Тәуліктік наряд адамдардың құқықтары мен міндеттері және жалпы ережелері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 4-6
1. Тарау. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасы егемендігінің күзетінде . . . 7-10
1. 1. Қарулы Күштер түрлері, әскер тектері . . . 7-9
1. 2. Өңірлік қолбасшылықтар . . . 9-10
2. Тарау. Тәуліктік наряд. Тәуліктік наряд адамдарының міндеттері мен құқықтары . . . 11-48
2. 1 . Тәуліктік наряд. Жалпы ережелер . . . 11-19
2. 2. Бөлімнің тәуліктік нарядының құрамы . . . 19-48
3. Тарау. Гарнизондық наряд . . . 49-72
3. 1. Гарнизондық наряд. Жалпы ережелер . . . 49-55
3. 2. Қарауылдар наряды . . . 55-72
3. 3. Өзіндік ізденіс жұмыстарының нәтижелері . . . 71-72
Қорытынды . . . 73-74
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 75-77
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасын қорғау оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлері бойынша әскери қызмет атқарады.
«Қазақстан Республикасының Конституциясы 36-бап» [7]
«Бүгінгі күні елдің Қарулы Күштерінің бірыңғай жүйесін құрайтын қазіргі заманғы, саны жағынан жинақы, жақсы жарақтандырылған және жауынгерлік қабілетті Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері мен Әскери-теңіз күштері құрылды. Біз әсерилердің кәсіби шеберлігін арттыру саясатын жалғастырамыз. Сонымен бірге әскерлерді келісімшарт негізінде жасақтау, армияны қазіргі заманғы қару-жарақпен жарақтандыру одан әрі дамытылады. Сонымен қатар тағдырын армиямен байла-ныстыруға шешім қабылдаған азаматтар үшін қолайлы әлеуметтік жағдайлар жасалатын болады». [2]
Қазақстан Республикасының Президенті - Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н. Ә. Назарбаев.
Қазақстан Республикасының азаматтары заңнамамен белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелеріне сәйкес шақыру бойынша немесе ерікті түрде әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт бойынша әскери қызмет өткереді.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары агрессияға тойтарыс беру, елдің аумақтық тұтастығы мен егемендігін қарулы қорғау, мемлекеттік және әскери объектілердің күзеті мен қорғанысы, әуе кеңістігін және теңіз айдынын күзету үшін, ішкі саяси тұрақтылықты қолдау, терроризмге қарсы күрес, төтенше жағдайлардың салдарларын жою, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындау үшін қолданылады және тартылады. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың бейбіт уақыттағы негізгі міндеттері: Жауынгерлік әлеуетті, жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін, мемлекеттік шекарадағы немесе Қазақстан Республикасы аумағының шегіндегі төмен қарқынды әскери жанжалдарды, кез келген заңсыз қарулы күш көрсетулерді оқшаулауды және жолын кесуді қамтамасыз ететін деңгейде бейбіт уақыт штатында басқару органдары мен әскерлердің дайындық дәрежесін қолдау; Әуе кеңістігін күзету, сондай-ақ мемлекеттік шекараның жедел-стратегиялық тұрғыдан маңызды учаскелерін бүркемелеу; Қазақстан Республикасының аумақтық теңізінде, құрлықтық қайраңдарында және экономикалық аймағында Қазақстанның ұлттық мүддесін қорғау; Ерекше маңызды және стратегиялық объектілерді күзету; Орташа немесе жоғары қарқынды жанжал қатері туындаған жағдайда Қарулы Күштерді стратегиялық өрістетуге әзірлікті қамтамасыз ету; Диверсиялар мен террористік актілерді болдырмау және жолын кесу; Елдің кез келген ауданында ішкі саяси жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шешуші іс-қимылдарға әзірлікті көрсету; Төтенше жағдайлар режимін қамтамасыз етуге қатысу; Авариялардың, экологиялық апаттардың, әртүрлі төтенше жағдайлардың алдын алуға және олардың зардаптарын жоюға қатысу, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы дүлей зілзаладан зарда шеккен аумақтардың халқына көмек көрсету; Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес бітімгершілік, гуманитарлық және өзге де операцияларға қатысу.
Зерттеудің көкейтестілігі: әскери қызметі-бұл гарнизондарда, әскери бөлімдер мен бөлімшелерде заңдармен, Қарулы Күштердің жалпыәскери жарғыларымен, әскерлердің өмірін, тұрмысын, қызметін, сондай-ақ тәуліктік нарядтың бейбіт және соғыс уақытында қызмет атқаруын ұйымдастыруды регламенттейтін бұйрықтармен, нұсқаулықтармен белгіленген жоғары жауынгерлік әзірлікті, жарғылық әскери тәртіпті, тәртіп пен ережелерді сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешені.
Әскери бөлімнің (бөлімшенің) ішкі тәртібін ұстау, жеке құрамын, қаружарағын, әскери және басқа техникасын, зымырандары мен оқ-дәрілерін, үй-жайларын, мүлкін және басқа да материалдық құралдарын күзету, бөлімшелердегі істердің жай-күйіне және әскери тәртіпті, күн тәртібі мен қызмет уақытының регламентін бұзудың алдын алу мен жол бермеу жөніндегі шараларды уақтылы қабылдауды бақылауды жүзеге асыру үшін, сондай-ақ басқа да міндеттерді орындау үшін тағайындалған тәуліктік наряд қызметі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: тәуліктік наряд адамдардың құқықтары мен міндеттері, бөлімнің тәуліктік нарядының құрамын, тәуліктік наряд адамдардың қызмет атқару орындарын анықтау және ашып көрсету.
Зеттеудің объектісі: тәуліктік наряд адамдардың құқықтары мен міндеттері, жалпы ережелері.
Зерттеудің ғылыми болжамы: тәуліктік нарядтың барлық адамдары өз міндеттерін тиянақты білуі, күн тәртібінің орындалуы мен басқа да ішкі тәртіп ережелерінің сақталуына табандылықпен қол жеткізе отырып, дәл және адал атқаруы тиіс. Бөлім бойынша кезекшінің рұқсатынсыз тәуліктік наряд адамдарының өз міндеттерін атқаруды тоқтатуға немесе басқа біреуге беруге құқығы жоқ. Ауысымнан босаған тәуліктік кезекшілерге ұйқыдан тұру кезіне дейінгі кезеңде ұйықтағаннан тұрғанға дейінгі уақытта шешініп, кезектесіп жатып тынығуына (ұйықтауына) рұқсат етіледі. Тәуліктік нарядтан ауысқан әскери қызметшілер ауысым күні оқу сабақтарынан және жұмыстардан босатылады. Демалыс, мереке және жұмыс істемейтін күндері тәуліктік нарядтың құрамына кірген сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) лауазымдарында келісім-шарт бойынша қызмет өткеруші әскери қызметшілерге командир (бастық) аптаның басқа күндері демалыс беруге міндетті.
Зерттеудің міндеттері: тәуліктік наряд жауынгерлік әзірлік пен ішкі тәртіпті ұстау, жеке құрамды, қаружарақты, әскери және басқа техниканы, зымырандар мен оқ-дәрілерді, материалдық құралдар қорларын, әскери бөлімнің (бөлімшенің) үй-жайлары мен мүлкін қорғау, бөлімшелердегі істердің жай-күйін және құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шараларды уақтылы қабылдауды бақылау. Тәуліктік нарядтың жалпы әскери жарғылармен айқындалған қызметі бойынша басқа да міндеттерін орындау үшін тағайындалады.
Зерттеудің көздері: Қ. Р. Қ. К басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Ішкі Қызмет Жарғысы; Қ. Р. Қ. К басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Гарнизондық және Қарауылдық Қызметтер Жарғысы; Ресми құжаттар; Мұрағат құжаттар; Қазақстан Республикасы Ата Заны; Қазақстан Республикасы Әскери тарихы; Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы.
Зерттеудің базасы: Алматы қаласының Қазақ Ұлттық Абай атындағы Педагогикалық Университетінің кітапханасы, Құрлық Әскерлерінің Әскери Институты кітапханасы. Зерттеу жұмысына қатысты теориялық материалдар негізінде дайындалған оқу-әдістемелік құралдар Құрлық Әскерлерінің Әскери Институты мен Алматы қаласындағы № 162 мектеп-гимназиясында іс-тәжірибелік сынақтан өткізілді.
Зерттеудің құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен, қортындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе: зерттеудің өзектілігі, нысанасы, мақсаты, зерттеу әдісі және көздері тұжырымдалады.
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасы егемендігінің күзетінде» атты бірінші бөлімде, Қарулы Күштердің құрылу тарихы, даму кезеңдері, Қарулы Күштердің түрлері, өңірлік қолбасшылықтар және олардың атқаратың қызметіне сипаттама беріледі.
«Тәуліктік наряд. Тәуліктік наряд адамдарының міндеттері мен құқықтары» атты екінші бөлімде, тәуліктік наряд құрамы, тәуліктік нарядқа түсетін әскери қызметшілердің құқықтары, тәуліктік нарядқа түскендегі әскери қызметшінің белгіленген ережелері, қызметі бойынша нарядқа тағайындалу түрлері көрсетілген.
«Гарнизондық наря» атты үшінші тарауда, гарнизондық наряд адамдарының жалпы ережелері, наряд құрамы, гарнизондық патрульдердің атқаратын қызметтері, міндеттері және сақшының постыны қабылдауы, тапсыруы және оны ауыстыру тәртібі қамтылған.
Қорытындыда зеттеудің нәтижелеріне негізделген тұжырымдар белгіленген.
- Тарау. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасы егемендігінің күзетінде.
1. 1. Қарулы Күштер түрлері, әскер тектері.
Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін 1992 жылы 7 мамыр күні, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. Қазақстан Республикасының Президенті Қарулы Күштердің жоғарғы бас қолбасшысы Н. Ә. Назарбаев.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының 1(бірінші) Қорғаныс министірі, армия генералы, халық һахарманы Нұрмағанбетов Сағадат Қожахметұлы тағайындалды.
Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету басым міндет.
Қазақстан Республикасы әлемнің барлық елдерімен достық қарым-қатынасты дамытуды қолдайтын, бейбітшілікті ұстанатын мемлекет болып табылады.
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымын одан әрі дамыту шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 7 мамырдағы №1085 Жарлығына сәйкес Қазақстан Респуликасының Қарулы Күштері:
1. Әскери басқару органдары;
2. Қарулы Күштердің 3 (үш) түрі:
- Құрлық әскерлерін;
- Әуе қорғаныс күштерін;
- Әскери-теңіз күштерін;
3. Арнайы әскерлерді;
4. Қарулы Күштердің Тылын;
5. Әскери оқу орындарын;
6. Әскери-ғылыми мекемелерін қамтиды.
Қарулы Күштердің бейнесін айқындау үшін оларды дамыту мен даярлау бағыттарының негізі доктриналық ережелеріне сәйкес келуі қажет. Әскерлерді басқару жүйесін, олардың құрамы мен құрылымын жетілдіру, сондай-ақ әскерледі жауынгерлік даярлауды қарқындату. Қарулы Күштердің жауынгерлік қабілетін арттыруды талап етеді. Құрлық әскерлерінің құрамалары мен бөлімдері 4 (төрт) «Оңтүстік», «Шығыс», «Батыс», «Астана» өңірлік қолбасшылықтарына, сондай-ақ, әскер тектері-Аэроұтқыр әскеріне, Зымыран әскерлері мен артиллерияға біріктірілген. Ұлттық қауіпсіздікті нығайтудың анағұрлым басым бағыттарының қатарына халықаралық, соның ішінде әскери саладағы ынтымақтастықты кеңейту де жатады.
Қарулы күштер түрлері, әскери тектері, өңірлік қолбасшылықтар.
Құрлық әскерлері: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері 2003 жылы құрылды. Құрлық әскерлерінің ұйымдық құрылымында әскерлердің барлық тектері, сондай-ақ арнайы әскерлер шоғырландырылған, оларға жүктелетін міндеттерді табысты шешуді қамтамасыз етеді. Құрлық әскерлері қазіргі заманғы қарумен және жауынгерлік техникамен жабдықталған.
Әуе қорғаныс күштері: Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қарулы Күштердің Әуе қорғаныс күштері 2003 жылғы 7 мамырда құрылған. Олардың міндетіне еліміздің әуе шептерін қорғауды қамтамасыз ету, мемлекеттік, әкімшілік және әскери объектілердің әуе шабуылына қарсы қорғанысы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің басқада түрлері мен тектерін авиациялық қолдау жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау кіреді. Әуе қорғанысы күштерінде негізгі назар еліміздің аса маңызды аудандарын бүркемелеу үшін әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің топтамасын өрістетуге және олардың жауынгерлік кезекшілік жүйесін жетілдіруге арналады.
Әуе қорғанысы күштеріне Әскери-әуе күштері, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері кіреді . Авиация маңызды бағыттарды, аудандар мен объектілерді әуедегі қарсыластың соққы берулерінен бүркемелеу үшін тағайындалған Әуе қорғанысы күштерінің негізгі оқ атумен маневр жасайтын әскер тегі.
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері: Зениттік зымыран әскерлері зениттік зымыран қорғанысын жүзеге асыру, мемлекеттік және әскери басқару объектілерін бүркемелеу үшін тағайындалған. Радиотехникалық әскерлер әуедегі қарсыласқа радиолокациялық барлау жүргізу, оның шабуылдауды бастау туралы ескеру ақпаратын, Әуе қорғанысы күштерінің зениттік зымыран әскерлері мен авиациясына жауынгерлік ақпарат беру, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін сақтауды бақылау үшін тағайындалған.
Әскери-теңіз күштері: Каспий өңірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 7 мамырдағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Әскери-теңіз күштері құрылған. Қазақстан Республикасының Әскери-теңіз күштерінің мақсаттары мен міндеттері:
1. Каспий өңіріндегі Қазақстан Республикасының егемендігі мне мемлекеттік мүдделерін қорғау;
2. Теңіз шекарасын күзетуде Ұлттық Қауыпсіздік Комитетінің Шекара қызметіне жәрдемдесу;
3. Азаматтарды, экономикалық және аумақтық сулардағы табиғи байлықтар мен қоршаған ортаны қорғауда құқық қорғау, табиғатты қорғау органдарына жәрдемдесу;
4. Теңіздегі авариялы-құтқару жұмыстарын жүзеге асыру;
5. Теңіз жолымен қарақшылықтың, терроризмнің, есірткі бизнесінің және контрабанданың кез келген түрлерінің, басқалардың жолын кесу болып табылады.
Әскер тектері: Зымыран әскерлері мен Артиллерия.
Зымыран әскерлері мен артиллерия әскер тегі ретінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің құрамына кіреді және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2003 жылғы 7 мамырда құрылған. Қазіргі уақытта Зымыран әскерлері мен артиллерияда қазіргі заманғы зеңбіректі, гаубицалық, реактивті, танкіге қарсы артиллерия, минаатқыштар, сондай-ақ артиллериялық барлау мен басқару құралдары бар. Зымыран әскерлерінің қарулануында жоғары дәлдікті зымыран кешендері бар.
Аэроұтқыр әскерлері: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің құрамына кіреді. Еліміздің Жоғарғы Бас қолбасшысының резерві болып табылады. Олар мемлекеттің ұлттық мүдделерін қорғау мақсатында әскери-саяси жағдай күрт өзгерген кезде дағдарыс жағдайларына жедел ден қою, кенеттен туындаған міндеттерді орындау және операциялық бағыттарда әскерлер топтамаларын күшейту үшін тағайындалған. Елде, сондай-ақ одан тысқары жерлерде бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдау жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындауға қатысуы мүмкін. Бейбіт уақыттағыдай соғыс уақытында да кенеттен туындаған міндеттерді орындау бойынша қатер төнген бағыттарға немесе аудандарға шұғыл жетуге ұдайы әзірлікте болады. Олардың құрамына десанттық-шабуылдау бөлімшелері, бөлімдері мен құрамалары, сондай-ақ арнайы бөлімдер, тылдық және техникалық қамтамасыз ету бөлімшелері кіреді.
Аэроұтқыр әскерлерінің арнайы мақсаттағы жекелеген инженерлік-саперлік жасағы 2003-2008 жылдары Ирак Республикасында бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі Коалициялық Күштер құрамында бітімгершілік миссиясын орындаған.
- Өңірлік қолбасшылықтар.
Өңірлік қолбасшылық: бөлімдер, құрамалар мен әртүрлі жергілікті әскери мекемелер кіретін жедел-аумақтық бірлестік. Өңірлік қолбасшылық жедел, жұмылдыру, әскери-әкімшілік міндеттерді, сондай-ақ ол үшін белгіленген шекараларда аумақтық, азаматтық және жергілікті қорғаныс міндеттерін орындауды үйлестіреді және қамтамасыз етеді. Өңірлік қолбасшылықтар елдің және Қарулы Күштердің мемлекеттік мүдделерді қорғауға даярлығына байланысты іс-шараларды жүргізуге, әскерлер мен штабтардың даярлығын анағұрлым ұтымды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Өңірлік қолбасшылықтарды құру әскери басқару органдары жұмыс істеуінің тиімділігін аттыруга, басқару құрылымының өзін осы өңірде бар қатерлер дәрежесіне сәйкес келтіруге және әскери-стратегиялық жағдайды дамыту перспективаларын ескере отырып бағытталған. Өңірлік қолбасшылық әскерлер даярлығымен, жеке құрамды оқыту және тәрбиелеу-мен, тұрғын үй қорын және оқу-материалдық базаны құрумен айналысады.
«Астана » өңірлік қолбасшылығы 2003 жылы құрылған.
Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылықтың штабы Қарағанды қаласында орналасқан. Қолбасшылықтың құрамына орталық бағыныстағы бөлімдерді және Әуе қорғанысы күштерін қоспағанда, аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 2003 жылы құрылған.
Ол Шығыс Қазақстан және Павлодар облысының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылықтың штабы Семей қаласында. Өңірлік қолбасшылықтың құрамына орталық бағыныстағы бөлімдерді және Әуе қорғанысы күштерін қоспағанда, аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығы 2003 жылы құрылған.
Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылықтың штабы Атырау қаласында орналасқан. Қолбасшылықтың құрамына аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының қолсұғылмау-шылығын, аумақтық тұтастығын, егемендігі мен Каспий теңізінің Қазақстан-дық секторындағы экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету-«Батыс» өңір-лік қолбасшылығының негізгі міндеті.
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 2003 жылы құрылған.
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылықтың штабы Тараз қаласында орналасқан. Өңірлік қолбасшылықтың құрамына орталық бағыныстағы бөлімдерді және Әуе қорғанысы күштерін қоспағанда, аумақ-тық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының негізгі міндеті-елдің оңтүстік-шығыс шептерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Әскери оқу орындары: бүгінгі күні отандық әскери білім беру жүйесін Қорғаныс министрлігінің қарамағындағы 9(тоғыз) әскери оқу орны құрайды: Ұлттық қорғаныс университеті, Құрлық әскерлерінің Әскери институты, Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т. Ж. Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты, Әскери-теңіз институты, Қазақстан Республикасы-ның Қорғаныс Министірлігінің Әскери институты, Қорғаныс Министірлігі-нің Шоқан Уәлиханов атындағы «Кадет» корпусы, генерал С. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» Республикалық мектебі, Спорт комитеті-Қ. Р. Қ. М. Армия орталық спорт клубының Әскери спорт колледжі және басқа әскери оқу орындары.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарында қолданылатын жарғылар:
1. Саптық Жарғы;
2. Тәртіптік Жарғы;
3. Ішкі қызмет Жарғысы;
4. Гарнизондық және Қарауылдық Жарғы.
Бұл жарғылар Қазақстан Республикасы Президентінің 05. 07. 2007 жылғы
№ 364 жарлығымен бекітілген.
2. Тарау. Тәуліктік наряд. Тәуліктік наряд адамдарының міндеттері мен құқықтары.
2. 1. Тәуліктік наряд. Жалпы ережелер.
1. Тәуліктік наряд жауынгерлік әзірлік пен ішкі тәртіпті ұстау, жеке құрамды, қаружарақты, әскери және басқа техниканы, зымырандар мен оқ-дәрілерді, материалдық құралдар қорларын, әскери бөлімнің (бөлімшенің) үй-жайлары мен мүлкін қорғау, бөлімшелердегі істердің жай-күйін және құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шараларды уақтылы қабылдауды бақылау. Тәуліктік нарядтың жалпы әскери жарғылармен айқындалған қызметі бойынша басқа да міндеттерін орындау үшін тағайындалады.
2. Тәуліктік нарядтың құрамы оқу кезеңіне бөлім бойынша бұйырықпен жарияланады. Бөлімнің тәуліктік нарядының мынадай құрамы көзделеді:
1. Бөлім бойынша кезекші;
2. Бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі;
3. Қарауыл;
4. Кезекші бөлімше;
5. Парк бойынша кезекші мен тәуіктік кезекшілер, кезекші тартқыштардың механик-жүргізушілері;
6. Медициналық пункт бойынша кезекші фельдшер (санитарлық нұсқаушы) мен тәуліктік кезекшілер;
7. Бақылау-өткізу пункті бойынша кезекші мен кезекшінің көмекшілері;
8. Қоймалар аймағы (техникалық аумақ) бойынша кезекші мен тәуліктік кезекші;
9. Асхана бойынша кезекші мен жұмысшылар;
10. Бөлім штабы бойынша кезекші мен шабармандар;
11 . Кезекші белгі беруші-барабаншы;
12. Өрт сөндіру наряды.
Күн сайын бөлім бойынша бұйрықпен: бөлім бойынша кезекші, бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі, қарауыл бастығы, парк бойынша кезекші, қоймалар аймағы (техникалық аумақ) бойынша кезекші, кезекші бөлімше, өрт сөндіру наряды, сондай-ақ тәуліктік наряд бөлінетін бөлімше тағайындалады. Қажет кезде бөлім командирінің тәуліктік наряд құрамын өзгертуге құқығы бар.
3. Әскери бөлім командирі қызмет атқару орындарында қажетті санитарлық-гигиеналық және тұрмыстық жағдайлар жасауы тиіс.
4. Барлық кезекшілер мен олардың көмекшілерінің кеудесінің сол жағында тиісті жазуы бар (1-сурет) кеуде белгісі (бейдж) болуы тиіс. Кеуде белгісін (бейджді) бұрынғы кезекші жаңа кезекшіге кезекшілікті тапсыру және қабылдау туралы баяндағаннан кейін береді.
Жауынгерлік қызметке түсетін әскери қызметшілерге олар дербес жауапты болатын нөмірлік металл кеуде белгілері беріледі. Белгілердің үлгісін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың бірінші басшылары айқындайды.
Кезекшілердің кеуде белгісі (бейдж)
1-сурет
5. Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қатарынан тағайындалған бөлім бойынша кезекші, бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі, қарауыл бастығы, парк бойынша, қоймалар аймағы (техникалық аумақ) бойынша кезекші жарақталған екі оқжатары бар пистолеттермен қаруланады.
Сержанттар қатарынан тағайындалған қарауыл бастығы жарақталған екі оқжатары бар автоматтармен қаруланады. Сержанттар қатарынан тағайындалған парк бойынша кезекші, бақылау-өткізу пункті бойынша кезекші, бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшінің көмекшісі, жатақхана бойынша тәуліктік наряд құрамына кіретін әскери қызметші әйелдерден басқа, бөлімшелер бойынша кезекшілер мен тәуліктік кезекшілер, сондай-ақ парк бойынша тәуліктік кезекшілер мен штаб бойынша шабармандар қаптағы сүңгіпышақтармен қаруланады.
Қажет кезде Қорғаныс Министрінің, Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті төрағасының, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар басшыларының бұйрығы бойынша кейбір әскери бөлімдерде тәуліктік кезекшілер мен бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшінің көмекшілері, ротаның тәуліктік наряды және парк бойынша тәліктік кезекшілер жабдықталған екі оқжатары бар автоматтармен (карабиндермен) қарулануы мүмкін.
Кезекшілерді сызыққа шақыру.
Қазақстан Республикасының Президенті, бөлім командирі мен одан жоғары барлық тікелей бастықтар, армия генералдары, генерал-полковниктер, адмиралдар және әскери бөлімді (бөлімшені) инспекциялау (тексеру) жүргізуге басшылық жасау үшін тағайындалған адамдар келгенде сызыққа шақыртылады. Кезекшілер, сондай-ақ лагерьлік жиын бойынша кезекшінің командасы бойынша сызыққа шақыртылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz