Қазақ тіліндегі варваризмдер, жаргон және арго: лексикалық және әлеуметтік ерекшеліктер


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ тіліндегі варваризмдер, жаргон және арго

Варваризмдер бұл -( гректің barbarisinos) - дөрекі, бөтендікі, шеттікі, біздікі емес деген мағыналы сөзінен алынған термин. Лингвистикада варваризм, негізінен үш түрлі мағынада қолданылады: варваризм - белгілі бір тілдің нормасына қайшы, ол тілдің заңы бойынша « теріс құрастырылған» сөз формалары мен тіркестер: варваризмдер - шетел әдет-ғұрпы, өмір-тұрмыс салты реалийлеріне қатысты кірме сөздер; варваризм - әзірше өзін қолданып отырған тілден «азаматтық хұқық» ала алмай, тек кейбір әлеуметтік мұқтаждықтарын өтеу үшін «амалсыздар» пайдпланылатын шетел сөздері мен тіркестері. Мәселен, авеню - французша кең көше; табльдот - нансионат, курорттардағы ортақ стол т. б Бұл сияқты сөздер орыс тіліне басқа тілдерден енген; мұндайлардың грамм. Формалары орыс тіліне әлі сіңіп кете қойған жоқ. Сондықтан мұндай формалар, яғни варваризмдер тек кірме қалпында қолданылады. Варваризмдермен экзотикалық - шетелдік, басқа тілдік лексика байланысты болып келеді . Экзотикалық лексика - бөтен тіл иесінің ұлттық, жергілікті өзіндік ерекшелігін айқын танытатын құралдың бірі.

Жаргондар мен арголар - тілдің пассив лексикасының бір тобы. Екеуі де француз тілінен алынған термив (iarogon, arogot) . Мағынасы «құпия сөз», «құпия тіл» дегенге келеді. Бұлар - кейбір әлеуметтік топ өкілдерінің «өз сөздері мен сөз тіркестерін» өздерінен басқа жұрт түсінбесін деген мақсатпен құрастырып алған жасанды, «құпия», шартты тіл. Арго мен жарго лексикасының бір-бірінен сәл-пәл ғана айырмашылығы бар: жаргондарда эмоцианалды-экспрессивті реңк, яғни қосалқы бояу, өңдеп, әшекейлей түсу, сондай-ақ, кемістіңкіреуші, жағымсыздандыра түсумағына басымырақ болады.

Арго (фр. argot ) - сөйлеудің әлеуметтік немесе кәсіби түрі; ол лексиканың шарттылығы, жасандылығы және құпиялылығы арқылы сипатталады; арго, әдетте, біршама тұйық әлеуметтік топтарға немесе қағамдастықтарға тән болып саналады.

Аргоны қолданушы топтар да, соған орай, аргоның түр-түрі де көп: мектеп оқушылары аргосы, студенттер аргосы, спорттық арго, т. б. студенттер аргосы: спихнуть емтиханды әйтеуір өйтіп-бүйтіп тапсыру, похрянаем - тамақтанайық, бобнем - ішіп жіберейік.

Жаргон (фр. jargon ) - ортақ мүдделеріне қарай топтасқан, шартты түрде дербес әлеуметтік топтың тілі; жаргон көбіне-көп жасанды түрде жасалған сөздерден, сөйленістерден тұрады, олар жалпыхалықтық тілден айырмаланады.

Жаргондарды қолданушылар, соған орай, жаргонның түр-түрі де көп: буржуазия жаргоны, дворяндар жаргоны, әскери жаргон, кеңсе жаргоны, аралас жаргондар, т. б. Осыларға сай, жаргондық тізбектер, жаргондық қолданыстар, жаргондық идиоматика, жаргондық сөздер, жаргондық лексика, жаргонизм сияқты сөз тіркестері қолданыла береді. Бұлардың ішінде аралас жаргондар ұғымы - креол тілдері легенге, ал жаргонизм - ағылшындардың иелігіне жақын.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ғ. Қасенов «Тіл білімі» (114-121бет)
  2. Кеңесбаев «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі»
  3. Мұсабаев «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы»
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөйлеу тіліндегі диалектизмдер, жаргон және арго элементтерінің ерекшеліктері мен айырмашылықтары
Қазақ диалектілеріндегі лексикалық ерекшеліктер
Қазақ тіліндегі варваризмдер: туындау себептері, көріністері және ақпараттық кеңістіктегі функциясы
Ағылшын тіліндегі жаргон мен сленгтің шығу тарихы мен қолданылу ерекшеліктері
Қазіргі ағылшын тіліндегі сленг: этимологиясы, лексикалық ерекшеліктері және қазақ тіліне аудару мәселелері
Хинди тіліндегі гендерлік аспектілер: ерлер мен әйелдердің сөйлеуіндегі лексикалық және синтаксистік ерекшеліктер
Қазақ тіліндегі лексикалық стилистиканың өзекті мәселелері
Қазақ тіліндегі периссология (плеоназм): лексикалық және фразеологиялық аспектілері
Қазақ тарихи романдары тіліндегі стильдік тезге түсіру: лексикалық-стильдік ерекшеліктер (Қ. Жұмаділов, М. Есламғалиев, Ш. Құмар шығармалары мысалында)
Грамматикалық мағына: түрлері, берілу тәсілдері және қазақ тіліндегі ерекшеліктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz