Инновациялық қызметтің нарық экономикасындағы орны



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1.ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ НАРЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ОРНЫ.
1.1 Кәсіпорындағы иннновациялық қызмет, оның мәні, маңызы және жіктелуі. 4
1.2 Ғылыми . техникалық прогрестің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі. 6

2.ҒЫЛЫМИ . ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСС ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ.
2.1 Ғылыми . техникалық прогресс (ҒТП): эволюциялық және революциялық нысандары. Технологиялық өндіріс әдісі. 10
2.2 ҒТП мәні, даму бағыттары. 11
2.3 ҒТП экономикалық өсудің факторы. 14

3.ҒТП ЖҮЙЕСІНІҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ.
3.1 Халықаралық ғылыми . техникалық байланыстар. 16
3.2 Кәсіпорынның инновациялық қызметін дамытудағы шетелдік озық тәжірибелерді қолдану. 17

ҚОРЫТЫНДЫ 19

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 20
КІРІСПЕ
Біздің еліміздің болашағы - оның интеллектуалды қоры, ғылымы және инновация жетістіктерінде. Бұл сөздер Президент Н.Ә. Назарбаевтың халық-қа арналған жолдауында айтылған болатын. Өмір өзі көрсеткендей, шикізат сатуға бейімделген экономика құлдырауға бағытталған. Тек жоғары сапалы, ең соңғы ғылым жетістіктеріне сай техника мен технологиялар ғана экономиканы көркейтіп, халық өмірін жақсартуға қабілетті. Сондықтан да, ғылымға және ғылыми – техникалық және инновациялық саясатқа ерекше көңіл бөлуі тиіс. Міне, осы курстық жұмыстың актуальдылығы болып табылады.
2003 жыл индустиялық – инновациялық стратегиямызды іске асырудың алғашқы жылы болды. Елімізде даму институттары құрылып, олар қазірдің өзінде өңдеуші салаларды жақсартуға нақтылы жағдай жасай бастады. Даму банкі жарты миллиард доллардан астам сомаға 20 инвестициялық жобаға кредит бөліп отыр.
Жазылып отырған курстық жұмыстың басты мақсаты инновацияларды және инновациялық прогресті жан–жақты зерттеу, олардың жіктелуін көрсету, Қазақстан кәсіпорындарының инновациялық қызметіне талдау жасау. Бұл курстық жұмыста көптеген әдебиеттер қолданылған. Ол дегеніміз – газеттер, журналдар және кітаптар.
«Қазақстан - 2030» стратегиясының ең тұтқалы басымдылықтарының бірі экономиканың теңгерімді дамуының, жалпы ұлттық өнімін құрайтын шикізат-ты жоғары технологиялы, оның ішінде экспорттық өнімге кезең-кезеңмен алмастыру және елдің ғылыми–техникалық әлеуетін тиімді пайдалану негізінде экономикалық өсу болып табылады.
Қазақстанда бұл үшін барлық алғы шарттар бар. Бұл – бай табиғи ресурс-тар, бос өндірістік қуаттардың болуы, жеткілікті білікті ғылыми-техника-лық қызметкерлер және жоғары жалпы білімділік деңгейімен ұштасқан арзан жұмыс күші, бірқатар технологиялық тұрпаттар бойынша дайындықтардың болуы.
Сонымен бірге, бірқатар бөгеуші факторлар да бар. Атап айтқанда, соңғы жылдары Қазақстанның технологиялық тез мешеуленуінің деңдеген кезі болды. Қазіргі өндірістің тұқыртылуы, өндіргіш күштердің индустриясыздануы, өндірістің абсолюттік көрсеткіштерінің күрт қызқаруы және жанбасылық, тұтыну мен қорланудың төмендеуі тегеурінді экономика-лық даму үшін республиканың аттаныс жағдайын едәуір күрделендіреді.
Экономикалық қарым – қатынастардың жалпы жүйесінде инновациялық қызметке негізгі орын беріледі, өйткені елдің экономикалық қуаты оның ақырғы нәтижелерімен - өндіріс тиімділігін көтерумен ғылымды қажетсіне-тін өнім көлемін өсірумен айқындалады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Н. Назарбаев «Қазақстан -2030» Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Білім баспасы 1998 жыл.
2. Мейірбеков «Кәсіпкерлік экономикасы» 151-157 бет. Кәсіпорынның инновациялық қызметі.
3. Волков С.И «Экономика предпиятия» М: Инфра-М,1997 г.
4. Горфинкель В.Я «Экономика предпиятия» М: Инфра-М,1997 г.
5. Иванов И.В «Высокотехнологичные предприятия в эпоху глобализации» Поблишер,2003 г.
6. «Прикладная экономика» - М: Прин-ди,1993 г.
7. «Саясат журналы» 2004 жыл №2, 57-60 бет.Бороли Қ. Инновацияның даму жолдары.
8. «Қаржы – қаражат»журналы 2004 жыл, №2 92-96 бет.Сапарбаева. Отандық кәсіпорынның инновациялық қызметі.
9. ҚР Президенті мен ҚР Үкімітінің Актіле жинағы 2001 жыл №17, 33-64 бет, №30 4-50 бет.ҚР Президентінің «ҚР индустриалдық – инновациялық дамуының 2003-2015жж арналған стратегиясы».
10. «Бухгалтер бюллетені» 1998 жыл,№46 3-5 бет.
11. «Жетісу» газет3 2004 жыл, №34 2-3,6 бет. Ел басының халыққа жолдауы.
12. Совицкая «Анализ хозяйственной деятельности предприятия» Минск, И.П. Экоперспектива 1999 г.
13. «Инновационный менеджмент» под ред. Оголяева 2001 г7
14. Қазақша – орысша сөздік.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
3

1.ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ НАРЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ОРНЫ.
1.1 Кәсіпорындағы иннновациялық қызмет, оның мәні, маңызы және жіктелуі.

4
1.2 Ғылыми – техникалық прогрестің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі.

6
2.ҒЫЛЫМИ – ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСС ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ.
2.1 Ғылыми – техникалық прогресс (ҒТП): эволюциялық және революциялық
нысандары. Технологиялық өндіріс әдісі.
10
2. ҒТП мәні, даму бағыттары.
11
3. ҒТП экономикалық өсудің факторы.
14
3.ҒТП ЖҮЙЕСІНІҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ.
1. Халықаралық ғылыми – техникалық байланыстар.
16
2. Кәсіпорынның инновациялық қызметін дамытудағы шетелдік озық
тәжірибелерді қолдану.
17

ҚОРЫТЫНДЫ
19

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
20

КІРІСПЕ

Біздің еліміздің болашағы - оның интеллектуалды қоры, ғылымы және
инновация жетістіктерінде. Бұл сөздер Президент Н.Ә. Назарбаевтың халық-қа
арналған жолдауында айтылған болатын. Өмір өзі көрсеткендей, шикізат сатуға
бейімделген экономика құлдырауға бағытталған. Тек жоғары сапалы, ең соңғы
ғылым жетістіктеріне сай техника мен технологиялар ғана экономиканы
көркейтіп, халық өмірін жақсартуға қабілетті. Сондықтан да, ғылымға және
ғылыми – техникалық және инновациялық саясатқа ерекше көңіл бөлуі тиіс.
Міне, осы курстық жұмыстың актуальдылығы болып табылады.
2003 жыл индустиялық – инновациялық стратегиямызды іске асырудың
алғашқы жылы болды. Елімізде даму институттары құрылып, олар қазірдің
өзінде өңдеуші салаларды жақсартуға нақтылы жағдай жасай бастады. Даму
банкі жарты миллиард доллардан астам сомаға 20 инвестициялық жобаға кредит
бөліп отыр.
Жазылып отырған курстық жұмыстың басты мақсаты инновацияларды және
инновациялық прогресті жан–жақты зерттеу, олардың жіктелуін көрсету,
Қазақстан кәсіпорындарының инновациялық қызметіне талдау жасау. Бұл курстық
жұмыста көптеген әдебиеттер қолданылған. Ол дегеніміз – газеттер, журналдар
және кітаптар.
Қазақстан - 2030 стратегиясының ең тұтқалы басымдылықтарының бірі
экономиканың теңгерімді дамуының, жалпы ұлттық өнімін құрайтын шикізат-ты
жоғары технологиялы, оның ішінде экспорттық өнімге кезең-кезеңмен алмастыру
және елдің ғылыми–техникалық әлеуетін тиімді пайдалану негізінде
экономикалық өсу болып табылады.
Қазақстанда бұл үшін барлық алғы шарттар бар. Бұл – бай табиғи ресурс-
тар, бос өндірістік қуаттардың болуы, жеткілікті білікті ғылыми-техника-лық
қызметкерлер және жоғары жалпы білімділік деңгейімен ұштасқан арзан жұмыс
күші, бірқатар технологиялық тұрпаттар бойынша дайындықтардың болуы.
Сонымен бірге, бірқатар бөгеуші факторлар да бар. Атап айтқанда, соңғы
жылдары Қазақстанның технологиялық тез мешеуленуінің деңдеген кезі болды.
Қазіргі өндірістің тұқыртылуы, өндіргіш күштердің индустриясыздануы,
өндірістің абсолюттік көрсеткіштерінің күрт қызқаруы және жанбасылық,
тұтыну мен қорланудың төмендеуі тегеурінді экономика-лық даму үшін
республиканың аттаныс жағдайын едәуір күрделендіреді.
Экономикалық қарым – қатынастардың жалпы жүйесінде инновациялық
қызметке негізгі орын беріледі, өйткені елдің экономикалық қуаты оның
ақырғы нәтижелерімен - өндіріс тиімділігін көтерумен ғылымды қажетсіне-тін
өнім көлемін өсірумен айқындалады.

1. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ НАРЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ОРНЫ.

1.1. Кәсіпорындағы инновациялық қызмет, оның мәні, маңызы және жіктелуі.

Кәсіпорынның инновациялық қызметі - бұл жаңа немесе өнімнің
жақсатуы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану
мақсатындағы ғылыми – техникалық және зияткерлік әлеуметтік шаралар жүйесі.
Бұл жеке сұранысты, сонымен бірге жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның
мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.
Инновацияның екі тұрпаты ажыратылады:
• өнімділік;
• үдерістік;
Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның түбегейлі өнімділігі ретінде
анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияға негізделінеді, не
тіршілікте қолданылып жүрген технологияның жаңа түрінде пайдалануын
ұштастырады.
Процестік инновация - бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс тәсілін және
технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті ұйымдастыруды
өзгерту.
Жаңалық дәрежедегі инновация негізінде жаңа, яғни өткен, отандық және
шетелдік практикада ұқсастығы жоқ және жаңа нәрсенің салыстырмалы жаңалығы
болып ұсақталынады. Негізінде өнімнің жаңа түрлері, технологиясы және
қызмет көрсетуі басымдық, абсолюттік жаңалықтарға ие болады және үлгінің
түп нұсқасы болып табылады.
Инновацияның өмірлік кезеңі өзара байланысты процестердің және
жаңалықтарды енгізу сатысының жиынтығын көрсетеді. Инновацияның өмірлік
кезеңі уақыт аралығы ретінде идеяның дүниеге келуінен өндірістік өткізуден
алып тастағанға дейінге инновациялық өнімнің негізінде анықталады.
Кәсіпорынның инновациялық қызметін әзірлеуде, енгізуде, жаңалықтарды
пайдалануда қосылатындары:
• жаңалық идеяны әзірлеу, зертханалық ғылыми жұмыстар, өнімнің жаңа
зертханалық үлгілерін, техниканың жаңа түрлерін, жаңа конструкцияны
және бұйымдарды дайындауда ғылыми – зерттеу және конструкциялық
жұмыстарды жүргізу;
• өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін шикізаттар мен материалдың қажетті
түрлерін таңдап алу;
• жаңа өнімді дайындауда технологиялық процесті әзірлеу;
• қажетті өнімдерді дайындау үшін жобалау, жасау, сынақтан өткізу және
жаңа техникалық үлгілерін енгізу;
• жаңалықтарды іс жүзіне асыруға бағытталған ұйымдастырушылық -
басқарушылық шешімдерді әзірлеу және енгізу;
• қажетті ақпараттық ресустарды және инновацияны ақпаратпен қамтамасыз
етуді зерттеу және әзірлеу;
• қажетті ғылыми – зерттеу және конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін
дайындау, оқыту, жаңа мамандық беру және қызметкерлерді арнайы әдіспен
іріктеу;
• инновацияны жетілдіруді ұйымдастыру және маркетингтік зерттеулерді
жүргізу.
Жаңалықтардың енуін, талдануын, құрылуын қамтамасыз ететін
басқарушылық, технологиялық және экономикалық әдістердің бірігуі
кәсіпорынның инновациялық қызметін құрайды. Оның мақсаты – басқа
фирмалармен бәсекелестігін жоғарлату және өндіру мен сату рентабельділігін
жоғарлату.
Кәсіпорын инновациялық қызметте үлкен нәтижелілікке жету үшін белгілі
бір объектіге негізделінуі керек және де ішкі және сыртқы орта факторларын
ескеруі қажет. Ол үшін инновациялардың толық классификациясын, олардың
қасиеттерін және де қаражаттану көздерін білу керек. Кәсіпорын қызметінің
объекті ретіндегі инновациялардың классификациясы 1- кестеде толығымен
көрсетілген. Жаңалықтардың мінездемесінің бірден – бір көрсеткіштері болып
олардың абсолютті және қатысты жаңалығы, басымдылығы мен прогрессивтілігі,
унификация мен стандартизация деңгейі, бәсекелестігі, шаруашылықтың жаңа
талаптарына сай болуы, модернизацияға бейімділігі, экономикалық
эффективтілігінің көрсеткіштері, экологиялық қауіпсіздік және бағы басқа
сайып келгенде, бұл көрсеткіштердің барлығын жаңалықтардың технико –
ұйымдастырушылық деңгейінің және бәсекелестігінің көрсеткіштері деп атауға
болады. Олардың маңыздылығы осы факторлардың кәсіпорын қызметінің соңғы
нәтижелеріне әсер ету дәрижесіне байланысты болып келеді.
Инновациялық қызметтің мотивтері болып сыртқы және ішкі факторлар
саналады. Сыртқы мотивтері:
• шаруашылықтың жаңа талаптарына кәсіпорынның бейімделуі;
• салық, несие – ақша және қаржы саясатындағы өзгерістер;
• сату нарығын жетілдіру мен динамикалау;
• бәсекелестерді активизациялау;
• конъютуралық тербелістер;
• құрылымдық салалық өзгерістер;
• жаңа арзан ресурстардың пайда болуы, өндіріс факторлар нарығының
кеңеюі демек, сұраныстың қысымы, және тағы басқа.
Инновациялық қызметтің ішкі мотифтеріне келесілер жатады:
• сатудың көлемін ұлғайтуға ұмтылу;
• нарық бөлігінің кеңеюі, жаңа нарықтарға көшу;
• фирма бәсекелестігін жақсарту;
• кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігі және қаржылық тұрақтылығы;
• ұзақ уақыт кезеңінде пайданы өсіру.

Мазмұны бойынша Өңдеу мен тарату деңгейі бойынша
Тауарлар Мемлекеттік
Қызметтер Республикалық
Техникалық Регионалды
Ұйымдастырушылық Салалық
Экономикалық Корпоративтік
Экологиялық Фирмалық
Ақпараттық
Жаңалық дәрежесі бойынша Өңдеу мен тарату сфераларына
Абсолютті байланысты
Салыстырмалы Өндірістік
Шартты Қаржылық
Жеке Қызмет көрсету
Сату делдалдық
Білімдік – педогогикалық
Құқықтық
Инновациялық потенциалы бойынша Қаражаттандыру көздеріне байланысты
Радикалды Өз қаржылары
Шоғырланған Тікелей бюджеттік
Модивикациялық Қаржыландыру
Тартылған қаражат
Заемдық қаражаттар
Инновациялық потенциалы
ерекшеліктеріне байланысты
Ұйым ішіндегі
Ұйым аралық

Инновациялық процестің этаптарының
ұзақтылығына байланысты

1 – кесте. Инновациялар мен инновациялық процестердің классификациялық
белгілері.

1.2 Ғылыми – техникалық прогрестің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі.

Нарықтық экономика жағдайында инновациялық қызметтің тиімділігін талдау
қиындайды және көп сатылылығын білдіреді. Талдаудың бірінші кезегінде –
жаңа техниканы және технологияны қолдану қажеттілігін дәстүрлі
қорытындылайтын техникалық деңгейдегі жеке көрсеткіштер және жаңа техника
мен технологияның тиімділігі.
Техникалық ұйымдастырушылық деңгейінің экономикалық тиімділігін арттыру
көрсеткіштері және өз деңгейінің көрсеткіштері, яғни техниканың,
технологияның, ұйымдастырудың, басшылықтың ғылыми - зерттеу және
конструкторлық жұмыстар жөніндегі көрсеткіштерді әдіснамалық тұлға айыру
қажет. Ең ақырында өндірістің техникалық – ұйымдастыру деңгейі өндірістік
процестің негізгі элементтерін пайдалану деңгейіде байқалады: еңбек, еңбек
құралдары, еңбек заттары. Міне, сондықтан да, мұндай экономикалық
көрсеткіштер, еңбек өнімділгі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну, айналым
қаражатының айналымдылығы ретінде өндірістің қарқынды ресустарын
пайдалануды қамтитын жаңа техника мен технологияның экономикалық деңгейін
арттыру көрсеткіші болып табылады. Жоғарыда аталған көрсеткіштер (еңбек
өнімділігі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну және айналым қаражатының
айналымдылығы) қарқындатудың жеке көрсеткіштері деп аталады. Бұларды талдау
техникалық ұйымдастырушылық деңгейінің нысаны бойынша жүргізу қажет. Жеке
көрсеткіштер мен қатар қорытындылайтын көрсеткіштер де пайдалынылады.
Өндірістің технологиялық деңгейінің ең үлкен дәрежесі технологиялық
әдістік заттарға технологиялық қарқыдылық және технологиялық басқарылатын
процестерге, оның бейімделу – ұйымдық деңгейіне әсер етуіне байланысты
болады. Жобалауда, әзірлеуде және жаңа техника мен технологияны өндіріске
енгізуде бұл шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау төрт кезеңнен
тұрады:
Бірінші кезең – бұл инновациялық шараларды іске асыру үшін қажетті
шығындарды анықтау;
Екінші кезең – бұл қаржыландыру мүмкіншілік көздерін анықтау;
Үшінші кезең – Бұл жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізудегі
экономикалық тиімділікті бағалау;
Төртінші кезең – бұл экономикалық көрсеткіштерді салыстыру арқылы
салыстырмалы жаңалықтардың тиімділігін бағалау.
Жалпы түрінде ғылыми – техникалық прогресті жеделдету тиімділіктің
бірнеше түрін жасайды: экономикалық, ресурстық, техникалық және әлеуметтік.

Экономикалық нәтижелілік – бұл еңбек өнімділігінің артуы, еңбек және
материалдық сыйымдылықтарды төмендету, өнімнің өзіндік құнын кеміту,
пайданы өсіру және пайдалылықты одан әрі арттыру.
Ресурстық нәтижелілік – бұл кәсіпорында ресурстарды босатып алу:
материалдық, еңбек және қаржы.
Техникалық нәтижелілік – бұл жаңа техника мен технологияны ашу,
өнертабыс және оңтайландыру ұсынысы, ноу-хау және басқа да жаңа
енгізілімнің пайда болуы.
Әлеуметтік нәтижелілік – бұл халықты материалдық және мәдени –
тұрмыстық деңгейінің артуы, олардың тауарлар және қызмет көрсетуде
мұқтаждарын қанғаттандыру, жағдай және техниканың еңбек қауіпсіздігін
жақсарту, ауыр қол еңбегінің үлесін төмендету және тағы басқа.
Бұл нәтижелерге қол жеткізуге болады, егер де үкімет тарапынан ғылыми –
техникалық прогресті жеделдетуге толық жағдай жасалса.
Қандай да кәсіпорын болмасын жаңа техника мен технология енгізгенде
белгілі бір шығындарға ұшырайды. Жаңа техниканы енгізуге кеткен шығындар
дегенімізде капиталдық енгізілімдердің, айнымалы қорлардың және адам
еңбегінің қосындысын айтамыз. Экономикалық эффект келесі формула арқылы
табылады:
Э=Р- З
Мұндағы, Э - айырысу кезеңіде жаңа техниканы енгізуден болған
экономикалық эффект тг;
Р - айырысу кезеңіндегі жаңалықтардың құндық бағасының нәтижесі
тг;
З - айырысу кезеңінде жаңа техника мен технологияны енгізуге және
тағы басқа сол сияқты жұмыстарға кеткен шығындарға құндық баға беру тг.
Жаңалықтарды енгізудегі бүкіл кезеңі бойынша әр уақытағы шығындарды
келесідей формула арқылы есептейміз:
Р=Рa
Мұндағы, Р - t жылындағы құндық баға; a – шығындар көрсетілімінің
коэффициенті.
Келесі жылдардың шығындары мен капиталдық енгізілімдердің вариант
бойынша уақыт факторын ескере отырып есептеу керек. Ол шығындар
көрсетілімінің коэффициенті:
a=(1+Е)
Мұндағы, t – шығындар көрсетілімдердің коэффициенті; Е - әр көлемдегі
шығындардың қабылданған нормативі; Т – шығындар жылы мен нәтижелі жылын бір-
бірінен айырылатын уақыт аралығы.
Сонымен, қорыта келе инновация :
1. Техникалар мен технологиялардың ауысымын қамтамасыз етуге байланысты
экономикаға қаржы жұмсау;
2. Ғылыми – техникалық прогрестің жетістігі нәтижесіндегі жаңа техника
және технология екенін білдік. Инновацияны анықтайтын фактор – ол
өнертапқыштық, оңтайландыру, ірі жаңалықтарды жарыққа шығару болып
табылады.
Инновациялар ғылымды қажет ететін технология негізінде инвестиция арқылы
жаңа құрылыстар салуды және жұмыс істеп тұрған өндірісті қайта құруды
қамтамасыз етеді.
Инновацияны қаржылық базасы кәсіпкердің жеке меншігіндегі қаржысынан
және қарыз қаражатынан құралады. Инновациялық менеджмент банк несиесі,
бағалы қағаздар, ақша нарығына сүйеніп іс жасайды, инвестицияны қатыстыра
отырып, өндірістік жаңа енгізілімін жүзеге асырады.
Инновацияға қатысушылардың арасындағы қатыныстардың тиімділігін
белгілеу: өндірістік субъектісімен, инвесторлармен (тапсырыс беруші), жұмыс
атқарушылармен, жеткізушілермен, олардың жобалу жөніндегі қызметін
уйлестіру, инновациялық жобалауды басқаруда назар аударатын мәселе – оның
нәтижелілігін бағалау.
Инновациялардың өмірлік циклі дегеніміз жаңалықтарды құрудың стадиялары
мен процестері. Инновациялардың өмірлік циклі дегенді ойдың туумен сол
негізінде пайда болған инновациялық өнім уақыт аралығын айтамыз.

2. ҒЫЛЫМИ – ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСС ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖАҒДАЙЫ.
2.1 Ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП): эволюциялық және революциялық
нысандары. Технологиялық өндіріс әдісі.
Адамзат баласы өз басынан әр түрлі қоғамдық өндіріс әдістерін
өткізгені тарихтан белгілі. Олардың даму дәрежесін сипаттайтын ортақ
көрсеткіш бар. Ол – еңбек құралдары. Экономикалық дәуірдің айырмашылығы не
нәрсе өндірілетіндігінде емес, оны қалай және қандай еңбек құралдарымен
өндірілетіндігінде. Шындығында еңбек құралы қоғамның өсу дәрежесін
анықтайды. Ұзақ мерзімді қамтыған қоғам дамуының тарихы, еңбек құралдарының
даму тарихы десе де болады. Қазіргі ғылыми – технкиалық прогресс сонау ерте
заманнан басталған еңбек құралдары дамуының түпкі нәтижесі және шарықтау
шегі.
Бір кезде ең қарапайым еңбек құралдарына негізделген қоғамдық құрылыс
үстіміздегі ғасырдың екінші жартысында технологиялық өндіріс ретінде ең
жоғары дәрежесіне жетті. Осы технологиялық өндіріс әдісі дегеніміз не?
Қоғамдық өндірісті дамытуға тек қана еңбек құралының болуы жеткіліксіз.
Оған қоса қажетті материалдар, тиісті технологиялық өндіріс әдісі деп
аталады. Демек, технологиялық өндіріс әдісі дегеніміз қоғамдық өндірісті
дамытуға қажетті еңбек құралы, материалдар, технологиялар, қуаттар,
акпараттар және өндірісті ұйымдастырудың жиынтығы. Бұл арифметикалық сандық
қосынды емес, сапалық категориялар. Технологиялық өндіріс әдісінің даму
сатылары бар. Ол қоғам дамуының тарихымен уласып жатады. Сондықтан
жекелеген қоғамдық экономикалық формациялардың даму тарихы технологиялық
өндіріс әдістерінің дамуына тікелей әсер етті және даму сатыларын белгілер
берді. Демек қазіргі технологиялық өндіріс әдісі бірден пайда болған жоқ,
әлі тарихи ұзақ мерзімді қамтитын күрделі процесс.
Алғашқы қауым тұсында адамдар ең қарапайым еңбек құралдарын
пайдаланды. Сондықтан олар табиғатқа бағынышты еді. Бертін келе от жағу
пайда болды. Осы бір қарапайым құбылыс адам қоғамының дамуындағы тұңғыш
революциялық қадам еді. Ол металлургия өндірісінің өмірлік өзегіне айналды.
Тас, қола, темір “ғасырлары” атағына ие болған әр түрлі технологиялық
өндіріс әдістері өмірге келді. Осы технологиялық әдістердің бәрі де бір
ғана энергетикалық (адам энергетикасы) күшке негізделіп дамыды.
Құл иеленуші, әсіресе феодалдық қоғамда технологиялық өндіріс әдістері
елеулі табыстарға жетті. Олардың қозғаушы күштері сол кездегі мақсаттарға
байланысты материалдық өндірісті дамыту қажеттігі. Жаңа технология, техника
пайда болды да өндірісті және еңбекті ұйымдастыруға өзгерітсер енгізілді.
Мұның бәрі туып келе жатқан жаңа қоғам – капиталистік қоғамның талаптарына
сай келмеді. Капитализмге мүлдем басқаша технологиялық өндіріс әдістері
қажет болды. Ол тек қана еңбек құралының дамуының жаңа сапалық
белгілерімен, ірі машиналы өндіріске жетудің жолдарымен белгіленеді. Ал ірі
машиналы өндіріс бірден пайда болған жоқ, оның тарихи даму және қалыптасу
белестері бар. Ірі машиналы өндірістің құрылуы бірнеше кезеңнен тұрады.
Олар: жай кооперация, мануфактура, фабрика (машиналы өндірісі).
Жай кооперация дегеніміз белгілі бір өндіріс процесінде немесе
түрліше, бірақ бір – бірімен өзара байланысты өндіріс процестерінде көп
адам жоспарлы түрде, бірақ бір – бірімен қатар, өзара әрекетте жұмыс
істейтін еңбек нысаны.
Екінші кезең – мануфактура (XVI ғасырдың орта шенінен XVII ғасырдың 70
– жылдарына дейін орын алды). Мануфактура машина әлі пайда болмаған, еңбек
бөлінісіне негізделген кооперация. Осы кезде еңбек бөлінісі, қолмен
істейтін еңбек құралы шарықтау шегіне жетті, жиынтық жұмысшылар пайда болды
және капитал қоғамына қажетті алғы шарттар қаланды. Өмірге үшінші кезең –
фабрика (XVIII ғасырдың соңы) келді. Ол ірі машиналы өндіріске
негізделген. Фабрика дамуы ұзақ мерзімді қамтып, үнемі сапалық өзгерістерде
болатын тарихи кезеңдерді басынан өткізді. Қазіргі әр алуан, көп нұсқалы
негізге сүйенген жаа технологиялық өндіріс әдісі – фабрика дамуының түпкі
жиынтық нәтижесі. Ғылыми – техникалық прогресте осы фабрика дамуының
сапалық қорытындысы.

3 ҒТП мәні, даму бағыттары.

Өндіргіш күштердің тарихи өркендеуінің нәтижесі қазіргі ғылыми
техникалық прогресс (ҒТП). Сондықтан, қазіргі заман ғылыми – техникалық
немесе технологиялық революция заманы. Олай болса осы құбылыстың басты
көріністері (сипаты) және мәні қандай?
XX ғасырдың елуінші жылдарынан басталған ғылыми – техникалық
революцияның өзіне тән қазіргі көріністері және ерекшеліктері бар. Олар
мыналар:
- ғылыми – техникалық прогресс кең ауқымды, әмбебап сипатқа ие болды. Ол
қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтиды, тұрмыс жағдайына да, ұдайы өндіріс
фазаларына да ықпал етті. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру және басқару
жүйесін мүлдем өзгертті, сапалық жаңалықтар енгізілді;
- ғылым мен өндірістің интеграциялық қатынасы жоғары дәрежеге жетті.
Экономикалық өсу- өрлеудің факторлары мен қайнар көздерін, шаруашылық
құрылымын және т.б. жағдайларды күрт өзгертті.
- жаңа принципті техника мен технология жасалынып өндіріске енгізілуде.
Сапалық жаңа өндіріс аппараты қалыптасып келеді. Бірлескен жұсыс күші даму
үстінде;
- қазіргі ғылыми – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы жалпы ішкі өнім
Уркер косметикс кәсіпорынының инновациялық қызметін талдау
Кәсіпорында инновациялық қызметті дамыту жолдары
«Уркер косметикс» пкф-ның инновациялық қызметін талдау
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖЕКЕ САЛАЛАРЫНДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚ ЕНГІЗУДІҢ ҚЫЗМЕТІ
Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы
Шағын және орта бизнестің проблемалары және дамытуға қолданылатын нақты шаралар
Кәсіпкерліктің дамуы, формалары және бағыттары
Үркер косметикс парфюмерия кәсіпорынының инновациялық қызметін талдау
Қазақстан Республикасында шағын жəне орта бизнестің дамуы
Пәндер