Ерте орта ғасырлардағы корея
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. ЕРТЕ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ КОРЕЯ.
1.1 Таптардың қалыптасуы. Когуре, Пэкче мен Силла феодалдық мемлекеттердің құрылуы. 4
1.2 Силла басшылығымен Кореяның бірігуінен кейінгі әлеуметтік . экономикалық дамуы. 5
1.3 Ерте орта ғасырлардағы Корея мәдениеті. 7
2. X . XV ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ФЕОДАЛДЫҚ КОРЕЯ.
2.1 Коре мемлекеті: құрылуы, әлеуметтік . экономикалық дамуы, мәдениеті. 9
2.2 Кореядағы монғолдар билігінің орнауы, құлауы. 11
2.3 Ли сон Генің мемлекеттік төңкерісі. 12
2.4 Коре мәдениеті. 13
3. КЕЙІНГІ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ КОРЕЯ.
3.1 XVI ғасырдағы Кореяның әлеуметтік . экономикалық дамуы. 15
3.2 Корея халқының жапон басқыншыларына қарсы күрес. 15
3.3 XVII ғасырдың бірінші жартысындағы Корея. Маньчжур шапқыншылығы. 17
3.4 Сауда, аграрлық қатынастар, салық жүйесі. 18
3.5 XV . XVII ғасырлардағы Корея мәдениеті. 20
ҚОРЫТЫНДЫ 21
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 26

КІРІСПЕ
Археологиялық зерттеулерге қарағанда Корея жерін палеолит заманынан бастап адамдар қоныстана бастаған. Б.з.б. 1 – мыңжылдықта алғашқы мемлекеттер құрыла бастады. Олардың ішінде Чосон мемлекеті б.з.б. 2 – 1 ғасырларда аса күшті мемлекетке айналды. Б.з. басында Кочуре (солтүстікте), Пэкче (оңтүстік - батыста), Силла (оңтүстік - шығыста) атты мемлекеттер құрылды. 4 – 6 ғасырларда елге будда діні тарай бастады. Силла, Пэкче, Кочуре мемлекеттері өзара соғысып отырды. Осыны пайдаланған Қытайдың Таң әулеті мемлекеті Кочуре мен Пэкчені басып алды. Бірақ Силла мемлекеті 676 ж. қытайларға тойтарсы беріп, 8 ғасырда Кореяның көпшілік жерлерін біріктірген біртұтас мемлекет құрды. 9 ғасырда Силла ыдырап, 935 ж. Коре мемлекетінің (елдің қазіргі еуропаша атауы осы Коре атауынан шыққан) негізін қалаушы Ван Гон елді қайта біріктірді. Жаңа мемлекет кидандардың шабуылына (993, 1010 -1011, 1018 - 1019) төтеп беріп, елдің тұтастығын сақтап қалды.
Шаруашылық өркендеп, сауда мен қолөнер дамыды, металл ақша пайда болды. 1231 – 1259 ж. Коре мемлекеті Шыңғыс хан империясының қол астына өтіп, 14 ғасырдың орта тұсында ғана тәуелділіктен құтылды. Қытай әскерлерінің шабуылын тойтарып, Чосон атауын (Ежелгі Чосон мемлекеті құрметіне) қайтарып алды. Астана Кэчен қаласынан Хансонға (Сеул) көшірілді.
16 – ғасырдың аяғында елге жапондар, 17 ғасырда манчьжурлар басып кірді. Корей халқы 1592 – 1598 ж. жапон басқыншыларынан елді қорғап қалғанымен, маньчжур шапқыншылығына төтеп бере алмады. 1637 ж. Корея билеушісі маньчжур әулетіне бағынды.
Дегенмен 17–18 ғасырларда ел әлеуметтік – экономикалық жағынан біршама ілгері басты. Ірі қалалар көбейіп, сауда орталықтары құрылды.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. C.Ә. Тортаев Орта ғасырлардағы Азия және Африка тарихы. Алматы 2009 ж.
2. Булгакова Д.А., Истаев А.Ж. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы. Оқу - әдістемелік құрал. Алматы 2004 ж.
3. Қазақстан ұлттық совет энциклопедиясы. 4 том. Бас редакциясы. Алматы 2009 ж. 655 – 656 бб.
4. Васильев Л.С. История Востока: в 2 т. Т. 1. – М.: Высшая школа, 1998. – 427 – 428 бб.
5. История Востока. Т.2. Восток в средние века. – М.: Восточная литература РАН, 1995. – 83 – 89 бб.
6. История Кореи (с древнейших времен до наших дней) – Сеул, 1995.
7. Очерк Корейской истории. Книга 1. – Пхеньян, 1992.
8. История Востока. Т.2: Восток в средние века. – М.: Восточная литература РАН, 1995. – 174 – 180 бб.
9. Васиельев Л.С. История Востока: В 2 т. Т. 1. – М.: Высшая школа, 1998. – 430 – 431 бб.
10. История Востока. Т III. Восток на рубеже средневековья и нового времени. XVI – XVII вв. – М.: Восточная литература РАН, 1999. – 315 – 337 бб.
11. История Кореи. Новое прочтение / Под. ред. А.В. Торкунова. – М., 2003.
12. История стран Азии и Африки в средние века. Ч.1. М.: Издательство Московского университета. 1987.
13. ВАНИН Ю. В. Феодальная Корея в XIII-XIV вв. М., 1962.
История Кореи (с древнейших времен до наших дней). М., 1974

1.1 Таптардың қалыптасуы. Когуре, Пэкче мен Силла феодалдық 4
мемлекеттердің құрылуы.
1.2 Силла басшылығымен Кореяның бірігуінен кейінгі әлеуметтік – 5
экономикалық дамуы.
1.3 Ерте орта ғасырлардағы Корея мәдениеті. 7
2. X – XV ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ФЕОДАЛДЫҚ КОРЕЯ.
2.1 Коре мемлекеті: құрылуы, әлеуметтік – экономикалық дамуы, 9
мәдениеті.
2.2 Кореядағы монғолдар билігінің орнауы, құлауы. 11
2.3 Ли сон Генің мемлекеттік төңкерісі. 12
2.4 Коре мәдениеті. 13
3. КЕЙІНГІ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ КОРЕЯ.
3.1 XVI ғасырдағы Кореяның әлеуметтік – экономикалық дамуы. 15
3.2 Корея халқының жапон басқыншыларына қарсы күрес. 15
3.3 XVII ғасырдың бірінші жартысындағы Корея. Маньчжур шапқыншылығы. 17
3.4 Сауда, аграрлық қатынастар, салық жүйесі. 18
3.5 XV – XVII ғасырлардағы Корея мәдениеті. 20
ҚОРЫТЫНДЫ 21
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 26
КІРІСПЕ
Археологиялық зерттеулерге қарағанда Корея жерін палеолит заманынан
бастап адамдар қоныстана бастаған. Б.з.б. 1 – мыңжылдықта алғашқы
мемлекеттер құрыла бастады. Олардың ішінде Чосон мемлекеті б.з.б. 2 – 1
ғасырларда аса күшті мемлекетке айналды. Б.з. басында Кочуре (солтүстікте),
Пэкче (оңтүстік - батыста), Силла (оңтүстік - шығыста) атты мемлекеттер
құрылды. 4 – 6 ғасырларда елге будда діні тарай бастады. Силла, Пэкче,
Кочуре мемлекеттері өзара соғысып отырды. Осыны пайдаланған Қытайдың Таң
әулеті мемлекеті Кочуре мен Пэкчені басып алды. Бірақ Силла мемлекеті 676
ж. қытайларға тойтарсы беріп, 8 ғасырда Кореяның көпшілік жерлерін
біріктірген біртұтас мемлекет құрды. 9 ғасырда Силла ыдырап, 935 ж. Коре
мемлекетінің (елдің қазіргі еуропаша атауы осы Коре атауынан шыққан)
негізін қалаушы Ван Гон елді қайта біріктірді. Жаңа мемлекет кидандардың
шабуылына (993, 1010 -1011, 1018 - 1019) төтеп беріп, елдің тұтастығын
сақтап қалды.
Шаруашылық өркендеп, сауда мен қолөнер дамыды, металл ақша пайда
болды. 1231 – 1259 ж. Коре мемлекеті Шыңғыс хан империясының қол астына
өтіп, 14 ғасырдың орта тұсында ғана тәуелділіктен құтылды. Қытай
әскерлерінің шабуылын тойтарып, Чосон атауын (Ежелгі Чосон мемлекеті
құрметіне) қайтарып алды. Астана Кэчен қаласынан Хансонға (Сеул) көшірілді.
16 – ғасырдың аяғында елге жапондар, 17 ғасырда манчьжурлар басып
кірді. Корей халқы 1592 – 1598 ж. жапон басқыншыларынан елді қорғап
қалғанымен, маньчжур шапқыншылығына төтеп бере алмады. 1637 ж. Корея
билеушісі маньчжур әулетіне бағынды.
Дегенмен 17–18 ғасырларда ел әлеуметтік – экономикалық жағынан біршама
ілгері басты. Ірі қалалар көбейіп, сауда орталықтары құрылды.
1. ЕРТЕ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ КОРЕЯ.
1.1 Таптардың қалыптасуы. Когуре, Пэкче мен Силла феодалдық мемлекеттердің
құрылуы.
Жаңа дәуірдің I ғасырында Корей жарты аралын әртүрлі тайпалар
мекендеді. Ханган өзенінің солтүстігінде окчо, когуре, ауе, лолан, емэк
тайпалары тұрса, оңтүстігінде пэкче, махан, чинхан, саро, е, пенхан, т.б.
тайпалар тұрды. Жарты арал тұрғындары мал ұстады, аңшылықпен, балық
аулаумен айналысты. Дегенмен, ең негізгі шаруашылық түрі – егіншілік болды.
Корейліктер тары, арпа, кендір өсірді. Оңтүстікте сонымен қатар күріш екті.
Күріш өсіру суару жүйелерін салуды қажет етті. Ауыл шарушылығында темір –
құрал жабдықтар қолданылды. Жер өңдеп, егін, егушілер өздері жіп иіруші де,
өздері мата тоқып, киім тігуші де болды.
Алғашқы қауымдық құрылыс қоғамының қалдықтары қытайдың ықпалы күштірек
сезілетін Солтүстік Кореяда тез қарқынмен жойылды. Кореяның ежелгі
замандардағы тарихы Қытай деректерінде кең орын алды. Бес рулық топқа
берілген Амноккан (Ялу) өзенінің бассейінін мекендеген когуре тайпасының
өмірінде қауымдық құрылыстың белгілері сақталғанымен, мүлік теңсіздігі
пайда болған еді. Қауымдастық ішінде “тэга” деп аталатын байлар да болды.
Олар өз туыстарын көрші қауымдарды жаулауға ұйымдастырып отырды. Мысалы,
көрші окчо, емэк деген тайпалар когуре тайпасына тәуелді болып, егінмен,
матамен, қымбат аң терілерімен, балықпен алым – салық төлеп тұрды. Мұндай
басқыншылық соғыстар когуре тайпасының ішіндегі мүлік теңсіздігін күшейте
түсті.
Ақсүйектер байыған үстіне байи түссе, соғыста кедейлер одан сайын
кедейлене түсті. Сөйтіп, олар жеңілген тайпалардың кедейлерімен бірге
қаналуыш, езілген тап – “хахо” қатарын толтырып отырды. Ал жеңілген жақтың
көсемдері ақсүйектік жағдайын сақтап қалып отырды.
Когуредегі таптық қоғам II – III ғасырларда қалыптасты. Астанасы алғаш
Хвандо, кейін – Пхеньян (427 ж.) қалалары болды. Когуредегі мемлекеттің
құрылуын тарихшылар 313 жылға жатқызады. Мемлекеттік аппаратты король
басқарды. Ал әскери чиновник ақсүйектер атқаратын қызметінің маңыздылығына
қарай 12 разрядқа бөлінетін. Жеке меншікті қорғайтын заңдар қабылданды.
Ұрлық жасалса, ұрлаған мүлкінің құны 12 есе етіп қайтырылуға тиіс болды. Ал
малға келтірген зияны үшін күнәһар құлға айналды.
IV – V ғасырда Когуре мемлекеті Корей жарты аралының солтүстігіндегі
үлкен кеңістікті алып жатты. Махан деген тайпаның құрамына кірген пэкче
деген қауым III – IV ғасырларда көрші қауымдарды жаулап алып, Корей жарты
аралының оңтүстік – батысында, Ханган мен Кымган өзендерінің төменгі
жағында 346 ж. өз мемлекетін құрды. Оның астанасы Хансон (қазіргі Кванджу),
538 жылдан Сабури (Пуе) қалалары болды. Кейінірек 356 ж. Оңтүстік Шығыста
Силла мемлекеті құрылды. Бұл мемлекеттің негізін саро қауымы қалады.
1.2 Силла басшылығымен Кореяның бірігуінен кейінгі әлеуметтік –
экономикалық дамуы.
Cөйтіп, VI ғасырға қарай Корей жарты аралының кеңістігі 3 мемлекеттің
арасында (Когуре, Пэкче, Силла) бөлінді. Бұл үшеуінің арасында біріншілік
үшін күрес жүреді. Ол күрес сондай – ақ феодалдық қоғам дамуының талабына
сай елді біріктіру мақсатын көздеді. Мемлекеттік ұйым жерге феодалдық
меншікті бекітетін белсенді күш болды. Мемлекеттік аппарат шаруалардың
қоғамдық жерлерін феодалдық меншікке айналдыруда күш көрсетіп отырды.
Шаруалар қауымдары мемлекет қарамағына немесе жекелеген феодалдарға
басыбайлы бола бастады. Феодал–чиновниктердің мемлекеттен өзін “асырауға”
алып отыратын оуругы “сиқып” деп аталды. Құлдардың жағдайына өзгерістер
енгізілді. Оларды енді өлтіруге тыйым салынды. VI ғасырдың басында Силлада
король өлгенде 10 құлды бірге өлтіретін әдетке тыйым салатын ерекше жарлық
шықты. Жарнамалар 558 жылы Силла әскер басшысы Садахам Кая қауымының
көтерілісін басқан соң сыйлыққа алған 200 тұтқынды еркіне жіберіп, егінші –
диқанға айналдырғанын хабарлайды.
Өз билігін нығайту үшін жергілікті аристократия Қытайдың мемлекеттік
билік түрін ғана емес, идеологиясын да қабылдады. Біздің эрамыздың I
ғасырында Кореяда конфуциандық кең өріс алды. Ол бойынша кіші – үлкенге
қатардағы қоғам мүшесі – үкімет басшыларына сөзсіз бағынуы тиіс болды.
Когуреде мемлекеттік чиновниктер дайындайтын арнаулы конфуциандық оқу орны
ашылды.
Қытайдан Кореяға феодалдық базис пен қондырманың қалыптасуында үлкен
рөл атқарған будда діні тарады. Когуредегі ең алғашқы будда монах
уағызшылары 372 жылы пайда болды. Олар будда дінінің кітаптарын будданың
суретін әкелді. Бұл уағызшыларды король сарайы жылы шыраймен қарсы алды.
Пхеньян маңында екі үлкен буддда монастыры салына бастады.
388 жылы Пекчэ королінің өтініші бойынша оның астанасында Оңтүстік
Қытайдан будда уағызшылары жіберілді. Пэкче мемлекетінің басшылары
буддизмнің кеңінен тарауына қамқорлық жасап, будда дін басыларына ірі жер
үлестерін сыйға тартып отырды.
Cиллада буддизм VI ғасырдың I жартысында – 528 жылдан бері тарай
бастады. Бұл кезде мемлекеттік құрылыс негізінен аяқталған болатын.
Силланың үкімет басшысы Қытай үлгісі бойынша “Ван”король, князьатағын
алды. Силла кеңістігі облыстар мен уездерге бөлінді. Оларға әкімдер
астаналық аристократтар арасынан тағайындалып отырды. Мемлекеттік астанасы
Қымсон ірі қалаға айналды. Оның барлық елді мекендер мен байланысын нығайту
мақсатымен пошта стансалары көптеп салынды.
Корей жарты аралындағы мемлекеттерге қытай жиі - жиі шабуыл жасап
отырды. Ол шабуыл б.з.д. II ғасырда, Хань империясы тұсында басталған
болатын. 342 ж. Солтүстік Қытайда Янь мемлекетін құрған Сянь биліктер
Когуреге баса көптеп кіріп астанасын басып алды. Ерлік күрестің нәтижесінде
когуреліктер бірнеше жылдан соң Сянь биліктерді өз жерінен қуып шықты. IV
ғасырдың аяғы мен V ғасырдың басында Квангэтхо королі кезінде Когуре аумағы
бұрынғыдан бетер ұлғая түсті.
475 ж. когуреліктер пэкченің астанасы Хансонды басып алды. Пэкче
Силламен одақтасып 551 ж. Когурені Ханган өзенінің бассейінен ығыстырды.
Бірақ Когуреден қайтарылған жер Пэкченің өзіне тимей, Силланың қолына
көшті. Пэкче наразы болып Силламен одағын бұзды. Енді ол Когуремен
одақтасып Силлаға қарсы шықты. Ал Силла Қытаймен одақтаса бастады.
Когуре мен Пэкчедегі Қытай шапқыншылығына қарсы күрес Силла мемлекеті
тарапынан алғаш қолдау тауып отырды. Когуреге қытай шабуылы 598 жылы
басталды. Осы жылы Суй әулеті Корей жарты аралының солтүстігіне үлкен армия
мен флот жіберді. Бірақ қытайлықтар кәрістерден жеңіліп қалды.
612 жылы қытай әскері Когуреге тағы басып кіріп, қайтадан жеңіліс
тапты. Суй әскерлерінің 613 – 614 жылдардағы жорыұтары да сәтсіздікке
ұшырады. Когуре мен Пэкче бірлесіп Силлаға қарсы соғыс ашқанда ол Қытайдан
көмек сұрады. 645 жылы қытай әскері Когуреге басып кірді. Бірақ олар
мақсатына жете алмады. 660 жылы Силла мен Қытай әскерлері Пэкчені талқандап
оны Таң империясының провинциясына айналдырды. 663 жылы пэкчеліктер
тәуелсіздік жолындағы көтеріліске шығып, жеңілді. 668 жылы Таң және Силла
әскерлері Когуренің астанасы Пхеньянды басып алды. Сөйтіп, Корей жарты
аралындағы үш смемлекет 676 ж. біртұтас Силла мемлекетіне бірікті.
Кореяның Силла мемлекетінің құрамына бірігуінің тарихи маңызы осы
кезден бастап аумағы бір, тлі ортақ біртұтас кәріс халқының қалыптасуы
болды.
Силландық Кореядағы (658 - 935) әлеуметтік құрылымының жоғарғы
баспалдығында чингольдар–яғни ақсүйектер онан кейін баспалдығында
яньиндер–мейірімді адамдар, әскери міндеткерлер; келесі төменгі
баспалдақтар – чхониндар яғни опасыз адамдар тұрды. Олар толық құқылы
болмады. Чхониндердің ең төменгі тобы - құлдар ноби деп аталды. Олар
негізінен үйдегі күңдер (малайлар) болды. Нобилер мемлекеттік және жеке
меншік болып бөлінді.
Салықтың негізгі түрлері оброк және еңбекпен өтеу болды. Жалпыға
бірдей әскери міндеткерлігін өтеушілер тегін жұмысқа салынып отырды.
897 жылы Когуреде шаруалар көтерілісі басталды. Ол жеңіске жеткен соң
Ху Когуре мемлекетінің құрылғандығы жарияланды. 918 жылы ол мемлекеттің
басқыншылығына Ван Гон тағайындалды. Ол шаруалардың бұрынғы салықтарын
жойды. Сонымен қатар Ван Гон Силла королімен келісімге келді. Сол “еңбегі”
үшін Коре король деген атақ алды. Сол жылдан бері жарты арал “Корея” деп
атала бастады. 935 жылы Силла мемлекеті Коренің құрамына кіріп дербестігін
жойды. Сөйтіп, 935 жылдан кейін біртұтас Коре мемлекеті өмір сүре бастады.
Оның астанасы Сонгдо (қазіргі Кэсон) қаласы болды.
X ғасырдың аяғы XI ғасырдың басында Коре кидандар шапқыншылығына
тойтарыс берді. Өзара қырқысулармен ішкі соғыстарды тоқтатуы, Қытаймен,
Жапониямен және басқа да елдермен экономикалық байланыстардың күшеюі елдің
өңдіргіш күштерінің өсуіне қолайлы жағдай жасады.
Суару жүйелерінің құрылысы едәуір ұлғайып ауыл шаруашылығы
дақылдарының түсімі өсті. Феодалдық қатынастардың дамуы жерге мемлекеттік
меншіктің базасында өрістелді. Жалпы мемлекеттік қорының көп бөлігін
шаруалардың пайдаланып отыран кішігірім, майда үлестері құрады. Мұндай
үлестік жүйе “Чонджон” деп аталды. Ол Силла мемлекетінде 722 ж. енгізілген
болатын. Үлесі үшін шаруалар мемлекетке рента салығын төлеумен қатар,
мемлекет пайдасына барщина өтеп тұрды.
Мұндай майда үлестерден тұратын мемлекеттік жерден басқа ірі феодалдық
жер иеліктері де жеткілікті болды. Шенеуніктер мен әскерилерге сый ретінде
жер үлестіруге тыйым салған 685 жылғы арнаулы король жарлығына қарамастан,
елдің елдегі жердің едәуір бөлігі Силландық қуатты чиновниктермен буддалық
монастырлар сияқты ірі жер иеленушілердің қолында болды. Бұл жерлер
байлардың шаруаларының күшімен игеріліп отырды. Шаруаларды үстем таптардың
пайдасына орындалатын әртүрлі феодалдық міндеткерлікті өтеуге күш пен
мұқтаждап отыру үшін елді басқаратын әскери - әкімшілік ақпарат құрылды.
Барлық ел аумағы 9 әкімшілік облысқа (чжу) бөлінді де облыс әкімдерін
король тағайындады. Әкім облыстағы әскердің де басшысы болды. Силла
мемлекетінің астанасы Кенчжу қаласында 170 мыңға жуық үй болды. Астана
байларының үйлері сәнді де салтанатты болатын. Үйлерінің төбесіндегі
черепицалары алтынмен апталатын. Астанадағы үстем таптар мұқтаджығын
өтейтін қолынан өнер тамған шеберлер тұратын.
Силла мемлекеті сыртқы саудамен қызу айналысты.
1.3 Ерте орта ғасырлардағы Корея мәдениеті.
Ерте орта ғасырларда Корей мемлекеттерінде өте бай мәдениет өмірге
келді. Когуредегі сәулет және бейне өнерінің өте жоғары деңгейін
археологиялық қазба материалдары дәлелдейді. Жапон дерекнамалары IV
ғасырдан бастап Пэкче мемлекетінің Жапоняиның рухани мәдениетімен
қолданбалы көркем өнерінің дамуына зор ықпал еткенін хабарлайды. Кенчжу
маңында табылған археологяилық ескерткіштер арасында таза алтыннан жасалған
тәж, алтын моншақ, білезік, сақиналар, жібек мата қиындылары, қару –
жарақтар бар. Олар бесінші ғасырда жасалған. 3 патшалық кезінде Корея
мәдениеті Қытайдың күшті ықпалымен дамыды. Кореяға конфуциандық пен
буддизмнің енуімен тек қытай әдебиеті ғана тарап қойған жоқ. Сонымен қатар
кәріс авторларының қытай тіліндегі шығармалары жазылды.
IV ғасырдың аяғында Когуре мен Пэкчеде қытай үлгісі мен жылнамалар
жазыла бастады. 545 жылы Силла тарихшылары өз мемлекетінің тарихын
құрастырды. Жаратылыстану саласындағы білімнің жетілу нәтижесінде VII
ғасырдың ортасында Силлада астрономиялық обсерватория салынды. Оның
қалдықтары Кенчжу қаласында әлі күнге дейін сақталған.
VII ғасырдың аяғында Сольчхон деген оқымыстының дәріс сөздерін жазуға
қытай иероглифтерін қолдану біртұтас кәріс тілін қалыптастыру жолындағы
алғашқы қадам болды. Бұл “иду” деп аталған жазу корей тіліне қытай діні
кітаптарын аударуға ғана емес, сондай – ақ халықтың ауызша қалыптасқан
шығармашылық мұраларын корей тілінде жазып шығаруға мүмкіндік берді. VII –
VII ғасырдан сақталған көптеген сәулет және мүсін өнерлерінің ескерткіштері
буддаға табынушылық арқасында жасалғанымен, ұлттық ерекшеліктері де
қамтыған.
VIII ғасырдың ортасындағы сәулет және мүсін өнерлерінің ең көріктілері
Силла мемлекетінің астанасында салынған, Пульгукс пен Соккурам храмдары.
Қазірге дейін сақталған Пульгукс храмының тастан жасалған баспалдақтары мен
беті теңізге қарап тұрған Будданың Саккурам храмындағы мүсіні Силладағы
мүсіншілердің тас қашаудағы асқан шеберліктерін көрсетеді. Қазірге дейін
сақталған Пондокс храмының XII ғасырдың ортасында жасалған қола қоңырау тек
қашау өнерінің ғана емес, сондай – ақ бейнелеу өнерінің де жоғарғы дәрежеде
дамығандығының куәсі. Бұл алып қоңыраудың сыртында Силландық ақсүйектердің
рахат өмірі асқан шеберлікпен тартымды бейнеленген.
Бірігу кезінде Корея Қытаймен байланысын нығайта түсті. Силла мен
Қытай арасындағы сауда айырбасында өнер шығармаларымен шіркеулік бұйымдар,
кітаптар кең орын алды. Cондай – ақ қытайлықтар мен кәрістер мәдениет
саласында алыс–беріс, араласу, бару - келу сияқты тікелей қатынастар да
жасап тұрды.
682 жылы Силлада ашылған жоғарғы мемлекеттік мектепке оқытушылар
ретінде қытай оқымыстылары шақырылды. Көптеген Силла ақсүйектері өз
білімдерін Таң империясының астанасы Чаньань қаласында тереңдете түсетін.
Ондайлардың ішінде будда монахы Хечжу мен IX ғасырдың көрнекті оқымысты әрі
жазушы Чхое Чхи Вон т.б. болған. Ван Санак деген сазгер VI ғасырда “каягым”
деген музыкалық аспап жасады.
2. X – XV ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ФЕОДАЛДЫҚ КОРЕЯ.
2.1 Коре мемлекеті: құрылуы, әлеуметтік – экономикалық дамуы, мәдениеті.
9 ғасырда елде орын алған феодалдық өзара қырқысулар X ғасырдың
басында тыйылып жарты аралда мемлекеттік билік орнай бастады. 3 мемлекетті
біріктіруді 918 ж. “Екінші Когуреде” өз билігін орнатқан әскер басшысы Ван
Гон қолға алды. 935 жылы ол Силланы, 936 жылы “Екінші Пэкчені” бағындырып
алды. Қайтадан бірігіп қалпына келген мемлекет “Корё” деп аталды (осы
атымен қазір де аталады). Оның астанасы Сонгдо (қазіргі Кэсон) қаласы
болды. Ван Гон шаруаларға ақ сүйей отырып, табысқа жетті. Ол жаңа жерді
басып алысымен ондағы шаруаларды бұрынғы қарыздарынан босатып салық
мөлшерін уақытша азайтты.
Коренің жер жүйесі негізінен таңдық жүйеге еліктеді. Жер барлық
адамдарға берілді. Әркім қызметіне қарай үлес алып отырды. Ол чонсиква деп
аталды. Жердің иесі өлген соң ол мемлекетке қайтарылып отырды. Солдаттар
үлесті 20 жасқа толған соң алатын. 60 жасқа толған соң қайтарып беретін.
Егер баласы немесе басқа туысы оның қызметін жалғазтырса, үлес қала
беретін. Баласы жоқ адамдар 70 жастан кейін зейнеткерлік үлес алатын. Ол
“кунучжон” деп аталды. Баласы жоқ солдат соғыста қаза тапса, зейнеткерлік
үлесті оның әйелі алатын. Cонымен қатар марапт ретінде де үлес берілетін.
Ол үлес “қонымчжонси” деп аталды. 16 жаста кәмелетке толған деп саналды, ал
60 жаста зейнеткер деп жұмыстан босатылды. Зейнеткерлер де салықтардан да
босатылатын. Үлес иелері әрбір келден (~ 1 га) бір сок (~ 160 кг.)
салық төледі. Жалпы салық мөлшері табыстың 110 – інен аспады.
Бір орталыққа бағынған мемлекет құрылғанымен бұрынғы жеке мемлекет
басшылары, олардың жақтастары қайтадан бөліну үшін күресіп бақты. Коре
үкіметі өзінің сыртқы саясатында Қытайдағы Сун империясына бағыт ұстады.
Қытаймен одақтасу кидандар қаупіне байланысты болды. Кидандар Коренің ішкі
талас – тартысын пайдаланып, оны басып алуға тырысты.
993 ж. Кореяға кидандар шабуылы басталды. Бірақ олар тойтарыс такып,
кейін қайтты. 1900 ж. Коре үкіметінің басшысы Ван Мог Чонды әскерлер тақтан
түсірді. 1010 ж. кидандар әскері Аноккан өзенінен өтіп, Кореге басып кірді.
1011 ж. қаңтарда олар Коре астаны Кегенді басып алып, талқандады. Талан –
таражға салды. 1011 жылғы 28 қаңтардағы шайқаста Коре әскерінің басшысы Ян
Гю қаза тапты. Бірақ кәріс халқы шетелдік басқыншыларға қарсы аянбай күрес
жүргізді. 3 айдан соң Кан Гам Чхан басқарған кәріс әскері кидандарды
шегінуге мәжбүр етті.
1013 – 1044 жж. кидандар Тончжо мен Хынхвачжын аудандарында Коре 2 рет
басып кірді. Бірақ сәтсіздікке ұшырап, кейін қуылды. 1014 ж. Коредегі
өкімет билігін әскерилер басып алды. Хынхвачжындегі шайқастан кейін олар
Кэгенге бет алды. Бірақ біраз шайқастардан жеңіліс тапқан соң кейін шегіне
бастады. 1119 ж. қаңтарда Коре әскері кидандарды Кутжда тасталқан етіп
жеңді. Кидандармен бітім шарты жасалды. Амноккан өзені осы кезден бастап
Кореяның шекарасы болып белгіленді.
Корёнің гүлденуі Мунджон (1047 - 1082) корольдің билігі кезінде
басталды. Бұл кезде өте тиімді әкімшілік жүйесі құрылды. Ол жүйе 2,5 ғасыр
өмір сүрді. Бұл орталықтандырылған үкімет билігінің күшеюі, мемлекеттің
жерге меншігінің нығаю кезі болды. Сонымен қатар X – XII ғғ. ірі жеке
меншіктік жер үлестерінің өсуімен сипатталды. Көптеген ірі жер иелері
өздерінің қарулы күштерін ұстады. Осы кезде бекініс – қала Намгён (қазіргі
Сеул) салынды, ол 1394 ж. Корёнің астанасына айналды.
Коренің бейқуат тыныштық өмірі XII ғасырға қарай қайта бұзылды. Осы
ғасырдың басында Корёге Қытайдың солтүстік – шығысын мекендейтін тунгустық
чжурчжендер тайпасының шапқыншылығы жиіледі. 1104 ж. Чонпхён қамалындағы
шайқаста кәрістер жеңілді. 1107 ж. чжурчжендер жаңа шабуыл бастап, қатты
тойтарыс алды. 1125 ж. Корё Қытайдағы чжурчжендердің Цзинь империясына
вассалдық тәуелділігін мойындады.
Бұл кезде Корёде будда шіркеуінің ықпалы өсе түсті. Ол үкімет
беделінің өсуіне көмектесті. Бірақ жеке феодалдар шіркеу иелігінің өсе
тусуіне наразы болды. Шіркеу мен феодалдар арасындағы қақтығыстар елдің
саяси – экономикалық жағдайына айтарлықтай зиян келтірді. Әсіресе шаруалар
үлкен күйзеліске ұшырады. Сондықтан олар көтеріліске шығып отырды.
1126 ж. Ли Ча Гемм басқарған Кэгёндегі бүлік бұрқ ете түсті. Ли Ча
Гемм (Ли Джагём) Инджон ванның қайын атасы болатын. Ол әскердегі билікті
және чиндер (қызмет) министрлігін өз қолында ұстаған. Алғаш Джагём жеңіске
жетіп, Инджонды қамап қойды. Бірақ көп өтпей Ли Джагёмді өзінің бір вассалы
өлтіріп кетті.
1135 ж. Согёнде будда монағы Мё Чхон басқарған бүлік шықты. Бұл
кэгёндік және сэгёндік (солтүстіктің орталығы) ақсүйектер арасындағы билік
үшін күрес еді. Мё Чхон басқарған феодалдар тобы елдің Солтүстік – Батыс
облыстарының жеке мемлекетке бөлінгендігін жариялады. Бірақ көрнекті
мемлекет қайраткері Ким Бусик басқарған үкімет әскері 1136 ж. көктемде
Согёнді штурмен алып, бүлікті басты. Бұл мемлекетті нығайтуды
жақтаушылардың жеңісі болды.
XII ғасырдың екінші жартысында Қытай ықпалына қарсы күрес тоқтамады.
1170 ж. Ыйджон ванның билігіне наразы феодалдар тобы төңкеріс жасап,
билікті басып алды. Чон Джунбу бастаған дінбасылары такққа құлатылған
ванның інісі Мёнджонды отырғызды. Іс жүзінде үкімет билігі әскерилердің
қолында қалды.
Феодалдар арасындағы, феодалдар мен шіркеу арасындағы қақтығыстар
елдің саяси – экономикалық жағдайына айтарлықтай зиян келтірді. Әсіресе
шаруалар үлкен күйзеліске ұшырады. Сондықтан олар көтеріліске шығып отырды.
Көтерілістер 1162, 1166 жылдары болды. Ал 1176 ж. нағыз шаруалар соғысы
басталды. Оны Мани басқарды. Көтеріліске шыққандар негізінен
нобилер–мемлекеттік басыбайлы шаруалар болды. Олар елуге жуық қалаларды
басып алды: 1117 ж. көтерілістің оңтсүтігіндегі негізгі ошақтарын басқаннан
кейін көтерілістер солтүстік – батыс аудандарға тарай бастады. Көтеріліс
тек 1178 жылдың аяғында ғана толық басылды. Мани өлтірілді. Сонан кейін ірі
көтерілістер Кёнсан провинциясында 1193 – 1194 жж. Ким Сами мен Хё Симнің
басшылығымен болды.
1196 ж. іс жүзіндегі үкімет билігі Чхве Чхун Хэннің қолына көшті.
Сөйтіп, 1258 жылғы моңғол жаулап алушылығына дейін елде екі әулеттің билігі
қатар орнады. Осындай феодалдық өзара қырқысулар Корёні әлсіретіп, оны
басқа мемлекеттердің жаулап алуын жеңілдетті.
2.2 Кореядағы монғолдар билігінің орнауы, құлауы.
1216 жылы Кидандар Кореяға қайта басып кірді. Корея королі Цой Чхун
Хэн монғолдардан көмек сұрады. Монғол отрядтары 1218 жылы Кореяға кіріп,
кидандарды қуып шықты. Корея монғолдарға салық төлеп тұрудан бас тартқан
соң 1231 жылы монғол әскерлері жарты аралға басып кірді. Сылтау – Кореядағы
монғол елшісінің өлімі болды. Моңғол ханы Кореяға Сартай басқарған әскер
жіберді. Корея королі мен үкімет басшысы Цой У астанадан қашып, Канхвадо
аралындағы қамалға барып тығылды. Дегенмен монғолдар Кореядан салық алып
ьұрумен шектелді. Монғолдар Кореяны толық басып алу ойынан қайтқан жоқ.
1259 жылы Цой әулетінің үкімет басышысы өлтірілді. Канхнвадо аралындағы
қамал талқыланды. Король мұрагерлері кепіл ретінде Монғолияда ұсталды.
Кореяның королі өлген соң мұрагер еліне қайтып келіп, таққа отырды. Ол
Кореяны Монғолияның вассалы деп жариялады. Сөйтіп, Кореяда монғолдар билігі
орнады.
Моңголдар Кореяны Жапонияға қарсы соғыста өз базасына айналдырды.
Бірақ бұл зорлыққа халық көнгісі келмеді. 1270 жылы моңғолдар өз елін
қауіпсіздендіру мақсатымен Кондо аралындағы қамалды жойып, оны қорғап
тұрған әскерді таратуды талап етті. Бұл талап “үш корпус әскерлерінің”
көтерілісін туғызды. Осы әскерлер моңғолдарға қарсы үш жыл бойы күресті.
Оларға шаруалар да көмектесті. Бірақ король мен оның одақтасы 1273 жылы
көтерілісті басты.
1274, 1281 жылдардағы Жапонияға сәтсіз жорықтардан кейін моңғолдар
Кореяны оккупациялауын онан әрі жалғастырды. Олар “Шығыс жорығын басқару”
мекемесін құрды. Ол мекеме Корея үкіметінің үстінен қарайтын орган болды.
Кореяның король үкіметі бұл мекеменің қолжулығы болды.
Жүзжылдық моңғол езгісі Кореяның экономикасына айтарлықтай зиян
келтірді. XIV ғасырдың ортасына қарай Кореяның жағдайы өте қиындап кетті.
Шіркеу мен феодалдардың, моңғолдардың езгісіне жапон шабуылдары қосылды.
1356 жылы жапондықтар Есонган өзеніндегі Кедон аралын басып алып, Корея
астанасына қауіп төндірді. 1359 – 1360 жылдары Солтүстік Корея “Қызыл
бастылардың” талан – таражына ұшырады. Елде тап күресі де шиеленісті.
Кәріс дворяндары шіркеудің, ақсүйек феодалдардың жерлерін тартып
алуды, моңғолдарды ққуды, үкімет билігін күшейтуді мақсат етті. Сондықтан
олар армин мен флотты күшейтуді, будда шіркеуінің жерін тартып алуды талап
етті. Кореяның қала халқы – қолөнершілер мен көпестер дворяндарды қолдады.
Бұл талаптарды король Конминнің1352 – 1374бірінші министрі Синдун
ескерді, мүмкіндігінше қанағаттандыруға тырысты. 1356 жылы Синдін “Жер мен
халық санын қайта қарау басқармасын” құрды. Ол ірі жер иеленушілер
тарапынан қатты наразылыққа ұшырап, корольге қарсы қастандық ұйымдастырды
деген айыппен өлім жазасына кесілді.
1356 ж. моңғолдардың негізгі күші Кореядан шықты, ал қалған
гарнизондары 1359 жылы толық талқандалды. Кореядағы моңғолша жыл санау,
қызмет баптары жойылды. 1359 жылғы жеңісте ұымдастырушылық қабілетімен
ерекше көзге түсіп, жеңісті қамтамасыз еткен Ли Хван Чжо деген феодалға
король он мың шаруалар отбасын сыйлап, әскердің қолбасшысы етіп
тағайындалды. Сөйтіп Ли әулетінің жыұлдызы жанып, шарықтауы басталды. 1368
жылғы Қытайдағы моңғолдар билігінің құлауы Кореяға да әсер етті. 1369 жылы
Корея королі Конмин ресми түрде ұлы ханның вассалы екенін мойындаудан бас
тартты.
Патшалығының екінші кезеңінде король будда дінбасыларының серкесі Син
Удың ықпалына түсіп кетті. Бұл 1374 жылғы сарай төңкерісіне әкеліп соқты.
Син У мен король өлтірілді. Бұл төңкерістен кейін тақ үшін күрес 20 жылға
созылды. Ақыры династия құрылды.
2.3 Ли сон Генің мемлекеттік төңкерісі.
1389 жылы “Жаңа партияның” басшысы, Ли Хван Чжоның баласы Ли Сон Ге
таққа сол партияның өкілі Конъянды отырғызды. Бірақ партияның әскердегі
офицер мүшелері 1392 жылы сарай төңкерісін жасап, Конъянды тақтан құлатты.
Оның орнына Ли Сон Генің өзін король деп жариялады. Ол мемлекеттің Корё
деген атын Чосон деп өзгертті. 1396 жылы оның астанасы Ханьянқазіргі
Сеулқаласына көшірілді. Жаңа король Ли Сон Ге1392 – 1398 “жаңа
партияның” талабына сай ақсүйек феодалдардың ірі жер иеліктерін
конфискелеп, орташа және ұсақ иелікті дворяндарға таратып берді.
Жаңа тәртіптың нығаюы, сонымен қатар жаңа династияның таққа түпкілікті
бекуі династиясының III–королі Ли Хван ВонныңТхечжонатымен1401 –
1419тығыз байланысты. Бұл король өте шебер саясатшы болды. Ол Қытай
императорының “Чосон королі” деген грамота алды. Сондай істерімен Ли Хван
Вон кореяны Шығыс Азиядағы ірі күштердің біріне айналдырды.
Бұл корольдің тұсында басқару аппараты қайта құрылды. Алты палаталы
орталық өкімет органы құрылды. Жоғарғы үкімет органы сегіз мүшесі бар
Мемлекеттік Кеңес болып табылды. Ел сегіз провинцияға бөлінді. Оларды
король тағайындайтын, тек корольге бағынатын уәкілдер басқарды.
Провинциялар уездерге бөлінді. Қызметке орналасу үшін “ғылыми дәреже” қажет
болды. Ол арнаулы емтиханнан өткен соң берілді. Негізінен үш атақ болды.
III – төменгі дәреже жергілікті жерде, қалған екі жоғарғы дәреже – астанада
берілді. Қызметтегі адам Янбан деп аталды. Бұл сөз кейін дворяндардың атына
айналып кетті.
1401 жылғы жарлық бойынша будда монастырларының көп жері тартып
алынды. Елдің ішіндегі жағдайды реттеу мақсатындағы шаралар бүкіл XV ғасыр
бойы жүргізілді. Король Сечжонның1419 – 1450тұсында бүкіл өңдеуге
жарайтын жердің есебі алынып, жиналатын салық мөлшері анықталды. Ол жердің
сапасына, судың жақындығына қарай белгіленді.
Жапониямен сауда жасау да реттелді. Сауда үш порт арқылы жүргізілді.
Олардың бастысы Цуксима болды. 1420 жылы осы порттың бастығы Жапония сауда
кемелерінің қайсы портқа қанша рет қатынасатыны жөнінде келісім жасады.
Кореяны әсіресе олардың солтүстік–шығысындағы көршілері– чжурчжендер
қатты мазалады. Онымен күрес көпке созылды. Тек 1449 жылы Корея Туманган
өзені маңында Чжурчжендер жерін басып алып, онда әскери гарнизонын
орналастырды. Бірақ чжурчжендермен тайталас XV ғасырдың екінші жартысында
да онан әрі жалғасты.
Ли әулетінің жетінші королі Сечжо1456–1470тұсында корей деревнясын
қамтыған өзгерістер болды, ашаршылық бола қалған кезде қажет болатын егін
сақтайтын қоғамдық қоймалап салынды, жер жыртуға, көшіп – қонуға керек
болатын ірі қара мал басын көбейтуге қолдаушылық көрсетілді; малды, жібек
құртын бағып – қағу жөніндегі басшылық нұсқау кеңестер жасалды. Ескі суары
жүйесің жөңдеп, жаңасын салуға көп мән берілді. Бұл шаралар елдің
экономикасын дамытуға елеулі үлес қосты. Өңделген жердің көлемі 1391 жылы
798127 кёл болса, 1404 жылы – 922677 кёлге жетті. Бұл кезде қолөнері мен
сауда жақсы дамыды. Қолөнерішілер мен саудагерлер еуропалық цехтар мен
гильдиялар сияқты ұйымдарға бірікті. Ол ұйымдар үкіметтен қажетті тауарлар
шығару монополияларына құқ алып отырды. Елдегі сауданың өсуінің куәсі –
жергілікті жәрмеңкелердің көбеюі болды.
Кореяның жаңа астанасы – Сеул XVI ғасырдың басында халқының көптігі
жағынан елдің ең ірі қаласына айналды. Ол халықтың басым көпшілігі
қолөнерішлер мен саудагерлер болды.
2.4 Коре мәдениеті.
VIII – XII ғасырларда Кореяда қолданбалы қолөнері елеулі табыстарға
жетті. Кореямен көршілес барлық елдерде Силла шеберлерінің нефриттен
жасаған зергерлік бұйымдары жоғары бағаланды. Силла кезінен алтын білезік,
тәж, семсер, сондай – ақ металдан жасалған белдіктер мен ертоқымдар
сақталған.
Әсіресе Кореядағы кітап шығару ісі ерекше көңіл аударарлық болды. 991
жылы Сэгенқазіргі Пхеньянқаласында қолдан жасалған кітаптар шығаратын
мекеме құрылды. Негізінен буддалық діни кітаптар мен тарихи жылнамалар
басылып шығарылатын. 1022 жылдан ағаштан, 1232 жылдан металдан жасалған
шрифтер қолданыла бастады. 1403 жылы сөз құю қалыптары жасалды. Білім беру
ісін кеңейту шаралары жүзеге асырылды. Ол істі қытайдың философия, саясат,
экономика және тарих жөніндегі кітаптарынан рухтанған кәріс оқымыстылары –
конфуцинадықтар басқарды. Мәдениеттің дамуына 1403 жылы жасалған “сөз құю”
қалыптары зор үлес қосты.
Корей халқының мәдени өміріндегі ең маңызды оқиға – онмунқарапайым
халық жазуыдеп аталған ұлттық алфавиттің жасалуы болды. Ол алфавит 1446
жылы ресми құжатта жарияланды. Ұлттық алфавиттің жасалуына байланысты
ағарту ісі қанат жайып, ұлттық тілдегі әдебиет дамыды.
Корольдің конфуциандық кеңесшілері қарапайым халық тіліндегі жазуды
кеңінен қолдануға қарсы болды. Сол себепті мемлекеттік құжаттар мен барлық
саяси, экономикалық және философиялық әдебиеттің тілі ретінде қытай тілі
қалып қойды. Астрономия мен календарлық есепке үлкен көңіл бөлінді.
Жұлдыздардың орнын анықтайтын жаңа астрономяилық құралдар жасалды. Жаңа
метеорологиялық аспаптар ойлап табылды. Жердің ылғалдығын өлшейтін аспап
барлық мекемелерде болуы керек деп міндеттелді.
XV ғасырдың ортасында кәріс оқымыстылары “Нонса чиксоль” (“Жер өңдеу
кітабы”) деген кітап жазды. 1451 ж. Ян Сон Джи және басқалар Корёнің тарихи
– географиялық сипаттамасын жазып, картасын жасады. Медицина саласында да
біраз табыстарға қол жетті. 1432 ж. “Хянъяк чипсонбан” (дәрі жасау) деген
фармакопея құрастыру аяқталса, 1445 ж. “Ыйбай юхчви” деген медициналық
энциклопедия баспадан шықты.
XIY ғасырдың аяғында Хансонда Кёнбоккун сарайы салынды. Кәріс
музыкасының дамуына XV ғасырда өмір сүрген Пак Ен көп үлес қосты. Ол ең
алғашқы музыка мектебін ашты. 1493 ж. Сон Хён басқарған топ “Акхак квебом”
(“Музыка білімінің негіздері”) деген кәріс музыкалық энциклопедиясын
құрастырды. XIV – XV ғасырда “камёнгык” деген маскалар театры мен
“инхёнгык” деген қуыршақтар театры құрылды.
Сөйтіп, дамыған орта ғасырларда Корё мәдениеті ішкі – сыртқы
қиыншылықтарға қарамастан елеулі табыстарға қол жеткізді.
3. КЕЙІНГІ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ КОРЕЯ.
3.1 XVI ғасырдағы Кореяның әлеуметтік – экономикалық дамуы.
XV ғасырдың аяғында орталықтандырылған Чосон мемлекеті әлсірей
бастады. Елде натуралдық шаруашылық үстемдік құрды. Жеке аудандардың
экономикалық байланысы нашар болды. Осындай жағдайда орталықтандырудың
бірден – бір негізі жерге мемлекеттің меншігі болды. Бірақ жерге феодалдық
жеке меншіктің дамуы жекелеген феодалдардың күшеюіне мүмкіндік туғызды.
Кореяның ескі ақсүйек жер иелерінің орнына жаңа Ли әулетінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz