік шеңберінде бір - біріне ластау құнын сата алады. Белгілі бір себептермен ластаушы заттар шығару шамасын нормадағы шамаға жеткізе алмаған кәсіпорындар сол аймақта ластаушы заттар шығару шамасын нормадағы шамаға жеткізе алмаған кәсіпорындар сол аймақта ластаушы заттар шығару шамасын нормадан төмендеткен кәсіпорындар болатын болса, ластау құқын солардан сатып алады және айып төлемейді. Бұл екі жағына да аймаққа және кәсіпорынға тиімді. Аймақ бойынша ластаушы заттар шығарылу шегі сақталады, ал кәсіпорындар бір - бірімен нарықтық қатынаста болады. Ластау құқын сатып алушы кәсіпорынға ол айып төлеуден гөрі арзанға түседі, ал сатушылар табиғат қорғау шараларын үздік жүргізгені арқасында пайда табады. Сөйтіп ластау құқығы кәдімгі тауарға айналады.
Бұл механизм толық жұмыс істеу үшін экологиялық биржалар, экологиялық банктер құрылады. Оларда барлық кәсіпорындар бойынша экологиялық мәліметтер жинақталып делдалдық жұмыстар жүргізіледі. Сөйтіп табиғат қорғаудың әкімшілік басқару әдістері нарықтық механизммен алмастырылады. Соның арқасында әрбір кәсіпорын шаруашылық жүргізу еркіндіктеріне ие болып, табиғат қорғауға экономикалық мүдделілігі артады.
Ластау құқығын сату нарығы мынандай тиімділігімен ерекшеленеді. Табиғат қорғау шараларын ұдайы жүргізетін кәсіпорындар қосымша ынталандырылады, басқалары әсіресе табиғатты ластаушылар жазаланады. Бұл механизм кәсіпорындарды табиғи ортаға әсерін ұдайы азайтуға жұмылдырады және табиғат қорғау шараларын өз еркімен қаржыландыруға, одан пайда табуға мүмкіндік береді.
Кейде ластау құқын сатуға рұқсат беруді жалпы ластауға рұқсат деп сынау негізсіз. Өйткені рұқсат нормалы шектің деңгейінде ғана беріледі, аймақтағы жалпы ластану деңгейі бақылауға алынады. Бұл жерде нарықтық қатынастар нормаларды, шектерді қолдану тиімділігін арттырады. Нормалар айыптаушы құралдан ынталандырушы құралға айналады.
Кең мағынада құқық сату ластаумен ғана байланысты емес, жалпы табиғат пайдаланумен байланысты қарастырылады. Мысалы, АҚШ-та электро-энеогетика кәсіпорындары атмосфера ластануын азайту үшін шығарылатын газдарды тазартумен қатар, орман өсіру шараларын да қаржыландырған.
Табиғат қорғауды тиімді пайдалануды ынталандыру механизмдері мен тетіктері кешенді, бір - бірімен үйлесімді қолданылуы керек. Жеке - жеке ешқайсысы мәселені толық шешпейді. Сондықтан оларды өзара тығыз байланысты жүйе деп қарастыру керек.
Табиғат қорғауды, тиімді пайдалануды ынталандыру әдістері мен тетіктерін жетілдіру
Негізгі экономикалық әдістер, тетіктер

Жетілдіру бағыттары
Жоспарлау, бағдарламалар, жобалар
Кәсіпорындарды, өндіріс салаларын аймақты нақты нәтижелерге ұмтылдыру. Болжау, жоспарлау және бағалау көрсеткіштерін анықтау. Арнайы бағдарламалар әзірлеу.
қаржыландыру
Табиғат қорғау шараларын бюджеттен, табиғат қорғау қорларынан қаржыландыру. Ынталандыру мақсатында қаржыландыру есебіне төлемдер жатқызылуы мүмкін.
Несие
Ұзақ және қысқа мерзімдерге, арнайы табиғат қорғау мақсатында несиелер, жеңілдетілген несиелер беру.
Амортизациялау
Табиғат қорғау құрылымдарына, құралдарына, негізгі қорларына тездетілген амортизациялау нормаларын белгілеу
Төлемдер
Табиғатты пайдалану, қорғау, қалпына келтіру төлемдері белгіленеді. Табиғат қорғау шараларын төлемдер есебінен жүргізуге, мүмкіндіктер, төлемдерден жеңілдіктер беріледі.
Табиғат қорғау қорлары
Республикалық, аймақтық, жергілікті кәсіпорындардың табиғат қорғау экологиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғатты пайдалануды басқарудың теориялық негіздері
Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістері
Мемлекеттің экономикалық функциясы (қызметі)
Экологиялық бақылаудың объекті ретінде әлеуметтік-табиғи экожүйе
Аймақтық экономикалық құралдар
Тұрақты экономикалық өсу жағдайындағы инвестициялық жобалардың және оларды басқару
АЙМАҚТЫҢ ТҰТАСТАЙ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу ұйымдық-құқықтық нысандары. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ
Аралас экономикалық жүйелер
Пәндер