Шаңұстағыштардың технологиялық есебі


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

  1. Магистралды құбырлардың ластану көздері
  2. Шаңұстағыштардың құрылысы
  3. Шаңұстағыш аппараттар

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Шаңұстағыш аппараттар

Шаңұстағыш аппараттар - шаңұстағыштар, висцинды сүзгілер, циклонды сепораторлар - газды сұйық және қатты қоспалардан тазартуға арналған (конденсат, метанол, турбинді май, құмнан, күкіртті темірден және т. б. ) . Газды конденсаттан жеткіліксіз түрде тазалау кезінде, соңғысының шаңұстағыш аппараттарда тұрып қалуының салдарынан және шаю сұйықтығы деңгейінің жоғарылауынан аппарат қалыпты жұмыс жасай алмайды. Шаю сұйықтығының деңгейі реттеу арқылы, аппараттың конденсатпен жұмыс істеуіне болады және ол газды тазалау сапасына әсер етпейді (98%) Шаңұстағыштарды жалғау кезінде құбыр диаметрі 426 мм дейін болса, онда дәнекерсіз, ал 426 мм - ден асқан кезде, тік дәнекерлі түрде орындалады. Фланецті дәнекерлеу тек арматураны қосқан жерлерде орындалады.

Шаңұстағыш құрылғысының жұмысы кезінде келесі операциялар жүргізіледі: май толтыру, жұмыс істеген майды ауыстыру, конденсатпен шаңды тазалау, май деңгейін толтыру, шаңұстағыштарды қосу және ажырату және шаю. Конденсатпен жұмыс істеу кезінде операциялардың түрлері азайды.

Газ құрамында конденсаттың болуы адсорпциялы және обсорпциялы әдіспен қатар, газ конденсаты кенорындарында төмен температуралы сепорация ( ТТС ) қолданылады.

Газды абсорпциялы әдіспен құрғату технологиялық қондырғыда, яғни, абсорберде жүргізіледі.

  1. Шаңұстағыштардың құрылысы

Майлы тік құрылымды шаңтұтқыштар КС және ГРС-тарда кеңінен таралған. Қазіргі таңда өнеркәсіптер түрлі өлшемдегі шаңтұтқыштар шығарады. Тік құрылымды майлы шаңтұтқыштар ол газды тазалау барысында әртүрлі қызметтер атқаратын, төрт секцияға бөлінген вертикалды ыдыс. Шламды жинауға арналған төменгі бөлімі маймен толтырылады; жанасушы құбыршалар секциясы газды шаюға арналған; ендік жартылай кедергілерге дейінгі цилиндрлік бөлімі - тұндырғыш камера; зигзагтәрізді торлардан тұратын торшалар секциясы сұйық пен шаңның микробөлшектерін бөлетін айырғыш қызметін атқарады. 2-суреттте вертикалды майлы шаңтұтқыш көрсетілген.

1- айырғыш құрылғы; 2- шығарғыш келте құбыр; 3-5- жанасушы және сусіңгіш құбыршалар; 6- қақпақша (люк) ; 7- кіретін келте құбыр; 8- босатқыш күнқағар

1-сурет. Вертикалды майлы шаңтұтқыш

Шаңтазалағыш құрылғы құрамына сондай-ақ майшаруашылығы кіреді: май аккумуляторы және бекіткіші бар тұндырғыштар.

Гравитациялық айырғыштар тік немесе көлденең де болуы мүмкін. Олар газ ағынының жылдамдығын баяулатқанда, жер тартылысы күшінің әсерінен қоспалардың түсуі негізінде жұмыс жасайды.

Тік гравитациялық құрылғылардың тазалау шарттары жақсырақ болып табылады, және құрамында ауыр шайырлы фракциялар мен қатты бөлшектері бар газдарды айыру үшін қолдануға ұсынылады. Гравитациялық бірсекциялы айырғыштың сұлбасы 2-суретте келтірілген.

Шаңтұтқышты таңдаған кезде келесідей формуламен бос кесіндідегі шектік жылдамдық арқылы бағалайды

(1)

мұнда, d - айырғыш диаметрі, м (d = 400- 1650 мм) ; р ч , р г - газ бен бөлшектердің тығыздығы, кг/м 3 ; к - кедергі коэффициенті.

1- газ шығаруға арналған келте құбыр; 2- кіретін келте құбыр; 3-4- айырғышты үрлеп тазартуға арналған келте құбыр.

2- сурет. Гравитациялық бірсекциялы айырғыш сұлбасы

  1. Магистралды құбырлардың ластану көздері

Газ құбырының ішкі қабырғасының ластануын талдау барысында келесідей мәліметтер алынды; бұл ластықтар қабаттық конденсациялық және беттік сулардан, көмірсутек конденсаттарынан, эмульсиядан, механикалық қоспалардан, минералды майлардан органикалық қышқылдардан, екі және үш валентті темір тұздарынан, метанол, гликолден құралған көпқұрамды қоспадан тұратыны анықталды. Газ құбырларының сенімді жұмысы мен гидравликалық тиімділігін арттыру үшін мезгілімен үрлеп тазалайды және құбырлардың ішкі бетін тазалағыш поршендермен тазалайды. Газ құбырларының құрылысы кезінде тазалау құрылғыларының іске қосу және қабылдау тораптары қондырғысын, жергілікті газдың жылдамдығын арттыру қондырғысын және т. б. ескереді. Магистралды газ құбырларын пайдалану барысында газдың тозаңдануы едәуір қиындықтар туғызады. Ортадан тепкіш айдағыштардың жұмыс доңғалақтарының тозуы газдың құрамындағы шаң мөлшеріне тікелей тәуелді екендігі анықталған. Өлшемі 20 мкм -ден жоғары шаң фракциясы айдағыштың жұмыс доңғалақтарының эрозиясына көбірек әсер етеді. Ылғалды шаңдардың металға әсер етуі оның эрозиясын үдете түседі.

Сүзгіш-сепаратордың жұмысы келесідей жүзеге асады: кіретін келте құбырдан өткен газ арнайы күнқағар арқылы сүзетін секцияның 3 кірісіне бағытталады, ол жерде сұйықтың коагуляциясы және механикалық қоспалардан тазалануы жүзеге асады. Сүзгіш элементтердегі тесіктер арқылы газ екінші секцияға кеп түседі - сепараңия секциясы. Сепарация секциясында торлы пакеттерде ылғалдан соңғы тазартылуы жүзеге асады. Механикалық қоспалар мен сұйықтық дренажды келте құбырлар арқылы төменгі дренажды ыдысқа одан ары жерасты ыдыстарға айдалады.

1 -сүзгіш-сепаратордың тұлғасы; 2 -жылдам ашылатын ысырма; 3 -сүзетін элементтер; 4 - бағыттаушы сүзгіш элемен­т; 5 - сүзгіштер камерасының құбырлар тақтасы 6 - тамшы тойтарғыш; 7 - конденсат жинағыш

3-сурет. Сүзгіш-сепаратор

Қыс мезгілінде жұмыс істеп тұру үшін сүзгіш-сепаратор төменгі бөлімінде электрожылытқышпен, конденсатжинағышпен және бақылау-өлшеу аспабымен жабдықталған. Жұмыс жасау барысында механикалық қоспалар сүзгіш-элементтің бетінде ұсталады, осының әсерінен сүзгіш-сепараторда қысым айырмасы күрт артады. Қысым айырмасының мәні 0, 04 МПа-ға жеткенде сүзгіш-сепараторды өшіріп, сүзгіш-элементтерді жаңасына ауыстыру қажет болады.

  1. Кірердегі бөліну механизмі.

Газ бен сұйық сүзгіш-сепаратордың қаптамасына кіргенде газдың жылдамдығыи азаяды, сөйтіп сұйықтың ірілеу тамшылары ауырлық күші мен соққының әсерінен қаптаманың бетіне отырады және конденсат жинағышқа ағып түседі.

  1. Шоғырландырушы механизм.

Бөлінудің екінші кезеңі шыны талшықтан жасалған сүзгіш пакеттері бар ту бөлімінде жүреді. Қаптамада бөлінбеген ұсақ тамшылар газбен бірге сүзетін пакетке өтеді. Диффузия мен инерциялық соққының нәтижесінде тамшылардың бір бөлігі шыны талшықты пакеттің сыртқы бетінде қалып, конденсат жинағышқа ағып түседі. Бөлшектердің тиімді жиналуы шыны талшықтардың диаметріне байланысты болады. Талшықтардың диаметрі неғұрлым кіші болса соғұрлым тиімдірек. Шыны талшықтардан тұратын пакеттердің қысым айрмасы төмен, сұйықты жинауда жоғары тиімді және ұзақ мерзімді уақыт бойы тұрақты жұмыс жасауы үшін тұлғасы жетерліктей төзімді болуы тиіс.

Сұйықтың жеке тамшылары газ ағынымен бірге талшықты пакеттің ішкі бөлімінде түсіп, тамшы бөлгішке кетеді.

  1. Тамшы бөлгіш механизмі.

Сүзгіш-сепаратордаң үшінші сепарациялық бөлік көптеген дефлекторлардан тұратын тамшыбөлгіште сұйықтың бөлінуіне қызмет етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаңнан тазарту және шаңды ұстау
Қарағанды қаласының РГТО зауыты АҚ жағдайында жылына өнімділігі 4800т термиялық участікті жасау
Компрессорлық станцияның мақсаты
Табиғи газдың құрамындағы бейорганикалық қосылыстарды анықтау
Бастырмалатқыштың қысуындағы газдың қысымы
Процестердің негізгі теңдеуі
Басқадай өндіріс шығындары
Материалдардың өндірісте жұмсалуын бақылау
Қоғамдық тамақтандыру
Машина жасау технологиясын дамытудың заманауи бағыттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz