Мәдениетаралық қарым –қатынас және аутенттік мәтіндер


МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 2-4

1. «Мәдениетаралық қарым -қатынас» және аутенттік мәтіндер мәселелерінің теориялық сипаты

1. 1 «Мәдениетаралық қарым -қатынас» ұғымына түсінік . . . 5-11

1. 2 Мәтін ұғымына жалпы түсінік . . . 12-24

1. 3 Аутенттік мәтіндер және олардың сипаттамасы мен

түрлері . . 25-35

Бірінші тарау бойынша тұжырым . . . 36

ІІ. Шет тілі сабақтарында аутенттік мәтіндерді қолданудың маңыздылығы

2. 1. Аутенттік мәтіндер және ұсынылатын әдістемемен жұмыс істеу кезіндегі медициналық оқу орнында мәтінді кәсіби оқытудың ерекшеліктерін анықтау мақсатында Eric H. Glendinning and Ron Howard ”Professional English in Use Medicine” ОӘК талдау. . . 37-42

2. 2. Шет тілдері сабағында медициналық оқу орны студенттерін аутенттік мәтіндер арқылы кәсіби оқуға үйретуде қолданылатын жаттығулар кешені мен әдістемесі . . . 43-76

2. 3. Эксперименттік тәжірибелік бөлім . . . 77-86

: Қорытынды . . . 87
: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 88-90
: Қосымшалар . . . ………. . 91-94

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі қоғам өмірінде болып жатқан саяси-әлеуметтік және экономикалық өзгерістердің еліміздің білім беру жүйесіне де ыкпалы үлкен. Мемлекетіміздің халыкаралық байланыстары барған сайын күшейе түсіп, еліміздің қай саласында болмасын шет елдермен қарым-қатынас орнаған. Бұл қарым-қатынастарды нығайтып, жандандыра түсу үшін шетел тілін жете меңгерудің маңызы зор.

Қоғам өмірінің саяси-әлеуметтік және экономикалық аясындағы интеграциялық процестер мәдениетаралық қарым-қатынастың орнауына үлкен септігін тигізеді. Мәдениетаралық қарым-қатынас әртүрлі үлт өкілдерінің тепе-тең немесе біріге отырып өзара әрекет жасауын талап етеді. Шетел тілін жасанды тілдік ортада оқыту жағдайында екі немесе үш шетел тілін меңгеретін полилингвальдык түлғаны қалыптастырудың мүмкіндік деңгейі жеткілікті және ғылыми тұрғыдан дұрыс дәлелдеуді қажет ететін мэселе болып табылады . Оқушы мүндай карым-катынас жасай алу үшін тек шетел тілін жақсы меңгеріп қана қоймай, ол сонымен қатар сол тілде сойлеушінің тілдік және тілдік емес өзгешеліктерін түсініп, үғынуы тиіс. Мәдениетаралық қарым-қатынас процесіне қатысушы көп тілді меңгерген сайын, сол елдің мөдениетін, үлттық менталитетін жете түсінеді.

Оку жүйесінде шетел тілін үйрету мен оқытуда көптеген өзгерістер болып, орта мектептерде бір шетел тілі ғана емес екі шетел тілі, тіпті үш шетел тілі оқытылуда.

Мектептерде бірінші шетел тілі ретінде ағылшын, неміс, француз тілдері оқытылуда, дегенмен көбіне ағылшын тілі басым орын алады. Әрине бірінші шетел тіліне қажетті окулықтар, оқыту қүралдары, бағдарламалар, әдістемелік нұскаулар бар және бүл мәселеге байланысты арнайы диссертациялық зерттеулер де орындалған.

Бұл ұсынылып отырған зерттеу жүмысы жалпы медициналық жоғарғы оқу орнында екінші шетел тілінде, яғни ағылшын тіліндегі аутенттік мәтіндерді окуға үйретудің әдістемесін қүруға арналады.

Шетел тілін қатысымдылыққа-бағдарлап оқыту мәдениетаралық қарым -қатынасты қалыптастыру мүмкіндіктері мен құралы ретінде қарастырылады. Шеттілдік қарым -қатынасқа үйретуді мәдениет диалогы мәнмәтінінде ұйымдастыру талап етіледі. “Мәдениетаралық қарым -қатынас құзіреттілігі”ұғымы «қатысымдық құзіреттілік» ұғымын ығыстыра бастады, ол сонымен шетел тілін оқыту мазмұнының мәдениетаралық компоненті жетекші екенін, ал оқыту материалының аутентті болуы-пән мазмұнына қойылатын талап екенін негіздеді. Шеттілдік авторлармен бірігіп тілі оқытылып отырған ел халқының менталитеті мен өмір сүру стилі, мінез құлығы, дәстүрі туралы ұлттық мәдени ақпараттарға толы оқулықтар, оқу кешендері мен бағдарламалар жасала бастады.

Шет тілін оқып үйрену студенттердің өзі сабақ барысында ұшырасатын жат әлемді жақсырақ түсінуге, сол жат әлеммен ұшырасу нәтижесінде өз әлемін айқынырақ, дәлірек түсініп, анығырақ білуге төселдіруі тиіс. Шет тілін мәдениетаралық қарым -қатынас концепциясына негіздеп оқыту барысында студеннтер өз әлемін тілін оқып отырған елдердің әлемімен ссалыстыруға, жат әлемнің өз әлемінен өзгешелігі, оның қызықтылығы, тартымдылығы неде, онда нендей құбылыстар түсініксіз, жат екендігі туралы ойлануға, сол туралы сөйлеуге бейімделуі тиіс. Сондықтан оқып үйреніп жүрген тілдің, сол тілде сөйлейтін елдің мәдениетін білмей, оны меңгермей тұрып, сол тілде құзыреттілік біліктілікке қол жеткізу мүмкін емес. Бір сөзбен айтқанда мәдениетаралық қарым -қатынас құзіреттілігін қалыптастырудың, дамытудың алғы шарттары:

а) жат мәдениетті түсініп, өз мәдениетін саналы түрде меңгеру, яғни рецептивтік іскерліктер: басқа мәдениет өкілдерінің вербалды және вербалды емес әрекеттерін түсіне білу;

б) басқа мәдени орталарда дұрыс әрекеттену іскерлігін дамыту, яғни продуктивті іскерліктер: сөз туындылары мен вербалды емес әрекеттерді дұрыс және белсенді түрде туындата білу;

Жаңа заманның талаптарына орай, бәсекеге қабілетті, мәдениетаралық қарым -қатынас құзіреттілігі қалыптасқан, кәсіби маман-дәрігер даярлау бүгінгі білім беру жүйесінің басты да негізгі мақсаты екені даусыз. Осы мақсатты іске асыруда, ең алдымен, медициналық жоғарғы оқу орнында медициналық мәндегі аутенттік мәтіндерді кәсіби түрде оқыту арқылы студенттердің мәдениетаралық қарым -қатынас құзіреттілігін қалыптастыру басты назарда болуы тиіс. Зерттеу жұмысының өзектілігі де осы айтылғандарға байланысты айқындалады.

Зерттеу нысаны- медициналық жоғарғы оқу орнында медициналық мәндегі аутенттік мәтіндерді кәсіби түрде оқыту арқылы студенттердің мәдениетаралық қарым -қатынас құзіреттілігін қалыптастыру үдерісі.

Зерттеу пәні- медициналық жоғарғы оқу орнында студенттердің мәдениетаралық қарым -қатынас құзіреттілігін қалыптастыруда аутенттік мәтіндерді кәсіби түрде оқыту әдістемесі.

Зерттеу жұмысының мақсаты- медициналық жоғарғы оқу орнында студенттердің мәдениетаралық қарым -қатынас құзіреттілігін қалыптастыруда аутенттік мәтіндерді кәсіби түрде оқытудың теориялық негіздеріне және қарым -қатынас теориясына сүйене отырып, мәдениетаралық қарым -қатынас талабына сай білім, білік, дағдыларды дамытуға арналған оқу әдістемесін ұсыну, оның тиімділігін тәжірибе арқылы дәлелдеу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • студенттерде мәдениетаралық қарым -қатынас құзіреттілігін қалыптастырудың лингвистикалық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік негіздерін анықтау;
  • медициналық жоғарғы оқу орнында студенттердің мәдениетаралық қарым -қатынас құзіреттілігін қалыптастыруға арналған оқу материалдарының мазмұнын айқындау;
  • студенттердің мәдениетаралық қарым -қатынас құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған әдістеме ұсыну;
  • студенттердің мәдениетаралық қарым -қатынас құзіреттілігін қалыптастыруда аутенттік мәтіндердің ішкі мазмұнын айқындап, нәтижелерінің тиімділігін тәжірибе арқылы дәлелдеу.

Зерттеу жұмысының болжамы - егер медициналық жоғарғы оқу орнында аутенттік мәтіндер арқылы студенттердің мәдениетаралық қарым -қатынас құзіреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздерін зерделеп, осыған сай жасалған әдістемесін тиімді қолданса, олар тілдік қатыстың оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым, тілдесім әрекеттері арқылы жүзеге асырылса, онда аутенттік мәтіндер арқылы болашақ дәрігер-мамандардың мәдениетаралық қарым -қатынас құзіреттілігін қалыптастыруға игі ықпалын тигізеді, өйткені мәдениетаралық қарым -қатынас құзіреттілігі бәсекеге қабілетті, жан жақты дамыған мықты маман даярлаудың алғы шарты.

Зерттеудің жетекші идеясы - студенттің оқу -танымдық іс -әрекеті, оқу үрдісінің шын мәніндегі сипаты анықталады, олардың аутенттік мәтіндер арқылы сөз мәдениетінің қалыптасуына ықпал етеді.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері - зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері ретінде философиялық таным теориясы, іс әрекет теориясы, лингвистика, дидактика, психология ғылымдарының жетістіктері негізге алынды.

Зерттеудің әдістері - зерттеу жұмысында баяндау, талдау, салыстыру, моделдеу, бақылау, сұрау, педагогикалық тәжірибе әдістері қолданылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы - медициналық жоғарғы оқу орнында аутенттік мәтіндер арқылы студенттердің мәдениетаралық қарым -қатынас құзіреттілігін қалыптастыра отырып оқытудың тиімді әдістемесі ұсынылады және орындалатын тапсырмалар мен жаттығулар жүйесінің тиімділігі анықталады.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы - медициналық жоғарғы оқу орнында аутенттік мәтіндер арқылы студенттердің мәдениетаралық қарым -қатынас құзіреттілігін қалыптастырудың әдістемелік негіздері зерделенеді. Зерттеу барысында жасалған тұжырымдар мәдениетаралық қарым -қатынас құзіреттілігін қалыптастыру теориясының қағидалары мен заңдылықтарын іске асырады.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы - зерттеу жұмысының нәтижелері жалпы білім беретін орта мектеп, медициналық колледж, медициналық жоғарғы оқу орнында мәдениетаралық қарым -қатынас құзіреттілігін қалыптастырып дамытуға көмектеседі.

Алынған ғылыми нәтижелердің сенімділігі мен нақтылығы зерттеу негізі етіп алынған теориялық тұжырымдардың әдіснамалық тұрғыдан талдануы арқылы танылады. Жұмыстың мақсатына, алға қойылған міндеттеріне сәйкес шешімін тапқан зерттеу әдістері мен көрсетілген нәтижелердің білім беру мекемелерінде жүргізілген сабақтарда дәйектелуі зерттеудің сенімділігіне кепілдік етеді.

Зерттеу кезеңдері:

Зерттеудің бірінші кезеңінде мәселенің ғылыми-ізденістері құрастырылды. Сонымен қатар жұмыстың мазмұны мен негізгі бөлімдері анықталынды. Пайдаланылатын әдебиеттер жинақталынып, талданды.

Зерттеудің екінші кезеңінде оқу іс-әрекеті барысында диагностикалық жұмыстар ұйымдастырылды. Аутенттік мәтіндердің тиімділігін анықтау жұмыстары жүргізілді.

Зерттеудің үшінші кезеңінде зерттеу жұмысымызға теориялық және тәжірибелік тұрғыда жалпылама қорытынды берілді.

Зерттеу жұмысының құрылымы - кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1. «Мәдениетаралық қарым -қатынас» және аутенттік мәтіндер мәселелерінің теориялық сипаты

  1. «Мәдениетаралық қарым -қатынас» ұғымына түсінік

Мәдениетаралық қарым -қатынас мәселелері ХХ ғасырдың 70-жылдары әлеуметтік мәдениеттану салаларында өзекті бола бастады. Мәдениетаралық қарым -қатынас ұғымына көптеген анықтамалар берілген. Н. И. Халееваның айтуынша «Мәдениетаралық қатысым-коммуниканттар арасындағы вербальді және вербальді емес қарым -қатынас үрдісі» Ал Е. М. Верещагин, В. Г. Костомаровтар «Мәдениетаралық қарым -қатынас ол түрлі ұлттық мәдениетке жататын қатысымдық актіге қатысушылардың бір бірін дұрыс түсінуі»дейді. Мәдениетаралық қарым -қатынастың соңғы нәтижесі «Мәдениетаралық қатысым субъектін» қалыптастыру. (Құнанбаева С. С) [1. б 116]

Ал отандық ғалымдар мәдениетаралық қарым қатынастың кеңінен таралған анықтамасы ретінде «түрлі ұлттық мәдениетке жататын қатысымдық актіге қатысушылардың бір бірін дұрыс түсінуі» [2. 320 б]

Шетел тілін оқытуда оқушының жоғарғы дәрежедегі коммуникативтік компетенциясын қалыптастыру көзделетіні мәлім. Коммуникативтік компетенция коммуникативтік іскерліктер негізінде іске асады. Шетел тіліндегі аутенттік мәтін қарым-кдтынастың жүзеге асуына, яғни мұғалімнің оқушылармен, оқушылардың бір-бірімен екеуара, топтық, үжымдық өзара әрекет жасауына мүмкіндік туғызады. Мұндай қарым-қатынастың негізін коммуникативтік іскерліктер құрайды. Окуға үйретуде қолданылатын мәтіндердің мазмүнын пайдаланып, сөйлеуге, тыңдап түсінуге, жазуға үйретуге, яғни сөз әрекетінің барлық түрлеріндегі іскерліктер мен дағдыларды тығыз байланысқан жағдайда дамытуға болады, сондықган да екінші шетел тілін үйретуде оқу маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, екінші шетел тілінде окуға үйретуде окушылардың бірінші шетел тілін оқуда қалыптасқан жалпы және арнайы оку іскерліктері, тілдік және оқу тәжірибелері көп көмегін тигізеді. Г. В. Елизаровтың “қарым- қатынас” мақсатына берген түсініктемесі Ю. М. Лотманның пікірімен сәйкес келеді ( қарым- қатнас қатысымның бір түрі, “оның барысында ақпаратпен алмасу жүзеге асырылады”) «Мәдениетаралық қатысымның »ұғым ретінде ғылыми теориялық қолданбалы саласы жоқ, оның коп қырлылығы мен аралас ғылымдармен байланыстылығы бүгінде оның бір ғана классификациясының барлығын көрсетеді, ол - қатысым мен мәдениетті зерттеудегі амалдардың типологиясы(У. Харт)

Арнайы зерттеулер көрсеткендей, оқушылар бірінші және екінші шетел тілінің жеке тілдік құбылыстарын салыстыруға бейімді. Сондықган да екінші шетел тілінде окуға үйрететін жалпы әдістемелік тәсілді коммуникативтік қана емес, коммуникативтік-танымдық тәсіл деп анықтауға негіз бар. Жоғарыда айтылғандай, окушылардын бірінші тіліндегі оку іскерліктерін, сонымен бірге ана тілі мен бірінші шетел тілінің тиімді ықпалын анықтап, екінші шетел тілінде окуға үйретуде жеделдете оқытудың элементтерін қолдану маңызды. Оқу арқылы шетел тілін оқытудың барлық мақсаттарына, яғни коммуникативтік, білімдік, тәрбиелік, дамыту мақсаттарына жетуге болады. Окушылар аутенттік мәтіндермен жүмыс істеу барысында қосымша материал жинау мен оны талдау арқылы сол елдің тарихы, жағрапиясы, әдебиеті жөне мәдениеті туралы жаңа мағлұматтар алып, оларды өз елінің және бірінші шетел тілінің мәдениетімен салыстырады, ұқсастықгар мен айырмашылықгарды аныктайды. Осылайша, оқушылар өздерінің білім деңгейін көтеріп, ой-орісін кеңейте түседі. Сонымен, тек мәтін ғана толығымен шетел тілін оқыту мақсаттарының мазмұндық сипаттамаларына жауап бере отырып, тілді коммуникативтік түрде меңгеруге мүмкіндіктер жасайды. Бұл әсіресе нағыз тілдік ортасыз жаппай оқытуда өзекті мәселе болып табылады. Екінші шетел тілінде аутенттік мәтіндерді оқуға үйрету әдістемесі үшін мәтіннің негізгі лингвистикалық ерекшеліктерін анықгау маңызды, өйткені ол оқушыларға тұтас мәтінді құру тәсілдері туралы тусінік береді және мәтінді түсіну процесіне ықпалын тигізетін лексикалық-грамматикалық және композициялық бағыт сілтеушілерді аныктап білуге септігін тигізеді. Лингвистика ғылымында мәтін сыртқы тұлғасы жағынан да, ішкі мазмүны жағынан да ерекше ұйымдасқан біртүтас күрделі құрылым ретінде қарастырылады. Бүл термин қосылу, бірігу, байланысу мағынасын білдіретін латынның "textus" сөзінің баламасы. Осы тұрғыдан алғанда, мәтін - мағыналық бірлікте түрған және лексикалық-грамматикалық байланыс арқылы өзара қарым-қатынаска түсу аркасында бірігіп, бір ортақ ойды білдіру үшін жүйеге келтірілген сөйлеу бірліктерінің тізбегі.

Мәтін лингвистикасының пәні мәтіннің ерекше лингвистикалық категория ретіндегі ішкі қүрылымының зандылықтары мен принциптері болып табылады. Мүның себебі, мәтін ақпарат беру мен алудың қүралы ретінде іс жүзіндегі коммуникативтік бірлік болып танылады. Мәтін лингвистикасының міндеті мәтін қүрамындағы барлық тілдік бірліктердің қызмет етуін баяндау, мәтін элементтерін зерттеу, барлық мәтіндерге төн мәтін құратын зандылықгарды іздеу болып табылады.

Мәтін мағыналық, қүрылымдық және коммуникативтік жағынан аяқгалған және сондықган қарым-қатынастың толық құралы болып қызмет етуге қабілетті бірліктермен істес болады. Ол тілдің негізгі міндеттерінің бірі екені мәлім.

Мәдениетаралық қатынасқа үйрету іс жүзінде әр түрлі мәдениет өкілдері арасындағы қатынасты жүзеге асыруға мүмкіндік беруге бағыталған. Курстың мәдени қарама-қарсы мазмұны студент назарын «ана-өзге тілдікті» салыстаруға бағыттау тиіс.

  • студенттердің өзге тілдік мәдениет құблыстары мен феномендері жайлы білім жүйесін дамытып, өзінің және өзге тілдік мәдениеттің құндылықтарын аялай білуге тәрбиелеу;
  • өзге халыққа тең, оның мәдениетімен тығыз байланысқан стереотиптерді ұғындыру;
  • тіл және мәдениетінің өзара байланысын түсінуге негізделген қатынастық біліктілікті қалыптастыру;
  • мәдениетаралық қатынаста жүзеге асыра үйрету.

Курсты аяқтағанда студент мыналарды білуге тиіс:

  • мәдениетаралық қатынастың негізгі ұғымдарын;
  • мәдениетаралық қатынас үрдісін зерттеудің неғұрлым тиімді әдістерін;
  • ана және өзге мәдениеттегі құндылықтар жүйесін;
  • өзіндік мәдени ұстанымдарыдың мәні мен олардың қмірде кездесетін әр түрлі жағдайлардағы маңызы;
  • салғастырылатын мәдениеттердің ұқсастықтары мен өзгешелектері;
  • мәдениеаралық байланыс кезіндегі әр түрлі жағдайларда өзін-өзі бір қалыпты ұстай білудің стратегиялары, мынадай іскерлікке ие болуы тиіс:
  • өзге мәдениет өкілдерінің жағдайларға байланысты қалыптасқан мінезқұлық ерекшеліктерін сыни тұрғыдан түсіне білу;
  • тіл мәдени ортада алынған тәжірибенің маңызы мен оның адамның іс-әрекеттеріне тигізер әсерінің дәрежесін ұсыну;
  • әр түрлі типтер мен жанрлардағы мәтіндердің мазмұнына, өзге мәдениет қауымдастығының өнер туындалары мен бұқара ақпарат құралдарына түсінік бері;
  • екі мәдениеттің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата білу;
  • қажетті білімді тілдің өзге тілдік мәдениетті түсіну үшін пайдаланып, ондай білімді иелену стратегиясын меңгеру;

мәдениетаралық қарым-қатынас үрдісінде талдау жүргізіп, өзіндік рефлексия мен өзіндік бақылауды жүзеге асыру. «Мәдениетаралық қатысымды (МК) » шеттен тыс негіздеу және ұғымның мөлшері 1) мәдениеттер байланысын әлеуметтік философиялық тұрғыдан түсіну­ ( Г. В. Гуденаф, А. Уоллес- лингвистика онтологиясындағы когнитивтік әдіс; К. Гриц- семиоитикалық антропология; Е. В. Веснер- мәдени релятивизм) ; 2) келесі үш функцияны орындаудағы тіл мен мәдениет байланысының кешендік интерпретациясы: қарым- қатынастың әлеуметтік функциясы, заттар, құбылыстар мен байланыстарды репрезентациялаудағы семиотикалық функция; ойды құрастырудағы когнитивтік функция (Р. А Будатов, Г. В. Елизарова)

Бір де бір мәдениет оқшауланған түрде өмір сүрмейді. Өзінің өмір тәртібіне сәйкес ол әрқашан да өзінің бірде өткен тәжірибесіне бірде басқа мәдениеттердің тәжірибесіне бет бұрайды. Басқа мәдениеттердің тәжірибесіне қарау қылығы «мәдениеттердің қарым- қатынасы» деп аталады. Халықаралық қатынастардың ұлғаюынан және әр түрлі мәдениеттердің қарым-қатынасынан, олардың зерттеулері өздеріне көп назар аударады.

Мәдениетаралық қатысымдық компетенция компоненттерінің құрамы ғылыми педагогикалық әдебиетте пікірталас тудырады. Оның құрамы туралы нақты пікір жоқ, оны анықтайтын әдіс те жоқ. Алайда “мәдениетаралық қатысы” ұғымын түсіндірудегі турлі әдістердін болуына қарамастан, шетел тілін оқыту саласында оны барлық мамандар бірдей түсінеді, ол Ян ван Эк ұсынған пікір, мәдениетаралық қатысымдық компетенцияның теориялық үлгісінің элементтері бар деп көрсетеді. Мәдениетаралық қатынас мәселесінің назары күннен күнге өсіп тұрады. Ұлттық мәдениет, мiнез-құлықтың шағылысулары коммуникацияның арқасында өрнектеледi. Коммуникацияның нақ сол ауызша және ауызша емес таңбалары салт, мәдениеттi, халық және елдiң сипаттарын қаттырақ бiлдiредi. [6. 65 б] С. Савиньон пікірінше, мәдениетаралық қатысымдық компетенцияның құрылымына : 1) грамматикалық компитенция, яғни тілдің лексикалық, синтаксистік, фоналогиялық, ерекшеліктерін танып, олармен сөз, сөйлемдер құрастыра алу. Кәсіби қарым-қатыныс адамдардың еңбек әрекеті үрдісінде бірдей мамандыққа ие немесе бірдей дайындықтан өткен субъекттер қатысымының озара біріккен әрекеті формасында анықталады. Қарым-қатынас негізін қатысымдық сипаттағы кәсіби танымдық қажеттілік қалайды, ол қарым-қатынастың мақсатың, яғни кәсіби тұрғыдан маңызды ақпарат алуды анықтайды. Мазмұнды кәсіби тұрғыдан іріктеуге кәсіби тіл мен кәсіби қарым - қатынасқа үйрету “мәнмәтіндік оқыту теориясы” деген анықтамаға ие болды(А. А. Вербицкая, А. М. Смолкин, О. Б. Тарнапольский, Н. К. Стамғалиева, Д. Н. Кулибаева және т. б) Мән мәтіндік оқыту деп дидактиқалық форма, әдіс көмегімен маманның болашақ кәсібі әрекетінің пәндік және әлеуметтік мазмұнын үлгілеуді атайды, ал оның абстактілі білім мен жүйені меңгеруі осы әрекеттің арқауына салынады. Зерттеудiң өзi және аралық мәдениеттi коммуникациялық нормалар байланысының зерттеуі кроссмәдениетті нормалар, этикеттi нормалар, ауызша және ауызша емес аралық мәдениеттi коммуникациялық бiрлiктердiң мiнез-құлығының анық айырмашылығын бередi. Аутмәдениетті нормаларының мiнез-құлықтары шет тiлін және мәдениетін оқып жүргендерге лингвомемлекеттік білімінің және мәдениетаралық компетенцияның құрылу факторының бай қайнар көзі болып табылады. А. Н. Щукиннің пікірінше, қатысымдық әдістің артықшылығы оның оқыту үрдісінде тілге мәдениет арқылы үйрету, ал мәдениетке тіл арқылы үйретуге қадам жасауы. Соның негізінде шеттілдік білім беруді шеттілдік мәдениетті үйрету үрдісі ретінде қарауға мүмкіндік туады. [8. 204 б] «Мәдениет» ұғымының қалыптасуы көп сипатталған. Латын тектi cultio және culteсi сөздер ежелгi Рим құжаттарындағы сөздер өңдеуді бiлдiретiн және ауыл шаруашылығында қолданылатыны белгiлi. Этимологиялық жағынан латын тілде ежелгi colere- етiстiгiнің бастапқы мәні «жер өңдеу» болған, ал кейін - «сыйлау», «қадыр тұту» деген ұғымға ие болды. Римдiк мемлекеттiк қайраткерлерде мәдениет жаңа мағыналармен ауқаттана кеңи түсті. Келесi ғасырларда топырақтың өңдеуi туралы ғана емес, ақылдың дамытуы, бiлiм және сенiмнiң артуы туралы ендi сөз бола бастады. Пұтқа табынушылық ұлы дiндерiндегi адамның мүмкiндiгiн жанды және қабiлеттiлiкті құдайға махаббат тәрбиесіне ауыстыру деген ойымен сипатталды. Философия және теология мәдениетке кiредi, оны жұтады, онымен жұтылады. Мәдениет ұғымына кейін civils -азаматтық, мемлекеттік латын терминiнен шыққан өркениет (цивилизация) ұғымы қосылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шет тілін оқытуға арналған түпнұсқалық материалдардың рөлі
Оқыту процесінде қолданылатын аутентті мәтіндер
Шетел тілі сабағында аутенттік мәтіндерді қолдану
Шет тілін оқытудағы Еуропалық деңгейлер жүйесінің тәжірибе жүзінде қолданылуы
Ағылшын тілі сабағында аутенттік материалдарды пайдалана отырып сөйлеу қабілетін қалыптастыру
Оқушылардың мәдениетарлық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастырудың теориялық негіздері
Ағылшын тілін оқытуда сөйлеу әдістері арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдарын қарастыру
Шетел тілі сабағында шетелдік басылымдарды қолдану
Шет тілі оқуының бір бөлігі ретінде шет тіл мәдениетін оқыту
Шет тілін оқытудағы Еуропалық деңгейлер жүйесіне сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz