Азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы түсінік



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І АЗАМАТТЫҚ.ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Азаматтық. құқықтық жауапкершілігінің түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Азаматтық. құқықтық жауапкершілігінің түсінігі туралы пікірлер ... ..11

ІІ АЗАМАТТЫҚ.ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
2.1 Азамматтық.құқықтық жауапкершіліктің түрі және нысандары ... ... ...15
2.2 Жауапкершілік түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.3 Құқық бұзушылықтың басқа түрлері үшін жауапкершілік ... ... ... ... ... 23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Азаматтық құқықта құқықтық қатынастарды реттеу үшін азаматтық- құқықтық жауапкершілік қолданылады. Міндеттеме талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту құқық бұзушылықты қалпына келтірудің тиімді жолы болып табылады. Азаматтық құқықта жауапгершілік заңға және шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң талабынан ауытқуы жауапгершілікке әкеліп соғады. Азаматтарды және заңды тұлғалардың құқығын қорғау жауапгершілік арқылы жүзеге асырылады.
Алайда, жауапгершілік заңнан немесе шарттан тыс көзделуі мүмкін. Жауапгершілік заң шеңберінен аспауы тиіс. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қолдану үшін «жауапкершілік» түсінігін анықтап алуымыз қажет. Жауапкершілік туралы ғалымдардың әртүрлі пікірі қалыптасқан.
Азаматтық құқық жауапкершілікті қолдану арқылы әділетке жету үшін барлық жағдайларды қарастырған. Алайда қоғамның даму барысында түсінігі туралы теориялар мен тұжырымдардың жаңа түсінігіне бастама болады.
Азаматтық-құқықтық белсенділік қалыптастыруда мүліктік жауапкершілік иеленуші роль атқарады. Бұл туралы Азаматтық кодекстің екінші бөлімі «ерекше бөлімінде» жан- жақты қамтылған. Осы тұрғыдан алып салыстырғанда, азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің, соның ішінде әсіресе, мүліктің төлем мақсаты бар мүліктік жауаптылықтың тәрбиелік функциясы айырықша мәнге ие.
Зерттеу тақырыбымыздың мақсаты мен мазмұны ескере отырып, негізінен, азаматтық- құқық жауапкершіліктің тәрбиелік аспектілерін қаралап көрелік. Аталған мәселелерді зерттеумен айналысып жүрген Қазақстандық ғалымдар Ю.Г. Басин, М.К.Сүлейменов, А.Г.Диденко, О.Ихсанов және ресейлік ғалым Е.А.Сухановтың пікірінше азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің ескерту-тәрбиелік функциясының айқындаушы маңызы зор.
Бәрімізге мәлім, жауапкершілік әлеуметтік өмір аясында адам, қоғамның табиғи өмір сүруі үшін қажетті жағдай туғызуға себепті салдарын тигізетін еркіндікті (соның ішінде ой еркіндігінде) қамтамасыз етуге қабілетті, жауапкершілікті адамдардың мінез- құлқын қалыптастыру құралы болып табылады. Олай болса, жауапкершілік пен еркіндік өзара байланысты әрі бір-біріне себепті салдарлық құбылыстар. Еркіндік істің байыбын барлай отырып, дұрыс шешім қабілеттілігінен басқа ешнәрсе емес. Еркіндік немесе шешім қабылдауға жағдай тудырған болса, жауапкершілік те арта түседі. Еркіндік шектелген, шектелілген жерде жауапсыздыққа, заңға қайшы келетін мінез-құлыққа әкеліп соқтыратын психологиялық деформацияға жол ашылады.
Нарықтық қатынастарға негізделген қазіргі экономикалық жүйеге көшу кезінде шаруашылық қызметінде толық еркіндік және сонымен бір мезгілде экономикалық қызмет нәтижесі жолында фирмалардың, кәсіпкерлікпен, сауда–саттықпен айналысып жүрген барлық адамдардың толық жауапкершілігі талап етіледі. Бұл процесс меншіктің барлық түрлерінің тепе-теңдігіне, меншік қатынастарын белсенді реформалауға сүйенеді. Меншік иесінің дербестігі мен тәуелсіздігі творчествалық белсенділік пен икемділікті дамыта отырып, оның инициативасына, өз мүлкін ұқыптылықпен пайдалануға, сақтауға және жауапкершілігін арттыруға жол ашады. Жауапкершілік бір мезгілде түрлі әлеуметтік байланыстарға тән нәрсе. Жауапкершілік сезімі адамгершілік санаты (категориясы) болып табылады. Алайда, жауапкершіліктің мұндай қасиеті құқықтық жағынан негізделгенде ғана құқықтық реттіліктің көрінісі ретінде жауапкершілік ұғымы түрлі аспектілерге жиі қолданылады. Кейбір жағдайларда міндеттерді, тапсырмаларды, жүктелген жұмыстарды орындау мен оның нәтижелері ,өзге жағдайларда олардың бұзылу, сақталмау жөніндегі жауапкершілігі туралы сөз болды. Бірінші жағынан алып қарастырғанда тұтас құбылыс мінез-құлықтың ондай қылығына тәуелсіз, ал екінші жағынан алып қарастырғында міндеттердің салдары ретінде туындап тәуелдікке ұшырайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: азаматтық-құқықтық жауапкершілік түсінігінің мәнін түсіндіріп ашу, азаматтық іс жүргізу құқығындағы алатын орнын көрсету табылады.
Курстық жұмыстың міндеті:
- азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің түсінігін зерттеу;
-азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің түсінігі туралы пікірлерді талдау;
-азамматтық-құқықтық жауапкершіліктің түрі және нысандарын анықтау;
- жауапкершілік түрлерін қарастыру;
- құқық бұзушылықтың басқа түрлері үшін жауапкершілікті қарастыру.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі. Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қылмыстық Кодексі, Азаматтық Кодекс тағы басқа заңдар мен нормативтік құқықтық актілер (оларға түсіндірмелер) мен әлемдік заң ғылымының классиктерінің, Ресей және Қазақстандық ғалым-заңгерлер мен маман-практиктердің еңбектері, қарастырылып отырған мәселеге байланысты әр түрлі нысандағы мәліметтері қолданылған.
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі: Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді.
Библиографиялық тізім:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. 1995 ж. 30 тамыз.
2. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақ халқына «Қазақстан-2030» Жолдауы.
3. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексі. 2000 жылдың 1 сәуіріне дейінгі өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Алматы // Жеті Жарғы.
4. Гражданское право. Под ред. доктора профессор юридических наук.
А.П. Сергеева. Санкт-Петербург 1996 г.
5. Основы гражданского право. М.Г. Маркова.
6. Гражданский Кодекс РК коментарии. Общая часть. Алматы.
М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин.
7. Гражданское право. Е.А.Суханов.
8. Ответственность за нарушение гражданско-правового обязательства. Алматы, «Әділет-Пресс», 1997 г.
9. Гражданское право. Учебник / Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого. М., 1997г.
10. Юридическая ответственность и законность. Братусь С.Н. Москва, 1996 г.
11. Гражданское право, часть вторая в вопросах и ответах. Москва юристь 2001г.
12. Алексеев С.С. Проблемы теории права – М., 1972г.
13. Гражданский Кодекс РК толкование и комментирование, Алматы, 1997 г.
14. Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі. Ғ. Сапарғалиев. 1995 ж.
15. Гражданская правовая ответственность за пречинение вреда. Теория и практика. Белякова М. А. 1996 г.
16. Ответственность за нарушение гражданских прав и обязанностей. Грибанов В.П., Москва 1993 г.
17. Ответственность в коммерческом обороте. Комаров А.С. Москва 1991 г.
18. О возмещение ущерба гражданам. А.Бризиский, 1992 г.
19. Вина как субъективное основание гражданско-праовой ответственности. Учебник. В.А.Варул. 1996 г.
20. Причинная связь как условие юридической ответственности. Егоров Н.Д., Москва 1991 г.
21. Правонарушение, понятие, причины, ответственность. Малейн Н.С. Москва 1995 г.
22. Правовое экономика. Проблемы становления. Угинский Б.И., Сафиуллин Д.Н., 1991 г.
23. Гражданско-правовая ответственность за вред, причинный преступлением против личности. А.Т.Ашеулов, Г.А.Жайлин. Алматы, Издательства Каз ГЮУ 2000 г.
24. ҚР азаматтық құқығы. Ғ.Төлеуғалиев, І том. Алматы 2001 ж.
25. ҚР Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім 1995 ж. 1 наурыз).
26. ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 6 қаулысы «Азамматтардың және ұйымдардың ар-намысын және абыройын қорғау» 18 желтоқсан 1992 ж.
27. ҚР «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» заңы 1997 ж., 17 сәуір.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің жалпы негіздері
1.1 Азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің түсінігі туралы
пікірлер ... ..11

ІІ Азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы түсінік
2.1 Азамматтық-құқықтық жауапкершіліктің түрі және
нысандары ... ... ...15
2.2 Жауапкершілік
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .19
2.3 Құқық бұзушылықтың басқа түрлері үшін
жауапкершілік ... ... ... ... ... 23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
тізімІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .27

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Азаматтық құқықта құқықтық қатынастарды реттеу
үшін азаматтық- құқықтық жауапкершілік қолданылады. Міндеттеме
талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту құқық бұзушылықты қалпына
келтірудің тиімді жолы болып табылады. Азаматтық құқықта жауапгершілік
заңға және шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң талабынан
ауытқуы жауапгершілікке әкеліп соғады. Азаматтарды және заңды тұлғалардың
құқығын қорғау жауапгершілік арқылы жүзеге асырылады.
Алайда, жауапгершілік заңнан немесе шарттан тыс көзделуі мүмкін.
Жауапгершілік заң шеңберінен аспауы тиіс. Азаматтық-құқықтық
жауапкершілікті қолдану үшін жауапкершілік түсінігін анықтап алуымыз
қажет. Жауапкершілік туралы ғалымдардың әртүрлі пікірі қалыптасқан.
Азаматтық құқық жауапкершілікті қолдану арқылы әділетке жету үшін
барлық жағдайларды қарастырған. Алайда қоғамның даму барысында түсінігі
туралы теориялар мен тұжырымдардың жаңа түсінігіне бастама болады.
Азаматтық-құқықтық белсенділік қалыптастыруда мүліктік жауапкершілік
иеленуші роль атқарады. Бұл туралы Азаматтық кодекстің екінші бөлімі
ерекше бөлімінде жан- жақты қамтылған. Осы тұрғыдан алып салыстырғанда,
азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің, соның ішінде әсіресе, мүліктің төлем
мақсаты бар мүліктік жауаптылықтың тәрбиелік функциясы айырықша мәнге ие.
Зерттеу тақырыбымыздың мақсаты мен мазмұны ескере отырып, негізінен,
азаматтық- құқық жауапкершіліктің тәрбиелік аспектілерін қаралап көрелік.
Аталған мәселелерді зерттеумен айналысып жүрген Қазақстандық ғалымдар
Ю.Г. Басин, М.К.Сүлейменов, А.Г.Диденко, О.Ихсанов және ресейлік ғалым
Е.А.Сухановтың пікірінше азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің ескерту-
тәрбиелік функциясының айқындаушы маңызы зор.
Бәрімізге мәлім, жауапкершілік әлеуметтік өмір аясында адам, қоғамның
табиғи өмір сүруі үшін қажетті жағдай туғызуға себепті салдарын тигізетін
еркіндікті (соның ішінде ой еркіндігінде) қамтамасыз етуге қабілетті,
жауапкершілікті адамдардың мінез- құлқын қалыптастыру құралы болып
табылады. Олай болса, жауапкершілік пен еркіндік өзара байланысты әрі бір-
біріне себепті салдарлық құбылыстар. Еркіндік істің байыбын барлай отырып,
дұрыс шешім қабілеттілігінен басқа ешнәрсе емес. Еркіндік немесе шешім
қабылдауға жағдай тудырған болса, жауапкершілік те арта түседі.
Еркіндік шектелген, шектелілген жерде жауапсыздыққа, заңға қайшы келетін
мінез-құлыққа әкеліп соқтыратын психологиялық деформацияға жол ашылады.
Нарықтық қатынастарға негізделген қазіргі экономикалық жүйеге көшу
кезінде шаруашылық қызметінде толық еркіндік және сонымен бір мезгілде
экономикалық қызмет нәтижесі жолында фирмалардың, кәсіпкерлікпен,
сауда–саттықпен айналысып жүрген барлық адамдардың толық жауапкершілігі
талап етіледі. Бұл процесс меншіктің барлық түрлерінің тепе-теңдігіне,
меншік қатынастарын белсенді реформалауға сүйенеді. Меншік иесінің
дербестігі мен тәуелсіздігі творчествалық белсенділік пен икемділікті
дамыта отырып, оның инициативасына, өз мүлкін ұқыптылықпен пайдалануға,
сақтауға және жауапкершілігін арттыруға жол ашады. Жауапкершілік бір
мезгілде түрлі әлеуметтік байланыстарға тән нәрсе. Жауапкершілік сезімі
адамгершілік санаты (категориясы) болып табылады. Алайда, жауапкершіліктің
мұндай қасиеті құқықтық жағынан негізделгенде ғана құқықтық реттіліктің
көрінісі ретінде жауапкершілік ұғымы түрлі аспектілерге жиі қолданылады.
Кейбір жағдайларда міндеттерді, тапсырмаларды, жүктелген жұмыстарды орындау
мен оның нәтижелері ,өзге жағдайларда олардың бұзылу, сақталмау жөніндегі
жауапкершілігі туралы сөз болды. Бірінші жағынан алып қарастырғанда тұтас
құбылыс мінез-құлықтың ондай қылығына тәуелсіз, ал екінші жағынан алып
қарастырғында міндеттердің салдары ретінде туындап тәуелдікке ұшырайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: азаматтық-құқықтық жауапкершілік
түсінігінің мәнін түсіндіріп ашу, азаматтық іс жүргізу құқығындағы алатын
орнын көрсету табылады.
Курстық жұмыстың міндеті:
- азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің түсінігін зерттеу;
-азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің түсінігі туралы пікірлерді
талдау;
-азамматтық-құқықтық жауапкершіліктің түрі және нысандарын анықтау;
- жауапкершілік түрлерін қарастыру;
- құқық бұзушылықтың басқа түрлері үшін жауапкершілікті қарастыру.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі. Қазақстан Республикасы
Конституциясы, Қылмыстық Кодексі, Азаматтық Кодекс тағы басқа заңдар мен
нормативтік құқықтық актілер (оларға түсіндірмелер) мен әлемдік заң
ғылымының классиктерінің, Ресей және Қазақстандық ғалым-заңгерлер мен маман-
практиктердің еңбектері, қарастырылып отырған мәселеге байланысты әр түрлі
нысандағы мәліметтері қолданылған.
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі: Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің
атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және
міндеттеріне сәйкес келеді.

І. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік

1. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түсінігі

Жауапкершілік барлық құқық қатынастарына тән нәрсе. Азаматтық құқықтық
қатынастың негізгі бөлігін міндеттеме құрайтын болғандықтан жауапкершілік
жөніндегі мәселе міндеттемелік құқықтың жалпы ережелерінде қаралады. Бірақ
та бұл арада айтылған мәселе міндеттемелерден тыс құқық қатынастарына да
қатысты. Жалпы алғанда, жауапкершілік дегеніміз – заңмен немесе шартпен
қаралған ретте өзіне жүктелген міндетті бұзатын азаматтық құқықтық
қатынастардың субьектілеріне қолданылатын мүліктік өндіртіп алу немесе
мүліктік салмақ салу болып табылады. Оған бұзылған құқыққа орай өкілетті
тұлғаның мүліктік шығынының орнын толтыру да жатады. [1]
Жауапкершілікке тарту, азаматтық құқық бұзушылық жағдайында құқықтық
нормаларға санкцияны жүзеге асыруға түрткі болады. Ең алдымен, азаматтық-
құқықтық жауапкершілікте мемлекеттік және шарттық тәртіпті нығайтуда, осы
мақсаттың алдын алуда тәрбиелік маңызы айрықша. Азаматтық құқық қатынасының
субьектілері болып табылатынтараптар өзіне жүктелген міндеттерді орындамауы
қоғамдық қатынастарды бұзып, мүліктік шығынға және жеке тұлғалар мен бүкіл
қоғамды қолайсыз жағдайларға әкеп соқтыратынын білуі тиіс әрі өзінің
міндетін бұзбауға күш салуы керек. Тәрбиелік жағын былай қойғанда, егер,
әлгі айтқан құқық бұзушылыққа жол берілетін болса, онда азаматтық-құқықтық
жауапкершілік оны қайта қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Сондықтан да,
борышқор өзі істеуге міндетті нәрсені орындамағанда ғана емес, оны
орындаудан өз бетімен бас тартқан кезде де оған жауапкершілік бәрібір
мойындатылады. Азаматтық құқықтық қосымша мүлікті өндіртіп алу тәрізді
өзіне тән жауапкершілік қасиеті болмаса, несие беруші міндеттемесін
орындаудан жалтарған борышқорға жазалау шарасын қолдана алмайды және оның
іс-әрекетін өз дәрежесінде реттеп отыруы қиындай түседі.
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің өзіне тән қасиеттері:
А) борышқордың міндеттемені бұзғанынан туындаған мүліктік шығындарды
несие берушіге қайтару;
Ә) борышқордың міндеттемені тиісті дәрежеде орындауын қадағалау;
Б) борышқорды міндеттемесін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде
орындамағаны үшін жазалау;
В) белгілі бір дәрежеде несие берушінің міндеттемеге қатысуына түрткә
болу (өйткені, контрагенттің дұрыс болмауынан пайла болатын шығынды өтеуді
қамтамасыз етеді);
Г) борышқордың тәртіпсіздік фактілерін басқа тұлғалардың көзінше
айғақтау болып табылады.
Ықпалы әр түрлі деңгейде бола тұрса да, міндеттемелердің бәрінде
жауапкершіліктің мұндай қасиеттері кездеседі. Мұндай жауапкершіліктің
қажеттілігі міндеттеменің бұзылмауын реттейтін заңнан (мысалы, міндеттемені
бұзғаннан келетін залалдың орнын толтыру ), әр жақтың өзара жасасқан
шарттарынан, міндеттеменің келісілген жағдайларынан туындайды.
Жауапкершілікті белгілеу қосымша келісімдер арқылы да жүзеге асады. Мысалы,
оған міндеттеменің мерзімін бұзғаны үшін салынатын айыпқа орай жасалатын
келісімді жатқызуға болады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік – Азаматтық құқықтың Жалпы бөлімінің
институты болып табылады, өйткені, жалпы ереже бойынша азаматтық-құқықтық
қатынастардың барлық түрінде өзіне тән қасиеттер кездеседі.
Жауапкершілікті түсінуде көп жағдайда ретроспективті көзқарас белең
алады, сондықтан да ол тәртіптің бұзылуы, санкциясы жүзеге асыру
(мемлекеттік мәжбүрлеу) ретінде ұғындырылады. Оның үстіне тәртіп
бұзушылықтағы жауапкешіліктің мән-маңызын ұғынуда екі бағыт тілге тиек
етіледі. Бұл мәселеге қалам тартқан авторлар заңды жауапкершілік тәртіп
бұзушылар үшін қосымша ауыртпалық түсіру мен (қолайсыз жеке және мүліктік
зардаптар) міндетін орындауға мәжбүрлеу деп болжайды, ең бастысы – ол
жауапкершілік, сондықтан заңдық, жауапкершілік те –міндет, алайда
олмәжбүрлеу арқылы орындалады. Осыдан кейін заңдық жауапкершілік адамға
тәртіп бұзуға жол бергенге дейін болмайды деген қорытынды жасалады. [2]
Жауапкершілікті ретроспиктивті көзқарас ретінде түсінудің
гносеологиялық себептері неде? Қоғамдық ой-пікір дәстүрінде жауапкершілік
жазалаумен, құн алумен байланыстырылады. Құқықтық ұғымда қоғамдық пікір мен
ғылым неліктен міндеттеуге, жазалауға, мемлекеттік мәжбүрлеу, қылмыстық-
құқықтық шараларға жүгінеді?
Құқық тек жарлық пен тиым салынғын тенденцияларға тән қарапайым құбылыс
болғаны ма?
Бірден және кездейсоқ пайда болмаған бұл сауалдарға жауапты
жауапкершілік теориясындағы қиғаштық себептерін мемлекеттік құбылыстың
тарихи тәжірибелерінен, басқарудың өміршеңдік, биліктік-әкімшілік,
бюрократтық тәсілдерінің белең алу практикасынан іздеу керек.
Біздің құқықтық жүйеміздің қазіргі реформалары ең алдымен оны орнықтыру
тәсілдерін жаңғыртуды көздейді. Бұл жерде ең басты гуманизм әділеттілік
бастауларын нығайту адамдарға деген құрмет сезімін қалыптастыру, олардың
заң алдындағы құқықтары мен бостандығын, теңдіктерін қатаң сақтау, әркімнің
өз әрекеті үшін жауапкершілігінің заңдылығын мойындау.
Қ. Мұздытаев атап көрсеткендей жауапкершілік ретроспиктивті бағыттан
перспективті көрінеді. Бұл ретте адамдардың болашақ іс-әреетінің
нәтижелерін алдын-ала аңғару қабілеті емес, олардың қоршаған ортаны қайта
жаңғыртуға белсенді қатысу жөніндегі ұмтылыстары да есепке алынады. Бұл
жағдайда біз заңды жауапкершілікті моральдық, ішкі жауакершілікпен
шатастыруға қарсымыз. Тек позитивті заңдық жауапкершіліктің бір-бірімен
тығыз байланысты моральдық құқықтың негізі болатынына көңіл аударғымыз
келеді.
Позитивті заңдық жауапкершілікті негіздеуге және оның табиғатын ашып
көрсетуге көшпес бұрын құқықтық тәрбие жұмыстарын тиімді ұйымдастыру ісінде
және азаматтық-құқықтық белсенділікті қалыптастыруда
методологиялық маңызға ие жауапкершілік ұғымына жан-жақты тоқталып
өтейік.
Бірден-ақ ашығын айтайық жауапкершілік ұғымы күштеу мен және жазалаумен
сәйкес келмейді. Сонымен бірге, цивилистердің өзі азаматтық құқықтың
жауапкершілікті құқық бұзушылықтың және санкцияны іске асырудың салдары
немесе мемлекеттік күшпен қорқыту ретінде түсінбегені жөн. Біздің
социологиялық зерттеулеріміз көрсетіп отырғандай респонденттердің 21
проценті жауапкершілікті тар ауқымды ретроспективті деңгейге түсінеді. Бір
қызығы сол, респонденттердің арасында қылмыстыры үшін бас бостандықтарынан
айрылғандыр және еңбек пен түзеу мекемелерінің қызметкерлері болады.
Сонымен бірге қазірге дейін цивилистердің өзі азаматтық құқықтың
жауапкершіліктің белгіленуі деп жазалауды, құқық бұзушылыққа жол бергені
үшін сотқа тартылуды таниды және оны санкциялармен, адамдардың мүдделеріне
нұсқан келтіру мен тығыз байланыстырады. Олардың пікірі бойынша тәрбиелік
ықпалын ерекшеліктерді құқықтық тәртіп бұзуға мемлекет пен қоғамның
айыптауын адамдарға сезіндіру болып табылады. Кейбіреулер азаматтық-
құқықтық жауапкершілікте мемлекеттік оргондар құқық бұзушыға қолданатын
құқықтық нормаларды сақтауға мәжбүрлеу шаралары ретінде бағалайды.
Мәжбүрлеу жауапкершіліктің маңызды белгісі.
Әрине, мәжбүрлеудің мүмкіндігі заңдық жауапкершіліктен міндетті түрде
тыс тұрады (сондықтан бұл категориялар бір-біріне сәйкес келмейді),
мәжбүрлеу жауапкершіліксіз де бола алады (мысалы реквизация),
жауапкершіліктің мәжбүрлеусіз де жүзеге асуы мүмкін.
Профессор В.М. Хвостов құқұқтық мәжбүрлеуді дөрекі, механикалық
мағынады түсінбеу қажеттілігіне көңіл аудара келсе, істің мәніне баға
бергенде құқық нормасын оның аржағында жағалаудың бір түрі ретінде санкция
тұрған жаза қорқынышынан атқарылатын мінез-құлық тәртібі деп, есептемеу
қажет. Құқық нормасын оның тасасында қалып қоятын талабы міндетті болып
толып табылатын жоғары биліктің құдіреті беделді адамдар тұрғанда ғана
мәжбүрлеу сипатына ие болатынын айтады. [3]
Екінші жағынан, мәжбүрлеуді мемлекеттік аппаратының араласуынсыз жүзеге
асыруға болады. Бұл жағдай бірнеше кезекте азаматтық–құқықтық қатынас
нормаларында әділеттілікті талап етеді. Мысалы, азаматтық – құқық
мәжбүрлеуге қарағанда ықпалды келеді, міндеттердің орындалуын қамтамасыз
етудің заңдық құралы болып табылады.Азаматтық-құқықтық қажеттіліктің
құқықтық үлес сипаты болғандықтан және құқықтық үлестің қатысты
құқықтық қатынастарын екі келетіндігінен азаматтың міндеттерді орындауда
басты ынталандырушы күш мәжбүрлеу емес,субъектінің құқықтық қатынастарда
субъективті құқықтық жүзеге асыруға ынтасы болып табылады.Қатынастарда
азаматтық-құқықтық ықпал ету механизмі, - деп жазады В.Ф. Яковлев, -
құқықтық қатынас субъектілерінің мүліктік мүдделері тікелей пайдаланумен
сипатталады. Ынталандырудың заңдық құралы адамдардың субъективиті
құқықитағы үлесі, қабылданатын міндеттердің эквиваленті болып табылады.
Азаматтық құқық субъектілерінің құқықтық белсенділігін азаматтық
нормаларына тән болып келетін мемлекеттік мәжбүрлеудің бүркемелі сипатын
ашуға болмайтыны да міне, сондықтан.
Қазіргі жағдайда міндетті белгілеу мен жазаны нақты орындаумен
байланысы жоқ қылмыстық жауапкершіліктің сондай формаларын кең қолдануға
айқын перспектива ашылып отыр. Қылмыстық жазаны, қоғамдық ықпал ету
шараларымен ақырында ауыстырудың жаза қолдану аясын тарылтудың
диалектикалық процесі қылмыстық жауапкершілік ақтау кезінде жүзеге асырылуы
мүмкін.
Сонымен жауапкершілікті жазалау мен салыстыруға болмайды. Біздің
зерттеулеріміз көрсетіп отырғандай, респонденттердің 63 проценті
жауапкершіліктің жазалаусыз, мәжбүрлеусіз болатынына сенімді. Заңдық
жауапкершілік құқықтық нормаларды орындамағаны үшін жаза қолдануға немесе
құқықты мінез-құлықты, азаматтық-құқықтық белсенділікті ынталандыру
мақсатымен орнықтырылады.
П.А. Варул мен И.Н. Грязин заңдық жауапкершілік тұрғысынан келгенде
жауапкершілікті арттыру қажеттігі өз міндеттерін түбегейлі орындамаған
немесе орындамаған кінәлі адамдарды қатаң жазалау қажеттігін білдіреді.
Мұндай жаза, ақтық нәтижеде қоғамның әрбір мүшесінің өз міндеттерін жақсы
орындауда мемлекеттік масштабта қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен, әңгіме
жауапкершіліктің тиімділігі жөнінде болып отыр. Мұндай қорытынды тарихи
практикамен әрдайым сәйкес келе бермейді.
Бұл жерде оның салдарынан жазалау, жауапкершілікке тарту, тәртіп
бұзушыға шара қолдану болып табылады. Заң шығарушының бірінші орынға
жазалауды жауапкершілік ктегориясын қоятыны сондықтан.
Жауапкершілік пен жазалаудың арақатынасы жөніндегі мәселені
қорытындылай келе қызіргі жағдайда жауапкершіліктің заңдылық идеясына көңіл
аудару қажет. Жауапкершіліктің заңдылығы жөніндегі ереже жалпы құқықтық
сипатқа ие және заңдылықтың маңызды принциптерінің бірі болып табылады.
Жауапкершіліктің заңдылығы бірде-бір құқық бұзушылықтың табылмай қалуғы
тиіс емес екендігін және олардың әрқайсысы үшін жауапты адамдардан есеп
талап етілетіндігі білдіреді. Мұндай есептің нәтижесінде жауапты адамның
мінез-құлқы айыпталу мен жазалауға, жауапкершілік шараларын қолдануға
лайықтылығы көрінеді.
Оның үстіне өз іс-әрекуеттеріне есеп беру міндеттілігі кейбір жағдайда
тікелей заңда қарастырылады. (Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексі,272 бап), кейбір ретте құқықтық негізгі принциптерінен туындайды.
Сонымен, заңдық жауаптылық - өз іс-әрекеттеріне есеп беру құқықтық
реттелетін міндеттілік.Респонденттердің 59 пайызы осындай қорытындыға
келеді.
Алайда, біріншіден біз кең ауқымды жауапкершілікті теріске шығармаймыз,
олай етсек кең ауқымды жауапкершіліктің ғана барлығы жөнінде ұғым
қалыптасады. Жауапкершілікті проблемасындағы негізгі кемшілік оның құқық
бұзушыларға қолданылытын іс-әрекет шаралары болып табылады.Айталық шығын
мен айыпты өндіру азаматтық құқықтық жауапкершілік шарасы. Ықпал ету
шарасын қолдану көп жағдайда жауапкердің іс-әрекетіне есеп беруіне тікелей
байланысты әрі міндетті. Үшіншіден, жауапкершіліктің тәрбиелік-ескертпелік
маңызы жөнінде ұмытпау керек.
Жауапкершіліктің тәрбиелік мүмкіндіктерін адамның есеп беру отыру
мүмкіндігі туғызылған жағдайда ғана нақты пайдалануға болады. Есепті талап-
жауапкершіліктің негізгі белгісі әрі маңызды. Есеп берілгеннен кейін
жазалау немесе айыптау жүргізіле ме, жоқ па бұл басқа мәселе. Біздің
қызметіміздегі басты кемшілік сол, есеп беріп отырудың жиі талап
етілмейтіндігі. Бұл жауапсыздыққа әкеліп соғады.
Осы ретте кімге есеп беру керек деген мәселе төңірегінде ойланып
көрейік. Бұған жауап ретінде әрбір саналы азамат ең алдымен мінез-құлқы
туралы өз-өзіне есеп беріп отыруы тиіс деген В.А. Тарховтың тұжырымымен
толық келісеміз. Бұл жеке адамдардың іске жауапкершілік қатынастарының
даму процесін таңдау кезінде принципті маңызды мәнге ие болады.
Бұл жерде жауапкершіліктің екі түрін назарда ұстаймыз: қоғам
(мемлекет) алдындағы жауапкершілік және үлкен рухани құндылыққа ие адамның
өз-өзіне жуапкершілігі. Бірінші жағдайда жауапкершіліктің мақсаттары,
реформалары мен шаралары мемлекетпен бекітіліп қолданылады (сырттай
бақылау). Екіншіден, жауапкершілік жеке адамның өз-өзін ұстап жүру
қабілетіне, өзінің өмірдегі орны мен ролін терең сезінуіне, нақтылап
айтқанда индивидтің өзінің мінез-құлқын іштей реттеп отыру механизміне
тікелей байланысты. Жауапкершіліктің көрсетілген түрлері бір қатар жағдайда
дербес болса да өзара диалектикалық тығыз бірлікте.
Оның үстіне ішкі бақылауы жақсы дамыған адамдар қазіргі жағдайда
бейімділігін танытады. Олар, белсенді, конструктивті мінез-құлқы тұрақты.
Керісінше, сыртқы бақылауға бейімделгіш адамдарда құқықтық белсенділік пен
жауапкершіліктің төменгі дәрежесі, азаматтық позициясының солқылдақтығы
аңғарылады. Міне, сондықтан құқықтық тәрбие қызметінде азаматтардың мінез-
құлқының жауапкершілігін қалыптастыру мәселесін шеше отырып, ішкі бақылауды
күшейтуге қол жеткізу қажет. Соңғысы өзіне есеп беруді нығайтусыз жеке
адамдардың бірінші кезекте өзіне, өз-әрекеттеріне есеп беру міндеттерін
орындап отыруынсыз мүмкін емес.
Баршаға мәлім, кез-келген заңдық міндет қандай да бір болмасын өзге
объектінің (азаматтың, органның, мемлекеттің) құқығымен тікелей байланысты.
Оның алдында жауапты адам жеке міндеттер орындауға тиісті мінез-құлқына
есеп беріп отыру керек. Есепті талап ету-тәрбиенің маңызды құралы,
жауаптылықтың заңдылығы. Есеп беру барысында міндеттілікті орындауды
қамтамасыз етуде, міндетті адам мен қоршаған ортаның ықпалында шара қолдану
аясы айқындалады.Жоғарыда айтылғындардың негізінде жауапкершілік белгілерін
бөліп қарауға болады. Олардың, түпкі мәні, біріншіден жауапкершіліктің
мемлекетпен белгіленіп, бекітілуінде құқықтық нормалармен қарастырылуында
жатыр. Екіншіден, адамнан есеп беруді тек заң құқығы бар азаматтан ғана
талап ете алады. Басқа адамдардың түрлі сылтаулармен есеп беруді талап етуі
заңды жауапқа жатпайды. [4]
Кез-келген құқықтық міндеттіліктің заңдық жауапкершілікпен негізделіп
отыруы тиіс екендігін естеріңізге саламыз.Онсыз міндеттілек белгісі - бір
мінез-құлық қажеттігі сипатын жоғалтады.Осыдан келіп мынадай қорытынды
шығаруғы болады: құқықтық міндеттілік және оны нығайтатын жауапкершілік –
бұл бірдей емес. Жауапкершілік – бұл да міндеттілік, алайда әрдайым өзге
міндеттіліктермен жалғастырылып отырады. Мысалы, заңдарды сақтау
міндеттілігі оларды сақтауына есеп беріп отыру міндеттілігімен нығайтылып
жатады.
Азаматтық құқықтық жауапкершілік құқық бұзушылықты жою шарасы
ретінде қолданылады. Азамматтық құқықтық қатынастың дұрыс қалыптасуы
үшін тараптар міндеттерін орындап отырады. Егер де міндеттеме
орындалмаса, немесе тиісінше орындалмаса, онда міндеттеме бұзылады
деп келтіріп қоймай, сонымен ақша-тауар қатынасына әсер
етеді. Құқық бұзушылықтың алдын алу және зиянды нәтиже болмау үшін
азаматтық құқықта міндеттемені бұзғаны үшін санкция ретінде азаматтық
құқықтық жауапкершілік қолданаылады.
Алайда кейбір санкция түрлерінде азаматтық құқықтық жауапкершілік
туындай бермейді. Егер де міндеттеменің орындалмауы
салдарынан мүлік қайтарылмаса, онда мәжбүрлеу шараларын қолдану
арқылы борышқордан мүлік алынып қойылып несие берушіге айтарылады. Іс-
әрекеттің орындалуы үшін, қатынастың дұрыс қалыптасуы үшін мәжбүрлеу
жүзеге асырылса да бұндай санкцияны азаматтық құқықтық
жауапкершілік ретінде қарастыруға болмайды.
Азаматтық құқықтық жауапкершілік ретінде құқық бұзушыға
қосымша міндет жүктеумен байланысқан санкцияларды түсіну керек.
Яғни, құқық бұзушыға жауапкершілік жүктелінеді. Бұл міндеттер құқық
бұзушыға қосымша азаматтық құқықтық міндеттеме жүктеуі мүмкін немесе
оған тиісті азаматтық субъективті құқығынан айырылады. Егер де
тараптар мәміле жасасқан кезде мәміле алдау жолымен жасалған болса, онда
алданған тарап әміле жасау құқығынан айырылады. Мәміле азаматтық
заңдылықты бұзу жолымен жасалынбаған болса, бұндай шаралар қолданылмас
еді. Құқық бұзушыға қосымша міндет жүктейтін санкция түрі
азаматттық қатынастағы қатысушыларға әсер етеді және құқық бұзушылықтың
алдын алуға көмектеседі.
Сонымен, азаматтық құқықтың жауапкершілік ретінде құқық бұзушыға
қосымша азаматтық құқықтың міндет жүктейтін немесе оған тиесілі
азаматтық құқығынан айыратын санкция түрлерін түсіну қажет.
Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің түсінігі заң ғылымындағы дау
тудыратын сұрақтың бірі. Кейбір автордар позитивті жауапкершілікті
бөліп қатыстырады. Бұндай жауапкершілік міндеттеменің орындалуымен
сәйкес келіп жатады. Әзірге міндеттеменің орындалуы көп кездеседі,
алайда жауапкершілікке шектеулі немесе керісінше, жауапкершіліктің
туынды міндеттемені орындаудан босатады.
С.Н.Братусь жауапкершілік деп мемлекеттік немесе қоғамдық
мәжбүрлеу шараларын, сонымен қатар борышқордың өзіне жүктелген
міндеттемені орындауын түсіндіреді.
Қорғау шаралары ретінде құқық бұзушылықтың алдын алу және
тоқтату, ал егер ол болмаса жағдайды қалпына келтіру санкция түрлерін
жатқызуға болады. Бұндай қорғау шараларына құқықты мойындау:
міндеттемені орындауға мәжбүрлеу, дау туғызған мәмілені жарамсыз деп
тану, құқық бұзатын жағдайды қалпына келтіру және т.б. жатады. Азаматтық
құқықтың жауапкершілікте осындай тұжырымға келу құқық бұзушының
кінәсінен тәуелсіз жүзеге асырылуы мүмкін.

1.2. Азаматтық –құқықтық жауапкершілік түсінігі туралы
пікірлер

Жауапкершілік термині әртүрлі аспектіде қолданылады. Жеке айтатын
болсақ: әлеуметтік, рухани, экономикалық және юридистикалық
жауапкершілікті кездестіруге болады.
Әлеуметтік жауапкершілік түсінігі жалпылама ұқсас. Онымен
қоғамдағы болып жатқан жауапкершіліктің барлық түрі қамтылады. Осы
тұрғыдан қарағанда рухани, экономикалық юридистикалық жауапкершілік - тек
әлеуметтік жауапкершіліктің түрі ғана. [5]
Алайда әлеуметтік жауапкершілік ерекше мағынаға ие болып,
әлеуметтік психологиялық сипатта болады. Әдебиеттерде осы
жауапкершілік түсінігіне ұқсастыруға тырысады. В.А. Тархованың
пікірі бойынша: өзінің істеген әрекетіне жауап бере отырып
міндеттеменің реттелу құқығы- юридистикалық жауапкершілік , -дейді.
Юридистикалық жауапкершіліктің осындай түсінігі жауапкершілік
түсінігін шектен тыс үлкейтіп, оның тәжірибелік мағынасынан
айырады.
Қоғамдық өмірде рухани жауапкершілік категориясы үлкен маңызға ие. Ол
ұнамдылықты бұзу нормасымен байланысқан және қоғамға жат қылықты
қоғамдық айыптау түрімен ерекшеленеді. Әдебиеттерде және
заңдылықтарда экономкалық жауапкершілік түсінігі екі түрлі
мағынада қолданылады. Барлығынан бұрын ол Мүлікті жауапкершілік
түсінігімен астасып жатады. Және бұнда ешқандай қорқыныш жоқ. Нарықтық
экономикаға өтуімізге және әкімшілік халықтық әдістің экономикалық әдіске
өту,осындай түсінікті құқыққа сиымды етіп көрсетеді. Яғни нарықтық
қатынастарды реттеуде жол ашады. Экономиканың ықпаламен экономикалық
әдістердің заңмен бекітілуі экономикалық жауапкершілікті құқық бұзушыға
мүліктік ықпал ету шарасы ретінде экономикалық жауапкершілікті
юридистикалық жауапкершіліктің бір түріне айналдырады.
Заң әдебиеттерінде экономикалық жауапкершілік түсінігіне
юридистикалық жауапкершіліктің ерекше бір түрі ретінде қатыстыруға
тырысады.
Бұл жағдайда әкімшілік-құқықтық шара туралы сөз болып, ал
азаматтық құқықтық жауапкершілік түсінігі қарастырылмады. Алайда,
нарықтық экономика жағдайында экономикалық жауапкершілік түсінігі
мағынасын жоғалтады.Азаматтық-құқықтық жауапкершілік юридистикалық
жауапкершілікті құрайтын, өзіне тиісті барлық белгісімен
юридистикалық жауапкершіліктің бір түрін құрайды. [6]
Юридисдикалық жауапкершілік үшін оған негізгі төрт белгі тән:
юридистикалық жауапкершілік құқық нормасын бұзушыға қолданылатын
мемлекттік мәжбүрлеуге ықпал ететін шаралардың тек бір түрі;
екіншіден, ол құқықтың бұзылуына жол берген тарапқа ғана қолданылады;
үшіншіден, құқық бұзушыға тек қана мемлекеттік немесе басқа
құзіретті орган қолданады; төртіншіден, жауапкершілікті қолдану үшін
юридистикалық жауапкершілік болып табылатын құқық бұзушыға қолданатын
санкция заңымен белгіленуі керек.
Юридистикалық жауапкершілік құқық бұзушыға қолданатын мемлекеттік
мәжбүрге ықпал ету шараларының ерекше бір түрі ретінде саналады.
Сонымен қатар адамдардың іс-әрекетіне әсер етет ін басқа да
тәсілдермен ерекшеленеді. Мысалы, мемлекеттік мәжбүрлеуші шара -ретіндегі
реттеуші сипатқа ие болатын, бірақ юридистикалық жауапкершілік бола
алмайтын оперативті ықпал ету шаралары болып табылады.
Жоғарыда көрсетілгендей юридистикалық жауапкершілікті азаматтық
құқықта ерекшеліктері бар. Бұл қасиеттер қоғамдық қатынасты реттеуші
азаматтық құқықтық пәні және әдісі ретінде, сонымен қатар жалпы
құқық жүйесі ретінде азаматтық құқықтың қызметін атқарады.
Азаматтық құқықты реттейтін ерекше қатынастар секілді мүліктік
сипатқа ие болып, мүліктік қатынастарды қүрайды. Азаматтық
қүқық бойынша жауапкершілік қүқық бұзушыға қолданылатын
экономикалық ықпал ету қызметін орындай отырып, қоғамдық
қатынастарды реттейтін экономикалық әдістерінің бірі болып
табылады. [7]
Бірақ азаматтық құқық жеке мүліктік емес қатынастарды, сонымен
қатар тікелей мүліктік емес қатынастарды да реттейді.Осы уақытқа
дейін жеке мүліктік емес қатынастарды бұзу мүліктік сипатта
болады деген пікір қалыптасты. Яғни ол үшін жауапкершілік
мүліктік сипатта болмауы тиіс.
Алайда, өмірдің өзі көрсеткендей, көп жағдайларда азаматтардың
немесе ұйымдардың жеке мүліктік емес құқықтарын бұзу, тиімсіз
мүліктік сипаттағы жауапкершілікке әкеліп соғуы мүмкін.
Сонымен, азамат туралы жалған мәлімет жариялау, оған жұмысқа
тұруға немесе кәсіпкерлік қызметпен айналысуға қиындық тудыруы мүмкін.
Сондықтан жаңа заңдылық бойынша жәбірленушіге жалған мәлімет жариялау
арқылы келтірілген рухани залалды өтеу құқығына ие болады. Ал
азаматтар үшін құқыққа қарсы іс-әрекет арқылы келтірілген физикалық
кемсітушілікті өтетуге құқылы. [8]
Азаматтық Кодекстің 1-ші бабында былай деп
көрсетілген:
1.Азаматтық заңдармен тауар–ақша қатынастары және қатысушылардың
теңдігіне негізделген өзгеде мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік
қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі.
Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар,
заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік аумақтық бөліністер
болып табылады.
2. Мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке
қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені оларды бұзу құқық
бұзушыға мүліктік сипаттағы жауапкершілікке әкеп соғады.
Ал заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 44-
бабында көрсетілгендей, меншік иесі қаржыландыратын мекемелер мен
қазыналық кәсіпорындардан басқа заңды тұлғалар өз міндеттемелері
бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.
Меншік иесі қаржыландыратын мекеме немесе қазыналық кәсіпорын өз
міндеттемелері бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді.
Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша тиісті
мүлікті меншіктенуші жауапты болады.
Азаматтық құқық тауар иелерінен тәуелсіз және тең құқықты қатынастарды
реттейді. Азаматтық құқық қатынас міндеттеме бұзылған жағдайда екіншісіне
жүктейтін тең құқылы талаптар арасында құрылады. Азаматтық талап
жауапкершілікте болу фактісін көрсетеді.
Талапкердің пайдасына өндірілетін құқық бұзушыға жүктелетін
мүліктік санкциялар қолданылады. Алайда кейбір жағдайларда құқық
бұзушы зиян келтіріп қана қоймай арам ниетпен жасалса және қоғамдық,
мемлекеттік қызығушылықты тудырса, онда заңда белгілегендей белгілі
мөлшерде мемлекет кірісіне ұсталатын мүліктік санкциялар қолданылуы
мүмкін.
Азаматтық құқықпен реттелетін тауар-ақша қатынастары эквиваленті
өтелетін сипаттак болады. Бұдан шығатын қорытынды, талапкерге зиян
немесе шығынды эквиваленті түрде өтейді. Азаматтық құқықтық
жауапкершіліктің ерекшелігі оның концепциялық сипатта болуында. Оның
мақсаты-талапкердің мүліктік сферасын қайта қалпына келтіру.
Көрсетілген жағдай өз кезінде азаматтық құқықтың жауапкершіліктің
шегін анықтайды. Талапкерге мүліктік сфераны қалпына келтіру тек қана
оған келтірген зиянды немесе шығын мөлшерімен жауапкершілік мөлшерінің
сәйкес келуі.
Бұл жалпы ереженің кейбір қолданылмайтын кездері бар. Егер де
жауапкершілік мөлшері заңмен шектелмеген болса, берілген жағдайды
түсіндіре отырып, азаматтық құқық экономикалық қатынастарды реттеумен
қоса тәрбиеленуші және контрагентке міндеттемені орындату үшін ықпал
етуші сипатқа ие.
Азаматтық құқық қатынастағы тараптардың заң бойынша бір-біріне
ұқсас теңдей жауапкершіліктер әрқашан қатал қолданыла бермеді. Бұл жерде
негізгі қатысушышаруашылық іс-әрекеттер жеңілдіктермен артықшылық-тарды
пайдалана білді. Осыған ұқсас жауапкершілік мөлшерінің шектеулі құрылыс,
транспорт, кәсіпорындарда және тағы да басқа ұйымдарда етек
алды. Үкімет мүліктік жауапкершіліктен жыл сайын шарттағы міндеттемені
бұзған кәсіпорындар және ұйымдарды жеңіл өнеркәсіп саласын мәжбүрлеу
шараларын босатып жіберіп отырды. Нарықтық экономикаға өтуге
байланысты осындай жағдайлар заңның кейбір тұстарының өзгертулеріне
әкеп соқты.
Жоғарыдағы мысалдан бір шешімге келетін болсақ, азаматтық құқықтық
жауапкершілік мүліктік сипаттағы санкция қолданумен байланысқан,
бұзылған құқықтарды реттейтін және азаматтық айналымға қатысушылардың
тең құқығын экономикалық тұрғыда әсер ететін мемлекеттік мәжбүрлеу
түрлерінің бірі.

ІІ.Азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы түсінік

2.1 Азаматтық - құқықтың жауапкершілік нысандары

Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің нысаны ретінде құқық бұзушыға
жүктелетін косымша міндеттер түсіндіріледі. Азаматтык заңдылық
жауапкершіліктің әртүрлі формасын карастырады. Жауапкершілік шығынды өтеу
арқылы (20-бап, Азаматық Кодекс), айып төлеу арқылы (Азаматтық Кодекс 298-
бап), кепіл жоғалту арқылы (Азаматық Кодекс 337-бап) жүзеге асырылады.
Азаматтық кодекстің 20-бабында былай деп көрсетілген: [9]
1. Азамат өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі бүкіл мүлікпен
жауап береді, бұған заң құжаттарына сәйкес ақы өндіріп алуға болмайтын
мүліктер кірмейді.
2. Азаматтардың ақы өндіріп алуға болмайтын мүлкінің
тізбесі
Қазақстан Республикасының АІЖК белгіленеді.
Азаматтық кодекстің 298-бабында: "Міндеттемені бұзғаны үшін борышқор
жауапқа тартылатын жағдай болған кезде міндеттеменің орындалмағаны немесе
тиісінше орындалмағаны үшін айып өндіріп алынады".
Борышқор кінәлі болған кезде, егер заңдарға немесе шартта өзгеше
көзделмесе, міндетемені орындамағаны және тиісті дәрежеде орындамағаны үшін
жауап береді. Борышқор міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше
орындамаған ретте, атап айтқанда, мерзімін өткеріп алған ретте несие
берушіге төлеуге міндетті, заңмен немесе шартпен белгіленген ақша соммасы
айыптөлеу (айыппұл, өсім) деп танылады. Айып төлеу туралы келісім, негізгі
міндеттеменің нысанына қарамастан, жазбаша жасалады. Жазбаша нысанның
сақталмауы айып төлеу туралы келісімнің жарамсыздығына әкеп соқтырады. [10]
Немесе беруші тараптардың келісімінде айып төлеу міндетті көзделген
көзделмегеніне карамастан, заңдарда белгіленген айып төлеуді талап етуге
құкылы. Егер заңдарда тиым салынбаса, тараптардың келісімімен заңда айып
төлеу мөлшері көбейтілуі мүмкін. Айып төлеу мөлшері нақты ақша соммасында
немесе орындалмағанына не тиісінше орындалмаған міндеттеме сомасына
шаққандағы процентпен белгіленеді.
Егер төлеуге тиісті айып немесе берушінің шеккен залалдары мен
салыстырғанда тым көп болса, сот борышқордың міндеттемені орындау дәрежесін
және борышқор мен несие берушінің назар аударуға лайықты мүдделерін ескере
отырып, айып төлеу мөлшерін азайтуға құқылы.
Міндеттемені бұзғаны үшін борышқор жауапқа тартылатын жағдай болған
кезде міндеттемнің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін айып
өндіріп алынады.
Азаматтық кұқықтық жауапкершіліктің келесі түрі кепілпұл. Кепіл шартқа
сәйкес пайда болады. Кепіл заң құжаттарының негізіңде, егер заң
күжаттарында қандай мүлік және қандай міндеттеменің орындалуын қамтамасыз
ету үшін кепілде жатқан деп танылатаны көзделсе, оларда көрсетілген
міндеттемелердің пайда болуы кезінде де туындайды.
Егер шартта немесе заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, кепіл талапты
оның нақты қанағаттандырылатын кезіндегі көлемді проценттерін қоса алғанда,
орындау мерзімін өткізіп алу арқылы келтірілген шығындардың өтелуін, айып
салуды, кепілден алынған мүлікті үстау жөніндегі кажетті шығындарды, сондай-
ақ өндіріп алу жөніндегі шығындарды өтеуді қамтамсыз етеді. [11]
Кепіл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқықтың пәні
Сенімхатты құқықты рәсімдеу тәртібі
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негіздері мен турлері
Міндеттемелер бойынша жауапкершілік шарттары және негіздері
Авторлық шартты рәсімдеу
Азаматтардың құқықтық қабілеті және азаматтардың құқықтық субъектілігі
ЖЕРГЕ МЕНШІК ИЕЛЕРІ МЕН ЖЕР ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА КЕЛТІРІЛГЕН ШЫҒЫНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ
Құқық бұзушылыққа қолданылатын заңды жауапкершілік
Азаматтардың іс-әрекет қабілеттілігін шектеу жөніндегі істерді қараудың процессуалдық ерекшеліктері. Іс-әрекет қабілетінің шектелуі және оны орындау туралы сот шешімі
Заң алдындағы жауаптылықтан босату негіздері
Пәндер