Қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру және бағалау


Курстық жұмыстың тақырыбы:
«Қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру және бағалау »
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. КОМПАНИЯНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ МАҢЫЗЫ
1. 1 Компанияның қаржылық инвестицияларын қалыптастырудағы маңызды мәселелері . . . 5
1. 2 Қазақстанның қаржылық инвестициялық саясаты . . . 7
1. 3 Компанияның қаржылық инвестициялық портфелінің қалыптастырудың мәні мен экономикадағы маңызы, алатын рөлі . . . 11
2. КОМПАНИЯНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛУЫН БАҒАЛАУ
2. 1 Компанияның қаржылық инвестициялық портфелінің негізгі қызметтерін талдау . . . 16
2. 2 ҚР-дағы қаржылық инвестициялар портфелін қаржыландыру көздерінің бағалау . . . 20
2. 3«ТұранӘлемБанк» АҚ-ның инвестициялық жобаларын қаржыландыру . . . 23
3. «ТұранӘлемБанк» АҚ - ның басты мәселелері мен қызметін жеілдіру жолдары . . . 27
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 34
КІРІСПЕ
Инвестициялардың күрделі қаржыдан айырмашылығы, олар материялдық емес активтерді (жер бөліктерін пайдалану құқығы мен табиғатты пайдалану нысандары, потенттер, авторлық құқықтар, тауарлық белгілер, сауда маркалары, лицензиялар және т. б. ) ұлғайту үшін де жұмсалынады. Материалдық емес активтерді құру және ұлғайтуды қаржыландыру үшін қолданылатын негізгі төлемдер, тааз пайда, коммерциялық және басқа да банктердің ссудалары, қор нарығынан түсімдер және т. б. жатады.
Инвестициялар әр түрлі меншік түрлеріндегі кәсіпорындардың айналым активтеріне де жұмсалады. Кәсіпорындардың айналым активтері өндіріс сферасындағы (өндірістік запастар, аяқталмаған өндіріс, кеғлешек кезеңдер шығындары ж. б. ) айналым қорларынан тұрады.
Компанияның қаржылық инвестиция саласында тиімділікке қол жеткізуі дегеніміз - қоғамның табиғи шикізат, материалдық-техникалық және интелектуалдық қорларын қолдана отырып, халықтың материалдық және мәдени қажеттіліктерін, жақсы тұрмыс жағдайын қамтамасыз ету. Макроэкономикалық салада оңтайландыру ісі халық шаруашылығының салалық құрылымына да әсер етеді. Өйткені мұнда өзгерістерді жүзеге асырудың маңызды тетігі - макроэкономикалық жағдайға айтарлықтай әсер ететін салалық басымдықтарды ғылыми негіздеу болып табылады. Республикамыздың жағдайында салалық құрылымның тиімді жағдайын анықтау - экономиканың шикізаттық бағытын жою және өнеркәсіпті дамыту мәселелерімен тығыз байланысты. Дағдарысты жағдайдан шығу және экономиканы дамыту - ұлттық табыстағы өндірістік қор жинау үлесін арттыруға байланысты. Ал бұл, өз кезегінде, әсіресе барынша жетілдірілген өндіріс құралдарын шығаратын салаларда өндірістің өсу қарқынын арттыруды қажет етеді. Мұнда да шетелдік технологиялық инвестицияларға бағытталуға болады және бағытталу керек деген жаңсақ пікірлер бар.
Шетелдік технологиялық инвестицияларға толықтай бағытталу, біріншіден, отандық машина жасау және өндіріс процесін механизацияландыру мен автоматтандыруды қамтамасыз ететін салалардың мүддесіне шек келтіруі мүмкін; екіншіден, елде техникалық процестің негізгі бағыттары бойынша күрделі және қолданбалы ғылыми зерттеу жүргізуге қажеттілік төмендеуі мүмкін. Бұл екі жағдайда да өндірісте интелектуалдық ұтылыс анық байқалады, ал оны болдырмау үшін мемлекеттің құрылымдық саясатын қалыптастыруда халық шаруашылығының инфрақұрылымдық және әлеуметтік салаларының өндірістік негізін жаңарту мен пайдалану тиімділігін арттыру мүдделері көзделуі тиіс.
Жұмыс барысында инвестордың дұрыс шешім қабылдауы балама жобаларды салыстыруға негізделеді және инвестицияларды жобалаудағы ең күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Мұндай жобаларды түрлі критерийлер бойынша саралау кезінде қайшылықтар пайда болуы мүмкін, сондықтан өзара балама жобалармен жұмыс жасағанда да ұсыныстар әр түрлі болуы мүмкін.
Курстық жұмысымның тақырыбы «Қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру және бағалау » деп аталады. Курстық жұмысым үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде: Компаниялардың қаржылық инвестициялық портфелін қалыптастырудың экономикадағы маңызы. Екінші бөлімде: Компанияның қаржылық инвестициялық портфелін қалыптастыруды бағалау. Үшінші бөлімде; талдауға «ТұранӘлемБанк» АҚ- ы алынып оның басты мәселелері мен қызметін жетілдіру жолдары қарастырылды.
К урстық жұмысымның өзектілігі - қазіргі нарықтық экономикада компанияның инвестициялық портфеліне байланысты мәселелерді қарастыру көздерін жетілдіру жолдары н шешу болып табылады.
Бұл курстық жұмысымның мақсаты - қазіргі кундегі туындаған мәселелерді толығымен ашып жеткізу, қазіргі күндегі компаниялардың инвестициялық портфельдерін барынша дамыту, оның даму жолында алғашқы және қажетті іс-шаралар жүргізуін қамтамасыз ету.
1. КОМПАНИЯНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ МАҢЫЗЫ
1. 1 Компанияның қаржылық инвестицияларын қалыптастырудағы маңызды мәселелері
Инвестициялық - құрылыс үрдісіне мемлекеттің реттеушілік ықпалдары басқару - ұйымдастыру сипатындағы шараларды жүзеге асырудан басталады. Олардың қатарына төмендегідей шаралар жатады:
- құрылыс кешенін қаржыландыруды орталықсыздандыру;
- құрылыс - ұйымдарының материалдық - техникалық, қаржылық мүмкіндіктерін барынша толық пайдалануды қамтамасыз ету;
- құрылыс жұмыстарына тапсырыс берушілер мен оны жүргізуші медігерлердің өзара байланыстарына әкімшілік араласу шараларын қолдануды жою;
- медігерлік сауда (тендер) жүйесін қалыптастыру;
- құрылыс өндірісін басқаруды орталықсыздандыру арқылы құрылыс ұйымдарына меншік түрлерін таңдау мен жұмыс түрі бойынша мамандырылуына толық еркіндік беру.
Дегенмен, қазіргі кездегі осы саланың дамуын зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, жүргізіліп отырған монополияны жою, жекешелендіру, саланы реформалау үрдістері кедергісіз, ауыртпалықсыз және жан - жақты болмай отыр. Әсіресе, төменгі құрылыс ұйымдары өздерінің материалдық - техникалық базасы, ұйымдық құрылымы, мамандандырылуы, қаржылық мүмкіндіктері жағынан қатты ерекшеленеді. Сол себепті, жоғарыда аталған үрдіс осы ерекшеліктерді ескере отырып жүргізілуі тиіс.
Мемлекеттік құрылымдық саясатын іске асырудың негізін инвестициялық - құрылыс кешені құрайды. Осы кешеннің қазіргі дамуын талдап - зерттейтін болсақ, онда төмендегідей заңдылықтардың қалыптасқанын байқаймыз:
- мемлекеттік күрделі қаржы көлемінің, әсіресе, өндірістік сфераға - төмендеуі;
- инфляцияға және бағаның ырқына жіберілуіне байланысты, жалпы күрделі қаржы көлемінде өтелімдік үлесінің азаюы;
- құрылыс өзгерісінің негізгі қорларын ұдайы өндіріп отыруға қаржы жетіспеушілігі салдарынан, олардың тозу деңгейінің жоғарлауы;
- экономика нарықтық қатынастарға бейімдеу реформалары тыңғылықты зерттеусіз, асығыс жүргізілуі себебінен қаржыландыру көздерін жоғалтып алған құрылыс объектілерінде аяқталмаған өндіріс көлемінің өте жоғары болуы;
- халық шаруашылығының материалдық, ғылыми - техникалық негіздерін жаңарту үрдісіне шетелдік инвестицияларды тарту мен ынталандырудың нормативтік - құқықтық негіздерінің тұрақсыз және әлсіз болуы.
Дегенмен, инвестициялық-құрылыс кешенінде эканомиканы мемлекеттік реттеудің негізгі объектісі ретінде макрокөрсеткіштер саналады. Олардың қатарына күрделі қаржы көлемі мен құрылымын (ұдайы өндірістік, техналогиялық, салалық, аумақтық), оларды қалыптастыру көздерінің параметірлерін, құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемін т. б. жатқызуға болады.
Соңғы кездері күрделі қаржы көлемінде өтілімдік төлемдердің үлесі төмендеуде себебі оны есептеу базасы әлсіз (негізгі қорлардың тозу денгейінің жоғарлығы) және де олардың бір бөлігін инфляция «жеп » қойып отыр. Осыған байланысты, үкімет халық шаруашылығы салаларының негізі қорларының қарапайым және ұдайы өндірілуін қаржыландыруды ұлғайту шараларын іздестіруге мәжбүр болып отыр.
Әрине, бұл істегі ең негізгі бағыт-жеке меншік секторындағы кәсіпорындардың өз қаржыларының рөлін жоғарылату.
Күрделі қаржы көлемін қалыптастыру көздерінде эканомиканың мемлекеттік және де «үй шаруашылығынан» тапқан қаржыларының да рольі жоғарылауы тиіс. Бұл жағдайда, үкімет үшін өндірістік сфера салаларын бюджеттік қаржыландыруды қатал саясат ұстауына мүмкіндік туар еді. Егер мемлекет кәсіпкерлер мен жеке түлғалардың іскерлік белсенділігін көтеру үшін шаралар қолданатын болса, үкімет шешімдері негізінде мемлекеттік күрделі қаржының салалық құрылымы әлуметтік салалар пайдасына өзгертіледі деп күтугк болады. Сондықтан, макродеңгидегі мемлекеттің реттеушілік рөлі республикалық және жергілікті бюджеттердің шығындарын қай бағытта пайдалануды анықтауда айқын байқалады. Ал егер мемлекеттік күрделі қаржының салалық құрылымын қарайтын болсақ, онда, соңғы кездері басыңқы салалардың үлесінің жоғарлағанын көреміз. Сөз отан-энергетикалық және металургиялық кешендер салалары туралы болып отыр.
Күрделі қаржының аймақтық құрылымын талдауда үш нәрсеге көңіл бөлу қажет - жергілікті бюджеттердң (облыстық, қалалық, аудандық) кірістері мен маңызының жоғарлауы, әлуметтік - шаруашылық жағынан артта қалған республика облыстары мен аудандарын артықшылық пен дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру және жекелеген аймақтардың табиғи-эканомикалық әлуметін толық пайдалану.
Ғылыми техналогиялық индустриялдық жағынан жоғары дамыған аймақтарда мемлекет нарықтық инфрақұрылымның дамуын жеделдетуге, шетелдік инвестицияларды тартуға, барлық шарушылық жүргізуші субъектілердің иновациялық қызыметін жандандыруға, бірлескен кәсіпорындар құруға жағдайда жасауға тарсады.
Табиғат байлығымен және экспорттық әлуметімен ерекшеленетін аймақтардың дамуына мемлекет алдаңғы қатарлы шетелдік технологияларды және ақша капиталын тартуды ынталандыру механизімдерін қалыптастыру арқылы реттеушілік әсер етеді. Бұл жерде мемлекет екі мақсатты көздейді: а) табиғат-шикізаттық қорларды тереңірек өңдеу мен кешенді игеру; ә) өңделген өнімнің әлем нарығындағы бәсекелестігін жоғарылату. Ауылшарушылығы дамыған аймақтарда, эканомиканы мемлекеттік реттеу механизмдерінің ішінде, алдыңғы қатарда ауылды кіші индустриаландыруды ынталандыру шараларының жүйесін енгізу тұрады. Бұл шара ауыл шарушылығы өндірісінің тауарлылығын арттырып қана қоймай, сонымен бірге жергілікті еңбек ресурстарының жұмысбастылығы деңгейін жоғарылатады.
Күрделі қаржыны ұтымды пайдалану тұрғысының, оның техналогиялық құрылымын сипаттайтын көрсеткіштер динамикасын талдау маңызды орын алады. Ол төменде көрсетілген шығындардың көлемдерінің өзара қатынасын есептеу нәтижесінде анықталады:
- құрылыс-монтаж жұмыстары, олар негізгі қорлардың ынжық бөлімін құрайды. ;
- жабдықтар (техника түрлері, технологиялық желілер т. б. ) сатып алу және орнату, олар негізгі қорлардың белсенді бөлімін құрайды;
- басқа жұмыс түрлері (жобалау - ізденіс қызметі, қосалқы және уақытша қондырғылардың құрылысын жүргізу т. б.
Қазақстанда, соңғы 30-35 жыл аралығында, өндірісті қорлардың белсенді бөлігін құруға жұмсалған шындардың үлесі өскені байқалады (37-39%), дегенмен, күрделі қаржының өте үлкен бөлігі (шамамен50%), аяқталмаған құрылыс көлемінің жоғары болуына байланысты, құрылыс-монтаж жүмыстарының үлесіне тиеді. Сондықтан, барлық қаржыландыру көздері есебінен құрылған күрделі қаржыны ертеректе басталған құрылыстарды, әсіресе өндірістік маңыздағы, аяқтауға жұмсау, қазіргі кезде күрделі қаржыны орынды пайдалану бағыттарының бірі болып есептеледі.
Күрделі қаржының көлемін, құрылымдық көрсеткіштерін, тиімділік деңгейін нақтылауда баға саясатының алатын орны зор. Нарықтық қатнастарға өту кезеңінде инвестициялық қызмет сферасында мемлекеттік билік оргндары тағайындайтын, сондықтан барлық инвесторлар мен құрылыс өндірісіне қатысушылар үшін міндетті болып табылатын тұрақты (тіркелген) бағаларды қолдану шеңбері болғаны жөн. Мемлекет осы бағалар жүйесін қолдану арқылы мемлекеттік күрделі қаржыны пайдалануға, өндірістік қуаттар мен әлуметтік сфера нысандарын іске қосуды жеделдетуге, инвестициялық белсенділікті ынталандыруға бағытталған өзінің бақылаушылық функциясын жүзеге асырады.
1. 2 Қазақстанның қаржылық инвестициялық саясаты
Инвестициялық - құрылыс кешенінің дамуының тиімділігі әрқаша орталық басқару органдарының назарында болуы керек, өйткені ұлттық табысты бөлу, қайта бөлу мәселелерін дұрыс шешу, көбінесе осы көрсеткіштің деңгейіне байланысты.
Инвестициялық-құрылыс кешенінің дамуын реттеуде мемлекет иілігінде қаржылық реттеудің несиелік, салықтық тетіктерінің де бар екенін естен шығармау керек, әсіресе олардың ынталандыру функциясын кеңінен қолдануға көңіл бөлінуі тиіс.
Жоғарыда аталған механизмдердің барлығын бір мақсатқа қол жеткізуге жұмылдырып, өзара байланыстырып отыратын, инвестициялық - құрылыс кешенінің дамуын мемлекеттік реттеудің ең басты, негізгі механизмі ретінде жоспарлауды айтуға болады.
Нарық жағдайында орталық жалпы экономикалық мемлекеттік басқару органдарының осы кешенінің тиімді дамуын қамтамасыз етудегі негізгі міндеттері төмендегілер болып саналады:
- ұзақ және қысқа мерзімдерге инвестициялық - құрылымдық саясатты қалыптастыру жөнінде тиісті басқару органдарына ұсыныстарды әзірлеу;
- кешенді бағдарламаларды дайындау және жүзеге асыру;
- күрделі қаржының жалпы көлемі мен құрылымын және мемлекеттік инвестициялардың көлемін анықтау;
- мемлекеттік және муниципалдық маңызы бар объектілердің тізімін қалыптастыру және оларды инвестициялық - құрылыс қызметін көрсетуші субъектілердің арасына конкурстық негізгі орналастыру;
- республика және оның аймақтары бойынша инвестициялық қызметтің ағымдағы жағдайын және нәтежелерін талдау.
Жоғарыда жазылған жайттар инвестициялық-құрылыс кешенінің дамуын жоспарлауға жалпы методикалық көзқарастар, сонымен қатар, күрделі құрылыс саласының негізгі көрсеткіштерін нақтылау әдістемесін де білген жөн. Күрделі құрылыстың өндірістік қызметін сипатттаушы негізгі көрсеткіштер қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:
1) күрделі қаржы және мердігерлік жұмыстар көлемдері:
2) өндірістік қуаттар мен негізгі қорларды іске қосу;
3) дайын құрылыс өнімі (құрылыс-монтаж ұйымдары үшін) .
Өндірістік бағдарламаны негіздеу үшін, жоғарыда аталған көрсеткіштерден басқа, аяқталмаған құрылыс көлемі, сыбағалы күрделі қаржы жіне оның тиімділігі, т. б. көрсеткіштер қолданылады.
Күрделі құрылыс жоспарының жобасын әзірлеуде, алдымен барлық қаржыландыру көздері бойынша жұмсалатын күрделі қаржының жалпы көлемі (салалар мен облыстар бойынша бөлінген) анықталады. Басқа көрсеткіштердің деңгейін анықтау үшін баланстық және техникалық-экономикалық есептеулер әдістері қолданылады. Олардың негізгілері болып төмендегілер саналады:
- негізгі қорлар, қондырғылар, өндірістік қуат және күрделі қаржы баланс;
- жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау және кеңейту жоспарлары;
- құрылыс материяларының негізгі түрлерінің баланыстары;
- күрделі қаржының технологиялық құрылымының есептері;
- сыбағалы күрделі қаржы нормативтері және басқа да нормативтер;
- кәсіпорындармен ғимараттар құрылысының ұзақтығы мен заделінің нормалары (мөлшерлері) .
Күрделі қаржы көлемі мен оны пайдалану бағыттарын бөлу жоспары өнім және қызмет көлемінің жоспарлары өсуін қамтамасыз ету қажеттіліктерін сәйкес жасалады. Материалдық өндіріс салаларын дамытуға жұмсалатын күрделі қаржыларға жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қайта жарақтандыруға, реконструкциялауға, кеңейтуге және жаңа кәсіпорындар мен объектілерді салуға кететін шығындар жатады.
Жоспарда көзделген күрделі қаржы көлемі, материялдық өндіріс салалары бойынша, төмендегілерді қамтамасыз ету тиіс:
а) жұмыс істеп тұрған жалпы мемлекіттік маңызы бар кәсіпорындарды қолдану;
б) жоспарла кезеңнің аяғында нормативті құрылыс заделін құру;
в) құрылыс сметасына енгізілмеген машналармен қондырғыларды сатып алу.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар оларды қайта техникалық жарақтандыру мен реконструкция шараларын жүзеге асырғанда да берілген өнім түрі бойынша жоспарда көрсетілген өнім көлемін өндіруді қамтамасыз ете алмаса және қаржыландыру көздері анықталса, сонда ғана кәсіпорын салуға қаржы бөліну тиіс. Ол үшін өнімнің өсім көлемінің және іске қосылатын қуаттардың бірліктеріне жұмсалатын сыбағалық күрделі қаржы, жұмыс істеп тұрған қуаттарды қолдау, қор қайтарымы сияқты көрсеткіштер мен нормативтер қолданылады. Жоспарлы кезеңге арналған сыбағалық күрделі қаржы нормативтер болмаған жағдайда, күрделі қаржыға қажеттілік көлемі экстрополитивтік әдіспен есептелуі мүмкін, яғни осы көрсеткiштің өткен мерзiмдерде қалыптасқан нақты және күтулi көлемi негiзiнде (iшкi салалық құрылымның өз¬гepyiн ескере отырып) . Сонымен қатар, күрделi кар¬жының қажеттiлiк көлемiн қор қайтару немесе қор сыйымдылығы көрсеткiштерi неriзiнде, оларға жоспарлы кезеңде әсер eтетін факторларды ескере отырып, iрiлей есептеуге де болады.
Күрделi қаржыға жалпы қажеттiлiк өндiрicтiк жене өндiрiстiк емес мақсаттағы объектiлер бойынша жұмсaлынатын күрделi қаржылардың қосындысы ретiнде аныкталады.
Күрделi қаржынң технологиялық құрылымын жоспарлауда есептелетiн құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі мердiгерлiк құрылыс жұмыстары жоспарын дайындаyға негiз болып табылады. Қондырғылар мен басқа да белсендi қорларға күрделi қаржы бөлу - күрделi құылысты машина жасау салаларын өндiрiс жоспарларын байланыстыруға мүмкiндiк бередi. Жаңадан басталатын құрылыстар бойынша күрделi қаржының технологиялық құрылымын есептеуде жобалық сметалық құжаттар, техникалык - экономикалық негіздеулер қолданылады.
Инвестициялық - құрылыс кешенін ұйымдастыру мен экономикалық басқару механизмдерін жетілдіру, түптеп келгенде, инвестициялық қызмет пен құрылыс өндірісінің тиімділігінің жоғарлатуды қамтамасыз етуі тиіс.
Сондықтан, осы кешеннің тиімділігін есептеу әдістемесіне қысқаша тоқталып өтейік.
Күрделі қаржының тиімділігін есептеу халық шаруашылығы, оның салалары, жекелеген ведомостволар, шаруашылық бірлестіктері, кәсіпорындар және құрылыс объектілері бойынша жүргізіледі.
Стратегиялық жоспарлау шеңберінде бұл есептеулер халық шаруашылығының, оның салаларының даму болжамдарына, ұзақ мерзімдік кешенді салааралық бағдарламаларға негізделуі тиіс. Олар, кешенді мақсатты бағдарламалар әзірлеген кезде және өндіргіш күштерді дамыту және орналастыру жөнінде жекелеген техникалық - экономикалық нақтылаулар жасалғанда да жүргізіледі.
Іс жүзінде, төмендегі көрсеткіштер арқылы күрделі қаржының жалпы (абсолютті) тиімділігі (Э) анықталады:
- халық шаруашылығы бойынша - жоспарлы кезеңдегі ұлттық табыс көлемінің жылдық өсімінің (Д) осы өсімді қамтамасыз еткен күрделі қаржы көлеміне (К) қатынасы ретінде:
Э= Д/К;
- жеке салалар, министрліктер, ведомстволар, шаруашылық жүргізуші бірлестіктер, кәсіпорындар бойынша - таза пайданың (П), немесе таза өнімнің (ЧП) жылдық өсімінің осы өсімді тудырған күрделі қаржының көлеміне қатынасы ретінде:
- мақсатты кешенді бағдарламалар, жекеленген жобаланушы (құрылғысы жүргізілуші) кәсіпорындар, объектілер бойынша - жобалық жылдық өнім шығару құны мен жылдық өнім шығарудың өзіндік құынының (С) айырмасының құрылыстың сметалық құнына немесе сол шараны жүргізуге асыруға жұмсалған шығындар көлеміне (К) қатынасы ретінде:
Э= Ц - С/ К.
Күрделі қаржының тиімділігін сипаттайтын және бір көрсеткіш ретінде, жұмсалған күрделі қаржы көлемінің табысы өсіміне немесе өзіндік құнның төмендеуі салдарынан алынған үнемге қатысы бойынша есептелетін күрделі қаржының өтелу мерзімі(Т) көрсеткішін атауға болады:
Т= К/Д; Т=К/П; Т=К/Ц-С. [5]
Жоғарыда көрсетілген есептеулерде күрделі қаржының тиімділігіне төмендегі факторлардың әсер ететінін ескеру қажет:
- өнімнің еңбек шығындылығы, қор шығындылығы мен материал шығындылығының өзгеруі және тиісті қорларының үнемделуі;
- күрделі қаржының салалық, ұдайы өндірістік, технологиялық құрылымдағы өзгерістер;
- құрылыстың сметалық құнының өзгеруі;
- құрылыс жүргізу мерзімі мен жобалық іске қосылатын қуаттарды игеру мерзімінің қысқаруы;
- өнімнің сапасының жоғарлауы.
Кешенді бағдарламаларды жүзеге асыру, құрылысты жүргізу вариантын және құрылыс жобаларының тиімдісін таңдау үшін күрделі қаржының салыстырмалы экономикалық тиімділігі көрсеткішін есептейді. Бұл көрсеткіштің негізіне келтірілген шығындардың минимумы алынған. Әр вариант бойынша көрсетілген шығындар салыстырмалы тиімділік нормативіне (Ен = 0, 12) сәйкес бірыңғай жылдық мөлшерге келтірілген ағымдағы шығындар (өзіндік құн) (С) мен күрделі қаржының (К) қосындысы арқылы анықталады:
С+Ен. К → min. [5]
Күрделі қаржының көлемдік құрылымдық көрсеткіштерін анықтау және экономикалық тиімділігін нақтылау үшін жүргізілген есептеулер нәтижесінде жоспарлы кезеңде олардың тиімді пайдалануын қамтамасыз ететін жалпы өндіріс тиімділігін арттыратын шешімдер табуы тиіс.
1. 3 Компанияның қаржылық инвестициялық портфелінің қалыптастырудың мәні мен экономикадағы маңызы, алатын рөлі
Инвестициялық қызмет «Заңды тұлғалардың, азаматтардың және мемлекеттің инвестициаларды жүзеге асыру жөніндегі практикалық іс-әрекеттің жиынтығы» болып табылады.
Олар төмендегідей инвестициялық сфераларды жүзеге асырылады: а) күрделі құрылыс; ә) инновациялық сфера; б) қаржы капиталын пайдалану сферасы, в) қозғалатын және қозғалмайтын мүлк нарығында мүліктік құқықтарды жүзеге асыру сферасында (епілдік құқық пен ипотекалық несиені қоса есептегенде) .
Инвестициялардың күрделі қаржыдан тағы бір айырмашылығы, олар материялдық емес активтерді (жер бөліктерін пайдалану құқығы мен табиғатты пайдалану нысандары, потенттер, авторлық құқықтар, тауарлық белгілер, сауда маркалары, лицензиялар және т. б. ) ұлғайту үшін де жұмсалынады. Материалдық емес активтерді құру және ұлғайтуды қаржыландыру үшін қолданылатын негізгі төлемдер, тааз пайда, коммерциялық және басқа да банктердің ссудалары, қор нарығынан түсімдер және т. б. жатады.
Инвестицияларды әр түрлі меншік түрлеріндегі кәсіпорындардың айналым активтеріне де жұмсалады. Кәсіпорындардың айналым активтері өндіріс сферасындағы (өндірістік запастар, аяқталмаған өндіріс, кеғлешек кезеңдер шығындары ж. б. ) айналым қорларынан тұрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz