Дәрістер - Тарих
1. Саяси және құқық білімдер тарихының пәні, әдістері және теориялық мәселелері. Ежелгі Шығыс мемлекеттеріндегі саяси және құқықтық ойлар
2. Көне Грециядағы саяси және құқықтық ілімдер. Көне Римдегі саяси.құқықтық ілімдер
3. Феодализмнің пайда болуы және дамуы кезеңіндегі Батыс Еуропадағы саяси және құқықтық ілімдер
4. Араб Шығысындағы, Орта Азия мен Кавказдағы феодализмнің пайда болуы және дамуы кезіндегі саяси және құқықтық ілімдер
5. Феодализмнің пайда болуы және орталықтандырылған мемлекеттердің құрылуы кезеңіндегі саяси және құқықтық ойлардың негізгі бағыттары
6. XIV . XVI ғасырдағы Батыс Еуропадағы саяси және құқықтық ілімдер. XVII . XVIII ғасырдағы Голландия мен Англиядағы саяси және құқықтық ілімдер.
7. XVIII және XIX ғасырдың басындағы Франциядағы саяси және құқықтық ілімдер
8. Тәуелсіздік үшін күрес кезіндегі АҚШ.тағы саяси және құқықтық ілімдер
9. XVIII ғасырдың соңы және XX ғасырдың басындағы Германиядағы саяси.құқықтық ілімдер
10. Батыс Еуропадағы саяси.құқықтық ілімдер
11. XIX ғасырдың екінші жартысындағы Батыс Еуропадағы саяси және құқықтық ілімдер
12. Ресейдегі XIX . XX ғасырдағы саяси және құқықтық ілімдер
13. XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырддың басындағы Қазақстандағы саяси және құқықтық ойлар
14. ХХ ғасырдағы АҚШ және Еуропа мемлекеттерінде саяси және құқықтық ілімдер. ХХ ғасырдағы ұлт.азаттық қозғалыстардың саяси және құқықтық идеялары
15. КСРО.ның өмір сүруі және ыдырауы кезеңіндегі саяси және құқықтық ойлар (1920 .1990 жылдардың бірінші жартысы).

Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
1. Мухамедов М., Сатершинов Б., Сарымбетұлы Б. Саяси-құқықтық ілімдер тарихы. Оқулық. Алматы, 2002.
2. История политических и правовых учений (под ред. Нерсесянц В.С.). М., 2002.
3. Мухаев Р.Т. Теория государства и права. Хрестоматия. М., 2000.
4. Алексис де Токвиль. Демократия в Америке. М., 1992.
5. Билеуші. Алматы, “Көшпенділер” баспасы, 2002.
6. Қазақтың ата заңдары. Т. 1 – 2. Алматы, 2004.
7. Дала даналары. Алматы, 2001.
8. Узбекұлы С. Хан Тауке и правовой памятник “Жеті жарғы”. Алматы, 1999.
9. Жуманов Т.А. Основы политической науки. Ч. 1. Современные политические идеологии. Красноярск, 1997.

Дәрістер
1. Саяси және құқық білімдер тарихының пәні, әдістері және теориялық мәселелері. Ежелгі Шығыс мемлекеттеріндегі саяси және құқықтық ойлар
2. Көне Грециядағы саяси және құқықтық ілімдер. Көне Римдегі саяси-құқықтық ілімдер
3. Феодализмнің пайда болуы және дамуы кезеңіндегі Батыс Еуропадағы саяси және құқықтық ілімдер
4. Араб Шығысындағы, Орта Азия мен Кавказдағы феодализмнің пайда болуы және дамуы кезіндегі саяси және құқықтық ілімдер
5. Феодализмнің пайда болуы және орталықтандырылған мемлекеттердің құрылуы кезеңіндегі саяси және құқықтық ойлардың негізгі бағыттары
6. XIV - XVI ғасырдағы Батыс Еуропадағы саяси және құқықтық ілімдер. XVII - XVIII ғасырдағы Голландия мен Англиядағы саяси және құқықтық ілімдер.
7. XVIII және XIX ғасырдың басындағы Франциядағы саяси және құқықтық ілімдер
8. Тәуелсіздік үшін күрес кезіндегі АҚШ-тағы саяси және құқықтық ілімдер
9. XVIII ғасырдың соңы және XX ғасырдың басындағы Германиядағы саяси-құқықтық ілімдер
10. Батыс Еуропадағы саяси-құқықтық ілімдер
11. XIX ғасырдың екінші жартысындағы Батыс Еуропадағы саяси және құқықтық ілімдер
12. Ресейдегі XIX - XX ғасырдағы саяси және құқықтық ілімдер
13. XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырддың басындағы Қазақстандағы саяси және құқықтық ойлар
14. ХХ ғасырдағы АҚШ және Еуропа мемлекеттерінде саяси және құқықтық ілімдер. ХХ ғасырдағы ұлт-азаттық қозғалыстардың саяси және құқықтық идеялары
15. КСРО-ның өмір сүруі және ыдырауы кезеңіндегі саяси және құқықтық ойлар (1920 -1990 жылдардың бірінші жартысы).
Тақырып 1.
Саяси және құқық білімдер тарихының пәні, әдістері және теориялық мәселелері. Ежелгі Шығыс мемлекеттеріндегі саяси және құқықтық ойлар.
Жоспар:
1. "Саяси және құқық ілімдер тарихының" пәні және заң ғылымдары жүйесіндегі орны
2. Саяси және құқық ілімдер тарихының әдістері
3. Саяси және құқық ілімдер тарихының негізгі кезеңдері Көне Үндістандағы саяси-құқықтық ойлар
5. Көне Қытайдағы саяси-құқықтық ілімдер
6. Саяси және құқық ілімдер тарихының пәні және заң ғылымдары жүйесіндегі орны.
Саяси және құқық туралы идеялар көне дәуірлерде пайда болып дами бастаған. Адамзаттың қилы-қилы аумақтарында жасаған түрлі өкілдері билік жүргізу, қоғамды басқару жөнінде әрқандай пікірлерін айта кеткен. Оларды оқып тану - қазіргі ұрпақтардың парызы.
"Саяси және құқық ілімдер тарихы" пәні, өзінің атауы көрсетуінше, жалпы тарих ғылымына жатады. Бірақ оның кейбір маңызды, өзіне тән ерекшеліктері бар. Солар арасында: біріншіден, бұл пән адамзаттың тарих барысындағы оқиғаларды емес, идеяларды, ой-пікірлерді, олардың негізгі мағынасын қарайды; екіншіден, тарихтағы жалпы жаңа идеялармен емес, тек қана саясатпен, құқықпен, билік, басқару мәселелерімен байланысты ой-пікірлермен айналысады; үшіншіден, бұл пәнде көбінесе көрсетілетін тарихтағы ұлы билеушілер, саясаткерлер емес, саяси ойшылдар, философтар, ғалымдар болатын. Себебі - адамзат тарихында бір адам екі қасиетке (саяси ойшыл және саясаткер) біржола ие болатыны өте сирек кездесетін құбылыс.
Сонымен бірге "Саяси және құқық ілімдер тарихы" заңтану саласындағы пәндермен де байланысты болатын. Себебі - саясат пен құқық деген әлеуметтік құбылыстарды заңтану пәндері жан-жақты зерттейді. Саясатпен, мемлекетпен байланысты мәселелерді барлық заңтану пәндері зерттейді. Ал саясаттану пәні жақын арада пайда болып негізінде заңтану саласынан бөлініп шықты деуге болады.
Заң ғылымы және заң білімі жүйесінде саяси және құқықтық ілімдер тарихы бір уақытта тарихи және теоретикалық сұлбада жеке ғылыми және оқу саласы болып табылады. Оның бұл ерекшелігі, осы заң саласы шегінде спецификалық пән - саяси және құқықтық ілімдер тарихы, яғни мемлекет, құқық, саясат және заң туралы теоретикалық білімдердің шығуы мен дамуының тарихының зерттелуімен, жандануымен сабақтас болып келеді. Мемлекет және құқық туралы біріккен ғылым ретінде заң ғылымының өзіндік пәндік әдістемелік көзқарасында ерекше айқын көрінеді, соңғы нәтижесінде саяси және құқықтық құбылыспен сәйкес түсініктің өзара шығыс шені байланысы саяси және құқықтық ілімдердің бір заң саласы шеңберінде бірігуіне жағдай жасайды.
Біздің саламыздың пәні туралы айтылған бұл ой оның өткен саяси ілімде тек қана мемлекет туралы тар мағынадағы сұрақтарды қарастырады дегенді білдірмейді. Керісінше осы салалық пәнінде тарихта саясм ілімдер мемлекет жүргізетін тарих ретінде емес, мемлекет мәселелерін басқа саяси құбылыстармен кең контекстегі ерекше саяси құбылыс және мекеме, институттар қатынасы, олармен өзара байланысы және өзара іс-әрекетін теоретикалық зерттеу түрінде ұсынады, ал мемлекеттілік теориясының мәселесі әр-түрлі бағыттармен мектеп өкілдерімен зерттеледі. Бұл пәнде өткен құқықтық ойлар заң ғылымы тарихы түрінде емес, қоғамдық өмірде осы ерекше құбылыстардың рөлі, маңызы, қызметі, құндылығы және түсінігі, табиғаты көрініс табатын құқық пен заң шығарушылықтық ілімдік концепциясы ретінде қарастыралады.
Саяси және құқықтық ілімдер тарихы - заң пәні, бірақ саяси және құқықтық ілімдер тарихына заңгерлерден басқа, гуманитарлық ғылымдардың өкілдері, оның ішінде философтар да маңызды ілімдерін енгізді. Саяси және құқықтық ілім дамуында философияның қажетті мөлшерде рөлін ескере отырып ғылыми зерттеулердің объектілері және шынайы іс жүзіндегі ерекше формасы ретіндегі саяси және құқықтық құбылыстық ерекшелігімен негізделген саяси және құқықтық ілімдердің теоретикалық өзгешілігін білген жөн.
Мемлекет және құқық тарихын зерттейтін заң ғылымының пәндерінен саяси-құқықтық ілімдер тарихы пәні пайда болған. Мемлекет және құқық тарихы білімінсіз саяси-құқықтық теорияның нақты мазмұнын анықтау мүмкін емес, ал теориялық ережемен концепциясыз тарихи дамушы саяси-құқықтық шынайылыққа ғылыми түрде жауап беру мүмкін емес. Жалпы теориялық заң ғылымдарымен қатынасқа саяси және құқық ілімдер тарихы өзінің пәні бойынша саяси-құқықтық ілімдер теориясы тарихын, мемлекет, құқық, саясат, заң шығарушылық туралы ілімдердің шығуымен, даму процесінің тарихи заңдылықтарын зерттеуге бейімдеген тарих саласы ретінде түседі. Заң саласындағы тарихи және теориялық сананың өзара күрделі байланыс процесінде саяси және құқық ілімдер тарихы қазіргі саяси-құқықтық ілімдердің дамуының мемлекет және құқық мәселелерін теориялық әзірлеуді жүзеге асыруының негізгі тарихи теориялық алғышарттарының бірі ретінде маңызды рөл атқарады.
Саяси және құқық білімдер тарихының әдістері
Саяси және құқықтық ілімдер тарихы, жеке заң саласы ретінде, басқа да заң салаларымен бірге гуманитарлық ғылымдар қатарына жатады. Басқа да гуманитарлық ғылымдары секілді, мұнда да саяси және құқықтық ілімдер саласындағы ғылыми таным міндеті мен мақсаты және пәндік ерекшелігі ескеріліп, алдымен ресми-логикалық, дидактикалық, жүйелілік, салыстырмалы-тарихи зерттеулердің барлық әдісі философиялық және арнайы ғылыми әдістер арсеналы кең қолданылады. Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәндік және әдістемелік ерекшелігінің белгілі көрінісі, нақты заң саласының профилімен, тарихи-теориялық мазмұнына өз мүмкіндіктерінше сай келетін зерттеудің әдіс-тәсілдерімен қағидаларының жетекші рөлі болып табылады.
Тарихи тәсіл - бұл ретке бұрынғы және қазіргі контекстегі қарастырылған ілімдердің саяси-құқықтық мазмұнын бақылау және түсінік берудің адекватты түсінудің тәсілі ретінде түседі. Өткен тарихтың қандай да бір ойшылының концепциясы және конструкциясы қазіргі жағдайда, соларддың заманына тән болған рөлді ойнамайды және сол мәнді иеленбейді. Жаңа әлеуметтік тарихи және саяси құқықтық жағдайда олар жаңа мәнді иеленеді. Бұрынғы саяси-құқықтық ілімдердің ескіруін немесе жаңаруын жоққа шығарып, тарихи тәсіл осы ілімдерді тарихи өткен, келуші және қалушы ретінде анықтауға мүмкіндік береді. Саяси құқықтық ілімдер мен идеялардың тәжірибемен байланысы тікелей емес, саяси және құқықтық ілімдер тарихында қалыптасқан және құрылған теориялық ілімдердің барлық жүйесінің сабақтастығына негізделген, шынайы күрделі жағдайлардың күрделілігіне негізделген. Саяси құқықтық ілімдердің қазіргі және бұрынғы рөлі мен маңызын тепе-тең қарастыруда сай келетін ілімдер ұсынылған.
Теоретикалық тұрғыда ілімінің, философиялық жалпы әдістемелік, танымдық-гносеологиялық сәттерін бейнелейді, саяси көзқарастар қандай жолмен құрылды, олар қандай теориялық концепцияларға рәсімделді, олардың негізіне қандай қағидалар қойылды, қарастырылған доктринада қандай нысан, үлгі және құрылым бейнеленген және ойшыл үшін анықтаушы басты болып табылады ма немесе теориялық айналымға алғаш енгізілгенін көрсетеді.
Саяси-құқықтық ілімнің құрылымының екі жағында да олардың тарихи дамуындағы сабақтастық және жаңашылдыққа, оның басқа ілімдермен өзара қатынасына, олардың интеграция және дифференсация процесіне күрес сәттеріне, ілімнің үзақ тарихи өмірінің логикасын анықтайды. Оған құқықтық және нақты түсінік пен баға беру үшін қажетті базаға көңіл бөлінеді. Саяси-құқықтық ілімнің нақты тарихи және теориялық жағының өзара байланысы және бірлігі дамушы адамзаттық танымның теориялық әдістемелік арсеналына кіруі және қандай да бір автордың теориялық категориялары, идеялары, формулалары, құрылымдары өзінің нақты тарихи контекстінен босауына әкелетін жоққа шығармайды, керісінше оны болжайды.
Ой мен тәжірибе саласында саяси-құқықтық мәдениет дамуымен білімінің дамушы байланысында, саяси-құқықтық ілімдер тарихын жасауына бірнеше ойшылдардың еңбегі сіңген және сонысымен сол концепцияның теориялық мәнінің артуына және олардың тарихи сабақтастығына әрекет еткен күрделі мәселелердің құрылу процесі жүрді. Мүндай мәселелердің қатарына мораль мен саясаттың, құқық пен мемлекеттің, тұлға мен мемлекеттің, реформалар мен революциялардың, билік пен күрестердің, әділеттілік пен теңдік және құқықтық, құқық пен бостандықтың, құқық пен заңның қатынастарын жатқызуға болады.
Саяси және құқық ілімдер тарихының негізгі кезеңдері
Саяси және құқық ілімдер тарихын бірнеше ірі кезеңдерге бөлген жөн. Бұл мәселені ғалымдар түрлі шешеді. Жалпы алғанда кең таралған пікір мынаға саяды:
Көне дәуірдегі саяси-құқықтық ой-пікірлер (Көне Шығыс, Еуропа);
Орта ғасырлардағы саяси-құқықтық ойлар (Еуропа, Қыпшақ Даласы);
Қайта Өрлеу және Реформация дәуіріндегі саяси ойлар (Еуропа);
Жаңа дәуірдегі саяси-құқықтық идеялар (Еуропа, Америка, Ресей);
5) Қазіргі таңдағы әлемдегі негізгі саяси идеологиялар (либерализм, консерватизм, социализм, национализм, коммунизм).
Көне Үндістандағы саяси-құқықтық ойлар
Саяси және құқықтық ілімдер бұл түсініктің қашан және арнайы таптық мағанасында ерте таптық қоғаммен байланысты мемлекеттің ұзақ даму жолында пайда болды. Ілімдер танымдық жоспарда саяси және құқықтық ілімдердің шығыу тегі алғашқы аңыздардың, ұсыныстардың рационализациясы арасында жүрді.
Саяси және құқықтық ілімдер барлық ежелгі халықтарда Шығыста және Батыста да өзінің ежелгі Мысырлықтарда, Үндістерде, Қытайлықтарда, Вавилондықтарда, Парсыларда, Еврейлерде, Гректерде, Римдіктерде аңыздың қайнар көзіне және әлемдегі адамның алатын орнын аңыздық ұстанымға негіздейді.
Барлық рухани білімге аңыз, барлық жинақталған тәжірибенің тарих және болашақ жолындағы көзқарастардың негізгі көзі, қалған және әдеттегі жабдықтардың арсеналының әлемді танумен түсіну тәсілі мен нысананың тәртіп ережелері жинағының тұжырымы болады. Діни көзқараспен саяси құқықтық көзқарыс және концепция арасындағы байланыстырушы маңызды рөлді дін атқарады.
Мифологиялық және діни танымдардың ықпалымен ежелгі Үндістанда саяси-құқықтық ілімдер құрылып, дамыды. Ежелгі Үнді қоғамындағы саяси құқықтық және рухани өмірден ұзақ ғасырлар бойы аңыздардың бейлеуші орны иленуі осымен байланысты.
Брахманизм идеясының туындауы б.э.д. II мыңжылдықта ежелгі үнді ескерткіші "Веда да" кездеседі. Бұл шығармада Пурушие құдайынан құралған қоғамды 4 варнаға бөлу брахман - ұртынан, кшатри - қолынан, вайши белінен, шудра аяғынан жаратылған деп айтылады. Осындай аңыздық органикалық концепцияға сәйкес әлемдік заң қоғамының конституциясын, әр түрлі варналардың орнымен жағдайын, осы варна мүшелрінің құқығы мен міндеттерін анықтайды. Құлдар варнаға кірмейтін болғандықтан ерте үнділік варналар мүшелері тең емес болды: алғашқы 2 варна (брахман абыздар, кшатри - жауынгерлер) билеуші, ал қалғандары вайши - ұста, саудагер болса шудралар оларға бағынышты болды. Брахманизм одан әрі дамып, ежелгі үндінің басқа ескерткіштерінде саяси ойларында б.э.д. IX-VIғ.ғ. нақтыланады. Ведаға және ілімге сәйкес барлық варналар және оның мүшелері оларға құдайымен бекітілген дхарманы заң, борыш, дәстүр, тәртіп ережелерін сақтады.
Брахманизм қоғамдағы мемлекеттегі билеуші жақдайды әр-түрлі варна мүшелеріне қатысты дхарманың әлеуметтік және саяси - құқықтық брахмандық талдау мазмұнын да басқарушы маңызын анықтайды. Барахманизм идеологиясына көптеген дхарма енгізілген құқықтық жиынтықтар әр түрлі брахмалық мектептерден құрастырылған. Б.э.д. II ғ. "Ману заңдары" ежелгі кездерде негізделген жазбаша рәсімделген белгілі саяси құқықтық ескерткіш "Ману заңдарында" Вед және Упанишадтың қоғамды варнаға бөлу, олардың тең еместігі және т.б. ережелері өңделді және қозғалды. Брахмандардың басқару жағдайының негізделіуіне және дхарманы қорғау, таңдау және бекіту мәселелерінде олардың құқығының айырықшалық сипатына ерекше маңыз береді. Брахманның өзінің туылуы "вечное воплощение дхармы" Брахман дхарманың асылдарын қорғау үшін туылғандықтан жерде барлық тіршіліктің иесі ретінде жоғарғы орынды иеленді. Әлемдегі барлық тіршілік ететін нәрсе бұл брахманның меншігі мұның бәріне тек брахман ғана құқылы. Өзінің жоғарғы құдайлық мәртебсінде бола тұра, патша, "Ману заңдары" бойынша брахмандарды құрметтеуге міндетті, олардың кеңестерімен тәлімдерін ұстауға олардан веданы үйренуге және басқарудың бастапқы өнерін анық үйрену керек. Патшаның басты міндеті варна жүйесінің және барлық драхма бойынша оларға тистілімдерге қорғаушы болыу "Ману заңдарында" жазаға маңызды рөл беріледі. Құдайлық иеленушінің ұлы бола отырып жаза жер бетінде "таяқты" білдіреді. Дәл осы маңызда жаза басқару өнерінің маңызын - данданити анықтайды яғни ол "таяқпен билеу",- дегенді білдіреді.
"Ману заңдары" драхманы және барлық тіршілік иесі құдай мен адам қорғаушысына жазаның Жаза-патша, ол ер адам, ол бейлеушу, ол- жазалаушы деп көрсетіледі. Егер патша жаза тистілерге қолданбаса, олар әлсіздерді балық секілді қуырар еді, ешкім меншік иелене алмай, төмендегілермен жоғарғыдағылар араласып кететін еді. Барлық әлем жаза шараларына бағынады. Ол тәртіп сақталмаса варналар бұзылып барлық шектеулер жойылып жазаның бұзылуынан бүкіл халықтың қарсылығы туындауы мүмкін. Қызыл көзді, қылмыскерді жоюшы жаза жүрген жерде бағынушылар реніш білдірмейді, егер билеуші оларды жақсы бақыласа.
Әртүрлі варна мүшелерінің құқықтары мен міндеттерінің теңсіздігі заңда, қылмыс және жаза туралы ережелерде сақталады. Ерекше артықшылықтарды бұл қатнста брахмандар қолында. Адам өлгеннен кейін оның жанының көшуі танымын пайдаланып "мынау заңдарын" көптеген жазалар қатарына мүдделік қорғанышы қосылды, бұл дхарманы бұзушыларға қолданылады.
Б.э.д. VI ғ Сидхартха Веданың, Упанишадтың негізгі ережелерін және брахмандық идеологияны сынға алып, Будда деген атауды иеленді. Ол құдайды жоғарғы тұлға, ізгілікті әлем бейлеушісі, заңның қайнар көзі деген ойды жоққа шығарды. Будда бойынша адамдық іс-әрекет тек адамдардың жеке ұмтылысына байланысты.
Будда және оның ізбасарлары адамгершілік рухани теңдіктің барлық адамға тән бағытын қолдай отырып, варна жүйесін және олардың теңсіздік қағидатын сынға алады. Мемлекет және құқық туралы танымның врахманизм идеологиясынан ақсүйектік ортаға ауысу, Чандрагутта I- дін ықпалды кеңксшісі және министр Каутильяның трактатында, яғни "Артхашастра" да байқалады.
"Үш Веда" - тұжырымдамасында шаруашылық, мемлекеттік басқару философия туралы ілімді философия ғылымына енгізіп философияның логикалық дәлелдер көмегімен үш веда іліміндегі- заңды және заңсыз шаруашылық іліміндегі - пайдалы және зиянды мемлекеттік басқару, туралы ілімде - дұрыс және дұрыс емес саясатты зертейді,-деп атап көсетілген.
Артхашастрада дхармаға дәстүрлі пиететпен және заң шындыққа негізде деген мойындаумен қатар тәжірибелік пайдаға және онымен жасалған саяси шаралармен әкімшілік биліктік негізге қолдау береді. Артхашастрада патшаға заңмен тиімділікті бұзбай махаббатқа берілу ұсынылады, бірақ тактатта саяси іс-әрекеттің бастапқы қағидасына және негізін, күшті биліктің барна жүйесін сақтау мақсатында сәйкестілігін анықтаушы ретінде тиімділік есептеледі.
Тиімділік драхмадан және моральдық деген заңдылығынан жеке бастау ретінде ерекшелеп, саясат және заң шғаруда ақсүйектік доктриналардың құрылуының алға қадам басқанын білдіреді. Артхашастрадағы саясаттың моральдық - діни арнадан босауы, әдебиеттерден оның авторына "Үнділік Макиавелли" ретінде мінездеме беруге негіздеме болады.
Билік, басқару, саясат, мемлекет және құқық жөніндегі алғашқы ой-пікірлер Көне Шығыс елдерінде пайда болған. Сол кезде-ақ бастапқы ойшылдар адамдар арасындағы күрделі қатынастарды реттеп түсінуге тырысқан. Көне Үндістанда мемлекет, билік, құқық туралы бірінші пікірлер сол кездегі қасиетті Ведалар деген кітабында да кездеседі. "Артхашастра немесе саясат ғылымы" деген ғылыми еңбекті б.д.д. IV-ші ғасырда билеген патша І-ші Чандрагуптаның кеңесшісі Каутилья жазған деген дерек бар. Бұл кітап саясат өнеріне, мемлекетті басқару өнеріне арналған. Саясаттың, басқарудың негізгі мақсаты - мемлекеттің пайдасы, елдің өнімі дейіледі. Мынадай ойлар да айтылған:
Патша (билеуші) елдегі жағдай туралы әрдәйым хабардар болып тұруы тиіс; бұл мақсатта ол елдің әр бүршегінде өзіне мәлімет жеткізіп тұратын адамдарын жіберу керек; сол патшаның сенімді адамдары сыртынан жергілікті тұрғындарға ұқсайтын болсын, олар сияқты кийінетін болсын; олар патшаның адамдары деген пікір ешкімнің ойына да келмесін...
Мемлекеттің негізгі белгілеріне мыналар жатады: билеуші, министр, аул-шаруашылық аумағы, қалалық бекіністер, қазына, әскер және одақтастар...
Билеуші жоғары текті болсын, тағдыры құтты, өзі ақылды, үлкендердің, беделділердің кеңесіне көңіл бөлетін, әділетті, шыншыл, айтқан сөзінде тұратын, көңілі кең, мықты, жылдамды, оқуға, үйренуге қабілеті бар, өнерлі, намысты, адамдарды өз уақытында тиісті орынға қоюын білетін т.б.с.с.
Жақсылықтың негізі болып бейбітшілік пен еңбек табылады. Бұл мақсатқа жету үшін саясаттың алты тәсілін қолдану тиіс: бейбітшілік, соғыс, сабырлық, жорық, паналауды іздестіру және екі жақты саясат...
Өзіңмен тең болғанмен және өзіңнен қүштімен бейбітшілік қатынастарды орнату қажет. Ал көршің өзіңнен нашар болса, онда соғыс ашу мүмкін...
Көне Қытайдағы саяси-құқықтық ілімдер
Қытайдың саяси және этикалық ілім тарихында Конфуций б.э.д. 551-479 ілімі басты рөл атқарады. Оның көзқарастары, өзінің оқушыларымен құрастырылған "Лунь-Юй" (Беседы и высказывания) кітабында жарық көрген. Ұзақ ғасырлар бойы бұл кітаб Қытайлардың әлемдік көзқарасында және өмір сүрулеріне маңызды ықпал жасады. Оны балалар жатқа оқыды, үлкендер оның мәселесіне сәйкес отбасылық және саяси істерді қолданды.
Дәстүрлі көзқарасқа сүйеніп, Конфуций мемлекееттің патриархалдық - патерналистік концепциясын дамытты. Бұл тұжырымдама мемлекетті үлкен отбасы ретінде қарастырды. Император билігі әке билігімен билеушілер мен бағынушылар қатынасы кішілері - үлкендерге бағынатын отбасы қатынасымен сәйкестендірілді.
Конфуциймен бейнеленген саяси-әлеуметтік иерархия адамдардың тең емес қағидасына негізделген: қара адамдар, қарапайым адамдар, төменгілер, кішілер - қайырымды ерлерге, жақсыларға, жоғарыдағыларға, үлкендарге бағынуы керек.
Осынысымен Конфуций биліктің арестократиялық концепциясын қолдады, қарапайым халық толығымен мемлекет билігіне араласудан шектетілді. Басқаруың кұштеусіз әдістерінің жақтаушысы болып Конфуций билеушілерді, шенеуніктерді және бағынушыларды өзара қатынасты қайырымдылық бастауында қалуға шақырады. Бұл үндеу алдымен билеушілерге арналған, олардың қайрымдылық талаптарын сақтауы маңызды рөлді иеленді және бағынушылар тәжірибесінде адамгершілік нормаларының билеуін анықтайды. Күштеуге қарсы шыға отырып, Конфуций былай деп айтты: "Мемлекетті басқарып тұрып , адам өлтіру не үшін?, Егер сіз жақсылыққа ұмтылсаңыз, онда халық та жақсы болады. Қайырымды ердің моралі желге, деңгейі төмен адамның моралі шөпке тең. Яғни жел қалай тұрса, шөп солай құлайды". Бағынушылардың негізгі жақсылық жасауы Конфуцийге сәйкес билеушіге берілу, барлық үлкендерді тыңдау және құрметтеу.
Конфуцийдің саяси этикасы толығымен қоғамның төмендегі және жоғарылардың араласыуындағы ішкі бейбітшілікке жеткізуге және басқаруды тұрықтандыруға бағытталған. Сонымен қатар ол таза моралдық факторлардан басқа байлық процесін және жергілікті халық арасында кедейлікті жою қажеттілігіне көңіл бөлді. Байлық тең бөлінгенде кедейлік болмайды: елде үйлесім болса халық аз болмайды, бейбітшілік болса - бейлеушінің қауіпі болмайды. Билік үшін талас-тартысқа қарсы болып, Конфуций азаматтық әлемнің игілігін жоғары бағалады. Саяси қатынастарды қайырымдылық құралдармен реттеу нормаларына сүйенді. Егер "халықты заң арқылы басқарып, тәртіпті жазалау арқылы ұстап отырса, халық жазадан бас тартыуға ұмтылады және ол үшін ұялмайды. Егер халықты қайрымдылық шаралары арқылы басқарып және әдет- ғұрып көмегімен тәртіпті қолдап отырса, халық ұятты біледі және ол түзеледі", - деді ол.
Конфуций шығармаларында қайырымдылық ол әдет-ғұрып ережесі - ли, адамды сүю- жэнь, адамды қорғау - шу, ата-анаға құрмет - сяо, билеушіге берілу - чжун, борыш- и және т.б. этика - құқықтық нормалармен қағидалардың кең жүйесі. Позитивтік заңды фа қоспағандағы барлық саяси - әлеуметтік реттеу нысандарынан тұратын бұл нормативтік бүтіндік моралдық және құқықтық құбылыстардың бірлігі болып саналады. Конфуцийдің позитивтік заңдарға қарама-қарсы қатынасы олардың дәстүрлік жазалау маңызымен байланысты, олардың қатаң жазамен байланысты болуы. Конфуций заң шығарушылықтың рөлін толық жоққа шығарған жоқ, ол оған тек көмекші рөл берді.
Конфуций ілімінде маңызды әлеуметтік - саяси және реттеушілік үлесті "есімдері жөндеу қағидасы" орын алады. Есімдерді жөндеудің мақсаты - есімдерді мемлекетше және қоғамның иерархиялық жүйесінде халық тобының және тұлғаның әлеуметтік саяси және құқықтық мәртебесін шынайылыққа сәйкес келтіру әркімге өзіне сай ашып беру, яғни билеушінің билеуші болуы, сановниктің сановник болуы, бағынушының бағынушы болуы. Конфуцизм өзінің пайда болған уақытынан кейін - ақ Қытай этика саяси ілімінде ықпалды ағымға айналады, ал б.э.д. II ғ. Қытайда ресми идеология болып белгіленіп, мемлекеттік дін орнын иеленді.
Конфуцийдің ойынша мемлекет дегеніңіздің өзі ол ұлғайып кеткен жанұя. Сондықтан императордың елдегі билігі отбасыдағы әкенің билігіне ұқсас болатын. Сөйтіп басқарушылар мен басқарылатындар арасындағы қатынастар үлкендер мен кішілердің арасындағы қатынастар сияқты болмақ. Ең жақсы, идеалды түрдегі елді басқару мораль принциптеріне негізделуі тиіс. Басқаша айтқанда басқарудың негізінде "екіжақтық", "алтын орта", "адамгершілік" сияқты қағидаттар жатқанда ғана ел жақсылыққа жетеді. Елдің жақсылары көпшілікке үлгі болуы тиіс.
Конфуцийдің тағы да кейбір ойлары:
Басқарушы өз міндеттерін атқару барысында ұқыпты, шыншыл болсын, адамдарды жақсы көрсін, байлықты шашып-төгіп жүрмесін, халықты еңбектенуге итермелесін...
Егер билеуші тек заңға сүйеніп басқаратын болса, шешімді тек жаза арқылы табатын болса, онда халық абай бола тұра намысты білмейтін болады; ал егер игілікке сүйеніп әдет бойынша басқаратын болса, онда халық намыстанады да, басын да иеді.
Билеуші батыл болсын, түсінерлі болсын, өнерлі болсын.
Мемлекетті басқару дегеніміз - бұл елді тамақпен, қару-жарақпен толық қамтамасыз ету және халықтың сеніміне ие болу. Керек болған жағдайда, алдымен қару-жарақтан бас тарту мүмкін, екіншіден, тамақтан бас тарту болады, ал халықтың сенімі болмаса, онда ештеңенің керегі жоқ...
Басқару кезінде демалысты ұмыт...
Билеу дегеніміз жөндеу; әркім жөн жүруге тырысады; қашан сендер жөнделесіңдер?...
Тақырып 2.
Көне Грециядағы саяси және құқықтық ілімдер. Көне Римдегі саяси-құқықтық ілімдер.
Жоспар:
1. Ежелгі Грециядағы саяси-құқықтық идеяларға жалпы сипаттама
2. Сократ және Платон саяси идеялары
3. Аристотельдің саяси және құқықтық ойлары
Цицеронның мемлекет және құқық туралы ілімі
Рим заңгерлерінің құқық туралы ілімі
Августинның саяси-құқықтық ілімі
Ежелгі Грециядағы саяси-құқықтық идеяларға жалпы сипаттама
Ежелгі Грециялық саяси-құқықтық ойлардың шығу және даму тарихы үш кезеңге бөлінеді. Ерте кезең б.э.д. IX - VI ғ.ғ. ежелгі грек мемлекетінің пайда болуымен байланысты. Бұл кезеңде саяси-құқықтық ойлардың рационализациялануы анық байқалады Гомердің "Жеті дана" шығармасында және мемлекет, құқық мәселелеріне философиялық жол қалыптасады Пифагор және пифагорлықтар, Гераклит.
Екінші кезең б.э.д. V - IV ғ. Демокриттің, софистердің, Сократтың, Платонның және Аристотельдің ілімінде көрініс тапқан, ежелгі гректік саяси-құқықтық және философиялық ойдың даму кезеңі б.э.д. IV - II ғ. қамтиды. Бұл уақыт эллиндік кезең деп аталады, ежелгі грек мемлекетінің құлдырауының басталу уақыты, грек полистерінің алғашында Македонияның, кейін Рим билігіне түсуі. Бұл кезеңнің көзқарастары Эпикурдың, Сократтың, Полибийдің еңбектерінде көрініс тапқан.
Ежелгі гректік саяси-құқықтық ілім даму процесінде ерте кезеңде көбінесе аңыздық сипатта болса Гомер, Гесиод, ол бертін келе қалыптасушылық философиялық жолға даналар - Пифагор, Гераклит, Демокрит рационалистік интерпретацияға, софистер - логика түсініктік анализге Сократ, Платон орын берді және соңында эмпирика-ғылыми нысандарға Аристотель және мемлекет пен құқық зерттеудің тарихи-саяси Полибий көзқарасымен аяқталды.
Сократ және Платон саяси идеялары
Еуропадағы саяси-құқықтық идеялар Көне Грекия ойларына негізделген. Ежелгі ойшылдар арасында ерекше орын алатындар - бірімен-бірі уақыт кезегімен байланыста болған үш алып - Сократ, оның шәкірті Платон және Платонның шәкірті Аристотель болатын.
Адамзаттың рухани тарихындағы қызықты және танымал тұлғалардың бірі - Сократ б.э.д. 469 - 399 ж.. Ол тірі кезінің өзінде дельфилік пифия яғни барлық адамнан данышпан деп танылған болатын. Сократ өзінің анықтаушы бағытын адамгершілік, саяси, құқықтық құбылыстардың саналы табиғатын бейнелеуге және құруға ұмтылды. Осы жолда ол саналының, әділдіктің, заңдылықтың билеуі туралы қорытындыға келді. Сократтың саяси идеалын келесі қағида түрінде көрсетуге болады: белсенділер билеуі қажет. Оның өзі бұл туралы былай деп айтты: "Патшалар мен билеушілер - скипетр кигендер емес, сайланған адамдар да емес, жеребе және күштеу арқылы билікке қол жеткізгендер емес, билік жүргізе алатындар" - деді.
Әділдік, заңдылық саналы басқару туралы өзінің идеяларын ұстануда Сократ оның ықпалды оппозициясын және сынын тоқтатуға ұмтылған билікпен қақтығысып отырды. Бірақ өзінің бір кесе уын ішуге тура келді. Б.э.д. 399 ж. Демократияның өкілдері белгілі қайраткер, жетпіс жастағы Сократқа қарсы құдайы жоқ, отан заңдарын бұзды және жастарды дұрыс жолдан тайдырды деген айып тақты. Өлімге кесілген Сократ заңды бұзбау, әділетсіздікке әділетсіздікпен жауап бермеу деген өзінің қағидаларын сақтады, және достарымен ұйымдастырылған түрмеден қашудан бас тартты. Сократ ілімі, оның өмірі мен өлімі тек оның замандастарымен оқушыларынан ғана емес философиялық және саяси ойдың келесі тарихына да үлкен із қалдырды. Сократ ықпалы грек саяси-құқықтық ойларының жоғары деңгейіне, Платонның саяси философиясы және Аристотельдің саяси ғылымына ықпал етті.
Платон б.э.д. 427 - 347 - антикалық қана емес, философиялық, саяси-құқықтық ілімдердің бүкіл тарихының ұлы ойшылы.
Идеалды мемлекет Платон бойынша, ойлардың жүзеге асырылуы және жердегі қоғамдық саяси өмір, полисте саяси идеяның таралуы. Платон полисті ортақ қажеттілікке негізделген ортақ мекен ету ретіндеретінде анықтай келе, ол осы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетте азаматтар арасында еңбектік бөлінуін талаб етеді деген ережеге негіздейді. Күзетшілер өз тапсырмаларын дұрыс орындау үшін олардың тұрмысы және бүкіл өмірі ынтымақтастыққа, ортақтыққа, ұйымшылдыққа негізделеді. Ең алдымен - деді Платон, егер ешқандай қажеттілік болмаса ешкім жеке меншікті иеленуі керек емес. Сонымен бірге ешкімнің ешкім кете алмайтын үйі немесе қор жинайтын орны болмауы керек. Күзетшілерге қажетті қормен үшінші сословие қамтамасыз етеді. Күзетшілер бірге тұрады, бірге тамақтанады. Оларға алтынды және күмісті ұстауға және пайдалануға тиым салынды.
Платон бойынша идеалды мемлекеттік құрылымдар үшін күзетшілерге ортақ әйелдер мен балалар болудың шешуші маңызы бар. Идеалды мемлекетте әйелдер құқықтары мен мүмкіндіктері ерлермен теңестірілген. Қарапайым түсінікте алғашқы екі - отбасы болмайды. Балаларды мемлекет тәрбиелейді. Платон үшінші жіктің некесі, тұрмысын, еңбек реттеу мәселелерін идеалды мемлекетбилігінің қарауына қалдырды. Бұл жіктің мүшелері мемлекеттік биліктен шектелседе, олар құлдар емес еркін адамдар болып саналады. Платон - байлық пен кедейшіліктің шектен шығуына қарсы, орта және ауқаттылықты қолдады. Идеалды мемлекеттің басқа мемлекеттерден негізгі әлеуметтік эканомикалық ерекшелігін басқа мемлекеттердегі байларжәне кедейлер деп бөлінудің мұнда болмауы, мұндай жағдай көптеген мемлекеттерде бар. Қалай болғанда да оларды мемлекет бір - біріне қарсы екіге - бірінші кедейлер, екінші - байлар болып бөлінуі бекітілген және олардың әр қайсысындай көптеген мемлекеттер.
Философтардың билеуі және әділетті заңдардың билеуі мемлекетте Платон үшін бір идеалды жобаның өзара байланысқан екі саласы.
Идеалды мемлекет жақсылар мен тектілердің билігі ретінде аристократиялық мемлекеттік құрылым. Платон бойынша мемлекеттік құрылымның жақсы түрін екі жақты деп айтуға болады: егер билеушілер арасынан бір билеуші шықса, онда ол патшалық болады, ал егер бірнеше билеушілер шықса - онда ол аристократия болады. Платон "Мемлекет" еңбегінде өрлеу жобасының іске асырылу мүмкіндігіне сенеді және оның қиын екенін де мойындайды. Егер жерде идеалды мемлекет құрылғанымен, ол өмір бойы болмайды, адам табиғаты басқа басқару нысанымен алмасады. Платон әртүрлі қоғамдық мемлекеттік нысандардың алмасуымен өзгеруін белгілі бір циклішіндегі айналымретінде түсініп, осыған сәйкес мемлекеттік құрылымның 5 түрін атайды аристократия, тимократия, олгархия, демократия, тирания.
Идеалды мемлекеттік құрылымға Платон қалған төртеуін бұзылған мемлекеттің дамушы сипаттарын оған қарсы қояды. Платон саяси өмір мен оның нысандарының ауысуының диалектикалықкөрінісін салады. Идеалды аристократияның туындауынан жерге және үйге жеке меншіктің пайда болуына, адамдардың еркін және құлдарға бөлінуіне әкеледі. Мемлекетте саналы бастаудың орнына қатыгез жан билік етеді. Бұл - тимократия, Платон бұған криттік - спартандық мемлекеттік құрылым типін жатқызады. Мұндай мемлекет үнемі соғысады. Сонымен қатар Платон бойынша соғыс жеке және қоғамдық қиындықтардың басты көзі . оған әсіресе элинндер арасындағы соғыс жек көрінішті болды. Тимократиялық мемлекет жеке тұлғаларда байлықтың жинақталуы нәтижесі - олигархияға әкеледі. Бұл құрылыс мүліктік цензжіге негізделген, билік басында байлар тұрады, кедейлер басқаруға араласпайды. Мүліксіздерге байларға қарсы өшпенділік туындайды, ол мемлекеттегі төңкеріске және демократияның құрылуыа әкеледі.
Платон демократиясы толығымен ұнамды және әртүрлі құрылым. Бірақ қажетті басқаруы жоқ деп бағалады. Демократиялық теңдік теңдер мен тең еместерді теңестірді. Мемлекеттік құрылымдағы игілікпен ұмытылмайтын мақсат оны нақты құрылымды жоюшы болып табылады тимократияда - әскери жауынгер, олигархияда - байлық, демократияда - еркіндік. Бір сөзбен айтқанда әрбір мемлекет нысаны өз қағидаларына тән ішкі қайшылықтардан және қағидаларды теріс пайдаланудан жойылады.
Платон бойынша демократиядан оның жалғасы, қарама-қайшылығы тирания шығады. Шексіз еркіндік шексіз құлдыққа айналады. Тиран билікке халықтың қолдауымен қол жеткізеді. Тирания - заңсыздық, күштеу кең таралған мемлекеттік құрылымның нашар түрі.
Саяси - құқықтық мәселелердің бірқатары Платонның "Политик" атты диалогінде қарастырылған.
Саясат - Платон бойынша, бұл адамдарды басқара алуды және білімді талап ететін патшалық өнер. Платон басқарушылардың осындай мәліметтерінде олардың заңмен немесе заңсыз басқаруы қажет болмайды деп есептеді.
Шынайы басқарушылары жоқ барлық басқа мемлекеттерде билік заңмен жүзеге асырылуы керек. Платон басқарушысы шынайы білімді жетекшілік ететін үлгілік мемлекеттен басқа. Әрбір заңдылықтың болуы немесе болмауына байланысты екіге бөлінетін үш басқару түрін көрсетеді: монархия - аздардың және көпшіліктің билігі, заңды монархия - бұл патшалық билік, қарама қарсысы - тирания, азшылдардың заңды билігі - аристократия, заңсызы - алигархия, демократия заңды және заңсыз. Нәтижесінде шынайы басқаруды қосқанда 7 мемлекет нышаны бар.
Сонымен заңдылық қағидасы Платондық сызбада басшы болмаса да, көмекші рөлді алады.
Платон заң шығарушыға бірінші жағынан басқарушылардың билігін, екіншіден бағынушылардың еркіндігін шектеп, ұстамдылықта болуға кеңес береді. Есепке алуға жергілікті жердің географиясы, ауа райы, топырағы және т.б. жатады. Платон заңдарды жергілікті жағдайлармен келіспейтін етіп бекіту мүмкін емес деді. Ол заңдар туралы ғылымды игеруге зерттеуге үлкен маңыз береді. Адамдардың айналысатын барлық ғылымдардың ішінде барлығы жүзеге асыратын заң туралы ғылым.
Екінші жағымды қасиеті бойынша мемлекет жобасының ставкасы адамдардың жеке және жалпы өмірін күн мен түн тәртібін анықтай отырып қатаң реттеген деталды және қатыгез заңдар жасалады.
Платонның тағы да кейбір ойларын келтірейік:
Әрбір билік өзіне жағымды заңдарды орнатады: демократия - демократиялық заңдарды, тирания - тираниялық заңдарды... Сөйтіп өзі орнатқан заңдарды ең әділетті деп жариялайды да оларды бұзғандарды заңбұзушылар және әділетті жоюшылар деп жазалайды...
Мемлекет, менің пікірімше, былай пайда болады: адамдарға көп нәрселер керек бола тұрғанда, ал олар өздерін жеке-жеке қамтамасыз ете алмай, бір-біріне жәрдем беру үшін бірігеді; адамдардың сөйтіп бірігіп жасауы мемлекет дейіледі...
Жақсы мемлекетте елді қорғаушыларда жеке меншіктің болмауы тиіс; олардың басқа адам кіре алмайтын үйі де болмауы керек; ешқандай алтын дегенді олар білмесін (алтынды білсе олар бұзылады)...
Идеалды мемлекетте елдің үш бөлегінің әрқайсысы өзінің ісімен айналысады: билеушілер (олар философтар болуы тиіс, олардың саны әрдәйым өте аз болады) елді басқарады; қорғаушылар елді қорғайды; шаруалар материалдық жағдайды қамтамасыз етеді...
Барлық әйелдер мен балалар ерлерге ортақ болсын; балалар өздерінің жеке әке-шешесін білмейтін болсын...
Мемлекеттің төрт түрі бар: тимократия (билік менменділікке - честолюбие - негізделген), олигархия (билік байлыққа қарай құрастырылған, кедейлер басқаруда қатыспайды), демократия (кедейлердің билігі, басқарушылар жребий арқылы аусып тұрады), тирания (бұл демократиядан шығады, қатыгез құлдық пайда болады).
Аристотельдің саяси және құқықтық ойлары
Платоннан кейінгі антикалық саяси - құқықтық ілімнің дамуы және тереңдеуі, оның оқушысы және сыншысы Аристотель б.э.д 384-321жж. есімімен байланысты. Оның мынадай қанатты сөздері бар: "Платон маған - дос, бірақ онан үлкен дос - шындық". Аристотель жемісті автор болды, бірақ оны көптеген шығармалары жоғалып кетті. Саяси - құқықтық тақырыпта сақталып қалған еңбектері - "Саясат", "Афиндық полития" және "Этика" жарық көрді. Аристотель саясат туралы ғылымын жан - жақты игеруге ұмтылыс жасады. Аристотель бойынша ғылым ретінде этикамен нығыз байланысты. Ол бойынша саясаттың ғылыми түсінігі, адамгершілік туралы көзқарастардың дамуы және этика білімі деп біледі.
Этика саясаттың бастауы, оның кіріспесі ретінде саналады. Аристотель әділдіктің 2 түрін ажыратады: Теңестіруші және бөлуші. Теңестірші әділдік қағидасы - арифметикалық теңдік. Бұл қағиданың қолдану аясы - азаматтық құқықтық мәселе, зиянды өтеу, жаза және т.б. салалар. Бекітуші әділдік геометриялық теңсіздік қағидасынан туындайды және ортақ игілікті салым мен төлемнің құнына үйлесімді бөлуді білдіреді. Этикалық зерртеудің негізгі қорытындысы - саяси әділеттілік тек қана бір қоғамдылыққа жататын еркек және тең адамдар арасында болуы мүмкін және олардың мақсатының - өзек қанағаттандыруын негізге алуы деген ереже.
Мемлекет - табиғи дамудың өнімі. Бұл қатынасқа ол алғаш пайда болған отбасы және ауыл қатынастарына ұқсас. Бірақ мемлекет өзімен барлық қатынастарды қамтитын қатынастың жоғарғы нышаны. Саяси қатынаста барлық қатынас нысандары өз мақсатына жетеді және аяқталады. Адам табиғатын саяси тіршілік және мемлекетте де осы адамның саяси табиғаты, генезисі жүзеге асырылады. Бірақ барлық адамдар, барлық халықтар дамудың мұндай деңейіне жеткен емес. Аристотель варварларды дамымаған адам табиғатының адамдары, оларда өмірдің саяси нысанына дейін өспеді - деп есептеді. Варвар және құл өзінің табиғатына ұқсас ұғымдар.
Аристотель бойынша құл мен оның иесі арасындағы қатынас мемелкеттің емес, отбасының элементі болып табылады. Саяси билік әкенің балаларға билігінің, бастығының құлына билігінен қағидалық ерекшеленіп еркіндік және құлдық қатынастарынан туындайды.Платон секілді Аристотельде мемлекетті оны құрушы элементтердің бірлігі мен бүтіндігі ретінде қарайды, бірақ ол Платондық мемлекеттік шектен тыс бірлікте істеуге ұмтылысты сынға алады. Мемлекет көптеген элеметтерден тұрады, ал оларды біріктіруге ұмтылыс, мысалы Платонның ұсынған мүліктің, әйелдің, баланың ортақ болуы, мемлекеттің жойылуына әкеледі. Жеке меншікті, отбасының және жеке тұлға құқығын қорғау бағытында Аристотель Платондық мемлекеттің екі жағына сынға алады.
Жеке меншік Аристотель бойынша адам табиғатында, оның өзіне деген табиғи сүйіспеншілігінде тұрақтанады.
Платон Академияны алғаш рет құрған болса, Аристотель бірінші Лицейді орнатқан. Аристотель бірталай саяси ойларын айта кеткен. Мысалы, ортақ меншіктің кемшіліктерін кuрсете тұра, қоғамға жеке меншіктің мањыздылығын дәлелдеген.
Адам ұғымына мынадай түсінік берген: адам дегеніміз - бұл саяси жануар; егер кімде-кім саясатқа қатыспаса, онда ол әлі де адам емес немесе адамнан жоғары тұратын құбылыс. Оның кейбір басқа ойлары:
Адамдар арасындағы ең кең және ең маңызды байланыс - ол саяси байланыс. Сол байланыс мемлекет деп аталады.
Меншік тек салыстырмалы турде ғана ортақ болуы мүмкін, ал жалпы айтқанда жеке меншік болуы тиіс. Себебі, меншік адамдар арасында бөлінгенде, олардың арасында наразылыққа орын қалмайды, бұл жағдай бєріне тек пайдалы болады; әркім өзінің меншігіне көбірек көңіл бөлетін болатын.
Мемлекеттердің түрлерін Аристотель алтыға бөліп былай жіктейді: олардың үшеуі дұрыстарына жатады, ал басқа үшеуі бұрыстарына жатар екен. Мемлекеттердің дұрыс түрлері - монархия, аристократия жєне полития. Олардың тиісті бұрыс түрлері - тирания, олигархия жєне демократия. Бұл орайда Аристотель мына түсіндірме береді: монархия мен тирания - бұл бір адамның билігі (біріншісі - жақсы, адал, әке сияқты адам, ал екіншісі - қатыгез деспот); аристократия мен олигархия бірнеше адамдардың, үлкен емес топтың билігі (бірақ аристократтар беделді, елдің қамын ойлайтын топ, ал олигархтар байлардың тобы бола тұра, тек өздерінің қамын ойлайтын екен); полития мен демократия көпшіліктің билігі екен, бірақ бірінші көпшілік жоғары саналы, мәдениетті болса, екіншісі білімсіз, қара көпшілік екен...

Марк Туллий Цицерон 106 - 43 ж.ж. б.э.д. белгілі Рим шешені, заңгер, мемлекеттік қызметкер және ойшыл. Оның кең шығармашылығында мемлекет және құқық мәселелеріне маңызды көңіл бөлінген. Цицерон мемлекетті халық игілігі ісі ретінде анықтайды.
Сана - патшалық империя, жанның ең жоғарғы және ең жақсы бөлігі. Сондықтан данышпандық билігінде ашуға ойланбай жасалған іс - әрекеттерге орын жоқ - деп жазды Цицерон. Ежелгі грек ойшылдары арасында Цицерон жақсы нысанды іздеуде нысандар айналымында бір нысаннан басқа нысанның тұсындауына, мемелекеттік құрылымның әртүрлі нысандарын талқылауға үлкен көңіл береді.
Ол билеушілердің санына байланысты басқару нысанының үш қарапайым нысанын ажыратты: Патшалық билік, оптиматтар билігі және халық билігі. Егер жоғарғы билік бір адамның қолында шоғырланса ол адамды - патша, ал мемелекеттік құрылымды - патшалық билік - деп атаймыз. Ал билік таңдалғандардың қолында болса - бұл азаматтық қауымдастық оптиматтар еркімен басқарылады.
Халық билігінде барлығы халықтың қолында болады. Бұл нысандардың әрқайсысы өзінің кемшіліктерімен артықшылықтарды иеленді. Осылардың арасынан тауға жол берсек онда бірінші таңдау патшалық билікке түседі, ал демократия ең соңғы орынға қойылды. Бізді игілік еркімен - патшалар, тапқырлығымен оптиматтар, еркіндігімен халық өзіне тартады - деп жазды Цицерон.
Цицеронның ойынша басқарудың әртүрлі нысанның аталған артықшылықтары аралас мемелекет нысанында өзара байланысқан және билікке жинақталған болуы мүмкін және солай болады. Цицеронның ойынша үш қарапайым басқару нысандарының жақсы қасиеттерін теңдей араластыру жолымен құрылған мемлекеттік құрылым түрі жағдайында ғана мүмкін. Цицерон мұндай мемелкеттік құрылымның негізгі оң қасиеттері ретінде мемелекеттің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz