Ашаршылық


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

1930-1932 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық: себептері, салдары, шығыны.

Ресей империясының бөтен халықтарды отарлаудың ең сенімді әрі нәтижесі тез көрінетін әдісі - орыс шаруаларын жергілікті адамдармен араластыра қоныстандыру, мүмкіндігінше қоныстанушылардың санын жылдан - жылға көбейте беру. Мұндай саясатты қазақ жеріндегі орыс әкімшілігі жергілікті жердің тарихи ерекшілігін, оның тілін зертт ец арқылы асықпай жүргізген. Осы мақсатта Ресей империясы Қазақ даласына миссионерлерді жіберіп, аралас орыс - қазақ мектептерін ашқан. Орыс - қазақ мектептерін қазақ даласында сұлтандардың сұрауы бойынша ашып отырмыз деген сылтау айтқан. Ал шынында мұндай мектептер жергілікті халықты сауаттандыруды, оларды ғылым - білімге тартуды көздемеген, керісінше, өздерінің күнделікті саяси әлеуметтік іс - әрекеттеріне жегетін төменгі дәрежелі қызметкерлер даярлау мақсатымен ашылған. Бұлардың барлығының түпкі мақсаты - жергілікті халықтың үнін шығармай билеу, рухани жағынан халықты өз тілінен, мәдениетінен, жазуынан айыру, қоғамдық ұлттық сананы мешеу қалдыру. Бұрын біз бұл құбылыстың кейбір жақтарын алға дамушылық деп келдік. Енді ұлттық санаға салып ойланып қарасақ, мұның бәрі бізді, түптеп келгенде, қазақ халқы өмір сүргенін кейінгі ұрпағы білмей де қалуы мүмкін екен.

Дәл осындай саясат бостандық әкелді, теңдік әперді де күткен Қазан төңкерісінен кейін де тоқтаған жоқ. Кремельдегі басшылар Ресей империясының отарлау саясатының тәжірибесін жаңа заманға бейімдеп зерттеу жүргізіп, оған кедергі болар ұлттық есті азаматтарын жау етіп көрсетіп, ит жеккенге айдатып, олардың орнына мансаптан басқа мұңы жоқ белсенділерді, ұраншыл ұрда - жықтарды дәріптеп отырды. Ұжымдастыруды жедел жүзеге асырамыз деп қазақтың күн көріп отырған соңғы малын, тамағын аузынан жырып алып аштан қырған да, « халық жауларының жоспарын асыра орындаймыз» деп қазақтың ары бар, ақылы бар мыңдаған азаматтарын қойдай қырған да Мәскеуде отырған отаршылдар еді.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Қожатоғай» аулының тұрғыны ақсақал Арын Мырзаевтың естелігінен: « Сәкен, Тұрар ағаларды, тағы басқа қайраткерлерді « халық жауы» деп қамауға алғанын газеттен оқып білдік . . . Қазақстанды басқарған ірі кісілерді мен өзім жау дегенге сенгем жоқ. Бұл Сталиннің жақсы адамдарға жасаған қиянаты деген ой мені толғандырды. Білмеймін, балалығым ба, әлде ақындық арқам қысып кетті ме, 1938 жылы «Сталинге хат» деген өлең жаздым. Соңы не боларына ақылым жетпесе керек . . . Облыстық сот мені алты жылға, серігімді бес жылға соттауға үкім шығарды. Сот күні «Сталинге қарсы өлең шығарған баланы көреміз» деп көп халық жиналыпты . . . ». {1}

Сталин мен Голощекин бір халықтың мәдениеті мен ұлттық шаруашылығын құрту арқылы екінші халықтың өркендеуіне ашықтан - ашық жол салды. Мысалы, қазақтың малын тартып алып, ауқаттыларын тәркілеп жіберді де, бүкіл Азияны отырықшыландырып, тұрақты егіс алқабына айналдырды. Немесе үшінші біреулерін қалалы жерлерге шоғырландырды. Қазақтың тәркілеумен тартып алынған малы ірі өндіріс орындарында, «аға халықтың» қолында «бесжылдықтың» балғасы солқылдата соғылуы үшін құрбандыққа шалынған болса, ал қазақтардың өзі малдан айырылған соң аштықтан қырылып қалған.

Ал Голощекин саясаты сталинизмнің Қазақстандағы айқын көшірмесі болды. Голощекин патша отаршылдығын кеңестік тәсілмен пәрменді түрде жүргізген Қазақстандағы кіші Сталин еді. Патшалы Ресейдің екі ғасыр бойы іске асыра алмағанын коммунистік жүйе он - ақ жыл ішінде жүзеге асырды . . .

Қанды қол Ф. И. Голощекин Қазақстанда « Кіші Октябрь» жасаймын дегенде халық арасында толқу, наразылық болатынын алдын ала білген. Сондықтан ол жымдастырудың зардаптары боларын, халықтың аштыққа ұрынатынын сезіп, Республика үкіметіне қарсы болар байырғы мемлекет қайраткерлерін жауапты жерлерден шеттетіп, орнына сол салада тәжірбиесі аз, тек жоғарыдан айтқанды бұлжытпай орындайтын адамдарды қояды . . . Соған мысал ретінде Сталиндік қуғын - сүргінге алдымен Халық комиссарлары ұшырады. 1920-1938 жылдар арсында тағайындалған 126 халық комиссарларының 74-і қуғын - сүргінге түсті. Бұлардың 51-і ату жазасына кесілді, екеуі үкім шыққанша өзін - өзі өлтірді, 21- әртүрлі мерзімге лагерьлерге айдалды. Тоз - тоз болып кеткен қазақ елінің басын қосып, басқару үшін құрылған тұңғыш мемлекеттің басына қазақ отырғанда, ол кейін тағы бір қазаққа мұра болып қалатын еді, 1925 жылы Қазақ елін басқаруға Голощекин емес, Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Смағұл Сәдуақасов, Орал Жандосов, Сейітқали Меңдешов, Сәкен Сейфуллин, Әбдірахман Әйтиев сияқты ұлтжанды азаматттардың бірі отырса, 1920 жылдың соңы мен 1930 жылдардың басында асыра сілтеушілік соншалық шырқап кетпейтіні, қазақ 1922 және 1932 жылдары аштықтан топалаң тиген қойдай қырылмайтыны анық еді.

1925 жылы Қазақстанға келіп, Өлке комитетінің біріншісі хатшысы ретінде Ф. И. Голощекин өзінің алғашқы сөзінде « ауылдарда Кеңес билігі жоқ» деп жариялайды. Ол «таққа» отырған сөзінде партияның екі беткейі бар - ұлы орыстық шовинизм және қазақтар ұлтшылдығы деген еді. Бірақ ол тез арада « беткейлі шовинистерді» таба алмай, «ұлтшыл - беткейге» көңіл бөліп, оларды шеттетіп, жоюға кірісті. «Қара тізімге» кезіндн компартияның Орталық Комитеті және Кеңес үкіметінің Қазақстанға жіберілген С. С. Пестковский, П. А. Кобозев, В. А. Радус - Зенькович, И. А. Зеленский, М. М. Костолевская, Д. А. Фурманова және басқаларымен бірге қызметтес болып, Қазақстанда партия ұйымдарын құрып, толықтырып және күшейтуге белсенділік көрсеткен көрнекті қазақ коммунистері Т. Рысқұлов, С. Қожанов, С. Садуақасов, Н. Нұрмақов, Н. Төреқұлов, С. Меңдешов, О. Жандосов, С. Сейфуллин, Б. Серікбаев, А. Розыбақиев, Ә. Әйтиев, тағы да сансыз кісілер кіргізілді.

Көп ұзамай Голощекин өзінің басты идеясын паш етті: «Біздің ауылдарда «Кіші Октябрмен» жүріп өтуге болатындығы әбден мүмкін! Сонымен, төңкерістен сегіз жыл өткеннен кейін Далаға «Кіші Октябрь» жариялайды . . . »{2}

Негізгі бөлім

А) Ф. И. Голощекиннің «Кіші Октябрь» дейтін сұрқия саясатының басталуы мен белең алуы.

Қазақстан тарихының ақтаңдық тұстарына қатысты мәселелер толып жатыр. Бірақ осылардың ішінде қилы саяси және идеологиялық себептерге орай жан - жақты, әрі шындық тұрғысынан зерттеу обьектісіне айналмаған ауқымды бір проблема бар. Сөз дәстүрлі щаруашылықтың бастауларын қирату жөнінде болып отыр.

Кез келген мемлекеттің даму үрдісіндегі өзекті жағдаят - жер туралы мәселе болып табылады. Бұл тұрғыдан Қазақстан да шеткері қала алмайды. Оның тарихындағы 300- ден астам ұлт - азаттық қозғалыстар мен көтерілістердің шығу төркіні жер мәселесінен басталғанын еске салса да жетіп жатыр. Сөз жоқ, қазақтардың дәстүрлі шаруашылық үрдісін қиратуды патша шенеуніктері бастады. Фактілерге жүгінейік. Романовтар әулетінің итаршы ғалымы П. Мигулин сонау 1914 жылдың өзінде: «Ресейдің тарихи ролі халқы тығыз орналасқан бай елдерді қанауда емес. Шығыстағы бос жатқан жерлерді қоныстауда жатыр . . . » деп жазады. Міне, отарлау саясатының негізі мен бастауы осында. Патшалық Ресей 1891 жылы Далалық Ережеге орай қазақ жерін өз меншігі деп жариялап, империяның терең түкпірінен қоныс аудару саясатын күшейтті. Бұл саясат Столыпиннің аграрлық реформасы кезінде шырқау шегіне жетті. Осының нәтижесінде Қазан револциясы қарсаңында қазақ өлкесіне көшіп келгендердің саны 1 миллионнан асты. Қоныс аударушыларға егінге қолайлы, шұрайлы, суарылатын жерлер тартып алынып берілді де, қазақтар далалы, жартылай шөлейт аймақтарға ығыстырылды. Ал бұл жағдаят терең шаруашылық дағдарысына душар етті. Осыған орай ғасыр басында қазақ қоғамдық ойының діңгекті мәселесі жер проблемасы болған еді. Бұл мәселе II Мемлекеттік Дума деңгейінде де көтерілді. {3}

Кеңес өкіметінің Қазақстандағы саясаты республикадағы партияның билік басына Ф. И. Голощекин келгеннен кейін тіпті ушыға түсті. Бұл қайғылы кезең бізге авторы Ф. И. Голощекин болып табылатын «Кіші Октябрь» дейтін сұрқия саясат - ретінде танымал. Оның революциялық жолдағы жақын серіктері Турухан өлкесінде айдауда бірге болған Я. М. Свердлов былай деп жазған: « Ол жалпы адам баласын жарылқай бермегенімен, нақты кісіге келгенде құтырып кететін ». оның бейнесіне және бір штрих келтірейік «Қатыгездік Голощекиннің басты мінезі болатын. Ол өзі сталиндік ГПУ - дің қапасына түскенше талайлардың тағдырын күйретті» - дейді . И. Непейн. Жөн, бірақ жалпылама айтылған. Оның өміріндегі маңызды белес - Қазақстандағы сегіз жыл жайында ештеңе делінбеген. Айтқандай, ол турасында соңғы кезге дейін, шетелдегі де тарихшылар жақ ашпай келді.

Қазақстан өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы бола салысымен ол 1925 ж. ауылда ( бүкіл республикаға деп түсіну керек) кеіес өкіметі жоқ, байлардың билігі ғана бар деп соқты.

Сонда ол сол тұста, не кейін әлгі ауылда бір рет те болған емес. Ол өзінің «таққа» отырғандығы сөзінде партиядағы қос қисық жол - ұлы Ресейлік шовинизм мен қазақ ұлтшылдығын тоқпақтай өтті. Бірақ, шовинистердің көсемдері жиырма бесінші жылы да, одан кейін де табылмай қойды, тек оның есесіне «ұлтшыл - бұра тартушылардың» тізіміне Т. Рысқұлов, С. Қожанов, С. Садуақасов, Н. Нұрмақов, С. Меңдешев, Н. Төреқұлов сынды қазақтың ең көрнекті коммунистері ізінше іліктірілді. Жаңа хатшыға бас изеп шыбындап тұратын жандайшаптар ғана қажет болды, ал қалғандарын шетке қағылып көздері жойылады.

Көп ұзамай Голощекин өзінің басты идеясын көлденең тартты. «Мен «Кіші Октябрьмен» біздің ауылдың үстімен көктей өту керек деп түйіндеймін. Ондағы экономикалық жағдаятты өзгерту қажет. Кедейге байларға қарсы таптық күресінде қол ұшын берейік, егер бұл азаматтық соғысқа ұласар болса, т бізде ат салысамыз».

Сөйтіп, ол революциядан соң сегіз жыл өткенде өзінің « Кіші Октябрін» жариялады. Жақында ған құйынша соққан апаттан есін жия алмай есеңгіреп қалған елге қажет болса «қантөгістен қорықпай» жаңа құрбандықтарға бару керек деп соқты.

Тарихшылардың ішінен алғашқылардың бірі болып Голощекиннің саяси бейнесін жасауға талпынған академик М. Қозыбаев мына бір жағдайларға тоқталады: алдымен Голощекин сегіз жыл бойы «Кіші Қазан» саясатына қазақ ауылында революциялық өзгерістер жоқ деген сеніммен жүзеге асырамын деп тырысып бақты. Екіншіден, малшының көшпенді тұрмысын, салт - дәстүрлерін қазақтардың күнделікті тіршілігі ретінде теориялық тұрғыдан негіздегісі келді, әрі бұл әдеттерді кейбір шаралар арқылы көзін жоюға болады деп есептеді.

Үшіншіден, ол экстенсивті мал шаруашылығын қоғамдық дамудың одан гөрі жоғары сатысына көтеру кезінде мал басын кеміту объективті заңдылық болады дегенді ойлап тапты. Төртіншіден, көшпенділерді отырықшылыққа бейімдеу ісі құрбандықсыз болмайды дейтін « теориясымақтың» ұшпағын шығарды. Бесіншіден, Қазақстанның даму деңгейін Одақтағыдан еш айырмасы жоқ, ендеше республикада социализм құру кезінде ескерерліктей ерекшеліктер мүлде жоқ деген пікірді қалыптастырғысы келді. Мұндай теориялық негіз оған өлкедегі ұжымдастыру қарқынын жеделдету үшін қажет болды. Алтыншыдан, Голощекин жартылай феодалдық өндірістік қатынастар күрт өзгерістерге ұшырап жатқан ауыл жайлы «Жоғарға деңгейдегі таптық күрес жүргізбей болмайды» дейтін жалған теориялық байлам жасады.

Ол сөйтіп кейін орын алған тізеге салу шараларына теориялық негіздеме берді. Жетіншіден, ол қазақ комунистерін үш топқа бөлді. Біріншілер - айтқанға көнбейтін, айдауға жүрмейтін, түзелмейтін, ұлтшыл - бұра тартушылар, сондықтан олар жаңа қоғамды құру ісіне жарамайды. Екіншілер - жағдайға сай өзгеріп тұратын жылмақайлар. Ал үшінші топ - өйткен - бүйткен қателіктер үшін Голощекиннің өзін жауапқа тартуға ұмтылатындар. Ол соңғы тұжырымдамасын елді сегіз жыл сергелдеңге салғаннан кейінгі қоштасар сөзінде айтты. Тоқ етерін айтқанда ол Қазақстанда осы елді басқаруға лайықты бірден - бір коммунист жоқ деген пікірңнен таймай кетті. Сондықтан, ғасырлар бойы қалыптасқан шаруашылықты тас - талқан етуге тырысқан Голощекинге қарсыласқан беделді қазақ коммунистеріне ол ұлтшылдар деп айдар тақты да, Сталиннің көмегіне сүйеніп, оларды қырып салды.

«Ұлы бетбұрыс» тұсында Голощекин жағдайды әбден билеп алған еді. Партия қатарларын « большевиктендіру» саяси қарсыластардың баршасына құртуға, немесе өзіндік пікірі бар «ұлтшылдарды» өлкелік рпартия комитетінің екінші хатшысы І. Құрамысов немесе Қазақстан Орталық Атқару төрағасы Е. Ерназаров сияқты жағдайшаптармен айырбастауға мүмкіндік берді. Ұлтымыздың рухани бетке ұстарлары бір жола жойылды, мешіттер жабылды, діндарлар қуғынға ұшырады. Таптық күресті қолдан қоздыру қазақ халқына жік салды. Осындай сорақылыққа барлық жағдайлар жасалды.

Шамалы ғана уақыт ішінде қазақарға ауыр зардабын тигізген бірнеше шешім қабылданды. 1926 жылғы 27 тамызда Қаз ОАК мен ҚазҚСР Халық Комиссарлары Кеңесінің «Байлардың шаруашылықтарын тәркілеу (конфискациялау) туралы» бірлескен қаулысы жариялады, сол жылдың 13-ші қыркүйегінде "Тәркілеуге қарсылық көрсеткендері үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту және ірі байлар мен жартылай феодалдарды жер аудару туралы» жарлық шықты. 1930-шы жылғы 19-шы қаңтарда «Жаппай ұжымдастыру аудандарындағы ауыл шаруашылығын әлеуметтік тұрғыдан қайта құру және құлақтар мен байларға қарсы күрес жүргізу туралы» қаулы дүниеге келді.

Халық мұндай зорлық-зомбылыққа ашық қарсы шықты, кей жерлерде қару алды. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Президиумның 1992 ж 7-желтоқсандағы шешімінде былай делінген: Қазақстанда 1929-1931 жж. 372 көтеріліс болған, оларға 80 мыңнан астам адам қатысқан. Созақ, Бұқтырма, Ырғыз, Қазалы, Қармақшы, Самар, Абыралы, Шыңғыстау, Қастек, Балқаш, Шұбартау, Маңғыстаудағы осындай дүрбелеңдер қайғылы аяқталған. мұның соңы көп халықтың өзге республикаға, оның ішінде шет елдерге де еріксіз қоныс аударуға ұласты. Мәселен, 1930-шы жылдың басынан 1931-ші жылдың орта шеніне дейін Қазақстан аумағынан 281230 шаруа отбасылары қоныс аудара көшкен. Олардың көпшілігі Қытай, Иран, Ауғанстан өтіп кетті. Еліміздегі алапат-аштық жылдары Қазақстаннан 1 млн. 130 мың адам ауа көшті де, кейін олардың 454 мыңы ғана Отанына оралды.

1929 - 31 ж. ж. ГПУ органдары жүргізген жазалау акциялары нәтижесінде толқулармен көтерілістерге қатысқаны үшін 5551 адам жауапқа тартылып, олардвң 883 - іатылды. Ал кедей комитеттері мен революциялық үштіктердің сойқандықтарынан қанша адам қырылды десеңіз ші? Сол жылдардағы зұлмат аштықтың салдарынын барша қазақ жұртының тең жартысына жуығы қынадай қырылды!

Билікті пайдаланып қылмыс жасау, қажыған халықтың қайыршы халге ұшырап, аштыққа килігуі өлкедегі кқптеген партия және мемлекет қайраткерлерінің, интеллегенция өкілдерінің ашу - ызасы мен қарсылығын туғызды. Архивтерде сол сұрапыл кезеңдерді ой елегінен өткізердей жүздеген хаттар сақталған. Ғ. Мүсірепов, М. Ғатаулин, М. Даулетқалиев, Е. Алтынбеков пен Қ. Қуанышов 1932 жылы қол қойып «Бесеудің хаты» аталған және Ф. И. Голощекин мен И. Сталинге жолданған белгілі құжат көпшілікке таныс. Мұндай хаттарды Т. Рысқұловтың 1933 жылы 9 наурызында Сталинге, Молотовқа, Кагановичке жіберген мына бір хатынан келтірілген кішкене үзіндінің өзі - ақ сол бір қайғылы кезеңді айқын суреттегендей: «Қызыл крест мәскеулік отрядының Ақтөбе облысында жұмыс істеген тобының баяндамасына қарағанда, Торғай ауданы тәрізді аумақтардағы қазақтар жаппай аштыққа душар болған, оларды қилы - қилы жұқпалы аурулар шарпыған. Аш құрсақтар қоқыр - соқыр, түрлі өсімдіктердің тамырымен қоректенуі, ұсақ кеміргіштер ит - мысықтар желініп біткен лашықтардың айналасы әлгілердің сан рет қайнатқан сүйектеріне толы, тіпті өлгендердің мәйіттерін жеу фактілер жайлы хабарлауда».

Бір өкінерлігі, баспасөз бетінде кейінгі жылдары жариялаған басылымдарда көбінесе ересек тұрғындар мен мал басының шығындары сөз болады. Ал, шынтуайтында болжам есептеулерге қарағанда 1932 - 1933 ж. ж емшектегі сәбилердің үштен екісі, ал оқу жасындағылардың жартысынан көбі қырылған. Сөйтіп, алапат аштық халқымыздың болашағына да осылайша балта шапқан еді.

Міне, сондықтан республика Жоғарғы Кеңесінің күзгі сессиясы 1992 жылғы 31 мамыр күні - қырғын аштықтың 60 жылдығын - қазақ халқының ұлттық трагедиясы күні ретінде атап өтуге шешім қабылдады. Содан бері бұл күн Ұлттық Аза күні ретінде аталып келеді. {4}

Б) Коллективтендірудің әлуметтік зардаптары, шығыны

Қонысын тастап Қазақстанмен көршілес өлкелерге көшкен қазақтардың мекен - жайларынан келіп түскен, шамамен алынған соңғы деректерге қарағанда, қазір Орта Еділде - 40 мың, Қырғызстанда - 100 мың, Батыс Сібірде - 50 мың, Қарақалпақстанда - 20 мың, Орта Азияда - 30 мың қазақ бар. Қоныс аударғандар Қалмақ жеріне, Тәжікстанға, Солтүстік өлкеге және басқа осы сияқты шалғай жерлерге де көшіп кетті. Байлар бастаған бір қауым Батыс Қытайға ауды. Қазақтардың бұлайша орталық аймақтарға қарай ауа көшуі Қазақстанда бұрын - соңды байқалмаған құбылыс. Бұл - қазақтардың жай көші - қоңы емес, көп ретте аш адамдардың талажау іздеп, басы ауған жаққа кетуі. Кейбір аудандарда қонысынан ауғандардың саны сол аудандарда тұратын барлық халықтардың 40 - 50 процентіне дейін жетеді. Қонысынан ауғандардың көпшілігі жұмысқа орналастырылмаған, сондықтан олар ауыр жағдайды бастарынан өткеруде, ал кәсіпорындарға, совхоздар мен МТС - терге орналаса қалған қазақ жұмысшылары қазір қысқартуға ұшырап жатыр және бұл кәсіпорындардағы жұмысшылардың жалпы саны егер оларда қазақ жұмысшылары істейтін болса, көп ретте тек қана солардың есебінен қысқартылады.

Қазақтардың арасында 1932 жылдан бастап белеі алған аштық пен індет осы қоныстан ауудың және қазақ қожалықтарының шаңырағы шайқалуының ең кесапатты зардаптары, жаз айларында біраз саябырсыған аштық пен індет, қазір қайтадан сұрапыл өршіп тұр. Өткен көктемде қазақ аудандарында және қонысынан ауғандар арасында ашаршылық пен індет салдарынан алдам өлімі өте көп болған еді. қазір көктем жақындаған сайын бұл құбылыс таға да үдеп барады. Жергілікті жерлердегі материалдардан алынған және осы соңғы кездерге қатысты бірсыпыра деректер бар. Бірқатар өлкелерден РСФСР Халық Комиссалары Советі комиссиясының жұмысына қатысу үшін келген өкілдер мынадай фактілерді мәлім етеді. Илларионов жолдас Сольилецк және Орск аудандарында қонысынан акып кеткендерден күн сайын 5 - 10 адам өлетінін айтты. Алагызов жжолдас бір ғана Сібір темір жол бойындағы станцияларда 10 мың өазаөтың сеңдей соғылысып жүргенін, олардың арасында жұқпалы ауруларға шалдыққандардың көптігін және өлім - жітімнің аз еместігін, Солтүстік жол құрылысының кірпіш заводында 84 өазаө жқмысшысы істегенін, кейін олардың жұмыстан шығарылғанын, 14 адамның аштан өлгенінғ бұл үшін айыптылардың жауапқа тартылғандарын хабарлады. Қонысынан ауғандардың хал - жағдайы Қазақстанның өз ішінде де мәз емес. Көптеген қалалар ( Әулиеата, Шымкент, Семей, Қызылорда және т. б) мен темір жол станцияларында өлген қазақтардың мәйітін күн сайын қала сыртына алып кетіп жатты. Шу ауданында аудан орталығы Ново - Тройцк селосында күн сайын дерлік 10 - 12 қазақ өледі, сондай - ақ ауданнан коммунистердің 60 проценті кетіп қалған ( уәкіл Жандосовтың айтуынша), Сарысу ауданындағы 7000 қожалықтан тек 500 - дей қожалық қалған, өзгелері Әулиеата және басқа аудандарға көшіп кеткен, ал бірсыпырасы тіпті Қырғыстанға ауып барған. Қаррша айында осы ауданнан әлденеше жүздеген қазақ тайлы - таяғы қалмай шұбырып ұзақ жолға шыққан. Осы жол үстінде олардың біразы қаза тапқан. Қаңтардың екінші бескүндігіде ғана 24 адамның сүйегі табылған. Жолда оларға ұарулы қарақшылар шабуыл жасаған. Шарасы қалмаған әйелдер балаларын суға лақтырған. 5 - 6 қаңтарда Әулиеатаның шайханаларында үсіп өлген 20 баланың сүйектері жинап алынған және сол мерзім аралығында 84 ересек адам аштан өлген. Ақтөбе облыстық партия комитетінің 1932 жылғы 16 қазандағы қаулысында Жосалы темір жол станциясына қайта көшіп келген 300 - 400 отбасынан 100 қазақтың көмек көрсетілмегендіктен қаза тапқаны және станцияда қазақтарды ұрып - соғудың орын алып отырғаны айтылған. Аталмыш қаулыда « қазақтардың жаппай қырылып жатқанына аудандық ұйымдардың енжар қарап, араласпай отырғаны» ашып айтылған. Бұл оқиға шілде айының аяқ кезінде болса да, облыстық комитеттің қаулысы қазан айында қабылданған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыр өңіріндегі ашаршылық және оның салдары
Бір ғасырда үш бірдей ашаршылықты бастан кешкен
1922 жылдардағы ашаршылықтың шығу себептері
Аштықтың ауыр зардаптары
Семей губерниясындағы ашаршылық және оның салдары
1921 жылдың күзіне қарай Қазақ АКСР - інің жеті губерниясының бесеуі
Ашаршылықтың халық демографиясына салдары
1931 - 1933 жж Қазақстандағы ашаршылық
Ашаршылық нәтижесі
1921-1922 жылдардағы ашаршылық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz