Әсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ . ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ ... ... ... 10
1.1 Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы мен ұйымдастыру құрылымы ... ... ... .. 10
1.2 Кәсіпорынның қаржы.шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері ... ... 13
1.3 Қаржылық есеп берудің міндеті мен маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

2 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ ... ... 33
2.1 Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау ... ... 33
2.2 Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 37
2.3 Кәсіпорынның несиелік қабілеттілігін анықтайтын көрсеткіштер ... ... ... ... 42

3 КӘСІПОРЫННЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ӨТІМДІЛІГІН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48
3.1 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 48
3.2 Баланс өтімділігін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 55

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 62
КІРІСПЕ

Еліміздің экономикасындағы өзекті мәселелердің бірі – бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесінің халықаралық стандарттар мен нормалар талаптарына сәйкестендіру. Ол әрине, халық жағдайын жақсартуға және мемлекетіміздің экономикасы тұрақты өсуіне әсер етеді.
Қазіргі қоғамда бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп берудің мәні өте зор. Ол тек бухгалтерлік кітапта жүргізу ғана емес, сонымен қатар кәсіпорын қызметіне қатысты барлық қаржылық ақпараттарды талдау, қаржылық есеп беруді өңдеу, бухгалтерлік есеп жүйесін құру, салық салу мәселелері мен бірге жоспарлар мен болжаулардан жасалынуын қамтиды. Ақша – несие саясатын анықтау және соған байланысты шешімін қабылдау, шаруашылық операцияларды бейнелеуге және бірінші кезекте кәсіпорын басқармасына, одан кейін пайдаланушыларға ақпараттар ұсынуға негізделген бухгалтерлік есептің жүйесін ұйымдастыру сапасы мен деңгейіне тікелей қатысты, себебі, сапалы ақпараттарды неғұрлым үлкен экономикалық пайда алу үшін тиімді пайдалану қажет.
Қазіргі кезде бухгалтерлік есеп басқару жүйесіндегі негізгі орындардың бірі болып саналады. Ол өндіріс процесін, айналымды, және қолдануды нақты түрде көрсетеді, кәсіпорындардың қаржы жағдайын сипаттайды және басқару шешімінде негізгі қызметті атқарады. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп халықаралық қаржылық есеп беру стандартқа сәйкес және қаржы - шаруашылық қызмет субъектісіндегі есеп жұмыстарының басты жоспарында тіркелген, принциптер мен ережелер негізінде құрылады. Бұл есеп жүйесі спецификаға, нарық реформасына, қажет құрылымына және барлық талаптарға, ақпараттарды қолданушыларға сәйкес келетіндей етіп ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл шаруашылық субъектісі арасындағы қалыпты байланыстың дамуына сәйкес қаржы есепті нақты анықтауға, іскер серіктестік таңдауға және дұрыс шешім қабылдауға ғылыми негізде басқаруға, өндірістік және қаржылық шешімді негіздеуге, шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын анықтауға, олардың іскерлік активтілігін және кәсіпкер қызметінің тиімділігін бағалауға қажет. Дәлелденген ақпаратты алуда жекеменшік және кәсіпорын қызметкерлерінің формасына тәуелсіз шаруашылық айналымдарының калыптасушыларына баскаларының барлығы қызығуда, өйткені ол нарық капиталының тиімділігін жоғарылатады, оны бағалауға және бірқатар экономикалық шешімдерді болжауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы нарықтық экономиканы реформалау кезінде тұр. Оны реформалау жинақталған тәжірибені ұсынуды, эволюциялық процестерді және нарықтық реформаны меңгерудегі секірмелі қадамды айқындауды, шаруашылық субъектілердегі кәсіп иесі қызметінің басқару принциптері мен тәсілдерін анықтауды талап етеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің халқына арнаған «Қазақстан – 2030» жолдауында біздің мемлекетіміздің дамуындағы соңғы мақсат
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қазақстан Республикасы Президенті Назарбаев Н.А Қазақстан халқына жолдауы: «Қазақстан дүние жүзі елдерінің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына өту жолында» 2011ж 1 наурыз
2. ҚР «Бухгалтерлік және қаржылық есеп беру туралы» заңы. // Бухгалтер бюллютені. 2011, №1
3. «Абди комапани» АҚ-ның жарғысы
4. Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А. «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері» Алматы – 2008ж
5. Баяхметов Т.Б., Ашимова А.А. «Аралық қаржылық есеп», Алматы – 2007ж
6. Баймуханова С.Б. «Бухгалтерлік есеп », Алматы – 2005ж
7. Жүйриков К.Қ., Раимов С.Р., Танирбергенова Г.Б. Кәсіпорынның қаржылық талдауы. Алматы, 2008. -90бет
8. Дүйсенбаев К.Ш «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау», Алматы – 2001ж
9. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа. – М.: ИНФРАМ, 2009г
10. Басовский Л.Е. Теория экономического анализа. – М.: ИНФРА-М, 2005г
11. Савицкая Г.В. Экономический анализ деятельности предприятия. – М.: Финансы и статистика, 2005г
12. Тлеубаева С.А. Компаниялардың қаржылық есеп беруі: Оқу құралы. – Алматы, 2007. – 116 бет
13. Савчук В.П. Диагностика предприятия. Поддержка управленческих решений. – М.: Лабораторные занятия, 2004г
14. Дюсембаев К.Ш., Егембердиева С.К. и др. Аудит и анализ финансовой отчетности. – Алматы: Каржы-Каражат, 2003г
15. Максютова А.А. Экономический анализ. – М.: Единство, 2005г
16. Титов В.И. Анализ и диагностика финансово-хозяйственной деятельности предприятия. – М.: Дашков и К, 2005г
17. Ефимова О.В., Мельник М.В. Анализ финансовой отчетности. – М.: Омега- Л, 2004г
18. Кренина М.Н. Анализ финансового состояния и инвестиционной привлекательности акционерных обьществ в промышленности, строительстве и торковле. – М.: АО «ДИС», «МВ-Центр», 2005г
19. Стояновой Е.С. Финансовый менеджмент./ Под. ред. - М.: Перспектива, 2006.
20. Шеремет А.Д. «Теория экономического анализа». - Москва, Инфра-М, 2006.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6

1 Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы және қаржы – шаруашылық
қызметінің негізгі көрсеткіштері ... ... ... 10
1.1 Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы мен ұйымдастыру құрылымы ... ... ... ..
10
1.2 Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері ... ...
13
1.3 Қаржылық есеп берудің міндеті мен
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау ... ... 33
2.1 Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау ... ...
33
2.2 Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының
динамикасын
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... 37
2.3 Кәсіпорынның несиелік қабілеттілігін анықтайтын
көрсеткіштер ... ... ... ... 42

3 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен өтімділігін
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 48
3.1 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 48
3.2 Баланс өтімділігін
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... 55

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... . 60
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 62

Кіріспе

Еліміздің экономикасындағы өзекті мәселелердің бірі – бухгалтерлік
есеп және есеп беру жүйесінің халықаралық стандарттар мен нормалар
талаптарына сәйкестендіру. Ол әрине, халық жағдайын жақсартуға және
мемлекетіміздің экономикасы тұрақты өсуіне әсер етеді.
Қазіргі қоғамда бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп берудің мәні өте
зор. Ол тек бухгалтерлік кітапта жүргізу ғана емес, сонымен қатар кәсіпорын
қызметіне қатысты барлық қаржылық ақпараттарды талдау, қаржылық есеп беруді
өңдеу, бухгалтерлік есеп жүйесін құру, салық салу мәселелері мен бірге
жоспарлар мен болжаулардан жасалынуын қамтиды. Ақша – несие саясатын
анықтау және соған байланысты шешімін қабылдау, шаруашылық операцияларды
бейнелеуге және бірінші кезекте кәсіпорын басқармасына, одан кейін
пайдаланушыларға ақпараттар ұсынуға негізделген бухгалтерлік есептің
жүйесін ұйымдастыру сапасы мен деңгейіне тікелей қатысты, себебі, сапалы
ақпараттарды неғұрлым үлкен экономикалық пайда алу үшін тиімді пайдалану
қажет.
Қазіргі кезде бухгалтерлік есеп басқару жүйесіндегі негізгі
орындардың бірі болып саналады. Ол өндіріс процесін, айналымды, және
қолдануды нақты түрде көрсетеді, кәсіпорындардың қаржы жағдайын сипаттайды
және басқару шешімінде негізгі қызметті атқарады. Қазақстан Республикасында
бухгалтерлік есеп халықаралық қаржылық есеп беру стандартқа сәйкес және
қаржы - шаруашылық қызмет субъектісіндегі есеп жұмыстарының басты
жоспарында тіркелген, принциптер мен ережелер негізінде құрылады. Бұл есеп
жүйесі спецификаға, нарық реформасына, қажет құрылымына және барлық
талаптарға, ақпараттарды қолданушыларға сәйкес келетіндей етіп
ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл шаруашылық субъектісі
арасындағы қалыпты байланыстың дамуына сәйкес қаржы есепті нақты анықтауға,
іскер серіктестік таңдауға және дұрыс шешім қабылдауға ғылыми негізде
басқаруға, өндірістік және қаржылық шешімді негіздеуге, шаруашылық
субъектісінің қаржылық тұрақтылығын анықтауға, олардың іскерлік
активтілігін және кәсіпкер қызметінің тиімділігін бағалауға қажет.
Дәлелденген ақпаратты алуда жекеменшік және кәсіпорын қызметкерлерінің
формасына тәуелсіз шаруашылық айналымдарының калыптасушыларына баскаларының
барлығы қызығуда, өйткені ол нарық капиталының тиімділігін жоғарылатады,
оны бағалауға және бірқатар экономикалық шешімдерді болжауға мүмкіндік
береді.
Қазақстан Республикасы нарықтық экономиканы реформалау кезінде тұр.
Оны реформалау жинақталған тәжірибені ұсынуды, эволюциялық процестерді және
нарықтық реформаны меңгерудегі секірмелі қадамды айқындауды, шаруашылық
субъектілердегі кәсіп иесі қызметінің басқару принциптері мен тәсілдерін
анықтауды талап етеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің халқына арнаған Қазақстан –
2030 жолдауында біздің мемлекетіміздің дамуындағы соңғы мақсат
экономикалық өсу, оның приоритеті бүгін, ертең келесі отыз жылда
негізділердің бірі болады деп атап кеткен болатын. Бұл мақсатқа жету ол
басқару деңгейіне, объективтілікке, нақтылыққа, оперативтілікке және
қолданылатын шешімдердің ғылыми негізділігіне байланысты. Нарықтық
қатынастың қалыптасуы және осыған байланысты болып жатқан мемлекет
экономикасындағы кардиналды өзгерістерді басқару тәсілдерінен бұрын басқа
шараларды талап етеді [1].
Нарықтық экономиканың негізгі принциптері (дербестілік, өзін-өзі
қаржыландырушылық, өз бетімен орнын толтырушылық және т.б.) шаруашылық
субъектілерінен өздері тұтастай өз қызметтерінің нәтижесіне жауап беруді
және өз бетінше шешім қабылдауды талап етеді: өнімді қандай сапада және
ассортиментте, қандай деңгейде шығару керектігін, нарықта бәсекелестікке
қабілетті болуын, қандай бағада сату керектігін, кіммен қандай жұмыс туралы
қарым-қатынас жүргізуді, қосымша қаржы ресурстарын табудың тиімді
нұсқауларын таңдауды және т.б. үйренуіміз тиіс.
Қазіргі жағдайда шаруашылықты нақты орналасқан есептеу жүйесін беретін
өз уақытылық, толық және дәлелденген экономикалық информациясы, шаруашылық
субъектісінің күрделі экономикалық механизімімен басқару мүмкін емес.
Осыған орай бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі мен маңызы артты. Өйткені
ол тек шаруашылық қызметін көрсетіп қана қоймай, оның өзгеруіне тигізетін
себептерді де анықтады. Басқару процесінің негізгі бөлігі бола отырып, ол
мынандай мүмкіндіктері бар ақпараттар береді: оның стратегиясы мен
тактикасын жоспарлауға; ресурстарды оптималды қолдануға, қызмет нәтижесін
өлшеуге және бағалауға; қабылданған шешімде субъективтілікті шығаруға.
Қаржылық есеп аудиттің негізгі объектісі болып табылады, оның негізі
мәліметтердің нақтылығын анықтауға арналған болып келеді.
Қаржылық есеп берудің халықаралық қаржылық есеп беру стандартына көшуі
алғашқы бухгалтерлік баланстан басталады. Кәсіпорын алғашқы бухгалтерлік
балансы ҚХЕС бойынша жасауға міндетті, ол дегеніміз кәсіпорының ҚХЕС өтуі
1 қаңтарға сай дайын болуы керек. ҚХЕС - бұл стандарт тәжірибесін
бухгалтерлік есепті ғана емес, ол қаржылық есеп берудің ақпаратын қолдауы
мен ашуын қарастырады. Ең кәсіпорынның негізгі бухгалтерлік құжаты
(документі) болып есеп саясаты саналады, сол шартпен құжаттың арқасында,
есеп саясаты тура ҚХЕС бойынша жасалу керек, егер ол тура ҚХЕС бойынша
жасалса, онда кәсіпорынның қаржылық есеп беруінің дұрыс жасалғанына толық
сенімді боласыз [2].
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми
негізделген үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты
талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік
белсеңділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін,
басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.

Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген,
сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба
алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық
дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.

Бұл дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық
жағдайын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып
табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадым:
- бухгалтерия саласында алған білімімді қолдану;
- өндірістік практикада жинаған тәжірибемді пайдалану;
- қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық
материалдарды жинақтау және өңдеу;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
- қаржылық жағдайдың сандық және сапалық өзгерістерін бағалау;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайының тенденцияларының өзгерісін бағалау;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайдың тенденцияларының өзгерісін анықтау;
- жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жетіспеушіліктерді анықтау
және оларды жою жолдарын ұсыну.
Зерттеу объектісі ретінде АБДИ Компани АҚ компаниясы алынды.
Зерттеу пәні Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оны жақсарту
жолдары.
Жұмыстың теориялық бөлімі қаржылық жағдайды талдаудың түсінігін ашуға
негізделген. Бұл бөлім өзіне қаржылық жағдайды талдаудың мақсаттары,
міндеттері және қажеттілігі, қаржылық талдаудың ақпараттық негізі, әдістері
мен тәсілдері туралы ақпараттарды кіріктіреді.
Жұмыстың тәжірибелік бөлігі АБДИ Компани АҚ компаниясының қаржылық
жағдайын талдауға және оның нәтижелері бойынша қорытынды жасауға, сонымен
қатар кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралар ұсынуға
негізделген.
Жұмыстың теориялық базасы болып К.Ш. Дүйсенбаевтің, Э.Т. Төлегеновтың,
Ж.Г. Жұмағалиеваның, В.В.Ковалевтің, А.Д. Шереметтің, Г.В. Савицкаяның
еңбектері болып табылады.
Жұмысты жазу кезінде ғылыми - теориялық негіздерге сүйене отырып,
төлем қабілеттілік пен қаржылық тұрақтылық есебі, талдаудың мәні мен
маңызы, есептеу тәсілдері қарастырылған. АБДИ Компани АҚ-ның 2009-2010
жылдардағы қаржылық есеп берудің төрт нысанынан төлем қабілеттілік пен
қаржылық тұрақтылық мәліметтері алынған. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш
тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыста 8 - кесте келтірілген.

1 Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы және қаржы- шаруашылық
қызметінің негізгі көрсеткіштері

1.1 Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы мен ұйымдастыру құрылымы

КСРО құлаған кезде, Қазақстан өнім жеткізушілермен барлық
байланыстарды жоғалтып, біраз уақыттар бойы кеңсе тауарлары елге
шалажеткізіліп тұрды, соған байланысты Қазақстан Республикасындағы кеңсе
тауарлар нарығында белгілі ойыншылар болмады, міне сол кезде 1994 жылдың
қыркүйек айында Қазақстандық АБДИ Компаниясы құрылды. АБДИ Компаниясы өз
қызметін Қазақстанға мектеп дәптерлерін көтерме топтамамен жеткізуден
бастады, содан ассортимент кеңейе түсті. Жалпы республикада сұраныстың көп
болып, АБДИ-дің сауда орталықтарында ұзын кезектер бола бастауына
байланысты, сауда жүйесін кеңейту қажеттілігі туды. Жылдан жылға тауарлар
ассортименттері мен сервистік қызметтер кеңейе бастады. Бүгінгі таңда
Қазақстан бойынша АБДИ-дің 30 фирмалық дүкендерінде 950-ден көп адамдар,
оншақты филиалдар және бүкіл Қазақстан бойынша дилерлар қызмет атқарады
және де бұл шек емес, өйткені қазіргі кезде тағы да бірнеше дүкендер мен
филиалдар ашуға дайындалуда.
АБДИ Компани АҚ-ның максималды сервис жасаушысы бизнес стратегиясы
болып табылады. Тауралардың кең таңдау түрлері, барлық қызмет түрлері,
жағымды орта, сонымен қатар тауарлар мен бағаның жағымды үйлесімділігі
Компанияның үш деңгейде: бөлшектеп сату, көтермелеп сату және корпоративті
сатуда сапалы әрі тиімді жұмыс атқаруына рұқсат береді. Өзінің сауда желісі
мен корпоративті қызмет көрсету Қазақстан Республикасы мен Орта Азия
тұрғындарының барлығы үшін мектеп және кеңсеге арналған әлемдік дәрежедегі
сапалы тауарды қол жетерліктей ету Компанияның мақсаты болып келеді.
Компания менеджерлері даралап тіл табуы әр клиенттің және де олардың
ішіндегі ең талғампаздарының сұранысын қысқа мерзім ішінде қарастырып және
корпоративті клиенттер үшін айрықша жағдайларды ұсына алады. Ұсынылған
тауарлар мен қызметтер ассортиментін оңтайландыру, өз тұтынушысына барынша
географиялық жақындық, сату жолдарының қазіргі заман талаптарына сай
технологиялар еңдіру және ұсынылған тауардың сапасын үнемі жақсарту саясаты
Компания жұмысының негізгі қағидасы болып қалған.
Сауда жүйесі және филиалдар.
Қазақстанның барлық ірі қалаларында компанияның кең сервис жүйелері
бар: Астана, Алматы, Талдықорған, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Қарағанды,
Қостанай, Ақтөбе, Орал, Атырау, Ақтау, Шымкент, Тараз, Қызылорда.
Қазақстанның 17 қалаларында 35 фирмалық дүкендер жұмыс жасайды, олардың
ішінде 8 ірі гипермаркет және 16 супермаркеттер бар. Компанияның бүкіл
Қазақстан Республикасы бойынша 32 мың текше метрді, ал қойма орындары – 18
мың текше метрден көп жерді алады. Осындай тармақталған қызмет жүйесі
арқылы Компания тұтынушылардың кең шеңберін толықтай көлемде қысқа мерзім
ішінде қанағаттандыра алады. Бірыңғай архитектуралық стильдегі қазіргі
заман талабына сай техника мен көліктермен қамтамасыз етілген компанияның
супермаркеттері Қазақстанның әр қаласының беткерұстары болды. Қазақстанның
барлық аумақтарында тауарлардың біркелкі ассортименті, қызмет көрсетуі,
сату саясатының біркелкілігі, біркелкі құн саясаты дамыған. Филиалдар
арасындағы шапшан байланыс бір уақытта және қысқа мерзімде бір қаладағы
төленген келісім шарт бойынша тауарларды жеткізуді жүзеге асырады. Өзіне
өзі қызмет көрсету жүйесі, тауарларға деген еркін қатынас, штрих-кодтау
жүйесі және түрлі кеңсе керек-жарақтарымен лық толған сөрелер сатып
алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырады және сатып алу өрісін
айтарлықтай жылдамдатады.
Қызметтер.
АБДИ Компания өз клиенттеріне түрлі қызметтер түрін ұсынады:
- компания сайтындағы Интернет-дүкені;
- төлемнің түрлі формалары және иілмелі жеңілдіктер жүйесі;
- клиенттердің өкілділік аймақтарының кез-келген нүктелеріне деген
жөнелтім;
- 16 қала бойынша тауарды офиске дейін жеткізу;
- АБДИ-де сатып алынған барлық тауарларға кепілдік беріледі;
- қайырымдылық және жарнамалық мақсатпен сыйлық жинақтарын және мектеп
портфельдерін жинақтау;
- біркелкі құн саясаты және т.б.
Компания жоғары сапалы тауарды дер кезінде және шапшаң жеткізіп
салуға, тауарлардың сапасына кепіл және сатып алынғаннан кейінгі қызметке
үлкен назар аударады. Ал бұндай кепілдерді осы нарықта болашақта да жұмыс
атқарғысы келетін компаниялар ғана ұсына алалады. Клиенттермен жұмыс жасау
саясатының маңызды бір қағидасы - ол клиенттің сенімділігі болып табылады.
Ондай құрметке жету ғана емес, оны күннен-күнге қолдау маңызды.
Серіктестер.
Компания әлемнің 35 елінің 180 фабрика-өндірушілерімен серіктес: АҚШ,
Германия, Франция, Италия, Англия, Швейцария, Дания, Финляндия, Чехия,
Венгрия, Польша, Ресей, Украина, Жапония, Корея, Тайвань, Малайзия, БАЭ
және т.б. Бұл АБДИ Компаниясының өз тауарларының қолайлы бағасын ұстауға
рұқсат береді. АБДИ серіктес-жабдықтаушыларды қазақстандық тұтынушылар
талабына сәйкес таңдап алып, Компанияның қоймаларында тауарлардың өте көп
мөлшер сан көлемінің бар болуын қамтамасыз етеді. Көбінесе компания
Қазақстанның географиялық орналасуына байланысты қазақстандық
тұтынушылардың тілектері мен қажеттілігін алдын ала білу мен дүкендердің
сөрелеріне тауарлардың дер кезінде жеткізілуін реттеп отырады.
Бірнеше жылдар бойы көптеген серіктестермен ынтымақтастықта болғаннан
АБДИ Қазақстанға көптеген сауда белгілерін жеткізуші ретінде ең таңдамалы
Компания болды. Сонымен қатар Компанияның мұқият ойластырылған саясаты мен
логистикасы арқасында біздің отандастарымыз халықаралық сапалы кеңсе
тауарларын өндіретін елердің бағасынан төменірек етіп алады. Компания қол
жеткізген жетістіктерімен тоқтамайды, сол себеппен біздің мамандар үнемі
барлық халықаралық ірі көрмелерге барады, жаңа өндірушілерді іздестіру
жұмыстарын жүргізеді және жаңа тауарлар, брендтерді бағалайды, жаңа
дизайнерлердің дайындаған жұмыстарына және тауар өндірушілердің тауар
бағытына белсенді түрде қатысады [3].
Тауарлар.
Кеңсе тауарлары жылдан жылға адам тіршілік әрекетіне еніп, адамзаттың
жаңында бүкіл өмір бойы серік болады, бала бақшаларындағы алғашқы суреттер
мен ермексаздан жасалған пішіндерден бастап, кәсіпорын және мекеме жұмыс
орындарын безендіруге дейін. Кеңсе тауарларына деген қажеттілік артқан
сайын, тұтынушының тауарға және қызмет сапасына деген мұқтаждығы да артады,
сондықтан да әртүрлі жас топтарының, кәсіби бағыттар мен халықтың
әлеуметтік жігін қанағаттандыру үшін АБДИ үй және кеңсеге арналған
тауарлардың кең ассортиментін ұсынады. АБДИ Компани клиенттерінің
өзгешелік белгілері, ол – таңдау құқығы, кез-келген тауарды түсі мен
дизайнын өз қажеттілігі мен мүмкіншілігіне сәйкес таңдай алуы.
Тауар ассортименті 19 мыңнан асады:
- қағаз өнімі;
- сүйемелдеуші тауарлар;
- мектеп ассортименті;
- кәсіби суретшілерге арналған көркемөнер материалдары;
- оргтехника және көшірме материалдары;
- шығыс материалдары мен компьютер аксессуарлары;
- беделді сый өнімдері, былғары, асыл металл және тастардан жасалған
тауарлар;
- мектепке арналған оқу-көрнекі құралдары, қазақ тіліндегі әдістемелік
құралдар;
- кеңсеге арналған кеңсе тауарлары.
Өндіріс.
АБДИ Компани АҚ Қазақстанға әлемнің түрлі қалаларынан кеңсе
тауарларын жеткізуші болып саналады. АБДИ Компаниясы Германия, Италия,
Чехия, Ресей және БАЭ елдеріндегі өндіріс барыстарына қатысады. АБДИ
Компаниясының өндірген тауар ассортиментіне мыналар кіреді: кеңсе
тауарлары, кеңсеге арналған қағаз, мектеп-жазу құралдары, мектепке арналған
оқу-көрнекі құралдар, қазақ тіліндегі әдістемелік құралдар. Компания
республикадағы кеңсе тауарларының нарығында маркетингтік зерттеулер
жүргізіп отырады, осыларға негізделіп, басқа елдердегі Қазақстан нарығының
барлық талаптарын есепке ала отырып, өндірісі тағайындалған фабрикалар мен
зауыттарда АБДИ және АЙГӨЛЕК сауда белгісімен мектеп және кеңсеге
арналған кеңсе тауарларына арналған тапсырыстар береді. 2005 жылдан бастап
Компания мектепке Тарих және Қазақстан Географиясы, Қазақ тілі мен Әдебиеті
пәндерінен оқу-әдістемелік материалдар мен көрнекі құралдар және бастауыш
сыныптарға арналған қазақ және орыс тілдеріндегі құралдар шығара бастады.
Компания жыл сайын сән ықпалын, уақыт пен ұлттық калоритті ескере отырып,
өз өніміне өзгерістер енгізеді, оның тұтынушылық қасиетін жақсартады,
тауарлардың дизайны мен түстерін жетілдіреді.
Әлеуметтік орта.
Қазақ тілінде 30 мың дана болып шығатын Айгөлек мекемесі мен әр
айлық балалар суретті журналының баспасы Компанияның жобаларының бірі болып
табылады. Журнал беттерінде түсінікті тілде салт-дәстүрлер мен әдет-
ғұрыптар, қазақ халқының көрнекті тұлғалары, республика тарихы туралы
қызықты мақалалар мен баяндама, әңгімелер жарық көреді, сондықтан да журнал
Қазақстан Республикасының Білім Министрлігімен республикадағы бала
бақшаларда, мектептер мен гимназияларда қазақ тілі мен әдебиетті оқуда
әдістемелік материал есебінде ұсынылады. Сонымен қатар 2000 жылдан бастап
Қазақстанның түрлі аймақтарында журнал оқырмандарына арналған Айгөлек және
оның достары атты балалар фестивалі өткізіліп тұрады. Бұл мерекеге балалар
Қазақстанның барлық бұрыштарынан келеді, фестивальде қызықты ойындар
өткізіледі, қазақстандық жұлдыздар мен жас таланттар шығады. Балалар бір-
бірімен танысып, Қазақстанның мәдениеті мен қазақ халқына қосылады. ЮНЕСКО
қолдауымен Культура мира жасөспірім өнер қайраткерлерінің Клубымен
өткізілетін Весь мир в твоей гамме атты жас талантты суретшілердің жыл
сайынғы конкурсының бас демеушісі АБДИ Компаниясы болып келеді. Бұл конкурс
балаларды әлемнің мәдениет мақсаттары мен құндылықтарына нұсқауға шақырып,
әр баланың өз шығармашылық қабілеттілігін, қиял мен армандарын ашуына
көмегін тигізіп, қолдау көрсетеді және де Қазақстандағы жасөспірім
көркемөнер шығармашылығының дамуын қолдайды.

1.2 Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері

Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі оның өндіру-сату қызметін жан-
жақты түгел көрсетеді. 1-кестеде кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің
көрсеткіштері берілген.

1-кесте. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштері

Өткен Есепті Ауытқу
Көрсеткіштер жыл жыл
Сома да %
1 2 3 4 5
1. Өткізуден (сатудан) түскен 263940 344146 80206 130,3
табыс, мың.тг
2. Өнімнің өзіндік құны, мың.тг 217553 289712 72159 133,1
3. Жалпы табыс, мың.тг 46407 54434 8027 117,2
4. Кезеңдік шығындар, мың.тг 33872 31872 2000 94
5. Салық алынғанға дейінгі табыс, 12535 22562 10027 179,9
мың.тг
1-кестенің жалғасы
1 2 3 4 5
6. Табыс салығы, мың.тг
7. Таза табыс, мың.тг 12535 22562 10027 179,9
8. Жұмысшылардың орташа саны, адам270 275 5 101,8
9. Негізгі құралдардың орташа 33061 35686 2625 107,9
жылдық құны, мың.тг
10. Меншікті капиталдың орташа 36446 48981 12535 134,3
құны
11. Еңбек өнімділігі, (1қ.8қ.) 977,5 1251,4 273,9 128
,тг.
12 Қор қайтарымдылығы, (1қ.9қ.), 5,34 6,08 0,74 113,8
мың.тг
13. Қор сыйымдылығы, (9қ.1қ.),тг 0,18 0,16 -0,02 88,8
14. Сату табыстылығы 0,04 0,06 0,02 150
(рентабельділігі), % (5қ.1қ.)
15. Активтердің пайдалылығы 27 37,5 10,5 138,8
(рентабелділігі), %
16. Меншікті капиталдың 34,3 46 11,7 134,1
пайдалылығы (рентабельділігі), %
17. Ағымдағы активтердің орташа 0,94 0,92 -0,02 97,8
жылдық құны, мың. тг
18. Активтердің айналымдағы, рет 5,6 5,7 0,1 101,7
19. Ағымдағы активтердің 19,8 14,1 -5,7 71,2
айналымдылығы, рет
20. Ағымдағы активтердің бір 18,1 25,5 7,4 140,8
айналымдылығының ұзақтығы, күндер
Е с к е р т у – АБДИ компани АҚ-ның мәліметтері бойынша құрылған

1-кестедегі мәліметтерге сәйкес, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық
қызметіне талдау жасайтын болсақ, кәсіпорынның жалпы табысы 117,2%-ға өсті.
Ал кәсіпорының кезең шығындарына келетін болсақ 94%-ды құрады, ол дегеніміз
шығындардың кішкене болса да аз төленді деуге болады. Ал енді негізгі таза
табысқа келетін болсақ 179%-ға жоғарылады. Ол дегеніміз біздің кәсіпорынның
осы табысын 0,5 есеге өскенін көріп отырмыз, осылай жылдан-жылға кәсіпорын
табыс табатын болса ол деген үлкен жетістіктерге әкелетініне сенімдімін.
Кәсіпорынның сату табыстылығына келетін болсақ, 150%-ға өскенің көріп
отырмыз. Кәсіпорынның активтерінің пайдалылығы 138,8%-ға өскенін көреміз,
ол деген біздің бухгалтерлік есеп жүргізуін, тура жүргізілу деп айтуға
болады.
Өткізуден (сатудан) түскен табыс деп - өз аты айтқандай, жыл бойы
кәсіпорында өнімді сатудан түскен табысты айтсақ болады. Өткізуден
(сатудан) түскен табыс бізде өткен жылы 263940 мың теңгені құрады, ал
есепті жылы 344146 мың теңгені құрады. Ол бізде 130,3%-ға өскенің көріп
отырмыз. (1-кесте).
Өнімнің өзіндік құны деп – жыл бойы өндірген өнімнің өзіне қойылатын
өзіндік құны. Өндірістік шығындар (негізгі еңбек,негізгі материалдар және
өндірістік үстеме шығындар) жинақталады және өндірілген өнім туралы есеп
беру және өткізілген өнімнің өзіндік құны туралы есеп беру кезінде
көрсетіледі. Бұл есеп берулер бөлек құрылуы мүмкін немесе өндірілген және
өткізілген өнімнің өзіндік құн туралы есепте біріктірілуі мүмкін [4].
Өндірілген өнімнің өзіндік құны – бұл кезең ішінде өндірілген дайын өнімге
жатқызылған өндірістік шығындар. Өндірілген өнімнің өзіндік құндарын
есептеу үшін кезең ішіндегі орын алған өндірістік шығындарды аяқталмаған
өндірістің таза өзгерісіне көбейтеміз және азайтамыз (аяқталмаған
өндірістің бастапқы қалдығы – аяқталмаған өндірістің соңғы қалдығы).
Өткізілген өнімнің өзіндік құны – бұл табыспен сәйкестірілетін шығыстар.
Өткізілген өнімнің өзіндік құнын есептеу үшін өндірілген өнімнің өзіндік
құны дайын өнімнің таза өзгерісіне көбееді немесе азаяды (дайын өнімнің
бастапқы қалдығы – дайын өнімнің соңғы қалдығы).
Ол дегеніміз - өнімге жұмсаған шығын, материал, салық еңбеккерлерге
төлеген еңбекақы осылардың барлығын есептей отырып өндірген өнімге, тауарға
өзіндік құн баға есептеледі. Өнімнің өзіндік құны өткен жылы, 217553 мың
теңгені құрады, ал есепті жылы 289712 мың теңгені құрады. Ол бізде 133,1%-
ға өскенің көріп отырмыз.
Жалпы табысқа келетін болсақ, ол дегеніміз - өткізуден (сатудан)
түскен табыстан, өнімнің өзіндік құның алып тастаған кезде есептелетін
шама. Жалпы табыс өткен жылы 46407 мың теңгені құрады. Ол бізде табыстың
117,2%-ға өскенін көрсетіп отыр.
Өнімге жұмсалған шығын – дайын өнімнің өндірісімен байланысады. Бұл
шығындар қорлардың құнына қосылады. Оған жататындар: негізгі
материалдар, негізгі еңбек және өндірістік үстеме шығындар.
Кезеңдік шығындары- сол кезеңде орын алған және жұмсалған шығынға
жатады, қорлар құнына қосылмайды. Оған жататындар: өткізу бойынша жұмсалған
және әкімшілік шығындар.
Кезеңдік шығындары:
1 Өткізумен байланысты шығындар. Тапсырманы қамтасыз ету бойынша және
дайын өнім мен қызметтерді клиенттерге жеткізу бойынша барлық шығындар.
Мысалы: комиссиондық, жарнама, сауда жабдықтардың амортизациясы, көліктік
құралдар, дайын өнімді жеткізу және сақтау.
2 Әкімшілік шығындар: кәсіпорынды тұтас жалпы бақылау үшін жұмсалатын
шығындар. Мысалы: әкімшілік қызметкерлердің еңбек ақысы, әкімшілік
ғимараттар мен жабдықтардың амортизациясы.
Кезең шығындары дегеніміз - біздің кәсіпорындағы көмекші шығындар
депте атасақ болады. Ол дегеніміз өнім өндірген кезде, өнімге есептелетін
коммуналдық төлемдерді және еңбеккерлерге төлеген еңбек және әкімшілік
шығындарынан құралатын шығындарды айтамыз. Кезең шығындары өткен жылы 33872
мың теңгені құрады, ал есепті жылы 31872 мың теңгені құрады. Ол дегеніміз
өткен жылға қарағанда, есепті жылы кезең шығындарының 2000 мың теңгеге
азайғанын көріп отырмыз, ол бізде 94%-ды құрады.
Кәсiпорын қаржы есептемесiнiң 12 Пайдаға салынатын салық aтты
халықаралық стандарттың негiзгi ережесiне сәйкес аяқталған операциялардың
салыққа қатысты салдарын осы оқиғаның өзiн қалай eскepeтiн болса, тура
солай eскepyi керек. 12 Пайдаға салынатын салық aтты халықаралық
стандарттық мақсаты - есептiк кезеңде аяқталған барлық операциялардың
ағымдағы және келешектегі салық тиiмдiлiгiн тану болып табылады. Есептiк
кезең бойынша шаруашылық жүргiзушi субъектiлердің қызмет нәтижелерi мен
есептiк кезең бойынша аяқталған операциялардың салыққа қатысты салдары
туралы мәлiметтердiң қажеттiлiгi мерзiмi ұзартылған салық төлемдерiнiң
әдiстемесiн қолдануды талап етедi.
12 Пайдаға салынатын салық ҚХЕС-ның eскі нұсқасы бойынша салықтық
тиiмдiлiгi есептiк кезеңдегi жұмсалған шығыстар мен еңбекпен келген
табыстың құрамында танылған операциялар бойынша ғана анықталатын.
Жұмсалған шығыстар мен еңбекпен келген табысты танудың ережесi қаржы
есептемесiнде және салық салуда әp түрлi болғандықтан кipicтep мен шығыстар
туралы есеп беруде көpiнic табатын салық салынғанға дейiнгi есептiк табыс
пен декларация бойынша салық салынатын табыс арасындағы тұрақты және
уақытшa айырмашылықтар анықталады. Біздің кәсіпорынның №2 нысанында
есептелетін табыс салығы, бізде көрсетілмеген.
8 Таза табыс немесе кезеңдегi залал, негiзгi қателер және есептiк
саясаттағы өзгерiс ҚХЕС-на сәйкес елеулi қателер - өткен кезеңде кеткен
қaтeнiң есептiк кезеңде табылуы, бұл қaтeнiң елеулiгi сондай, оны түзету
күнiне қapaмастaн өткен кезеңдегi қаржылық есеп беру шындыққа жанасымды деп
есептелмейдi.
8 Таза табыс немесе кезеңдегi залал, негiзгi қателер және есептiк
саясаттағы өзгерiс ҚХЕС-ның негiзiнде негiзгi қателерге анықтау
жүргiзiледi. Негiзгi қателер - бұл- ағымдағы кезеңде анықталған аса елеулi
қaтe. Оның елеулiгi соншалықты, бiр немесе алдағы кезеңдегi қаржылық есеп
берулер оларды шығару сәтiнде сенiмсiз деп саналады. Бiр немесе бiрнеше
алдағы кезеңдерге қаржылық есеп берудi дайындауда кеткен қате ағымдағы
кезеңде табылуы мүмкiн. Мұндағы есеп беруде тауарлы-материалдық қорын
өткiзуден, орындалған жұмыстан, көрсетiлген қызметтен түскен таза түciм,
сыйақы, процент, дивидент, гонорар түрлерiнде алынған табыстар, негiзгi
қызметке байланысты рентадан, қосымша құнға салықты азайтудан, салықтар
акцизiнен және мiндеттемелерден, сондай-ақ қайтарылған тауар құнынан,
бағaны арзандатудан, сатушының сатып алушыға ұсынатын сату жеңiлдiктерiнен
түceтiн табыс көрсетiледi.
Кез-келген кәсіпкерлік қызметтің ең маңызды мақсаты – табыс табу болып
табылады. Сонымен қатар бухгалтерлік есептің ең басты қызметі – осы
мақсаттарға жету жолындағы шаруашылық субъектінің жетістіктері мен
сәтсіздіктерін анықтау және есептілікті көрсету. Таза табысты есептеу .шін,
жалпы табыстан аламыз кезең шығындарын. Шаруашылық субъектінің табыстары –
деп аталатын ҚХЕС бойынша №6 Табыс - деп аталатын стандарттына сәйкес
есепті кезеңдегі активтердің көбеюін (ақша) қаражаттарының, басқа да
мүліктердің келіп түсуін, кіріске алуын, және міндеттемелердің азаюі
негізінде капиталдың көбеюін яғни экономикалық пайда табуды айтамыз. Таза
табыс өткен жылы 12535 мың теңгені құрады, ал епеті жылы 22562 мың теңгені
құрады, ол бізде 179,9%-ға өскенін 1-кестеден көріп отырмыз. Егер жылдан-
жылға табысымыз көбейе берсе, ол кәсіпорынның қаржы-шаруашылық жағдайының
жақсаруына маңызы өте зор.
Жұмысшылардың орташа саны бізде, өткен жылы 270 адамға құрады, ал
есепті жылы 275 адамды құрады, ол дегеніміз 101,8%-ға өскенің көріп
отырмыз. Әр кәсіпорын үшін жылдан-жылға кәсіпкерлері мен жұмысшыларының
көбеюі жақсы.
Негізгі құралдардың есебі ҚХЕС бойынша 16 ”Негізгі құралдар“ бөлімімен
жүргізіледі.
Негізгі құралдар – бұл бірнеше кезең бойы өнімді өндіруі, тауарларды
жеткізу немесе қызмет ету, жалға беру үшін қолданылатын кәсіпорынның
материалдық активтері.
Негізгі құралдар актив болып есептелінеді, егер:
1.ұзақ мерзімді актив;
2.материалдық актив;
3.табыс алу мақсатымен кәсіпорынның қызметінде қолданылады;
4.сату үшін емес алынады.
Негізгі құралдар дегеніміз – ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам)
материалды өндіріс саларында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы
ретінде іс-ерекет ететін материалдың активтер активтер ұлттық комиссиясы.
Осы негізгі құралдарға: жер, үйлер, ғимараттар, көп жылдық екпе ағаштар,
машиналар мен құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-
жабдық); өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық
жабдықтар; есептеу техникасы, шаруашылық мүлкі, жерді жақсартуға
ғимараттарсыз, шыққан, қүрделі шығын, жұмысшы және өнім беретін малдар және
басқа негізгі құралдар жатады. Осы негізгі құралдардың түрлері бойынша
синтетикалық шоттар ашылады. 2005ж стандарттары бойынша негізгі құралдардың
есебі үшін екі әдіс қолданылады:бастапқы құн бойынша,әділ құн бойынша.
Бастапқы құнға негізгі құралдарды алумен байланысты-транспорттық
шығындар, орналастыру шығындары, объектіні қажетті жағдайда келтіру
шығындары кіреді.
Егер компания әділ құнмен есептеу әдісін қолданса, онда негізгі
құралдар есепте нарықтық құнмен көрсетіледі. Қайта бағалау жүргізу өте
қажетті,қаржылық есептілікте қайта бағалаудың кезеңділігін көрсету қажет
(3,5 жыл) сонымен бірге қайта бағалау қашан, кіммен, қандай топта
жүргізуін көрсету керек.
Негізгі құралдарды актив ретінде бастапқы мойындау оның жиналған
тозуын ескеріп өзіндік құнмен есептейді. Негізгі құралдар өткен жылы 33061
мың теңгені құрады, ал есепті жылы 35686 мың теңгені құрады, ол бізде 107,9
%-ға өскенің көріп отырмыз. Қай кәсіпорын болмасын, олардың басты қызметі
табыс табу болып саналады, ал енді қай көрсеткіш болмасын, олардың
төмендегені оларға кері әсер етеді, ол өскен болса олардың әрі қарай дамып
өркендеуіне көмегі өте зор.
Меншікті капиталға – ҚР-ның Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру
туралы заңында бұл терминге мынадай анықтама берілген: Меншікті капитал –
субъектінің міндеттемелері шегерілгеннен кейінгі активтері. Меншікті
капиталдың ерекшелігі – ол шаруашылық жүргізуші субъектінің актив көзі
ретінде үнемі алға шығуы, соған орай оның бар-жоғы білінбейді (оны қолмен
ұстауға болмайды).
№ 1 Қаржылық есеп беру мен бухгалтерлік есеп беруді ұсыну ХҚЕС-на
сәйкес қаржылық есеп беруде меншікті капиталға жататындар деп: жарғылық,
резервтік, қосымша төленген және төленбеген капитал, бөлінген табыс
(жабылмаған залал) саналады.
Активтерді құрудың ең дұрыс жолы болып, меншікті капитал барлық
негізгі капиталды (айналымнан тыс активтер) және айналым капиталының бір
бөлігін жабатын кездегі жол саналады. Қазақстан Республикасының заңына
сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен
айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда
аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиын-тығы ұйымның
меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның
капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс
және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай
және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады [6]. Бұл сома,
яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы
және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар
есебінен өсіп отырады. Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс
істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы
мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың
қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі. Кәсіпорын, барлық
қарыз қаражаттары алынып қойып жатса да өмір сүре беретін болады. Меншікті
қарыз (қатыстырылған) және жалпы (авансталған) капиталдың қатынасын әр
түрлі тұрғыдан сипаттайтын коэффициенттермен қалыптасқан жағдай, меншікті
және қатыстырылған капиталдың (міндеттемелердің) құрылымын және оның есеп
беру кезеніңдегі өзгерістерін зерттеуді қажет етеді.
Меншікті капитал өткен жылы 36446 мың теңгені құрады, ал есепті жылы
48981 мыңм теңгені құрады, ол дегеніміз 134,3%-ға кәсіпорынның капиталының
өскенің көрсетіп отыр.

1.3 Қаржылық есеп берудің міндеті мен маңыздылығы

Қаржылық есеп беру – бұл кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы-
шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған
көрсеткіштер жүйесі.Қазақстан Республикасы Ұлттық Комиссиясының 1996 жылғы
12 қарашадағы №2 қаулысына сәйкес барлық кәсіпорындар меншік нысаны мен
қызмет түріне қарамастан Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартына
көшті.Шаруашылық ету жағдайларының өзгеруіне байланысты кәсіпорынның есеп
беру нысандары жетілу жағына өзгереді. Атап айтқанда,есеп беру Халықаралық
бухгалтерлік стандарттардың талабына сай келе бастады.
Кәсіпорынның,мекеменің қаржылық есеп беруі есеп процесінің соңғы сатысы
болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық есеп беруінде кәсіпорынның мүлік және
қаржы жағдайына сипаттама беретін жиынтық деректер, кәсіпорынның шаруашылық
қызметінің нәтижелері көрсетіледі.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында кәсіпорынның шаруашылық
қызметін қаржыландыруды шектеу барынша күшейтіледі. Соған байланысты шынайы
және объективті қаржылық есеп берудің маңызы арта түседі, өйткені оның
көрсеткіштеріне жасалған талдау кәсіпорынның шын мәніндегі мүліктік және
қаржылық жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы – ресурстардың қолда барын,орналастырылуын
және пайдаланылуын, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, баланстың
өтімділігін көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталатын кешенді түсінік.
Есеп беру кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнын, шашыратылған құралдардың
(яғни негізгі және өзге де айналымнан тыс) құнын, ұтқыр (айналым)
құралдардың, материалдық айналым құралдарының құнын, кәсіпорынның меншікті
қаражаттарының, қарыз қаражаттарының мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.
Қаржылық есеп берудің деректері бойынша қорлар мен шығындарды
қалыптастыруға арналған қаражат көздерінің артықшылығын немесе көпшілігін
анықтайды. Бұл орайда кәсіпорынның меншікті, несиелік және өзге қарыз
көздерімен қамтамасыз етілгендігін анықтауға мүмкіндік туады. Қаржылық есеп
беру кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін, яғни оның міндеттемелер бойынша
толықтай және өз уақытында есептесе алатындығын бағалауға мүмкіндік береді.
Баланстың өтімділігі кәсіпорын өз активтерімен міндеттемелерді жабу
дәрежесімен анықталады. Қаржылық есеп беру мынадай активтерді: неғұрлым
өтімді активтерді, жылдам сатылатын активтерді анықтауға мүмкіндік береді.
Екінші жағынан, қаржылық есеп берудің деректері бойынша кәсіпорының
мынадай пассивтерін :неғұрлым жедел пассивтерді, қысқа мерзімді
пассивтерді, ұзақ мерзімді пассивтерді және тұрақты пассивтерді анықтауға
болады. Мұның өзі нарық жағдайында, бәсекелес – кәсіпорындардың ортасында
жұмс жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.
Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында есеп беру көрсеткіштерінің рөлі
басқару шешімдерін қабылдау, кәсіпорынның нарықтағы жағдайын анықтаү
кезінде өте маңызды болмақ.
Қаржылық есеп берудің мақсаттары есеп берудің негізгі қаржылық
жағдайы нәтижелер жайында ақпарат ұсыну болып табылады. Қаржылық есеп беру
экономикалық шешім қабылдау үшін қажетті барлық ақпаратты өзіне енгізе
алмайды. Өйткені есепнегізінде өткен оқиғаларды бейнелейді. Қаржылық есеп
беру пайдалы ақпараттарды жинақтайды:
1. Несиені ұсыну жөніндегі инвестициялық шешімдерді қабылдауға;
2. Субъектінің алдағы ақшалай түсімін бағалауға және олардың түсімі
мен жыл ұстасуы;
3. Субъектінің ресурстар мен міндеттемелерін байланысты бағалауға;
4. Басшы органдардың жұмысын бағалауға.
Шаруашылық субъектілері тоқсандық және жылдық қаржылық есептемені
құрылтай құжаттарына сәйкес меншік иелеріне, мемлекеттік салық
инспекциясына, мемлекеттік басқарудың басқа органдарына, несие беруші
банктерге және басқа шаруашылық субъектілерімен келісімдердің негізінде
басқа да мүдделі ұйымдарға тапсырады. Шаруашылық субъектілері тоқсандық
есептемені тоқсан аяқталғаннан кейін 30 күн ішінде, ал жылдық қаржы
есептемесін жыл аяқталғаннан кейін 90 күннің ішінде тапсыруға міндетті.
Бюджеттік мекемелер айлық, тоқсандық және жылдық қаржылық есептемені
жоғары тұрған ұйымдарға олар белгілеген мерзімдерде тапсырады.
Қаржылық есептемені пайдаланушылар қатарына нақты қазіргі және
әлеуетті инвесторлар, кредиторлар, жеткізушілер, қызметкерлер, сондай – ақ
министрліктер, ведомстволар және жұртшылық жатады.
Кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің жылдық қаржылық есебі мүдделі
пайдаланушылар, сатып алушылар, жеткізушілер, инвесторлар, биржалар,
банктер және басқалар үшін ашық баспасөзде жарияланады.
Есепті жыл аяқталғаннан кейін ашық түрдегі акционерлік қоғамдар,
банктер, сақтандыру компаниялары жылдық қаржылық есептемені газеттерде,
журналдарда және жекелеген кітапшаларда жариялауға міндетті. Жарияланатын
қаржылық есептеме міндетті аудиторлық тексеріске түсіп, оның дұрыстығын
тәуелсіз аудитор растауы тиіс.
Қаржылық есеп беру мен бухгалтерлік есепке аудиторлық тексерулер
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, сондай – ақ
Әкімшіліктің немесе шаруашылық етуші объектінің құрылтайшларының төрттен
бірінің басиамасы б Қаржылық ақпараттарды пайдаланушылардың 2 негізгі
топтары:
1. Ішкі
2. Сыртқы
Сыртқы пайдаланушылар 2 факторға бөлінеді:
1. Субъект қызметіне тікелей қаржылық мүдесі бар.
2. Субъект қызметіне жанама қаржылық мүдесі бар.
Тікелей қаржылық мүдесі бар пайдаланушылардың категориясына
жататындар:
1. Қазіргі және болуы ықтимал инвесторлар.
2. Қазіргі және болуы ықтимал кредиторлар.
3. Сатып алушылар.
Жанама қаржылық мүдесі бар пайдаланушылар категориясына жататындар:
1. Салық органдары.
2. Реттеуші органдар.
3. Статистикалық органдар.
4. Аудиторлар , кеңесшілер , тұтынушылар тобы және т.б.
Заңды тұлға болып табылатын кәсіпорын мекеме филиалдардың,
өкілдіктердің, бөлімдердің және дербес балансқа бөлінген басқа да
құрылымдық бөлімшелердің өндірісі мен шаруашылығындағы мүліктерді қоас
алғанда, мүлік пен олардың қалыптасу көздерінің құрамын көрсететін
қаржылық есеп беруді жасайды. Қаржылық есеп беру Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінде әзірленетін және бекітілетін типтік нысандар бойынша
жасалад. Атап айтқанда, шаруашылық субъектілері қаржылық есеп беру
құрамында мыналарды: кәсіпорын балансын, кәсіпорның қаржы – шаруашылық
қызметінің нәтижелері туралы есеп беруді, ақша қаражаттарның қозғалысы
туралы есеп беруді тапсыруға міндетті. Шаруашылық субъектілерінің
батырмасы бойынша немесе әріптестермен келісім бойынша қаржылық есеп беру
басқа да есептік деректермен және түсіндірме жазулармен толықтырылуы
мүмкін.
Барлық кәсіпорындар, мекемелер үшін есеп беру жылы болып 1 қаңтардан
31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі мерзім саналады. Жаңадан құрылған
кәсіпорындар, мекемелер үшін есеп беру жылы болып олар заңды тұлға құқын
алған күннен бастап 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі кезең, ал 1
қазаннан кейін құрылған кәсіпорындар үшін келесі жылдың 31 желтоқсанын
қоса алғандағы мерзім саналады.
Қаржылық есеп беруді толтыруға қойылатын талаптар: көрсеткіштердің
қарапайымдылығы мен түсініктілігі, деректердің шынайылығы; жинақтамалы және
талдамалы есеп деректерінің сәйкестігі, есептік көрсеткіштердің жоспарлы
көрсеткіштермен салыстырмалылығы, есепті көрсеткіштердің өткен жылдың
осындай мерзімдегі есепті көрсеткіштермен салстырмалылығы.
Қаржылық есеп берудің жасалу дұрыстығына кәсіпорынны мекеменің
басшысы және бас бухгалтер, сондай – ақ жоспар жасау қызметінің басшысы
жауап береді. Қаржылық есеп беру қаржылық есептеменің бір бөлігі болып
табылады және бухгалтерлік есептің стандарттарымен анықталады. Қаржылық
есептемеге түсіндірме жазу, қосымша кестелер және осы есеп беруге
негізделген немесе олардан алынған ақпараттар енеді және онымен бірге
оқылатын болады.
1. Түсініктілік - қаржылық есеп беруге ұсынған ақпарат пайдаланушыға
түсінікті болуға тиіс.
2. Орындылық - пайдалануға өткен, қазіргі және болашақ оқиғаларды
бағалауға, растауға немесе түзетуге көмектесіп, экономикалық шешімдерге
ықпал ету.
3. Сенімділік – ақпараттарда елеулі қателер мен бұрмалаушылықтар жоқ
екендігіне шынайы сенім білдіру.
4. Шынайы көрсету – сенімділікті қамтамасыз ету жағдайы, қаржылық
жағдайы, операция нәтижелері, ақшалай қаржылардың қозғалысы және тағы басқа
операцияларды шынайы көрсетуі тиіс.
5. Мәннің формадан артықшылығы – операциялар мен басқа оқиғаларды
шынайы көрсету тек заңды формада ғана емес, экономикалық заңдылығына сәйкес
есептеп ұсынуы қажет.
6. Бейтараптық - қаржылық есеп берудегі ақпараттың сенімділігін
қамтамасыз ету, яғни күні бұрын теріс түсініктеме болмауы керек.
7. Байқампаздық - активтер мен кірістер, кемітілмей, міндеттемелер мен
шығыстар әдейі арттырылмауы үшін талап етілетін есептеулерге сақтық
деңгейін ұстау.
8. Толықтылық - сенімділікті қамтамасыз ету мақсатында қаржылық
есептердегі ақпарат толық болуы қажет.
9. Уақыттылық - ақпарат ұсынуда ақталуға келмейтін тежеу болған
жағдайда өзінің орындалғандығын жоғалтуы мүмкін.
10. Пайда мен шығын арасындағы баланс – ақпараттан алынатын пайда, оны
алуға кететін шығыннан артып түспеуі тиіс.
11. Сапалық сипаттаулар арасындағы баланс - қаржылық есеп беру тепе –
теңдік немесе салалық сипаттары арасында байланыс болу қажет. Қаржлық
есепті жасаушылар кәсіби пайымдау мен әртүрлі жағдайларды садыстырмалы
маңыздлығын анықтайды.
12. Сенімді және әділ көрсету – бухгалтерлік есептің сәйкес
стандарттарын қолдану.Сенімді және әділ қаржылық есеп беру барысында
ешқандай алаламай, қамтамасыз етуі қажет.
Қаржы шаруашлық қызметтің нәтижелері туралы есеп беру №1 ҚЕХС
Қаржылық есептілікті дайындау және ұсыну стандартында ашылып көрсетіледі.
Бұл стандарт бағалау әдісі, есеп саясаты өзгерген кезде және елеулі
қателіктер анықталғанда және түзетілгенде қаржы – шаруашылық қызметтің
нәтижелері туралы есеп беру мен олардың қаржы есептемелеріндегі баптардың
сыныптамасын белгілейді:
- негізгі қызметтен (өнімдерді, жұмыстарды, қызметтерді сатудан)
алынған табыс;
- сатылған өнімнің, жұмыстың , қызметтің өзіндік құны;
- жалпы кіріс;
- кезең шығындары. Оған енетіндер: жалпы және әкімшілік шығындары,
проценттерді төлеу шығындары, сату жөніндегі шығындар;
- негізгі қызметтен алынған кіріс немесе зиян;
- салық салуға дейінгі әдеттегі қызметтен алынған кіріс немесе зиян;
- табыс салығы;
- салық салудан кейінгі әдеттегі қызметтен алынған кіріс немесе зиян –
төтенше жағдайлардан алынған кіріс немесе зиян;
- таза кіріс немесе зиян.
Стандарт төтенше жағдай деп аталып жүргендерге түсінік береді . Бұл
кәсіпорынның әдеттегі қызметінен ерекшеленетін оқиға немесе операция .
Яғни, олар жиі қайталанбайды немесе тұрақты болып отырмайды.Төтенше
жағдайда кірістің немесе зиянның мәні мен сомасын түсіндірме жазуларды
бөлек ашып көрсету керек .
Стандарт сондай – ақ тоқтатылған операцияға анықтама береді . Бұны
тоқтатылған операциялар бойынша кәсіпорын филиалының сатылуымен немесе
таратылуымен түсіндіруге болады .
Түсіндірме жазуда мыналар ашылуға тиіс : тоқтатылған операцияның мәні,
тоқтатылған операцияның сомасы мен географиялық ауданы, операцияның нақты
тоқтатылған күні, операцияны тоқтатудың әдісі (сату немесе тарату және
олардың себебі), тоқтатылған операциядан алынған кіріс немесе зиян ,
өнімдерді сатудан немесе есепті кезеңдегі кәсіпорнның әдеттегі қызметінен
алнған кіріс немесе зиян.
Стандарт бақылауды өзгертудің әдістерін және олардың кіріске немесе
зиянға әсерін қарастырады. Есептік бағалаудағы өзгерістердің нәтижесі таза
кірісті немесе зиянд анқтаған кезде мыналарға қосылады:
- есепті кезеңге, егер өзгеріс осы кезеңге ғана әсер етсе;
- өзгеріс болған есепті кезеңге және келесі есепті кезеңге, егер
өзгеріс оларға да әсер етсе.
Кірістер мен зиянға әсер ететін есептік бағалаудағы өзгерістердің
мәні мен көлемі де түсіндірме жазуларда көрсетілуге тиіс. Сонымен қоса
стандартта елеулі қателіктер мен олардың шаруашылық қызметіне әсері
қарастыпылады. Елеулі қателік дегеніміз есепті кезеңде анықталған,
маңыздылығы соншалық, тіпті бұрыңғы жылдардың қаржылық есептемелері
жарамсыз деп санауға әкеп соқтыратын бұрынғы жылдардың қателіктері.
Есептік кезеңдегі түгендеу санын, оның жүргізілетін күнін, оның
әрбіреуін тексеретін мүлік тізбесін субъект белгілейді. Субъект түгендеуді
жүргізу міндетті мына жағдайларда қалып қалады:
- жылдық бухгалтерлік есеп беруді жасау алдында, алайда есептік
жылдың қараша айынан бұрын бастамауы керек;
- субъект мүлікті жалға , сатуға , сатып алуға, сондай – ақ
шаруашылық жүргізуші субъектінің қайта құрылуына тапсырғанда;
- материалды – жауапты тұлға ауысқанда (істі қабылдау – тапсыру
күні);
- талан – тараж және қаскүнемдік фактілерін белгілегенде сондай – ақ
құндылықтар бүлдірілгенде – мұндай фактілерде дереу түгендеу;
- төтенше жағдайдан болатын өрт немесе стихиялық (дүлей) апат кезінде,
бұл апаттар басылғаннан кейін түгендеуді дереу қолға алу;
- тарату (бөліністік) балансы жасалмастан бұрын субъектіні таратуда
(қайта ұйымдастыруда);
- негізгі құралдарды және тауарлы – материалдық қорларын қайта
бағалауда – субъектінің есептік саясатымен белгіленген мерзімде және
Қазақстан Республикасы заңында қарастырылған басқа жағдайлар.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсатьі
Қаржылық менеджментінің функциясы мен принциптері
Экономикалық тиімділік мен оның көрсеткіштері
Экономикалық тиімділік және оның көрсеткіштері
Нарықтық қатынас жағдайында кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау және жетілдіру жолдары
Аймақтардың инвестициялық саясатын қарастыру
Кәсіпрынның қаржылык жагдайы талдаү
Кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық іскерлігін жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы кәсіпорынның бюджеттік қаржылық тұрақтылығын талдау
Пәндер