Оқыту процесінде білімді есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы, қызметі



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1. ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ БІЛІМДІ ЕСЕПКЕ АЛУ, БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ, ҚЫЗМЕТІ. БІЛІМДІ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУДЫҢ ТҮРЛЕРІ, ӘДІСТЕРІ МЕН ФОРМАЛАРЫ.БАҒАЛАУДАҒЫ ҚАТЕЛІКТЕР.
1.1 Оқыту процесінде білімді есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы, қызметі. 4
1.2 Білімді бақылау және бағалаудың түрлері, әдістері мен формалары. 7
1.3 Бағалаудағы қателіктер. 20

2. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БІЛІМДІ ТЕКСЕРУ, БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ. ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БІЛІМДІ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУДАҒЫ НЕМҚҰРАЙЛЫҚТЫ (ФОРМАЛИЗМДІ) ЖОЮ.
2.1 Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың жаңа технологиясы. 21
2.2 Оқыту жүйесіндегі білімді бақылау және бағалаудағы немқұрайлықты (формализмді) жою жолдары. 22

ҚОРЫТЫНДЫ 24

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 25
КІРІСПЕ
Білімдену процесінің ажырамас бір бөлігі диагностика болып табылады. Диагностика жәрдемімен белгіленген мақсат, міндеттердің табысты орындалуы анықталып барады. Ол болмаған жерде дидактикалық процесті тиімді басқару мүмкін емес. Диагностика – бұл дидактикалық процестің нәтижесін анықтау.
“Диагностика” түсінігінің мәні “білім, ептілік және дағдыларды тексеру” түсінігімен салыстырғанда едәуір тереңдеу әрі кең. “Тексеру” нәтиженің тек көрсеткіштерін ғана аңдатады, не себептен болғаны жөнінде дерек бермейді. Ал диагностикалауда нәтиже өзіне қол жеткізген әдіс – тәсілдермен бірге қарастырылады, дидактикалық процестің бағдар – бағытын, ілгерілі не кері қозғалысы анықталады.
Диагностика өз ішіне бақылау мен тексеруді, бағалау мен бағаны, жинақталған статистикалық деректер талдауын, дидактикалық процестің жүрісін, бағытын және жобалауын қамтиды.
Диагностикалаудың маңызды бөлігі–бұл қадағалау. Қадағалау–білім, ептілік және дағдыларын игерілу процесіне бақылау қоюды аңғартады. Қадағалау тексерулерден тікелей құралады. Тексеру – бұл білім, ептілік және дағдыларды игеру барысын бақылау үшін жүргізілетін әрекет – қимылдар жүйесі.
Мән–мағыналық тұрғысынан бақылау, қадағалау кері байланыс түзуді қамтамасыз етеді, яғни оқушылардың оқу әрекеттерінің нәтижесі жөніндегі мәліметтерді алу мүмкіндігін ашады. Оқытушы өз шәкірттерінің қай білімді қандай деңгейде игергенін, жаңа ақпарат қабылдауға қаншалықты дайын екендігін анықтайды. Сонымен бірге оқушылардың өзіндік оқу жұмыстарының сипаты мен сапасын байқастырады. Қадағалау нәтижесінде мұғалім өз оқу жұмыстарының қаншама дәрежеде жемісті болғанын, педагогикалық процесс мүмкіндіктерін оқыту–оқу мақсатында қай деңгейде пайдаланғанын сарапқа сала алады.
Бақылау, қадағалау кезінде оқушының өзі де өз оқу жұмыстарының нәтижесі бойынша ақпарат алады. Бұл оған білім игеру барысында қандай жетістіктерді қолға түсіргенін, сонымен бірге өз кемшіліктері мен олқылықтарының пән бағдарламаларының қай тұстарымен байланысты болғанына көз жеткізеді. Тұрақты да бірізді қадағалаудан оқушының тәртібі жақсарады, белгілі жұмыс қарқынына үйренеді, ұнамды мінез, ерік сапаларын дамытады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. С.Әбенбаев, Ж.Әбиев. Педагогика. “Фолиант” баспасы-Астана 2009 ж.
2. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика-Алматы 2005 ж.
3. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев, Педагогика-Aлматы 2002 ж.
4. Педагогика. Әбиев Ж.Ә., Бабаев С.Б., Құдиярова А.М. Дарын.-Алматы 2004 ж.
5. Ш.Х. Құрманалиева, Б.Ж. Мұқанова, Ә.У. Ғалымова, Р.К. Ильясова. Педагогика “Фолиант” баспасы -Астана 2007 ж.
6. Педагогика: Оқулық/Абай ат. Ұлттық Педагогикалық Университетінің Педагогика кафедрасының авторлар ұжымы – Алматы: 2005 ж.
7. Подласый И.П. Педагогика. Новый курс: Учебник для студентов педагогических вузов: в 2кн. – М., 1999 ж.
8. Сластенин В.А., Исаев И.Ф. Педагогика Уч. пособие. – М.: Школа-пресс, 1997 ж.
9. Харламов В.Ф. Педагогика. М., 1999.-512 с.
10. Селиванов В.С. Основы общей педагогики: теория и методика воспитания. М., 2000 ж.
11. Педагогика. Педагогические теории, системы, технологии/ под ред. С.А.Смирнова. М., 1999 ж.
12. Лихачев Б.Т. Педагогика. М., 1998 ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3

1. ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ БІЛІМДІ ЕСЕПКЕ АЛУ, БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ,
ҚЫЗМЕТІ. БІЛІМДІ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУДЫҢ ТҮРЛЕРІ, ӘДІСТЕРІ МЕН
ФОРМАЛАРЫ.БАҒАЛАУДАҒЫ ҚАТЕЛІКТЕР.
1. Оқыту процесінде білімді есепке алу, бақылау және бағалаудың
маңызы, қызметі.
4
2. Білімді бақылау және бағалаудың түрлері, әдістері мен формалары. 7
3. Бағалаудағы қателіктер.
20
2. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БІЛІМДІ ТЕКСЕРУ, БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ
БАҒАЛАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ. ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БІЛІМДІ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ
БАҒАЛАУДАҒЫ НЕМҚҰРАЙЛЫҚТЫ (ФОРМАЛИЗМДІ) ЖОЮ.
1. Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және
бағалаудың жаңа технологиясы.
21
2. Оқыту жүйесіндегі білімді бақылау және бағалаудағы немқұрайлықты
(формализмді) жою жолдары.
22

ҚОРЫТЫНДЫ
24

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
25

КІРІСПЕ
Білімдену процесінің ажырамас бір бөлігі диагностика болып табылады.
Диагностика жәрдемімен белгіленген мақсат, міндеттердің табысты орындалуы
анықталып барады. Ол болмаған жерде дидактикалық процесті тиімді басқару
мүмкін емес. Диагностика – бұл дидактикалық процестің нәтижесін анықтау.
“Диагностика” түсінігінің мәні “білім, ептілік және дағдыларды
тексеру” түсінігімен салыстырғанда едәуір тереңдеу әрі кең. “Тексеру”
нәтиженің тек көрсеткіштерін ғана аңдатады, не себептен болғаны жөнінде
дерек бермейді. Ал диагностикалауда нәтиже өзіне қол жеткізген әдіс –
тәсілдермен бірге қарастырылады, дидактикалық процестің бағдар – бағытын,
ілгерілі не кері қозғалысы анықталады.
Диагностика өз ішіне бақылау мен тексеруді, бағалау мен бағаны,
жинақталған статистикалық деректер талдауын, дидактикалық процестің
жүрісін, бағытын және жобалауын қамтиды.
Диагностикалаудың маңызды бөлігі–бұл қадағалау. Қадағалау–білім,
ептілік және дағдыларын игерілу процесіне бақылау қоюды аңғартады.
Қадағалау тексерулерден тікелей құралады. Тексеру – бұл білім, ептілік және
дағдыларды игеру барысын бақылау үшін жүргізілетін әрекет – қимылдар
жүйесі.
Мән–мағыналық тұрғысынан бақылау, қадағалау кері байланыс түзуді
қамтамасыз етеді, яғни оқушылардың оқу әрекеттерінің нәтижесі жөніндегі
мәліметтерді алу мүмкіндігін ашады. Оқытушы өз шәкірттерінің қай білімді
қандай деңгейде игергенін, жаңа ақпарат қабылдауға қаншалықты дайын
екендігін анықтайды. Сонымен бірге оқушылардың өзіндік оқу жұмыстарының
сипаты мен сапасын байқастырады. Қадағалау нәтижесінде мұғалім өз оқу
жұмыстарының қаншама дәрежеде жемісті болғанын, педагогикалық процесс
мүмкіндіктерін оқыту–оқу мақсатында қай деңгейде пайдаланғанын сарапқа сала
алады.
Бақылау, қадағалау кезінде оқушының өзі де өз оқу жұмыстарының
нәтижесі бойынша ақпарат алады. Бұл оған білім игеру барысында қандай
жетістіктерді қолға түсіргенін, сонымен бірге өз кемшіліктері мен
олқылықтарының пән бағдарламаларының қай тұстарымен байланысты болғанына
көз жеткізеді. Тұрақты да бірізді қадағалаудан оқушының тәртібі жақсарады,
белгілі жұмыс қарқынына үйренеді, ұнамды мінез, ерік сапаларын дамытады.

1. Оқыту процесінде білімді есепке алу, бақылау және бағалаудың
маңызы, қызметі.
Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу,
бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі.
Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген
жағдайда оқу – тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін,
мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі
анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың, сабақтар жүйесінде білім,
білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше.
Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен
дағдының қалыптасу дәрежесі анықталады.
Осы тұрғыда білім, білік, дағдыны есепке алу және бағалау мәселесіне
теориялық және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше.
Бақылаудың тақырыптық түрін ұйымдастырудың практикалық мәселелері П.
Горбунов, Е.С. Березняк, В.И. Иващенко, А.К. Исақов, Е.И. Перовский, С.Ф.
Сухорский, Н.В. Чертинский, В.О. Онищуктің ғылыми педагогикалық
еңбектерінде талданған.
Бақылауды ұйымдастырудың жекеленген әдістемелік мәселелері жайында
М.Р. Львов, Н.Н. Светловский, А.П. Пышкало, Т.Л. Коган және т.б. теориялық
талдау жасаған.
Осылардың негізінде қаралып отырған педагогикалық мәселенің теориялық
аспектісі жеткілікті дәрежеде зерттелген деп қорытынды шығаруға болады,
себебі “есепке алу”, “бақылау”, “бағалауды” ұйымдастырудың мәні, олардың
оқу–тәрбие процесіндегі қызметі, формалары мен тәсілдері анықталған.

Екіншіден, оқыту сапасын тексерудің “5” балдық жүйесі оқушылар
білімдерінің нақтылы дайындық дәрежесін барлық жағдайда дұрыс көрсетпейді.
Ондағы негізгі кемшілік, оның жеткілікті түрде ішкі және сыртқы кері
байланысты қамтамасыз ете алмауында, соның нәтижесінде оқыту процесінің
сапасын арттыруда мұғалім әркезде бағалау жүйесін дұрыс қолдана алмайды.
Жоғарыда айтылған тұжырымдамаға сүйене отыра, білім, білік пен дағды
нәтижесін есепке алу, бақылау мен бағалаудың теориялық талдауы және
практикада қолдану тәжірибесі арасында әлі де болса қарама қайшылықтың бар
екендігін байқаймыз.
Ғылыми – педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау негізінде бұл
мәселенің қалыптасуы мен даму динамикасын бірнеше кезеңге бөлуге болады.
20 жылдары үй тапсырмасын беру, білімді және емтиханды бағалауды оқыту
процесі жүйесінде қарастырмады, соның нәтижесінде оқушының үлгерім сапасына
мұғалімнің бақылау жасау орнына “бригадалық - лабораториялық” әдіс жүйесіне
негізделген “өздігінен бақылаудың” түрлері кең көлемде тартылды. Ол бір
жағдайда үлгерім нәтижесін бақылауда иесіздік, жауапкершілсіздікке әкелсе,
екінші жағдайда, оқу сапасының төмендеуіне кері ықпалын тигізді.
30 жылдары білім, білік пен дағды нәтижесін есепке алуды бақылау (Е.В.
Гурьянов) және тәрбиелеік қызметіне (П.Г. Ананьев) көптеп көңіл аударыла
бастады.
40 – 60 жылдары бұл мәселе төңірегінде отандық ғылым мен практика
тәжірибесін жинау жұмыстары қолға алынды. Онда білімді бақылау (Е.И.
Перовский), оқушыларды бақылау ретінде қарастырылды. Оқушыларды бақылау:
әрі оқыту, әрі тірбиелеуді көздесе, кейіннен оның дамыту қызметі
ойластырылды (Н.Т. Дайри).
Осы мәселені дұрыс шешудегі оң қадам 70 жылдары Педагогика ғылымы
Академиясының оқыту мазмұны мен әдістері ғылыми зерттеу институты
қызметкерлерінің зерттеулері негізінде бастама алды. Мұнда оқу – тәрбие
процесінің барлық буындарын басқару және тексерудің диагностикалық қызметі
айқындалды.
80 жылдардан бастап оқыту нәтижесін есепке алу, бақылау және
бағалаудың мазмұны, амал – тәсілдері мен қызметінің дидактикалық -
әдістемелік негіздерін талдап, жасау қолға алынды. Оның әділдігін, дәлдігін
көтеруге бағытталған мәселелер, үлгерім нәтижесін есепке алуды қатаң және
тәртіпке келтіру жүйесіне арналған жұмыстар қолға алына бастады. Бұл
бағыттағы жұмыстар күні бүгін де өз жалғасын табуда.
Дегенменде, бүгінгі таңда оқыту теориясында бақылау немесе бағаның
мәні, тәсілдері жайлы әлі де болса ортақ пікір қалыптаспай отыр.
Бақылау – кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді.
Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін
атқарады, олардың творчестволық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді.
Келесі кезекте білім, білік және дағдыны бақылау және бағалау
қызметіне тоқталамыз. Ол негізінен үш жақты сипатта болып келеді: білім
беру, тәрбиелеу және дамыту.
Бақылаудың білім беру қызметі негізінде оқушылар жаңа білімдерді,
қабылдайды, бұрын алған білімдерін толықтырып, жетілдіріп, белгілі бір
жүйеге келтіреді.
Тәрбиелік қызмет оқушыларды жүйелі түрде жұмыс істеуге үйретеді.
Бақылаудың нәтижесінде олар күнделікті сабаққа үзбей дайындалады,
жауапкершілдік сезімдері артады.
Дамыту қызметінің маңызы сол, оқушылар өз бетінше оқу тапсырмаларын
орындауда жаңа білімдерді қабылдайды, қорытынды жасайды, баяндамалар
әзірлейді, хабарламалар жасайды.
Оқушылардың оқу – танымдық жұмыстарын қадағалау нәтижесі сол
жұмыстарды бағалаудан көрінеді. Бағалау – білім, ептілік және дағдылардың
игерілу дәрежесін анықтау.
Бағалау – оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау,
бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушының оқу–таным
әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай
дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік
пен дағды көлемін анықтайтын құрал.
Бағалау қызметтерінің сандық көрсеткіші – баға, яғни баға оқушылардың
білім, ептілік, дағдылар дәрежесінің шартты сан не ұпаймен белгіленуі.
Оқу нәтижесі тек баға емес, басқа да жолдармен анықталуы мүмкін.
Мысалы, ол ауызекі қолдау не қолдамау, алғыс жариялау, мақтау парағы не
медальдармен мадақтау және т.б.
Білім бағалауда шынайылық, білім сапасын анықтаудағы бірыңғай талап
үлкен маңызға ие. Себебі, білімдік баға оқушыға ықпал жасаудың өте нәзік
құралы. Көтеріңкі баға шәкіртті қуантады, қанаттандырады, сонымен бірге
оның жұмысқа болған немқұрайлылығын да пайда етеді. Әсіресе, болымсыз
бағаның әсері күшті: ол баланың оқуға деген ықыласын арттыруы да не тіпті
оқудан бас тартуға ықпал жасауы да мүмкін. Сондықтан да, кейінгі жылдары
бағалау, баға қою мәселесі үлкен пікір талас туғызып отыр. Педагогтардың
бәр тобы сыныптан сыныпқа оқушыны білім сапасына қарамастан өткізуді
ұсынуда. Осыған байланысты еліміздегі бағалау проблемасының әр кезеңдегі
жайы өз алдына қызықты.
Бағалаудың да қызметі үш топқа бөлінеді: хабарлаушылық
(информирующие), басқарушылық (управляющие), тәрбиелеушілік
(воспитывающие).
Бірінші топ өз алдына: белгілеп қоюшылық (фиксирующая), бағдарлаушы
(ориентирующая), бақылаушы (контролирующая) болып келеді. Бұл топтың
қызметі білім, білік және дағдыны бағалауды, әрбір бағаның көрсеткіштері
мен өлшемдеріне мұғалім мен оқушылардың арқа сүйеуі жағдайында іске асады.
Екінші топ: ұйымдастырушылық (организующая), реттеушілік
(регулирующая), дәлдеп түзетушілік (корректирующая) болып келеді. Осы топты
жүзеге асырудың қажетті шарты бағадағы көрініс тек қана оқытудағы қол
жеткізілген нәтиженің мөлшері ғана емес, сонымен бірге сапасын белгілейтін
көрсеткіш.
Үшінші топ: қалыптастырушылық (формирующая), дамытушылық
(развивающая), ынталандырушылық (стимулирующая) болып келеді. Бұл топтың
қызметінің нәтижелі болуының кепілі, баға оқытудың нәтижесін нақты бейнелей
білуде.
1917 жылға дейін оқушылар білімді балдық жүйеде бағаланды. Баға нөлден
беске дейінгі алты балдық жүйеде қойылды. Кейін нөлдік баға жойылып, бес
балдық жүйе қабылданды.
Оқу нәтижесін балл бойынша бағалау әрқилы көзқарастар туындатты. 1917
жылдан соң тіпті оқу жүйесінде бағалау, баға қоюға қарсылықтар да болды.
Кеңестік еңбек мектебінің тұжырымдамасына орай оқу іс - әрекеттері
шәкірттің қызығушылығына, дербестігіне, ынталылығына, шығармашылық сипатына
негізделуі тиіс болды.
Дәстүрлі келе жатқан оқушыларды баға жәрдемімен тәртіпке шығару
әдістері тиімсіз деп танылды. Осыдан 1918 жылы Кеңестік өкімет жарлығымен
оқушы білімі мен тәртібін балдық жүйемен бағалау мектеп тәжірибесінен мүлде
шығарылды, сыныптан сынапқа өткізу, куәліктер беру оқушылар білімі
жөніндегі педагогикалық кеңес шешімі негізінде орындалатын болды.
Емтихан түрлерінің: қабылдау, ауыстыру, бітірту–қай–қайсы да
жүргізілмейтін болды. Сабақ барысындағы оқушыны жеке – дара тексеру де
орынсыз деп табылды. Өте қажетті жағдайларда жалпылама сынақтау сипатындағы
ауызша сұрақтар мен жазба жұмыстарды ғана өткізуге рұқсат берілетін болды.
Оқушылармен өтілген тақырыптар бойынша мерзімді әңгіме – сұхбаттар жүргізу,
оқыған кітаптары мен мақалалары бойынша баяндарын тыңдау ұсынылды.
Оқушылардың жеке таңдауымен өз бетінше орындаған жұмыстары дәріптелді.
Дәстүрлі қадағалау жүйесі өзіндік бақылаумен ауыстырылды, жеке оқушы
табыстары еленбей, ұжымдық жетістіктер негізге алынды. Өзіндік бағалауда
тестік қадағалау формасы жаппай қолданылды.
Бағасыз оқу бір жағынан тиімді де болды, себебі оқушылардың
біршамасында дербес, өз бетінше оқу қабілеттерін дамытты. Дегенмен, мұндай
оқу көпшілік жағдайларда оқушылар білімінің, тәртібінің құлдырауына алып
келді. Оқушылар мектепте, үйде тиянақты білім игеру жұмыстарын тоқтатты,
сабақтарға қатыспайтын болды. Сондықтан да, алғашқыда қадағалаудың әрқилы
формалары біртіндеп енгізіліп, ал 1932 жылдан жеке оқушының білімі оның
даралықты ерекшеліктерін ескерумен жүйелі бағалау принципі негізінде
орындалатын болды.
1935 жылдың қыркүйек айынан бастап, бес сөздік (вербалды) баға: “өте
жақсы”, “жақсы”, “қанағаттанарлық”, “жаман”, “өте жаман” – енгізілді. Бұл
жүйе 1943 жылға дейін сақталды. 1944 жылдың қаңтарынан оқушы білімі мен
тәртібін бағалаудың сөздік бағамен сандық баға жүйесімен ауыстыру жөнінде
шешім ауыстыру жөнінде шешім қабылданды.
Реттелген тәртіпте білім есебін жүйелі жүргізу өзін ақтады,
оқушылардың оқу дайындығы мен мінез құлық сапасынан көтерілуіне ұнамды
себін тигізді.

1.2 Білімді бақылау және бағалаудың түрлері, әдістері мен формалары.
Педагогика ғылымы саласында білім, білік, дағдыны бақылаудың көптеген
түрлері кең тараған. Мысалы, ғалым – педагогтар Ю.К. Бабанский, Н.А.
Сорокин бақылауды күнделікті, оқтын – оқтын, қорытынды деген пікірлер
айтады. Ал Г.И. Щукина – күнделікті, тақырыптық, оқтын- оқтын, қорытынды
және емтихан деген көзқарастарын білдіреді. Е.А. Дмитриев – күнделікті,
тақырыптық және қорытынды, нәтижесі деген тұжырымға келген.
Профессорлар Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаевтің “Педагогика” оқулығында
ол тақырыптық, тараулар бойынша, оқтын – оқтын және қорытынды бақылау деп
бөлінген.
Зертханалық жұмыстар арқылы физика, химия, биология, еңбек, пәндерінде
оқушыларға құралдар, қондырғылар арқылы тәжірибе жасатып, шамаларды өлшету
үшін қолданылады.
Қысқаша зертханалық жұмыстар жасағанда оқушыларға өлшейтін құралдар
арқылы өлшеу жұмыстарын жүргізеді.
Бақылау зертханалық жұмысы кезінде оқушылар екі топқа бөлінеді.
Сыныптың бір тобы жазба жұмысын, екіншісі зертханалық жұмыс орындайды,
олардың экспериментке керекті іскерліктері мен дағдылары тексеріледі.
Зертхана түріндегі бақылау жұмыстарын бір немесе бірнеше тақырып бойынша
өткізуге болады. Оқушыларға олардың қандай тіжірибелік іс - әрекеттері
тексерілетінін алдын ала айту керек. Бақылау жұмыстарын әркім өз бетімен
орындайды, жұмысқа керекті құралдарын әзірлейлі, оны білетінін анықтау
үшін, оларды үстелдің үстінен алғызуға болады. Оқушы қолданылатын
құралдарды алып, құрастыру сызбасын сызады, тәжірибе өткізеді, тақтадағы
сұрақтарға жауап береді. Әрбір сұрақ тәжірибеге керек іскерліктерді
тексеруге бағытталған. Жұмыс кезінде мұғалім оқушыларды бақылап,
оқушылардың деңгейлерін дәптерге жазып отырады.
Бақылау–зертханалық жұмысқа жазбаша есеп және мұғалімнің бақылауының
нәтижелеріне қарап баға қойылады.
Оқушылардың құралдармен, қондырғылармен жұмысын көбейту үшін баспа
әрпімен терілген дәптерлерді, микрокалькуляторлары қолданылады.
Шеберханадағы, оқу - өндірістік бригадалардағы жұмыста оқушылардың
тәжірибелік дайындығы тексеріледі.
Тексерудің негізгі әдісі – мұғалімнің оқушылардың іс - әрекетін жүйелі
түрде бақылауы. Бөлшектерді дұрыс құрастыру, аспаптар мен қондырғыларды
дұрыс қолдану, мектеп жанындағы учаскеде тәжірибені дұрыс жүргізу
бағаланады.
Тәжірибелік жұмыс мазмұнына жетіспейтінін жабдықтарды, материалдарды
құралдарды өз бетімен табу, теорияны оқу және қайталау, жұмыс орнын
ұйымдастыру, техниканы және технологияны есептеу, қондырғыларды жинақтау
және әзірлеу, экспериментке, жұмысқа керекті құралдар әзірлеу, эксперимент
өткізу, құрастыру жұмыстарын жасау, қауіпсіздік техникасын, еңбек
гигиенасын сақтау, есеп жазу, еңбек тәртібі енеді.
Әр оқушының тегі, аты–жөнінің тұсына жұмыс түрлерінен алған бағалары
қойылады, әрбір жұмысқа берілген бағадан қорытынды баға шығарылады. Мұғалім
жұмыс кезінде жіберілген кемшіліктерді айтып, әр оқушыға дер кезінде, нақты
көмек береді.
Білімді тексеруге қойылатын талаптар:
• тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттілігі. Бұл
талапты орындамау оқушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып,
білімнің сапасына кері әсер етеді;
• әрбір оқушы өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатынын түсіну
керек. Егер білімді тексеру және бағалау оқыту процесінің құрылымына
тұрақты түрде енсе, онда оқушы мұғалімнің сұрақтары мен тапсырмаларына
жауап беруге дайын болады.
• оқушылардың білім, іскерлік және дағдылары мемлекеттік оқу
бағдарламаларына сәйкес тексеріледі. Бағдарламаны меңгеру – білімді
бағалаудың негізгі өлшемі. Мұғалім оқушының қосымша біліміне, оқыған
қосымша әдебиеттеріне кеңес, нұсқау беріп, баға қоймайды.
• оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеру және бағалау
арқылы, білімдерінің жалпы және ақыл – ой дамуына, жеке тұлғаның
сапаларын қалыптастыруға ықпалын, оқуға әсерін білу;
• білім, іскерлік, дағдыларды түрлі тәсілдер арқылы тексеру;
• байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуі;
• мұғалімнің оқушылардың білімдерін бақылап, бағалауға, кемшіліктерді
жоюдың әдістемесі мен тәсілдерін білуге үйретуі;
• бағаның әділ қойылуы;
• оқушының өзін - өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;
• әр тақырыпты оқудың нәтижесіне мұғалімнің және оқушылардың баға беруі;
• бақылау–бағалау процесінің әрбір баланың оқу үлгерімінің
төмендемеуіне, көңіл – күйінің жақсы болуына көмектесуі.
Күнделікті бақылау оқыту процесінде күнделікті қолданылады және сабақ
барысында оқушылардың оқу – танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Ол ішкі
және сыртқы байланысты жан – жақты жүзеге асырауға мүмкіндік туғызады,
соның негізінде оқушылардың келесі оқу әрекетіне ықпал етеді.
Күнделікті бақылау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына
жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі
оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген
ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы және
жауапкершілдік сезімін ынталандыра үлкен маңызға ие болады. Бұл әдіс арқылы
мұғалім оқушылардың тәртібін, білімді қалай қабылдайтынын және түсінетінін,
тәжірибелік іскерлік және дағдыларға машықтандыру кезінде өз бетімен атқара
алатын жұмыстарын, оқуға икемділігін, қызығушылығын, қабілетін, білімді
жүйелі алуын қадағалайды. Бақылау мәліметтеріне сүйеніп, мұғалім
оқушылардың жеке ерекшеліктерін анықтап, оларды өз жұмысында қолданып,
оқушылардың білімдерін дұрыс тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады.
Тақырыптық бақылау – оқу бағдарламаларындағы белгілі тақырыптар
бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде
оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге,
мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерін өткен сабақтардағы оқу
материалдарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми
ережелерді оқушылардың есіне алады.
Қорытынды бақылау – барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі.
Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке
алынады. Оқушылардың жыл бойында алған теориялық және тәжірибелік білімдері
анықталады. Сондықтан қорытынды бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың
жылдық үлгерім бағаларында болады. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан
педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады. Бақылау
әдістері арқылы оқушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері
байланыс қамтамасыз етіледі. Бақылау әдістеріне ауызша, жазбаша және
графикалық бақылау әдәстері жатады. Бұл әдістерге қарағанда бағдарламалап
бақылау әдістерінің өзіндік ерекшелігі бар. Олар машинасыз және машиналы
бағдарламалап бақылау әдістеріне бөлінеді.
Машинасыз бағдарламалап бақылау әдістері бойынша перфокарталар және
бақылаукарталарын қолданып, оқушылардың теориялық және практикалық
білімдерін анықтайды. Мұғалім оқыту және білім беру мазмұны бөлімі бойынша
20–25 сұрақтар дайындап, әрбір сұраққа 4 вариантты жауаптың мазмұнын
жазады. Олардың ішінен бір сұраққа ғана дұрыс жауап беріледі. Қалған
сұрақтар варианттары: дәл емес, толық емес немесе басқа тектес ұғымдарға
сәйкес келеді.
Бақылаудың тағы бір бөлігі, кейбір жағдайда, тапсырмалар түрі, деп
ұғынылады (жазбаша бақылау жұмысы, тесталық жұмыс, зертханалық –
тәжірибелік жұмыс, зачет, шығарма, диктант т.б.) немесе оқушылар әрекетінің
түрі болып (баяндама, хабарлама, оқушы әңгімесі, мұғалім сұрағына жауап
беру т.б.).
Білімді бақылау және бағалау ғылыми дәлелденген, тәжірибеде
қолданылған принциптер негізінде жүргізіледі: әділдік, жан – жақтылық,
жүйелік, жеке – даралық, дифференциалдық және тәрбиелік.
Әділдік шындық (білім сапасының нақтылығы, баға өлшемі мен ережесі
нормасына қатысты)–бұл субъективтік факторларды болдырмауды көздейді.
Жүйелік, бірізділік - әрбір сабақ, тақырып бойынша оқушылар оқу
әрекетінің басқа буындарымен байланыстыра қаралып, оқыту процесінің барлық
кезеңдерінде бақылау жүргізуді көздейді: түйінді сұрақтар бойынша оқыту
нәтижесін қорытындылау, тақырыптық бақылау, сабақтар бойынша балл қою
т.c.c.).
Жеке–дара қатынас - әрбір оқушының ерекшелігін бағалау (оның қабілеті,
бейімділігі, денсаулығы, оқу әрекеті т.б.) қарастырады.
Жан–жақтылықта–бақылау оқу бағдарламасының барлық бөлігін қамтиды,
оқушылардың теориялық білімдерін, интеллектуалдық және практикалық білік
пен дағдысын бақылауды қамтамасыз етеді.
Дифференциалдық қатынас - әрбір пәннің ерекшелігін, жекелеген
бөлімдерін, сонымен бірге оқушылардың жеке – дара қасиетін ескеріп, соған
сәйкес бақылаудың әртүрлі әдістері мен мұғалімнің педагогикалық әдеп
сақтауын талап етеді.
Жоғарыда айтылған талаптарды орындау, ең алдымен бақылаудың
сенімділігін және оқыту процесінде өздерінің алдында тұрған міндеттердің
орындалуын қамтамасыз етеді, бақылауда әртүрлі қателіктер мен
сәтсіздіктердің болмауына кепілдік жасайды.
Оқушылардың білім, білік және дағдыларын бақылау, бағалау педагогика
ғылымы мен практикасында белгілі бір әдістерді қолдану негізінде жүзеге
асады. Олар мыналар:
- ауызша баяндау (әңгіме, жеке- дара, топтық, фронтальдық сұрақ). Ауызша
жауаптар алу үшін мұғалім сұрақтарды тұжырымдап, міндеттер қояды.
Ауызша сұрау оқушылардың білімін тексеріп бағалау үшін жиі
қолданылады. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушыларға оқылған материал бойынша
сұрақ беріп, жауаптарын бағалап, материалды қаншалықты деңгейде
түсіндіргенін анықтайды. Кейде балалардың білімін ауызша тексеруді
әңгімелесу деп атайды. Мұғалім бір оқушыға барлық тақырыпты түгел
баяндатады. Толық жауап білімінің тереңдігін, жүйесін көрсетеді. Бірақ
оқушылардың білімін ауызша тексерудің кемшіліктері де бар, себебі оған көп
уақыт кетіп, 45 минут ішінде 3–4 оқушының ғана білімін тексеруге мүмкіндік
береді.
Ауызша тексерудің жетілдірілген түрі жаппай тексеру. Бұл әдіс арқылы
мұғалім оқылған материалды ұсақ бөліктерге бөліп, оларды оқушылардың қалай
меңгергенін білу үшін сыныпқа сұрақтар беріп, олардың білімдерін тесеріп,
көп оқушылардың білімдерін анықтауға мүмкіндік алады. Бірақ жаппай тексеру
арқылы оқушыларға әділ баға қою қиын, себебі бір – екі шағын сұраққа жауап
берген оқушының толық білімін анықтау қиын.
Ауызша сұрауға сабаққа үнемі қатысып отырған оқушылардың біліміне ұпай
беру де жатады. Мәселен, өз жолдасының жауаптарын толықтырған,
нақтыландырған және тереңдеткен оқушылар, мысалдар келтірген, мұғалімнің
жаңа материалды баяндау кезінде қойған сұрақтарына жауап берген, жаңа
тақырыпты тез түсінген балалар ұпай ала алады. Сабақтың соңында аталған
өлшемдер бойынша 4 – 8 оқушыға ұпай беріп, олардың танымдық белсенділігіне
және зейініне жақсы әсер етіп, баға қорын жинауға болады.
Баға 5 балдық шкала бойынша қойылады. Жақсы оқитын оқушылар оқу
жұмысында үлкен белсенділік танытады, сондықтан оларды бағалау қиын емес,
бірақ та басқа оқушыларға да сабақтың соңында баға қойылатыны ескертіледі.

- жазбаша бақылау (диктант, шығарма, таблица, схема, суреттер құрастыру).
Жазбаша сұрау бастауыш мектепте сирек қолданылады, 1–сыныптан алғашқы жарты
жылында ол мүлдем қолданылмайды, себебі оқушылар әлі жазуға дұрыс үйренген
жоқ. 2 – 3 сыныптарда жазбаша әдіс арқылы білімді тексеруі жиі қолданылып,
жалпы білім беретін мектептің негізгі және жоғары сатыларында білімді
тексерудің негізгі әдістерінің біріне айналады. Жазбаша білім тексеру
әдісін көбіне өздік жұмыс деп атайды. Бұл әдіс арқылы мұғалім тақтаға,
парақтарға, карточкаларға 10–12 минут ішінде орындалатын тапсырмаларды
жазып қояды. Жауаптардың қорытындыларын сынып журналына белгілеп, бір
сабақта көп оқушылардың білімдерін бағалауға болады.
Жазба жұмыстары үйде және сыныпта орындалады. Тарих, география,
биология, химия, физика пәндерінің мұғалімдері оқушыларға сурет салдырады,
сызба, диаграмма сыздырады, картамен жұмысты бағалайды.
- практикалық бақылау (лабораториялық жұмыстарын, еңбек операцияларын
орындау, тәжірибе жүргізу). Оқу бағдарламасының жекелеген тақырыптарын және
бөлімдерін өтіп болған соң жазбаша немесе тәжірибелік бақылау жұмыстары
өткізіледі.
Бақылау жұмысының алдында мұғалім оқушылардың оқылған материалды
меңгергенін анықтау мақсатымен жазба жұмыстарын жүргізеді. Егер оқушылар
тақырыпты не бөлімді жақсы меңгермесе, онда бақылау жұмысы жүргізілмейді,
оқу материалын меңгерту бағытында еңбектенеді.
Оқушылар бақылау жұмысына дайындалу үшін, мұғалім бақылау жұмысы
болатынын бір–екі апта бұрын хабарлап, дайындық жұмыстарын ұйымдастырады.
Мысалы, бақылау жұмысына ұқсас тапсырмалар орындау және жаттығулар жазу.
Алдын ала бір бақылау жұмысын жүргізіп, оқушылардың болашақтағы бақылау
жұмысына дайындығын тексереді.
Бақылау жұмысы кезінде оқушылардың тәртіп бұзбауы үшін оларға түрлі –
түрлі тапсырмалар беріледі.
Бақылау тексеру жұмыстары арқылы оқушылар жаңа есептер шығарады,
олардың білімдері, оқиғаларды, хронологияны білуі тексеріліп, диктанттар,
мазмұндамалар, шығармалар жазып, бұйымдар әзірленіп, сурет салынып, сызба
жұмыстары жүргізіледі, баяндама, рефераттар оқылады.
- машиналы бағдарламалап бақылау (перфокарталар, бақылау карталарын, дұрыс
жауаптарды, диафильмдерді қолдану). Кейбір мектептерде білімді автоматты
түрде тексеретін сыныптар болады. Демонстрациялық үстелде сұраққа дұрыс
жауап берілсе, қызыл шырақ жанады. Мұғалім оқушының біліміндегі
кемшіліктерді біліп отырады.
Кейбір мектептерде тексеруші оқу машиналары қолданылады. Машинада
бірнеше сұрақтардың жауаптары болады. Машина 3 – 5 жауаптың біреуінің дұрыс
екенін хабарлап, оқушы қате жауап берсе, белгі бермейді, немесе жауаптың
қате екенін айтады. Оқу процесіне электрондық–есептейтін техникалар,
компьютерлер көптеп енгізіледі. Оқушы пәндер бойынша тақырыптарды қалай
меңгергенін тексере алады.
- өзін - өзі бақылау, бағалау (қателерді болдырмау, оларды түзеу, оқудағы
өз жетістіктерін бағалау, соған сәйкес балл қою).
Оқыту процесінде бақылаудың фронтальдық, топтық және дербес формалары
қалыптасқан. Оның тиімділігі–мұғалімнің оларды дұрыс ұйымдастыруына
байланысты.
Фронтальдық (жаппай) бақылау жағдайында барлық оқушыларға сұрақтар
немесе мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі. Оларды орындау барысында
оқушылар арасында ынтымақтастық, жолдастық сезім пайда болады, бір – біріне
сұрақтар қойып, жауаптарын толықтырады, орындалған жұмыстарды өзара
тексеріп, іске асырады. Демек, бірігу іс - әрекетінде әлеуметтік құнды
мотивтер қалыптасады.
Топтық бақылауда белгілі оқушылар тобы сабақ барысында мұғалімнен
тапсырмалар алып орындайды. Кейде, кейбір оқушылар түрлі себептерге
байланысты (сабақ жіберу, нашар үлгеру, ауыру т.б.), қосымша көмекті қажет
етулері мүмкін. Сондықтан, олардың жұмысын ерекше еске алған жөн.
Бақылаудың дербес формасы әрбір оқушының білімін, іскерлігін және
дағдысын терең, жан – жақты анықтауға мүмкіндік береді. Дербес бақылау
бағдарламалап және дифференциялы оқыту барысында жақсы нәтиже береді.
Дербес бақылауда оқушылар жауабының логикалық бірізділігі, олар өз
пікірлерін қалай пайымдайды, қалай дәлелдейді, міне, осы мәселелерге аса
көңіл аудару керек.
Оқыту процесінде оқушылардың өзін - өзі бақылауы өте қажет. Өзін - өзі
бақылау, олардың оқу бағдарламасы материалы мен игерген іскерлігі және
дағдысының беріктігі жайлы ақпарат алуын қамтамасыз етеді. Өзін - өзі
тексеру арқылы оқушылардың алған біліміне сенімі артады, орындаған жаттығу,
есеп шығару және тәжірибе жұмыстарының нәтижесін бағалайды. Өзін - өзі
бақылау әдістері – оқушылардың оқу жұмысының маңызды элементі.
Үй жұмысын оқушының өзі тексеретін тәсілдері: оқулық мәтінін оқып,
оның жоспарын құру, ол жоспармен мәтіннің негізгі ойын айтып беру, әр
тақырып соңында бақылау сұрақтарымен жұмыс істеу, мәтін бойынша сұрақтар
құрастырып, оған жауап беру.
Оқушылардың үй жұмысын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері
Ағылшын тілі сабағын бағалаудың тиімділігі
Ағылшын тілі сабағында оқушының білімін бақылау және бағалау
Казіргі окыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау, бағалаудың жаңа технологиясы
Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері туралы ақпарат
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ БІЛІМ, БІЛІК, ДАҒДЫНЫ ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Оқушылардың білімін, шеберлігін және қабілетін тексеру және бағалау
Біліммен дағдыны бақылау және бағалау
Оқушылардың білімді ұғыну сатылары
Оқушылардың білімін тексеру мен бағалау
Пәндер