Азаматтық іс жүргізудегі үшінші тұлғалар



Мазмұны
Кіріспе
1. Азаматтық іс жүргізудегі тараптар және үшінші тұлғалар
1.1 Азаматтық іс жүргізудегі тараптар
1.2 Азаматтық іс жүргізудегі үшінші тұлғалар
2. Қазақстан Республикасының Прокуратура органдары
2.1 Қазақстан Республикасының Прокуратура органдары
2.2 Азаматтық іс жүргізуге прокурордың қатысуы

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ

Азаматтық іс жүргізуге қатысушы субьектілерден басқа, дауды шешу кезінде тараптардың арасында өзге де мүдделі тұлғалар болуы мүмкін. Мысалы, ерлі-зайыптылардың жалпы ортақ меншігіндегі үлестерін бөлу туралы даулы істер бойынша өзге де туысқан адам мүдделі болуы мүмкін. Себебі, ол өз мүлкін ерлі-зайыптыларға уақытша пайдалануға берген, енді сол мүлікті қайтаруды талап етуі мүмкін.
Үшінші тұлғалар өздерінің субьективтік құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін басталып кеткен азаматтық процеске қатысатын және мүдделері тараптардың (талап қоюшы мен жауапкердің) құқықтары мен мүдделерімен сәйкес келмейтін тұлғалар.
Үшінші тұлғалардың процеске қатысуының негізгі себебі- олардың қаралып жатқан азаматтық істе өздерінің жеке мүдделері бар. Іс бойынша сот шешімі олардың материалдық құқықтары мен міндеттеріне әсер етуі мүмкін. Бұған қоса үшінші тұлғалар институты нақты бір іс бойынша бірнеше әртүрлі талаптарды біріктіруге мүмкіндік береді, істің бүкіл мән-жайларын сотпен толық зерттеуді қамтамасыз етеді және негізсіз сот шешімдерін шығарудан сақтайды деуге болады.
Үшінші тұлғалардың іс бойынша мүдделерінің сипаты әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан олардың екі түрі болады:
1) Даудың пәніне дербес талап қоятын үшінші тұлға;
2) Дайдың пәніне дербес талап қоймайтын үшінші тұлға.
Даудың пәніне дербес талап қоятын үшінші тұлғалар. Даудын пәніне дербес талап қоятын
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 2010 ж.;
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексі 2012 ж.;
3. «Қазақстан Республикасының Прокуратура туралы» Заңы 1995 ж.;
4. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және соттардың мәртебесі туралы» Конституциялық Заңы 2000 ж.;
5. Егембердиев Е.О. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы (жалпы және ерекше бөлімдері) Қарағанды, 2003 ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
1. Азаматтық іс жүргізудегі тараптар және үшінші тұлғалар
1.1 Азаматтық іс жүргізудегі тараптар
1.2 Азаматтық іс жүргізудегі үшінші тұлғалар
2. Қазақстан Республикасының Прокуратура органдары
2.1 Қазақстан Республикасының Прокуратура органдары
2.2 Азаматтық іс жүргізуге прокурордың қатысуы

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Азаматтық іс жүргізуге қатысушы субьектілерден басқа, дауды шешу кезінде тараптардың арасында өзге де мүдделі тұлғалар болуы мүмкін. Мысалы, ерлі-зайыптылардың жалпы ортақ меншігіндегі үлестерін бөлу туралы даулы істер бойынша өзге де туысқан адам мүдделі болуы мүмкін. Себебі, ол өз мүлкін ерлі-зайыптыларға уақытша пайдалануға берген, енді сол мүлікті қайтаруды талап етуі мүмкін.
Үшінші тұлғалар өздерінің субьективтік құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін басталып кеткен азаматтық процеске қатысатын және мүдделері тараптардың (талап қоюшы мен жауапкердің) құқықтары мен мүдделерімен сәйкес келмейтін тұлғалар.
Үшінші тұлғалардың процеске қатысуының негізгі себебі- олардың қаралып жатқан азаматтық істе өздерінің жеке мүдделері бар. Іс бойынша сот шешімі олардың материалдық құқықтары мен міндеттеріне әсер етуі мүмкін. Бұған қоса үшінші тұлғалар институты нақты бір іс бойынша бірнеше әртүрлі талаптарды біріктіруге мүмкіндік береді, істің бүкіл мән-жайларын сотпен толық зерттеуді қамтамасыз етеді және негізсіз сот шешімдерін шығарудан сақтайды деуге болады.
Үшінші тұлғалардың іс бойынша мүдделерінің сипаты әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан олардың екі түрі болады:
1) Даудың пәніне дербес талап қоятын үшінші тұлға;
2) Дайдың пәніне дербес талап қоймайтын үшінші тұлға.
Даудың пәніне дербес талап қоятын үшінші тұлғалар. Даудын пәніне дербес талап қоятын үшінші тұлғалар- бұл талап қоюшы мен жауапкер арасында басталып кеткен процеске даудың нысанасына өздерінің дербес құқықтарын қорғау үшін қатысатын тұлғалар. Бұл тұлғалардың қатысу себебі, олар құқық жөнінде дау талап қоюшы мен жауапкерге емес өзіне берілген деп ойлайды. Іс бойынша үшінші тұлғаларды қатыстыру мәселесі, соттың сәйкесті ұйғарым шығаруымен белгіленеді.
Үшінші тұлғаның талап қоюшыдан бір ғана айырмашылығы бар- бұл процеске кіру кезеңі.

1.1 Азаматтық іс жүргізудегі тараптар
Тараптардың түсінігі және құқықтық жағдайлары. Процессуалдық іске ортақ қатысу. Тиісті емес жауапкердің түсінігі және оны ауыстыру. Процессуалдық құқыққабылдаушылық.
Тараптардың түсінігі және құқықтық жағдайлары. Азаматтық іс жүргізудегі тараптар іске қатысушы тұлғалар қатарына жатады ( АІЖК-нің 44-бабы)
Тараптар- сотта субъективтік құқықтары немесе заңмен қорғалатын жеке мүддесі туралы даулары даулары қаралып қаралып және шешілуге тиіс іске қатысушы тұлғалар .
Тараптар деп талап қоюшы мен жауапкерді атайды. Талап қоюшы мен жауапкер ретінде жеке тұлғалар (ҚР- ның азаматы, шетел азаматы және азаматтығы жоқ адам) мен заңды тұлғалар (мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындар) болып табылады.
Азаматтық іс жүргізуде тараптар ретінде қатысушы үшін азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігі ( АІЖК- нің 45 бабы) , ал сотта өзінің іс жүргізу құқықтарын жүзеге асыру үшін азаматтық іс жүргізу құқықтарын жүзеге асыру үшін азаматтық іс жүргізу әрекет қабілетттігі ( АІЖК- нің 46- бабы) қажет.
Азаматтық іс жүргізудегі құқық қабілеттігі- азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие болу қабілеттілігі, материалдық құқық субъектілері болып табылатын барлық азаматтар мен ұйымдар үшін бірдей дәрежеде танылады.
Азаматық іс жүргізу әрекет қабілеті- сотта құқықтарын өз іс әрекетімен жүзеге асыру және міндеттерін орындау, іс жүргізуді өкілге тапсыру қабілеттігі.
Тараптардың азаматтық іс жүргізу құққықтарын: жалпы және арнайы деп бuліп қарастырамыз. Жалпы- бұл тараптардан басқа да іске қатысушы тұлғаларға тән құқықтар: іс материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жазып алуға және көшірмелер түсіруге, қарсылықтарын мәлімдеуге, дәлелдеме табыс етуге және оларды зерртеуге қатысуға және т.б (АІЖК 47 бабы)
Арнайы - ҚР АІЖК 32, 49, 50, 156, 158, және т .б баптарында көзделген. Мысалы, талап қоюшы талаптың негіздемесін немесе нысанасын өзгертуге, талап қою талабының мөлшерін ұлғайтуға не азайтуға немесе талап қоюдан бас тартуға құқылы.
Процессуалдық іске ортақ қатысу. Процессуалдық іске ортақ қатысу - бұл бірден азаматтық процесте талап қоюшы не жауапкер жағында немесе екі тараптар жағынан бір- біріне мүдделі қайшы келмейтін бірнеше тұлғалардың қатысуы.
ҚР АІЖК-нің 50- бабында: Талапты бірнеше талап қоюшының бірлесіп қоюы немесе оның бірнеше жауапкерге қойылуы мүмкін. Талап қоюшылардың немесе жауапкекердің әрқайсысы екінші тарапқа қатысты процесте дербес болады. делінген.
Егер іске бірнеше талап қоюшының қатысуы болса, онда олар тең талап қоюшылар деп аталады.
Егер іске бірнеше жауапкердің қатысуы болса, онда олар тең жауапкерлер деп аталады.
Теория жүзінде бірігіп қатысушылықты екі мағынада қарастырады:
1- процессуалдық - құқықтық мағынада;
2- материалдық- құқықтық мағынада.
Іске ортақ қатысуды екі түрге бөлінеді: факультативті, яғни іс жүргізуге іске ортақ қатысушылардың барлығы қатыспай-ақ, біреуінің қатысуымен қарауға болады. Мысалы, жалақы өтеп алу туралы істер бойынша.
Міндетті- іс жүргізуге іске ортақ қатысушылардың барлығы қатысуы міндетті болатын жағдайларда. Мысалы, денсаулыққа келтірілген зиянды, материалдық зиянды өтеу туралы, моральдық зиянды өтеу туралы істер бойынша;
Тиісті емес жауапкердің түсінігі және оны ауыстыру. Тиісті емес тараптар (талап қоюшы мен жауапкер)- нақты азаматтық іс бойынша азаматтық іс жүргізудің нағыз қатысушы емес, яғни даулы құқық қатынасының субъектісі болуы мүмкін деген болжау іс материалдары бойынша жоққа шығарылған талап.
Тиісті емес тарап - азаматтық іс жүргізуде құқық қабілеттілігі бар тұлға..
Тиісті емес жауапкер тиістімен мына жағдайда ауыстырылады:
1) сотпен - өз ықыласы бойынша (ҚР АІЖК 170- бабының 3-бөлімі)
2) талап қоюшының өтініші бойынша (ҚР АІЖК 51- бабының 1-бөлімі.)
Барлық жағдайда диспозитивтік принципке сәйкес тиісті емес жауапкерді тиістімен орын ауыстыруда талап қоюшының келісімі керек ( ҚР АІЖК-нің 51-бабының 2-бөлімі. Тиісті емес тарапты тиістімен орын ауыстырған жағдайда сот ұйғарым шығарады.
Процессуалдық құқыққабылдаушылық. Процессуалдық құқыққабылдаушылық- бұл даулы не сот шешімімен аңықталатын құқықықтық қатынасының іс жүргізуінен жақтардың біреуінің шығуына байланысты істе тарап немесе үшінші тұлға болып танылатын тұлғаны ауыстыру.
Процессуалдық құқыққабылдаушылық материалдық құқық бойынша келесі жағдайларда болады:
1.Әмбебептық (универсалды) мирасқорлық (мұрагерлік, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы );
2. Сингулярлы мирасқорлық, яғни жеке субъективтік құқық мирасқорлығы ( талапқа жол беру немесе басқа тұлғаның қарызын өзіне аудару )
АІЖК-нің 54-бабына сәйкес, процессуалдық құқыққабылдаушылыққа азаматтың қайтыс болуы, заңды тұлғаның қайта құрылуы, жойылуы жағдайында, талап ету құқығының ауысуы, борыштың ауысуы жағдайларында жол беріледі.
Материалдық құқықта құқыққабылдаушылыққа жол берілмесе азаматтық іс жүргізуде де жол берілмейді. Мысалы, неке бұзу, алимент өндіру, жұмысқа қайта алу және т.б. істер бойынша жол берілмейді.

1.2 Азаматтық іс жүргізудегі үшінші тұлғалар
Үшінші тұлғаның түсінігі және түрлері. Даудың пәніне дербес талап қоятын үшінші тұлғалар. Даудың пәніне дербес талап қоймайтын үшінші тұлғалар.
Үшінші тұлғаның түсінігі және түрлері. Үшінші тұлғалар - өздерінің субъективті құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін басталып кеткен азаматтық процеске қатысатын және тараптардың ( талап қоюшы мен жауапкердің) құқықтары мен мүдделерімен сәйкес келмейтін тұлғалар.
Үшінші тұлғалардың азаматтық процеске қатысудың негізгі себебі - олардың қаралып жатқан азаматтық істе өздерінің жеке мүддделері бар. Іс бойынша сот шешімі олардың материалдық құқықтары мен міндеттеріне әсер етуі мүмкін. Бұған қоса үшінші тұлғалар институты нақты бір іс бойынша бірнеше әртүрлі талаптарды біріктіруге мүмкіндік етеді,
істің бүкіл мән-жайларын сотпен толық зерттеуді қамтамасыз етеді және негізсіз сот шешімдерін шығарудан сақтайды деуге болады.
Үшінші тұлғалардың іс бойынша мүддделерінің деңгейі әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан олардың 2 түрі болады:
1- мәлімдемейтін;
2- мәлімдейтін;
Даудың пәніне дербес талап қоятын үшінші тұлғалар. Даудын пәніне дербес талап қоятын үшінші тұлғалар- бұл талап қоюшы мен жауапкер арасында басталып кеткен процеске даудың нысанасына өздерінің дербес құқықтарын қорғау үшін қатысатын тұлғалар. Бұл тұлғалардың қатысу себебі, олар құқық жөнінде дау талап қоюшы мен жауапкерге емес өзіне берілген деп ойлайды. Іс бойынша үшінші тұлғаларды қатыстыру мәселесі, соттың сәйкесті ұйғарым шығаруымен белгіленеді.
Үшінші тұлғаның талап қоюшыдан бір ғана айырмашылығы бар- бұл процеске кіру кезеңі.
Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар сипаттамасы:
- процеске талап қою арқылы қатысады, талап қоюшының барлық міндеттерін атқарады;
- үшінші тұлғалардың талап қою пәні талап қоюшының талап қою пәнімен толық кuлемде немесе жарым- жартылай толық сәйкес келу керек, сондықтан талап қоюшының талап қоюшының талабын қанағаттандырса әлбетте, үшінші тұлғаның талап арызын қабылдаудан бас тартады.
- іске қатысу ықылас кuбінесе үшінші тұлғалардың өздерінен болады.
Даудың пәніне дербес талап қоймайтын үшінші тұлғалар. Даудың пәніне дербес талап қоймайтын үшінші тұлғалар- бұл бірінші сатыдағы қаралатын іс бойынша қабылданатын шешім тараптардың біреуіне қатысы өздерінің құқықтары мен міндеттеріне әсер етуі мүмкін болғанда, талап қоюшы не жауапкер жағында іске қатысатын тұлғалар.( ҚР АІЖК 53 б.)
Олардың сипаттамасы:
-егер іс тараптардың біреуіне қатысы өздерінің құқықтарына міндеттеріне әсер етуі мүмкін болса, іс бойынша бірінші сатыдағы сотттың шешімі шыққанға дейін талап қоюшы немесе жауапкер жағында іске кірісе алады;
-олар сондай ақ тараптардың және іске қатысушы басқа адамдардың өтінімімен немесе соттың бастамасымен іске қатысуға тартылуы мүмкін;
-дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар тараптардың талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын uзгерту, талап қою талабының мөлшерін ұлғайту немесе азайту , сондай-ақ талап қоюдан бас тарту, талап қоюды мойындау не бітімгершілік келісімін жасау, қарсы талап қою, соттың шешімін мәжбүрлеп орындатуды талап ету құқықтарынан басқа іс жүргізу құқықтарын пайдаланады және іс жүргізу міндетін мойынына алады (ҚР АІЖК 47б)
Даудың пәніне дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлғалар іске келесі жағдайларда кірісе алады:
- өз бастамасы бойынша;
- тараптардың өтініші бойынша ;
- іске қатысушыбасқа тұлғалардың ( прокурордың, мемлекетттік және өзін -өзі басқару органдардың) өтініші бойынша.
- соттың бастамасы бойынша;
Бұлар іске соттың бірінші сатысындағы шешімі қабылданға дейін кірісе алады және ол соттың ұйғарымымен белгіленеді

2.1 Қазақстан Республикасының Прокуратура органдары

Қазақстан Республикасының Прокуратурасы - Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының және өзге нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуына, жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беретін мемлекеттік орган.
Прокуратура кез-келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнінде шаралар қолданады, Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен өзге де құқықтық актілерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңда белгіленген жағдайларда тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
Прокуратура қызметінің құқықтық негіздері Қазақстан Республикасы прокуратурасын ұйымдастыру, оның қызметінің тәртібі мен прокурорлардың өкілеттігі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заң актілерімен, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттармен, сондай-ақ Республика Бас Прокурорының бұйрықтарымен айқындалады.
Прокурордың сотта іс қараудағы құзыреті
1. Қылмыстық, азаматтық немесе өзге де сот ісін жүргізу барысында сотта мемлекет мүддесін білдіре отырып, прокурор заңға, сондай-ақ Республиканың қылмыстық істер жргізу, азаматтық істер жүргізу және өзге де заңдарына сәйкес шағым және қадағалау тәртібімен өз өкілеттігін жүзеге асырады.
2. Соттың (судьяның) іс бойынша шешімімен, үкімімен немесе өзге қаулысымен оның заңға сәйкессіздігі немесе негізсіздігі себепті келіспеген жағдайда, прокурор істі қайта қарау немесе құқықтық актінің күшін жою не өзгерту туралы жоғары тұрған сотқа наразылық беруге құқылы.
Азаматтық сот ісін жүргізуде заңдардың дәлме-дәл және бір үлгіде қолданылуына жоғары қадағалау жүргізу ісін мемлекет атынан Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры тікелей өзі және өзіне бағынатын прокурорлар арқылы жүзеге асырады.
Елімізде конституциялық норманы қамтамасыз ету үшін барлық құқықтық тетік жасалып, азап көрсеткені үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленген және азаптауға қарсы БҰҰ Конвенциясы мақұлданған. Ал Жоғарғы Сот адамның ар-ожданына қол сұқпау жөнінде арнайы нормативтік қаулы қабылдаған. Осыған орай, прокурорлар жедел-іздестіру қызметі, тергеу мен анықтау, жазаның орындалу заңдылығына қадағалауды жүзеге асыру кезінде қылмыстық қудалау саласына түскен адамдарға азаптау қолдануды немесе басқа да қаталдық көрсетуді мүлдем болдырмау жөнінде түбегейлі шаралар қолдануда. Ішкі істер органдарына осыдан біраз жыл бұрын енгізілген кезекші прокурор институты өзін толық ақтап отыр. Соның арқасында бұл салаға қадағалау тұрақты да пәрменді сипат алды. Тәулік бойғы прокурорлық рейдтер, уақытша ұстау орындарындағы немесе жедел-іздестіру қызметінің қызмет жайындағы адамдарға қатысты ахуалдарды сол жерде тексеру азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіру фактілерінің қолма-қол жолын кесуге мүмкіндік береді.
Мұндай қылмыстарды тергеу прокурорлардың ұдайы бақылауымен жүргізіледі. Прокурорлар ел беделіне нұқсан келтіретін мұндай келеңсіз көріністерге ашық тергеу жүргізуге, сондай-ақ күдіктілер мен ұсталғандарға азап көрсеткен және басқа да рұқсат етілмеген әрекеттерге баруға кінәлі лауазымды адамдардың заңды да әділ жазасын алуына түбегейлі қол жеткізетін болады.
Прокуратура органдарының қызметі. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары арасында прокуратура айрықша орын алады. Оның қызметі көп қырлы және көптеген бағыттарда жүзеге асырылады. Прокуратураның міндеттері Қазақстан Республикасының Конституциясымен және Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы арнаулы заңмен белгіленген.
Прокуратураның басты міндеті барлық мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың, мекемелердің және олардың лауазымды адамдарының Заңдарды, Президенттің жарлықтарын, басқа құқықтық нормативтік актілерді мүлтіксіз және біркелкі қолдануына жоғарыдан қадағалауды жүзеге асыру болып табылады.
Прокурорлық қадағалаудың мақсаты - Республиканың бүкіл аумағында біртұтас және берік заңдылықты қамтамасыз ету, заңнамалардың талаптарын бұзу фактілерін анықтау және кінәлілерді жауапқа тарту.
Прокуратура өз қызметін мемлекет атынан жүзеге асырады. Ол өз қызметін ҚР Президентіне тікелей есеп беретін тек қана Бас прокурорға бағына отырып, басқа мемлекеттік органдарға тәуелсіз атқарады.
Прокуратураға кең өкілдіктер берілген. Мысалы, ол мыналарды қадағалауды жүзеге асырады.
а) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын сақтауды;
ә) полициялық органдардың тергеулер мен анықтаулар кезіндегі заңдылығын;
б) азаматтарды әкімшілік жауапқа тартудың заңдылығын;
в) сот белгілеген жазаларды орындау мен азаматтық істер бойынша сот шешімдерін орындау заңдылығын;
г) сот органдарының үкімдерінің, шешімдерінің заңдылығын.
Өздерінің қадағалау қызметтерін прокуратура әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырады. Мысалы, мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың кез-келген заңсыз шешімдері мен қаулыларына наразылық білдіру; қылмысты зерттеу кезінде заңсыз әрекеттерге жол бермеуді бақылау және т.б. жолмен. Қылмыс фактісін анықтағанда прокуратура қылмыстық іс қозғайды, оны сотқа жібереді және мемлекеттік айыптаушы ретінде көрінеді.

2.2 Азаматтық іс жүргізуге прокурордың қатысуы

Прокурор - өз құзыретi шегiнде заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi жарлықтарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуын, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтаудың, тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалауды, сотта мемлекет мүдделерiнiң өкiлi болуды, сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда, тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын лауазымды адам.
Прокурорлар мыналар болып табылады: Республиканың Бас Прокуроры, оның бiрiншi орынбасары мен орынбасарлары, аға көмекшiлерi мен көмекшiлерi, ерекше тапсырмалар жөнiндегi көмекшiлерi, прокуратура органдары департаменттерiнiң, басқармалары мен бөлiмдерiнiң бастықтары және олардың орынбасарлары, барлық төмен тұрған прокурорлар, олардың орынбасарлары, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық іс жүргізудегі тараптар және олардың маңызыдылығы
АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕССТЕГІ ТАРАПТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
Диспозитивтік қағиданың соттың бірінші инстанциясында көрініс табуы
Азаматтық іс жүзіндегі құқықтық қатынастар
Тараптардың түсінігі, құқықтары мен міндеттері
Азаматтық процесстің қатысушылары (жалпы сипаттама)
Азаматтық процесстегі бірігіп қатысушылық және процесстегі тиісті және тиісті емес тараптар түсінігі
Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесі
Азаматтық іс жүргізудегі диспозитивтік қағида: түсінігі және мәні
Азаматтық іс жүргізу тараптары
Пәндер