Басқарудың танымдық, құқықтық негіздері және қолданылатын әдістері, табиғат қорғауды, пайдалануды жоспарлау, нормалау, ережелер, тәртіптері


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлтық университеті

Биология және биотехнология факультеті

Молекулярлық биология және генетика кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Басқарудың танымдық, құқықтық негіздері және қолданылатын әдістері, табиғат қорғауды, пайдалануды жоспарлау, нормалау, ережелер, тәртіптері

Оқытушы: б. ғ. к., Басығараев Жандос Махабатович

Студент: Сабырқұлов Аман, экология 106

Алматы 2012

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Табиғатты пайдалануды басқару негіздері . . . 5

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 13

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 15

Кіріспе

Табиғи ортаны қорғау, табиғат байлығын тиімді пайдалану, оған барлық халық, жеке кәсіпорындар мен кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар мүдделі болғанда ғана ауқымды және нәтижелі болады. Мүдделілікті экономикалық ынталандыру тетіктері арқылы басқаруға болады. Экономикалық басқару механизмдерін қолданып табиғатты қорғауға, тиімді пайдалануға жағдай жасалады. Экономикалық жолмен басқарудың ерекшелігі, мұнда ешкімді күшпен зорлап емес, әркімнің өз еркімен табиғатты қорғауға, оның байлығын молайтып, тиімді пайдалануға жұмылдырылады. Табиғи ортаға зиян келтіру, табиғат ресурстарын ысырапқа ұшырату ең бірінші кезекте оған жол бергендердің өзіне тиімсіз болады.

Экономикалық мүдде тудырудың басты әдістері: жоспарлау, шаруашылық есеп және экономикалық ынталандыру. Бұл әдістер баға, қаржыландыру, несие, материалдық сыйлық және жауапкершілік, табиғат пайдалану төлемдері, экологиялық нормативтер, т. б. экономикалық тетіктер арқылы жүргізілөді.

Жоспарлау басқарудың әкімшілік әдісіне тән деп есептелгенімен, экономикалық басқару механизмінде де маңызы зор. Тек мұнда жоспарлаудың сипаты түбірімен езгереді. Ол жоғарыдан нұсқау, бұлжытпай орындалатын заң сипатын езгертіп, іс-әрекеттерді ерікті, сапалы басқару сипатына ие болады. Жоспар­лау арқылы көптеген жағымсыз құбылыстарды, шығындарды алдын ала болжап, оларды болдырмау шараларын ұйымдастыруға болады. Жоспарлау еңбекті белгіленген мақсатта жұмылдыруға мүмкінді береді.

Табиғат пайдалану саласында жоспарлаудың басты мақсаты - табиғи ортаны қорғауды, табиғатты тиімді пайдалануды, оның ресурстарын үнемдеп, мүмкін болғанда молайтуды қамтамасыз ету. Жоспарлаудың мұндай қызметі нарық экономикасы жағдайында күшейе түседі.

Нарық қатынасы бойынша табиғатты арнайы пайдалану төлемді, табиғат пайдаланушылар табиғат ре­сурстарын ақылы пайдаланады, табиғи ортаға келтірген зияндарын жоюға, зиянға ұшырағандардың шығынын қайтаруға міндетті және табиғи органы қорғауға, табиғат қорғау заңдарын сақтауға міндетті.

Табиғат пайдалану жоспарларын айқындау үшін экологиялық нормативтер маңызды рөл атқарады. Олар табиғат қорғау, пайдалану ережелеріне, талаптарына, тәртіптеріне сәйкес анықталады және нақты аймақтық табиғи жағдайына байланысты құрылады. Табиғат пайдалану нормалары орындалғанда, жетілдірілгенде табиғат пайдапанушыларға жеңілдіктер, сыйлықтар беріледі, ал орындалмағанда айып төлем белгіленеді.

Табиғат қорғауға, тиімді пайдалануға ынталадыру мақсатында баға тетігі кеңінен қолданылады. Жалпы баға деңгейі нарық қатынасына сәйкес қалыптасқанымен, оның негізгі құрамды бөлігі - өнімнің өзіндік құны табиғат пайдалану дәрежесіне сәйкес қалыптасады. Табиғат қорғау шығындары өскенде немесе табиғатқа әсері артқанда, төлемдер өскенде, табиғат ресурстары ысырапқа ұшырағанда, өнімнің өзіндік құны артады, таза пайда кемиді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Табиғатты пайдалануды басқару негіздері

Табиғатты пайдалану мен қоршаған табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік басқару қоғамды әлеуметтік басқарудың бір саласы болып табылады. Басқарудың мақсаты- экологиялық бағдарламалардың, жоспарлардың және шаралардың орындалуын қамтамассыз ету, қоршаған табиғи ортаны қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалануды және салалардағы заң ережелерінің бұзылмауын қамтамасыз ету, адам өмірі мен денсаулығына табиғи ортаның қолайлы болуына жағдай жасау. Табиғи ресурстарды пайдалану қоршаған табиғи ортаны басқаратын органдардың қатарына Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті, Орталық атқарушы органдар және жергілікті өкілді органдар жатады. Қазақстан Республикасының Үкіметі қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқаратын қызметіне

  • мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзірлейді;
  • табиғат пайдаланудың әр түрлі бағыттары бойынша ұлттық экологиялық бағдарламалар әзірлейді, оларды Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады;
  • қоршаған ортаның сапасының нормативтері мен шаруашылық және өзге де қызметтерге қойылатын экологиялық талаптарды әзірлеу мен бекіту тәртібін белгілейді;
  • міндетті экологиялық сақтандыруды жүргізу тәртібі мен ережесін белгілейді;
  • табиғат пайдаланушыларға рұқсат алу қажет болатын табиғат пайдалану түрлерінің тізбесін және осы рұқсатты беру тәртібін белгілейді;
  • қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттік мониторингінің құрлымын, мазмұнын және оны жүргізу тәртібін белгілейді.
  • қоршаған ортаны қорғау, табиғат пайдалануды басқару және бұл салада мемлекеттік бақылау жасау міндеттерін жүзеге асыратын арнаулы уәкілетті органдардың тізбесін бекітеді, олардың қызмет тәртібін айқындайды;
  • халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады т. б.

Қазақстан Республикасы экология және және табиғи ресурстар министірлігінің, сондай-ақ оны жергілікті органдардың атқаратын қызметтеріне мына төмендегілер жатады:

  • Қоршаған табиғи ортаны қорғау мен табиғатты пайдалануды басқарудың экономикалық тетігін іске асыру;
  • Қоршаған табиғи ортаны саласында біртұтас мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат жүргізу;
  • Мемлекеттік экономикалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу;
  • Қоршаған табиғи ортаны пайдалану мен қорғауға және табиғи ресурстар кадастырын дұрыс жүргізуге мемлекеттік бақылауда жүзеге асыру;
  • Табиғатты қорғау қызметін белгілейтін ережелерді, нормативтерді, стандарттарды әзірлеу және белгілеу;
  • Табиғатты арнайы пайдалануға, өнеркәсіптік, тұрмыстық және өзге де қалдықтарды көмуге, өсімдіктермен жануарлар дүниесін пайдалануда, зиянды заттарды шығару мен тастауға рұқсат беру;
  • Табиғат қорғау заңдарының сақталуын қамтамасыз ету, олардың бұзылғаны үшін экономикалық және әкімшілік санкциялар қолдану;
  • Республикадағы қорық ісіне басшылық ету мен оны жүргізуді, ерекше қозғалатын басқа да табиғи объектілер мен аумақтарды сақтау ;
  • Халық арасында экологиялық білімді насихаттау ісін ұйымдастыру және оған басшылық жасау ;
  • Қоршаған табиғи ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы республикааралық және халықаралық ынтымақтастыққа қатысу.

Жергілікті өкілді органдардың міндеттері:

  • Тиісті аймақтарда қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану жөніндегі бағдарламаларды бекітеді;
  • Жергілікті бюджеттер құрамында қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру жөніндегі шығыстарды бекітеді;
  • Жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар басшыларының қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдаланудың жай-күйі туралы есептерін тыңдайды.

Жергілікті атқарушы органдар:

  • Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады және өз құзыреті шегінде табиғат пайдалануды реттейді;
  • Тиісті аймақтарды қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану жөнінде бағдарламалар әзірлеу мен оны жүзеге асыруды, экологиялық сараптаманы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі объектілерді салу мен қайта құруды ұйымдастырады;
  • Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдік ақы мөлшерін бекітеді, экологиялық талаптар бұзылған жағдайда шаруашылық және өзге де қызметті тоқтата тұрады және тиісті шаралар қолданады;
  • Заңға зәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.

Табиғатты пайдалану және қоршаған табиғи ортаны қорғауды басқарудың мақсаты мен әдістері осы саладағы заңдардың негізгі арқауы және қатынастарды реттейтін ережелердің мазмұны болып табылады. Бұл салада басқарудың іс жүзіне ассырылуы мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың лауазымы адамдар мен азаматтардың іс-әрекетіне, қызметіне және олардың құқықтары мен міндеттерінің заңдарда толық қамтылуына байланысты болады.

Табиғат пайдалану және қоршаған табиғи ортаны қорғауға қатысы бар органдардың атқаратын қызметтері мына төмендегідей:

  • Геологиялық және жер қойнауын қорғау министрлігі минералдық шикізаттар ресурстарын қорғауға жауап береді, жер асты суларын пайдалану және қорғауды ілтипатқа алады;
  • Ауыл шаруашылығы министрлігі-өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау, минералдық тыңайтқыщтар мен өсімдіктерді химиялық заттардан сақтауға ұйымдастыруды және бақылайды;
  • Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі қоршаған табиғи ортаның жағдайын және оған тікелей қатысты адамдардың денсаулығын қорғауға ведомствовалық бақылауды іске асырады;
  • Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитет- жер кодексін және жерге байланысты қабылданған құқықтық жер заңдарын орындауға ведомствовалық бақылауды іске асырады;
  • Ішкі істер министрлігі атмосфералық ауаны және су көздерін, көлік құралдары мен жер қазатын техникаларды қорғау ережесін сақтау жөніндегі қадағалаушылық жұмыстарын жүргізеді;
  • Су шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік комитет су кодексінің талаптарын бұзбауды бақылау, су ресурстарын ластаудан, бітеліп қалуынан, таусылуынан қорғаудың жағдайына жауап береді;
  • Гидрометрология жөніндегі мемлекеттік комитет атмосфералық ауаны, суаттарды және жер үсті сулардың нақтылы экологиялық жағдайларына бақылау жүргізеді.

Бұлардан басқа өз алдына немесе министрліктер мен мемлекеттік комитеттердің қарамағында жер, су, орман мемлекеттік инспекциялары, балық аң аулау т. б. жұмыс істейді.

Табиғатты ұқыпты пайдалану және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етудегі басты құрал-заңды түрдегі жауапкершілік. Бұл жауапкершілік негізгі - құқық бұзу болып табылады.

Экологиялық құқықты бұзу түрлері

Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған табиғи ортаны қорғау өрісіндегі мемлекеттік басқарудың бірден-бір маңызды функциясы экологиялық бақылау болып табылады. Экологиялық бақылаудың міндеттеріне сай қабылданған заңдар бойынша оның ұғымы, қоршаған табиғи ортаның және оның өзгеруіндегі жиынтығы, сондай-ақ барлық кәсіпорындардың, мекемелердің қызмет иесі адамдарының және азаматтардың экологиялық талаптарының орындалуын тексеру. Экологиялық басқарудың объектілері болып, бір жағынан- қоршаған табиғи орта болса, екінші жағынан меншіктік органдарда, кәсіпорындарда, мекемелерде, қызмет иесі адамдар мен азаматтардың қызметінде экологиялық ережелер мен нормативтердің сақталуы.

Экологиялық құқықты бұзудағы әкімшілік жауапкершілік

Экологиялық бақылаудың жүйесі

Қоршаған табиғи ортаның мониторингі дегеніміз - адамды қоршаған табиғи ортаның жәй-күйін бақылау және адамдардың денсаулығы мен өзге де тірі организмдерге немесе қауіп туғызатын қатерлі ахуалдар туралы ескерту.

Экологиялық мониторинг

Табиғат пайдалану және қоршаған табиғи ортаны басқарудың тағы бір маңызды тетігі-бұл экологиялық сараптама. Экологиялық сараптама дегеніміз - шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған орта сапасының нормативтері мен экологиялық талаптарға сәйкес келуінің, осы қызметтің қоршаған ортаға жасалуы мүмкін теріс әсерлерінің және оларға байланысты зардаптардың алдын алу мақсатында сараптама объектісін іске асыруға жол берілуінің анықтамасы.

Мемлекеттік экологиялық сараптаманың объектілеріне мыналар жатады:

  • Құқықтық актілердің жобалары, нормативті- техникалық және методикалық құжаттар;
  • Кешендік және арнайы бағдарламалық жобалар;

Экологиялық сараптаманың принциптері

  • Техникалық-экономикалық негіздеу және құблыстар, қайта құру, шаруашылық объектілерін тарату жөніндегі жобалар;
  • Халықаралық шарттық жобалар;
  • Табиғи ресурстарды пайдалану жөніндегі шарттарды негіздеу құжаттары;
  • Жаңа техника, технология, материялдар, заттар, тауарлар және қызмет көрсетуге байланысты құжаттар, жобалар;
  • Айрықша қорғалатын табиғи территорияларға, сондай-ақ, экологиялық апатқа жататын зоналар құруды анықьау жөніндегі негізделген құжаттар;
  • Табиғи ортаға ықпал тигізуге қабілеті бар басқа да іс-әрекеттерге байланысты құжаттар.

Экологиялық сараптаманың түрлері

ҚОРЫТЫНДЫ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық құқықтық қатынастардың түсінігі,объектілері, субъектілері және мазмұны.
Экология - Дәрістік курс
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
Нарық қатынастары жағдайындағы мемлекетіміздегі табиғат пайдалану құқығының пайда болу негізі болып табылатын қоршаған ортаға экологиялық бақылауды құқықтық қамтамасыз ету мǝселелерін ашып көрсету жǝне кешенді зерттеу
Экологиялық құқықтың қоғамдағы ролі
Экология құқығының объектілері
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының дәрістері
Қазақстандағы табиғатты пайдаланудың басқару жүйесі
Табиғатты пайдалану экономикасы туралы ақпарат
Жалпы экологиялық объектіге - табиғи немесе қоршаған ортаны қорғау туралы қатынастар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz