Ауырлатылған жағдайда кісі өлтіру



ЖОСПАР

КІРІСПЕ

І БӨЛІМ. Кісі өлтірудің түсінігі және сипаттамасы.

1.1. Кісі өлтірудің түсінігі
1.2. Кісі өлтірудің құқықтық сипаттамасы

ІІ БӨЛІМ. Кісі өлтірудің жауаптылықты ауырлататын түрлері.

А) екі немесе одан көп адамдарды өлтіру (ҚР ҚК 96б. 2б. «а»т.)
Б) Осы адамның қызметтік іс . әрекетін жүзеге асыруына не кәсіби немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын өлтіру (ҚР ҚК 96б. 2б. «б»т.)
В) дәрменсіз жағдайда екендігі айыпкерге белгілі адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен не адамды кепілге алумен ұштасқан адам өлтіру (ҚР ҚК 96б. 2б. «в»т.)
Г) жүкті екендігі айыпкерге белгілі әйелді өлтіру (ҚР ҚК 96б. 2б. «г»т.)
Д) аса қатігездікпен жасалған адам өлтіру (ҚР ҚК 96б. 2б. «д»т.)
Е) көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған адам өлтіру (ҚР ҚК 96б. 2б. «е»т.)
Ж) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жүзеге асырған адам өлтіру (ҚР ҚК 96б. 2б. «ж»т.)
З) пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалданып не қарақшылықпен, қорқытып алушылықпен ұштасқан адам өлтіру (ҚР ҚК 96б. 2б. «з»т.)
И) Бұзақылық ниетпен өлтіру (ҚР ҚК 96б. 2б. «и»т.)
К) Басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатымен жасалған, сол сияқты зорлауға немесе жыныстық қатынас сипатындағы күш қолдану әрекеттерімен ұштасқан адам өлтіру (ҚР ҚК 96б. 2б. «к»т.)
Л) әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық не қанды кек себебі бойынша адам өлтіру (ҚР ҚК 96б. 2б. «л»т.)
М) жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатымен адам өлтіру (ҚР ҚК 96б. 2б. «м»т.)
Н) қылмыстық кодекстің 97.100 баптарында көзделген әрекеттерді қоспағанда, бұрын адам өлтірген адам жасаған адам өлтіру (ҚР ҚК 96б. 2б. «н»т.)
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер
..................................
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында «ең қымбат қазына – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - деп жарияланған. Осыған орай Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды.
Мен бұл бітіру жұмыс ретінде осы тақырыпты таңдаған себебім, ауырлатылған жағдайда адам өлтіру қазіргі заманның қатігез шындығы, өзекті мәселе. Демографтардың айтуы бойынша жер бетіндегі халықтың жартысы өздерінің уақытынан бұрын қайтыс болады, олардың көбісі зорлықпен қаза табады. ХХ ғасырдың 90 жылдары бүкіл әлемде зорлықпен қайтыс болған адамдар саны 750 мың . Ауырлатылған жағдайда адам өлтіру басқа адам өлтіру қылмыстарынан ажырата білу өте қиынға соғады, тіпті осы салада көп жылдар тәжірбиесі бар қызметкер немесе заңгер кінәлінің әрекетін саралауда жиі қателеседі. Сондықтан мен бұл қылмысты жан – жақты зерттеп, мағынасын дұрыс барынша ашуға тырысамын. Әрі бұл жұмыс өте қызық. Адам өлтіру – жеке тұлғаға қарсы бағытталған зиянның ең ауыр түрі. Себебі, мұның нәтижесінде өмір сүріп жатқан организм өз тіршілігін жояды және оны қалпына келтіру мүмкін емес. Біреудің қолынан аяқ асты мерт болған адамның отбасы мүшелері, туысқандары, достары, жақын араласатын жолдастары оның өлімін естігенде қатты қайғырады. Яғни оларға да орны толмас ауыр моральдық зиян келтіріледі. Қылмыскер қылмыс істегенде қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан жалтару үшін қоғамға қауіпті іс - әрекеттің белгілерін толықтай немесе жартылай жасыру мақсатын көздейді. Бұл қылмыстық әрекеттерді виктимдік әрекеттер деп те атауға болады. ҚазҰУ хабаршысы журналынан алынған мәліметтерге сүйенсек виктимдік әрекетерден қаза тапқан адамдар 72%, ауыр дене жарақатын алған адамдар 68% , зорлау 92%. Оның ішінде қаза тапқан екі жыныстан кәмілетке толмағандар 9%, қарт адамдар 6% (60жастан асқан), 36% 18-59жас аралығындағы әйел адамдар, осы жас мөлшеріндегі ер адамдар 49 %.
Қылмысты іс - әрекеттер заң шығару жұмысында тәжірбиеден, яғни қоғам өмірінен алынады, себебі қылмыстар қоғамға таралған әрекеттер болып табылады. Қылмысты іс - әрекеттер қатарында тәжірбиеде әлі кездеспесе де алдағы уақыттарда кездесуі мүмкін деген болжамымен заң шығарушының қылмысты деп таныған әрекеттері болуы мүмкін. Бұл өте сирек кездесетін жағдай. Мысалы Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңының 96 бабы 2 бөлімінің «м» тармағы қарастырылған «жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін .....................................................................
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Бородин С.В. Преступление против жизни. Москва, Юрист 1999г.
2. Бородин С.В. «Квалификация преступлений против жизни» 1977г.
3. Куаналиева Г.А. Екі немесе одан көп адамды өлтіру. ҚазҰУ хабаршысы. Заң сериясы. 2007ж. №4
4. Кузнецова Н.Ф. Вопросы квалификации умышленных убийств 1961г. №2.
5. Мамутов А. Преступления, составляющие пережитки патриархально-родового быта. Алма – Ата, 1963г.
6. Наумов А. Отграничение убийства из хулиганских побуждений от смежных составов преступлений// Сов. Юстиция. 1970г. №4.
7. Семенова Н.К. Квалификация убийств из хулиганских побуждений. Свердловск, 1986г.
8. Шаргородский М.Д. Ответсвенность за преступление против личности. Л. 1953г
9. Наумов А.В. Мотивы убийства. Волгоград, 1973г
10. Апенов С.М. Об эффективности приминения уголовно – правовых норм, регулирующих ответственность за убийство сопряженное с разбоем, вымогательством или бандитизмом. Тураби. 2007г.
11. Слинько М.И. Криминологический анализ М., 1997г.
12. Курс советского уголовного права: Часть особенная. Л. 1973г. Т. 3.
13. Загородников Н.И. преступления против жизни по советскому уголовному праву.Москва. 1961г.; Аниянц М.К. Указ. Соч. 1985г.
14. Значение субъективной стороны убийства с особой жестокостью для его квалификации//Соц. Законность. 1986г.№8.
15. Кириченко В.Ф. Значение ошибки по советскому уголовному праву. М.1952г.
16. Курс советского уголовного права. М. 1970. Т.ІІ.
17. Жабдаев С.Х. Значение мотива преступления для определения ответственности за некоторые виды умышленного убийства по УК Казахской ССР//вопросы уголовного права и процесса. Алма – Ата, 1963г. Т.7.
18. Бавсун М., Куличенко Н. Убийство двух и более лиц: совокупность или единое прест
.....................................................................................................

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

І БӨЛІМ. Кісі өлтірудің түсінігі және сипаттамасы.

1. Кісі өлтірудің түсінігі
2. Кісі өлтірудің құқықтық сипаттамасы

ІІ БӨЛІМ. Кісі өлтірудің жауаптылықты ауырлататын түрлері.

А) екі немесе одан көп адамдарды өлтіру (ҚР ҚК 96б. 2б. ат.)
Б) Осы адамның қызметтік іс - әрекетін жүзеге асыруына не кәсіби
немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын
өлтіру (ҚР ҚК 96б. 2б. бт.)
В) дәрменсіз жағдайда екендігі айыпкерге белгілі адамды, сол сияқты
адамды ұрлаумен не адамды кепілге алумен ұштасқан адам өлтіру (ҚР ҚК 96б.
2б. вт.)
Г) жүкті екендігі айыпкерге белгілі әйелді өлтіру (ҚР ҚК 96б. 2б.
гт.)
Д) аса қатігездікпен жасалған адам өлтіру (ҚР ҚК 96б. 2б. дт.)
Е) көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған адам өлтіру
(ҚР ҚК 96б. 2б. ет.)
Ж) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе
ұйымдасқан топ жүзеге асырған адам өлтіру (ҚР ҚК 96б. 2б. жт.)
З) пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалданып не қарақшылықпен,
қорқытып алушылықпен ұштасқан адам өлтіру (ҚР ҚК 96б. 2б. зт.)
И) Бұзақылық ниетпен өлтіру (ҚР ҚК 96б. 2б. ит.)
К) Басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатымен
жасалған, сол сияқты зорлауға немесе жыныстық қатынас сипатындағы күш
қолдану әрекеттерімен ұштасқан адам өлтіру (ҚР ҚК 96б. 2б. кт.)
Л) әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық не
қанды кек себебі бойынша адам өлтіру (ҚР ҚК 96б. 2б. лт.)
М) жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатымен адам
өлтіру (ҚР ҚК 96б. 2б. мт.)
Н) қылмыстық кодекстің 97-100 баптарында көзделген әрекеттерді
қоспағанда, бұрын адам өлтірген адам жасаған адам өлтіру (ҚР ҚК 96б. 2б.
нт.)

ҚОРЫТЫНДЫ

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында ең қымбат қазына
– адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары, - деп жарияланған.
Осыған орай Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішінде
Қылмыстық құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды.
Мен бұл бітіру жұмыс ретінде осы тақырыпты таңдаған себебім,
ауырлатылған жағдайда адам өлтіру қазіргі заманның қатігез шындығы, өзекті
мәселе. Демографтардың айтуы бойынша жер бетіндегі халықтың жартысы
өздерінің уақытынан бұрын қайтыс болады, олардың көбісі зорлықпен қаза
табады. ХХ ғасырдың 90 жылдары бүкіл әлемде зорлықпен қайтыс болған адамдар
саны 750 мың[1]. Ауырлатылған жағдайда адам өлтіру басқа адам өлтіру
қылмыстарынан ажырата білу өте қиынға соғады, тіпті осы салада көп жылдар
тәжірбиесі бар қызметкер немесе заңгер кінәлінің әрекетін саралауда жиі
қателеседі. Сондықтан мен бұл қылмысты жан – жақты зерттеп, мағынасын дұрыс
барынша ашуға тырысамын. Әрі бұл жұмыс өте қызық. Адам өлтіру – жеке
тұлғаға қарсы бағытталған зиянның ең ауыр түрі. Себебі, мұның нәтижесінде
өмір сүріп жатқан организм өз тіршілігін жояды және оны қалпына келтіру
мүмкін емес. Біреудің қолынан аяқ асты мерт болған адамның отбасы мүшелері,
туысқандары, достары, жақын араласатын жолдастары оның өлімін естігенде
қатты қайғырады. Яғни оларға да орны толмас ауыр моральдық зиян
келтіріледі. Қылмыскер қылмыс істегенде қылмыстық жауапкершіліктен және
жазадан жалтару үшін қоғамға қауіпті іс - әрекеттің белгілерін толықтай
немесе жартылай жасыру мақсатын көздейді. Бұл қылмыстық әрекеттерді
виктимдік әрекеттер деп те атауға болады. ҚазҰУ хабаршысы журналынан
алынған мәліметтерге сүйенсек виктимдік әрекетерден қаза тапқан адамдар
72%, ауыр дене жарақатын алған адамдар 68% , зорлау 92%. Оның ішінде қаза
тапқан екі жыныстан кәмілетке толмағандар 9%, қарт адамдар 6% (60жастан
асқан), 36% 18-59жас аралығындағы әйел адамдар, осы жас мөлшеріндегі ер
адамдар 49 %.[2]
Қылмысты іс - әрекеттер заң шығару жұмысында тәжірбиеден, яғни қоғам
өмірінен алынады, себебі қылмыстар қоғамға таралған әрекеттер болып
табылады. Қылмысты іс - әрекеттер қатарында тәжірбиеде әлі кездеспесе де
алдағы уақыттарда кездесуі мүмкін деген болжамымен заң шығарушының қылмысты
деп таныған әрекеттері болуы мүмкін. Бұл өте сирек кездесетін жағдай.
Мысалы Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңының 96 бабы 2 бөлімінің м
тармағы қарастырылған жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану
мақсатымен жасалған кісі өлтіру Қылмыстық кодекс 1997 жылы бекітілгенге
дейін сот – тергеу тәжірбиесінде кездескен жоқ. Бірақ заң шығарушы мұндай
кісі өлтіру түрі шетелдердің тәжірбиесінде бар, алдағы уақыттарда бізде
кездесуі мүмкін деген болжаммен заңға енгізді.
Қылмыскердің қылмысқа дайындығы, оны жасау және жасыру әрекеттері
өзара тығыз байланыста болады және тұтастай алғанда, нақты қылмыстың
тәсілін құрайды. Қасақана адам өлтіру қылмысы кезінде қылмысты жасыру ойы
қылмыскерде қылмысты жасауға дейін туындайды және әртүрлі дәрежеде көрініс
табады. Сондықтан кез келген адам өлтіру қылмысы кезінде ол абайсыздан
жасалды ма, әлде ауырлатылған немесе жеңілдетілген жағдайда жасалды ма соны
анықтау және бұл қылмыстық әрекетті саралау үлкен қиыншылыққа әкеледі.

І БӨЛІМ. Кісі өлтірудің түсінігі және сипаттамасы.
1.1. Кісі өлтірудің түсінігі
Ең басты, ең қорқынышты адамға төнетін қауіп – соғыс. Екіншіден, ол
– адамды өлтіру. Бұл қылмыстардың бәрі ашылды деп айтуға болмайды, тіпті
тіркелмеген адам өлтіру қылмыстары бар. Сонымен қатар хабарсыз кеткен
адамдар саны қаншама, ал жиі кездесетін өзін - өзі өлтіру қылмысын
инсценировкалау. Алдын – ала тергеу органдарының тергеу тәжірбиесінде өзін
- өзі өлтіру инсценировкасын жасау көп кездеседі. Бұл мынамен
түсіндіріледі: өзін- өзі өлтіру куәларсыз жасалады, сондықтан
қылмыскер оқиға болған кезде жәбірленушінің жанында болмағанын айтады, өз-
өзіне қиянат жасау инсценировкасында өлікті оқиға болған жерден
тасымалдаудың қажеті жоқ, қылмыскер оқиға болған жердің қоршаған ортасын
өзгерте алады. Қылмыскер әртүрлі себептермен өзін-өзі өлтіру
инсценировкасына жүгіне алмаса, инсценировкалардаң басқа түрлерін былай
келтіреді: тұрмыстағы, құрылыстағы немесе көліктегі жазатайым оқиғалар.
Инсценировкалардың түрлерін білу оларды куәландыратын белгілерді
табуға және оларды әшкерелеуге қажет. Кісі өлтіру қылмыстық істері бойынша
инсценировкалардың келесідей түрлері болуы мүмкін:
1. Кісі өлтіру қылмысын жасыру.
2. Қылмыстық емес сипаттағы оқиғаны жасыру.
Өз жғынан кісі өлтіру қылмысын жасыру инсценировкаларының келесі
түрлері болуы мүмкін:
1. Өзін - өзі өлтіру инсценировкасы.
2. Жазатайым оқиғаның инценировкасы.
3. Кісі өлтіру қылмысын жасау инсценировкасы.
Адамға қарсы қылмыстар – бұл азаматтардың жеке құқықтарына қарсы
бағытталған, қылмыстық кодексте көрсетілген қоғамға қауіпті іс - әрекеттер
жиынтығы. Объектіге байланысты тұлғаға қарсы қылмыстар 6 түрге бөлінеді:
өмірі мен денсаулығына қарсы, бостандыққа қарсы, тұлғаның ар-намысына
қарсы, жыныстық бостандығына қарсы, адам және азаматтардың конституциялық
құқықтары мен бостандықтарына қарсы, отбасы және кәмлетке толмағандарға
қарсы қылмыстар.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде өмірге қарсы
қылмыстардың 3 түрі көрсетілген:
1. адам өлтіру(ҚР ҚК 96-100 баптар)
2. абайсызда адам өлтіру (ҚР ҚК 101 -бап)
3. өзін - өзі өлтіруге дейін жеткізу (ҚР ҚК 102- бап)
Өмірге қарсы қылмыстарды анықтауда адамның өмірінің басталуы мен
аяқталуына байланысты фактілі және заңи алғышарттар бар.
Бірінші фактілі алғышарт өмір сүруін бастаған адамға қастандық
жасалғанын анықтау. Адамның өмірі сүруі қай кезден басталатыны даулы
мәселе. Бұл аборт және анасының баласын өлтіруін айырумен байланысты.
Екінші фактілі алғышарт болып адамның өміріні аяқталуы, яғни өлуі
болып табылады. Бұған байланысты медиктер мен заңгерлер арасында пікірталас
туындады. Өлім адам өмірінің соңғы сәті болып табылады. Өлім клиникалық
және биологиялық болып екіге бөлінеді. Тыныс алуы мен қанның айналысы
тоқтағаннан кейін 5-6 минут шамасында клиникалық өлім сатысы басталады.
Адам денесінің салқындауына байланысты бұл кезең 10 немесе одан да көбірек
минутқа созылады. Өлудің соңғы кезеңі – биологиялық өлім, орталық нерв
жүйесі қызметінің істен шығуына байланысты мидың өлуі басталады. Адамның
басқа органдары мен тіндерінің өміршендік белгілері біразға
жалғасқанымен, мидың өлуі адам өмірінің соңғы сәті биологиялық өлім.
Біз айтқанымыздай уақытынан бұрын қаза тапқан адамдардың көбі: ауру
немесе зорлық әрекеттерден қайтыс болады.
Басқа адамның әрекеті нәтижесінде адамның зорлықпен қайтыс болуын
анықтау тағы бір алғышарт болып табылады. Әрекетті өмірге қарсы деп тану
үшін фактілі алғышарттан басқа заңи алғышарттар бар. Олар: құқыққа қайшылық
және кінәлілік. Себебі, адам өлтіру заңи әрекет те болуы мүмкін, мысалы
өлім жазасына кесу.
ҚР Қылмыстық кодексте көрсетілген адам өлтіру анықтамасын идеалды деп
айтуға болмайды, себебі онда адамды өмірінен қасақана айыру белгілері
баяндалмаған.
С.В.Бородиннің пікірінше ҚК – не сәйкес адам өлтіру қылмысын келесідей
сипаттауға болады[3]:
Адам өлтіру – басқа адамның өміріне қастандық жасап, қаза келтіретін
Қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінде көрсетілген кінәлі әрекет.
Бірақ, абайсыздан адам өлтіруге ҚК-те анықтама берілмеген. Адам
өлтіруді сипаттайтын белгілер де абайсыздан адам өлтіруге тән тек әрекеттің
субъективтік жағына байланысты немқұрайлылықпен немесе менмендікпен адам
өлтіру дегенді қосу керек.
Адам өлтірудің бір қылмыс түрінен екінші адам өлтіру қылмысынан айыру
үлкен қиыншылық туғызады. Бұл қылмысты саралауда көбінесе бір кісі өлтіру
түрі басқа кісі өлтіру түрі болып саналады. Саралау прцессін шартты трде
екі этапқа бөлуге болады.
Бірінші этап, заңның тура мағынасын түсініп, қылмыстың құрамының
белгілерін анықтау және жан – жақты анализдеу. Мұның нәтижесінде негізгі
қылмыс құрамының бар немесе жоғы анықталады. Мұндай жағдайда абайсыздықтан
адам өлтіру анықталса, саралау процессі осымен аяқталады, себебі бұл
қылмыстың тек бір түрі көрсетілген. Өзін - өзі өлтруге дейін жеткізу
қылмысында саралаудың бірінші этабы қолданылады.
Екінші этап, негізгі қылмыс құрамы анықталғаннан кейін екінші этап
басталады. Адам өлтіру қылмысының саралаушы ерекшеліктерінің бар – жоғын
анықтау. Мұнда жауаптылықты ауырлататын немесе жеңілдететін жағдайлар
анықталады.
Қазақ ССР-інің 1959 жылғы Қылмыстық кодексінде адам өлтірудің
заңдылық анықтамасы берілмеген еді. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы
жаңа Қылмыстық кодексінде тұңғыш рет адам өлтірудің заңдылық түсінігі
берілген. Кісі өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза
келтіру деп ҚК -тің 96- бабында тура көрсетілген. Осыған орай абайсызда
кісі өлтіру заң бойынша адам өлтіру деп танылмайды. Бірақ топтық және
тікелей объект белгісіне сәйкес бұл қылмыс құрамы жеке адамға қарсы қылмыс
үшін жауаптылық көзделген тарауда орналасқан. Өмірге қарсы қылмыстың, соның
ішінде адам өлтірудің де тікелей объектісі адамның өмірі болып табылады.
Заң жасына және денсаулық жағдайына қарамастан кез келген адамның өмірін
бірдей қорғайды. Адам өмірі нәрестенің туған сәтінен, яғни анасының
денесінен бөлініп шығып, алғаш тыныс алуы арқылы оның өкпесінің жұмыс
істеген уақытынан басталады. Бұл құбылыс нәрестенің алғашқы айқайынан ,
дыбыс беруінен басталады.
ҚК 96-бабында көзделген адам өлтіруге оқталған кезде кінәлі оның
қоғамға қауіпті сипатын сезгендіктен, жәбірленушіге құқыққа қарсы қаза
келтіру мақсатында әрекет жасаған, оның іске асатынын алдын ала білген және
соны қалаған, бірақ оған қатысты емес жағдайлар бойынша қаза іске аспаған
қасақана әрекеттерді тану керек.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі адам өлтірудің барлық
түрін шартты түрде үш топқа бөлуге болады:
1. Жай адам өлтіру немесе кісі өлтірудің негізгі құрамы. Қазақстан
Республикасының Қылмыстың кодексінің 96 бабының 1 бөлігі.
2. Ауырлататын жағдайдағы кісі өлтіру. Қазақстан Республикасының
Қылмыстың кодексінің 96 бабының 2 бөлігіндегі көрсетілген – 13 тармақ.
3. Жеңілдетілген жағдайдағы кісі өлтіру. Қазақстан Республикасының
Қылмыстың кодексіндегі келесі қылмыс құрамдары: жаңа туған сәбиді
анасының өлтіруі (97 б); жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру
(98 б); қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (99
б); қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу
кезінде жасалған кісі өлтіру (100 б).
Кінәні, жауаптылықты ауырлататын немесе аса ауырлататын әрекеттермен
қылмыс жасағанды, жазаны негізгі құрам бойынша белгілей алмаймыз, заң
баптарын бөлімге немесе әрі қарай ауырлататын құрамдарға бөлмеу кінәліге
жеткілікті жаза тағайындауға заң жүзінде мүмкіндік бермес еді. Кісі өлтіру
қылмысын білдіретін 96 баптың бөдімдері (және екінші бөлімнің он үш
тармағы) да жеке құрамдарды білдіреді.
Жеке адамға қарсы қылмыстар туралы істер жөніндегі қылмыстарды саралау
және тиісінше, оларды жасаған адамдарға әділ жаза тағайындау кезінде
қылмыстық заңды дұрыс қолдануды қамтамасыз ету үшін кінә нысанын, ниетінің
түрін, қылмыс жасаудың мәні мен мақсатын, тәсілін, жағдайы мен сатысын,
келтірілген зардаптардың ауырлығын анықтау қажет. Қылмыстық процесті
жүргізетін органдар іс жүргізу құжаттарында (айыптау қорытындысында,
үкімде) өз тұжырымдарын жол берілетін анық дәлелдемелерді келтіре отырып
негіздеулері тиіс.
Қылмысты бірнеше адам жасаған кезде олардың арасында қылмыс жасауға
алдын ала сөз байласу болған – болмағанын, рөлдері бөлінген –
бөлінгенбегенін, қылмыс жасалған кезде олардың әрқайсысының қандай
әрекеттер жасағанын, сондай-ақ барлық өзге де мән-жайларды анықтап,
солардың негізінде адамдардың топ болып әрекеттер жасағандары туралы
қорытынды жасау және жауаптылыққа тартылған адамдардың әрқайсысының қатысу
нысанын айқындау, олардың әрекеттерін жеке-жеке саралап әділ жаза
тағайындау қажет.

2. Кісі өлтірудің құқықтық сипаттамасы
Қылмысты квалификациялау үшін қылмыстық заңдағы жекелеген қылмыс
түрлерінің қылмыстық құқықта белгіленген ерекшеліктерін немесе оларды өзге
қылмыстардан ажырататын белгілер тобымен жақсы таныс болу керек. Әрбір
қылмысты білдіретін белгілер тобының жиынтығы арқылы ғана жеке қылмыс
құрамдары өзге құрамдардан ажыратылады және нақтыланады. Қылмыс құрамы
деген ұғым құрам деген сөздің қолданылуының өзінен-ақ, оның белгілі – бір
элементтерден, белгілерден құралып бір ұғымды білдіретінін көрсетеді.
Қылмыстық құқықта қылмыс құрамдарының элементтері ретінде қылмыстың
объектісі, объективтік жағы, субъективтік жағы және субъектісі аталады.
Адам өлтіру қылмысының объектісі адамның өмірі. Адам өлтірудің
объективтік жағы басқа адамды өмірінен заңсыз айыруға бағытталған іс-
әрекеттің және соның зардабынан адам өлуінің арасындағы себептік
байланыстың болуын айқындау қажет.
Адам өлтіру негізінен әрекет арқылы жүзеге асырылады. Адам өлтірудің
көпшілігі осылайша жасалады. Кінәлінің оқпен атылатын және суық қарудың,
өзге заттарды пайдаланумен, уландыру, жарылыс жасау, басқа да әдістерді
қолдануы арқылы адам өмірінен айырылады.
Адам өлтіру сондай-ақ әрекетсіздік нысанында болуы мүмкін. Бұл
негізінен мынадай жағдайда болуы мүмкін. Кінәлі адам біреуді өмірден айыру
мақсатымен өлімге араша тұра алатын мүмкіндігі бола тұра және осыған
тікелей міндетті бола тұрса да әрекетсіздік жолымен оған өлім қаупін
туғызады және өлімге жолбереді.
Адам өлтірудің объективтік жағының екінші белгісі қылмыстың зардабы
жәбірленушінің өлімі болып табылады. Өмірден айыруға тікелей қасақаналық
болғанымен қылмыстық зардаптың - өлімнің болмай қалуы кінәлінің әрекетіне
оқталғандығы, адам өлтіруге оқталғандық ретінде саралауға негіз болып
табылады.
Адам өлтіру – материалдық құрамға жатататын қылмыс.
Адам өлтірудің субъективтік жағы – ҚК – тің 96 бабына сәйкес тек
қасақаналықпен жүзеге асырылады. Адам өлтіру кезінде қасақаналық тікелей
және сол сияқты жанама да болуы мүмкін. Тікелей қасақаналық кезінде кінәлі
өзінің басқа адамның өміріне қол сұғып отырғандығын сезеді, оның әрекеті іс
жүзінде өлімге әкелетіндігін біледі, және өлімнің болуын тілеп іс-әрекет
жасайды. Жанама қасақаналықпен адам өлтіру кезінде кінәлі өзінің әрекеті
арқылы адам өміріне қатер төндіретіндігін мойындайды, осы әрекеттің
нәтижесінде оның өлуі мүмкін екендігін біледі, өлімнің болуын тілемейді,
бірақ оған саналы түрде жол береді.
Кінәлінің ниетінің түрі туралы мәселені шешкенде соттар жасалған
қылмыстық барлық жағдайларына сүйенуі және атап айтқанда: қылмыстың тәсілі
мен қаруын, денеге салынған жарақаттың санын, сипаты мен оқшаулауын,
кінәлінің қылмыстық әрекетті тоқтату себебін, сондай-ақ кінәлінің қылмыс
істеу алдындағы және одан кейінгі мінез-құлқын, оның жәбірленушімен
арақатынасын ескеруі керек.
Қасақана адам өлтірудің субъектісі 14 жасқа толған жеке тұлға болып
табылады. Ауырлататын жағдайда адам өлтіру – ҚК-тің 96-бабының 2-тармағында
көзделген. Қылмыстық құқық теориясында бұл жағдайларды топтарға бөлу
қалыптасқан. Мұндай жағдайда бөлу үшін қылмыс құрамының элементтері
пайдаланылады.Обьекті бойынша, яғни жәбірленушінің жеке тұлғасы бойынша –
екі немесе одан көп адамдарды; Осы адамның қызметтік іс - әрекетін жүзеге
асыруына не кәсіби немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды
немесе оның жақындарын; Дәрменсіз жағдайда екендігі айыпкерге белгілі
адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен не адамды кепілге алумен ұштасқан; жүкті
екенгдігі айыпкерге белгілі әйелді өлтіру. Объективті жағы бойынша – аса
қатігездікпен жасалған; көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен
жасалған; адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе
ұйымдасқан топ жүзеге асырған. Субъективтік жағы бойынша – пайда табу
мақсатымен, сол сияқты жалданып не қарақшылықпен, қорқытып алушылықпен не
бандитизммен ұштасқан; бұзақылық ниетпен; Басқа қылмысты жасыру немесе оны
жасауды жеңілдету мақсатымен жасалған, сол сияқты зорлауға немесе жыныстық
сипатындағы күш қолдану әрекеттерімен ұштасқан; әлеуметтік, ұлттық,
нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық не қанды кек себебі бойынша;
жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатымен жасалған.
Субъектісі бойынша – бұрын адам өлтірген адам жасаған адам өлтіру.
Әр жағдай жеке түсінік болып табылады. Сондықтан да егер де адам ҚР ҚК
– тің 96 –бабының 2-тармағында көзделген бірнеше жағдайларды жасаған
жағдайда әрекетті саралау кезінде бұл баптың тек бір тармақшасын қолдануға
тиым салынады.
Мұндай қателікті мойындамау мақсатында ҚК-тің 96-бабының 2-тармағының
бір немесе одан да көп тармақшасын қолдану істің шешіміне әсер етпейді
дейді, себебі бұл тармаққа бір санкция белгіленген. Бұл өте қате пікір.
Себебі егер де қылмыстың белгілері бірнеше тармақшаға сәйкес болса, оны
барлық пункт бойынша саралау керек, әйтпесе бұл сот шешімін шығарған кезде
барлық жағдайды дұрыс бағаламай, объективті шешімге келе алмас еді.
Міндетті түрде аыйпталушының әрекетінде бір мақсат пен бір ниет болуы
керек, осындай жағдайда ғана бірнеше тармақшамен саралауға жол беріледі.
В.Н.Кудрявцев барлық жағынан бірдей екі қылмыстық құрам болмайды.
Барлық қылмыс құрамдары кем дегенде бір белгісі бойынша ажыратылады.
Құрамдардың арасында айырмашылықтың болмауы ұқсас қылмыстарды ажыратуда
мүмкіндік бермес еді - дейді[4]. Құрам элементтері бір қылмыстың түрлі
құрамдарында бірдей анықталғанда, олар өзара құрам элементтерінің қосымша
белгілерінің міндетті белгі болуына қарай және Қылмыстық кодекстің 54
бабында келтірілген кінәні ауырлататын белгілердің көрсетілуіне қарай
ажыратылады. ҚР ҚК 96 баптың 2 бөлімінде қарастырылған қасақана кісі
өлтірудің ауырлататын түрлерінің құрам элементтері бойынша айырмашылығы
жоқ[5]. Тек соңғы н тармағы бұрын қасақана адам өлтіру қылмысын жасаған
адамның осы қылмысты қайталануын көрсетіп субъекті бойынша ажыратады. Бұл
баптың әртүрлі пункттеріндегі қасақана адам өлтіру әрекеттері өзара объект
көлемі (мысалы жүкті әйелді өлтіру, екі немесе одан көп адам өлтіру),
тәсілі бойынша (мысалы аса қатігездікпен өлтіру, бірнеше адамдардың өміріне
қауіпті тәсілмен өлтіру), қылмыстық ниеті бойынша (пайдақорлық, қанды кекті
қайтару, бұзақылық ниетпен адам өлтіру), мақсаты бойынша (жәбірленушінің
мүшелерін немесе тәнін пайдалану, басқа қылмысты жасыру немесе қылмыстың
жасалуын жеңілдету мақсатында адам өлтіру) ажыратылады.
Қылмыс құрамының қоғамға қауіптілік дәрежесін сипаттайтын белгілерді
үш топқа бөлуге болады: 1) негізгі немесе констутивтік; 2) ауырлататын
немесе сараланған; 3) жеңілдететін. Адам өлтіру қылмысына байланысты:
1. негізгі немесе констутивтік белгілер деп қылмыстық құрамдардың
негізгі немесе ауырлататын құрамдарына, сондай – ақ жеңілдетілген
құрамдарына да тән белгілерді айтамыз. Мысалы қасақана түрде басқа адамға
қаза келтіру белгісі 96 баптың 1 бөлімі бойынша квалификацияланатын жай
кісі өлтірудің түрлеріне , сондай – ақ 97, 98, 99, 100 баптарындағы кінәні
жеңілдететін жағдайларға қарсы бағытталған қылмыстардың негізгі белгісі
болып табылады.
2. ауырлататын белгілер қылмыстың құрамында тікелей келтірілген
ауырлататын жағдайларды білдіреді. Ол ауырлататын жағдайлар қылмыстық
құрамды сипаттайтын белгілердің түрлерінде кездеседі, яғни зардаптың
көлеміне, қылмысты жасау орыны, уақыты, тәсілі жағдайы, құралына қарай және
ниетімен мақсаттың, қылмыс субъектісінің түріне қарай ауырлатады. Мысалы 96
баптың екінші бөлігінің з тармағындағы пайдақорлық ниетпен кісі өлтіруде
пайдақорлық ниет ауырлататын белгі болып табылады.
3. Қылмыстық құрамдар кінәні жеңілдететін қылмыс түрі ретінде
бағалануы үшін, ол жеңілдетілген белгі құрамның мазмұнында келтіріледі.
Мұндай жағдайда да ауырлататын құрамдардағы сияқты кінәні жеңілдететін
белгі қылмыстық құрамының міндетті белгісі ретінде норма диспозициясында
тікелей көрсетіледі. Оларға әйелдің баласын босану уақытындағы, қажетті
қорғану, ашу шегінен, қылмыскерді ұстау шаралары шегінен шығуы
жағдайларында өміріне қаза келтіруі қарастыратын құрамдар жатады.

ІІ БӨЛІМ. Кісі өлтірудің жауаптылықты ауырлататын түрлері.
Қылмыстың қоғамға қауіптілігін ауырлататын құрам көпшілік жағдайда
баптың кейінгі бөлімінде келтіріледі. Бұл құрамдардың негізгі құрамдармен
салыстырғанда ауырлатушы объективтік немесе субъективтік белгілері
диспозицясында тікелей көрсетіледі. Кісі өлтірудің ауырлататын құрамдардың
белгілері қылмыстың объектісінің көлеміне, іс - әрекеттің белсенділігіне,
зардаптың түрі мен көлеміне, қылмыстың жасалу орны, уақыты, тәсілі, жағдай,
құралына, ниеті мен мақсатының немесе қылмыс субъектісінің түріне қарай
ауырлатады.

А) екі немесе одан көп адамды өтіру (ҚР ҚК 96-бабы 2-бөлігінің
атармағы)
Бұл тармақ бойынша саралауға кінәлінің бір мезгілде бірнеше адамға
қаза келтіру ниеті негіз болып табылады. Адам өлтірудің бұл түрі кінәлі екі
немесе одан көп адамды өмірінен айырған жағдайда болады. Мұндайда кінәлінің
екі немесе одан көп адамды өлтіру ниетінің болғандығы, яғни бірыңғай
қасақана ниетінің болғандығын анықтау керек. Дұрысында жәбірленушілердің
өлуі бір мезгілде болады. Мынадай жағдай болуы мүмкін: кінәлі әуелі бір
адамды өлтіреді, содан соң біршама уақыт өткеннен кейін, әдетте көп
кешікпей, басқа адамды өлтіреді. Оның бір адамды емес, екі немесе одан көп
адамды өлтіру ниетінің болғандығын дәлелдеудің маңызы зор. Бұл кезде әр
адамды өлтіру себептері бірдей болмауы мүмкін. Біреуін ол мысал үшін – кек
алу мақсатында, ал екіншісін бірінші кісіні өлтіруді жасыру мақсатында
өлтіреді. Сонымен бірге – екінші адамды өлтіру ниеті бірінші кісі өлтіруден
кейін емес, оған дейін пайда болды. Екі немесе одан көп адам өлтіру
қылмысына жәбірленушілердің өлімі арасында уақыт өтпей өлтірілген қылмыс
жатқызылады. Мысалы, бір оқтан екі адамның өлуі, немесе оларды бірінен
кейін бірін өлтіру.
Егер бірнеше адам өлтірген кезде қылмысты қоса орындаушылардың ниеті
бірнеше адамдардың өмірін қиюға бағытталса және оны іске асыру үшін олар
өзара рөлдерін бөліскен болса, соның салдарынан әрбір қылмысқа қатысушы бір
ғана адамның өмірін қиюға тікелей қатысса, онда олардың әрқайсысының
әрекеті осылайша ҚК 96-бабы 2 -бөлігінің атармағымен саралануға жатады.
Екі адамды өлтіру, егер біреуі үшін жауапкершілік ҚК 96-бабының тиісті
бөлігімен, ал басқасы ҚК 97,98,99 немесе 100-баптарымен көзделсе, ҚК 96-
бабы 2-тармағының атармақшасы бойынша саралау мүмкін емес. Мұндай
жағдайларда әрбір қылмыс қылмыстық заңдардың тиісті нормасы бойынша дербес
саралануға жатады.[6]
Кейбір әдебиеттерде қылмыстық әрекеттің бір уақытта түсінігін
үзіліссіз деп ауыстыруды ұсынады., себебі бірнеше адамды бір уақытта
өмірінен айыру бір қылмыстық акт болып табылады [7]. С.В.Бородиннің
айтуынша, екі немесе одан да көп адамды өлтіру кезінде қылмыстық әрекеттер
бір уақытта болады деген түсінікті үзіліссіз деген түсінікпен ауыстыру
бәрін шатастырып жібереді[8]. Біздің ойымызша, бұл пікірмен үзілді –
келісуге болмайды. Мәселен, екі немесе одан да көп адам өлтіру кезінде
кінәлінің әрекетіндегі уақыт аралығында үзіліс болмайды. Осындай кінәлінің
үзіліссіз әрекетінде, қылмыстың субъективтік жағы тікелей немесе жанама
қасақаналықпен сипатталуы мүмкін. Сот тәжірбиесінде жанама қасақаналықпен
кісі өлтіру деп, бөтен адамдардың кіріуінен бақтың учаскесін қорғау
мақсатында қондырылған, өздігінен қосылатын жарылғыш құрылғының жарылуы
нәтижесінде бірнеше адамдардың өмірінен айырылуы танылады.
Егер де екі немесе одан көп адамды өлтіру бір уақытта жүзеге асырылып,
бірақ қылмысты жасау ниеті әртүрлі болса, бұл қылмыс ҚР ҚК 96-бабы 2
-бөлігінің атармағымен сараланбайды.
Сот тәжірбиесінде бір адамды өлтіріп, екінші адамның өміріне қастандық
жасау әрекетін саралауда сұрақ туындайды. Мұнда 2 түрлі көзқарас
айқындалды.
Оның біреу облыстық сотта К. азаматын соттау ісінде анықталды. Сот
шешімі бойынша азамат К. ҚР ҚК 96-бабы 2 -бөлігінің атармағымен және 26 –
бап, 3-тармағымен , және ҚР ҚК 96-бабы 2 -бөлігінің атармағы және г
тармағымен сотталды. Ол бұзақылық ниетпен өзінің жүкті әйелін өлтіріп,
енесінің өміріне қастандық жасады. Жоғарғы Сот бұл шешімге келіспеді. Ол
азамат К. әрекетін ҚР ҚК 96-бабы 2 -бөлігінің атармағымен саралау керек,
оны кінәлінің екі немесе одан көп адамды өлтіру ниеті анықталғаннан кейін,
оның әрекетін аяқталған қылмыс деп, ҚР ҚК 96-бабы 2 -бөлігінің
атармағымен саралау керектігін түсіндірді.
Ал екінші жағдайда, бір адамды өлтіріп екінші адамның өміріне
қастандық жасау әрекетін ҚК 96-бабы 2 -бөлігінің атармағымен және 24-
баптың 3- тармағымен саралауды дұрыс деп табады.
Екі пікірдің ішіндегі екіншісі дұрыс, себебі бір адамның өміріне
қастандық жасау, екі немесе одан көп адамның өміріне қастандық жасауға
айналып кетеді де , аяқталған қылмыс адам өлтіру заңдық бағасын алмайды.
Ал бір уақытта құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің өміріне
қастандық жасалып, бұл органның қызметкері болып табылмайтын адамды
өлтіруәрекеті басқаша сараланады. Құқық қорғау органының қызметкерінің
өміріне қастандық жасау қылмыстық кодекстің тиістібабымен, ал екінші адамды
өлтіру әрекетін ҚК 96-бабы 2 -бөлігінің атармағымен саралау керек. КСРО –
ның Жоғары Сот Пленумына сәйкес милиция қызметкерлерінің немесе олардың
жақындарының өміріне қастандық жасау адам өлтірумен тең деп жазылған.
Екі немесе одан көп адам өлтіру мен көптеген адамдардың өміріне
қауіпті тәсілмен жасалған адам өлтіру қылмыстарын ажырата білу жөнінде
тәжірбиеде қиындықтар жиі кездеседі. (ҚК 96-бабы 2 -бөлігінің атармағы
және е тармақтарымен). Көп жағдайда соттар екі қылмыстың әр түрлі
саралану шарттарына көңіл бөлмейді. Кінәлі кісі өлтіруді көптеген
адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасағанда, ол өз санасымен оның таңдап
алған тәсілі көптеген адамдардың өміріне қауіп келтіретіндігін ұғынуы
қажет. Бұл жерде қылмыс субъектісінің айналадағы оны қоршаған жазықсыз
адамдарға қатысты немқұрайдылығын көруге болады. Кінәлінің әрекеті көпшілік
жиналған орындарда мысалы дүкенде, жиналыстарда, әуежайда, қоғамдық
көліктердің ішінде т.б. жерлерде жарылыс жасаудан, мылтықпен ретсіз оқ
жаудырудан, су қаптатудан, өртеуден және т.с.с. көрінеді. Кінәлінің
өлтірмекші болған жәбірленушінің қасында болған адамдардың саны немесе
олардың дене жарақатын алған – алмағандығы ескерілмейді. Өлтіру ниеті
бағытталған адамдар тобының өміріне қауіп төндірсе, онда оның әрекетін
саралауда тек ҚК 96-бабы 2 -бөлігінің атармағын қолдану керек. Себебі ол
басқа адамдар өміріне қауіп төндірген жоқ, тек өлтіру ниеті бағытталған
адамдарға ғана қауіп төндірді.
Сонымен қатар, екі немесе одан көп адамдарды өлтіруді бірнеше рет кісі
өлтіруден ажырата білу керек. Яғни 96 баптың 2 бөлігінің н тармағы келесі
мазмұнды құрайды: осы кодекстің 97 – 100 баптарында көзделген әрекеттерді
қоспағанда, бұрын адам өлтірген адам жасаған адам өлтіру, 96 баптың 2
бөлігінің н тармағы бойынша қылмысты саралау үшін, кінәлінің екі немесе
одан да көп адамды өлтірудегі іс - әрекетінің арасында біріншіден, уақыт
алшақтығы болуы керек, екіншіден жәбірленушілерді өлтіруге деген бірыңғай
қасақана ниетінің болмауы тиіс. Бұл жағдайда қылмысты бірнеше мәрте
жасаудың белгілері қолданылады.
Г.Н.Борзенковтың айтуынша: екі және одан да көп адамды өлтіру бір
қылмыс болып табылады[9]. Теорияға және әділеттілік қағидасына жүгінетін
болсақ, бір қылмыс үшін қылмыстардың жиынтығы туралы ережені қолданып жаза
тағайындау дұрыстыққа жанаспайды. Бұл жерде белгілі бір қауіп те бар. Заңға
сәйкес, қылмыстардың жиынтығы кезінде кісі өлтіргені үшін жаза, ең жоғарғы
бас бостандығынан айыру мерзімінің жартысынан асатын мерзімге жазалардың
қосылуы жолымен тағайындалуы мүмкін. Бұл жағдай кінәлінің ойластырып қойған
қылмысын аяғына дейін жеткізуге яғни тірі қалған жәбірленушіні өлтіруге
итермелеуі мүмкін, өйткені бұл жерде қылмыстардың жиынтығы болмайды. Осы
қарама – қайшылықты заң тұрғысынан, жеке алғанда, аяқталмаған қылмыс үшін
жаза тағайындау туралы ережені болашақта нақтылау арқылы шешу қажет. Біздің
ойымызша [10]бұл пікірдің де жаны бар сияқты және ол болашақта реттелуге
жататын мәселелердің бірі болып табылады. Шын мәнісінде ойлап қарасақ,
кінәлі өлтіремін деп көздеген екі адамның біреуін өлтіріп, екіншісіне
оқталса қылмыстардың жиынтығы қолданылып жаза көбірек тағайындалады.
Жәбірленушілердің екеуін де өлтірсе, онда қылмыстардың жиынтығы болмайды
және сот жаза мөлшерін 96 баптың 2 бөлігінде көрсетілген жаза мерзімінің
шекарасы шегінде қолданады.
Әр түрлі адамдардың өміріне әр қалай қол сұғатын бір – бірімен
байланыспайтын жағдайларды бағалаумен салыстырғанда, екі немесе одан көп
адамды өлтіру ол бір қылмыс және оның заңды бағалануы да бір болуы
керек[11].
Қортындылай келе келесідей шешімдерге келуге болады:
1. екі немесе одан көп адам өлтіру әрекеті біруақытта жасалса ғана ҚК 96-
бабы 2 -бөлігінің атармағымен сараланады.
2. егер бұл қылмыста адамдарды бірінен кейін бірін өлтіріп, бұл әрекетін
бір ниетпен жасаса.
3. егер де бірінші және екінші адам өлтіру әртүрлі уақытта жасалып,
жағдай бойынша байланысты болмаса ҚК 96-бабы 2 -бөлігінің атармағы
қолданбайды, екінші адамды өлтіру ҚК 96-бабы 2 -бөлігінің
атармағымен, бірінші адам өлтіру – нақты әрекеттерге байланысты
сараланады.
4. ҚК 96-бабы 2 -бөлігінің атармағымен бірге егер оған жеткілікті дәлел
болса осы баптың басқа тармақшаларымен қосып саралауға жол беріледі.
5. бір адамды өлтіріп, екінші адамды адамның өміріне қастандық жасау
аәрекетін аяқталған қылмыс деп саналмайды, мұндай әрекетті ҚК 96-бабы
2 -бөлігінің атармағымен және 24-баптың 3-тармағы бойынша саралануы
тиіс.
6. егер де айыпкер өзіне екі немесе одан көп адам өлтіру ниетін көптеген
адам өміріне қауіпті тәсілмен жасалса ҚК 96-бабы 2 -бөлігінің а және
етармақтарымен саралануы тиіс, үшінші тұлғаларға қатысты жанама
ниетпен жүзеге асырса.

Б)Осы адамның қызметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына не кәсіби немесе
қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын өлтіру
(ҚК 96-бабы екінші бөлігінің б тармағы)
Адам өлтіруді ҚК 96-бабы екінші бөлігінің б тармағы бойынша
саралаған кезде жәбірленушінің өз қызметтік міндетін жүзеге асыруға не
өзінің кәсіби немесе қоғамдық борышын орындауға байланысты қандай заңды
әрекеті кінәлінің оны өлтіруіне немесе оның жақындарын өлтіруге
итермелегенін анықтау керек, өйткені кінәлінің нақ осы мән – жайларға
байланысты осы адамның өміріне қол сұғу ниеті осындай саралауға арналған
міндетті шарт болып табылады.
Бұл ретте, өзінің қызметтік міндеттерінің шеңберіне кіретін, ал
қоғамдық борышты орындау деп кез келген азаматтардың арнайы жүктелген
қоғамдық міндеттерді, сондай-ақ қоғамның немесе жекелеген адамдардың
мүдделері үшін (мысалы, құқық бұзушылыққа тосқауыл қою, дайындалып жатқан
немесе жасалғалы жатқан қылмыс туралы хабарлау, куәгерлік айғақтар беру
және т.б.), кез келген басқа да әрекеттерді жүзеге асыруын түсіну керек.
Кәсіби борышты орындау деп тұлғаның белгілі бір кәсіпке байланысты (мысалы,
суретшілердің эскиздері, портреттер, карикатуралар салуы) әрекеттер жасауын
ұғыну қажет. Жәбірленушіні өлтіру жәбірленушінің заңсыз қызметтік
міндеттеріне байланысты жасалған жағдайларда, ҚК 96-бабы екінші бөлігінің
б тармағы бойынша саралау болмайды[12].
Адам өлтіру жәбірленушінің қызметтік міндетін, өзінің кәсіби немесе
қоғамдық борышын орындауға байланысты жасалған деп саралау үшін адам өлтіру
жәбірленушінің жоғарыда аталған әрекеттерді орындау кезінде немесе басқа
уақытта жасалғанының маңызы жоқ.
ҚК 96-бабы екінші бөлігінің б тармағында көрсетілген жақын деген
терминге ҚІЖК 7-бабының 24) тармағында көрсетілген жақын туыстары ғана
емес, қызметтік міндетін не кәсіби немесе қоғамдық борышын орындап жүрген
адам қадір тұтатын басқа да адамдар кіреді. Олардың өзара жақын қатынасы
туралы кінәлінің алдын ала хабардар болған – болмағанын анықтау қажет.
Әдебиеттерде жәбірленушінің жұмыста белсенділік танытуымен қоғамдық
қызметінің өзі қызғаныш туғызып, кек алу мақсатымен өмірінен айырылады
деген пікір айтылды[13].
Жәбірленуші болып қызметтік міндетін орындаушы лауазымды тұлға ғана
емес, кез-келген жұмысшы немесе күзетші және т.б. болуы мүмкін.
Сот тәжірбиесінде қаралған істердің бәрінде де жәбірленуші өз
қызметтік борышын, міндетін таза ниетпен жүзеге асыруымен байланысты қаза
тапқанын байқауға болады. Бұдан осы баппен тек өз қызметтік міндетін мінсіз
атқарған жәбірленушіге қатысты сараланатыны, ал егер ол заңға қайшы әрекет
етсе (қызмет бабын пайдаланып немесе өз құзіреті шегінен асып кетсе) қылмыс
бұл баппен сараланбайтынын ескері қажет.
ҚК 96-бабы екінші бөлігінің б тармағында көзделген қылмыс деп тану
үшін жәбірленушінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде ме немесе басқа
уақытта жасалғанын анықтау қажет емес, бастысы ол өз қызмет міндетін
орындауына байланысты болуы керек.
Сонымен қатар, сот тәжірбиесінде тұлғаның қызмет міндетін атқару мен
осы міндетін атқаруымен байланысты оның қаза табу арасында кеткен уақыт
маңызы бар ма деген сұрақ туындаған. КСРО Жоғары Сот Пленумында
белгіленгендей қызмет міндетін атқару мен қылмыстың жасалу әрекеті
арасындағы өткен уақыт санау қажет емес, бұл қылмыста маңыздысы
жәбірленушіні қызмет міндеттерін атқаруына байланысты кек алу мақсатында
өмірінен айырылу фактісі маңызды болып табылады.
Қылмысты ауырлататын жағдайларды анализдеуді қорытындыласақ:
1) ҚК 96-бабы екінші бөлігінің б тармағы өз қызмет міндетін
немесе борышын атқаруына байланысты шын ниетпен қызмет
атқарылуын тұлғалардың жұмысына кедергі келтіру немесе кек алу
мақсатымен жүзеге асырғанда ғана сараланады.
2) Кез келген адамның қызмет аясына жататын жұмысын қызметтік
міндетті орындау, ал қоғамдық борышты орындау деп – арнайы
жүктелген қоғамдық міндеттердің орындалуын айтады.
3) ҚК 96-бабы екінші бөлігінің б тармағында көрсетілген жақын
деген терминге ҚІЖК 7-бабының 24) тармағында көрсетілген жақын
туыстары ғана емес, қызметтік міндетін не кәсіби немесе қоғамдық
борышын орындап жүрген адам қадір тұтатын басқа да адамдар
кіреді.

В) дәрменсіз жағдайда екендігі айыпкерге белгілі адамды, сол сияқты
адамды ұрлаумен немесе кепілге алумен ұштасқан адам өлтіру.( ҚК 96-бабы 2-
бөлігінің втармағы)
Жас шамасының өте кішілігіне немесе кәрілігіне, дене мүшелерінің
кемістігіне, аурулығына, соның ішінде жүйке ауруына шалдығу, ақыл – есінен
уақытша айырылу немесе ақыл-есінің әлсіреуімен байланысты болған, оның дене
мүшелерінің немесе психикалық жай – күйінің салдарынан кінәліге қарсылық
көрсете алмаған немесе оны өмірінен айыруға жасаған әрекетінің сипатын
түсінбеу жағдайын жәбірленуші адамның дәрменсіздік жай-күйі деп түсіну
керек. Мұнда жай – күй алкогольден, сол сияқты есірткіден мас болудың және
жүйкеге қатты әсер ететін дәрілік препараттарды немесе улы заттарды
қабылдаудан болуы мүмкін. Саралау үшін жәбірленушіні мұндай жағдайға кімнің
душар еткендігінің, бұған қандай себеп болғандығының ешбір мәні жоқ.
Бұл қылмысқа сонымен қатар жәбірленушінің есінен тану, мас болу,
ұйқы кезіндегі дәрменсіз жағдайы жатады. Заңда көрсетілгендей ҚК 96-бабы 2-
бөлігінің втармағы қолдану кезінде айыпкер міндетті түрде жәбірленушінің
дәрменсіз жағдайда екенін пайдаланып,бұл қылмысқа баруы керек. ҚК 96-бабы 2-
бөлігінің втармағында көзделген қылмысты жасаудың ниеті әртүрлі болуы
мүмкін , мұндай жағдайда кінәлі әрекеттері қылмыстық жиынтығы бойынша
сәйкес тармақшалармен сараланады. [14]
Жәбірленушіні дәрменсіз жағдайға алып келу және оны өлтіру ниетін
жүзеге асыруды жеңілдету мақсатында (ұйықтататын дәрі, алкогольдік ішімдік
немесе есірткі беру, байлау, ұрып-соғу, есінен тануға әкеп соққан дене
жарақатын келтіру) жасалған кінәлінің әрекеті осы қылмыстың объективтік
жағының бөлігі болып табылады. Мұндай жағдайда жәбірленушіге қаза келтіру
ҚК 96-бабы 2-бөлігінің втармағы бойынша саралануға тиіс емес.
Адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан адам өлтіру ұрлау не
кепілге алу процесінде жәбірленушіні өмірінен айырған немесе аталған
қылмысты жасыру мақсатында адам өлтіру болған кезде орын алады. Адамды
ұрлау ҚК-тің 125-бабы, кепілдікке алу ҚК –тің 234-бабы. Адамды ұрлау не
кепілге алумен ұштасқан адам өлтіру бір тармақшаға енгізу себебі ұрланған
не кепілге алынған адам да дәрменсіз жағдаймен тең болады. Мұндай жағдайда
жәбірленуші тек ұрланған немесе кепілге алынған адамдар ғана емес, сонымен
қатар басқа тұлғалар болуы мүмкін, мысалы, құқық қорғау органдарының
қызметкерлері: тұтқынға алынған адамдарды босатумен байланысты шараларға
қатысқан кезде қасақана өлтірілсе.
ҚК 96-бабы 2-бөлігінің втармағы. Қорытындылай келе:
1. анализ көрсеткендей, адам өлтіру ісі бойынша дәрменсіз жағдайда
болу : а) жасымен (жасының кішілігімен немесе қарт болумен),
аурумен, мүгедектікпен; мұнда ұзақ уақыт бойы дәрменсіз жағдайда
болуы туралы баяндалады. б) ұйқымен, мас болу, есінен тану және
т.б. яғни адам өлтіру кезінде болған дәрменсіз жағдаймен
ұштасады. Жәбірленушінің дәрменсіз жағдайда болуы, осы бапты
қолдануға негіз ретінде анықталуы тиіс.
2. ҚК 96-бабы 2-бөлігінің в тармағын қолдану кезінде қылмыстың
субъективтік жағын зерттеу кезінде айыпкер жәбірленушінің
дәрменсіз жағдайда екенін білуін міндетті түрде айқындау керек.
3. ҚК 96-бабы 2-бөлігінің втармағымен саралау (дәрменсіз жағдайға
байланысты) басқа осы баптың тармақшаларымен қосыла алады.
4. ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан адам өлтіру, осы істеген
қылмыстарды жасыру әдісі болса мұндай әрекеттер дербес қылмыс
құрамын құрайтындықтан, кінәлінің әрекеттері қылмыстың жиынтығы
бойынша сараланады.(ҚК–тің 125, 96-бабы2-бөлігінің втармағын,
234, 96-бабы 2-тармағының втармақшасы).
Г) жүкті екендігі кінәліге белгілі әйелді өлтіру (ҚК – тің 96 – бабы 2-
бөлігінің г тармағы)

Адам өлтірудің бұл түрі жәбірленушінің айрықша жағдайына орай
көтеріңкі қоғамдық қауіптілікпен сипатталады. Кінәлінің өзінің қылмыстық
мақсатына әйел адамның жүктілік жағдайын біле тұра оны өлтіруі, оның
қоғамға қауіптілігін және қатыгездігін, онда жағымсыз моральдық
қасиеттердің бар екендігін куәландырады. Осы құрамның болуы үшін ең алдымен
екі міндетті белгінің болуы шарт. Жәбірленуші кез-келген ұзақтықтағы
жүктілік жағдайында болуы және ол туралы айыпкердің білуі керек. белгілі
деген термин айыпкер жәбірленушінің жүкті екендігінен хабардар болғандығын
білдіреді. Бұл жағдайда осы жайдың толық растығына оның күмәнінің болған –
болмағандығы маңызды емес, ең бастысы ол жәбірленушінің жүкті екендігі
туралы жәбірленушінің өзінен немесе бұл туралы басқалар арқылы хабардар
болады. Бұл жерде оның жүктілік мерзімі, ұрықтың өміршең еместігі, әйелдің
жүкті екендігі жөнінде тиісті емдеу мекемелерінде есепте тұрған –
тұрмағандығының оған қатысы жоқ [15].
Мұндай істерді қарау кезінде, бұл қылмыстар көбінесе қызғаныштан
жасалады, аса қатігездікпен ұштасады.
Сот тәжірбиесінде айыпкердің жәбірленушінің жүкті екендігінің
қателесуіне байланысты әрекетін саралау жөнінде қиыншылықтар туындайды.
Сотта азамат Л. айыптау ісінде, азамат Л. мен азаматша Ш. Жынытық
байланыста болып, азаматша Ш. өзінің жүкті екендігін айтады. Азамат Л. бұл
жағдай туралы әйелі біліп қоймас үшін азаматша Ш. ты алдап орманға апарып
өлтіреді. Кейін анықталғандай азаматша Ш. жүкті емес екен. Сот бұл
қылмыстық әрекетті ҚК – тің 96 – бабы 2-тармағының г тармақшасымен
саралады. Бұл шешіммен толық келісуге болады.
Алайда, А.А.Пионтковскийдің пікірінше қылмысты саралау жағдайлары бар
қылмысты тұлғаның қателесуі бойынша жасалуы, жасалған қылмысқа қастандық
жасау ретінде қарастыру керек. [16] (ҚК – тің 96 – бабы 2-бөлігінің
гтармағы және 24 -бап), бірақ бұл қате деп кейбір ғалымдар санайды,
себебі жәбірленушіге қаза келтірілді, және ол аяқталған қылмыс болып
табылады.
В.Ф.Кириченконың айтуынша мұндай қылмыстық әрекетті ауырлатылған
жағдайсыз саралау керек[17] дейді.
Егер айыпкер жүктілік жөнінде қателесіп, жүкті емес әйелді жүкті екен
деп өлтірсе, онда оның әрекеті қылмыстық ниеттің бағытына қарай осы
тұрғыдағы қылмысқа оқталғандық ретінде сараланады.( ҚК – тің 96 – бабы 2-
бөлігінің гтармағы 24 –баптың 3-тармағы).
Бұл мәселелерді қорытындылай келе:
1. Кінәлінің жәбірленуші жүкті екендігі туралы хабардар болуы керек
2. Фактілік қателікте, кінәлі жәбірленуші жүкті емес деп ойлап, ал
кейін мәйітті қарау кезінде оның жүкті екендігін анықтаса, ҚК – тің 96 –
бабы 2- бөлігінің гтармағы қолданылмайды.
3 Кінәлі жүкті әйелді өлтірдім деп ойлаған, бірақ жәбірленуші нақтылы
жүкті болмаған жағдайда, қылмыскердің әрекеті басқа саралайтын белгілер
болмаған кезде ҚК – тің 96 – бабы бірінші бөлігі бойынша сараланады.

Д) Аса қатігездікпен жасалған адам өлтіру. (ҚК – тің 96 – бабы 2-
бөлігінің д тармағы)
Аса қатігездікпен, саддизммен, қорлаумен, жәбірленушіні қинап қылмыс
жасау – кінәлінің және жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілігінің аса жоғары
екендігін сипаттайтын бұл жағдайлар көбіне жеке адамға қарсы жасалатын
қылмыстарда кездеседі. Адам өлтірудің өзі қатігездік әрекет. Қаза келтіру
тәсіліне қатысты мән – жайларды бағалаған кезде кінәлінің аса қатігездік
көрсеткенде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам өлтірудің ауырлатылған құрамдарын саралау
Аффект жағдайында жасалған адам өлтіру қылмысының құрамы және тергеу
Жан күйзелісі жағдайда жасалған адам өлтіру
Қылмыс жасау сатылары, Баланы қасақана өлтіру
Аффект жағдайында адам өлтіру
Ауырлатылған мән-жайлары бар кісі өлтіруді саралау
Қылмыс заты
Қылмыстың объективтік жағының түсінігі
ӨМІРГЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
Қоғамға қауіпті әрекет
Пәндер