Сот тәжірибесінде қоршаған ортаны қорғау және ұтымды табиғатты пайдалану сұрақтары



Жоспар:

Кіріспе
1. Табиғатты пайдалану құқығы ұғымы және субьектілері
1.1 Табиғатты пайдалану құқығының түсінігі
1.2 Табиғатты пайдалану құқығының субьектілері және обьектілері

2. ҚР Жоғарғы Сотының қаулысы және қоршаған ортаға зиян келтіру статистикасы.
2.1 ҚР Жоғарғы Сотының қаулысы
2.2 Қоршаған ортаға зиян келтіру статистикасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
І. Кіріспе
Экологиялық құқықтың аса күрделі және көпжақты институттарының бірі табиғат пайдалану құқығының институты болып табылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес меншік құқығы тек жер қорына ғана қолданылады; жер қойнауы, су, орман, жануарлар дүниесі, атмосфералық ауа тек пайдалану құқығында ғана беріледі. Сондықтан экологиялық қатынастардың аса көп мөлшері табиғат пайдалану институтына қатысады.
Табиғат пайдалану ұғымын экологияны пайдалану ұғымынан айыра білу керек. Егер табиғат пайдалану адамның әр алуан өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғи ресурстардың тәртібі ретінде ұғынылатын болса, онда экологияны пайдалануда ең алдымен қоршаған ортаны және тұтастай алғанда экологиялық жүйені барынша сақтау мүддесі үстем болады.
Табиғат пайдалану құқығы объективтік мағынасында- табиғат объектілерін пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.
Субъективтік мағынасында табиғат пайдалану- бұл адамның әр алуан өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғат объектілерін пайдалану жөніндегі табиғат пайдаланушылардың заңмен белгіленген құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы.
Сөйтіп, тұтастай алғанда табиғаттың пайдалы қасиеттерін немесе жекелеген табиғи ресустарды қолданыстағы заңмен белгіленген шектерде және шарттарда
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексі.- Алматы: ЮРИСТ, 2012.-172 б.
2. Қазақстан Републикасының Конституциясы. 1995 ж
3. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының қаулысы. 1990 ж.
4. Усенбаева А.У. «Қазақстан Республикасының экологиялық құығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік құрал-Ақтау: Ш.Есенов атындағы КМТжИУ, 2011.-123 бет.
5. Бейбітов М.С., Теңізбаев Т.Т. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы, Жалпы бөлім. Оқу құралы.-Алматы, 2005, 60 б.
6. Стамқұлов Ә.С. Қазақстан Республикасының экология құқығы. Оқу құралы.- Тараз, 2003, 1-2 бөлімі.
7. Байділдинов Д.Л. Қазақстан Республикасының экология құқығы. Оқу құралы. 2005-396 б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
1. Табиғатты пайдалану құқығы ұғымы және субьектілері
1.1 Табиғатты пайдалану құқығының түсінігі
1.2 Табиғатты пайдалану құқығының субьектілері және обьектілері

2. ҚР Жоғарғы Сотының қаулысы және қоршаған ортаға зиян келтіру статистикасы.
2.1 ҚР Жоғарғы Сотының қаулысы
2.2 Қоршаған ортаға зиян келтіру статистикасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

І. Кіріспе
Экологиялық құқықтың аса күрделі және көпжақты институттарының бірі табиғат пайдалану құқығының институты болып табылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес меншік құқығы тек жер қорына ғана қолданылады; жер қойнауы, су, орман, жануарлар дүниесі, атмосфералық ауа тек пайдалану құқығында ғана беріледі. Сондықтан экологиялық қатынастардың аса көп мөлшері табиғат пайдалану институтына қатысады.
Табиғат пайдалану ұғымын экологияны пайдалану ұғымынан айыра білу керек. Егер табиғат пайдалану адамның әр алуан өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғи ресурстардың тәртібі ретінде ұғынылатын болса, онда экологияны пайдалануда ең алдымен қоршаған ортаны және тұтастай алғанда экологиялық жүйені барынша сақтау мүддесі үстем болады.
Табиғат пайдалану құқығы объективтік мағынасында- табиғат объектілерін пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.
Субъективтік мағынасында табиғат пайдалану- бұл адамның әр алуан өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғат объектілерін пайдалану жөніндегі табиғат пайдаланушылардың заңмен белгіленген құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы.
Сөйтіп, тұтастай алғанда табиғаттың пайдалы қасиеттерін немесе жекелеген табиғи ресустарды қолданыстағы заңмен белгіленген шектерде және шарттарда өздерінің қажеттерін қанағаттандыру үшін пайдалану құқығы деген анықтама беруге болады.
Барлық уақытта да мынаны ескерген жөн: табиғат пайдалану тек адамның өмірлік қажеттерін қанағаттандыру құралы қызмет атқарып қоймай, сонымен бір мезгілде қоршаған ортаға теріс ықпал етуі де мүмкін.
Табиғат пайдалану құқығын беру негіздерінің бірі- бұл табиғи ресурстарды пайдалануға берілетін лицензия және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыру.

1. Табиғатты пайдалану құқығы ұғымы және субьектілері
1.1 Табиғатты пайдалану құқығының түсінігі
Экологиялық құқықтың аса күрделі және көп жақты институттарының бірі табиғат пайдалану құқығының институты болып табылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес меншік құқығы тек жер қорына ғана қолданылады; жер қойнауы, су, орман, жануарлар дүниесі, атмосфералық ауа тек пайдалану дүниесіне ғана беріледі. Сондықтан экологиялық қатынастардың аса көп мөлшері табиғат пайдалану құқығына жатады.
Табиғат объектілеріне меншік құқығы немесе тағы да оларды табиғат ресурстары деп атайтынындай, тек экологиялық құқықтың мәнін құрап қана қоймайды, сонымен бірге конституциялық, азаматтық, аграрлық, тау-кен, су, орман және жер құқығы сияқты құқықтың бірқатар басқа да салаларын құрайды.
Табиғат объектілеріне меншік құқығын немесе табиғат ресурстарын 2 мәнісінде қарастыру керек.
Біріншіден, табиғат объектілеріне меншік құқығы ұғымынан нормативтік құкықтық актілерде баянды етілген, экологиялық құқық қатынастарын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын түсінеміз. Басқаша айтқанда бұл объективтік мағынадағы меншік құқығы.
Екіншіден, табиғат объектілеріне меншік кұқығы деп табиғат ресурстарын иелену, пайдалану және билік ету жөніндегі субъектілердің зандылық жиынтығы түсініледі. Басқаша айтқанда бұл субъективтік мағынадағы меншік құқығы ретінде түсініледі.
Табиғат ресурстарының негізгі объектілері және табиғаттың осындай объектілеріне меншік құқығы негіздерінің өзі ҚР Конституциясында баянды етілген.
Табиғат пайдалану деп адамның өзінің әр алуан өмірлік қажеттерін (экономикалық, экологиялық, рухани, мәдени-сауықтыру, имандылық- эстетикалық қажеттерін) қанағаттандырумен итермелейтін адамның табиғатпен өзара әрекеті ұғынылады. Мысалы, ҚР "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңына сәйкес табиғат пайдалану- адамның шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалану. Табиғат пайдалану ұғымын экологияны пайдалану ұғымынан айыра білу керек. Егер табиғат пайдалану адамның әралуан өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғи ресурстардың тәртібі ретінде ұғынылатын болса, онда экологияны пайдалануда ең алдымен қоршаған ортаны және тұтастай алғанда экологиялық жүйені барынша сақтау мүддесі үстем болады.
Табиғат пайдалану құқығының принциптері деп табиғи ресурстарды пайдалану жөніндегі құқық қатынастарын реттеудің негізгі бастаулары мен негізгі қағидаттары ұғынылады. Табиғат пайдалану құқығының негізгі принциптеріне мыналар жатады: адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру. Бұл табиғат пайдалану кезінде бірінші кезекте адамның экологиялық мүдделері және әрбір адамның өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаға құқығы ескерілуге тиіс дегенді білдіреді, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен ұдайы молайту. ҚР Экологиялық Кодексінде табиғатты пайдалану ұғымы көрсетілген:

10-бап. Табиғат пайдалану ұғымы және оның түрлерi
1. Адамның күнделікті өмірінде, жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы және (немесе) қоршаған ортаға әсер етуі табиғат пайдалану болып табылады.
2. Табиғат пайдалану жалпы және арнайы болып бөлінеді.
3. Жалпы табиғат пайдалану тұрақты болып табылады және халықтың өмірлік қажетті сұраныстарын қанағаттандыру үшін және табиғи ресурстар пайдалануға берілмей, тегін жүзеге асырылады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделсе, табиғатты жалпы пайдалануды шектеуге жол беріледі.
4. Арнайы табиғат пайдалану - осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды ақылы негізде пайдалануды және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғаның қызметі.
5. Табиғат пайдалану түрлеріне:
1) жерді пайдалану;
2) суды пайдалану;
3) орманды пайдалану;
4) жер қойнауын пайдалану;
5) жануарлар дүниесін пайдалану;
6) өсімдіктер дүниесін пайдалану;
7) қоршаған ортаға эмиссиялар;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін өзге де табиғат пайдалану түрлері жатады.
6. Табиғат пайдалану түрлері бойынша арнайы табиғат пайдалану құқығының туындау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
7. Арнайы табиғат пайдалану табиғат пайдаланудың бір түрін не олардың бірнеше түрінің жиынтығын қамтуы мүмкін.

1.2 Табиғат пайдалану құқығының субьектілері және обьектілері
Табиғат пайдалану құқығының субъектілері ретінде мемлекет, жеке және заңды тұлғалар қатысады. Табиғат пайдаланушылар жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік және мемлекеттік емес, ұлттық және шетелдік табиғат
пайдаланушылар болып бөлінеді. Ұлттық табиғат пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының азаматтары мен қазақстандық заңды тұлғалар, соның ішінде шетелдің қатысуымен, ал шетелдік табиғат пайдаланушыларға шетел азаматтары, шетелдік заңды тұлғалар, шет мемлекеттер, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар жатады.
Табиғат пайдаланушылар:
* Тұрақты (табиғат пайдалану құқығы мерзімі шектелмейтін сипатта болады) және уақытша (табиғат пайдалану құқығы белгілі бір мерзіммен шектелген);
* бастапқы табиғат пайдаланушылар (табиғат пайдалану құқығы мемлекеттен не басқа да бастапқы табиғат пайдаланушылардан сол құқықтан айыру тәртібімен алынған) және қайталама табиғат пайдаланушылар (табиғатты уақытша пайдалану құқығы бұл мәртебені өзінде сақтап калатын бастапқы табиғат пайдаланушыдан шарт негізінде алынған) болуы мүмкін.
Табиғат пайдалану құқығының мазмұны табиғат пайдаланушының кұқықтары мен міндеттері болады. Табиғат пайдаланушылардың: заңмен белгіленген шектерде қоғамдық қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғи ресурстарды пайдалануға; өзінің шаруашылық және өзге де кызмет әдісін дербес таңдап алуға; жүзеге асырылуы экологиялық зиянды ықпалмен байланысты шешімдерді әзірлеу мен қабылдауға қатысуға; шартты мерзімінен бұрын бұзуымен байланысты, сондай-ақ мемлекет қажетіне алып қоюмен байланысты ысырап пен залалды өтеуге құқығы бар. Табиғат пайдаланушылардың құқықтары заңмен қорғалады. Занда көрсетілген негіздер бойынша болмаса, ешкімді де табиғат пайдалану құқығынан айыруға немесе шектеуге болмайды. Табиғат пайдаланушылардың құқықтарынан басқа жалпы міндеттері де болады. Мысалы, ҚР-ның "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 20-бабына сәйкес табиғат пайдаланушылар: табиғи ресурстарды нысаналы қызметіне және олардың берілу шарттарына сәйкес пайдалануға; шаруашылық және өзге қызметке белгіленген экологиялық нормативтерді және экологиялық талаптарды, қолданылып жүрген стандарттарды, техникалық шарттарды сақтауға; берілген табиғи ресурстарды үнемді пайдалануға, қоршаған ортаға нұқсан келтірмеуге және басқа да табиғат пайдаланушылар құқықтарының бұзылуына жол бермеуге; қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды молайтуды ұтымды пайдалануға бағытталған шараларлы жүзеге асыруға міндетті.
Табиғат пайдалану құқығының объектілері ретінде табиғи ресурстар - жер, су, орман, жер қойнауы және т.б. қатысады. Табиғат объектілеріне карай табиғат пайдалану құқығы мынадай түрлерге бөлінеді: жер пайдалану құқығы; су пайдалану құқығы; орман пайдалану құқығы; жер қойнауын пайдалану құқығы; жануарлар дүниесін пайдалану құқығы; атмосфералық ауаны пайдалану немесе атмосфералық ауаны ластағыш заттардың шығарындылары үшін пайдалану құқығы.
Жалпы табиғат пайдалану халықтың өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін тегін және азаматтар мен ұйымдарға табиғи ресурстар берілместен жүзеге асырылады. Табиғатты арнайы пайдаланған жағдайда табиғи ресурстар табиғат пайдаланушыларға заңмен қатаң белгіленген тәртіппен беріледі. Жалпы табиғат пайдалану әрбір адамның жайлы қоршаған ортаға табиғи құқығын жүзеге асырумен байланысты болады. Жалпы табиғат пайдалану жалпы ережелер бойынша мемлекеттік органдар тарапынан арнайы рұқсатты талап етпейді, яғни жұрттың бәрі қол жеткізе алады. Алайда, заң жүзінде жалпы пайдалануға шектеу қойылуы мүмкін. Жер Кодексіне сәйкес жалпы пайдаланылатын жерлерге алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар, парктер, гүлзарлар, қаладағы ормандар, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың қажеттерін қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер (су құбырлары, жылыту құбырлары, тазарту құрылыстары және жалпы жұрт пайдаланатын басқа да инженерлік жүйелер) орналасқан және соларды орналастыруға арналған ортақ пайдаланудағы жер жатады. Жеке тұлғалардың жалпы жұрттың кіруіне жабық емес жер учаскелеріне еркін, қандай да бір рұқсатсыз болуға құқығы бар. Егер біреудің жеке меншігіндегі немесе жер пайдалануындағы жер учаскесі қоршалмаған болса немесе егер жеке меншік иесі немесе жер пайдаланушы учаскеге өзінің рұқсатынсыз кіруге болмайтынын өзге де әдіспен белгілеп қоймаса, егер бұл жеке меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға зиян келтірмейтін болса, осы учаске арқылы кез келген адам өте алады. ҚР Экологиялық Кодесінде табиғатты пайдаланушылар мен арнайы табиғат пайдалану құқығының туындауы көрсетілген:

11-бап. Табиғат пайдаланушылар
1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын жеке және заңды тұлғалар табиғат пайдаланушылар болуы мүмкін.
2. Табиғат пайдаланушылар:
1) тұрақты (табиғат пайдалану құқығы мерзімі шектелмейтін сипатта болады) және уақытша (табиғат пайдалану құқығы белгілі бір мерзіммен шектелген);
2) бастапқы (табиғат пайдалану құқығы мемлекеттен не басқа да бастапқы табиғат пайдаланушылардан сол құқықтан айыру немесе әмбебап құқық мирасқорлығы тәртібімен алынған) және кейінгі (табиғатты уақытша пайдалану құқығы бұл мәртебені өзінде сақтап қалатын бастапқы табиғат пайдаланушыдан шарт негізінде алынған) болуы мүмкін.
3. Табиғат пайдаланушылар осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.

12-бап. Арнайы табиғат пайдалану құқығының туындау негіздері және оны жүзеге асыру шарттары
1. Арнайы табиғат пайдалану құқығы:
1) табиғи ресурстарды пайдалану мен алуға және қоршаған ортаны қорғау саласында жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензиялар және (немесе) рұқсаттар;
2) табиғи ресурстарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен табиғат пайдалануға беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімдері;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен жасалатын табиғат пайдалануға арналған шарттар (келісімшарттар) негізінде туындайды.
2. Арнайы табиғат пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен, осы баптың 1-тармағында көрсетілген бір, екі не барлық актілер негізінде туындауы мүмкін.
3. Жылжымалы көздерден туындайтын эмиссияларды қоспағанда, қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылардың арнайы табиғат пайдалану құқығын жүзеге асыруына экологиялық рұқсаттар болған кезде жол беріледі.
4. Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы жеке және (немесе) заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес беріледі.
5. Арнайы табиғат пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оларға билік ете алмайды.
6. Арнайы табиғат пайдалану құқығы мемлекет қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шектелуі немесе оған тыйым салынуы мүмкін.

2. ҚР Жоғарғы Сотының қаулысы және қоршаған ортаға зиян келтіру статистикасы.
2.1 ҚР Жоғарғы Сотының қаулысы
Соттардың қоршаған орта туралы заңдарды бiрыңғай түсiнуiн және дұрыс қолдануын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабына сәйкес адам өмірі мен денсаулығы үшiн қолайлы қоршаған ортаны қорғау мемлекеттiң аса маңызды мiндеттерiнiң бiрi екендiгіне соттардың назары аударылсын.
Баяндалып отырған конституциялық ереже қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды тиiмдi қолдану, сондай-ақ азаматтардың өздерiнiң денсаулығы мен өмiрi үшiн қолайлы ортаға құқықтарын iске асыруды қамтамасыз ету уәкiлеттi мемлекеттi органдардың мiндетi болып табылады.
2. Қоршаған ортаны қорғау мiндетiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарға қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган мен арнаулы құзырет органдары жатады.
Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгі мен оның аумақтық органдары - қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган болып табылады.
Арнаулы құзырет органдарына қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқару мiндетiн жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының өзге орталық атқарушы органдарға:
- Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару және жерге орналастыру жөнiндегі агенттiгi - жер заңдарын сақтауды, жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды бақылау бөлігінде;
- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iстерi жөнiндегі агенттiгі - санитариялық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бақылау, қамтамасыз ету және сақтау бөлiгінде;
- Қазақстан Республикасының Ішкi iстер министрлiгi - көлiк құралдарының атмосфераға зиянды заттарды шығаруына бақылау бөлiгінде;
- басқа да уәкiлеттi органдар жатады.
3. Қоршаған орта табиғи объектiлердiң, оның iшiнде табиғи ресурстардың - атмосфералық ауаны, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн, олармен әрекеттестiкте климатты қоса алғанда, жанды және жансыз ресурстарының жиынтығы болып табылады.
Табиғи ресурстар қоғамның материалдық, мәдени және басқа да қажеттерiн (жер, оның қойнауы, су, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi) қанағаттандыру үшiн шаруашылық немесе өзге де қызмет процесiнде пайдаланылатын қоршаған ортаның құрамдас бөлiктерi болып табылады.
Атмосфералық ауаның, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, Қызыл Кiтапқа енгiзiлген жануарлар мен өсiмдiктердiң және шаруашылық процесiнде пайдаланылмайтын басқа да табиғи объектiлердiң табиғи ресурстарға жатпайтынын соттар ескеруi тиiс.
4. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және "Қоршаған ортаны қорғау туралы", "Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы", "Экологиялық сараптама туралы", "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы", "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарынан, Қазақстан Республикасының Орман және Су кодекстерiнен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жер туралы", "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" заң күшi бар Жарлықтарынан және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегі қатынастарды реттейтiн басқа да заңдар мен нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
Бұл орайда "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңмен реттелмейтiн бөлiгінде табиғи объектiлердi қорғау мен пайдалану мәселелерi Қазақстан Республикасының тиiстi заңдарымен және өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiмен реттеледi.
"Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңы 2-бабының 2-бөлiгіне байланысты қоршаған ортаны қорғау жөнiндегі қатынастарды реттейтін, аталған Заңға қайшы келетiн өзге де құқықтық актiлердiң нормалары "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңына тиiстi өзгерiстер енгiзiлгеннен кейiн ғана қолдана алынатынын соттардың ескергені жөн.
5. "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңы 86-бабының талаптарын негізге ала отырып, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзу салдарынан қоршаған ортаға, адамдардың денсаулығына, ұйымдардың, азаматтардың немесе мемлекеттiң мүлкiне зиян келтiрген заңды және жеке тұлғалар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес зиянды өтеуге мiндеттi.
Сондықтан қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзуға байланысты азаматтық iстердi қараған кезде соттардың зиянды зардаптардың басталғандығы туралы айғақ беретiн мән-жайларды мiндеттi тәртiппен айқындап алғаны, сондай-ақ зиян келтiрушiнi, кiнәнiң және себептiк байланыстың бар-жоқтығын анықтайтын шараларды қолданғаны жөн.
Зиян келтiрушiнi анықтау мүмкiн болмаған жағдайларда соттар табиғи ресурстардың меншiк иесiне немесе қолданылып жүрген заңдарға сәйкес оны қорғау мiндетi жүктелген өзге де заңды иеленушiге жауапкершiлiк жүктеуге тиiс (ҚР Азаматтық кодексiнiң (бұдан әрi мәтiнде - АК) 917-бабының 1-бөлiгі, ҚР Экология және биоресурстар министрлiгі 1995 жылғы 21 маусымда бекiткен "Табиғат қорғау заңдарын бұза отырып қоршаған ортаға келтiрiлген залалдың мөлшерiн анықтаудың уақытша тәртiбiнiң" 1.12-тармағы).
Жасалған әрекет пен басталған зиянды зардаптардың арасындағы себептiк байланыстарды анықтау мұндай зардаптар өзге факторлардан, оның iшiнде жаратылыстық-табиғаттық факторлардан туындады ма, олар жасалған құқық бұзушылыққа қатыссыз басталған, сондай-ақ жаратылыстану-табиғаттық факторлар басталған зиянды салдардың сипаты мен көлемiне қандай дәрежеде әсер еттi деген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Экологиялық құқықтық тәртіп пен табиғи объектілер мен ресурстарды қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының дәрістері
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Табиғат пайдалану құқығы
Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудегі ырым тыйымдардың тәрбиелік мәні
Мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Азаматтар мен қоғамдык бірлестіктердің коршаған ортаны қорғауға қатысуын реттейтін заңдардың кағидалары
Экологиялық білім және оқу процессін экологияландыру
Пәндер