Тетікті өңдеудін технологиялық бірізділігін жобалау



Кіріспе
1.Тетіктің қолданылуы мен жұмысының шарттары, тетік материалының мінездемелері.
1.1.Тетіктің қолданылуы
1.2.Тетік материалының мінездемелері
2.Тетіктің технологиялылығының анализі
3.Өңдеу жоспары
3.1.Технологиялық құрылғы
4. Жабдықты таңдау
Қорытынды
Пайданылған әдебиеттер
Машина жасау технологиясынан курстық жобалаудың мақсаты – оқу барысында меңгерілген теориялық білімдерді дұрыс қолдануды үйрену, кәсіби технологиялық және құрылымдық есептерді шешу үшін өзінің практикалық тәжірибелерін машина жасаушы кәсіпорында пайдалану.
Жаңа озық технологиялық үрдістерді жетілдіру іс-шараларына, сондай-ақ, автоматтандыру жатады. Оның негізінде адамның тікелей қатысынсыз жұмыс және көмекші үрдістерді орындайтын жоғары өнімді технологиялық құрылғылар жобаланады.
Соған сәйкес келесі мәселелер шешіледі: теориялық білімдерді кеңейту, тереңдету, жүйелеу және бекіту, және оларды жаңа озық технологияларды жобалау, мысалы, бұйымдарды жинау мен тетіктерді жасау үшін, сонымен қатар, технологиялық жабдықтандыру тәсілдерін жобалау үшін қолдану. Шығармашылық инженерлік жұмыстарды өзіндік жүргізуді дамыту мен бекіту. Механика жинаушы өндірістің технологиялық үрдістерін зерттеудің теориялық – эксперименталды әдісін меңгеру.
Курстық жобада еңбек, материал, энергия шығындарының экономиясы көрсетілуі қажет. Озық технологиялық құрылғылар мен жабдықтарды толық қолдану және иілгіш технологияларды жасау арқылы осы сұрақтарды шешуге болады.
1. Кнорозов Б.В., Усова Л.Ф.,Третьяко А.В. и др.,Технология металов и материаловедение, Металлургия., 1987 г. 800 с.
2. Антонов Л.П., Моргулис П.С., Рузаков В.А., Практикум в учебных мастерских, М.: Просвещение, 1976.─ 400 с.
3. Муравьев Е.М., Молодцов В.П., Практикум в учебных мастерских, /Ч.1. Обработка металлов/ Под ред. Е.М.Муравьева.─ М.: Просвещение, 1987.─ 272 с.
4. Денежный П.М. и др., Токарное дело.─ М.: Высшая школа, 1972.─ 304 с.
5. Макиенко Н.И., Слесарное дело с основами материаловедения. ─ М.: Высшая школа, 1971.─ 480 с.
6. Старичков В.С., Практикум по слесарным работам. ─ М.: Машиностроение, 1985.─ 220 с.
7. Скакун В.А., Руководство по обучению слесарному делу. ─ М.: Высшая школа, 1982. ─260 с.
8. Барбашов Ф.А., Фрезерные работы. ─ М.: Высшая школа, 1986.─ 208 с.
9. Геворкян В.Г., Основы сварочного дела. ─ М.: Машиностроение, 1979.─ 254 с.
10. Григорьев С.П., Практика слесарно-сборочных работ.─М.: Машиностроение, 1985.─280 с.
4. Каценеленбоген М.Е., Власов В.Н. Справочник работника механического цеха.─М.: Машиностроение, 1984.─240 с.
11. Общетехнический справочник /Под ред. Е.А.Скороходова. ─ М.: Машиностроение, 1985.─ 220 с.
12. Ханапенов М.В., Сварка и резка металлов. ─ М.: Высшая школа, 1977.─286 с.
13. Фещенко В.Н., Махмудов Р.Х., Токарная обработка. ─ М.: Высшая школа, 1984.─ 288 с.
14. Прейс Г.А. Технология конструкционных материалов. К.: Высшая школа, 1984 г.
15. Сыздыков О., Оразбаев Б., Нысанбаев Ғ. Конструкциялық материалдар технологиясы. – Алматы: Республика баспа кабинеті, 1993 ж.
16. Интернет-ресурстар.

Мазмұны
Кіріспе
1.Тетіктің қолданылуы мен жұмысының шарттары, тетік материалының мінездемелері.
1.1.Тетіктің қолданылуы
1.2.Тетік материалының мінездемелері
2.Тетіктің технологиялылығының анализі
3.Өңдеу жоспары
3.1.Технологиялық құрылғы
4. Жабдықты таңдау
Қорытынды
Пайданылған әдебиеттер
Кіріспе

Машина жасау технологиясынан курстық жобалаудың мақсаты - оқу барысында меңгерілген теориялық білімдерді дұрыс қолдануды үйрену, кәсіби технологиялық және құрылымдық есептерді шешу үшін өзінің практикалық тәжірибелерін машина жасаушы кәсіпорында пайдалану.
Жаңа озық технологиялық үрдістерді жетілдіру іс-шараларына, сондай-ақ, автоматтандыру жатады. Оның негізінде адамның тікелей қатысынсыз жұмыс және көмекші үрдістерді орындайтын жоғары өнімді технологиялық құрылғылар жобаланады.
Соған сәйкес келесі мәселелер шешіледі: теориялық білімдерді кеңейту, тереңдету, жүйелеу және бекіту, және оларды жаңа озық технологияларды жобалау, мысалы, бұйымдарды жинау мен тетіктерді жасау үшін, сонымен қатар, технологиялық жабдықтандыру тәсілдерін жобалау үшін қолдану. Шығармашылық инженерлік жұмыстарды өзіндік жүргізуді дамыту мен бекіту. Механика жинаушы өндірістің технологиялық үрдістерін зерттеудің теориялық - эксперименталды әдісін меңгеру.
Курстық жобада еңбек, материал, энергия шығындарының экономиясы көрсетілуі қажет. Озық технологиялық құрылғылар мен жабдықтарды толық қолдану және иілгіш технологияларды жасау арқылы осы сұрақтарды шешуге болады.

1.Тетіктің қолданылуы мен жұмысының шарттары, тетік материалының мінездемелері.

1.1.Тетіктің қолданылуы

Қақпақ деталі бұйымның (машинаның) мойынтіректерінде орналасқан біліктің осьтік орын ауыстыруын тежеуге арналған. Бұл - мойынтіректің сыртқы сақинасы мен қақпақтың бүйіржағы арасындағы осьтік саңылауды тарту арқылы жүргізеді. Одан басқа, әр түрлі тесіктерді және кеңістіктерді тығыздап жауып, қоршаған ортадан оқшаулау үшін қақпақтар қолданады. Тетік СЧ15 ГОСТ 1412-85 шойыннан жасалады.
Қақпақ 22*240 өлшемі габаритті айналу денесі формасындағы тетік түрінде беріледі. Тетіктің пазалары болады.
Тетіктің беті 14 квалитетімен (дәлдік класымен) орындалады. Өңдеуден кейін тетікті бақылауға жібереді.

1.2.Тетік материалының мінездемелері

Шойын - технологиялық қасиеттері жақсы және салыстырмалы арзандығының себебінен құйма жасау үшін кең таралған материал. Сұр шойынның қасиеттері технологиялық жағынан жақсы және берік. Құйма үшін СЧ15 шойынының құрамы кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес болуы қажет.

№1.2.1. Кесте. Химиялық құрамы, %
Марка
C
Si
Mn
S
P
Cr
Ni
СЧ15
3,2-3,5
2,-2,4
0,7-1,1
0,15 дейін
0,4 дейін
0,15
дейін
0,5
дейін

№1.2.2. Кесте. Механикалық қасиеттері
Марка
σи, МПа
σв, МПа
F600300, мм
σсж МПа
НВ
СЧ15
32
15
82,5
56
163-229

2.Тетіктің технологиялылығының анализі

Технологиялылық - бұйымның түріне байланысты және құрылымдық құжаттамасын жасау кезеңдеріне байланысты құрылымдық шешімдердің технологиялық ұтымдылығын мінездейтін көрсеткіштер мен талаптардың жиыны.
Тетіктің өлшемдері қалыпты сандар қатарына сәйкес келеді, өлшемдердің мүмкін болатын ауытқулары ГОСТ 25347-82 сәйкес келеді. Тетік қатты, беткі қабаты бар, қондырғының жеткілікті дәлдігінің талаптарын қанағаттандырады. Өлшемдерді қою технологиялы, өйткені оларды өңдейтін және бақылайтын операцияларда өлшеуге мүмкіндік береді. Тетікті шығаруда қалыптандырылған және мамандандырылған өлшеуіш және кескіш құралдар қолданылады.
Тетік құрылымы келесі параметрлер бойынша технологиялы:
- тетік құрылымы стандартты және үйлесімді құрылымдық элементтерден тұрады;
- тетік стандартты дайындаудан (дөңгелек) жасалады;
- тетіктің өлшемдері мен бетінде сәйкесінше тиімді нақтылық пен кедір-бұдырлығы бар;
- материалдың физика-химиялық және механикалық қасиеттері, формасы мен өлшемдері жасап шығару технологиясына сәйкес келеді;
- тетік құрылымы оны жасап шығарудың типтік және стандартты технологиялық үрдістерін қолдануға мүмкіндік береді.
Шабер (қырғыш) - бұл түрліше формада кескіш жиектері бар металл стержень. Олар құрал-саймандық көміртекті болаттан жасалады. Шабердің кескіш бөліктері термо өңдеуден өтеді және қайраланады. Шабер кескіш бөлігінің формасына тәуелді (сурет 1) жазық, үшжақты, фасондық және дискалық болып бөлінеді. Жүзі саны бойынша бір бүйірлі, екі бүйірлі, көпжүзді деп бөлінеді. Конструкциясы бойынша: бүтін және құрамалы.
Тегістеп тығыз қиюластыру − деталь бетін абразивті ұнтақ немесе паста мен өңдеу айтылады. Абразивтік аспаптар − металл, әйнек, басқа да материалдардан істелген бұйымдарды өңдеуге қолданылады. Тегістеп тығыз қиюластыру мағынасы: беттің тӛмпешіктерін абразивтік түрпі қырларымен кесу. Абразивтік түрпі құралға немесе сүртілетін беттерге жағылады.Абразивті ұнтақ ретінде: корунд, зімпара (наждак), карборунд, алунд, графит қолданылады. Абразивтік ұнтақтар түрпі шамасы бойынша - шлифзерно, шлифұнтақ, микроұнтақтар және жұқа микроұнтақтар болып бөлінеді. Ол дөрекі, орташа және жұқа болып бөлінеді. Притирка өте жоғары дәлдік керек жағдайда және бір-біріне жанасқан денелердің тығыз тиіп тұруы үшін қолданылады. Притирка арнайы құрал − притирка мен жүргізіледі. Олар абразивтік дәндердің жұмыс бетіне жақсы ене алатындай болып жұмсақ
болуы мүмкін немесе абразивтік дәнді ыдырату қатты болуы мүмкін. Притир
формасы бойынша − жазық, цилиндрлік, конустық, фасондық болуы мүмкін.
Оларды сұр шойыннан, қоладан, қызыл мыстан, ағаштың қатты жыныстарынан және басқа да материалдардан дайындайды. Кейбір бұйым детальдары (мысалы, кран, клапан) арнайы қырнау қолданбай-ақ жанасатын беттер жағылады.
Бұйымдардың беттерін жылтырату (полирование) - деталь беттерінде кедір-бұдырлықты азайту үшін, өткен өңдеуден қалған ізді тазарту үшін. Жылтыратудың екі түрі бар: алдын ала және ақырғы. Алдын ала жылтырату − әдетте қажау қағаз бенен орындалады. Дән өлшеміне тәуелді шкуркалар тұрпайы, орташа, ұсақ және әрлеу болып бөлінеді .Ақырғы жылтырату − элактикалық дөңгелек түрінде дайындалады. Оған жылтырататын паста жағылады. Жазық беттерді қырнап тегістеу мынадай реттілікпен жүреді: бетті бояуға тексеру тәсілімен қырнау жасалатын жерлерді анықтайды; шабер тұтқасынан оң қолмен ұстап, ал сол қолалақанын шабердің ортасына жоғарыдан қойып, тӛрт саусақпен төменнен ұстайды; шаберді өңделетін бетке 0 30 40 - бұрышпен орналастырып жұмыс шартын алады; дӛңес жерлерді қырнап тегістейді; өңделген бетті құрғақ сүртіп көреді және қайтадан бояуға тексереді. Қыруды өңделетін беттің бірлік ауданына дақ мӛлшері сәйкес болғанша жалғастырады. Қырнап тегістеу сапасы − дақ (нүкте) санымен анықталады. Бұл сан қанша көп болса, өңделген беттің дәлдігі соншама жоғары. Жазық беттерді тегістеп тығыз қиюластыру мынадай реттілікпен орындалады: қырналатын плита бетіне пастаның жұқа қабатын жағады; бұйымның қырналанатын бетін плитаға орналастырып, кішкене қысып, плита бетінде қайтымды-ілгерлемелі немесе дөңгелеп қозғалтады; 20 30 қозғалыстан кейін өңделген пастаны жойып,жаңа қабат жағады; пастаның жаңа қабаттарын біртіндеп жағу арқылы тегіс жұмсақ немесе жылтыраған бет алады; қырланатын беттің жазықтылығын лекальдық сызғышпен тексереді. Детальді жылтырату мынадай реттілікпен орындалады: өңделетін беттердің сипатына тәуелді абразивтік шкурка номерін таңдайды; шкурка мен тазалап, ағаш брусканы, оларды притир ретінде қолданып, детальді алдын ала жылтыратады; жылтырататын пастаны жылтрататын дөңгелекке жағып, детальді ақырғы жылтырату жасайды.Әрлеу операцияларда қауіпсіздік шаралары: шабермен жұмыс істегенде − өткір кескіш жиектері қолды зақымдаудан сақтау керек.Абразивтік құралдармен жұмыс істегенде − абразивтік шаң немесе ұсақжоңқалардан көзді қорғау керек.

3.Өңдеу жоспары

Тетікті өңдеудің технологиялық бірізділігін жобалау үшін бастапқы берілгендер ретінде: тетіктің жұмыс сызбасы және өндірістік бағдарлама алынады.
Бұл кезде келесі ұсыныстарды қолдану ұсынылады:
- Тетік сызбасының кедір-бұдырлығына, нақтылығына және арнайы талаптарына байланысты өңдеудің әдістерін белгілейді.
- Беткі қабаттарды алдымен өңдеу әдістерді, яғни кезеңдер анықталады: қаралтым нұсқасы, таза нұсқа, таза өңделген.
Термиялық өңдеу мен гальваникалық жабын операциялары болған жағдайда тетікті жасап шығарудың технологиялық үрдісінде олардың орнын анықтайды. Әрбір операцияда өңдеуге қажетті тетіктің беткі қабаттары белгіленеді, яғни олардың шамалы құрамы қалыптасады.
Өңдеу жоспарын ТМ.2010.31401.26.КП сызбасынан қараңыз.
Тетікті алудың технологиялық операциялар тізбегін атап өтеміз:
000 - дайындама - құйма
005 - жонғыш - қаралтым с ЧПУ
010 - жонғыш - таза с ЧПУ

Операциялар
Құрал-жабдықтар

Әбзелі
Технология-
лық база
Алмасулар 1,2
Құралдар

Өткелдер
1) 000 - дайындама - құйма

Штангенциркуль ШЦ II-250-01ГОСТ 166-80;
.

Тіліктеу кескіші 2112-0015 ВК8 ГОСТ18880-73;

Кесудің тиімді режимдерде жұмыс істеу мүмкіндігі;

Білдектің қуат бойынша сәйкес келуі;

Дәлдік классы ГОСТ 11654-84 - В бойынша

Орнатылатын бұйымның ең үлкен ұзындығы - 1400 мм

Тіліктеу кескіші 2112-0015
ВК8 ГОСТ
18880-73;

Бұрғылаудың шектік диаметрлері

Шойын бойыша - 28 мм

Болат бойынша - 25 мм

2)005 - жонғыш - қаралтым с ЧПУ

Мөлшерлегіш - қақпақ 8140-0001 H12 ГОСТ 14820-69;

Тіліктеу кескіші 2112-0015 ВК8 ГОСТ18880-73;

Кесудің тиімді режимдер+-де жұмыс істеу мүмкіндігі;

Білдектің қуат бойынша сәйкес келуі;

Дәлдік классы ГОСТ 11654-84 - В бойынша

Орнатылатын бұйымның ең үлкен ұзындығы - 1400 мм

Бөлінген өтпе кескіші 2102-0029 ВК8 ГОСТ18877-73;

Тегістелетін бұйым диаметрі
ең кіші - 30 мм

3) 010 - жонғыш - таза с ЧПУ

Мөлшерлегіш - қапсырма 8113-0311 ГОСТ 18364-73;
Пазды бақылау үшін мөлшерлегіш;

Тіліктеу кескіші 2112-0015 ВК8 ГОСТ18880-73;

Кесудің тиімді режимдерде жұмыс істеу мүмкіндігі;

Білдектің қуат бойынша сәйкес келуі;

Дәлдік классы ГОСТ 11654-84 - В бойынша

Орнатылатын бұйымның ең үлкен ұзындығы - 1400 мм

Кеулейжону кескіші 2140-0058 ВК8 ГОСТ18882-73;
Кеулейжону кескіші 2141-0058 ВК8 ГОСТ18883-73;

Тегістеудің ең үлкен ұзындығы - 1400 мм
Үстел үстіндегі орталарының биіктігі - 240 мм

4)015 - жонғыш - қаралтым с ЧПУ

Мөлшерлегіш - қақпақ 8133-0928 H14 ГОСТ 14810-69;

Тіліктеу кескіші 2112-0015 ВК8 ГОСТ18880-73;

Кесудің тиімді режимдерде жұмыс істеу мүмкіндігі;

Білдектің қуат бойынша сәйкес келуі;

Дәлдік классы ГОСТ 11654-84 - В бойынша

Орнатылатын бұйымның ең үлкен ұзындығы - 1400 мм

Тіректі өтпе кескіші 2101-0011 ВК8 ГОСТ18879-73;

Тегістеудің ең үлкен ұзындығы - 1400 мм
Үстел үстіндегі орталарының биіктігі - 240 мм

5)020 - жонғыш - таза с ЧПУ

Мөлшерлегіш - қапсырма 8113-0219 h9 ГОСТ 18363-73.

Бөлінген өтпе кескіші 2102-0029 ВК8 ГОСТ18877-73;

Кесудің тиімді режимдерде жұмыс істеу мүмкіндігі;

Білдектің қуат бойынша сәйкес келуі;

Дәлдік классы ГОСТ 11654-84 - В бойынша

Орнатылатын бұйымның ең үлкен ұзындығы - 1400 мм

Дөңгелекше жонғыш 2241-0022 ВК8 ГОСТ 5348-69;

Бас жетек эқ қуаты - 2,2 кВт.

6) 025 - жоңғыштық

Мөлшерлегіш - қақпақ 8140-0008 H9 ГОСТ 14820-69;
Мөлшерлегіш - қақпақ 8140-0058 H9ГОСТ 14821-69;

Бөлінген өтпе кескіші 2102-0029 ВК8 ГОСТ18877-73;

Кесудің тиімді режимдерде жұмыс істеу мүмкіндігі;

Білдектің қуат бойынша сәйкес келуі;

Дәлдік классы ГОСТ 11654-84 - В бойынша

Орнатылатын бұйымның ең үлкен ұзындығы - 1400 мм

Спираль бұрғы 2301-0046 ГОСТ 10903-77;

Ажарлағыш шарықтас ГОСТ 2424-80 бойынша.

Бас жетек эқ қуаты - 2,2 кВт.

Тв

Топ
Поб.от
Тоб.от.

Тпз
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Машина жасау технологиясы
Тетікті технологиялық талдау
Ступицаның технологиялық процесі мен термиялық өңдеуі
Сызуды оқытудың жаңа технологиясы
Қаңылтырды суықтай қалыптау өндірісі
Тігу технологиясы
Бәсеңдеткіш шығаратын механикалық құрастыру бөлімін жобалау және қораптың механикалық өңдеу технологиясын жасау
Сызуды оқыту әдістемесі
Ұнтақты металлургия технологиясының тиімділігі
Macromedia Authorware программасын қолдана отырып, Macromedia Authorware программасының мүмкіндіктеріне электронды оқулық
Пәндер