Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өту ерекшеліктері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА ӨТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
1.1 Фирма стратегиясының теориясы және оның шаруашылық жүргізудегі негізгі ережесі. 5
1.2 Фирма ішілік жоспарлау. 10

2. ФИРМА ТАБЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫ БӨЛУ. ФИРМА ПАЙДАСЫН КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ ШЫҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ.
2.1 Фирма табысы және оны бөлу. 12
2.2 Фирма пайдасын көбейту және шығындар мәселесі. 14
3. ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК . ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫ ШАРТЫ. 17

ҚОРЫТЫНДЫ 19

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 22
КІРІСПЕ
Кәсіпкерлік дегеніміз — адамдар мен олар құрган бір-лестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және үйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа түрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел бұзұшылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, көздескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты.
Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік, сауда-көтерме сату, жаңартпашылық көрсетілетін консультациялық қызметтер және т.б. коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялары.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мыналар бола алады:
• Қазақстанның азаматтары;
• шетел мемлекетінің азаматтары;
• адамдардың бірігуі (кәсіпкерлер ұжымы). Кәсіпкердің мәртебесі заңды және заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Құқығы, міндеті, жауапкершілігі және кәсіпкерлердің кепілдіктері ұлттық заңдармен реттеледі. Мысалы, Қазанстан Республикасының заңдарымен реттелетіндер:
• кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы, кәсіпорындар құру және олар үшін қажетті мүліктер сатып алу;
• барлық субьектідердің рыноктағы материалдық, еңбек, ақпарат және табиғат ресурстарға қол жеткізудің теңдік құқығы;
• меншік түрлеріне және үйымдастыру-қүқықтың формасына қарамастан кәсіпорын қызметінің теңдік жағдайы;
• кәсіпкерлердің мүліктерінен заңсыз айыруды қорғау;
• кәсіпкерлік саласындағы бекітілген шегінді еркін таңдау;
• нарықтық монополия жағдайында кәсіпкерлер мен кейбір тауар өндірушілердің бәсекеге селқос қарауына жол бермеу.
Микроэкономика бойынша теоретикалық және практикалық экономикалық әдебиеттің көп болуына қарамастан, қазіргі күнде фирма экономикасы курсының мәні, мазмұны мен шеңберіне әзірше көзқарастардың біртұтастығы жоқ. Тіпті микроэкономика теориясы үшін бастапқы терминдер "кәсіпорын" мен "фирма" болып табылса да теория мен практикада "кәсіпорын" және "фирма" түсініктерін жиі теңестіретінімізді еске түсірейік. "Кәсіпорын" - бұл бір профилді, бір ғана өнім шығаратын өндіріс. Мысалы, қант, ашытқы, дөнгелектер жәие т.б. ендірістері бойынша зауытгар.
"Фирма" - көп профилді өндіріс. Мысалы, Италия фирмасы "Фиат" теқ қана автомобиль шығарып қоймайды, теңіз кемелерін және т.б. шығарады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.Фирма табиғаты: тууы, эволюциясы және дамуы.- Алматы, 1998.
2.Мырзалиев Б.С. және бас. Экономикалық теория.-Түркістан, 2006.
3.Мейрбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы.-Алматы, 2003.
4.Бусыгин А.В. Предпринимательство.-М., 2000.
5.Малые предприятия в Казахстане.-Алматы, 1999.
6.Предпринимательство.-М., 1999.
7.Экономика предприятия.-М., 2000.
8.Экономический анализ.-М., 2000.
8.Сәбден О. ХХІ ғасырға қандай экономикамен кіреміз.-Алматы, 1997.
9. Есімжанова С.Р. Маркетинг.Оқу құралы. Алматы Экономика 2003
10. Ассель Г. Маркетинг: принципы и стратегия: Учебник для вузов. М.: ИНФРА- М, 1999.
11. Багиев Г.Л. и др. Маркетинг: Учебник для вузов / Г.Л. Багиев, В.М. Тарасевия, X. Анн; Под общ. ред. Г.Л. Багиева. - М.: ОАО «Изд-во Экономика», 1999.
12. Голубков Е. П. Маркетинговые исследования: теория, методология и практика. - М.: Изд. «Финпресс», 1998.
13. Голубков Е. П. Основы маркетинга. - М.: Издательство «Финпресс», 1999.
14. Ілиясов Д.Қ. Маркетинг: теориясы мен практикасы: Оқу кұралы: Алматы, Қазақ университеті, 2002.
15. Котлер Ф. Маркетинг негіздері. Ағылш. ауд. М.Т. Ізбасаров Алматы, Жазушы, 2000.
16. Ламбен Жан-Жак. Стратегический маркетинг. Европейская перспектива / Пер. с фр. - СПб, Наука, 1996.
17. Маркетинг: Учебник / Под ред. Э.А. Уткина. - М: ИМП ЭКМО 1998. Маркетинг: Учебное пособие /Под ред. Н.К. Мамырова. - Алматы: Экономика, 1999.
18. Нысанбаев С.Н, Садыханова Г.А., Маркетинг негіздері, А.: Қазақ университеті, 2002.
19.Фатхудинов Р.А. Стратегический маркетинг: Учебник. - М.: ЗАО «Бизнес-школа» Интел-Синтез», 2000.
20.Мамыров Н.К. Маркетинг. Алматы, Экономика, 1999

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА ӨТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
1.1 Фирма стратегиясының теориясы және оның шаруашылық жүргізудегі
негізгі ережесі.
5
1.2 Фирма ішілік жоспарлау.
10
2. ФИРМА ТАБЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫ БӨЛУ. ФИРМА ПАЙДАСЫН КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ ШЫҒЫНДАР
МӘСЕЛЕСІ.
2.1 Фирма табысы және оны бөлу.
12
2.2 Фирма пайдасын көбейту және шығындар мәселесі.
14
3. ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК – ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫ ШАРТЫ.
17

ҚОРЫТЫНДЫ
19

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
22

КІРІСПЕ
Кәсіпкерлік дегеніміз — адамдар мен олар құрган бір-лестіктердің
белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел
буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді.
Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және
үйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа
түрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт-
бағдарға, тәуекелге бел бұзұшылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына
дейін жеткізуге, көздескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден,
экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-
техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты.
Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да
болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік, сауда-көтерме
сату, жаңартпашылық көрсетілетін консультациялық қызметтер және т.б.
коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялары.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мыналар
бола алады:
• Қазақстанның азаматтары;
• шетел мемлекетінің азаматтары;
• адамдардың бірігуі (кәсіпкерлер ұжымы). Кәсіпкердің мәртебесі
заңды және заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін
күшіне енеді.
Құқығы, міндеті, жауапкершілігі және кәсіпкерлердің кепілдіктері
ұлттық заңдармен реттеледі. Мысалы, Қазанстан Республикасының заңдарымен
реттелетіндер:
• кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы, кәсіпорындар құру
және олар үшін қажетті мүліктер сатып алу;
• барлық субьектідердің рыноктағы материалдық, еңбек, ақпарат
және табиғат ресурстарға қол жеткізудің теңдік құқығы;
• меншік түрлеріне және үйымдастыру-қүқықтың формасына қарамастан
кәсіпорын қызметінің теңдік жағдайы;
• кәсіпкерлердің мүліктерінен заңсыз айыруды қорғау;
• кәсіпкерлік саласындағы бекітілген шегінді еркін таңдау;
• нарықтық монополия жағдайында кәсіпкерлер мен кейбір тауар
өндірушілердің бәсекеге селқос қарауына жол бермеу.
Микроэкономика бойынша теоретикалық және практикалық экономикалық
әдебиеттің көп болуына қарамастан, қазіргі күнде фирма экономикасы курсының
мәні, мазмұны мен шеңберіне әзірше көзқарастардың біртұтастығы жоқ. Тіпті
микроэкономика теориясы үшін бастапқы терминдер "кәсіпорын" мен "фирма"
болып табылса да теория мен практикада "кәсіпорын" және "фирма"
түсініктерін жиі теңестіретінімізді еске түсірейік. "Кәсіпорын" - бұл бір
профилді, бір ғана өнім шығаратын өндіріс. Мысалы, қант, ашытқы,
дөнгелектер жәие т.б. ендірістері бойынша зауытгар.
"Фирма" - көп профилді өндіріс. Мысалы, Италия фирмасы "Фиат" теқ қана
автомобиль шығарып қоймайды, теңіз кемелерін және т.б. шығарады.
Фирма экономикасы курсының мазмұны мен мәні туралы көзқарастардың
біртұтастығы жоқ. Авторлардың бір қатары фирма экономикасы көсіпорынды
экономикалық басқаруды зерттейді деп есептесе, басқалары фирма экономикасы
өндірісті ұйымдастыруды зерттейді, ал үшіншілері фирма экономикасы
кәсіпорынның шаруашылық механизмін зерттейді деп есептейді.
Жекелеген авторлардың айтуынша, оның теориясы мен практикасының одан
әрі дамуында, микроэкономика макроэкономикалықталдаумен өріліп,
макроэкономикаға еніп озінің дәстүрлі шекарасынан көп шыға бастауда.
Керісінше де, макроэкономика теориясы микроэкономика мен барынша жақындаса
ерілуде және оны талдаудың жалғасы болуда.
Осының бәрі оны зерттеу нәтижесінің айкын шекарасынын жоқ екендігі
туралы куә болады.

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА ӨТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
1.1 Фирма стратегиясының теориясы және оның шаруашылық жүргізудегі негізгі
ережесі.
Фирма үшін жоспарлау қызметінің жоғарғы сатысы болып табылады –
тәртіпті нығайту, өнім өткізу және пайданы молайту жолы.
Жоспарлау екі бөліктен құралады: стратегиялық жоспарлау және
маркетингтік жоспарлау.
Бақылау – маркетингтік стратегияның жоспарларын және тиісті түзету
әрекеттерін жүзеге асыру негізінде алынған өлшеу және талдау.
Жоспарды жүзеге асыруды маркетингтік қызмет басқарады. 1 – ші сурет
қара.

1-ші сурет. Маркетингтік жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау жүйесінің
өзара байланысын ұйымдастыру.

ЖОСПАРЛАУ ҰЙЫМ БАҚЫЛАУ

Cтратегиялық жоспарлау. Көптеген фирмалар ресми түрде жоспар
жасамай–ақ жұмыс істей береді. Жаңадан ашылған фирмалардың меңгерушілері
көптеген мәселелермен айналысып, жоспарлауға уақыт таба алмайды. Аяғынан
тік тұрған фирмалардың меңгерушілері осы күнге дейін жоспарсыз да күн
көргенбіз, соның тіпті қажеті де жоқ дегенді айтады. Жоспарды қағазға
түсіруге уақытын бөлгісі келмейді. Олардың айтуынша, нарықтағы жағдай
жоспардың пайдасын көруге мүмкіндік бермейтіндей тез өзгеріп отырады. Ондай
жоспардың кітап сөресінде шаң басып жата беретінін тілге тиек етеді. Осы
және өзге де себептерге байланысты көптеген фирмалар формальды жоспарлауды
қолданбайды.
Ал формальды жоспарлаудың пайдасы мол. Мелвилл Бранч оның пайдалы
жақтарын былай көрсетеді:
1. Жоспар құру басшыларды келешекті ойлануға ынталандырады.
2. Ол фирманың іске асыратын шараларын дәлме – дәл реттеуге мүмкіндік
береді.
3. Фирма қызметінің көрсеткіштерін кейіннен бақылау үшін белгілеп алуды
талап етеді.
4. Фирманың өз міндеттері мен саяси көзқарастарын айқындап алуға мәжбүр
етеді.
5. Ол фирманы кездейсоқ өзгерістерге дайындайды.
6. Барлық лауазымды қызметкерлер міндеттерінің өзара байланысын айқын
көрсетеді.
Стратегиялық жоспарлау фирманың мақсатын, мүмкіндіктерін және
маркетинг саласындағы стратегиялық сәйкестікті қалыптастыру және қолдауды
басқару процесін көрсетеді. Ол фирманың нақты белгіленген бағдарламасына,
қосымша мақсаттары мен міндеттерін баяндауға, шаруашылық қоржыны мен өсу
стратегиясына сүйенеді.

2- сурет
Стратегиялық жоспарлаудың кезеңдері

Фирманың бағдарламасы. Ұйым қоршаған орта шеңберінде көздегеніне жету
үшін әрекет етеді. Фирманың нақты мақсаты немесе бағдарламасы әдетте әуел
бастан айқын болады. Алайда уақыт өтіп, ұйым өскен сайын тауарлар мен
нарықтардың саны көбейеді, сонда оның бағдарламасы да бұрынғы
айқындылығынан айырылукы мүмкін. Бағдарлама басшылардың бір бөлігін
бұрынғыдай қызықтырмауы да мүмкін. Тіпті айқындылығын сақтай отырып,
ортаның бүгінгі жағдайына сәйкес келмеуі де ықтимал.
Жан–жақты зерттеуден өткен бағдарламалық мәлімдеме фирма
қызметкерлеріне ашылатын мүмкіндіктерді іске асыруға, қатысушы ретінде
сезінуге мүмкіндік береді, алдына мақсат қояды, жетістіктерге
ынталандырады.
Бағдарламалық мәлімдемеде фирма қызметінің саласы (немесе салалары)
анық көрсітілуі тиіс. Қызмет салаларының шекарасын тауарға,
технологияларға, клиенттер тобына, олардың мұқтажына немесе бірнеше
факторлардың жиынтығына қарай белгілейді. Тауар мен технологиялар түбінде
бір ескіреді, ал нарықтық негізгі мұқтажы мен сұраныстары ешқашан өзгермеуі
мүмкін. Нарыққа бейімделу тұрғысынан алғанда бағдарламалық мәлімдемеде
кәсіпорынның жұмысын тұтынушылардың нақты тобына қызмет көрсету немесе
олардың нақты мұқтаждары мен сұраныстарын қанағаттандыру бойынша
белгілейді.
Фирманың мақсаттары мен міндеттері. Фирманың бағдарламасында
басшылардың әрбір сатысы үшін олардың қосымша міндеттері мен мақсаттары
тізіліп көрсетілуі тиіс. Әрбір меңгерушінің алдына өзі жауап беретін
міндеттер қойылуы керек. Бұл жүйені міндеттерді шешу әдісімен басқару деп
атайды.
Пайданы қолда бар тауардың өтімділігін өсіру, күнделікті шығынды
азайту арқылы немесе біріншіні де, екіншіні де қолдану арқылы көтеруге
болады. Тауар өткізуді отандық нарықтың анағұрлым үлкен бөлігін қамту
немесе жаңа шетелдік нарықтарға шығу арқылы өсіруге болады. Осы жағдайлар
фирманың маркетинг саласындағы ағымдағы міндеттеріне айналады.
Осы маркетингтік міндеттерді шешу үшін маркетингтің тиісті
стратегиясын әзірлеу қажет. Отандық нарықтағы өз бөлігін кеңейту үшін фирма
тауардың арзан болуын қамтамасыз етіп, ынталандыруды жеделдетумен
айналысады. Жаңа шетелдік нарықтарға шығу үшін ол бағаны төмендетіп, өз
күшін ірі фирмаларға жұмылдырады.
Әрбір маркетингтік стратегияны егжей–тегжейлі жазып шығу қажет.
Мысалы, тауар өткізуді ынталандыруды күшейту, жарнаманы үдете түсу және
сатушылар санын көбейту талап етіледі. Біріншісіне де, екіншісіне де жеке
тодық талданған стратегиялар қажет. Сөйтіп, фирманың бағдарламасы белгілі
бір кезеңге жоспарланған нақты міндеттердің тізбесіне айналады.
Шаруашылық қоржынын толтыру жоспары. Стратегиялық жоспарлаудың негізгі
құралы фирманың шаруашылық (қоржынын) талдау болып табылады. Фирма
басшылары осы қоржынның жағдайына яғни фирма құрамына кіретін өндірістердің
жағдайына баға береді. Мұнда “өндіріс” деп фирманың бөлімшесі, тауар
ассортименті, тіпті бір қарапайым немесе бірнеше маркалы тауар аталуы да
мүмкін.
Мұндай талдау табысты және табысы аз өндірістерді айқындап, әрқайсысы
жайында бөлек шешім қабылдауды қажет етеді: Фирма негізгі қаражатын табысты
өндіріске салып, ал әлсіз өндірістерге қаржы жұмсауды тоқтатуға немесе
қысқартуға тырысады. Ол өзінің шаруашылық қоржынын сол қалпында сақтап,
дамып келе жатқан өндірістерін нығайтуға немесе толықтыруға тырысуы мүмкін.

Фирманың өсу стратегиясы. Өндіріске баға берумен қоса алғанда,
стратегиялық жоспарлау болашақта фирма қандай өндірістер ашып, қандай
салаларға өз күшін бағыттауға тиіс екендігін анықтауға міндетті.
Өсу стратегиясын үш деңгейде жүргізілген талдау негізінде әзірлеуге
болады.
Бірінші деңгейде қызметінің бүгінгі ауқымындағы мүмкіндіктерін
анықтайды (қарқынды өсу мүмкіндігі).
Екінші деңгейде саладағы маркетингтік жүйенің өзге элементтерімен
бірігу мүмкіндіктерін айқындайды (интеграциялық өсу мүмкіндіктері).
Үшінші деңгейде саладан тыс мүмкіндіктерді анықтайды
(диверсификациялық өсу мүмкіндіктері) (диверсификация - өнім мен қызмет
түрлері атауларының санын көбейту).
Үш бағыттың әрқайсысы бойынша өсу мүмкіндіктері 1 кестеде көрсетілген.

Өсу мүмкіндіктерінің негізгі бағыттары.

Қарқынды өсу Интеграциялық өсу Диверсификациялық өсу
Нарыққа терең ену Кері интеграция Концентрлік диверсификация
Нарық шеңберін кеңейтуПрогрессивті интеграцияКөлденең диверсификация
Тауарды жетілдіру Көлденең интеграция Конгломерат диверсификация

Қарқынды өсу. Фирма бүгінгі тауары мен нарықтарына тән мүмкіндіктерді
толық пайдаланбаған жағдайларда қарқынды өсу орынды.
1. Нарыққа терең ену – фирманың анағұрлым агрессивті маркетинг арқылы
қазіргі нарықтарда өзінің қолында бар тауарларын өткізуді арттыру
жолдарын іздестіруі.
2. Нарық шеңберін кеңейту – фирманың бүгінгі тауарларын жаңа нарықтарға
шығару арқылы тауар өткізуді арттыруға ұмтылысы.
3. Тауарды жетілдіру–қазіргі нарықтарға арналған жаңа немесе
жетілдірілген тауарларды шығару арқылы тауар көбейтуге бағытталған
фирманың қадамдары.
Интерграциялық өсу. Интеграциялық өсу – қызмет саласының негізгі батыл
бағыты және (немесе) фирма сала шеңберінде алға, кері немесе көлденең жылжу
арқылы қосымша табыс табуға мүмкіндігі болғанда, ол өзін - өзі ақтайды.
1. Регрессивтік (кері) интерграция–фирманың өз жеткізушілерін қатаң
бақылауға немесе кепілдікке алуға бағытталған қадамдары.
2. Прогрессивтік (озық) интеграция–фирманың бөлу жүйесін неғұрлым толық
басып алуға бағытталған қадамдары.
3. Көлденең интеграция – фирманың бәсекелесуші бірқатар кәсіпорындарды
неғұрлым толық бақылауға немесе иелегіне алуға бағытталған қадамдары.
Диверсификациялық өсу. Егер салалар фирмаға одан әрі дамуына мүмкіндік
бермесе немесе осы саладан тыс салаларда өсу мүмкіндіктері неғұрлым
тартымды болса, онда диверсификациялық өсу өзін - өзі айқындайды.
Диверсификация дегеніміз–фирмаға кез келген мүмкіндікті пайдалануға ұмтылуы
үшін қажет іс–шара. Компания жинақтаған тәжірибесін қолдануға мүмкіндік
беретін немесе өзіне тән кемшіліктерді жоюға ықпал ететін бағыт іздеуі
тиіс.
1. Концентрлік диверсификация–фирманың бүгінгі тауар номенклатурасын
техника және маркетинг жағынан ұқсас бұйымдармен толықтыру. Әдетте,
бұл бұйымдар клиенттердің жаңа тобының назарын аударады.
2. Көлденең диверсификация–ассортиментті бүгінгі таңда шығарылып жатқан
бұйымдарға мүлдем қатысы жоқ бұйымдармен толықтыру.
ХІХ-ғасырдың басында француз экономисті Жап Батист Сэй (1767-1832
жылдар) кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі ережесін қалыптастырды.
"Пайданы кебейту үшін өндіріс шығындарын азайту керек". Осы классикалық
ереже еркін, жетілген нарықтық бәсеке жағдайында бас тартпай жүмыс істеді.
Бұл жағдай сол кездегі өнеркәсіп шаруашылық қызметтері, шығарылған өнім
ассортименті және өткізу рыноктары салыстырмалы түрде тұрақты болуымен
түсіндіріледі. Тұрақты рынокта фирмалар осы нарықта өздерінің белгілі бір
үлесі үшін күресті.
Фирманын стратегиялық мақсаты сатуда бағаларды және өндіріс шығындарын
азайту арқылы өзінің мүддесін көбейту болды.
Осы дәуір, еркін бесеке дәуірі теориялық экономикаға баға бәсеке
дәуірі ретінде белгілі. Осы уақыттта бәсекелестеріне қарағанда сондай
өнімге бағасы төмен фирма алға шықты.
Осы бойынша америка ғалымы, экономист, америка жоғары оку орындарының
студентері үшін белгілі "Экономика" оқулығының авторы П. Самуэльсон: "Тауар
өңдірушілер бағалар бәсекесіне қарсы тұра алады және өздерінің пайдасын
максимум деңгейге дейін көтере алады, тек қана шығындарды минимум деңгейге
дейін азайтқанда, бұл өз кезегінде өңдірістің ең тиімді әдістерін
өңдіргенде ғана қол жеткізіледі" - деп жазды.
Қазіргі жетілмеген бағалық емес бәсеке жағдайында өңдірістің
шығындарын азайту арқылы пайданы көбейту жолын іздеу әрекеті, әсіресе
фирмалар арасында бәсеке болғанда ерте ме кеш пе фирма үшін төлем төлей
алмау жағдайына әкеледі.
Әлемдік қауымдастықтың қазіргі экономикасы өтпелі экономика ретінде
сипатталады бір елдер, бұрынғы социалистік елдерді қосып алып нарыктық
экономикаға өтуде, дамушы елдердің бір қатары дамудың индустриалдағы
дейінгі деңгейін индустриалды дәуірге өтуде, индустриалды дамыған елдер
индустриалдықтан ақпараттық дәуірге өтуде.
Ақпараттық дәуірде тұтынушылардың мұқтаждықтары мен сұраныстары көп
қырлы және ұлттык рыноктар рамкаларынан алыстауда, сұраныстар мінезі
өзіндік сипат алып және де өзінің құрылымы бойынша әр түрлі болуда.
Фирма, егер ол нарықта үлгеруге ұмтылса, мына ережені бұлжытпай
орындауы тиіс: табыстарды көбейтуді шығындарды азайту арқылы емес, сату
көлемін арттыру арқылы жүзеге асыру керек, шын мәнінде осы факторлар өзара
байланысты болса да.
Жалпы кабылданғандай, фирма басшысы білімді және жан-жақты болса да,
менеджерлер мен инженерлердің қандай талаптары меп қабілеттері болғанымен
бағалық емес қатаң бәсеке жағдайларында, яғни тұтынушылар сүраныстарының
кұрылымында бірінші орынға жаңашылдық, сана, дизайн жиі жаңарту мен әр
алуан ассортимент сатудан кейінгі жоғары деңгейдегі сервис қойылғанда, өз
фирмасында өңдірістік шығындар деңгейін белгілі бір шекарасынан төмен
азайту мүмкін еместігіне көзі жетеді.
Макроэкономика саласындағы мамандардың бағалануына кез-келген фирма
үшін кез-келген экономика үіші шаруашылық қызметтің бағдары болып әлемдік
сыныпты қазіргі заманға сай кәсіпорындарда өндірісті ұйымдастыруы болуы
тиіс және мына параметрлерге сәйкес келуі тиіс:
Біріншідеп, үлкен икемділігі өнім ассортиментін тез өзгерту және
өнімді жиі жаңарту қабілеттері болуы керек. Стандартталған өнімнің қатаң
негізделгеп жаннай өндірісі түтынушылардын тез өзгерегіп сұраныстарына
бейімделуге қабілетсіз және онын төлем төлей алмауға әкеледі;
Екіншіден, фирма жаңа технология мен өндірісті ұйымдастырудың жаңа
нышандарына көшуге ұмтылуы тиіс. Өндіріс технологиясы күрделі екені, қазір
еңбек бөлінісі мен ұйымдастырудың басқа да нышандарын әсіресе фирма
өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі туралы мәсәле шынымен қойылған жағдайда
қажет етеді;
Үшіншіден, фирмаға өзінің өнімінің сапасын және сатудан кейінгі
сервистің деңгейіне көтеруге ерекше көңіл бөлуі керек. Тұтынушылардың өнім
санасына деген талаптары бүгін тек, өсіні қана қойған жоқ, және де өзінің
сипатын түбірімен өзгертті. Қазір жақсы өнімді шығару аз, сонымен бірге
сатудан кейінгі сервисті үйымдастыруды, тұтынушылардың жоғары деңгейдегі
өзіндік сұраныстарына қосымша фирмалық қызметтерді көрсету туралы ойлау
керек.

1.2 Фирма ішілік жоспарлау.
Жалпы экономикалық теория фирма ішілік жоспарлаудың мәніне,
міндеттеріне, мақсаттары мен кезеңдеріне көзкарастардың біртұтастығы әзірше
жоқ.
Сондықтан оның жүзеге асуының жалпы қабылданған негізгі элементтеріне
тоқтаймыз.
Жоспорлау - белгілі бір болашақта фирманның мақсаттарын анықтау,
ресурстармен қамтамасыз ету мен жетістіктерге жету әдістерін талдау
процесі, ол стратегиялық (ұзақ мерзімді) және ағымдағы (қысқа мерзімдегі)
жоспарлау болып бөлінеді.
Оның негізгі элементтері қатарына мына элементтер кіреді:
- болжам жасау, мемлекеттік денгейде жасалған ұлттық экономиканың және оның
жекелеген аймақтарының даму болжамдарына сүйене отырып, фирма өзінің
болашақта дамуын зерттеуді қарастырады;
- жалпы міндеттерді қалыптастыру, бұл фирманың даму болжамдарының негізінде
оның орындалуымен ресурстармен қамтамасыз етілуінің белгілі уақытымен
жүзеге асады;
- фирманың әрбір бөлімшесімен жоспарды нақты орындау бағдарламаларын
жасау, бұнда өндіріс сатылатын шикізат, материалдарды дер кезінде
жеткізуді, өндірістік және өткізу операцияларын есепке ала отырып
байланыстыру;
- фирмалар бөлімшесінің арасында ресурстарды бөлу фирманың ақшалай
табыстары мен шығындары балансын құру бағдарламаларын жасау, онда шикізат,
материалдар, еңбек ақы, күрделі құрылыс шығындарының көрінісі орын алады.
- осының негізінде фирманың әрбір бөлімшесінің функциялары, оларды
орындаушылардың және бөлек процестеріндегі операцияларды орындауда жауапты
адамдар анықталады;
- аяқтаушы кезек - фирманың төменгі буындарына қабылданған шешімдерді
тарату және нақты тапсырмаларды жасау, осыдан жоспарда көрсетілген
міндетгерді жүзеге асыру басталады.
Фирма ішін жоспарлауды ұйымдастыру бойынша екі теоретикалық көз қарас,
жоспарлауды ұйымдастырудың екі схемасы бар: жоғарыдан төменге, төменнен
жоғарыға.
- жоғарыдан төменге жоспарлау. Осы схема бойынша жұмыс жоғарыдан басталады.
Фирма басшысы пайда бойынша жоспар көрсеткіштерін, мақсаттар мен
міндеттерді анықтайды. Содан кейін осы көрсеткіштер бөлшек нысанда фирманың
ең төменгі құрылымдарына жөне бөлімшелеріне жеткізіледі, олар бөлімшелер
жоспаларына енгізіледі.
- төменнен жоғарыға қарай жоспарлау.

2. ФИРМА ТАБЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫ БӨЛУ. ФИРМА ПАЙДАСЫН КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ ШЫҒЫНДАР
МӘСЕЛЕСІ.
2.1 Фирма табысы және оны бөлу.
Батыстың экономикалық теория мектептерінде кәсіпорын (фирма)
табыстарын талдағанда мынандай экономикалық категориялар қолданылады:
- жалпы (жиынтық) табыс, өзінің өнімін өткеруден алынған;
- орташа табыс, өткерілген өнім бірлігіне есептелінген;
- шектелген табыс, қосымша өнімді сату арқылы жалпы табыстың ұлғаюйы.
Қазақстан Республикасында аралас әлеуметтік–бағытталған нарықтық
экономика жағдайында бұрынғы мемлекеттік экономикада қолданылған
экономикалық категориялар сақталады: өндіріс шығындары, өзіндік құн, жалпы
және таза табыс, пайда, рентабельділік деңгейі. Осы экономикалық
категориялар мемлекеттік кәсіпорын секторынла ғана емес, сондай ақ әртүрлі
мемлекеттік емес кәсіпорын секторында да қолданылады.
Ұжымдық пен жеке кәсіпорындағы пайда меншіктерге жатады және оның
жарғысына сай бөлінеді. Өзінің меншікті шығынын есептеп алмай, кез келген
меншік түріндегі кәсіпорынға (фирмаға) өзінің табысын анықтау мүмкін емес.
Оған – шикізат пен материал шығындары жағар май, электроэнергия, негізгі
өндірістік қорлардың амортизациясы, еңбекақы және әлеуметтік қажеттілік
шығындары жатады.
Кәсіпорын (фирма) шығындары өнімнің өзіндік құны түрінде болып келеді.
Өзіндік құн–бұл өнімді дайындаудағы ақшалай шығынның жұмсалуы.
Өз өнімінің құны мен шығындар (өзіндік құн) арасындағы айырма
кәсіпорынның (фирманың) таза табысын құрайды. Әдетте кәсіпорынның
(фирманың) таза табысы ретінде пайда жүзеге асып отырады. Таза табыс
кәсіпорынның (фирманың) алған (тапқан) табысының бір бөлігі ғана емес,
кәсіпорынның барлық табысы жалпы табыс деп аталады. Кәсіпорынның (фирманың)
жалпы табысы өнімді өткеруден түскен ақшадан материалдық шығынды алып
тастағанға тең (2 кесте қара). Жалпы табыстан әлеуметтік қажеттілікке:
зейнеткерлік қор, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры, тұрғындардың
жұмыстылық қорына керекті нәрселер жіберіліп отырады.
Жіберілу мөлшері бекітілген заңдылықтар нормасымен негізі және қосымша
жалақы сомасынан жүзеге асады.
Енді мемлекеттік шаруашылық есептегі – мысалында пайданың бөлінуін
қарастырамыз. Пайданы бөлудің екі варианты бар: бірінші вариант–толық
шарушылық есептің бірінші моделі бойынша, келесісі – шаруашылық есептің
екінші моделі бойынша. Олардың бір – бірінен айырмашылығы мынада:
шаруашылық есептің бірінші моделінде – шаруашылық есеп табысы ретінде
қалыптасады, сөйтіп ол өзіне жалақы қоры мен экономикалық ынталандыру қорын
ендіреді. Осы аталған соңғы қор мына құрамынан тұрады: өндірісті дамыту
қоры, әлеуметтік мәдени шаралар қоры және материалдық сыйақы қоры.
2 кесте.
Өткерілу көлемі
Материалдық шығындар Жалпы өнім
Еңбек ақы Пайда
Кәсіпорын шығындары Таза табыс
(өзіндік құн)

Шаруашылық есептің екінші моделі біркелкі ақы төлеу қоры ретінде
қалыптасады. Ол өзіне ақы төлеу қоры мен материалдық сыйақы қорын қосып
алады. Енді осыларды қарастырамыз (3 кестені қара).

3 кесте.
Табыс Қосалғы Жер Несие Резервтік
салығы салынған қойнауын үшін Экономикалық
құнға пайдалатындарға пайыз ынталандыр қоры
салық салық
(ҚҚС) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Постсоциалистік елдердегі өзгерістер
Жекешелендіру: еуропа және азия тәжірибесі
Экономикалық жүйе
Қазақстанда рыноктың қалыптасу ерекшеліктері мен заңдылықтары
Өтпелі экономикадағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың қалыптасуы
ҚР нарықтық экономикаға өту ерекшеліктері
ӨТПЕЛІ ЭКОНОМИКА ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Қазақстан Республикасында жеке меншіктің қалыптасуы. Қазақстандағы меншік қатынастарының артықшылықтары мен кемшіліктері
Нарық қоғамның экономикалық өмірінің негізі
Аралас экономикалық жүйенің қалыптасу ерекшеліктері
Пәндер