Банк активтерін басқару, жетілдіру мәселелері



ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ

1.1 Коммерциялық банктердің активті операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.3 Банктің активтері және оларды басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР ҚЫЗМЕТІНІҢ ТАЛДАУ, АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ МЕН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ ( «Темірбанк» АҚ МЫСАЛ РЕТІНДЕ)

2.1 Қазақстандағы «Темірбанк» коммерциялық банкінің қалыптасу кезеңдері мен қызметін жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банк жұмысының
әдістері мен тәсілдерін талдау ("Темірбанк" акционерлік қоғам 2007.
2009 жж. мысал ретінде) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.3 Коммерциялық банктің активтерін басқару және талдау ... ... ... ... ... ... ... ..29


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37
Кіріспе

Жалпы рыноктық қатынастарда шаруашылықтың тиімді ұйымдастырылуы мен қызмет етуі олардың қаржылық жағдайына, несиелер алу жолдарына байланысты болады. Сонымен қатар рыноктық экономикада экономиканы реттеуде және тұрақты дамуын қамтамасыз етуінде жүргізілетін тікелей және жанама экономикалық саясаттар сол елдің банк жүйесі қызметтері мен оның атқарып отырған саясаттары арқылы іске асады. Елдің ақша-несие саясатының бағыттарын, элементтерін және экономиканы тиімді дамыту, инфляция деңгейін төмендету және оның тұрақты деңгейін сақтауды іске асыратын Ұлттық банктің өзі бұл қызметтерді экономикадағы екінші деңгейлі крммерциялық банктермен бірлесе отырып атқарады.
Коммерциялық банктер сонымен қатар экономиканың шаруашылық салалары, халық пен Үкіметтің экономикалық шаралары, Ұлттық банк саясаттары арасында қаржы делдалы қызметін атқарады. Коммерциялық банктер уақытша бос ақша қаражаттарын экономикалық шаруашылықта сол ақшаға сұраныс туып отырған салаларды несиелеуді, әр түрлі делдалдық операцияларды жүзеге асыруға, елдің қаржы саласының толық қанды дамуына, отандық инвестицияның өсуіне, халықтың экономикалық қызметті еркін жүргізуіне, жалпы бір сөзбен айтқанда нарықтық экономика жүйесінің бір негізгі тармағы болып табылады.
Осы айтылған коммерциялық банктер қызметі ішіндегі олардың активті операцияларының орны ерекше. Активті операциялар негізінде экономиканың шаруашылық салаларын қаржылармен қамтамасыз ету, олардың ынталы түрдк қызмет етуін қалыптастыру, елдің заңды немесе жеке тұлғаларының есеп айырысу қызметтерін жүргізу, экономикада делдалдық қызметтер атқару, халықты немесе басқа да ұйымдарды несиелендіру операциялары болып табылады. Бұл операциялар өз кезегінде коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикадағы маңыздылығы мен мәнін айқындайды.
Осыған орай мен курстық жұмысымның тақырыбын несие және банк жүйесінің негізгі буыны және олардың қызметтерінің басым орындаушылық бөлігін іске асыратын коммерциялық банктердің активті операцияларының өзектілігі негізінде «Коммерциялық банктердің активтерін басқару» деп алдым.
Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым коммерциялық банктер нарықтық шаруашылықта қаржы делдалы ретінде тікелей экономика салаларымен қызмет етеді және коммерциялық банктердің активтері және осы активтерді басқарудың өзектілігі мен қажеттігіне тоқталу, активтік операциялар негізінде жүргізілетін операциялары барысында барлық шаруашылық механизмдер тиімді ұйымдастырылып, реттеліп және дамып отыратындығында болып табылады.
Жұмыстың теориялық мазмұнын ашуда, шетел және отандық экономист ғалымдардың еңбектері пайдаланылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілері, ғылыми әдебиеттері, кезеңдік басылым материалдары мен жинақтары қолданылды.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев
«Қазақстан 2030» атты стратегиялық бағдарламасы Алматы 1997 ж
2. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер
және банк қызметі туралы» заңы
3.Сейтқасымов Г.С. «Ақша, Несие, Банктер». Алматы 1999г.
4. Колесников В. И. Банк ісі. - М: Қаржы және статистика, 2000г.
5. Ж. Алыкпашев. «Вестник КазНУ» журналы. Экон. серия. №3(31).2006г.
6. Балабанов И.Т. Бантер және банк ісі. – Питер, 2000г.
7. Ж.К. Бекболатұлы. Қазақстанның коммерциялық банктері: мәселелер
және әлеуеттер // Қазақстан экономикасы, 1997г., № 9-10.
8. Дробозина Л.Т. Ақша, Несие, Банктер - М., Инфра-М., 1997г.
9. Жукова Е. Ф. Банктер және и банк операциялары.-М.:Банктермен
биржалар– Юнити, 1997г.
10.Ілиясов А.А., Гилимов А.К. «Вестник КазНУ» журналы. Экономикалық
серия. №4(26). 2004г.
11.Қалиева Г.Т. Қазақстандағы коммерциялық банктер және олардың
тұрақтылығын тқамтамасыз ету проблемасы. Автореферат. – Алматы:
1999г.
12. «Темірбанк» акционерлік қоғамының мәліметтері. 2007-2009 жж.
13. Крымова В. «Экономикалық теория». Алматы 2005г.
14. Лаврушин О.И. «Ақша, Несие, Банктер». Екінші басылым, Москва
2000г.
15. Маркова О. М., Сахаров В. И. Коммерциялық банктер және олардың
операциялары. – М., Банктер мен биржалар – Юнити, 1995г.
16. Миркин Я. М. Банк операциялары. – М., Инфра-М., 1996г.
17. Поляков В. П., Москвина Л. А. Ақша айналымы мен несие негіздері.-
М., Инфра-М, 1995г.
18.Сәлімова Ж.Д. «Вестник КазНУ» журналы. Экономикалық серия. №3(37). 2006г.
19. Сейтқасымов Г.С. «Ақша, Несие, Банктер». Алматы 1999г.
20. Шаяхметова К.О. «Вестник КазНУ» журналы. Экономикалық серия. №1(41).2007г.
21. Лаврушин О.Н. Банк ісі. - М: Қаржы және статистика, 2000г.
22. Сейтқасымов Г.С. Банк ісі. – Алматы: Қаржы-Қаражат, 1998г.
23. Сейтқасымов Г.С. «Ақша, Несие, Банктер». - Алматы: Экономика, 1999г.
24. Ілиясов К.К. . Қазақстан экономикасының қаржы-несиелік даму
мәселелері /Редакциялауымен.– Алматы: Бiлiм, 1995 – 240 с.
25.Кучукова Н.К. Қазақстан республикасы қаржы-несие жүйесін
реформалаудың нарық экономикасына көшу жағдайындағы
макроэкономикалық аспектілері. – Алматы:Ғылым, 1994. – 439 с.
26.Райзберг Б.А.. Экономика курсы: Оқулық /Редакциялауымен.– ИНФРА
М, 1997. – 720 с.
27.Сейтқасымов Г.С.. Ақша, Несие, Банктер: Оқулық /Проф.
редакциялауымен.-Алматы: Экономика, 1996. – 364 с.
28.Чекмаева Е.Н. Банкаралық несие рыногы және оны реттеу /Ақша және
несие. 1994. №5-6. с. 68-71.
29. Н.Н.Хамитов. Банк ісі. Алматы: Экономика, 2007. – 65 б
30. Статистический ежегодник. Алматы. – 2010г.- 451 с.
31. «Статистикалық мәліметтер» // Банки Казахстан, 2010 г. №5,6. 69 бет.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы

Қаржы кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Банк активтерін басқару, жетілдіру мәселелері

Орындаған: 2232 топ студенті Ақабай Е.Ғ.
Тексерген: аға оқытушы Салимбаева Ш.Д.

Орал, 2013 жыл
ЖОСПАР

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ

1.1 Коммерциялық банктердің активті операциялары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.3 Банктің активтері және оларды басқару
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР ҚЫЗМЕТІНІҢ ТАЛДАУ,
АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ МЕН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ ( Темірбанк АҚ МЫСАЛ РЕТІНДЕ)

1. Қазақстандағы Темірбанк коммерциялық банкінің қалыптасу кезеңдері
мен қызметін жағдайын талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

2.2 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банк жұмысының
әдістері мен тәсілдерін талдау ("Темірбанк" акционерлік қоғам 2007-
2009 жж. мысал ретінде)
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...22
2.3 Коммерциялық банктің активтерін басқару және талдау
... ... ... ... ... ... ... ..29

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
7

Кіріспе

Жалпы рыноктық қатынастарда шаруашылықтың тиімді ұйымдастырылуы мен
қызмет етуі олардың қаржылық жағдайына, несиелер алу жолдарына байланысты
болады. Сонымен қатар рыноктық экономикада экономиканы реттеуде және
тұрақты дамуын қамтамасыз етуінде жүргізілетін тікелей және жанама
экономикалық саясаттар сол елдің банк жүйесі қызметтері мен оның атқарып
отырған саясаттары арқылы іске асады. Елдің ақша-несие саясатының
бағыттарын, элементтерін және экономиканы тиімді дамыту, инфляция деңгейін
төмендету және оның тұрақты деңгейін сақтауды іске асыратын Ұлттық банктің
өзі бұл қызметтерді экономикадағы екінші деңгейлі крммерциялық банктермен
бірлесе отырып атқарады.
Коммерциялық банктер сонымен қатар экономиканың шаруашылық салалары,
халық пен Үкіметтің экономикалық шаралары, Ұлттық банк саясаттары арасында
қаржы делдалы қызметін атқарады. Коммерциялық банктер уақытша бос ақша
қаражаттарын экономикалық шаруашылықта сол ақшаға сұраныс туып отырған
салаларды несиелеуді, әр түрлі делдалдық операцияларды жүзеге асыруға,
елдің қаржы саласының толық қанды дамуына, отандық инвестицияның өсуіне,
халықтың экономикалық қызметті еркін жүргізуіне, жалпы бір сөзбен айтқанда
нарықтық экономика жүйесінің бір негізгі тармағы болып табылады.
Осы айтылған коммерциялық банктер қызметі ішіндегі олардың активті
операцияларының орны ерекше. Активті операциялар негізінде экономиканың
шаруашылық салаларын қаржылармен қамтамасыз ету, олардың ынталы түрдк
қызмет етуін қалыптастыру, елдің заңды немесе жеке тұлғаларының есеп
айырысу қызметтерін жүргізу, экономикада делдалдық қызметтер атқару,
халықты немесе басқа да ұйымдарды несиелендіру операциялары болып табылады.
Бұл операциялар өз кезегінде коммерциялық банктердің активті
операцияларының экономикадағы маңыздылығы мен мәнін айқындайды.
Осыған орай мен курстық жұмысымның тақырыбын несие және банк жүйесінің
негізгі буыны және олардың қызметтерінің басым орындаушылық бөлігін іске
асыратын коммерциялық банктердің активті операцияларының өзектілігі
негізінде Коммерциялық банктердің активтерін басқару деп алдым.
Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым коммерциялық банктер нарықтық
шаруашылықта қаржы делдалы ретінде тікелей экономика салаларымен қызмет
етеді және коммерциялық банктердің активтері және осы активтерді басқарудың
өзектілігі мен қажеттігіне тоқталу, активтік операциялар негізінде
жүргізілетін операциялары барысында барлық шаруашылық механизмдер тиімді
ұйымдастырылып, реттеліп және дамып отыратындығында болып табылады.
Жұмыстың теориялық мазмұнын ашуда, шетел және отандық экономист
ғалымдардың еңбектері пайдаланылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының
нормативті құқықтық актілері, ғылыми әдебиеттері, кезеңдік басылым
материалдары мен жинақтары қолданылды.

1 КОМЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ

1.1 Коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикалық
маңызы мен мәні

Коммерциялық банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар
болып табылады. Өз қызметiнiң үрдiсiнде, олар ақша нарығында тауар
болатын, жаңа талаптар мен мiндеттемелердi жасады. Клиенттердiң салымдарын
қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа мiндеттеме жасаса , ал қарызды беру
арқылы қарыз алушыға жаңа талап қояды. Осы жаңа мiндеттемелер мен
талаптарды жасау үрдiсi қаржылық делдалдықтың негiзiн құрайды. Несие берушi
қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметiнiң қозғалысы
орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп
аталады.
Коммерциялық банктер – нарықтық экономикада несие жүйесiнiң негiзгi
буыны. Олардың мiндетi ақша айналымы мен капитал айналымының үздiксiз
қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсiп мекемелерiн, мемлекет пен халықты
несиелеу, халық шаруащылығына қор жинау үшiн жағдай жасау болып табылады.
Қазiргi коммерциялық банктер қаржы делдалы ретiнде ақша капиталын
салааралық және аймақаралық қайта бөлудi қамтамасыз етiп, маңызды халық
шаруашылық қызмет атқарады. Ендi коммерциялық банктер туралы кеңiрек танысу
үшiн олардың қызметтерiн қарастрырайық:
Ақша қаражатын шоғырландыру және тарту қызметi – банктердiң ежелден
атқаратын қызметтерiнiң бiрi. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос
ақшасын банкке тарту, бiр жағынан, олардың иесiне процент түрiнде табыс
түсiрсе, ал екiншi жағынан банктiң несие операцияларын жүргiзуiне негiз
қалайды. Шоғырланған жинақ ақша әр түрлi экономикалық және әлеуметтiк
қажеттiлiктерге жұмсалуы мүмкiн.
Коммерциялық банктердiң атқаратын келесi қызметi - несие беруде
делдал болу. Бос ақша қаражат иесi мен қарыз алушының арасында тiкелей
несие қатынастарының туындауына кедергi болатын жәйттер: ұсынылатын капитал
көлемiнiң қарызға қажеттi көлемге сай келмеуi, капиталдың айналыстан босау
мерзiмiнiң қарыздарға қажет мерзiммен сай келмеуi. Коммерциялық банктер
қарыз берушi мен қарыз алушының арасындағы қаржылық делдалы ретiнде осы
кедергiлердi жояды. Банктiк несие экономиканың әр түрлi секторларына
берiлiп , өндiрiстiң кеiеюiн қамтамасыз етедi.
Ұйымдасқан және жұмысы қалыптасқан есеп айырысу жүйесiнсiз тұрақты
экономика болуы мүмкiн емес. Сондықтан банктiң келесi қызметi
шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргiзудiң ролi зор.
Кәсiпорындар арасындағы есеп айырысудың негiзгi бөлiгi қолма-қол ақшасыз
жүредi. Банктер делдал ретiнде клиенттердiң тапсырысы бойынша шотқа ақша
қабылдап, ақшаның түсуiн және берiлуiн есептейдi.
Коммерциялық банктердiң ерекше қызметi құралдарын шығару арқылы
айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығын жою, яғни ақша массасын көбейту
немес азайту. Төлем құралдарын шығару олардың депозиттiк және несиелiк
қызметтерiне тiкелей байланысты. Депозит екi түрлi жолмен: клиенттiң банкке
ақша салуы арқылы немесе қарыздарға банктiң несие беруi арқылы жүргiзiледi.

Коммерциялық банктер акция және облигация түрiндегi бағалы қағаздарды
шығарып және орналастыру эмиссиялық – құрылтайшылық қызмет атқарады.
Банктердiң жинақтарды өндiрiстiк мақсатқа жұмсайтын мүмкiндiгi бар. Сөйтiп
бағалы қағаздар нарығы несие жүйесiн толықтырып, әрi онымен тығыз
байланыста жұмыс iстейдi. Ұзақ мерзiмдi инвестиция тарту мақсатында
кәсiпорындар акция және облигациялар шығарады.
Банктер сенiмхат бойынша клиенттердiң мүлкiн басқару қызметiн де
атқарады. Жеке тұлғаларға: осы қызметтi атқаруға құқығынан айрылғандардың
мүлкiн уақытша басқару; iзбасарларының мүддесi үшiн өлген адамның мүлкiн
басқару; пайда табу мақсатымен капиталды басқару және т.б. қызметтер
көрсету болып табылады. Ал компанияларға көрсететiн қызметтерi : банктiң
облигациялар бойынша кепiлшi болуы; нарыққа шығарылған акцияларды және
трансферттердi тiркеу үшiн өкiл болуы; корпорацияның зейнетақы қорының
қаржысын басқарушы болуы және т.б. қызметтер атқарады.
Экономикалық мағлұматтарды өзiне жинақтауы банктердiң клиенттерiне кеңес
беру қызметiне мүмкiндiк туғызады. Банктер төмендегiдей кеңес бередi: шот
ашу ; есеп-несиелiк және кассалық қызметкөрсетуден бастап, ақша және тауар
нарықтарында операциялар жүргiзуге дейiн нұсқау бередi.
Осы аталған қызметтердің негізгі бөлігі, яғни несие беру қызметі, есеп
айырысу – делдалдық қызметтері, бағалы қағаздар шығару және оларды
орналастыру қызметтері коммерциялық банктердің активті операциялары
негізінде жүргізіледі.
Елiмiздегi банктiк жүйе екi деңгейлi екенiн бiлемiз, яғни соның екiншi
деңгейiндегi коммерциялық банктер халық шаруашылығы мен Ұлттық банк
арасындағы негiзгi қаржы делдалы болып табылады . Қазiргi кезде
коммерциялық банктер өз клиенттерiне 200-ге тарта әр алуан
операциялар мен қызметтер көрсете алады. Мұндай кең көлемдi
операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерiн сақтай отырып
қолайсыз жағдайдың өзiнде де пайдалы жұмыс жасауға септiгiн
тигiзедiгіне байланысты .
Коммерциялық банктер желiсi ақша нарығының қалыптасуына ықпал
етедi, ал заңды және тұлғалардың мемлекетке уақытша бос ақша
қаражаттарының болуы және экономика мен халықтың қысқа мерзiмдiк
қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық
негiзi болып табылады.
Коммерциялық банктер негiзiнен өз клиенттерiнiң шаруашылық
қызметтерiне қызмет көрсетумен байланысты несиелiк есеп айырысу және
қаржылық операциялардың барлық түрiмен айналысады. Бұл операциялар
коммерциялық банктердің активті операцияларының мәнін ашады.
“Қазақстан Республиксындағы банктер және банктiк қызмет туралы” Заңға
сәйкес коммерциялық банктер мынадай операцияларды орындай алады:
1. клиенттер мен банк корреспонденттердiң шоттарын жүргiзу және оларға
кассалық қызмет жүргiзу;
2. қайтарымдылық, мерзiмдiк және төлемдiк шарттарымен заңды және жеке
тұлғаларға қысқа мерзiмдiк несиелер беру;
3. инвестицияланатын қаражаттар иелерiнiң немесе иемденушiлердiң
тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
4. заңда көрсетiлген тәртiппен бағалы қағаздарды шығару;
5. төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да
операцияларды жүргiзу;
6. банктiк операциялар бойынша брокерлiк қызметтердi көрсету, клиенттердiң
тәуекелi бойынша олардың агенттерi ретiнде әрекет ету;
7. коммерциялық мәмiлелердi қаржыландыру;
8. клиенттердiң тапсырмалары бойынша сенiмдiк операцияларды (қаражаттарды
қарау, орналастыру және бағалы қағаздарды басқару)
9. лизингтiк операцияларды жүзеге асыру және тағы басқа опреациялар.
Активтік операциялар бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін
қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыруды жүзеге
асыратын операцияларды білдіреді. Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті
коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдалануға
ерекшелігін сипаттайды.
Коммерциялық банктердің активті операцияларының негізінде экономиканың
шаруашылық салаларын қаржылармен қамтамасыз ету, олардың ынталы түрдк
қызмет етуін қалыптастыру, елдің заңды немесе жеке тұлғаларының есеп
айырысу қызметтерін жүргізу, экономикада делдалдық қызметтер атқару,
халықты немесе басқа да ұйымдарды несиелендіру операциялары болып табылады.
Бұл операциялар өз кезегінде коммерциялық банктердің активті
операцияларының экономикадағы маңыздылығы мен мәнін айқындайды.
Активтік операциялар бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін
қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыруды жүзеге
асыратын операцияларды білдіреді. Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті
коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдалануға
ерекшелігін сипаттайды.
Қазақстан Респупликасының активтік банктік операциялары келесідей
түрлерге бөлінеді:
• Несиелік операциялар;
• Инвестициялық операция, яғни бағалы қағаздар бойынша;
• Қаржылық опеарациялар (лизинг, факторинг, форфейтинг);
• Кассалық операциялар
• Делдалдық-комиссиондық операциялар.
Банктің активтік операцияларының маңызды бөлігін банктік несиелік
операциялары негізінде алады. Банктік ссудалық операциялары негізінде
ссудалық портфель құрылады. Банктің несиелері біршама табысты және тәуекел
дәрежесі де жоғары болып табылады. Несиелік операция банктің
операцияларының жалпы басым бөлігін (80%) құрайды.
Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға
(қарызға) берiлетiн ссудалық капитал қозғалысы. Несие мен ссуданың арасында
да өзара айырмашылығы бар. Несие – банктiң қаражатын құрайтын көзi ретiнде
барлық несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлi формаларының болуын
және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бiр формасын бiлдiретiн кең ұғымды
сипаттайды. Ссуда - бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын
несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың бiр ғана формасын бiлдiредi.
Қарыз берушi – қарызды беретiн несиелiк қатынастардың бiр жағы. Қарыз
берушi – бұл уақытша пайдалануға қарыз берушi субъектiлер болып табылады.
Қарыз берушiлерге: банктер, банктiк емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық
субъектiлерi және халық жатады.
Қарыз алушы – бұл несиенi алушы және оны қайтаруға мiндеттi, несиелiк
қатынастардың екiншi жағы. Борышқор және қарыз алушы бiр-бiрiмен жақын
сөздер болғанымен де, олардың түсiнiктерi әр түрлi.
Қарыз берушi және қарыз алушымен қатар несиенiң құрылымының
элементiне берiлетiн объектi де жатады. Беру объектiсi – бұл құнның ерекше
бөлiгi, яғни қарызға берiлген құн.
Несие түрi – бұл несиелiк қатынастар құрылымының, олардың негiзгi
қызметтерiнiң, яғни әр алуан сыртқы және iшкi өзгерiстер барысында толық
сақталатын көрiнiсiн бiлдiредi. Несиенiң екi формасы бар: тауарлы және
ақшалай. Мұндағы тауар түрiнде берiлетiн нсеиенi – коммерциялық, ал ақша
түрiндегi несиенi банктiк деп атйды.
Банктiк несие – бұл банктiк мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай
түрде берiлетiн несиенi бiлдiредi. Банктiк несие – бұл экономикадағы
кеңiнен тараған несиелiк қатынастардың формасы болып табылады. Банктiк
несие бойынша несиелiк қатынастардың құралына несиелiк шарт немесе несиелiк
келiсiм жатады. Банктiк несиеде несие берушi: банк және арнайы қаржы
мекемелерi болса, ал қарыз алушылар ретiнде: кәсiпкерлiкпен немесе
бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген
заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушiнiң басты мақсаты – пайыз
түрiнде табыс алу.
Несиелер берiлу шартына қарай келесi түрлерге бөлiнедi:
• Тұтыну несиесi – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып
алу үшiн және тұрмыстық қызметтердi өтеуге берiлетiн несие.
• Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүлiктердi (тұрған үйдi,
өндiрiс ғимараттарын, жердi және т.с.с.) кепiлге ала отырып,
ұзақ мерзiмге берiлетiн несие.
• Овердравт несиесi – клиенттiң шотынан қаражатты шегеру,
дебеттiк қалдық бойынша берiлетiн қысқа мерзiмдi несиенiң
формасы.
• Овернайт несиесi - өтiмдiлiктi қолдау мақсатында бiр түнге
берiлетiн банкаралық несиенiң түрi;
• Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетiн
қысқа мерзiмдi несие;
• Банкаралық несие – банктердiң бiр-бiрiне беретiн несиесi;
• Ломбардтық несие – тез iске асатын бағалы заттарды немесе
бағалы қағаздарды кепiлге алып, берiлетiн несие;
• Лизингтiк несие – құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты
берiлетiн несие;
• Сенiм несиесi – банктiң сенiмiне кiрген, төлем қабiлетi
жоғары клиенттеге берiлетiн несие;
• Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен
түсiмдi алу мерзiмi арасындағы уақыт бойынша алшақтықты
жабуға арналған несие. Мысалы, бұл несие ауыл шаруашылығында
жиi кездеседi.
Жалпы қорытындылай келе, банктер несие беру барысында несиелiк
саясатты iске асырады. Несиелiк саясат – банктiң несиелiк жұмысын
ұйымдастыру негiзiн және несиелеу процесiне қажеттi құжаттар жұйесiн жасау
шарттары.
Банктің инвестициялық операциялары – несиелік опеарциялардан кейінгі
орында тұрады. Бұл операциялар негізінен бағалы қағаздар портфелі арқылы
қалыптасады. Бағалы қағаздар портфелін қалыптастырдың мақсаттарына банкке
табыс әкелу және өтімді активтер қатарын толықтыру.
Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа
бөлінеді:
• Мемлекеттік бағылы қағаздар;
• Корпоративтік бағалы қағаздар.
Бүгінде ҚР-ның екінші деңгейлі банктері инвестициялық операцияларға
бағытталған активтерінің басым бөлігін мемлекеттік бағалы қағаздарға жұмсап
отыр. Себебі, мемлекеттік бағалы қағаздарға салынған активтер, біріншіден,
өтімді, яғни коммерциялық банктер бағалы қағаз түріндегі активтерін тез
арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады. Екіншіден, олардан алатын табыс
төмен болғанымен оның тәуекел деңгейі төмен немесе жоқ деп те атасақ
болады.
Сонымен қатар бүгінде коммерциялық банктердің активтерінің бір бөлігін
өтімді корпоративтік бағалы қағаздарға да орналастыруы дамы пкеле жатыр.
Жалпы корпоративтік бағалы қағаздарға келесілер жатады:
1) Акциялар;
2) Облигациялар;
3) Депозиттік және жинақ сертификаттары;
4) Ипотекалық куәліктер;
5) Депозитарлық қолхаттар.
Осылардың ішінде бүгінгі таңда инвестициялық операциялардың негізгі
бөлігі акция мен облигация негізінде дамып отырғаны белгілі.
Банктің қаржылық операциялары несиелік операциялар типтес, яғни банкке
табыс әкелетін активтік операцияларды сипаттайды. Оларға: лизинг,
факторинг және форфейтинг операциялары жатады.
2. Банктің активтері және оларды басқару

Банктің активтер мен пассивтер портфелі – жоғары пайда табу үшін
қолданылатын бірегей. Активтерді басқару – меншікті және тартылған
қаражаттардың орналастыру тәртібі мен жолдары. Қаражаттарды орналастыруда
үлкен көңіл ссудалық операциялар мен инвестицияларға бөлінеді.
Активтік операциялардың көмегімен банктер өз қарамағындағы ресурстарды
пайда табу үшін және де өздерінің өтемпаздығын қолдауды қамтамасыз ету үшін
орналастырады.
Банктің жинақтаған ресурстарын табыс табу және өтімділігін қамтамасыз
ету мақсатымен орналастыруын актив операциялары деп атайды.
Бұған жататындар:
• Шаруашылық жүргізуші субьектілерге әр түрлі қажеттерін қанағаттандыру
үшін қысқа, орта, ұзақ мерзімді несие беру;
• Халыққа тұтынушылық несие беру (үй құрылысын
жүргізу, пәтер, үй және басқа да ұзақ мерзімде
пайдаланыла алатын мүліктерді сатып алуға);
• Құнды қағаздар сатып алуға несие беру;
• Лизингілік операцияларға несие беру;
• Факторингілік операцияларға несие беру;
• Басқа банктерге несие беру.
Көрсетілген активтік операциялардың ішіндегі ең бастысы қайтарымдылық,
мерзімділік және ақылық негізінде несиелеу операциясын жүргізу болып
табылады. Кейбір банктердің несиелеуден табатын табысы, барлық табысының
80%-нан асып кетеді. Соңғы жылдары несиенің дәстүрлі түрлерімен қатар
көптеген жаңа түрлері пайда болды. Олар пәтер, үй сатып алуға берілетін
несие, сақтандыру қағазын кепілзатқа алып беретін несие, фермерлерге жер
телімін жақсартуға берілетін несие, оқуға және сынақ мерзімін өткізуге
берілетін несиелер. Сонымен қатар заңды тұлғаларға кәсіпкерлік
ұйымдастыруға, басқа фирмалардың активін сатып алуға несие берілетін
болды.[1]
Актив операциялары негізінен 4 топқа бөлінеді:
1. Несие-есептеу операциясы, оның нәтижесінде банктің несиелік портфелі
қалыптасады;
2. Инвестициялық операциясы, ол инвестициялық портфельдің негізін құрайды;
3. Кассалық және есептесу операциялары – банктің клиенттерге көрсететін
қызметтерінің бірі;
4. Басқа операциялар.
Несие-есептеу операциялары – ол банктің несие ресурстарын орналастыру
қызметіндегі несие беру операциясы. Банк табысының көп бөлігі осы
операцияларды жүргізуден түседі. Несиелеу операциялары қарызгерге
қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық негізінде қаржы беру операциялары.
Вексельдерді сатып алу (есептеу) немесе вексельдерді кепілзатқа қабылдаумен
байланысты несиелеу операциялары да есеп операцияның қатарына кіреді.
Есеп айырысу операциялары – қаржыны клиенттің есеп шотына есептеу
немесе оны шоттан шығару, оның ішінде клиенттің контрагенттерінің алдындағы
міндеттемелерін өтеумен байланысты операциялар. Бос қаржыны депозитке
жұмылдырумен қатар несиелеу және есеп айырысу операциялары банктің өте
маңызды операциялары болып табылады.[2]
Кассалық операциялар – қолма-қол ақша беру немесе оларды қабылдаумен
байланысты операциялар. Кеңейтіп айтқанда бұл қолма-қол ақшаның
қозғалысымен, қаржыларды қалыптастыру, орналастыру және пайдаланумен
байланысты операциялар деуге болады.
Инвестициялық, қорлық операциялар – банктің күрделі қаржысын құнды
қағаздарға салу және басқа құрамдармен бірігіп шаруашылық жүргізу үшін
жарнаға салумен байланысты операциялар. Бұл жерде ескеретін нәрсе
Қазақстандағы банктер және банк қызметтері туралы Заңның сегізінші бабына
сәйкес, Қазақстандағы банктерге пайда табу үшін, басқа шаруашылықтардың
негізгі капиталына жарна салуына болмайды.
Кепілді операциялар – кепілдеме беру, белгіленген жағдай болғанда,
клиенттің үшінші тұлғаға берешегін өтеу операциялар. Сонымен қатар,
банкінің активтік операциялары: қауіптілік дәрежесіне қарай – қауіпті және
қауіпті – бейтарап операциялары; орналастыру түріне қарай: бірінші және
екінші; пайдалылық дәрежесіне қарай: пайда келтіруші және пайда келтірмеуші
операциялар болып та бөлінеді.[3]
Коммерциялық банктердің активін 4 категорияға жіктеуге болады:
▪ кассадағы қолма-қол ақша және оған жатқызылатын қаражаттар;
▪ бағалы қағаздарға салынған инвестициялар;
▪ ссудалар;
▪ ғимараттар мен құрал-жабдықтар.
Активтердің құрылымы тек қана активтер көлемі мен сыртқы жағдайлармен
ғана емес, сонымен бірге нақты банкінің активтерінің сапасын жоғарлату
бағытындағы банктің саясатымен де анықталады. Бұнда активтерді брутто-
активтері және нетто-активтеріне бөледі.
Брутто-активтерінің құрылымы:
▪ Табыс әкелмейтін активтер – басқа біреудегі корреспонденттік
шоттар, ақшалай қаражаттар, негізгі қорлар, материалдық емес
активтер, дебиторлар, бюджеттік және бюджеттен тыс қорлардың
қаражаттарын қолдану, капитал салымдарын қаржыландыру,
капиталдық шығындар, ағымдық шығыстар, болашақ кезеңдегі
шығыстар, бағалы қағаздар мен валюталар қаражаттарды қайта
бағалау, есепті жыл мен өткен жылдардың шығындары.
▪ Табыс әкелетін активтер – клиенттердің, банктердің, халықтың
ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді, орта мерзімді ссудалары, ссуда
мен пайыз бойынша мерзімі өтіп кеткен қарыздар, факторинг,
клиринг, қатысу, бағалы қағаздар, берілген кепілдер.
▪ Брутто-активтерінің барлығы – нетто балансының құрылымында
активтер, реттеуші, жинақтаушы және транзитті шоттарының
көлемінде қысқартылады.
Нетто-активтерінің құрылымы:
➢ Табыс әкелмейтін активтер – басқа банктердегі корреспонденттік
шоттар мен ақшалай қаражаттар, қалдық құны бойынша материалдық
емес активтер мен негізгі құралдар.
➢ Табыс әкелетін активтер – клиентке, банктерге және жеке
тұлғаларға берілген ссуда бойынша шығындарды жабатын резервтерді
шегеріп тастағандағы ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді
ссудалар алдын-ала құрылған резервтің есебінен бағалы қағаздардың
құнсыздануын шегеріп тасталған факторинг пен лизинг. Бағалы
қағаздар да осылай есептелген.
Нетто-активтерінің брутто-активтеріне қатынасы бірінші орында активтер
сапасына тәуелді рационалды активтерінің құрылымы туралы мәлімет береді.[4]

Коммерциялық банктердің клиенттеріне беретін қарызын біраз белгілерге
байланысты топтастыруға болады:
• Борышқордың типіне байланысты – кәсіпорынға, үкіметке және жергілікті
үкімет органдарына, халыққа, басқа банктерге берілетін қарыз;
• Пайдаланылатын мерзіміне байланысты – қысқа мерзімді (1 жылға дейін),
орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін), ұзақ мерзімді (5 жылдан
жоғары);
• Қызмет ету ортасына байланысты - өндіріс аясына берілген қарыз және
айналыс аясына берілген қарыз;
• Борышқордың қай салаға тиістілігіне қарай - өнеркәсіпке, саудаға,
ауылшаруашылығына, транспортқа берілетін қарыз;
• Қамтамасыз етілу бойынша – кепілді, қорғаулы, қауіпсіз және қамтамасыз
етілмеген;
• Өтеу тәсіліне қарай - бір уақытта және бөлшектеп өтелетін қарыз.
Несиені банктер несиелеудің мына негізгі принциптері сақталғанда ғана
береді: қамтамасыздық, қайтарымдылық, мерзімділік, төлемділік және
мақсаттылық.
Берілетін несиенің көлемі көптеген мемлекеттерде несие линиясының
мөлшерін бекіту арқылы реттеледі. Бұл жағдайда банк пен клиент арасында
келісім бекітіледі, ол бойынша банк борышқорға келісілген мерзім аралығында
белгілі бір соммаға несие беруге міндетті. Несие линиясы 1 жылға ашылады.
Келісілген мерзім аралығында борышқор қайтадан келіспей-ақ және қосымша
рәсімдемей-ақ қажет кезде несие алуға мүмкіндік алады. Әйтсе де, егер
клиенттің қаржылық жағдайы нашарлап кетсе, онда келісімнің аяқталуы
мерзіміне дейін оны жою құқы банкте болады. Несие линиясы банк жоғары сенім
көрсеткен бірінші класты борышқорға қолданылады. Келісім бекіткенде
клиенттің несие линиясы лимитінің 20-30% көлемінде орнын толтыратын аз
қалдық сақтау жағдай көрсетілген құжат қоса тіркеледі.
Банктік несиелеуді ұйымдастырудың келесі бір түрі – несиелік шотты
пайдалану арқылы несие беру. Бұл жағдайда берілетін несие соммасы несиелік
шоттың дебитінен клиенттің ағымдағы шотының кредитіне аударылады. Есеп-
төлем құжаттары борышқордың несиелік шотынан тікелей төленуі мүмкін.
Ағылшын және швейцария банктерінің тәжірибесінде банк топтарының
көлемді сомма беретін синдикаттық несие формасы қолданылады. Бұл жағдайда
қатысушы – банктің біреуі басқарушы және төлеушінің өкілі қызметін
атқарады. Германия мен Жапонияда консорциумдық несие де кең дамуда. Ол
синдикаттық несиеден 2 және одан да көп несие беруді ұйымдастырушысы және
басқарушысы болуымен ерекшеленеді. Консорциумдық несие әдетте өте ірі
соммаға (30 млн АҚШ долларынан жоғары) беріледі. Бұндай қарыз несие көлемін
ұлғайтып, банктің несиелік қауіпін төмендетеді. Келісімде несие өкілінің,
басқарушының және басқа несие беруші мен борышқордың құқы мен міндеттері
көрсетіледі.
Банктердің несие беру операциялары тобына факторинг және лизинг
операциялары да кіреді. Факторинг деген өнімдерді сату процесінде
контрагенттердің арасында туындайтын төленбеген қысқа мерзімді қарыз
тапсырысын банкке сату. Бұл жағдайда банк өнімді сатып алушыдан төлеуді
талап ететін құқыққа ие болады. Сонымен қатар банк клиенттің айналмалы
капиталын несиелеп, оның несиелік тәуекелін өзіне алады.
Қарыз беру мәселесін шешерде банк жеткізушінің несие қабілеттілігін
талдап, оған қарыздардың жағдайы туралы хабарлармен танысады. Төлей алмау
қауіпін банк өзіне алатындықтан, ол жеткізушіге шоттың жалпы сомасының 80-
90% бірден өзі төлеп, ал қалғанын дебитор қарыздың барлық сомасын өтегеннен
кейін ғана қайтарады. Коммерциялық банктер несиенің осы түрін дамытып, өз
операцияларын кеңейтуге қосымша мүмкіндік алып, табысын ұлғайтуға және
клиенттермен байланысын нығайтуға қол жеткізеді.
Лизинг операциясы деген жалдаушы кәсіпорындардың ұзақ мерзімге
машиналарды, жабдықтарды қозғалмайтын мүліктерді және негізгі капиталдың
басқа элементтерін жалға бергенде жүргізілетін операциялар. Банктер лизинг
компанияларына несие беру арқылы лизинг операциясына қатысады. Сонымен
қатар банктер жалға беретін машиналар мен құралдарды шығарушы –
кәсіпорындарды да несиелеуі мүмкін. Шарт мерзімінің соңында жалдаушы лизинг
обьектісін қалған құны бойынша сатып алуына болады. Банк лизинг операциясын
жүргізу арқылы клиенттің төлем қабілетсіздігінен туындайтын шығын қауіпін
төмендетеді. Оған қоса, банк жалға берілетін мүлікке амортизациялық төлемді
қосуға құқы бар. Ондай жағдайда сол мүліктен салық төленбей, ол сома жабдық
алуға жұмсалуы мүмкін.
Коммерциялық банктердің келесі маңызды операциясы бағалы қағаздармен
жүргізіледі: банк өз портфелі үшін бағалы қағаздарды сатып алу, жаңадан
шығарылған бағалы қағаздарды ұстаушылар арасында алғашқы орналастыру,
клиенттің тапсыруы бойынша бағалы қағаздарды сатып алу және сату, бағалы
қағаздар шығаруға қарыз беру. Ондай бағалы қағаздар жай және артықшылықты
акциялар, облигациялар, мемлекеттік қарыз міндеттемелері, вексельдер және
т.с.с қағаздар болуы мүмкін. Мысалы, банктің вексельдермен жүргізген актив
операциялар: есептеу және қайта есептеу операциялары, несие беру, акцепт
бойынша операциялар, инкассациялау, вексельдік кепілдік беру және т.с.с.
операциялар.
Банктердің бағалы қағаздарды инвестициялауының басты мақсаты – дивидент
және процент түрінде қосымша пайда табу. Бағалы қағаздардың табыстылығы
оларды өтеу мерзіміне тікелей байланысты. Бағалы қағаздарды өтеу мерзімі
қысқа болса, оның нарықтық бағасы тұрақты болады. Ал мерзімі ұзақ болған
сайын бағалы қағаздардың курсы жиі өзгереді. Сондықтан коммерциялық банктер
үшін қысқа мерзімді бағалы қағаздарға ақша жұмсау ұзақ мерзімді қағаздарға
ақша салудан гөрі тиімділеу.
Сонымен коммерциялық банктердің активінің бұрыннан қалыптасып және
қазіргі кезде өрістеп келе жатқан негізгі бағыты – несие беру операциясы
және бағалы қағаздармен операция. Бұл операциялар банк балансының 80%
құрайды. Бұдан басқа банктер кассалық, акцептік, шетел валютасымен,
қозғалмайтын мүліктермен, сондай-ақ делдалдық операциялар жүргізеді. Олар
бір-бірімен тығыз байланысты. Әсіресе актив және пассив операциялары бір-
біріне тәуелді. Себебі коммерциялық банктер негізінен өзгенің капиталымен
қызмет жасайды, сондықтан банк қаражатын несиеге беру және инвестициялау
масштабы көбіне банктің уақытша бос капитал мен жинақтарды тарту қабілетіне
байланысты.[5]
Активтерді орналастыру проблемасыны шешу жолы - жоғары табыс әкелетін
активтерді сатып алу болып табылады.
Қаражаттарды орналастыруда банктің алдында өтемпаздық пен пайдалылық
арасындағы конфликтіні шешу мәселесі тұрады.
Өтемпаздық-пайдалылық дилеммасын шешу үшін активті басқарудың 3
тәсілі бар. Бұлардың әрқайсысының оң және теріс жақтары бар. Коммерциялық
банктің нақты мәселесін шешкенде менеджерлер активті басқарудың әдістерінің
элементтерін пайдалана алады. Қаражаттың артық болуы кезінде қаражаттын
ортақ қор әдісін қолдана алады. Екінші әдіс – активтерді бөлу немесе
қаражаттың конверсиясы, үшіншісі – ғылыми басқарумен байланысты және ЭЕМ-ны
қолданумен байланысты. Әдістердің кез-келгенін орындағанда қаражаттарды
тарту бойынша шығындарды активтік операциялардан алатын табыстармен
сәйкестендіру керек.
Ортақ қаражаттар қоры әдісінің негізінде барлық ресурстардың біріктіру
қағидасы жатыр. Банкке қаражаттар талап етілгенге дейін салымдарды, жинақ,
мерзімдік салымдарды және банктің меншікті капиталын қоса есептегенде
әртүрлі көздерден түседі. Кейіннен бұл қаражаттар сәйкес келетін активтер
түрлеріне бөлінеді. Бұл модельге қаражаттар қай көзден келіп түскені
маңызды емес. Активтерді басқару тәсілі келесі 1-схемада көрсетілген.
Бұл әдіс менеджерлерден өтемпаздық пен пайдалылық қағидаларын орындауды
талап етеді. Қаражаттарды осы қағидаларға сәйкес келетін активтік
операцияларға орналастырады.
Банкирлер несиеге деген сұрауларды қанағаттандыруға және алынған
салымдарды төлеуге қолданған бірінші активтерге ерекше көңіл бөледі. Бұл
банктің өтемпаздығының басты көзі. Бірінші резервтерге сейфтегі және
чектегі қолма-қол ақшалар, инкассалау кезіндегі төлем құжаттары, басқа
банктегі корреспонденттік шоттағы қаражаттар, Ұлттық банктің резервтік
шотындағы қаражаттар жатады.
Екінші резервтерге қолма-қол ақшаға айналдыруға болатын жоғары
өтемпазды табысты активтер жатады. Оларға ссудалық шоттағы қаражаттар мен
бағалы қағаздар портфелін құрайтын активтер жатады.
Бірінші және екінші резервтердің көлемін анықтағаннан кейін банк
клиенттерге ссуда бере алады. Ссудалар – бұл банк активтерінің ең басты
бөлігі, ал ссудалардан түскен табыстар – банктің пайдасының ең ірі бөлігі.
Активтерді бөлу әдісі банкке қажетті өтемпазды активтік көлемі
қорлардың тарту көздеріне тәуелді екенін бекітеді (Схема - 1).
Екі әдіс те қолда бар қаражаттарды оларды пайда әкелетіндей етіп
орналастыруды көрсетеді.
Қаржаттардың құралу көздері:

Қаражаттарды орналастыру

Сурет - 1. Активтерді басқару тәсілі

Осы әдістің көмегімен міндетті резервтер нормасы мен олардың айналу
жылдамдығына сәйкес қаражаттардың көздері шектеледі. Мысалы, талап
етілгенге дейінгі салымдардың міндетті резервтер нормасы мен айналым
жылдамдығы мерзімді салымдарға және басқаларға қарағанда жоғары.
Бұл модель бойынша банктің ішінде банктер болады – талап етілгенге
дейінгі салымдар банкі, жинақ салымдар банкі, мерзімді салымдар банкі және
негізгі капиталдың банкі. Бұл жерде әр орталықтан қаражаттардың қозғалысы
ерекшеленеді. Талап етілгенге дейінгі салымдар өтемпазды активтер ең
жоғарғы жабылуды қажет ететіндіктен, талап етілгенге дейінгі салымдар
орталығынан қаражаттардың маңызды бөлігі бірінші резервтерге, қалған бөлігі
мемлекеттік бағалы қағаздарды инвестициялау жолымен екінші резервтерге, ал
қалған аз бөлігі қысқа мерзімді ссудаларды беруге жөнелтіледі. Бұл әдістің
оң жағы - өтемпазды активтердің үлесін азайту және қосымша қаражаттарды
ссуда мен инвестицияларға салу болып табылады, ал ол пайда нормасын
үлкейтеді.

Қаражаттардың құралу көздері:
Қаражаттарды орналастыру

Сурет - 2. Активтерді бөлу әдісі

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР ҚЫЗМЕТІНІҢ ТАЛДАУ,
АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ МЕН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ ( Темірбанк АҚ МЫСАЛЫ РЕТІНДЕ)

Бұл бөлімде Темірбанк акционерлік қоғамының қалыптасу кезеңдері мен
қызметін жағдайын, банктің жұмысының әдістері мен қаржылық көрсеткіштерін
талдауды қарастырдым.

1. Қазақстандағы Темірбанк коммерциялық банкінің қалыптасу кезеңдері
мен қызметін жағдайын талдау

"Темірбанк" акционерлік қоғам 1992 жылы 26 наурызда құрылды. Бас офис
Алматы қаласында орналасқан. Банктің филиалдық желісі 120 сату нүктесі бар.
Олар Қазақстанның 10000 халқы бар орталықтарда және қалаларында өз
қызметтерін атқарады. "Қазақстан Темірбанк " филиалы тікелей басқаруды
жүзеге асырады және оған жүктелген міндеттерді орындайды және жұмысшылардың
қызметінің тиімділігін қамтамасыз етеді. филиалдың жұмыс жағдайына
персоналды жауапкершілікті алады және оған қарайтын филиал жұмысшыларының
қызметінде, сонымен бірге, банк оның әкелген зиянына да жауапты болады. Өз
қызмет бабына сәйкес филиалдың өзінің қызметінің сұрақтары, мәселері
бойынша бұйрықтар мен басқа да талаптама құжаттарын шығарады. Филиал
туралы есеп берулердің уақытылы берулеріне, банк басқармасы мен банктің
құрылымдық бөлімшесінің барлық тапсырмаларының орындауына бақылау
жүргізеді. Олар: [12]
1 филиал үлесін банкпен берілген несиелік ресурстардыңорналастыру бойынша
сұрақтарды құрастырады және заемщиктің несие қабілеттілігін және
сенімділігін анықтау бойынша;
2 Берілген несиелерді уақытылы қайтаруына персоналды жауапкершілікті
алады;
3 Банк қызметінің сұрақтары бойынша мемлекеттік құқық қорғау және
басқа да органдарда сенім хатсыз уәкілдік жүргізеді;
4 Оған семіммен мүлік пен ақшаны заңды жұмсалуын қамтамасыз етеді;
5 Бухгалтерлік және статистикалық есептерді дұрыс ұйымдастырылуына
бақылау жүргізеді, банк алдында белгіленген тәртіппен есеп береді;
6 Еңбек шарттарын құру бойынша шараларды ұйымдастыруды жүзеге
асырады;
7 Қашан есептік бланктерді ,штамтарды сақтау және қолданудың белгіленген
тәртібін орындау,іс жүргізуді дұрыс жүргізуін, архифтегі құжаттарды
сақталуын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
8 Клиенттердің хаттарын, өтініштері мен шағымдырын уақытылы және сапалы
қарастырылуын қамтамасыз етеді;
9 Заңдылықтар мен ведомствалық актілерді дұрыс пайдалануын қамтамасыз
етеді;
10 Ережеден туындайтын, заңдылыққа қайшы келмейтін басқа да функциоларды
орындайды .
"Темірбанк"ашық акционерлік қоғам құрылымдық бөлімшесі бойынша жалпы
ереже. Құрылымдық бөлімше операциалық жұмыс басқармасының құрылымдық
бөлімшесі өз қызметін жалпы заңға сәйкес жүргізеді.
Әкімшілік қатынаста өз қызмкетінде ол функционалды түрде операциалық жұмыс
басқармасына бағынады. Мақсаты мен міндеттері:
- банк клиенттеріне банк қызметін сату,
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Қазақстан Республикасындағы зейнет ақы жүйесінің теориялық негіздері
Қазақстан Республикасында зейнет ақымен қамтамасыз етудің қазіргі жағдайы мен оны жетілдіру мәселелері
Жинақтаушы зейнетақы қорларында қаржылық басқару мәселелері
Қазақстандағы зейнетақы ісінің жағдайының талдауы
Жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі жинақтаушы зейнетақы қорлары
Мемлекеттік емес зейнетақы қорларының экономиканы қаржыландыруға қатысуы
Қазақстан Республикасының ұлттық банкі - банк жүйесінің негізгі буыны
Қазақстан Республикасында зейнеткерлердің әлеуметтік мәселелерін реформалаудың теориялық негіздері
Айналым капиталының элементтері
Пәндер