Қазақстан Республикасы заңнамасына негізделіп жер дауларын шешу



Жоспар
Кіріспе
1. Жер дауларының түсінігі және ерекшеліктері
1.1 Жер дауларының түсінігі
1.2 Жер дауларының ерекшеліктері
2. Жер дауларының түрлері және мазмұны
2.1 Жер дауларының түрлері және мазмұны
2.2 Жер дауларын шешудің тәртібі
2.3 Жер дауларының ведомстволық бағыныстылығы мен соттылығы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Адамдардың өмір сүруі үшін қажетті мекені, негізгі қайнар көзі, ауыл және орман шаруашылығында өндірістің басты құралы- Жер болып табылады. Жердің байлығын, яғни ұлттық игілігімізді оны өз мұқтаждарын қанағаттандыруға пайдаланбайтын жан болмайды. Яғни, жер жеке меншікте болсын, мемлекеттік меншікте болсын ол біздің ұлттық байлығымыз, меншігіміз, игілігіміз.
ҚР Конституциясының 6 бабының 3 тармағына сәйкес «жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін» деп көрсетеді. Осыдан шығатын қорытынды жердің мемлекет үшін қаншалықты маңызды екендігін, жер қатынастарын реттеу барысында Конституцияның мемлекет үстемдігін нығайтатындығын көрсетеді.
Жер қатынастары тек қана Конституция емес, Жер кодексімен де реттеледі. Онда нарықтық қатынастар жағдайындағы жердің меншік нысанын саралау, жер құқық қатынастарын дамыту мақсат етіп қойылды.
Осы
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Еркінбаева Л.Қ., Ағаринова Г.Т. Қазақстан Республикасының жер құқығы- Алматы: Жеті жарғы, 2010.- 312 бет.
2. Стамқұлов Ә.С., Стамқұлова Г.Ә. Қазақстан Республикасының Жер құқығы. Жалпы бөлім. Оқу құралы.- Алматы: Заң әдебиеті, 2004.- 334 бет.
3. Қазақстан Республикасының Жер кодексі.- Алматы: Юрист, 2012.- 104 бет.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
1. Жер дауларының түсінігі және ерекшеліктері
1.1 Жер дауларының түсінігі
1.2 Жер дауларының ерекшеліктері
2. Жер дауларының түрлері және мазмұны
2.1 Жер дауларының түрлері және мазмұны
2.2 Жер дауларын шешудің тәртібі
2.3 Жер дауларының ведомстволық бағыныстылығы мен соттылығы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

І. Кіріспе
Адамдардың өмір сүруі үшін қажетті мекені, негізгі қайнар көзі, ауыл және орман шаруашылығында өндірістің басты құралы- Жер болып табылады. Жердің байлығын, яғни ұлттық игілігімізді оны өз мұқтаждарын қанағаттандыруға пайдаланбайтын жан болмайды. Яғни, жер жеке меншікте болсын, мемлекеттік меншікте болсын ол біздің ұлттық байлығымыз, меншігіміз, игілігіміз.
ҚР Конституциясының 6 бабының 3 тармағына сәйкес жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін деп көрсетеді. Осыдан шығатын қорытынды жердің мемлекет үшін қаншалықты маңызды екендігін, жер қатынастарын реттеу барысында Конституцияның мемлекет үстемдігін нығайтатындығын көрсетеді.
Жер қатынастары тек қана Конституция емес, Жер кодексімен де реттеледі. Онда нарықтық қатынастар жағдайындағы жердің меншік нысанын саралау, жер құқық қатынастарын дамыту мақсат етіп қойылды.
Осы кодекстің 20 бабының 1 тармағына сәйкес республикада жерге мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады делінген.

1. Жер дауларының түсінігі және ерекшеліктері
1.1 Жер дауларының түсінігі
Жер даулары- бұл құқық субьектілерінің арасындағы жерге меншік құқығының, жер пайдалану құқығының, жерді жалға берудің және жер учаскелеріне, соның ішінде шартты жер телімі мен мұрагерлікке қатысты өзге де құықтардың мазмұны туралы келіспеушліктері.
Бұл анықтамадан көрініп тұрғандай, жер даулары азаматтың немесе заңды тұлғаның жер учаскесіне субьективтік құқығын бұзуға немесе орын алуы мүмкін құқық бұзушылыққа қатысты туындайды.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың атқарушы органдардың жеке меншік құқығындағы, жер пайдалану құқығындағы жалға берудегі, шартты жер үлес түріндегі жер учаскелерін беру туралы мәселені қарастырмау немесе бас тарту түріндегі әрекеттері мен әрекетсіздіктеріне қатысты шағымдары мен өтініштері жер дауларына жатпайды, олар ҚР Президентінің 1995 жылғы 19-маусымдағы Азаматтардың шағымдарын қарау тәртібі туралы Жарлығына сәйкес азаматтардың шағымдары мен өтініштерін қарау тәртібінде жузеге асырылуы тиіс.
Аталған тұлғалардың мұндай өтініштері ҚР Конституциясында және Жер кодексінде көзделген жер учаскесін алуға объективтік құқықты жүзеге асыру мақсаттарында туындауы мүмкін.

1.2 Жер дауларының ерекшеліктері
Жер учаскелерін беруге уәкілетті органдар талап-арыздар мен өтініштерді заңмен белгіленген мерзімде қарауға ғана емес, сонымен қатар, егер жер учаскесі қолда бар жағдайда өтініш берушінің тұрғылықты жеріне, жұмыс орнына қарамастан сұралып отырған жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдалану үшін беруге міндетті.
Мысалы, жер учаскесі қолда бар болған жағдайда жер учаскесін беруден негізсіз бас тартқан жағдайда тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесінің бар екендігі туралы ақпаратты жасырған кінәлі тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылады (ҚР ӘҚБтК 257-бабы).
ҚР Жер кодексінің 43-бабына сәйкес, жер учаскесіне субьективтік құқық осы учаске шекарасындағы топырақтың үстіңгі қабатына, тұйық су айдындарына, екпелерге таралады.
Жоғарыда атап өткеніміздей, егер мұндай пайдалану басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын, соның ішінде Қазақстан Республикасында меншік обьектісі болып табылатын жер қойнауына, су көздеріне, өсімдіктер әлеміне және ауа кеңістігіне құқықтарын бұзбаса, жер учаскесінің меншік иесі, жер пайдаланушы осы учаскенің үстіндегі және астындағылардың барлығын өз қалауы бойынша және қандай да бір рұқсаттардың қажетінсіз пайдалана алады.
Жер учаскесінің аталған субъектілері ҚР Жер кодексінің 43-бабының 11-тармағына сәйкес, егер жер учаскесінің нақтылы (белгілі бір жерден) шекарасы белгіленсе және жер учаскесін басқару жөніндегі аумақтық орган жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжатты берген жағдайда жоғарыда аталған құқықты иелене алады. Бұл тәртіпті сақтамау көптеген жағдайларда жер дауларының туындауына әкеп соғады.
Тіпті, жер учаскесін сату-сатып алудың, сыйға тартудың, айырбастаудың және жер учаскесіне, жер пайдалануға, жалға беруге, мұрагерлікке қатысты меншік құқығының өтуінің басқа да түрлерінің қажеттігі туындаған жағдайда да жер учаскесінің көлемін, шекарасын және басқа да мәліметтерін ҚР Әділет министрлігі органдарындағы жер кадастры мен тіркеуді есепке алу мәліметтері бойынша нақтылау талап етіледі.
Бұл талаптарды орындамау жер учаскесін пайдаланудың мерзіміне және өзге де жағдайларға қатысты жер дауларының туындауына себеп болады.
ҚР Жер кодексінің 103-бабына сәйкес ауыл шаруашылығы ұйымдарының және кәсіпорындарының қайта құрылуымен және таратылуымен байланысты шартты жер үлестерін иеленген азаматтардың құқықтары шартты жер үлесіне құқық туралы куәлікпен куәландырылады.
Барлық жер даулары жоғарыда аталған жеке меншік құқығындағы, жер пайдалану құқығындағы, жалға беру құқығындағы жер учаскелеріне, шартты жер үлестеріне, сонымен қатар, сервитут құқығына қатысты туындайды.
Жер даулары мемлекеттік меншіктегі жерлерге қатысты туындамайды және туындамауы тиіс те, себебі, заңдарда бұған қатысты ешбір негіз жоқ.
Шекаралық жер дауларын мемлекеттер халықаралық құқық нормаларының негізінде шешеді.
Егер жер учаскесіне қатысты құқықты рәсімдеудің жоғарыда аталған тәртіптерінің барлығы орындалса (оның шекарасы, мөлшері, орналасқан жері туралы мәліметтерді нақтылай отырып), бөтен жер учаскесіне құқықты қасақана бұзу жағдайларын есептемегенде, жер даулары туындайды.
Сонымен, жер даулары меншік иесінің, жер пайдаланушының құқықтарына, жалға беруге, шартты жер үлесіне, сервитутқа және жер учаскелеріне қатысты құқықтарға қол сұғылушылыққа қатысты туындауы мүмкін. Сондай-ақ, уәкілетті органдардың жоғарыда аталған құқықтарды жүзеге асырудың іс жүргізушілік нысандарына қатысты белгілі бір әрекеттерінің немесе әрекетсіздіктерінің негізінде де жер даулары туындауы мүмкін.
Мысалы, жер заңдарын бұзумен байланысты жер құқық бұзушылықтары ҚР Жер кодексінің 67-бабында қарастырылған.
ҚР Жер кодексінің 67-бабына сәйкес, егер нормативтік құқықтық актіде мүдделі тұлғаның меншік иесімен немесе жер пайдаланушымен шарты негізінде сервитут белгілеу көзделсе, олардың мұндай шарт жасасудан немесе меншік иесі немесе жер пайдаланушы қоятын шарттың талаптарынан бас тартуына мүдделі тұлға меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға талап-арыз беруі арқылы сот тәртібімен дауласа алады. Егер нормативтік құқықтық актіде жергілікті атқарушы органның актісі негізінде сервитут белгілеу көзделсе, сервитут белгілеуге мүдделі тұлға, меншік иесі немесе жер пайдаланушы бұл актіге сот тәртібімен шағымдана алады.

2. Жер дауларының түрлері және мазмұны
2.1 Жер дауларының түрлері және мазмұны
Түрлерге бөлу- бұл өзіндік ерекшеліктері бойынша жер дауларының түрлерін ғылыми тұрғыдан анықтау. Оны даулардың сипаты, обьектісі және субьектісі бойынша жүргізуге болады. Тәжірибелік көзқарас тұрғысынан қарағанда, жер дауларын түрлерге бөлу олардың ерекшеліктерін талдау кезінде қандай да бір жер дауын шешудің тәртібін анықтауға мүмкіндік береді.
1. Жер дауларын түрлерге бөлу жеке және заңды тұлғалардың жер учаскесіне субьективтік құқықтары тұрғысынан қарастырылады.
Олар жер дауларының сипатына қарай істі шешудің әкімшілік және сот тәртібі деп бөлінуі мүмкін. Мұндай тәртіп бұрынғы КСРО-да кеңінен дамыған болатын.
Қазақстан Республикасының жер заңдары жер құқығы қатынастарымен байланысты жер дауларын шешудің әкімшілік тәртібін қарастырмайды. ҚР Жер кодексінде көзделгендей, Қазақстан Республикасы облыстарының арасындағы жер қатынастарды реттеу ҚР Үкіметінің құзыреті (13-бап), ал аудандық және облыстық атқарушы органдардың арасындағы мұндай қатынастарды реттеу мемлекеттің, меншік иесі ретіндегі Қазақстан Республикасының билік жүргізу функциясын жүзеге асырушы атқарушы органдар ретіндегі ҚР Үкіметінің және жер қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық атқарушы органдардың құзыреті болып табылады. Жер қатынастарын реттеудің осы саласындағы мемлекеттік органдары жер дауларын әкімшілік тәртіпте реттейтін органдар деп атауға болмайды. Сонымен қатар, ескере кететін бір жайт, жер даулары жер қатынастарынан емес, жер құқығы қатынастарынан туындайды.
ҚР Жер кодексінің 167-бабына сәйкес, жер құқығы қатынастарынан, яғни жерге меншік құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыратын жекелеген субьектілерге жер учаскелерінің бекітілуімен, жер ресурстарын басқарумен байланысты жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі құқықтық қатынастардан, туындайтын даулар сот тәртібімен қаралады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4-наурыздағы № 290 қаулысымен бекітілген Ауылшаруашылық және орман алқаптарын ауыл және орман шаруашылығынан өзге де мақсаттарда пайдалану үшін алып қою кезінде меншік иесі немесе жер пайдаланушы келтірген шығындар мен ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығының өтелуге жататын шығындарын анықтау тәртібі туралы ережеде көзделгендей, жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын тоқтатуды көздейтін шешіммен келіспеген жағдайда дау сот тәртібінде шешілгенше аталған шешімнің жүзеге асырылуы мүмкін емес.
Дауды қарау кезінде жер учаскесінің меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға келтірілген шығындарды өтеудің барлық мәселелері шешіледі (28, 29-тармақтар).
2. Жер дауларының обьектісі болып нақты жер учаскесі және жер учаскесін беруге, соның ішінде, жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжатты рәсімдеуге байланысты процедуралық мәселелер де табылады.
Жер учаскесі өзінің мөлшеріне, шекарасына, сапасына, орналасқан жеріне, жеручаскесін пайдалану қолайлылығына және т.б. факторларға қатысты жер дауының обьектісі болуы мүмкін.
Процедуралық мәселелер бойынша жер даулары келесі сұрақтарға қатысты туындайды:
1) Жер учаскесін беруден бас тартуды қарау;
2) Жер учаскесін алып қоюға және беруге келісу;
3) Жер учаскесін беру туралы шешім шығару;
4) Жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттарды беру;
5) Жер учаскесіне құқықтың тоқтатылуы;
6) Жер учаскесі шекарасының өзгеруі;
7) Жер учасксін қалыпты пайдалануға кедергі жасайтын жағдайларды жою;
8) Келтірілген шығындардың (зиянның) мөлшерін анықтау;
9) Жер учаскесін пайдалану және қорғау шарты бойынша міндеттерді орындамау;
10) Жер учаскесінің сызығын жою;
11) Уәкілетті органның жер учаскесін пайдалану және қорғау мәселелері, соның ішінде, сервитут және қорғау аймақтары мәселелері бойынша шешімнің заңдылығы және негізділігі;
12) Жер учаскесін сатып алудағы артықшылық құқық;
13) Жер аукционына қатысуға рұқсат туралы мәселе;
14) Бүлінген жерлерді жаңғыртуды жүргізу;
15) Жер учаскесін бір түрден екінші түрге ауыстыру;
16) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту;
17) Қазақстан Республикасы жер заңдарының мазмұнынан туындайтын өзге де мәселелер;
Жер даулары субьектілері бойынша мыналардың арасында туындайды:
1) Бастапқы және туынды жер пайдаланушылардың;
2) Жергілікті мемлекеттік органдардың, азаматтардың және заңды тұлғалардың;
3) Жер пайдаланушылардың;
4) Жер учаскелерінің меншік иелерінің;
5) Жер учаскелерінің субьектілерінің және осы учаскесіне жер учаскесіне үміткерлердің;
6) Мемлекеттік жер пайдаланушылардың;
7) Ерлі-зайыптылардың;
8) Мұрагерлердің;
9) Мемлекеттердің;
10) Жер учаскелерінің меншік иелерінің, жер пайдаланушылардың және жалға алушының;
11) Шартты жер үлестері субьектілерінің;
12) Қазақстан Республикасы жер заңдарында көзделген өзге де тұлғалардың.
Жер дауларының бұл түрлерінен көрініп тұрғандай, олардың мәні жер құқығының тек материалдық нормаларымен ғана емес, сонымен қатар, іс жүргізушілік нормаларымен де, жер қатынастарын реттеуге, жерді ұтымды пайдалану мен қорғауға бағытталған жер заңдарын орындауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жүйесі- жерге орналастырумен де байланысты. Жерге орналастырудың мәліметтері жер құқығы қатынастарының бұл саласында заңдылықты жүзеге асыру үшін қажет. Бұл арқылы олар жер дауларын шешуде соттың шындықты анықтауына септігін тигізеді.
Осы тұжырымдарды дəлелдеу мақсатында сот тəжірибесінен келесі мысалдарды келтіріп өтейік.
Шаруа қожалығының МИД жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты талап-арызы бойынша бұзылған жер пайдалану құқығын қалпына келтіру туралы іс қаралды. Іс материалдарынан көрініп тұрғандай, шаруа қожалығына тиесілі жерлерде МИД ЖШС оның келісімінсіз электр қабылдау желісін өткізген. Электр қабылдау желісін орнату шаруа қожалығының жер пайдалану құқығына нұқсан тигізді.Таран аудандық сотының шешімімен талап-арыз қанағаттандырылды. Жалпы алғанда дау сервитут құқығын орнықтыруға қатысты туындаған. Алайда, МИД ЖШС электр желісін тарту кезінде жер заңдарының талаптарын орындамаған, сервитут құқығын куəландыратын құжатты рəсімдемеген жəне жер учаскесінің меншік иесіне шығындарды өтемеген. Б.К. Заирбаеваның Көктерек өндірістік кооперативіне қатысты жер учаскесін пайдаланудағы кедергілерді жою туралы талап-арызы Меңдіқара аудандық сотының шешімімен қанағаттандырылды. Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі алқасының анықтамасымен бұл шешімнің күші жойылып, талап-арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылданды. Іс материалдарына сəйкес, талапкер жер теліміне құқықты сыйға тарту шарттарының негізінде Оспановтардан жалпы көлемі 125 га жер телімін алды. Оларды нотариалды түрде куəландырып, жер қатынастары жəне жерге орналастыру жөніндегі аудандық комитетте тіркеуден өтті. Осы құжаттардың негізінде талапкер Көктерек өндірістік кооперативінің төрағасына жер үлесін беру туралы өтініш жасады, себебі, талапкерге тиесілі жер учаскесі аталған кооперативтің иелігінде еді. Өндірістік коопреативтің төрағасының бас тартуына байланысты, талапкер жер үлесін күштеп бөліп беру туралы талаппен сотқа шағымданды. Сонымен, жоғарыда аталған жағдайлардың жиынтығы талапкердің берген талаптарының құқыққа сəйкестігін дəлелдейді. Істі қарау барысында азаматтық істер жөніндегі алқа бірінші инстанция сотының талап-арызды қанағаттандыру туралы шешімінің күшін жойып, талап-арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылдады. Өзінің қорытындысын алқа мына жағдаймен негіздеді: Көктерек өндірістік кооперативінің төрағасы жер учаскесін нақты бөліп беру туралы мəселені шешуге құқылы емес, себебі, мұндай мəселені шешу жер қатынастары жəне жерге орналастыру жөніндегі жергілікті органдардың айрықша құзыретіне жатады.
Азаматтық істер жөніндегі алқаның бұл шешімі ҚР Мемлекеттік ауыл шаруашылығы кəсіпорындарының мүлкін жекешелендірудің ерекшеліктері туралы заңның 14-бабына қайшы. Бұл бапқа сəйкес, жұмысшы шаруа қожалығын, ауыл шаруашылығы коопертивін құру немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу мақсатында кəсіпорынның ұжымынан шыққан кезде оған кəсіпорын жерлерінің құрамынан учаске бөлінеді. Материалдардан көрініп тұрғандай, инстанциямен сұралып отырған жер учаскесі Көктерек өндірістік кооперативінің жер пайдалануында. Жер учаскесінің талапкерін анықтап алған соң ғана бұл учаскені орналастыру актісімен бекіту мəселесі тууы мүмкін. Бұл функцияны атқарушы биліктің жергілікті органдары жүзеге асырады. Көктерек өндірістік кооперативі жерді ерікті түрде беруден бас тартқандықтан, талапкер сотқа шағымдануға мəжбүр болған. Мұндай жағдайларда кассациялық инстанция сотының қорытындысы негізсіз болып табылады жəне талап-арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарымды заңды жəне негізді деп тануға болмайды. Аудандық əкімшілік басшысының 1992 жылғы 26-қазандағы № 411 шешіміне сəйкес Л.И. Михееваға оның өзінде бар жер учаскесіне қосымша 100 шаршы метр жер учаскесі берілді.Одан əрі əкімшілік басшысы 1996 жылғы 14-мамырдағы № 167 шешімінің негізінде азамат Р. Түсіповке мөлшері 0, 1103 га жер учаскесін беріп, жерді өмір бойы мұрагерлік негізде пайдалану құқығы жөніндегі акт табыстайды. Талапкерге (Л.И.Михеева) тиесілі жер учаскесі белгіленген тəртіппен алып қойылмағанына қарамастан, аталған акт осы учаскеге қатысты берілген. Сонымен қатар, сот талап-арызды қанағаттандырудан бас тарта отырып, талапкердің жерді өмір бойы мұрагерлік негізде пайдалану құқығы жөніндегі актіні белгіленген тəртіп бойынша алмағанын негізге алды. Соттың мұндай қорытындысын дұрыс деп санауға болмайды, себебі, ҚР Жер кодексінің 43-бабында анықталғандай,азаматтарға жер учаскесі жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде беріледі, содан кейін жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдар жер учаскесін өмір бойы иелену құқығы эөніндегі актіні беріп, жер учаскесін нақты бөліп беру жөніндегі жұмыстарды жасайды (Қазақстан Республикасы Министрлеркабинетінің 1994 жылғы 30-тамыздағы № 968 қаулысымен бекітілген Жер учаскелерін иелену, жалға беру, пайдалану құқығын беру туралы өтініштерді қарау жəне қозғау тəртібі ереженің 29-бабы ).
Киров аудандық əкімшілігінің əкімі 1994 жылғы 13-маусымдағы № 300 шешімімен қайта ұйымдастырылған Сəдібек шаруа қожалығына Үтір-Төбе ұжымдық шаруашылығының 3-бөлімшесінің жерлерінен 7 га жерді өмір бойғы иелікке бөліп берген. Шешіммен келіспеген Үтір-Төбе ұжымдық шаруашылығы шешімді заңсыз деп тану туралы талап-арызбен сотқа шағымданды. Талапкердің талаптары мынамен негізделді: Сəдібек шаруа қожалығы ұжымдық кəсіпорынның құрамынан бөлініп шықпаған, ал оның жетекшісі Б.Арзықұлов бұл ұжымның мүшесі емес, тіпті, ол 1991 жылғы маусымда ҚР ЕЗТК-тің 33-бабының 4-тармағы бойынша жұмыстан босатылған болатын. Сонымен қатар, ол ұжымдық кəсіпорынға жер бөліп беру туралы өтінішпен жолданбаған. Шаруашылықтың жарғылық қорында мемлекеттің үлесі жоқ, əкімнің шешімі ұжымдық кəсіпорынның көзқарасын ескерместен шығарылған. Іс соттарда бірнеше рет қаралды. Қабылданған сот шешімдері күшін жойған соң іс облыстық соттың өндірісіне қабылданды. Бұл сот өзінің 1996 жылғы 10-сəуірдегі ұйғарымымен талапкердің талап-арыздан бас таруын қабылдады, іс бойынша өндірісті тоқтатып, тараптарға іс бойынша өндірісті тоқтатудың салдарын түсіндірді.
Соттың ұйғарымына шаруа қожалығының жетекшісі Б.Арзықұлов жеке шағым беріп, онда шаруа қожалығына ұжымдық шаруашылықтың 3-бөлімшесінің жерінен учаске бөліп берген аудан əкімінің соңғы шешімімен келіспейтінін білдірді. Бөлінген жер учаскесі шаруа қожалығын жүргізу үшін жарамсыз, жалаңаш сорлары бар жəне бұл жерде ештеңе өспейді. Осыған байланысты соттың талап-арызды қайта қарап, бұрынғы учаскенің шаруа қожалығының пайдалануында қалу-қалмау мəселесін шешуі керек болды.
Алқа іс материалдарын тексеріп, шағымның негіздерін талдай отырып, соттың іс бойынша өндірісті тоқтату туралы ұйғарымынзаңды жəне негізді, сол себепті оны өзгертусіз қалдыру керек деген қорытындыға келді. ҚР Азаматтық істер жүргізу кодексінің (АІЖК) 24-бабына сəйкес, талапкер талаптың негізін жəне пəнін өзгертуге, талаптардың мөлшерін көбейтуге жəне азайтуға немесе талаптан бас тартуға құқылы. Жауапкер талапты тануға құқылы. Тараптар істі бейбіт келісіммен аяқтай алады. Егер бұл əрекеттер заңға қайшы келсе немесе кімнің болса да құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін бұзатын болса, сот талапкердің талаптан бас тартуын, жауапкердің талапты тануын қабылдамайды жəне тараптардың бейбіт келісімін бекітпейді. Қарастырылып отырған жағдайда, сот талапкердің талаптан бас тартқанына дейін оның заңдылығын жəне басқа тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін бұзбайтындығын тексерді. Бұл ретте ол мынадай қорытындыға келді: аудандық əкімшілік əкімі 1996 жылғы 18-наурыздағы № 210 шешімімен 1994 жылғы 13-маусымдағы шешімге өзгертулер енгізді, осының нəтижесінде шаруа қожалығына ұжымдық кəсіпорынның 3-бөлімшесінің жерлерінен мөлшері 7 га жер учаскесі ауданның арнайы жер қорының есебінен бөлінген, яғни, əкім өзінің соңғы шешімі арқылы заңның бұзылуын жойып, ұжымдық шаруашылықтың заңмен қорғалатын мүдделерін қалпына келтірген. Осыған сəйкес, сот талапкердің талаптан бас таруын қабылдап, іс бойынша өндірісті тоқтату туралы ұйғарым шығарды. Шаруа қожалығының мүшелері əкімнің соңғы шешімімен келіспейтіндігі, берілген жер учаскесінің шаруа қожалығын жүргізу үшін жарамсыздығы, сонымен қатар,Үтір-Төбе ұжымдық шаруашылығының əрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу туралы дауды соттың қарамағандығы туралы шағым негіздемелері негізсіз. Бұл мəселелер даудың дербес пəндері болып табылады, жəне шаруа қожалығының басшылығы əкімнің шешіміне белгіленген тəртіп бойынша шағымдануға жəне іс жүргізушілік нормалардың нормаларын сақтай отырып жауапкерге зияндарды өтеу туралы талаптар беруге құқылы- сол себепті, олар ұйғарымның күшін жоюдың негізі болып табылмайды.
ҚР АІЖК 318-бабының 1-тармағын негізге ала отырып, сот алқасы мынадай ұйғарымға келді:Оңтүстік Қазақстан облыстықсотының 1996 жылғы 10-сəуірдегі ұйғарымын өзгеріссіз, ал жеке шағымды қанағаттанусыз қалдыру.

12.2 Жер дауларын шешудің тәртібі
Қазақстан Республикасының Жер кодексі жер дауларын шешудің тәртібін қарастырмайды. Бұл кодекс жер дауларының сот тәртібімен қаралатынын көрсетеді. Бұл жағдайда тәртіп термині тиісті органдардың жер дауларын шешудегі қызметін ұйымдастыруды, яғни жер дауларын шешудің белгілі бір процесін, белгілі бір процедурасын білдіреді. Бұл Қазақстан Республикасы сот органдарының қызметіне де қатысты. Бұдан шығарылатын қорытынды, Қазақстан Республикасының жер құқығы, оның құқықтық негізі- жер заңдары Қазақстан Республикасы сот органдарының жер құқығы қатынастарынан туындайтын дауларды қарау процесін реттемеген. Сол себепті, бірқатар ғалымдардың, мысалы, И.А. Иконицкаяның жер процесі жер дауларының тәртібін ғана емес, сонымен қатар, жерді басқару және оған билік ету функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өзара қатынастарын да анықтауы тиіс деген көзқарасы жер заңдарының нормаларына сәйкес келмейді. Алайда, бұл Қазақстан Республикасының жер құқығында жер процесінің жоқ екендігін білдірмейді. Ол бар және Қазақстан Республикасының жер заңдарының нормаларын жүзеге асыру мақсатында жер құқығының материалдық құқықтық нормаларымен үйлесе отырып әрекет етеді.
Жер дауларын қарастыру барысында соттар жер құқығының заң шығарушы және нормативтік-құқықтық базаларын негізге алады, бұларда жер ресурстарын басқарумен, жер учаскелерін жекелеген субьектілерге меншік, жер пайдалану және жер учаскесіне қатысты өзге де құқықтармен қоса бекітумен байланысты жерді қорғау және пайдалану жөніндегі құқықтық қатынастарды реттеу көрініс тапқан.
Жер дауларын шешуде меншік құқығы, жер пайдалану құқығы, жалға беру, сервитут институттарын және оларды қорғауды жүзеге асырудың процедуралық мәселелерін реттейтін жер заңдарының нормалары ерекше мәнге ие. Бұларға қоса, жер қорын басқару, жердің жекелеген санаттарының құқықтық режимі, меншік құқығын, жер пайдалану құқығын, жалға беру құқығын қорғау, шартты жер үлестері, жер учаскелерінің нысаналы мақсаты, мерзімдері, мөлшері, бөлінетіндігі, бөлінбейтіндігі, ақылығы, ақысыздығы, жер учаскелерін беру мен пайдаланудағы жеңілдіктер туралы нормалардың және жерлердің жекелеген санаттарының құқықтық режимдерін реттеудің құқықтың басқа салаларына (су құқығы, орман құқығы, тұрғын үй құқығы, азаматтық құқық, аграрлық құқық, экологиялық құқық және т.б.) ауысу жағдайларының, яғни, жер заңдарының нормаларының Қазақстан Республикасының құқық жүйесіндегі өзге де құқық салаларының нормаларымен өзара байланысының да аталған мәселедегі орны ерекше.
Жер дауларын шешуде жер заңдарының біз жоғарыда атап өткен сілтемелік нормалары айрықша мәнге ие. Бұл нормалар, бір жағынан, жер дауларының соттылығын көрсетсе, екінші жағынан, жер дауларын шешуде жер заңдары нормаларының қолданылу шартының міндеттілігін көрсетеді.
Сол себепті, жер құқығының материалдық және іс жүргізушілік базасын жетілдіру ғылым мен тәжірибенің көкейкесті мәселесі болып табылады. Бұл жер заңдарындағы олқылықтар мен қарама-қайшылықтарды жою жөніндегі ғылыми-негізделген ұсыныстарды жасау мақсатындағы ғылыми зерттеудің белсенділігін күшейте түседі.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумының 1998 жылғы 14-мамырдағы Соттардың жер заңдарын қолдану тәжірибесінің кейбір мәселелері туралы қаулысы Қазақстан Республикасында соттардың жер дауларын шешу тәжірибесінің жалпыланған материалы болып табылады. Ол жер туралы және өзге де заңдарды қолдану тәртібін түсіндіруді ғана емес, сонымен қатар, жер дауларын шешуде заңдарды қолдану тәртібін белгілі бір дәрежеде реттейтін заң нормаларын да қамтиды және сот билігінің жоғарғы инстанциясы ретіндегі сот органдарының өз міндеттерін қолданыстағы жер заңдарының негізінде жүзеге асыру туралы нұсқама береді. Сол себепті де, Жоғарғы Сот Пленумының аталған қаулылары сот жүйесі үшін елімізде және жер құқығы қатынастарының осы саласында заңдылық пен құқықтық тәртіпті жүзеге асыру және реттеудегі маңызды құрал болып табылады.
Мұндай маңызды қаулылардың қатарынан Жоғарғы Сот Пленумының 2000ж 22-желтоқсандағы соттардың Қоршаған ортаны қорғау туралы заңын қолдану тәжірибесі туралы қаулысын атауға болады.
Бұл қаулыда қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың қатарынан Қазақстан Республикасы Президентінің Жер туралы жарлығы, ҚР Жер туралы заңы, ҚР Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңы аталған.
Бұл Пленумның бірқатар анықтамалары мен ұйғарымдары үлкен тәжірибелік мәнге ие. Солардың қатарынан мына анықтаманы атауға болады: қоршаған орта табиғи обьектілердің, соның ішінде, атмосфералық ауаны, топырақты, жер қойнауын, өсімдіктер мен жануарлар әлемін, сонымен қатар, климат пен олардың өзара әсерін қоса алғанда, тірі және тірі емес табиғи ресурстардың жиынтығын білдіреді. Сонымен қатар, Пленум қоғамның материалдық, мәдени және өзге де қажеттіліктерін (жер оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар әлемі) қанағаттандыру үшін шаруашылық және өзге де қызмет барысында табиғи ресурстарды пайдалануды жете ажыратқан. Соған қарамастан, біздің ойымызша Пленумның келесі тұжырымын әлі де нақтылау қажет: Қызыл Кітапқа енген атмосфералық ауа, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар, өсімдіктер мен өзге де табиғат обьектілері шаруашылық қызмет барысында пайдаланылмаса, олар табиғи ресурстарға жатпайды (3-т). ҚР 2002 жылғы 11-наурыздағы Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңында да атмосфералық ауа қоршаған ортаның құрамдас бөлігі деп аталған (1-баптың, 1-тармағы). Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15-сәуірдегі Қоршаған ортаны қорғау туралы заңы табиғи ресурстарға мынадай анықтама берген: табиғи ресурстар-бұл қоғамның материалдық, мәдени және өзге де қажеттіктерін қанағаттандыру үшін шаруашылық және өзге де қызмет барысында пайдаланылатын қоршаған ортаның құрамдас бөлігі. ҚР 1997-жылғы 15-шілдедегі Ерекше қорғалатын табиғи ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек дауларын сотта қараудың заңнамалық дамуы
Казақстан Республикасында еңбек заңдамасына сай ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастары
Азаматтардың жер учаскелеріне құқықтарын қорғау
Жермен байланысты мәмілелерді құқықтық реттеу
ҚР-ның «Еңбек кодексі»
Медиация еңбек дауларын шешу технологиясы ретінде
Істі аралық соттың қарауына беру
Петропавл қаласының бағыт желісін әзірлеу
Аралық соттар: құқықтық табиғаты
Еңбек құқығының қағидаттары
Пәндер