Эмоциялар мен сезімдер



Мазмұны

Кіріспе 3

1. Эмоциялар мен сезімдер.
1.1 Эмоция мен сезім туралы түсінік. 4
1.2 Күрделі эмоциялар. 7
1.3 Жоғары сезімдер. 8

2. Ерік.
2.1 Ерік туралы жалпы ұғым. 12
2.2 Ерік сапалары. 14
2.3 Ерік амалдардың кезеңдері. 19

3. Эмоциялар мен сезімдердің дамуы. Еріктің дамуы және оны тәрбиелеу.
3.1 Эмоциялар мен сезімдердің дамуы. 22
3.2 Еріктің дамуы және оны тәрбиелеу. 27

Қорытынды 31

Пайдаланған әдебиеттер 32
Кіріспе
Психология ғылымының қазіргі таңдағы мақсат – міндеттеріне баса назар аударылып, осыған орай қазақ халқының тұрмыс-салтына, әдет-ғұрпына, жөн-жосық, жол жоралғасына, бүкіл тыныс-тіршілігіне қатысты жерлері (жеке тұлға, ойлау, сөйлеу, сезім, ерік-жігер, мінез, т.б.) түгелдей дерлік қайта қаралып, жариялануда.
Адамның ойы және еркінімен қатар сезім де адамды сипаттайтын маңызды психологиялық процесс болып табылады. Шынында да, жеке адам туралы сөз еткенде, көбіне оның неден қалай әсерленетініне қарай айтуға болады. Адамның сезім сапаларының да бірталай маңызы бар. Өмір барысында және іс-әрекет процесінде сезімнің мұндай ерекшеліктері адамның жеке басының қасиетіне айналып отырады. Сезімнің бағытталғандығы, принциптілігі, сондай-ақ әсерлілігі адамды ісі мен сөзі бір жерден шығатын біртұтас адам тұлғасына айналдырады. Ал көп ойлап әсерленетін, бірақ өз сезіміне үйлесімді ешбір әрекет жасамай, керенау қала беретін адамдарды – сентиментальды адамдар деп атайды.
Дағдылы (немесе жиі қайталайтын) психикалық жағдайға қарай көбінесе аффектілік әсерлерде болатын адамдарды сіркесі су көтермейтін, ашуланшақ адамдарға бөледі. Көңіл күйі жағынан адамдарды көңілді, жарқын жүзді (оларды көбіне, көңіл күйі шат дейді), көңіл күйі жабырқаңқы адамдар деп бөлуге болады. Соңғылары сирек қуанады, түрлері қайғылы, тіпті қасіретті көрінеді.
“Ерік” – орыс тіліндегі “воля” сөзінің дәл аудармасы. Төл тілімізде “ерік-жігер”, “қажыр-қайрат” ұғымдарымен астарлас сөз “Қайрат” сөзін Абай атамыз жиі қолданған. Ж. Аймауытов еңбектерінде “ерікті” “қайрат” – деп алған.
Соңғы жылдары ұлт психологиясының төңірегінде түрлі ғылыми жиындар мен мәслихаттар ұйымдастырылып, халқымыздың он төрт ғасырлық психологиялық ой – пікірінің тарихы жазылды. Бұл айтылғандар мектептегі оқу–тәрбие процесінің сан қилы мәселелерінің ғылыми жақтарын аша түсуге жәрдемін тигізіп отырғаны белгілі.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Жарықбаев Қ. Жантану: Оқулық. Алматы ЖШС “Шұғыла” 2008 ж.
2. Жұмасова К.С Психология. Алматы “Фолиант” баспасы 2006 ж.
3. Жарықбаев Қ. Психология: арнаулы орта оқу орындары оқушылары мен пединституттардың педагогика және бастауыш мектеп әдістемесі факультеті студенттеріне арналған оқулық. Алматы, “Білім”, 1993 ж.
4. Әдеп және жантану. Хрестоматия. – Алматы, 1996 ж.
5. Возрастная и педагогическая психология. Под ред. Петровского А.В. 2 изд. – М., 1979 г.
6. Возрастная и педагогическая психология. Под ред. Гамезо М.В. – М., 1989 г.
7. Тәжібаев Т. Жалпы психология. – Алматы, 1993 ж.
8. Рувинский Л.И., Хохлов С.И. Ерік пен мінезді қалай тәрбиелеу керек. – Алматы, 1989 ж.
9. Курс общей, возрастной и педагогической психологии. Вып. 1-3. Под ред. М.В. Гамезо. – Москва, 1982 г.
10. Аймауытұлы Ж. Психология. – Алматы: Рауан, 1995 ж.
11. Жарықбаев Қ. Психология. – Алматы. -: Білім, 1993 ж.
12. Крутецкий В.К. Психология. 2 изд. – Москва: Просвещение, 1986 г.
13. Кузин В.К. Психология. – Москва: Высшая школа, 1982 г.
14. Темірбеков А., Балаубаев С., Петровский А.В. Педагогикалық жас ерекшелігі психологиясы. – Алматы: Мектеп, 1987 ж.
15. Психология – Алматы: Мектеп, 1966 ж.
16. Психология. 2-басылымнан қазақ тіліне аударылған. – Алматы: Мектеп, 1980 ж.
17. Темірбеков А., Балаубаев С. Психология. – Алматы: Мектеп, 1966 ж.
18. Общая психология. Под ред. А.В. Петровского. 2-изд. – Москва, 1977 г.
19. Веденов А.В. Оқушыларды еркін тәрбиелеу. – Алматы, 1960 ж.
20. Оразбекова А.А. Отбасы психологиясы. – Алматы, 1997 ж.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
3

1. Эмоциялар мен сезімдер.
1.1 Эмоция мен сезім туралы түсінік.
4
1.2 Күрделі эмоциялар.
7
1.3 Жоғары сезімдер.
8
2. Ерік.
2.1 Ерік туралы жалпы ұғым.
12
2.2 Ерік сапалары.
14
2.3 Ерік амалдардың кезеңдері.
19
3. Эмоциялар мен сезімдердің дамуы. Еріктің дамуы және оны тәрбиелеу.
3.1 Эмоциялар мен сезімдердің дамуы.
22
3.2 Еріктің дамуы және оны тәрбиелеу.
27

Қорытынды
31

Пайдаланған әдебиеттер
32

Кіріспе
Психология ғылымының қазіргі таңдағы мақсат – міндеттеріне баса назар
аударылып, осыған орай қазақ халқының тұрмыс-салтына, әдет-ғұрпына, жөн-
жосық, жол жоралғасына, бүкіл тыныс-тіршілігіне қатысты жерлері (жеке
тұлға, ойлау, сөйлеу, сезім, ерік-жігер, мінез, т.б.) түгелдей дерлік қайта
қаралып, жариялануда.
Адамның ойы және еркінімен қатар сезім де адамды сипаттайтын маңызды
психологиялық процесс болып табылады. Шынында да, жеке адам туралы сөз
еткенде, көбіне оның неден қалай әсерленетініне қарай айтуға болады.
Адамның сезім сапаларының да бірталай маңызы бар. Өмір барысында және іс-
әрекет процесінде сезімнің мұндай ерекшеліктері адамның жеке басының
қасиетіне айналып отырады. Сезімнің бағытталғандығы, принциптілігі, сондай-
ақ әсерлілігі адамды ісі мен сөзі бір жерден шығатын біртұтас адам
тұлғасына айналдырады. Ал көп ойлап әсерленетін, бірақ өз сезіміне
үйлесімді ешбір әрекет жасамай, керенау қала беретін адамдарды –
сентиментальды адамдар деп атайды.
Дағдылы (немесе жиі қайталайтын) психикалық жағдайға қарай көбінесе
аффектілік әсерлерде болатын адамдарды сіркесі су көтермейтін, ашуланшақ
адамдарға бөледі. Көңіл күйі жағынан адамдарды көңілді, жарқын жүзді
(оларды көбіне, көңіл күйі шат дейді), көңіл күйі жабырқаңқы адамдар деп
бөлуге болады. Соңғылары сирек қуанады, түрлері қайғылы, тіпті қасіретті
көрінеді.
“Ерік” – орыс тіліндегі “воля” сөзінің дәл аудармасы. Төл тілімізде
“ерік-жігер”, “қажыр-қайрат” ұғымдарымен астарлас сөз “Қайрат” сөзін Абай
атамыз жиі қолданған. Ж. Аймауытов еңбектерінде “ерікті” “қайрат” – деп
алған.
Соңғы жылдары ұлт психологиясының төңірегінде түрлі ғылыми жиындар мен
мәслихаттар ұйымдастырылып, халқымыздың он төрт ғасырлық психологиялық ой –
пікірінің тарихы жазылды. Бұл айтылғандар мектептегі оқу–тәрбие процесінің
сан қилы мәселелерінің ғылыми жақтарын аша түсуге жәрдемін тигізіп отырғаны
белгілі.

1. Эмоциялар мен сезімдер.
1.1 Эмоция мен сезім туралы түсінік.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам қажеттеріне сәйкес келуі-
келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түрін
сезім деп атайды. Қажеттердің түрлі жағдайларға байланысты түрліше өтелуі
адамда, көптеген ұнамды және ұнамсыз сезімді туғызып, жек көрушілік,
шошыну, абыржу, наздану, іш пысу, зерігу т.б. осындай сезімдер мен
эмоциялардың сан алуан түрлері.
Сезімдер - өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның
тіршілік қажетіне, өзара қарым–қатынасына байланысты сан алуан формаларда
көрінеді. Адам сезімдері тарихи - әлеуметтік сипатта болады. Демек, адамның
өмірі қоғамға байланысты, оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет. Олай
болса, адамның сезімдері де қоғамдық сипатта болып, сезімнің мазмұнын
қоғамдық болмыс белгілеп отырады. Сезімдерден эмоцияларды айыра білу қажет.
Сезімдерді эмоциядан дұрыс айыра білмеушілік, бұл екеуінің мәнін
бірдей деп ұғу, кейде қате түсініктерге де соқтырады. Мәселен, осындай
түсінік жануарлар мен адам психикасының арасындағы айырмашылықтарды
бүркемелеуі мүмкін. Жануарлар эмоциясы түгелдей биологиялық сипаттағы
құбылыс, бұл жануарлардың сыртқы ортаға бейімделу көрінісінен, әр түрлі
шартсыз рефлекстердің тізбегінен немесе инстинктерінен байқалады.
Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар. Олардың
сапасын көрсететін осындай ерекшеліктерінің бірін– қарама-қарсы, полярлық
сапалықтар деп атайды. Мәселен, сүйсіну, сүйсінбеу, көңілдену, қажу, уайым
т.б. осы секілді сапалар өзара екі полюске ажырасып, біріне – бірі қарама-
қарсы мағынада болады.
Эмоциялар Сезімдер
1.Эмоция адамның түрлі органикалық 1.Сезімдер-адамдардың бір-бірімен
қажеттеріне туып отыратын қысқа қарым-қатынас жасау қажетінен туатын
ситуациялы көңіл күйі адам және біртіндеп дамып отыратын бір
қуанғаннан, қамыққаннан көзіне жас сыдырғы тұрақты процесс. Достық,
алса, не болмаса бір нәрсеге мәз адалдық сезімдердің адамдарда бірден
болып, шек-сілесі қатып күлсе, қалыптаса қоймайтындығы белгілі.
мұндай жағдайдың ұзаққа Бұларға жалпыламалық сипат тән.
созылмайтындығы белгілі. Мәселен, ата-ананы, атамекенді,
Отанды сүю секілді патриоттық
сезімдер осы айтылғандардың
мысалдары.
2.Сезімдерде мәнерлі қозғалыстар
2.Эмоция мәнерлі қозғалыстар жөнді байқалмайды. Тұрақты, терең
(адамның сырт пішінінен байқалатын әсерлі сезім жеке адам
ым-ишаралар) көбірек байқалады. психологиясының басты белгілерінің
Мұнда адам өзін тек организм бірі.
тұрғысынан көрсете алады.
3.Сезім ми қабығының жұмысынан, атап
3.Эмоциялардың қызметін лимби жүйесіайтқанда динамикалық стереотиптердің
мен (ми бағанасының үлкен ми әркез жасалып, өзгеріп отыруынан
сыңарларына жақын жері) гипоталамус жақсы көрінеді. Мұнда екінші сигнал
бөлігі (дененің зат алмасуын, жүйесінің басқарушылық рөлі күшті
температурасын реттестіретін жүйке болады. Сөз арқылы адам сезімдерінің
орталығы) өрісі кеңиді. Мәселен, сөз адамның
басқарып отырады. Мәселен, осы жүйкеинтеллектік, эстетикалық, моральдық
орталықтарына зақым келсе, адам сезімдерінің қалыптасуына елеулі
тойғанын білмейтін немесе өмірде әсер етеді, соның арқасында сезімдер
шөлі қанбайтын жағдайға ұшырайды. мен эмоцияларды тәрбиелеуге кең жол
ашылады.
4.Адамдардың эмоциялары мен
4.Эмоциялар жануарларда да сезімдері қоғамдық – тарихи сипатта
кездеседі. Жануарлар эмоциясы болып отырады. Мәселен, адамдардың
биологиялық сипаттағы реакциялардың жолдастық, адалдық, имандылық,
жиынтығы. Адам сезімдеріне лайықты борыштық, жауапкершілік сезімдері
көріністер жануарлар психикасында қазіргі нарық экономикасына өту
кездеспейді. кезеңінде жаңа мазмұнға ие болып
келеді.

Эмоция мен сезім ұғымдарының арасындағы айырмашылықтарды жоғары
көрсетілген таблицадан байқауға болады.
Сезімдердің екінші ерекшелігі – олардың актив (қажырлы) және пассив
(солғын) болып бөлінуінен көрінеді. Адамға күш беріп, әрекетке
ұмтылдыратын, көтеріңкі сезімдер мен эмоцияларды стеникалық, ал бұлардың
баяу солғын түрлерін астеникалық деп атайды. Біріншісіне: жауапкершілік,
жолдастық, достық, айбаттылық т.б. жатса, екіншісіне: уайым, енжарлық,
көңілсіздік т.б. сезімдер жатады. Бұл жерде мынадай жағдай есте болсын.
Түрлі нақтылы жағдайлардың ретіне қарай адамдарда бір сезімнің өзі бірде
қуатты, бірде әлсіз болып көрінуі мүмкін. Мәселен қорқыныш сезімі кейде бір
адамның буынын босатып, пәрменсіз етсе, енді бірде қауіп-қатерге қарсы
тұрғызатын айбаттылыққа (күшті сезім) ауысуы мүмкін.
Эмоциялардың үшінші бір ерекшелігі – жігерлену және кернеуден босану
немесе шешілу. Бұл да сезімдердің қарама-қарсы сапаларының бірі. Мәселен
студенттердің емтиханнан өтуі, спортпен айналысатын адамның мәреге жетуі
шешуші кезеңдер болып табылады. Мәреге тақалғанда адам барлық күш – жігерін
жұмылдырады. Осы кезең өткен соң басқа бір күйге түседі. Мұны кернеуден
босану (шешілу) сезімі дейді.
Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамда көбінесе қолайсыз эмоциялар
туғызады. Кісі ұдайы қинала беретін болса, оның діңкесі құрып, берекесі
кетеді. Адамның осылайша шамадан тыс зорлануын психологияда стресс деген
терминмен белгілейді. Стресс үш түрлі жағдайда байқалып отырады. Оның
алғашқы көрінісін мазасыздану кезеңі дейді. Организмнің күшті
тітіркендіргіштермен айқасқа түсуін күш салу, немесе зорлану кезеңі деп
атайды. Адам сырттан келетін нәрсеге төтеп беруге шамасы келмеген жағдайда
титықтап, әрекет жасаудан қалады. Мұндай қолайсыз әсер жүйке жүйесінің
жұмысына да, дене күшіне де нұқсан келтіретіндіктен, адам өзінің сыртқы
ортамен байланысын үнемі қадағалап, реттеп отыруы қажет.
Сезімнің жоғарыда айтылған ерекшеліктерінің барлығы да нақтылы әрекет
үстінде, кездесетін қиыншылықтарды қарсы алу кезінде айқын көрініп отырады.
Сезім адамның бүкіл өмірімен, оның жеке басының ерекшеліктерімен тығыз
байланысты. Адамның әр түрлі эмоциялары мен сезімдері оның қажеті мен
қызығу ерекшеліктеріне, дүниеге көзқарасы мен сеніміне, мінез-құлқы мен
білім көлеміне, санасы мен ерік сапаларына байланысты қалыптасып отырады.

Сезімдер мен эмоциялардың адамның практикалық әрекетінде алатын орны
зор. Алдағы мақсатты орындау жолында, өмір үшін күресте күппі сезімдерсіз
табысқа жету қиынға соғады.
Сезімнің қораш, солғын, селсоқ, болуы іске кедергі келтіреді. Адам не
үшін күрессе, соны жан-төнімен жақсы көріп, неге қарсы күрессе, соны
өлердей жек көріп отыруы керек.
Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады. Олардың бір тобы жағымды не
ұнамды эмоциялар деп аталады. Бұлар адамның қажетіне орайлас, оның ішкі
өмірінің шарықтап, жан-жақты өсу шарттарының бірі болып табылады. Мәселен,
қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл қоштық т.б. осындай эмоциялардың енді бір тобы
жағымсыз не, ұнамсыз эмоциялар делінеді. Бұлар–белсенді әрекетке азды-көпті
нұқсан келтіретін қораш сезімдер. Мұндай эмоцияларға қорқыныш, қайғы,
абыржу, налу, үрейлену, үмітсіздену т.б. жатады. Осы айтылғандармен қатар,
қарапайым және күрделі эмоциялар болып та бөлінеді. Қарапайым эмоциялар
адамның органикалық қажеттерінің өтелу–өтелмеуіне байланысты туып отырады.
Мысалы, күрделі түрлеріне: көңіл, аффект, құмарлық эмоциялары кіреді.
Осы айтылған эмоциялардың барлығына ортақ бір басты ерекшелік: оларда
сан алуан мәнерлі қозғалыстардың болып отыратындығы. Ч. Дарвин осы күнгі
адамда байқалатын мәнерлі қозғалыстардың біразы біздің ерте кездегі ата-
бабаларымыздың тіршілігінде елеулі орын алған әрекеттің қалдығы екендігін
айтады. Мәселен, қатты ашу кернеген адам кейде жұдырғын түйіп кетеді,
жүрегі тарс-тарс соғады. Осындай мәнерлі қозғалыстардың әрқайсысының өзінше
шығу тарихы бар. Жоғарыда келтірілген мысалдан жауымен (жабайы аңдармен)
айқасқа түсейін деп тұрған адамның келбетін, даярлық белгісін байқауға
болады. Ертедегі адамдар жабайы аңдармен арпалысқа түсердің алдында денесін
соған бейімделіп алып, сонан кейін айқасатын болған. Қазіргі адамдар үшін
мұндай көріністер дөрекі, ебедейсіз қимылдар болып табылады. Мұндай
ебедейсіз қимылдар мәдениетті адамның қылығына ешбір сыйымсыз сипат. Бұған
көбінесе сотқар, ызақор, кекшіл адамдар біртабан жақын тұрады. Адамдардың
сана сезімі өскен сайын оның қимыл қозғалыстары да мәдениеттене түседі.
Эмоциялық жағдайлар адамның дем алу, қан айналу органдарына өзгерістер
түсеретінін, бет әлпеті мен (мимика) бүкіл дене қимылдарына (пантомимика),
сөздің интонациясы мен тембріне, дикциясы мен паузасына да өзгерістер
енгізетіндігін дәлелдейтін мысалдар көп. Қорқу эмоциясы кезінде адамда
байқалатын мәнерлі қозғалыстарды алайық. Қорыққан адамның қасы тартылып,
түсі бозарады, қозғалыстары баяулап не мүлде тоқтайды, денесі дірілдеп
қалшылдайды, шашы үрпиіп, көзі шарасынан шығып, даусы қарлығып, үні
кібіртіктейді, аузы кебірсеп, тыныс өзгерелі, беті шіміркеніп, бүкіл денесі
қалтырап, салқын тер шып–шып шығады. Тіпты орнынан қозғала, сөйлей алмай,
даусы шықпай қалатын кездері болады. Қорқыныштың жеңіл түрі–тынышсыздану,
ауыры–үрейі ұшу т.б. Эмоциялық жағдай кезінде адамның денесінен байқалатын
әр түрлі мәнерлі қозғалыстарды Абай өлеңдерінен көптеп кездестіруге болады.

1.2 Күрделі эмоциялар.
Күрделі эмоциялардың бірі–көңіл. Кейпіне қарап адамдарды шат, жайдары,
жылы жүзді, ақжарқын, не көңілге кірбің кіріп ызалы, түсі суық т.б. деп
ажыратады. Адамның көңіліне айналасын қоршаған дүние әсер етіп отырады.
Егер оның қызметі жақсы жүріп жатса, ұжымы ынтымақты болса, отбасы жағдайы
жарасымды болса, көңілі де көтеріңкі болады. Көңілге адамның денсаулық
жағдайы, жүйке жүйелерінің ерекшеліктері де әсер етеді. Өмір тіршілігі үшін
елеулі маңызы бар оқиға да адамның көңіліне үлкен із қалдырады. Мәселен,
адам көптен айналысып жүрген ісі оңға басса, немесе бір нәрсеге қолы жетсе
(жоғары оқу орнын бітіру, диссертация қорғау т.б.), шат-шадыман күйге
түседі. Керісінше, ол ылғи да сөтсіздікке ұшырай берсе, көздеген мақсатына
жете алмаса, жанын қоярға жер таба алмай қиналады. Мұндайда қабағы қатыңқы,
ренішті күйде жүреді. Сондықтан да “көңіліңізден күлкі шықпас”, “Адам
көңілден азады” деген мақалдар тегінен-тегін айтылмаған. Ерік-жігері күшті,
рухани өмірінің мазмұны бай адамдар, тіпті ауыр жағдайларда да көңілді
жүреді. Оптимистік жарқын болашаққа сену, қиыншылыққа мойымау ерік–жігері
күшті, қажырлы адамдардың басты қасиеті. Адам өз көңілінің қожасы болу
керек екендігін олар іс жүзінде көрсете білуі тиіс. Осы айтылғандардан өмір
сүруге қолайсыз кездерде де көңілді ырқына жібермеуге болатындығы,
көңілдің тұрақты болуы жұмыс қабілетін арттыруға, адамның жеке қасиетінің
жақсы сапаларына байланысты екені жақсы аңғарылады. Өз көңілін меңгере
білу–мұғалім үшін аса қажет сипат. Төменгі сынып оқушыларының мұғалімнің
қасы мен қабағына қарап отыратыны белгілі. Егер мұғалім көңілсіз, кірбің
болса, оқушылардың оқу материалдарын меңгерулеріне қолайсыз әсер етеді.
Эмоцияның бір түрі– аффекттер. Аффекттер дегеніміз қысқа уақытқа созылса
да, бұрқ етіп қатты көрінетін эмоцияның түрі. Аффекттер кейде адамның бүкіл
психикалық кейпін бұзып, мәнерлі қозғалыстарға толы, ерік күшінің әлсіреу
жағдайында өтеді (Мәселен, зәре ұшу, қорқу, долылық, жан түршігу, кенеттен
торығу, қамығу т.б.). М.Ю. Лермонтов бір адамның басынан байқалған
аффектіні былайша суреттейді:
Орынсыз жан таласып, кейде бекер,
Жұламын итмұрынды қолым жетер...
Сонан соң әлем кетіп, жерге құлап,
Еңіреп егіл – тегіл, жаттым сұлап.
Кеміріп жердің дымқыл топырағын,
Шықтай қып жерге төктім жасты – ай бұлақ.
Аффект кезінде адамның “есі шығып” кетпейді. Дені сау адамдарда
болатын аффекттерді адамның жеке басының кемшілігі деп түсіну керек. Бұл
адамның өзін меңгере алмауы, ерік тәрбиесінің кемістігі. Ерік – жігері
күшті адам мұндай ұшқалақтыққа, лепірмелікке бармайды. Ондай адам не істесе
де ойланып істейді. “Ар–ісі ақылға ермек, бойды жеңбек, өнерсіздің қылығы
өле көрмек”, - деп Абай дұрыс айтқан.
Дені сау адамдардың аффектісінен психикасы ауруға шалдыққан адамдардың
аффекттерін (патологиялық аффекттер) ажырату қажет. Мұнда аффекттер ми
қабығы мен қабақ асты орталықтарының байланысы бұзылғандықтан, екінші
сигнал жүйесінің реттеушілік рөлі кемігендіктен болады. Аффекттерді
тәрбиелеу адамның жеке басын тәрбиелеумен тығыз байланысты мәселе.
Құмарлық – адамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын
күшті, терең, тұрақты эмоция. Құмарлық өзінің қоғамдық мәнімен бағаланады.
Егер ғылым мен өнерге, еңбекке құмарлықты ұнамды десек, дүние құмарлық, бақ
құмарлық, ойын құмарлықты ұнамсыз құмарлық дейміз. “Құмарлық кісіге жүк
артады, міндеттілік туғызады, міндет борышты етеді, бұлар еңбекке жүктейді,
еңбек ғылым мен өнерге ашылған жол”, - деп Абай адамға қажетті құмарлықтың
психологиялық табиғатын көрсеткен. А.С. Пушкин “Сараң сері” драмасында
Альберттің образы арқылы, құлқынын ақша тескен адамның “құмарлығын” былайша
суреттейді:
Е, менің әкем үшін ақша дос та емес, малай да емес,
Бас иетін қожасы, өзі қызмет етеді,
Еткенде қандай десеңші!
Алжирдід нағыз құлындай,
Шынжырлаулы төбеттей!
Иттің суық жатағында тұрады.
Қорегі оның қара су мен кепкен нан,
Көз ілмейді тұр бойы, жүгіреді арсылдап,
Ал алтыны жатыр сандықтарда мызғымай.

1.3 Жоғары сезімдер.
Жоғары сезімдер адамға ғана тән. Осы топқа адамгершілік, эстетикалық,
интеллектік деп аталатын сезімдер кіреді. Қоғамдық өмірдің талабына сәйкес
адам мінез – құлқынан жиі көрінетін сезімдердің бірі адамгершілік сезімдер.
Адамгершілік немесе имандылық сезімдердің мазмұны да, құрылымы да
күрделі келеді. Бұлар ең алдымен қоғамдық мәнді және жеке көңіл күйге
байланысты моральдық сезімдер болып бөлінеді. Бұл екеуі бір–біріне қайшы
келіп қалуы да мүмкін. Бірақ, сана – сезімі жетілген, дүниетанымы мен
сезімі қалыптасқан адамда мұның біріншісі басым болып отырады. Осындай
сезімдердің тобына: достық, жолдастық, адалдық, ар–намыс, борыш,
жауапкершілік, ұят т.б. жатады. Ар–намысты қорғау – адамға аса жарасымды
сипат. Сезімнің осы түрі, көбінесе, қайсар, өжет, табанды әрі көздеген
мақсатына жетпей тынбайтын адамдардан жиі байқалады. Өз мініне іштей
күйіну, өзін жазғырып, жазлау–адамның тек өз басын қадір тұтандығынан
туындамайды. Ар–намысты қорғау дегеніміз, сонымен бірге, айналасындағы
адамдарды да сыйлай білу деген сөз. Ар–ұятты қастерлеу, намысқа
тырысушылық–екінің бірінен кездесе бермейтін касиет. Мұның адам
психологиясына қатты әсер етіп, терең із қалдыратыны сонша–кісі кейде
“кірерге жер таппай, кісі бетіне қарай алмай... ұйқыдан, тамақтан қалатыны да
болады”. К. Маркс ұятты адамның іштей ашулануы, өзінше ашу шығаруы деген
екен. Ал Абай ұяттың екі түрі бар дейді: оның бірі–надандықтан туатын,
екіншісі–жағымсыз іске, теріс қылыққа ұялу. Оның ұғымынша, ұялмас нәрседен
ұялу бұл надандық, ынжықтық, жігер-қайтар осалдығы, білім мен тәжірибенің
саяздығы. Шын ұят ақыл–парасаттың ісі. “Өлімнен ұят күшті” деп халқымызда
тегін айтпаған. Білімі, тәжірибесі, тәрбиесі мен мінез бітісіне қарай
адамның ұялу дәрежесі түрліше болады. Мәселен, надан адам әдепсіз қылығына
айылын жимаса, мәдениетті, ақылды кісі мұндайда қатты ұялып, жерге кіріп
кете жаздайды. Адамның ары мен ұяты ақылының күзетінде болса, жүрек, қайрат
үшеуі бір жержен шығып отырса, мұндай адам ұятты болады дейді Абай. Ұялу
сезімі мектепке дейін сәбилік, бөбектік шақта, ылғида үлкендердің,
ата–ананың жақсы сөзі мен іс-әрекетіне, қылығына еліктеу, оларды өнеге тұту
арқылы біртіндеп қалыптасып отырады. Адамның өмір сүрген қоғамы, оның
қоғамдағы орны нақтылы іс- әрекеті бұл секілді сезімдердің мазмұнына күшті
әсер етеді. Қоғамдық тәрбиенің ықпалымен ар–намысты қорғау адамның тұрақты
сезімдеріне айналады, егер адам қоғамдық ережелерді бұзса, оны ожданы
көтермей, қатты қиналады да, бұларды орындай алса, оған жақсы рақаттанып,
масаттанатын болады. Қоғамдағы моральдық принциптер сол қоғамның
экономикалық жағдайларына сәйкес келеді.
Жоғары сезімдердің екінші бір түрі–эстетикалық сезімдер. Эстетикалық
сезім дегенміз адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезінуі.
Бұл текті сезімдер сұлу, сымбатты, өмірге үйлесімді, әдемі көріністерді
тамашалау немесе табиғаттағы, көркем - өнердегі, әсіресе, өмірдегі шынайы
әсем нөрселерден ләззат алу кездерінде байқалады. “Сұлулық сезімдері
адамның дұрыс, сұлу, ләззат ізденуіне, сұлу нәрсеге сүйініп, керексіз
нәрседен жиренуіне... жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан тыйылуына көп көмек
көрсетеді” (М. Жұмабаев). Эстетикалық сезімдер, сондай–ақ, сурет
полотноларынан, скульптуралық, архитектуралық, музыкалық немесе сахналық
шығармалардың шебер орындалауынан ләззат алуға байланысты да туып отырады.
“Адамзатқа тән ерекше бір қасиет, - дейді әл – Фараби, - өзін қоршаған
дүниенің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік
сезімін образдар арқылы паш ету”. Мәселен, “жақсы ән мен тәтті күй”, яғни
жақсы музыкалық әуеннің адамның эстетикалық сезімдерінің қалыптасуында
ерекше маңыз алатындығын С. Торайғыров былайша сипаттайды: “Халықтың
арғы–бергісін қозғап, естеріне түсіріп, мүң–мұтаждықтарын зарлап, кем-
кетігін көрсетіп, әдемі даусымен құй-қылжытып тұрған, қандай тас көңіл
болса да жібімеген еркіне қоймайды. Халықтың қайдағы–жайдағысы ойына
қозғалып, түсіп, қандары қайнап, тіпті арқалары қозып кетеді. Әркімнің
көңіл көздерінен жастар моншақтап, бойлары балқығаңдай, шартта – шұрт қол
шапалақтасып... тарқайды”.
Осы үзіндіде ақын жақсы ән мен тәтті күйдің қандай тас көңілді болса
да жібітіп жіберетіні, қанды қайнататыны, көзден жас ағызатыны, бойды
балқытатыны т.б. адам психологиясын нұрландырып, байытатындығын, адамды
ләззатқа бөлейтінін айтып отыр.
Эстетикалық сезімдердің мазмұнын да қоғамдық - әлеумет жағдайлар
билейді. Н.Г. Чернышевский мұны төмендегідей әсерлі сөздермен жақсы
түсіндірген: орыс шаруасы өзінің жұмыстан пайда болған күсті қолын, жуан
білегін, мығым денесін, кең жауырынын мақтан етсе, дворян бикештері
өздерінің сыңқылдап наздануын, ақ саусақ пен бұраң белін, қиылған қасы мен
оймақтай ауызын, ерекше нәзіктігін, еңбекті сүймейтіндігін мақтан етеді.
Н.Г. Чернышевский айтып отырған сұлулық жөніндегі пікірлері қарама – қарсы
екі таптың өмірге көзқарасы. Сөйтіп, өмірдегі сұлулықты, көркемдікті барлық
адам бірқалыпты сезінбей, әркім өзінің таптық тегіне, тарихи дәуіріне,
нақтылы тарихи жағдайына сәйкес сезінеді.
Жоғары сезімдердің бұдан басқа бір түрі–интеллектік сезімдер.
Интеллектік сезімдер адамның тану процестерімен, ақыл-ой әрекетімен тығыз
байланысып жатады. Интеллектік сезімнің түрлеріне тансықтау, білуге
құмарлық, күдіктену, сенімділік, интуиция, ықтималдық, жаңашылдық, болжау
т.б. сезімдер жатады.
Сезімнің осы түрлері оқу процесінде, ғылыми-зерттеу жұмыстарында,
адамға зор ляззат беретін жаңалықтар ойлап табуда пайда болады.
Мұғалімнің басты міндеттерінің бірі–оқушылар санасында интеллектік
сезімдерді қалыптастыру болып табылады. Ол үшін көп оқу қажеттігін, оқу
үшін ешбір мақсатқа жете алмайтынымызды оқушыларға түсіндіру керек. “Оқу
инемен құдық қазғандай”, ол оңайлықпен қолға түспейді. Бұған жан – тәнімен
берілмесең, тиянақты еңбек етіп, қатты зейін қоймасаң болмайды. Оны үнемі
толықтырып отыру да қажет. “Адамның көңілі шын мейріленсе, - дейді Абай, -
білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі”. Жүрдім –
бардым үйренетін адамдарға ғылым тұрақтамайды. Өйткені ғылым өзіне түгелдей
берілуді қажет етеді. Интеллектік сезімдер адамның сана-сезімінен орын
алса, кісінің шындықты аша түсуге құмары арта түседі, мұндайда ол асыл
мұрат үшін күреске белді бекем байлайды.
Адамдардың сезім саласында айырмашылықтары түрліше болып келеді. Жанұя
тәрбиесіне, тұрмыс жағдайына, денсаулығына, жүйке жүйесінің типтік
ерекшелігіне, білім қорына, өзін-өзі тәрбиелеу дәрежесіне, жас өзгешілігіне
т.б. қарай адамдарда эмоциялар мен сезімдердің сан алуан түрлерін
кездестіруге болады. Өмірде көңілі көтеріңкі, жайдары, шат адамдармен
қатар, сәл нәрсеге уайымдағыш, қабағы қатулы, немесе өзін ұстай алмайтын,
тиянақсыз болар–болмас бірдеңеден асып – сасып , жұрттың үрейін алатын
адамдар да кездеседі.
Психология сезім саласындағы мұндай шексіз жеке ерекшеліктерді тере
бермей, адамдарда типтік ерекшелік ретінде қалыптаса бастаған сезім
түрлерін зерттеуді қарастырады. Адамдардың сезімдері, өзінің бағыты,
тереңділігі, тұрақтылығы, әсерлілігі тәрізді жағымды сапаларымен құнды
болмақ.

2. Ерік.
2.1 Ерік туралы жалпы ұғым.
Адамды әрекетке бағыттайтын, мақсат қоюға талаптандыратын бір түрткі
болатындығы, мұны психологияда мотив (себеп) деп атайтындығы белгілі. Кез
келген түрткі сан қилы қажеттермен тікелей не жанама түрде байланысып
жатады.
Адамды әрекетке итермелейтін негізгі мотив – оның түрлі қажеттері.
Адам өз қажетіне байланысты алдына түрлі мақсаттар қояды. Ол мақсаттарды
орындау үшін түрлі әдіс–амалдар қарастырады. Өйткені адам сыртқы дүниенің
заттары мен құбылыстарын тек танып, не оған өзінің қатынасын білдіріп қана
қоймайды, сонымен бірге, оны қажетіне орай өзгерткісі келеді. Бұл үшін ол
қимыл – қозғалысқа, іс -әрекетке түсіп отырады. Адамда қимыл – қозғалыстар
есепсіз көп. Бұларды үлкен екі топқа бөлуге болады. Оның бірін еріксіз
қозғалыстар (яғни мақсат қойылмайтын қозғалыстар: көздің жұмылуы, жөтелу,
шашалу, түшкіру т.б.), екіншісін ерікті қозғалыстар деп атайды. Мәселен,
жерге түсіп кеткен нәрсені көтеріп алу қозғалыстың соңғы түріне жатады. Кез
келген қозғалыс арқылы сыртқы ортаны өзгертуге, оған ықпал жасауға
болмайды. Бұл үшін мақсатқа бағытталған қимыл– қозғалыстар жасау қажет.
Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе
білуден көрінетін қимыл–қозғалыстарды психологияда ерік амалдары немесе
ерік деп атайды. Сонымен ерік дегеніміз адамның өз мінез – құлқын меңгере
алу қабілеті.
“Қайрат дегеніміз өмір жолында кездесетін екі талай кездерде белді
бекем буып, қайыспай, кідірмейи амал етуге ұмтылу” (Ж. Аймауытов). Адамның
осындай психикалық әрекеті алдына қойған мақсатын орындауға байланысты
түрлі ішкі–сыртқы кедергілерді жеңе білуінен жақсы байқалады. Мәселен, ұйқы
басып төсектен тұрғымыз келмейді, бірақ сабаққа кешікпеу үшін тұру керек.
Бұл жағдайда ішкі кедергілерді (төсектен тұрғымыз келмеу сияқты, еріншектік
т.б.) жеңу керек болады. Егер біздің мақсатқа жетуімізге сырт нәрселер
кедергі жасаса (басқа адамдардың кедергісі, түрлі жағдай болмаушылық,
т.б.), бұларды да жеңіп отыруымыз қажет.
Ерік қоғамдық еңбек процесінде пайда болып, қалыптасқан. Тек еңбек ету
арқылы ғана адам өзінің әр түрлі амалдарын, қимылдарын көрсетіп, түрлі
қажеттерін өтей алады. Адамның еріктік қимылдары оның өмір сүріп отырған
ортасының, яғни сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының әсер етуіне
байланысты көрінеді. Адам бір түрлі жағдайда әр қилы, әр түрлі жағдайда бір
қилы әрекет жасайтыны мәлім. Біз көп адамдармен “не тілесем, соны істеймін”
деген сөзді жиі істейміз. Кейбір философия мен психология ғылымдарының
өкілдері осындай жеке пікірлерге тас кенежей жабысып: “Адам не істейін
десе де ерікті, өз қылығына өзі қожа” дейді. Барлық тіршілік ерікке
байланысты, ал ерік ешбір себеп дегенді білмейді, ешбір материалдық
жағдайлармен байланысты жоқ рухани өзінше пайда болған күш”–деп адамның
барлық әрекеті, мұның ішінде еркі де, нақтылы айналасын қоршап тұрған
дүниеге, жағдайларға байланысты болатындығына жете мән берілмейді.
Сөйтіп, ерік қимылдарын өзінен өзі пайда болмайтын, керісінше, адамның
өмір сүрген ортасына байланысты дамып отыратын үй қызметі продуктісінің
бірі болып, есептелінетін психикалық процесс деп түсінуіміз қажет.
Орыс ғалымдары И.М. Сеченов пен И.П. Павлов ерік қимылдарының белгілі
бір себепке байланысты пайда болатындығын экспиременттік зерттеулермен
дәлелдеді. И.М. Сеченов: “Кәдімгі ырықты деп аталатын барлық саналы
қозғалыстарымызды бейнелеу мағынасында ұғыну керек...” “Адамның кез келген
қимылдарының алғашқы себебі одан тыс болады” деп еріктің сыртқы ортадан
тәуелділігін және ол ми қызметінің нәтижесі екендігін көрсеткен болатын.
Еріктің физиологиялық механизмі де ми қабығының рефлекстік табиғатына
жатады. Ерік процесінде жоғарыда айтылып өткен ерікті қозғалыстардың алатын
орны ерекше. Ерікті қозғалыс дегеніміз мақсатқа бағытталатын қозғалыстар,
яғни күрделі шартты рефлекстер. Еріксіз қозғалыстарда тумалық қасиет болса,
ерікті қозғалыстар өмірде жүре–бара қалыптасады. Ерікті қозғалыстардың
рефлекстік табиғатын И.М. Сеченовтен кейін зерттеген И.П. Павлов болды.
И.П. Павлов және оның шәкірттері басқа анализаторлар тәрізді қозғалыс
анализаторы да, яғни ерікті қозғалыстар да түрлі тітіркендіргіштермен
уақытша нерв байланысына түсуге қабілетті екенін көрсетті. Адамның ерікті
қозғалыстары ми қабығында бұрын пайда болған уақытша байланыстардың
негізінде жасалады. Мұндай қозғалыстар үшін сөз ерекше тітіркендіргіш болып
табылады, түрлі қозғалыстарды реттеп, басқарып, тежеп отыратын да осы
сөздік сигналдар. Адамның көптеген қозғалыстары іштей сөйлеу арқылы да
пайда болып отырады, мұндай сөздер түрлі қимыл қозғалыстың “басталу
белгісі”. Адам сөз арқылы нұсқау алады немесе бір тоқтамға келеді, алдына
қойған мақсатына сәйкес қимыл-қозғалыстарын реттестіреді. Қозғалыс
анализаторларының нерв клеткалары мидың орталық сайының алдыңғы жағына
орналасқан. Осы жерде пирамида формасындағы алып нерв клеткалары бар.
Бұлар нерв талшықтары арқылы қанқаның бұлшық еттерімен байланысып жатады.
Қозғалыс анализаторларын құрайтын нерв талшықтарын пирамидалық жол деп
атайды. Пирамидалық жолдың қызметіне зақым келсе, адамның қимыл –
қозғалысының берекесі кетеді, мұндайда оны паралич ауруы соғуы мүмкін.
И.П. Павлов “...еріктік қозғалыстың механизмі жоғары нерв қызметінің
барлық заңына бағынатын шартты ассоциациятивтік процесс” деп ерікті мидың
уақытша байланыстар принципінің заңына орайлас түсіндіреді.
Ерікті қозғалыстарды орындау дегеніміз – еріктің ең қарапайым түрде
сыртқа шығуы. Жас баланың еркінің дамуы осындай қозғалыстар жасауға үйрене
бастаудан, өзінің денесін басқара алуынан байқалады. Қозғалыстарды тежей
алу, тек алда тұрған мақсатқа ғана сәйкес қозғалыс жасау–бірінші және
екінші сигнал жүйелерінің өзара әрекеттестігінің нәтижесі.
Еріктің мағынасы кең. Мұның бірінші жалпы мағынасы адамның
психологиялық өмірінің саналы түрде бір мақсатқа бағытталуын білдіреді. Ал
дәл мағынасында ерікті амалдар ішкі немесе сыртқы кедергілерді жеңуге
байланысты көрініп отырады. Мәселен, адам жазу үшін столдың үстіндегі
қарындашты қол созып алады. Әрине, бұл да саналы және белгілі мақсатқа
бейімделген әрекет. Осы сияқты әрекетті ешкім нағыз ерікті әрекет деп
ойламайды, олай дейтін себебі, бұл жерде ешқандай да кедергіні жеңу
байқалмайды. Ерік амалы байқалғанмен, оның көрінісі өте болмашы, мұндағы
ерік көбінесе адам елемейтін дәрежеде білінеді. Сондықтан да шын
мағынасындағы ерік амалдары бірнеше күрделі қозғалыстардың (тіпті, ойланып
істелген қылық болса да) жиынтығы болып табылмайды. Сөйтіп, адамның дәл
мағынасындағы ерікті амалы, біріншіден, әрбір адамның өзін - өзі билеу
алуынан, яғни мінез – құлқын меңгере алуынан көрінсе; екіншіден, оның
түрлі ішкі және сыртқы кедергілерді жеңе отырып, алдына қойған мақсатын
орындап, істі мұқият тындыруынан көрінеді.

2.2 Ерік сапалары.
Адамның ерік-жігер қасиеттері сан қилы. Бұлардың іс - әрекеттің
нақтылы жағдайларына, орындау тәсіліне қарай бірнеше сапалары бар:
Біріншіден, еріктің күшіне (тоқтамға келгіштік, кедергілерді жеңе алу,
өзін - өзі меңгере алу, батылдық, шыдамдылық, т.б.), екіншіден,
адамгершілікке сиымды ерік қимылының сапаларына (жеке мүддені ұжым еркіне,
қоғам мүддесіне бағындыра алуда көрінетін ерік сапалары), үшіншіден,
еріктің адамның дербестігінен байқалатын сапаларына (инициатива,
принциптілік, тәртіптілік, жинақылық т.б.) бөлінеді.

Тоқтамға келгіштік
Тоқтамға келгіштік дегеніміз адамның небір қиын – қыстау кезеңдерде
қажетті шешімдерге келіп, оны жүзеге асыруға қабілетінің болуы. Тек
тоқтамға келу үшін адам асығып–аптықтайды. Бұл әрбір істі ой таразысына
салуды қажет ететін қасиет. Тек осындай жағдайда ғана адам алдындағы ісін
дұрыс бағалап, жоспарлай алады, өзінің барлық мүмкіндіктерін сарқа
пайдаланады. Басқалардың ақыл–кеңесін тыңдау, ақылға салу, өзін тежей алу,
қателерді көре білу, тәуекелге бел байлау алушылық – тоқтамға келгіш адамға
тән қасиеттер.
Адамның өз әрекетін дұрыс түсінуі, істеген ісін аздыкөпті
кемшіліктерін көре білуі оның ақыл - ой парасатымен байланысып жатады.
Біреу тоқтамға келуде оншама көп қателікке жол бермейді, ал екінші біреу
көптеген қателіктерге ұшырайды, сонысынан кейін үлкен опық жейді, әуре –
сарсаңға түседі, ал үшінші бір адамдар жиі–жиі түрлі тоқтамға келеді де,
алдына сансыз мақсаттар қояды. Бірақ оларды көбінесе орындай алмайды.
Ақырында мұның барлығы оның ерік – жігерін жегідей жеп мұқалтады.

Табандылық
Табанды адам алған бетінен қайтпай, көздеген мақсатына қайткен күнде де
жетуді көздейді. Ол қажымай–талмай әрекет етіп, осы жолда небір қиыншылыққа
төзіп, оларды бірінен соң бірін жеңіп отырады. Мұндай адамның ерік күші
қиыншылыққа қарсы батыл күрес үстінде онан сайын нығая түседі. Алматы
облысының Шелек ауданының тұрғыны Тұрсын Мыңбаев Ұлы Отан соғысында екі
қолынан бірдей айрылды да, жарымжан болып қалды. Бірақ ол қиыншылыққа
мойымады. Ол сергектіпен өмір сүріп, халқына пайда келтіру жағын ойлады.
Ауруханада жатқанда оның “қолынан” Н. Островскийдің “Құрыш қалай шынықты”
романы түспеді. Островскийдің өмір сүруге деген тамаша ынтызарлығы Тұрсынға
адам өмірінің бағасын танытып, оның күрес жолына сабақ болды. Ол сол
ауруханада жатқан кезінде-ақ қалам сұрап алып, бақайымен жазу жазды.
Қаламды аузымен тістеп сурет салуға да машықтанды. Бір күндері Лениннің
портретін айнытпай салып шықты. Бұл оның мақсатына жету жолын бір табан
жақындатқандай болды. Көп қажыр–қайрат жұмсап, талмай жаттығу нәтижесінде
жылдам жазуды да үйренді. Тұрсын сөйтіп шалғымен шөп те шапқан, жеміс бағын
да өсірген. Үш айлық шоферлер курсын бітіріп, машина жүргізуді де үйренген.
Совхозда бухгалтер болып істеген. Осындай жауапты қызметте жүре біржағынан
жазушылық жұмыспен де айналысқан. Өз басынан өткен жайларды қағаз бетіне
түсіріп, “Өліммен беттескенде” деген кітап жазған. Бұл кітапта өзінің
ерекше еңбек сүйгіштігін, табандылығының арқасында өмір қызығын татып
отырған қарапайым еңбек адамының ерлік ісі
тамаша жырланған. Бұл мысалдан табандылық, тек тепсе темір үзетін, қол –
аяғы балғандай, жеті мүшесі сау адамдарда ғана кездесетін қасиет емес, ол
қандай жағдайда да еңбек ете, еңбекті жан – тәнімен сүйе білетін адамдардың
қасиеті екендігі байқалады. Сөйтіп, табандылық кісі тандамайды, тілесе, кім
болсын, тек еңбекті сүйе білген, осы жолда ерекше жігер көрсетіп, іске
мейірлене, құлшына кіріскен адамдардың бойына даритын қасиет.
Мектеп оқушыларын табандылыққа тәрбиелеуде мұғалім мына шараларды
жүзеге асырып отырады:
1. Баланы жас кезінен қолына алған ісін ылғи да аяқтатып, оның қолынан іс
келетіндігіне сенімін арттырып отыру қажет;
2. Оқушы дербес әрекет жасауға, өз бетімен қиыншылықтармен күресе білуге
үйретілсін. Қажетті жерінде тәрбиешінің өзі өнеге көрсетіп отырса
тіптен жақсы;
3. Баланы коллективтегі ортақ мүдде үшін күресе білуге баулу, көпшілік
алдындағы борышын, жауапкершілігін өтеуге жұмылдыру, оған берілген
тапсырмалардың орындалу сапасын қадағалау– табандылыққа тәрбиелеудің
басты жолдары.

Ұстамдылық
Ұстамдылық дегеніміз адамның оқыс қимыл–қозғалыстан, орынсыз
сөйлеуден, басқа күйіп-пісуден бойын тежей алу қабілеті. Ұстамды адам әр
кез терең ойланып, істің тетігін аңғара отыра әрекет етеді. Ол ағат
істерге бара бермейді, көрсе қызар, яғни нәпсінің құлы емес. Мұндай адам
өзінің бар күшжігерін тек алдындағы мақсатын орындауға ғана арнап отырады.
“...нағыз зор ерік дегеніміз бірдемеге тек тілек етіп, соған қол жеткізу
емес.–дейді А.С. Макаренко.–сонымен бірге керек болған жағдайда қажетсіз
нәрседен өзін бас тарта білуге мүжбүр етуі керек. Жігер дегеніміз–құр
тілекпен қанағаттану емес, бұл бір мезгілдегі тілек те, тоқталыс та,
тілектен бас тарту да... Тормозсыз машина болмайды және тормозсыз ешбір
жігердің де болуы мүмкін емес”.
Осындай қасиеттер адамның түрлі қиыншылықтарды жеңе білуге машықтануы,
ауыртпалыққа шыдай, төзе білуі үстінде қалыптасуы болып табылады. Орынсыз
ұшқалақтық, жеңілтектік, дегбірсіздік кедергі келтіреді. Ал ерекше күш
жұмсайды керек етпейтін жерде пәлендей ұстамдылық бар дей айтуға да
болмайды. Қорқақтықа, жалқаулық пен тартыншақтыққа, орынсыз ұшқалақтыққа
жол бермеу–адамның өз бойын тежеп ұстау алуының, ұстамдылығының белгісі.
Өзін - өзі меңгере білу қандай болмасын шешімді қайткен күнде орындауға
адамның өзін жеге алуы. Еріктің бұл сапасынсыз қарапайым жұмысты да
нәтижелі орындау мүмкін емес.
Жастар шыдамдылық пен ұстамдылықтың, өзін-өзі меңгере алудың тарихта
теңдесі жоқ үлгілерін әр уақытта да көрсетіп келеді. Осындай тамаша
қасиеттің бір көрінісін А. Фадеев өзінің “Жас гвардия” романында
фашистердің қолына түскен Краснодон батыры Сергей Тюлениннің мінезқұлқы
арқылы өте жақсы көрсеткен. “Сережка өзін ұрғанда да үндеген жоқ. Фенбонг
жаралы қолын қайырып, басын жерге тигізгенше сытырлатқанда да үндеген жоқ.
Тек Фенбонг Сережканың жарасына ісікті сұғып-сұғып алғанда, Сережка тісін
шықырлатты..Келесі күні таңертең Сережка мен Витька Лукьянченконы
беттестірді...Сережка үндеген жоқ. Содан кейін Витька Лукьянченконы алып
кетті де бірқатар уақыттан соң камераға қасында Соликовский бар, Сережаның
шешесі келіп кірді. Олар бір баланың анасы болған кәрі әйелдің киімін
қоймай шешіп жалаңаштады да, қанды топчанға жығып салып, ұлының көзінше сым
темірмен соға бастады. Сережка міз бақпастан шешесін ұрғандарға қарап,
үнсіз тұрып алып еді. Мұнан кейін, оны шешесінің көзінше қаншама азаптап
соқты. Бірақ Сережка тіл қатқан жоқ. Тіпті Фенбогтың де есі шығып кеткендей
темір сүйменді ала салып, Сережканың сау қолын шынтағынан соғып сындырып
жіберді. Сережка боп–боз болып кетті, маңдайы тершіп қоя берді. Ол: -
Болғаны осы... деген жалғыз ғана сөз айтты”
Күшті ерік адамның осындай ауыртпалықты жеңіп отыруы, өзін меңгере алу
үстінде де мықтап шыңдала түседі, онан сайын қатайып, беки береді, яғни М.
Горький айтқандай, “тіпті азғана өзіңді жеңу адамды зор қуат иесі етеді”.
Ұстамдылық, өзін-өзі меңгере алу–адамның төземділік, шыдамдылық, батылдық
сияқты ерік сапаларымен тығыз байланысып жатады. Адам осындай қасиеттердің
арқасында ғана өзін нағыз ерлерше ұстай білуге үйренеді, өзін қорқу
сезіміне билетпей, көңілген алған ісін қажетінше істеп шығады. Адамда
осындай қасиеттерді тәрбиелеу үшін адамгершілік принциптерін саналылықпен
ұғынып орындап отыруға бой ұсындыру, коллектив мүддесіне нұқсан келтіретін
түрі теріс қылықтардан бас тарта білуге жаттықтыру, дүниетанымы мен
сенімін, талғамын қалыптастыру, лайықсыз сезімдерді (босқа лепіру, даурығу,
ұшқалақтық т.б.) тежей білуге үйретіп отыру қажет.

Тәртіптілік пен жинақылық
Тәртіптілік дегеніміз адамның өз қимыл – қозғалысын, ойы мен тілегін
әр уақытта коллективтің ырқына бағындыра алу қабілеті. Адам неғұрлым өз
қылығының қоғамдық мәнін жақсы ұғынса, соғұрлым зор сеніммен,
белсенділікпен әрекет етіп, өзінің Отан алдындағы жауапкершілігін жақсы
түсінеді. Жекешіл, ұжымнан оқшауланып жүретін адамда тәртіптілік жағы аз
болады. Кісінің тәртіптілігі оның жинақылығы оның қоғамдық әрекетімен қатар
жеке өмірінде де ерекше маңыз алады. Оқушыларда еріктің осындай тамаша
қасиетін тәрбиелеуде бір әз уақытта да өзімізге ұлы Ленинді үлгі етіп
отыруымыз қажет. Оның ерекше тәртіп сақтағыштығы мен жинақылығы жөнінде
А.А. Андреев былай дейді: “Ленин уақытын дәл ұстайтын. Қанша көрсең, ол
тағайындалған уақытында мәжіліс залында болатын немесе кворумды күтіп, өз
кабинетінде жұмыс істеп отыратын. Мәжіліс жүргізгенде Ленин біршама қатал
еді... Жарыс сөздер мен баяндамалар үшін регламент Орталық Комитетке, Еңбек
және Қорғаныс советінде берісі 3, әрісі 5 минуттан белгіленетін, бұл
регламентті алдымен Ленин өзі зәредей бұзбаушы еді. Оның алдында ылғи
секундтығы бар сағат жататын, егер сөйлеуші адам регламенттің шегінен асып
баражатса, ол дереу сағаты көрсетіп қоятын-ды. Ал шылым тартуға ол өте–мөте
қатты тыйым салып қойған”.
Оқушыларды тәртіптілік пен жинақылыққа тәрбиелеу дегеніміз олардың оқу
әрекетін дұрыс ұйымдастыру, әрбір кішкентай істің өзіне тиісінше мән беріп
отыруға үйрету қоғамдық істе де, жеке өмірде де қатаң тәртіп сақтау,
ыждағаттылыққа, ұқыптылыққа үйрету, бір сөзбен айтқанда, осылардың барлығын
олардың қанына “сіңіріп” отыру деген сөз.

Ерлік
Ерлік дегеніміз алға қойған мақсатына шексіз сенген, сол жолда атық
демі біткенше бел байлаған, моральдық рухы жоғары адамның ғана қолынан
келетін қасиет. Сонымен қатар ерлік – батылдық пен ұстамдылықтың,
табандылық пен тез тоқтамға келгіштіктің адамның басында ойдағыдай тоғысуы.
Ерлік істеген сәтте адам тіпті өзіне өлім қаупі төнсе де сасқалақтамайды,
өз рухын жақсы ұстай алады, басынан түскен ауыртпалықты мойымай көтереді,
өз мақсатын асыл мұратына бағындырып, мұны ең негізгі борышым деп
есептейді. Ерлік көбінесе қоғамдық мәні бар істерде көрінеді. Сондықтан да
ол адамның өз халқына, Отанына қалайша берілгендігін сипаттайтын негізгі
көрсеткіштердің бірі болып табылады. Қазақ халқының тарихында да кір жуып,
кіндік кескен жерін көздің қарашағындай сақтап, басқыншы жаудан асқан
ерлікпен қорғай білген небір батыр тұлғалар көптеп кездеседі. Мәселен,
Күлтегін, Едіге, Қарасай-Қази, Қобыланды, Ерсайын, Қамбар, Сырым, Бөгенбай,
Қабанбай, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарым - қатынас процесі кезінде қоршаған ортаны қабылдау
Қарым - қатынас жайлы жалпы түсінік
Эмоция және сезімдер
Сезімдер мен эмоциялар туралы жалпы түсінік
Адамдардың сезімдері
Жоғары сезімдердің адам өміріндегі маңызы
Адам эмоциялары
Эмоция функцияларының түрлері
Сезімдер мен эмоциялардың адамның практикалық әрекетінде алатын орны
Эмоция мен сезім
Пәндер