III – X ғасырлардағы Қытай



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1. III . X ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚЫТАЙ.
1.1 III ғасырдағы Қытай қоғамының әлеуметтік . экономикалық құрылысы. 5
1.2 Қытайдың көшпелі көршілері. 6
1.3 Феодалдық қатынастардың орнай бастауы. 7
1.4 Мәдениеті. 12

2. X.XV ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚЫТАЙ.
2.1 X . XV ғасырлардағы Солтүстік Қытайдыі ішкі . сыртқы жағдайы. 14
2.2 Cун әулетінің билігі кезіндегі аграрлық қатынастың, қал мен қолөнерінің дамуы. 15
2.3 Вань Ань . ши реформалары. 17
2.4 Қытайда монғолдар билігінің орнауы. 17
2.5 Монғолдардың Қытайдан Құтылуы. 19
2.6 Мин мемлекетінің құрылуы. Оның ішкі және сыртқы саясаты. 20
2.7 X . XV ғасырлардағы Қытай мәдениеті. 22

3. КЕЙІНГІ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚЫТАЙ.
3.1 XVI . XVII ғ. бірінші жартысындағы Қытайдың ауыл шаруашылығы. 24
3.2 Капиталистік қанынастардың қалыптаса бастауы. 25
3.3 Еуропалықтардың Қытайға енуі. 26
3.4 Маньчжурлар билігінің орнауы. 27
3.5 1625 . 1646 жылдардағы шаруалар соғысы. 28
3.6 XVI . XVII ғасырлардағы Қытай мәдениеті. 31

ҚОРЫТЫНДЫ 33

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 40
КІРІСПЕ
Қытайдағы ортағасырлық кезеңнің басы 220 жылы Хань империясының ішкі тұрақсыздықтың, ең алдымен “сары белбеулердің” көтерілісінің нәтижесінде құлауымен сипатталды. “Күшті үйлер” деп аталған бірнеше ақсүйек тектерінің арасындағы күрес өрши түсті. Бұл күрестің нәтижесінде Цинь жаңа династиясының (265 – 420 ж.ж.) негізінен қалаған Сыма тегі алға шықты, бұл кезде Қытай қайта бірікті. 280 жылы император Сыма Янь жаңа жарлық қабылдады, оның негізінде әрбір жер иеленуші (16 мен 60 жас аралығындағы) 120 му (6,6 га) жер алатын, оның 215 – і мемлекеткен кетсе, 3/5 бөлігі жер иеленушіге қалатын. Салық төлеуші халық жылына 20 күн мемлекет үшін тегін жұмыс істейтін.
III – ғасырдың соңында Қытайға ғұндар, кейін юн, цян, жужан, тобог және тибет тайпалары басып кірді. IV –VI ғасырларда Солтүстік Қытай нағыз соғыс алаңы болды. Жаулап алушылардың арасынан Солтүстік Вэйдің тоби династиясы бөлініп шықты, олар V ғасырдың соңында өз патшалығын орнатты. 477 – 485 ж.ж. императордың жарлығының нәтижесінде үлестіру жүйесі қайтадан енгізілді. Ол ауыл шаруашылығының көтерілуіне және Оңтүстік Қытайдағы халықтың қайтып келуіне біршама әсер етті. VI ғасырдың екінші жартысында Солтүстік және Оңтүстік Қытайдың бірігуіне қажеттік туындады. Себебі, VI ғасырдың ортасында (551 ж.) Қытайдың солтүстік шекараларына қауіп төндірген асакүшті көшпенді мемлекет Түрік қағанаты құрылды. Бірігу әскери жолмен жүзеге асты. Қолбасшы Янь Цзюнь император және Суй (581 – 618 ж.ж.) династиясының негізін қалаушы ретінде жарияланды. Бұл династиясының тұсында мемлекеттік биліктің орталықтандырылуы күшейе түсті. Императордың билігі шексіз болды, ол үлкен бюрократтық аппаратты басқарды. Императордың жанында жоғарғы шенеуніктерден құралған үш палата жұмыс істеді. Одан кейін алты ведомство (шендер, қаржылық, рәсімдік, әскери, сот және жазалау, қоғамдық жұмыс ведомстволары) болды. Алайда, шаруа көтерілістері мен Когуремен (сол кезде Корея түбегіндегі мемлекеттердің бірі) ұтымсыз соғыс Суй династиясының құлауына және Тан династиясының (618 – 970 ж.ж.) негізін қалаушы император Ли Юаньның билікке келуіне алып келді. 624 жылы шаруалар үшін жеңілдіктер орнықтырған декрет қабылданды, оған сәйкес шаруаларға бау – бақша жерін өмір бойғы иелену құқығы берілді.
Тан мемлекетіндегі жоғарғы және шексіз билік императорға тиесілі болды. Оның көмекшілері болып екі цзайсин табылды. Мемлекетті басқару үш палата арқылы жүзеге асырылатын: атқарушы, заң шығарушы (империя жарлықтарын даярлау), салтанаттарды ұйымдастыру; одан әрі суй ведостволарына ұқсас алты ведомство тұрды. Шенеуніктер тоғыз рангіге бөлінді және олардың жалақылары да тоғыз деңгейде болды. Шаруалар “жақсы халық” және “жаман халық” болып бөлінді. Бірінші топты еркін шаруалар, екінші топты құлдар, малайлар, бөтен жерді жалға алушылар құрады.
907 – 960 жылдары өтпелі кезең орнады, бұл кез “бес династия және он патшалық” кезеңі деп аталды. 960 жылы әскер император ретінде генерал Чжао Куаниняны жариялады, ол Сун династиясының (960 – 1271 ж.ж.) негізін қалады. Бұл династияның басқаруы кезінде мемлекеттік құрылым өзгермеді. Қытайдың солтүстік – батыс шекарларында тангуттар мемлекеті – Батыс Ся мемлекеті (982 – 1227 ж.ж.) құрылды, бұл мемлекет Қытайдың шекараларына үнемі шабуыл жасап отырды.
1234 жылы Солтүстік Қытайды монғолдар жаулап алды, ал жарты ғасырдан соң Оңтүстік Қытай да бағындырылды. Монғол ханы Құбылай жаңа Юань династиясының (1271 – 1368 ж.ж.) негізін қалады. Өз астанасы ретінде ол Пекинді таңдады. Ол қытайдың әкімшілік жүйесін өздеріне негізгі алғанымен, монғолдар қытайларды биліктен аластатты. Осы және басқа да шаралар шаруалардың көтерілісіне алып келді. 1368 жылы шаруа қолын бастаушы Чжу Юаньчжанның әскері Пекинге басып кірді. Ол император болып, Мин династиясының негізін қалады. 1644 жылы Қытайды маньчжурлар жаулап алды, Мин династиясы құлады. Маньчжурлардың басшысы Абахай Цинь династиясының (1644 – 1911 ж.ж.) негізін қалады, ал оның ұлы жаңа династияның алғашқы “богдыханы” болды (император титулы).
Қытайдың құқығы өзгешеліктерге толы болды. Мұнда Конфуцийдің ілімдері негізге алынды, ол бойынша балаларының ата – анасына, әйелінің күйеуіне, жауынгердің басшысына, шаруаның князьға, халықтың императорға қатаң түрде бағынуы уағыздалатын. VII ғ. Император Ли Ши – Минның бұйрығымен қылмыстық құқық жинағын – “Қылмыстық құқықтағы қылмыстардың тізімін” жасау басталды. Қылмыстардың тізімі ауқымды болды және олардың басым көпшілігі өлім жазасымен жазаланатын, себебі, конфуций ілімі бойынша қылмыскерге қатысты дене жазаларын қолдануға тыйым салынатын болған. Әкесін өлтірген бала, басшысын өлтірген жауынгер, сюзеренін өлтірген вассал қандай да болсын жағдайға қарамастан өлім жазасына тартылатын.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. История стран Азии и Африки в средник века. Т. 1. – М.:МГУ, 1987. – 12 – 38; 173 – 187 бб.
2. История Востока. Т.2. Восток в средние века. – М: “Восточная литература” РАН, 1995. – 67 – 83, 157 – 173 бб.
3. История Китая с древнейших времен до наших дней. – М.: Наука, 1974.
4. История Китая. Учебник. – М., 1998. – 199 – 242 бб.
5. История Востока. Т.2. Восток в средние века. – М: “Восточная литература” РАН, 1995. – 67 – 83, 157 – 173 бб.
6. История Востока. Т.2. Восток в средние века. – М: “Восточная литература” РАН, 1995. – 384 – 398, 528 – 545 бб.
7. История стран Азии и Африки в средние века. М., 1968.
8. Васильев Л.С. История Востока. В 2 т. Т.1. – М.: Высшая школа, 1998. – 376 – 394 бб.
9. C.Ә. Тортаев Орта ғасырлардағы Азия және Африка тарихы. Алматы 2009 ж.
10. Булгакова Д.А., Истаев А.Ж. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы. Оқу - әдістемелік құрал. Алматы 2004 ж.
11. Васильев Л.С. История Востока. В 2 т. Т.1. – М.: Высшая школа, 1998. – 381 – 395 бб.
12. История Востока Т.III. Восток на рубеже средневековья и нового времени. XVI-XVIII вв. – M.:Восточная литература РАН, 1999. – 268 – 301 бб.
13. Крюков М.В ., Малявин В.В., ВСофронов М.В. Этническая история китайцев на рубеже среднеековья и нового времени.- М., 1987.
14. Кычанов Е.И. Кочевые государства от гуннов до маньчжуров. – М., 1997.
15. Малявин В.В. Китай в XVI-XVII вв. Традиция и культура. М., 1995.
16. Востоковедение. М., 1998, № 3. Очерки истории Китая. Под ред. Шан Юэ. М., 1959.
17. Бокщанин А.А. Китай и страны Южных морей в XIV-XVI вв. М., 1968.
18. Васильев Л.С. Курс лекций по средневековому Востоку (Ближний, Средний, Дальний Восток и Юго-Восточная Азия). М., 1987.
19. История Китая. Под ред. А.В.Меликсетова. М., 1998.
20. Восточная Азия и соседние территории в средние века. Новосибирск, 1986. (История и культура востока Азии).

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1. III – X ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚЫТАЙ.
1.1 III ғасырдағы Қытай қоғамының әлеуметтік – экономикалық құрылысы. 5
1.2 Қытайдың көшпелі көршілері. 6
1.3 Феодалдық қатынастардың орнай бастауы. 7
1.4 Мәдениеті. 12
2. X-XV ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚЫТАЙ.
2.1 X – XV ғасырлардағы Солтүстік Қытайдыі ішкі – сыртқы жағдайы. 14
2.2 Cун әулетінің билігі кезіндегі аграрлық қатынастың, қал мен 15
қолөнерінің дамуы.
2.3 Вань Ань – ши реформалары. 17
2.4 Қытайда монғолдар билігінің орнауы. 17
2.5 Монғолдардың Қытайдан Құтылуы. 19
2.6 Мин мемлекетінің құрылуы. Оның ішкі және сыртқы саясаты. 20
2.7 X – XV ғасырлардағы Қытай мәдениеті. 22
3. КЕЙІНГІ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚЫТАЙ.
3.1 XVI – XVII ғ. бірінші жартысындағы Қытайдың ауыл шаруашылығы. 24
3.2 Капиталистік қанынастардың қалыптаса бастауы. 25
3.3 Еуропалықтардың Қытайға енуі. 26
3.4 Маньчжурлар билігінің орнауы. 27
3.5 1625 – 1646 жылдардағы шаруалар соғысы. 28
3.6 XVI – XVII ғасырлардағы Қытай мәдениеті. 31

ҚОРЫТЫНДЫ 33

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 40

КІРІСПЕ
Қытайдағы ортағасырлық кезеңнің басы 220 жылы Хань империясының ішкі
тұрақсыздықтың, ең алдымен “сары белбеулердің” көтерілісінің нәтижесінде
құлауымен сипатталды. “Күшті үйлер” деп аталған бірнеше ақсүйек тектерінің
арасындағы күрес өрши түсті. Бұл күрестің нәтижесінде Цинь жаңа
династиясының (265 – 420 ж.ж.) негізінен қалаған Сыма тегі алға шықты, бұл
кезде Қытай қайта бірікті. 280 жылы император Сыма Янь жаңа жарлық
қабылдады, оның негізінде әрбір жер иеленуші (16 мен 60 жас аралығындағы)
120 му (6,6 га) жер алатын, оның 215 – і мемлекеткен кетсе, 35 бөлігі жер
иеленушіге қалатын. Салық төлеуші халық жылына 20 күн мемлекет үшін тегін
жұмыс істейтін.
III – ғасырдың соңында Қытайға ғұндар, кейін юн, цян, жужан, тобог
және тибет тайпалары басып кірді. IV –VI ғасырларда Солтүстік Қытай нағыз
соғыс алаңы болды. Жаулап алушылардың арасынан Солтүстік Вэйдің тоби
династиясы бөлініп шықты, олар V ғасырдың соңында өз патшалығын орнатты.
477 – 485 ж.ж. императордың жарлығының нәтижесінде үлестіру жүйесі қайтадан
енгізілді. Ол ауыл шаруашылығының көтерілуіне және Оңтүстік Қытайдағы
халықтың қайтып келуіне біршама әсер етті. VI ғасырдың екінші жартысында
Солтүстік және Оңтүстік Қытайдың бірігуіне қажеттік туындады. Себебі, VI
ғасырдың ортасында (551 ж.) Қытайдың солтүстік шекараларына қауіп төндірген
асакүшті көшпенді мемлекет Түрік қағанаты құрылды. Бірігу әскери жолмен
жүзеге асты. Қолбасшы Янь Цзюнь император және Суй (581 – 618 ж.ж.)
династиясының негізін қалаушы ретінде жарияланды. Бұл династиясының тұсында
мемлекеттік биліктің орталықтандырылуы күшейе түсті. Императордың билігі
шексіз болды, ол үлкен бюрократтық аппаратты басқарды. Императордың жанында
жоғарғы шенеуніктерден құралған үш палата жұмыс істеді. Одан кейін алты
ведомство (шендер, қаржылық, рәсімдік, әскери, сот және жазалау, қоғамдық
жұмыс ведомстволары) болды. Алайда, шаруа көтерілістері мен Когуремен (сол
кезде Корея түбегіндегі мемлекеттердің бірі) ұтымсыз соғыс Суй
династиясының құлауына және Тан династиясының (618 – 970 ж.ж.) негізін
қалаушы император Ли Юаньның билікке келуіне алып келді. 624 жылы шаруалар
үшін жеңілдіктер орнықтырған декрет қабылданды, оған сәйкес шаруаларға бау
– бақша жерін өмір бойғы иелену құқығы берілді.
Тан мемлекетіндегі жоғарғы және шексіз билік императорға тиесілі
болды. Оның көмекшілері болып екі цзайсин табылды. Мемлекетті басқару үш
палата арқылы жүзеге асырылатын: атқарушы, заң шығарушы (империя
жарлықтарын даярлау), салтанаттарды ұйымдастыру; одан әрі суй
ведостволарына ұқсас алты ведомство тұрды. Шенеуніктер тоғыз рангіге
бөлінді және олардың жалақылары да тоғыз деңгейде болды. Шаруалар “жақсы
халық” және “жаман халық” болып бөлінді. Бірінші топты еркін шаруалар,
екінші топты құлдар, малайлар, бөтен жерді жалға алушылар құрады.
907 – 960 жылдары өтпелі кезең орнады, бұл кез “бес династия және он
патшалық” кезеңі деп аталды. 960 жылы әскер император ретінде генерал Чжао
Куаниняны жариялады, ол Сун династиясының (960 – 1271 ж.ж.) негізін қалады.
Бұл династияның басқаруы кезінде мемлекеттік құрылым өзгермеді. Қытайдың
солтүстік – батыс шекарларында тангуттар мемлекеті – Батыс Ся мемлекеті
(982 – 1227 ж.ж.) құрылды, бұл мемлекет Қытайдың шекараларына үнемі шабуыл
жасап отырды.
1234 жылы Солтүстік Қытайды монғолдар жаулап алды, ал жарты ғасырдан
соң Оңтүстік Қытай да бағындырылды. Монғол ханы Құбылай жаңа Юань
династиясының (1271 – 1368 ж.ж.) негізін қалады. Өз астанасы ретінде ол
Пекинді таңдады. Ол қытайдың әкімшілік жүйесін өздеріне негізгі алғанымен,
монғолдар қытайларды биліктен аластатты. Осы және басқа да шаралар
шаруалардың көтерілісіне алып келді. 1368 жылы шаруа қолын бастаушы Чжу
Юаньчжанның әскері Пекинге басып кірді. Ол император болып, Мин
династиясының негізін қалады. 1644 жылы Қытайды маньчжурлар жаулап алды,
Мин династиясы құлады. Маньчжурлардың басшысы Абахай Цинь династиясының
(1644 – 1911 ж.ж.) негізін қалады, ал оның ұлы жаңа династияның алғашқы
“богдыханы” болды (император титулы).
Қытайдың құқығы өзгешеліктерге толы болды. Мұнда Конфуцийдің ілімдері
негізге алынды, ол бойынша балаларының ата – анасына, әйелінің күйеуіне,
жауынгердің басшысына, шаруаның князьға, халықтың императорға қатаң түрде
бағынуы уағыздалатын. VII ғ. Император Ли Ши – Минның бұйрығымен қылмыстық
құқық жинағын – “Қылмыстық құқықтағы қылмыстардың тізімін” жасау басталды.
Қылмыстардың тізімі ауқымды болды және олардың басым көпшілігі өлім
жазасымен жазаланатын, себебі, конфуций ілімі бойынша қылмыскерге қатысты
дене жазаларын қолдануға тыйым салынатын болған. Әкесін өлтірген бала,
басшысын өлтірген жауынгер, сюзеренін өлтірген вассал қандай да болсын
жағдайға қарамастан өлім жазасына тартылатын.

1. III – X ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚЫТАЙ.
1.1 III ғасырдағы Қытай қоғамының әлеуметтік – экономикалық құрылысы.
Жаңа дәуірінің алғашқы кезеңінде Қытай экономикасының негізін жақсы
дамыған ауыл шаруашылығы қалады. Ол елдің көптеген аудандарында жасанды
суару жүйесі арқылы жүргізілді. Тыңайтқыштарды қолдану, жерді өңдеу мен
өсімдіктерді күтуді жетілдіру - өнімді арттырды. Қытайлықтар өте жоғары
сортты темір өндірді, ол темірден жасалған сапалы еңбек құралы тек ауыл
шаруашылығының ғана емес, сондай – ақ қолөнерінің, құрылыс ісінің, кеме
жасаудың, сән бұйымдары мен қару – жарақ жасаудың жетіле түсуіне ықпал
етті.
Ертеде қытай халқы жібек мата тоқуды ойлап тауып, оның құпиясын көпке
дейін сақтады. Қытайда басы бос шаруалар көп болды. Жер мемлекет меншігі
болып табылды. Ол әр отбасының жұмысқа жарамды адамның санына қарай
үлестірілді. Жер иемденуші шаруалар негізінен азық – түлік салығын астық,
мал, қолөнер бұйымдарытөледі. V–VI ғасырларда басыбайлы шаруалары бар
бақуатты отбасылары пайда бола бастады. Олар өздерінің кедейленген туыстары
мен көршілерін кіріптарлыққа салды. Сонымен қатар будда монастырларының жер
иеліктері де болды.
Б.э.д. 206 – б.з. 220 жылдары Қытайда Хань әулеті билік құрды. Бұл
кезде құл иенушілік қоғамның ішінде феодалдық қатынастар туа бастады. Ол
қатынастардың орнауы ұзақ уақытқа созылды. Феодализмге өту процесі біздің
заманымыздың II – ғасырында Хань империясын үлкен дағдарысқа ұшыратты:
экономика құлдырады, үкімет әлсіреді, сыртқы саясатта сәтсіздіктер бірінен
кейін бірі жалғасты. Бұрыннан келе жатқан мемлекеттік тәртіп бұзылды,
әлеуметтік құрылым ыдырады. II ғасырдың аяғына қарай император іс жүзінде
биліктен айырылды. Жергілікті ел тұтқалары мен қолбасшылар елдің жекелеген
аудандарында өз биліктерін нығайтып, бір – бірімен үздіксіз соғысып жатты.
Сол кездегі ойшылдар бұл дағдарысты хаостың, “дүрбелең ғасырдың”,
“жаппай жауығудың, көре алмаушылықтың” бастамасы деп бағалады. Хань
әулетінің құлауымен қытайдың бірлігі бұзылды. Бұрынғы империяның аумағында
бір – біріне қарама – қарсы тұрған үш патшалық: батыста Дуньхуаннан бастап
(солтүстік Қытайдың көп бөлігін) шығыста Ляодунге және оңтүстікте Хуанхэ
мен Янцзы өзендерінің аралығына дейінгі жерді алып жатқан Вэй (220 - 265)
патшалығы; Сычуаньды, Ганьсу мен Шэньсидің оңтүстік аудандарын, Юньиань мен
Гуйчжоудың көп бөлігін, Гуансидің батысын қамтыған Шу (221 - 263)
патшалығы; империяның оңтүстік – шығыс аудандарын біріктірген У (222 - 280)
патшалығы құрылды.
Бұл патшалықтардың негізін қалаушылар бұрынғы империяның үлгісімен
мемлекет құруға тырысты. Бірақ олардың бұл әрекеттері нәтижесіз аяқталды.
Патшалықтардағы билік әскери диктатура түрінде жүзеге асырылды.
Үш патшалық кезіне қарай жергілікті өкімет биліктерінің ішінде де
құрылымдық өзгерістер орын алды. Ұзаққа созылған ішкі соғыстардың барысында
империялық шенеуніктік әкімшіліктің орнына провинциялық бекзаттардан шыққан
әскери және саяси жетекшілер үстемдік жағдайға ие болды. Өз позицияларын
сақтап қалған облыстар мен округтердің басшылары да өз әскерлерін жасақтап
иалып, халықтан жиналатын салықты жиі – жиі өздері сіңіріп кетіп отырды.
Вэйдің (кейінірек басқа патшалықтар) орталық өкіметі бұл жағдайды
шенеуніктерді мемлекеттік қызметке қабылдаудың жаңа жүйесінің көмегімен
өзгертуге тырысты. Ол жүйе “деревнялық категориялар” деп аталды. Арнайы
бөлінген уәкілдер жергілікті жерлердегі үміткерлердің қадір – қасиеттерін
ерекше “категориялар” бойынша бағалауға тиіс болды. Бірақ бұл жүйе тиімді
болмады да, жергілікті бекзаттардың өз қалауларын тағайындау құралына
айналып кетті. Үш патшалықтың ішкі тұрақсыздығы олардың арасындағы өзара
соғыстармен онан әрі шиеленісе түсті.
Ақырында Вэй патшалығы жеңіске жете бастады. 263 ж. ол Шу, ал 280 ж. –
У патшалықтарын бағындырып, өзіне қосып алды. Ел бір патшалыққа бірігіп,
Цзинь империясы деп аталды. Оның негізін Сыма Янь қалады. Оның билігі де
әскерге және жекелеген ақсүйектерге арқа сүйеді. Өз билігінің тірегін
нығайту мақсатымен Сыма Янь 20 – ға жуық обыстарды өз туыстарына үлестіріп
берді. Олар тез байып алып, Сыма Янь өлген соң (290) өзара соғыса бастады.
Ол соғыс “сегіз князь бүлігі” деп аталды. Небәрі 10 жылдан соң елдегі
тұрақтылық пен бірлік қайта бұзылды. Талас – тартыстар мен төңкерістер 306
жылға дейін созылып, елді саяси – экономикалық дағдарысқа ұшыратты. Бұл
қалжырау елді IV ғасырдың басында Қытайдың солтүстік және батыс аудандарына
басып кірген көшпенді және жартылай көшпенділер тайпаларының оңай олжасына
айналдырды.

1.2 Қытайдың көшпелі көршілері.
IV ғасырдың басында Қытайға ғұндар шапқыншылығы күшейді. Ғұндардың 5
тайпасының өкілдері “шаньюй” деп аталған жоғары басшы сайлайтын. Шаньюйлер
Қытай императорларының қыздарына үйленіп, олардың үлкен ұлдары қытай
императорларының сарайында тәрбиеленетін.
Қытайдағы өкімет билігі әлсірей бастаған соң 308 ж. ғұндардың Лю Юань
деген шаньюйі Хань патшасы деп жарияланды. 311 ж. ғұндар Лоянды, 316 ж. –
Чанъаньды алды. Цзинь императоры тұтқынға түсті. Енді ғұн әскер
басшыларының арасында ала ауыздық туып, жікке бөліну басталды. Шаньюй Ли
Юаньның бір ұрпағы Қытайдың солтүстік – батысында Үлкен Чжао мемлекетін
құрды. Ши Лэ деген әскер басшысы Лоянның шығысында Кіші Чжао мемлекетін
құрды. Ғұндардың бұл екі патшалығының арасындағы күрес 324 ж. Кіші Чжаоның
жеңісімен аяқталды.
Ғұндар шапқыншылығы нәтижесінде Қытайдың солтүстігінде Цзинь билігі
жойылды. Ол әулеттің билігі орталық және оңтүстік – шығыс аудандарда ғана
сақталды. Янцзы өзенінің оңтүстігіне қоныс аударуға мәжбүр болған Цзинь
әулетінің өкілдері Шығыс Цзинь (317 - 420) деп аталған мемлекет құрып,
билік жүргізді. Осы кезден бастап елдің саяси тарихы екі жарым ғасыр бойы
солтүстік және оңтүстік болып бөлінуі жағдайында өтті.
IV ғасырдың 60 – жылдары Қытайдың солтүстік – батысынан көшпелі
сяньбиліктер басып кірді. Олардың ішіндегі күштілері муюн мен тоба
тайпалары болды. 367 ж. тобалықтар солтүстік – шығыс Қытайда өз билігін
орнатты. Ол 534 жылға дейін өмір сүріп, “Солтүстік Вэй” мемлекеті деп
аталды.
Солтүстік – батыста Қытайға тибеттіктер шабуыл жасап, Ганьсу, Шэньси,
Нинся провинцияларын басып алды. Олар Цинь деп аталған мемлекет құрды. 383
ж. Фэйшуй өзенінде олардың әскері Оңтүстік Қытай әскерімен соғысып, жеңіліп
қалды. Сөйтіп, солтүстікті қайтарып алу мүмкінлігі жүзеге аспай қалды. 420
ж. Цзинь әулеті құлап, кейінгі 160 жыл ішінде оңтүстікте 4 әулет бірінен
соң бірі билік құрды.

1.3 Феодалдық қатынастардың орнай бастауы.
III ғасырдың 60 – 80 жылдарындағы Қытайды біріктіру үшін жүргізілген
күрес кезінде халық көп қырылып кетті. 100 жыл ішінде қытай халқының саны
50 – 56 миллионнан 16 миллионға дейін азайып қалды. Cолдаттар мен “буцюй”
деп аталған жалдамалы қорғаушыларына байлар шағын жер үлестерін бөліп
берді. Ірі жер иелері өз иеліктерінде “биньке” деп аталған үй – жайы жоқ
кедейлер мен “кэху” деген кірмелердің еңбегін пайдаланды.
280 ж. Сыма Янь жер иелегін, аграрлық жүйені өзгерту жөнінде жарлық
шығарды. Ол жарлық бойынша жер – мемлекет меншігі болып саналды. Бірақ ол
жерлерді пайдаға асырып, салық жинап отыру үшін феодалдарға бөліп беріп
отыратын болды. 16 мен 60 жастың арасындағы еңбекке жарамды еркектер мен
әйелдер “дин” деп аталған негізгі салық төлеушілер болды. Олар көлемі 70
мудан тұратын толық үлес алды. Үлесі үшін салық төледі және жылына 20 күн
қазына пайдасына мемлекет жерінде тегін еңбек етті. Әр еңбекке жарамды
адамға өзінің толық үлесінен басқа “кіші үлес” деп аталған 50 му мемлекет
жері берілетін. Ол жерден түскен өнім қазынаға өткізілетін.
Вэй патшалығының Сыма Лан деген шенеунігі жер реформасының жобасын
ұсынды. Жоба барлық бос жатқан жерлерді императордың (мемлекеттің) меншігі
деп жариялады, ол жерлерді үлестерге бөліп, мемлекетке тәуелді шаруалармен
қоныстандыруды көздеді. Бұл жоба жүзеге аспай қалды, ол үшін қажетті саяси
алғы шарттар – орталықтандырылған күшті өкімет билігі қалыптасқан жоқ еді.
Солтүстік Қытайдағы тобалықтар құрған мемлекетте де феодалдық
қатынастар қалыптаса бастады. 477 – 485 жылдардағы жарлықтармен үлестік
жүйені пайдалану тәртібі бекітілді. Жер мемлекет меншігі деп жарияланды.
Император ол меншіктің ең жоғарғы иесі деп көрсетілді. Қазынаның жері
шаруаларға үлес ретінде бөлініп берілді. Ол үлес егістік, өндірістік (бау –
бақшалық) және үй – жайлық участоктерден тұрды.
Егістік үлес 15 пен 70 жас аралығындағы жұмысқа жарамды шаруаларға
уақытша пайдалануға берілді. Ол үлес белгілі бір мерзімде қайта бөлініп
тұратын болды; сатуға, сатып алуға, жалға беруге тыйым салынды. Үлес иесі
жұмысқа жарамай қалса, қайтыс болса, өкімет ол үлесті басқа біреуге
беретін. Қосымша үлес - әрбір жұмысқа салынатын малдың басына қарай
берілді.
Өндірістік (бау – бақшалық) үлес әкеден балаға мұра ретінде қала
берді. Тек ол үлесті өңдеп отыратын жан басы қалмаса ғана өкімет басқа
біреуге беріп отырды. Бау – бақшалық (өндірістік) үлесті сату, сатып алу
заңға сәйкес жүргізілді; рұқсат – жер аздық, немесе көптік етіп жатса
берілді. Үй – жайлық участок өмір бақилық берілетін.
Солтүстік Вэйдің аграрлық заңы мен практикасында сақталған жерді
пайдалану тәртібі “тең жер жүйесі” деп аталды. Ең үлкен жер үлесінің көлемі
120 мудан аспауға тиіс болды. 485 жылғы низамда (декрет): “жер жеткілікті
болып жатса, басқа жерге көшуге болмайды” – делінді.
Жер салығы үш түрлі болды: егістік жерден егінмен, өндірістік (бау -
бақшалық) жерден – матамен немесе жіппен өтеу және еңбекпен өтеу салықтары.
Сыма Яньнің реформасынан айырмашылық – салықтың басты түрі еңбекпен өтеу
емес, оброк, яғни азық – түлік салығы болды. Мұрагерлікпен өтейтін салық
шаруалардың белсенділігін арттырып, мол өнім алуға ынталандыра түсті.
Қытайды біріктіру үрдісін “Гуаньлун тобы” деп аталған әскери – саяси
топ білдірді. 581 ж. осы топтың көрнекті өкілі, солтүстік Қытайдағы әскер
басшысы Ян Цзянь тақты басып алып, Суй әулетінің (581 - 618) Негізін
қалады. Үш ғасырға жуық бөлінуден кейінгі Қытайдың қайта бірігуі саяси,
экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмірде феодалдық қатынастардың
орнығуындағы маңызды фактор болды.
589 ж. Ян Цзянь Солтүстік және Оңтүстік Қытайды өзіне бағындырды. Ол
Вэн – ди деген атпен император деп жарияланып, 581 – 604 жж. билік құрды.
Оның мұрагері Ян Гуан (605 - 617) билік құрған кезде Қытай корея мен
Вансуан мемлекетіне қарсы басқыншылық соғыстар (611 - 614) жүргізді. Соғыс
ауыртпалығы қарапайым салық төлеуші халыққа түсті. Олар өз наразылықтарын
көтерілістер арқылы білдірді. Көтерілістің негізгі ошақтары Шаньдун, Хэбей,
Хэнань болды.
Суй әулетінің билігі ұзақ болмады. 618 ж. шыққан тегі жағынан жартылай
түрік Ли Юань деген Солтүстік Қытай әкімі империядағы билікті басып алып,
жаңа Тан әулетінің негізін қалады. Бұл әулеттің билігі 907 жылға дейін
созылды. Ли Юаньның баласы Ли Ши – минь (Тайцзун деген атпен белгілі) билік
құрған (626 - 649) кезде, яғни 628 ж. ел біріктірілді.
630 ж. Қытай Шығыс Түрік қағанатын талқандады. Сұлтан Селим тұтқынға
түсті. Қағанаттың біраз жері Тан империясының құрамына қосылды. 634 жылы
жаңа құрылған Тибет мемлекеті Чанъанға елшілік жіберді. Бірақ соның артынша
тогандықтар үшін екі елдің арасында соғыс басталып кетті. Тибет әскері
бірнеше рет Сычуанға басып кірді. Соғыс 647 ж. тоқтады. VII ғасырдың
аяғында тибеттіктер Ұлы жібек жолына шабуыл жасап тұрды. Қытай әскері
жеңіліп қалып отырды. 882 жылғы келісім бойынша Қытай өзінің Тибеттегі
ықпалынан айырылды.
645 ж. үйғыр әскері Шэньсиге шабуыл жасады. Қытай әскері оған тойтарыс
берді.
VII ғасырдың екінші ширегінде орталық билікті өз ықпалында ұстап
отырған “Гуаньлун тобы” оппозициялық әскери – саяси топтардың қарсылығына
тап болды. Ол топтардың ішіндегі күштісі “Шаньдун тобы” еді. Оның мүшелері
жаңадан байып келе жатқан қарапайым халықтың ішінен шыққан қызметкерлер
болатын. Екі топтың теке – тіресі Ли – Ши – минді тектік тізімді қайта
қарауға мәжбүр етті. Жоғары лауазымды қызметке тағайындалу үшін мемлекеттік
емтихан тапсырып, конкурстан өту тәртібі енгізілді.
Енді шыққан тегіне қарай емес, білімі мен қабілетіне, іскерлігіне
қарай қызметке қабылдау ережесі бекітілді. Шенеуніктер 9 категорияға
бөлінді. Әр категория өз дәрежесіне сай жер үлесін иемденді.
Орталықтандырылған өкімет 6 министрліктен тұрды. Жергілікті жерлерді
губернаторлар басқарды. Облыстар округтерге, округтер – ауылдарға бөлінді.
Ауылдың өзі 5 үйден тұратын аулаға (линь) бөлінді. 5 аула бір лиді құрады.
Империяның экономикасының негізін жақсы дамыған ауылшаруашылығы
қалады. Ол елдің көптеген аудандарында жасанды суару жүйесі арқылы дамып
отырды. 605 – 617 жылдар аралығында сонау б.з.д. VI ғасырда салына бастаған
Хуанхэ мен Янцзы өзендерінің аралығындағы Ұлы каналдың (қытайша Юньхэ, яғни
Көліктік өзен. Тунсяннан Ханьчжоуға дейінгі аралықта. Ұзындығы 1782 км.)
1000 шақырымдық желісі қазылды. Ирригациялық жүйе кеңейе түсті.
Тыңайтқышты қолдану, жерді өңдеу мен егістікті күтуді жетілдіру –
өнімді арттырды. Қытайлықтар өте жоғары сапалы темір өндірді; ол темірден
жасалған еңбек құралы тек ауыл шаруашылығының ғана емес, сондай – ақ
қолөнерінің, құрылыс ісінің, кеме жасаудың, сән бұйымдары мен қару – жарақ
жасаудың жетіле түсуіне зор үлес қосты.
VII – VIII ғасырларда Қытай, әсіресе Араб халифатымен, Индиямен,
Сиаммен және Вьетнаммен қызу сауда жүргізді. Жібек жолы арқылы Қытай Орта,
Солтүстік, Батыс Азия елдерімен де сауда қатынасын орнатты.
657 ж. Су Дин – фан басқарған Қытай әскері Батыс Түрік қағанатын
талқандады. Бұл соғыста Қытай ұйғырлармен одақтасты. Батыс қағанаттың қайта
өрлеуі көпке созылмады. Ол 679 ж. екінші Шығыс қанағатпен одақтаса отырып
шабуыл жасаған Қытай әскерінен толық жеңілді. Осы жеңістен кейін
қытайлықтар Ташкентті (Шаш) Ши – Го, Таразды – До – ло – сы, Шу – Қорағатты
өзендерін – Шуан – Хэ, Алматыны – Тяо – Лин, Жоңғар қақпасын – Хин – Лас
деп атай бастады. Қытайлықтарды Батыс Қанағаттан 751 ж. арабтар қуып шықты.

VII ғасырдың аяғына дейін Қытай сыртқы басқыншылық саясат жүргізді, ал
VIII ғасырдың бірінші жартысында басып алған жерлеріндегі билігін сақтап
қалуға тырысты.
Феодалдық топтардың өзара қырқысуларының шиеленісуі нәтижесінде Ли Чжи
(650 - 683) императордың тұсында сарай төңкерісі болып, билікті оның әйелі
У Цзя – Тянь басып алды да, 684 жылдан 705 жылға дейін билік құрды. Ол Ли
Чжиді қолдайтын “Гуаньлун тобын” биліктен қуды; 690 ж. өзін “Аспан асты
елінің иесі” деп жариялады. Тан әулетін Чжоу әулеті деп ауыстырды. 705 ж.
билікке Ли Сянь келген соң әулеттің Тан деген аты қайта қалпына келтірілді.
Сюаньцзун император (713 - 756) билігі кезі – Тан империясының гүлдену
кезі болды. 754 жылғы халық санағы елде 9 млн. 610 мың отбасы бар екендігін
көрсетті. Еңбекке жарамды, салық төлеуге міндетті адамдардың саны 52 млн.
880 мың болды.
755 ж. Ішкі Монғолияның біраз бөлігін, Шаньси мен Хэбейді басқарып
отырған Ань Лушань Сюаньцзунге қарсы көтеріліске шықты. Ол көп өтпей
империяның екі астанасын – Лоян мен Чанъаньды басып алды. Сюаньцзун
Сычуаньға қашты. Ань Лушань өзін император деп жариялады.
Бірақ Тан әулеті құламай, аман қалды. Оны көтерілісшілер арасындағы
алаауыздық құтқарып қалды. Ань Лу – шаньға қарсы оның билігін мойындағысы
келмегендер бірлесіп күреске шықты. Оларға көмекке негізінен ұйғырлардан
құрылған жалдамалы әскер көмекке келді. 757 ж. Ань Лу – шань өлтірілді.
Енді бүлік Ши Сыминнің басшылығымен онан әрі жалғасты. 763 жылы көтеріліс
толық басылды. Әулет таққа қайта отырды. Бірақ империя мен оның өкіметі
әлсірей бастады. 763 ж. тибеттіктер империяның астанасы Чанъаньды
талқандады.
VIII – IX ғасырларда Қытайға ұйғырлар қауіп төндіріп тұрды. 840 ж.
ұйғырларды Енисей қырғыздары талқандаған соң ғана бұл қауіп жойылды.
Дегенмен Шығыс Түркістанның солтүстігінде ұйғыр иеліктері сақталып қалды.
Оның астанасы Бишбалық болды. Ұйғырлар Қытайдың ішіндегі феодалдық өзара
қырқысуларға бұрыннан араласып келе жатқан болатын. Империяның әлсіздігін
біліп отырған ұйғырлар оның шекарасын жиі – жиі бұзып өтіп тұратын. Олар
өздерін империя ішінде басқыншылар сияқты ұстайтын. Олар астана – Чанъаньда
да өздерін дөрекі ұстап, халықтың үрейін ұшыратын. Ұйғырлар Қытайдан Орта
Азияға баратын керуен жолын өз бақылауында ұстады. 843 – 847 жж. Қытай
ұйғырларды талқандап, олардың қаупінен біржолата құтылды.
Қытайға ұйғырлар қаупінен де зор қауіп оның солтүстік – шығысындағы
көршісі кидандерден төнді. Киданьдердің тайпалық одағы Батыс Монғолия мен
Маньчжурияның біраз бөлігін мекендейтін. Кидандар IX ғасырдың аяғында
күшейді. 916 ж. кидандардың Елюй руынан шыққан көсемі Апоки (Амбиган) өзін
император деп жариялады. 937 жылдан бастап Елюй әулетінің аты да
мемлекеттің аты сияқты, Ляо деп аталды.
Апоки (926 ж. – өлді) мен Ляоның кейінгі басшылары Солтүстік Қытайдың
саяси өміріне араласып отырды. Билік үшін күресуші Қытай феодалдары
кидандардан көмек сұрап отырды. Ақысына жібек мата, жер берді. Осылай
қазіргі Хэйбэй мен Шаньси провинцияларының аумағындағы 16 округ Пекин,
Датун, т.б. қалаларымен кидандардың қол астына көшіп кетті. Пекин – Ляо
империясының астанасына айналды.
Қытай халқы Кидандарға бағына қоймады, керісінше оларға қарсы
көтеріліске шығып отырды. Кайфының билеушісі Чай Жун кидандарға қарсы жорық
бастады. Ляо мемлекетіне қарсы соғыс елге зор ауыртпалық әкелді.
Чай Жун қайтыс болғаннан кейін 960 ж. ұлан өзінің қолбасшысы Чжао Куан
– иньді император деп жариялады. Ол кидандарға қарсы жорықты тоқтатты.
Кайфының феодалдары, әскер, қала халқы өзара қырқысуларды тоқтатуды, елдің
бірігуін қалап, жаңа ел басыға қолдаушылық көрсетті.
VIII ғасырдың 30 – жылдары Тан империясының 6 кодекстен тұратын
заңдары құрастырылып, 763 ж. салық жүйесіне өзгерістер енгізілді. Енді
салық мүлкінің мөлшеріне, байлағына қарай салынатын болды.
780 ж. бірінші министр Ян Яньның ұсынысы бойынша бұрынғы үлестік
шаруалар атқаратын “үштік міндеткерліктерді” жою туралы заң қабылданды. Ол
заң ірі жер иелеріне қарсы бағытталды. Мемлекеттік аппарат жерді қайта
бөлуден, шаруаларды жер үлесімен қамтамасыз етуден бас тартып, шаруалар мен
жерді “жұтып қоюмен” күресуді тоқтатты. Енді салық бір көрсеткіш бойынша
ғана – мүліктің мөлшеріне, жердің көлеміне қарай салынатын болды. Барлық
халық (аулалар) жер иеліктерінің мөлшеріне қарай 9 категорияға бөлінді.
Ян Янь реформасы деп аталған бұл заң бұрын салықтан босатылғандарды
немесе жасырынып жүргендерді салық төлеушілер қатарына қосып, айрықша
есепке алды. Cалық төлеушілер қатары қала тұрғындарының, яғни саудагерлер
мен қолөнершілердің, шенеуніктердің есебінен өсе түсті.
Салық төлеудің екі кезеңі белгіленді: жазда және күзде. Салық ақшамен
де төлене алатын болды. Мұндай тәртіп “қуатты үйлер” мен помещиктердің
берекесіне тиген ауыр соққы болды. Ян Янь реформасы жерді сату – сатып алу
еркіндігін бекітті. Бұл реформа үлестік жүйенің құлдырауынан, жерге жеке
меншіктің орнау жеңісін мойындау болды. Бұл реформадан кейін елде жүз
жылдай уақытқа тыныштық орнады.
Сөйтіп, VIII ғасырдың 80 – ші – IX ғасырдың 70 – жылдары – Тан
империясының экономикалық даму, гүрдену жылдары болды. Империяның халқының
саны 60 миллионға жетті.
IX ғасырдың соңғы ширегіне қарай ел ішінде өкіметке қарсы наразылық
қайта өсе бастады. Ол наразылық арқылы көтеріліске әкеліп соқты. 874 ж.
Қытайдың солтүстік шығысында шаруалар көтерілісі басталды. Оны алғаш тұз
сатумен айналысатын ұсақ саудагер Ван Сянь Чжи басқарды. Көтерілісшілер
Шаньдун провинциясының біраз қалаларын басып алды. Шаруалдардың жеке
отрядтары көп ұзамай үлкен армияға бірікті.
878 ж. кезекті бір шайқаста көтерілісшілер армиясының қолбасшысы Ван
Сянь – чжи қаза тапты. Енді басшылық оның орынбасары Хуан Чаоның қолына
көшті. Көтерілісшілер аймақтарды бірінен соң бірін алып, қарсылыстарын
қатаң жазалап отырды. Байлардың, шенеуніктердің жерлерін тартып алып, мал –
мүлкімен қоса кедейлерге үлестіріп берді.
Шаруалар армиясы елді солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп өтіп, тіке
шабуылмен үлкен сауда қаласы Гуанчжоуды (Кантон) алды. Көтерілісшілер
өздерінің күшін толықтырып алып, солтүстіктегі астана – Чанъань қаласына
қарай жорыққа шықты. Көтерілісшілер қатарында бұл кезде 500 мың адам бар
еді. Көтерілісшілер қалаға таянып қалған кезде императордың әскері де, өзі
де астанадан қашып кетті. 881 ж. 10 – қаңтарда астананы басып алған
көтерілісшілер Хуан Чаоны император деп жариялады. Хуан Чао ауыр салықты
жойды, кедейлер мен көтеріліске қатысушыларға императордың қамбасынан астық
бергізді.
Көтерілісті басу үшін император солтүстіктегі көшпенділерді көмекке
шақырды. Хуан Чаоның әскері 883 ж. 20 – мамырда Чанъань қаласынан қуылды.
884 ж. Хуан Чао қаза тапты да, көтеріліс негізінен басталды. Онан әрі
көтеріліске Хуан Чаоның жиені Хуан Хао басшылық жасады. Бұл көтеріліс 901
ж. толығымен басылып, елде тыныштық орнай бастады. Көтеріліс кезінде
көптеген феодалдар мен шенеуніктер қырылды, олардың жерінің бір бөлігі
шаруалардың қолына өтті.
Көтеріліс Тан әулетінің билігін әлсіретті. Көтерілістен кейін бұл
әулеттің билігі бүкіл Қытайды бірдей қамтыды. 907 ж. Тан әулеті тақтан
тайдырылды. Сол жылы Чжу Вэнь сарай төңкерісін жасап, соңғы Тан императорын
құлатты. Осы жылдан бастап тарихқа “бес әулет және он патшалық” деген атпен
енген кезең басталды. Ол 960 жылға дейін созылды. Бұл кезде солтүстік
Қытайдың шаруашылығы қалпына келтіріліп, халқының саны өсті, қаражат
жағдайы жақсарып, әскери күші нығайды. 954 жылдан бастап кейінгі Чжоу
әулеті елді өз қол астына біріктіруге кірісті.
“Бес әулет пен он патшалық” кезеңі – қытай қоғамының ерте феодализмнен
дамыған феодализмге өту кезі болды. 960 ж. Қытай Сун әулетінің (960 - 1279)
қол астына біріге бастады. Ол әулетінің негізін Чжоу патшалығының талантты
қолбасшысы Чжао Куан инь (927 - 976) қалады. Жаңа әулетінің астанасы алғаш
Бянь (қазіргі Кайфын), кейін – Шығыстағы Ханчжоу қаласы болды.
993 – 997 жылдары жаңа әулетке қарсы Ван Сяо – бо, Ли Шуань және Чжан
Юя басқарған көтерілістер болды.

1.4 Мәдениеті.
Ерте орта ғасырлардағы Қытай мәдениеті өз заманының ең озық мәдениеті
болды. XI ғасырда Қытайда 2 мыңнан астам қала болды. VIII ғасырдың басында
Қытайда “Астана хабаршысы”, “Столичный вестник” атты газет шықты. Ол XX
ғасырдың басына дейін шығып тұрды.
Қытайлықтар математиканы, астрономияны, жағырапия мен тарихты жақсы
оқып, үйренді. Олар IX – X ғасырларда компас пен оқ – дәріні ойлап тапты.
VIII ғасырда Қытайда Ханьлин академиясы ашылды. Ортағасырлық Қытайдың
жылнамалары өте көп болды. Тек Сун империясынан
960–1279500 томдық жылнама қалды. Қытайда жүз мыңдаған қолжазбалары бар
көптеген үлкен кітапханалар болған. Орасн зор елді басқару үшін үкіметке
сауатты адамдар керек болды. Ірі қалаларда мектептер ашылды. Шенеунік болып
шығу үшін қиын емтихандар тапсыратын.
Егіншілік, металл қорыту, фарфор жасау, тағы басқа кәсіптер жөнінен
оқулықтар шығарылды. Қытай дәрігерлері көптеген өсімдіктерден дәрі жасау
тәсілін білді. Олар қиын операциялар жасады. Қытай медицинасының ірі табысы
– шешек ауруына қарсы егу болды. Қытайлықтар өз елінің тарихын мұқият
зерттеді. Бұл туралы Қытай мәтелінде: “Өткенді ұмытпа, ол болашақтың
ұстазы” делінді.
VIII – IX ғасырларды Қытай поэзиясының “алтын ғасыры” деп атайды. Оның
көрнекті өкілдері Ли Бо702-762, Ду Фу712-770, Бо Цзюй–и772-846 болды.
Императорлар мен ірі феодалдардың тапсырыстары бойынша зәулім сарайлар
мен пагодалар салынды. Пагода деген көп қабатты мұнара түрінде ағаштан,
тастан, қоладан және темірден салынған ғибадатханалар. Төбесінің жиегі
жоғары иілгендігі, жалпақ карниздері оны жеп – жеңіл, көкке қарай қанатын
қомдағандай етіп көрсетеді. Көптеген үйлер түрлі әшекейлі оюлармен
өрнектелді.
Суретшілер арнаулы мектептерде білім алды. Астанада сурет академиясы
ашылды. Бейнелеушілер картиналарды ұзын жібекке немесе бүктемелі қағазға
бояумен немесе тушьпен салды.
Қытайлықтар пейзажды “тау және су” деп атады. Бұлар табиғатты аңыз
дүниесі, қуаныш пен жарқындық дүниесі деп көрсетеді. Суретшілер кейінірек
суретті тек қара түшьпен салатын болды. Онда жемістер, үлбіреген гүл мен
жапырақтар, аң мен құстар бейнеленді.
Мұндай суреттерді “гүл мен құстар” суреті деп атады. Астанада таңдаулы
суретшілер картиналарының көрмелері ұйымдастырылды.
Сөйтіп ерте орта ғасырларда Қытай халқы ғылымда, техника мен өнерде
үлкен табыстарға жетті.

2. X-XV ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚЫТАЙ.
2.1 X – XV ғасырлардағы Солтүстік Қытайдыі ішкі – сыртқы жағдайы.
IX ғасырдың аяғындағы шаруалар соғысы мен орталық биліктің әлсіреуі
нәтижесінде X ғасырдың басында Қытайда саяси бытыраңқылық орын алды. 907 ж.
Тан әулеті тақтан тайдырылған соң бұл бытыраңқылық тіпті күшейе түсті. 960
жылға дейін бес әулет бірін – бірі ауыстырды. Олардың астанасы Кайфын
(Дунцзин) қаласы болды (тек 923 – 936 жж. Лоян қаласы болды). 907 – 960 жж.
аралығы тарихта “бес әулет және он патшалық кезеңі” деп аталды.
Бұл әулеттердің билігі елдің солтүстігінде ғана тарады. Бұрынғы
империяның аумағында бұл кезде 8 дербес мемлекеттер өмір сүрді.
Осылай Қытайда саяси дағдарыс орын алып жатқан кезде оның солтүстік –
шығысында Манъчжурияның барө бөлігін мекенденген көшпенді кидандердің
тайпалық одағы күшейе түсті. 907 ж. кидандар Қытайға шабуыл жасады. 916 ж.
олардың көсемі Абаоцзи (Амбагань) империяның құрылғанын жариялады. 926 ж.
кидандар Бохай патшалығын басып алды. 947 ж. кидандар мемлекеті Ляо деп
аталды. Ол мемлекет 1125 жылға дейін өмір сүрді. 937 жылдан бастап ол
мемлекеттің астанасы Наньцзин (оңтүстік астана) қаласы (қазіргі Пекин)
болды. Кидандар билігі Шаньси мен Хэбей провинцияларының солтүстігімен
шектелді.
Қытайдың кидандар билігі орнамаған бөлігі 960 жылға қарай Сун
әулетінің (1279 жылға дейін билік құрған) қол астына бірігіп, шаруашылығын
қалпына келтіре бастады. Сун әулетінің негізін Чжоу паташалығының талантты
қолбасшысы Чжоу Куан – инь (927 - 976) қалады. Жаңа әәлеттің астанасы алғаш
Бянь (қазіргі Қайфын), кейін – Шығыстағы Ханчжоу қаласы болды.
993–997 жж. Ван Сяо – бо, Ли – Шуань және Чжан Юя басқарған
көтерілістер болды.
1005 ж. Қытай кидандардан жеңіліп, біраз жерінен айрылды. Қытай
кидандарға жыл сайын салық төлеп тұруға мәжбүр болды.
1040 – 1044 жж. Сун империясы Батыс Ся империясымен соғысты (бұл
империя Қытайдың солтүстік – батысында 982 – 1227 жж. өмір сүрді. Алғаш
Тунгут мемлекеті деп аталды. Астанасы Сячжоу (Қазіргі Синин) қаласы болды.
Үкімет билігі Тоба әулетінің қолында болған). Соғыс бітім шарттың
жасалуымен аяқталды. Шекара өгеріссіз аяқалды. Ся (Тангут) үкіметі Сун
сарайына вассал деп танылды. Бірақ Қытай тангуттықтарға жыл сайын жібек
мата, күміс, шай “сыйлап” отыруға тиіс болды.
1069–1072, 1096–1099 жж. екі ел арасындағы соғыстар одан әрі жалғасты.
1115 ж. чжурчжендердің Цзинь империясы құрылды. Қытай онымен
одақтасып, Ляо империясынан солтүстіктегі 16 округтерін қайтарып алуға
кірісті. 1123 жылға қарай Қытай ол округтердің біразын қайтарып алды да,
Қытай бұрынғы кидандарға төлейтін салығын енді чжурчжендерге төлеуге тиіс
болды.
1125 ж. Ляо империясы құлады. Енді чжучжендер шапқыншылығы Қытайға
қарай бұрылды. 1127 жылдың басында олар Сун империясының астанасын басып
алды. Император тұтқындалып, солтүстікке әкетілді. Бірақ императордың бір
нісі – Чжао Гоу Кайфыннан тыс жерде жүріп, аман қалған еді. Ол оңтүстікке
қоныс аударып, император деп жарияландыю Ол басқарған мемлекет енді
Оңтүстік Сун империясы деп аталды. Империяның астанасы Линьань (Ханчжоу)
қаласы болды.
Келесі 15 жыл бойы Цзинь империясы Оңтүстік Сунды да жаулап алуға, ал
Оңтүстік Сун – чжурчжендер басып алған солтүстік аудандарды қайтарып алуға
тырысты. 1134 – 1140 жж. Юэ Фэй басқарған Қытай әскері біраз жеңістерге де
жетті. Бірақ сарайда канцлер Цинь Гуй басқарған топ басым болды. Ол топ
Цзинь империясымен соғысудың қажеті жоқ, оны жеңу мүмкін емес деп санады.
Сондықтан ол топ келіссөз жүргізуді жақтады. Майдандағы әскер басшылары
астанаға шақырылып алынды. Юй Фэй өлтірілді.
1141 ж. чжурчжендермен өте ауыр бітім шарты жасалды: Цзинь
империясында Хуайши өзенінің солтүстік аудандары берілді, Сун императоры
Цзиньдердің вассалы деп жарияланды. Оңтүстік Сун империсяы Цзинь
империясына жылына 250 мың күміс лән, 250 мың бума монета (1 бумасында –
1000 монета) салық төлеп тұратын болды. Сун империясының солтүстігі сол
күйінде чжурчжендер қолдында қалып қойды. Бұл жағдай моңғол жаулап
алушылығына дейін сақталды.

2.2 Cун әулетінің билігі кезіндегі аграрлық қатынастың, қал мен қолөнерінің
дамуы.
X ғасырдың аяғына – XI ғасырдың басына қарай байқалған экономикалық
өрлеу XI ғасырдың ортасына қарай қайтадан баяулады. Дегенмен XII ғасырдың
басына қарай ауыл шарушалығы бұрын соңды болып көрмеген жоғары деңгейге
көтерілді.
XI ғасырда ірі жер иеліктері өсе түскендігі байқалды. Олар ұсақ
шаруашылықтарды өз иеліктеріне қосып алу арқылы өсіп отырды. Қосып алу –
алдау – арбау, зорлық – зомбылық, сатып алу жолдарымен жүргізілді. 1 му жер
(шамамен 4,6 а) сапасына қарай 900 – 2700 монета тұрды. Жекелеген
ақсүйектер мен шенеуніктердің иеліктері 3 мыңнан 6 мың цинге дейін жетті.
XI ғасырдың 60 – жылдарында әрі және орташа жер иеленушілердің қолында
барлық егістік жердің шамамен 23 бөлігі шоғырланды. Үкімет мемлекеттік
жерді жәке феодалдардың сіңіріп кетуіне қарсы шара қолданбады.
Көптеген жер иелерінің шарттары әр түрлі болды. Егер жалға тек жер
ғана берілсе, онда түскен өнімнің мемлекетке төленген салықтан және тұқым
қорынан қалған бөлігінің 10%, 20%, көп болса 50% - і жердің иесіне
берілетін. Ал егер жер иесі жалгерге тұқым, көлік, т.б. еңбек құрал
жабдықтарын да қоса берсе, қалған өнімнің 45 бөлігін алатын. X – XIII
ғасырларда жалға беру ақысының өсе түскендігі байқалады.
Мемлекеттік жер қоры “гуань тянь” деп аталды. Қызмет бабы үшін
берілетін жер көлемі 7 – ден – 40 цинге дейін болды. Ол жерді жергілікті
шаруалар өңдеді. XI ғасырдың аяғында мемлекеттік жер қоры өңдеуге жарайтын
жердің 172 бөлігі болса, ол XII ғасырдың аяғында 115 бөлігі болды.
Ұсақ шаруалардың да жеке меншік жерлері болды. Олардың үлестерінің
көлемі 10 мудан 90 муға дейін болды. Барлық халықтың 90% жуығын құрайтын
шаруалардығ иеліктері барлық өңделетін жердің 30% жуығын құрады.
Жер салығы жылына екі рет: жазда және күзде жиналды. Оның мөлшері әр
му жерден 1 доуден 3 доуге дейін (1 доу – 6,64 л.) астық болды. Салық
мөлшері жердің құнарлығына байланысты белгіленді. Салық төлемау де едәкір
орын алды. Кейбір аудандарда тіпті өңделетін жердің 60 – 70% - нен салық
жиналмай қалған кездер де болған.
Сун империясына қарағанда Цзинь империясында ірі жер иелігі шектеліп,
негізгі бағыт ұсақ шаруалар шаруашылықтарына қарай ұсталды. Өте сыйлы
адамдарға жеке меншіктікке көп болса 10 цинь жер берілді. Берілген үлесті
сатуға, әсіресе чжурчжендердің сатуына тыйым салынды. Бірақ чжурчжендер өз
жерлерін қытайлықтарға жалға беріп отырды.
X – XII ғасырларда қытай қалаларының қатары өсе түсті. Ескі қалалар
ұлғайып, жаңа қалалар өмірге келді. Қала халқының саны да өсті. Сун
әулетінің билігі кезінде Чанша мен Кайфынның халқы өте көп болды. XIII
ғасырға қарай олардың қатарын Ханчжоу, Фучжоу, Цюаньчжоу, Янчжоу, Сучжоу,
Цзянмен, Гуанчжоу қалалары толықтырылды. Ең ірі қалаларда 1 миллионнан
астам адам тұрды. Ол кезде қала халқы барлық халықтың 10% - н құрады.
Қалалардың саны ғана өсіп қойған жоқ, олардың сапасы да өзгерді.
Қалалардың сауда – қолөнері орталықтары ретіндегі рөлі өсті. XI ғасырға
қарай Қытайда урбанизация процесі басталды. Үкіметтің қала экономикасында
бақылауы күшейді.
Қытай қолөнерінде мемлекеттік және жеке меншіктік кәсіпорындар
жеткілікті болды. Өндірістің өнім көлемі артты. Мұны металлургия мысалынан
көруге болады. XI ғасырдың 60 – жылдарына қарай металл кеніштері мен
балқылатын кәсіп орындарының саны 271 – ге жетті. Оның 122 – сі мемлекет
меншігінде болды. Қазынаға түсетін мата, оның ішінде жібек өнімі артты. 50
фарфор жасау орны болды. Оның 14 – ірі кәсіпорын болды.
Еңбек құрал жабдықтарының сапасы жақсара түсті. Металл балқытуда тас
көмір, кокс және басқа химиялық реактивтер қолданыла бастады. Бұл
жетістіктер XI – XIII ғасырларда еңбек бөлінісін күшейтті. Кәсіптер саны
көбейді. Кейбір аудандар өндірістің бір түрімен мамандана бастады.
Сауда да дамыды. Тауар құнының 2% оны тасу кезінде салық ретінде
алынса, 3% - сатылғаннан кейін алынды. Бұл мөлшер кейде өзгеріп отырды.

2.3 Вань Ань – ши реформалары.
1047 – 1048 жж. Ван Цзэ басқарған Миляцзяо құпия қоғамының көтерілісі
болды. Үкімет жаңа көтерілістерге жол бермей, қаңырай бастаған мемлекеттік
қазынаны аз да болса толықтыру үшін реформалар жүргізуге мәжбүр болды.
Реформа бойынша алдымен жер үлестері қайтадан есепке алынды.
Қызметкерлер жер иелктері үшін салық төлеуге міндеттелді. Ван Ань – ши
сонан кейін шаруаларды мемлекеттік барщинадан босатып, оны ақшалай салықпен
алмастырды. Өз иеліктеріндегі жерлердің салығын шаруалар енді жартылай
азық–түлікпен, жартылай ақшамен өтеуге тиіс болды. Ашр – шылыққа жол бермеу
үшін Ван Ань–ши мемлекеттік қомбалар ұйымдастырды. Онда сақталатын егін
ашаршылық бола қалғанда халыққа үлестірлілген.
Өсімқорлықты шектеу мақсатымен Ван Ань – Ши мемлекеттік банктер
ашқызды. Шаруалар сол банктерден үкімет белгілеген өсіммен қарыз алатын
болды. Ван Ань – ши сауданы толық мемлекет қарамағына алуға сәтсіз әрекет
жасады. Ол сонымен қатар әскерде де үлкен өзгерістер енгізбек болды. Ол
жалдамалы армияны жойып, жалпыға бірдей әскери міндеткерлік енгізді. Әр үш
отбасы бір жаяу әскер, әрбір он отбасы бір атты әскер жасақтап беруге тиіс
болды.
Ван Ань – шидің бұл шаралары шенеуніктер мен феодалдардың наразылығына
әкелді. 1075 ж. ол қызметінен босатылды. Оның шаралары арамтамақтарды
құртып, феодалдық мемлекетті нығайтуға бағытталса да “ел үшін қауіпті” деп
табылды. Ван Ань – ши реформалары жойылғанымен Сун империясы нығайып
кетпей, керісінше, құлдырай түсті. 1127 – 1132 жж. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
3-12 ғасырлардағы Қытай
Орта ғасырлардағы Азия, Африка елдерінің тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқу әдістемелік құрал
Қытай мәдениеті
Ерте орта ғасырлардағы корея
Жібек жолының қалыптасуы
Жібек жолы бойындағы Қазақстан қалалары
Қала, қолөнер және сауда
Жетісу Ұлы Жібек жолының Шығысқа шығатын басты қақпасы
Бірқатар авторлардың пікірі бойынша палеолит екі дәуірге бөлінеді - ежелгі дәуір мен соңғы дәуір
Қоныстар арасындағы жолдар мен шоқпақ жолдар
Пәндер