Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің әдістемесі



МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл.ой тәрбиесінің теориялық негіздері
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл.ой тәрбиесінің зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5.8
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл.ой тәрбиесінің маңызы ... ... ... 9.
2 Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл.ой тәрбиесінің әдістемесі
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13.17
2.2 Мектеп жасына дейінгі балаларды ақыл . ой тәрбиесі арқылы дербестікке тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17.21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22.23
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Ақыл-ой тәрбиесін жүргізу барысында мұғалімдер балалардың жеке ерекшеліктерін ескеріп отырулары тиіс. Кейбір балаларда дарындылықтары бір салада жақсы байқалса, басқаларыныкі – басқа салада байқалады. Жас ерекшеліктері бірдей болсада балалар арасында тез немесе өте баяу жұмыс жасайтын, ойлау, есте сақтау мүмкіндіктері және меңгерген теориялық материалды қайта айтып беру кабілеттері әр-түрлі балалар кездеседі.
Ақыл-ой тәрбиесі дегеніміз - балалардың ақыл-ой күшін, ойлауын дамыту және ақыл-ой еңбегі мәдениетін дарыту үшін тәрбиешінің атқаратын мақсатты іс-қызметі. Ақыл-ой тәрбиесі білім қорының жинақталуына, оқу-танымдық операцияларды меңгеруге тікелей ықпал етеді. Адамның ақыл-ойы -барлық адамдарға тән адам миы қызметінің өнімі. Педагогтар және психологтар ойды және оның жеке түрлерін дамытуды ұсынады.
Ақыл-ой тәрбиесінің мазмұны -балалардың ақыл-ой күшін дамыту: ақыл-ойдық даму деңгейі, адамның білімді жинақтай білу қабілеті, негізгі ойлау операцияларын меңгеруі, ақыл-ой іскерлігі. Ақылдық белгілі бір даму дәрежесін ақыл-ой күштері деп атайды. Ақыл-ой күштері адамды білім қорын жасауға, негізгі ойлау операцияларын жүзеге асыруға, зиялылық білік-тілікті меңгеруге қабілетті етеді. Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері де осыдан шығады.
Курстық жұмыстың зерттеу нысаны. Балабақшада педагогиканы оқыту үрдісі.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні – Балабақшадағы балалардың ақыл-ой тәрбиесінің маңыздылығы, оны оқытудың бала тәрбиесінде алатын орны.
Зерттеудің мақсаты. Балалардың ақыл-ой күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін дамьпу. Жеке тұлғаның адамзат мәдениетіне ену процессінде білімнің ролі, ақыл-ой мәдениетінің құрамды бөлігі ретінде қарастырылатын тұлғаның ғылыми көзқарасы өте өзекті. Ақыл-ой тәрбиесі барысында балалардың танымдық қызығушылықтары, логикалық ойлау, есте сақтау, зейін қою, елестету қабілеттері, икевділіктері мен дарындылықтары дамиды.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды этнопедагогика материалдары арқылы адамгершілікке тәрбиелесе, оның мазмұны теориялық-әдістемелік тұрғыдан негізделіп, іс жүзінде тәжірибеге енсе, онда мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік тәрбие беру ерекшеліктері қалыптасады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- танымдық қызығушылықты дамьпу;
- танымдық белсенділікті қалыптастыру;
- белгілі білім көлемін меңгеру;
- ғылыми көзқарасты қалыптастыру;
- ақыл-ой күштерін, қабілеттерін дамыту;
Пайдаланылғын әдебиеттер
1. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері.-А., 1991.
2. Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. - А.. 1999
3. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.-123б .
4. Педагогика. Оқулық. Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының ұжымы, -Алматы,2005. - 152-162б
5. М.Қалиева. Білім беру технологиялары және оларды оқу-тәрбие үрдісінде енгізу жолдары. Алматы.2002.
6. Хмель Н.Д., Хайруллин Г.Т., Муканова Б.И. Педагогика: Оқулық/Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедралар авторлар ұжымы.- Алматы. 2005.430 б.
7. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика: Университеттер студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы, 2004-420б.
8. Педагогика Оқу құралы –Алматы: ҚазМҰУ, 2006
9. Ахметова Г.К., Исаева З.А., Әлқожаева Н.С.Педагогика:Оқулық.-Алматы:Қазақ университеті, 2006
10. Әлқожаева Н.С. Педагогика (оқу әдістемелік кешен) .-Алматы:Қазақ университеті, 2006
11. Педагогика. Оқу құралы (Ред. Пидкасистого.-М., 1998) Аударған Г.К. Ахметова, Ш.Т. Таубаева.-Алматы:Қазақ университеті, 2008
12. Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: Нұр әлемі, 2003
13. Бекгалиев Т. Педагогика . Тараз. 2001
14. Балғымбаева З.М. Білім берудің практикалық психологиясы: оқу құралы, Алматы: Қазақ университеті, 2008.
15. Қалиев С, Майғаранова Ш., Нысанбаева Г. Тәрбие хрестоматиясы Алматы, 2001
16. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақстандағы педагогикалық ойдың антологиясы. -Алматы, Рауан, 1995.
17.Ж.Қоянбаев,Р.Қоянбаев. Педагогика.-Алматы, 1998, 2000.
18. Е.Сағындықұлы. Педагогика. - Алматы,1999.
19. С.Қалиев, Ш.Майғаранова, Г.Нысанбаева, А.Бейсенбаева. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудық педагогикалық негіздері. - Алматы, 2001.
20. А.С.Макаренко. Тәрбие мақсаты. – М 1998.
21. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы. – А,1995.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің теориялық негіздері
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-8
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің маңызы ... ... ... 9-
2 Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің әдістемесі
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13-17
2.2 Мектеп жасына дейінгі балаларды ақыл - ой тәрбиесі арқылы дербестікке тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17-21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22- 23
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Ақыл-ой тәрбиесін жүргізу барысында мұғалімдер балалардың жеке ерекшеліктерін ескеріп отырулары тиіс. Кейбір балаларда дарындылықтары бір салада жақсы байқалса, басқаларыныкі - басқа салада байқалады. Жас ерекшеліктері бірдей болсада балалар арасында тез немесе өте баяу жұмыс жасайтын, ойлау, есте сақтау мүмкіндіктері және меңгерген теориялық материалды қайта айтып беру кабілеттері әр-түрлі балалар кездеседі.
Ақыл-ой тәрбиесі дегеніміз - балалардың ақыл-ой күшін, ойлауын дамыту және ақыл-ой еңбегі мәдениетін дарыту үшін тәрбиешінің атқаратын мақсатты іс-қызметі. Ақыл-ой тәрбиесі білім қорының жинақталуына, оқу-танымдық операцияларды меңгеруге тікелей ықпал етеді. Адамның ақыл-ойы -барлық адамдарға тән адам миы қызметінің өнімі. Педагогтар және психологтар ойды және оның жеке түрлерін дамытуды ұсынады.
Ақыл-ой тәрбиесінің мазмұны -балалардың ақыл-ой күшін дамыту: ақыл-ойдық даму деңгейі, адамның білімді жинақтай білу қабілеті, негізгі ойлау операцияларын меңгеруі, ақыл-ой іскерлігі. Ақылдық белгілі бір даму дәрежесін ақыл-ой күштері деп атайды. Ақыл-ой күштері адамды білім қорын жасауға, негізгі ойлау операцияларын жүзеге асыруға, зиялылық білік-тілікті меңгеруге қабілетті етеді. Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері де осыдан шығады.
Курстық жұмыстың зерттеу нысаны. Балабақшада педагогиканы оқыту үрдісі.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні - Балабақшадағы балалардың ақыл-ой тәрбиесінің маңыздылығы, оны оқытудың бала тәрбиесінде алатын орны.
Зерттеудің мақсаты. Балалардың ақыл-ой күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін дамьпу. Жеке тұлғаның адамзат мәдениетіне ену процессінде білімнің ролі, ақыл-ой мәдениетінің құрамды бөлігі ретінде қарастырылатын тұлғаның ғылыми көзқарасы өте өзекті. Ақыл-ой тәрбиесі барысында балалардың танымдық қызығушылықтары, логикалық ойлау, есте сақтау, зейін қою, елестету қабілеттері, икевділіктері мен дарындылықтары дамиды.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды этнопедагогика материалдары арқылы адамгершілікке тәрбиелесе, оның мазмұны теориялық-әдістемелік тұрғыдан негізделіп, іс жүзінде тәжірибеге енсе, онда мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік тәрбие беру ерекшеліктері қалыптасады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- танымдық қызығушылықты дамьпу;
- танымдық белсенділікті қалыптастыру;
- белгілі білім көлемін меңгеру;
- ғылыми көзқарасты қалыптастыру;
- ақыл-ой күштерін, қабілеттерін дамыту;
- ғылыми ақпараттар ағысында өз бетінше білім алуға ынталандыру.
Зерттеудің жетекші идеясы. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде арнайы ұйымдастырылған педагогикалық дамытушы ортаны ғылыми-әдістемелік негізде құру.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері - мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесіне зерттеген әдіскерлер, еңбектеріне шолу жасалынды.
Зерттеу көздері. зерттеу проблемасы бойынша философтардың, педагогтар мен психологтардың еңбектері; педагогиканың ғылыми жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибелерді мектепке дейінгі ұйымдардың ресми құжаттары; Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық-нормативтік құжаттары; оқу-әдістемелік кешендер; оқу-тәрбие үрдісіндегі озат педагогикалық тәжірибелер.
Курстық жұмыста қолданылған зерттеу әдістері - оқылған әдебиеттерде шолу жасау, түсіндіру, анализ - синтез, бақылау - байқау т.б. зерттеу әдістерін пайдаландым. Зерттеу тақырыбына қатысты педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттерді, дидактикалық нұсқауларды зерделеу, талдау.
Зерттеудің негізгі кезеңдері.
Кіріспе бөлімде зерттеудің өзектілігі, ғылыми аппараты, зертеудің мақсаты, нысанасы, пәні, міндеттері мен зерттеу болжамы, әдістері, кезеңдері көрсетілді.
Бірінші кезеңде зерттеу мақсатында мәселенің теория мен практикадағы жағдайы зерттелді, теориялық тұжырымдамалар талданды, зерттеудің ғылыми аппараты, болжамы мен жетекші идеясы нақтыланды.
Екінші кезеңде зерттеудің теориялық негізі нақтыланып, мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі зерттеу мәселесіне талдау жүргізілді, тәжірибелік жұмыс жасалынды.
Қорытындыда ғылыми жұмыстың нәтижелері негізінде әзірленген тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.
Курстық жұмыс зерттеудің ғылыми жаңалығы - Балабақша балаларына арналған тәрбие түрлері.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы - мектеп жасына дейінгі ақыл-ой тәрбиесі балабақшада кеңінен қолданылады.
Зерттеу базасы. №7 балабақша.
Курстық жұмысының құрылымы - кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қосымша және әдебиеттер тізімінен қосымшадан тұрады.

1 Мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесі
1.1Бала тәрбиесі - өте күрделі процесс
Бала тәрбиесі - өте күрделі процесс. Оның күрделігі бесіктенбастау алып, үнемі уақытпен, бала көңіл-күйімен, жеке қабілетімен, икемділігімен, тізгінді үнемі қадағалау қажеттігімен ұғындырылады. Тәртіптің ең тамаша мектебі - отбасы, Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің- дейді халқымыз. Иә, ұрпақтың тәрбиесі-қоғамның болашағы және оған аса зоржауапкершілікпенқарау - әрбірсаналы азаматтың борышы. Ел боламындесең, бесігіңдітүзе,- депМ.Әуезовкөрегендікпендәлайттыеме спе?! Бала тәрбиесініңдұрысжолғатүсуі оны қоршағанортаға, әсіресе, отбасы мен ұстаздарқауымыныңпарасаттылығынабай ланысты. Мемлекетіміздеқазіргітаңдасапалыбіл імберуменқатар, болашақжастардырухани-адамгершілікк етәрбиелеудің де зорқажеттігітуындапотыр. Әлеуметтікжағдайлардыңөзгеріскеұшыр ауыбілім беру мекемелеріндегітәрбиежұмыстарынтоқы рауғаәкелді. Қазіргікезеңдетәрбиегежәнетәрбиежұм ыстарынадегенжаңашакөзқарасқалыптас уда, олардыңізгілікмәнітереңірекашылуда.
Тәрбие жұмыстары әр баланы қайталанбас тұлға ретінде қарап, оның өзгеше қасиеттерін дамытуы қажет. Әрбір бала - тұлға, өзінше бір әлем, ал, әр педагогтың міндеті әр тұлғаны көре білу, жүректеріне жол табу. Бүгінгі күнде барлық ұстаздардың алдындағы мақсат өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу болып табылады.
Халықтың болашағы - ұрпағы, ұрпақтың тәрбиесі - ұстазда. Ұстаздың мұраты - жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеу. Ал, толыққанды азамат қалыптасу үшін - ақыл-ой тәрбиесі, имандылық, еңбек, эстетикалық, тілдік қатынас, дене тәрбиесі, сонымен қатар, экологиялық, экономикалық, жыныстық, патриоттық тәрбие берілуі тиіс. Тәрбиенің қалыптасуы - ұстаз, бала, ата-ана еңбегімен байланысты екендігі айқын. Демек, бұлар береке-бірлікпен жұмыс істеп, бұзылмайтын, айнымайтын темір тәртіпке бас игенде ғана іс оң нәтиже таппақ. Бұл ұл-дың еркіндігіне, қыздың шіркіндігіне қойылатын жоғары талап. Сондықтан да, осы үш негіз бірлесе отырып жұмыс жасаса өкінбейтініміз анық.
Тәрбие үрдісінде педагогтың білім өресі мен әдіскерлік шеберлігі, жеке басының үлгісі, шешуші роль атқаратынын ұмытуға болмайды. Шәкірттер өз ұстаздарының жүріс-тұрысына, мінез-құлқына, іс-әрекетіне, дүниетану көзқарасына еліктемей тұра алмайды. Орыстың ұлы педагогы К.Ушинский: Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген. Ешқандай жарғы да, бағдарлама да, ешқандай орынның жасанды әрекеті де оның орнын баса алмайды,- деп текке айтпаған.
Тәрбие мәселесін тек мектеп пен ұстаздар қауымының мойнына арта салумен іс бітпейді. Оның нәтижелі болуы ата-аналар мен қоғамдық ортаның тәрбие ісінен шет қалмай белсене араласуына, адам тәрбиелеудегі жауапкершілікті бірлесе көтеріп, жұмыла істеуге тікелей байланысты. Ол жөнінде Қазақстан Республикасының Білім туралы заң жобасында: Ата-аналар балалардың өмірі мен оқуы үшін олардың денсаулықтарын, рухани әрі дене қуатының қауіпсіз дамуын, адамгершілігі жағынан дұрыс қамтамасыз етуге міндетті,- делінген.
Тәрбие үрдісінде ұстаздың білім өресі мен әдіскерлік шеберлігі, жеке басының үлгісі, шешуші роль атқаратынын ұмытуға болмайды. Шәкірттер өз ұстаздарының жүріс-тұрысына, мінез-құлқына, іс-әрекетіне, дүниетану көзқарасына еліктемей тұра алмайды. Орыстың ұлы педагогы К.Ушинский: Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген. Ешқандай жарғы да, бағдарлама да, ешқандай орынның жасанды әрекеті де оның орнын баса алмайды,- деп текке айтпаған.
Оқушы жастардың жүрегін тебірентіп, ой-сезіміне әсер ету үшін біріншіден, тәрбиеші ұстаздың саяси сауатты, жан-жақты энциклопедиялық мол білімі болуы шарт, екіншіден, тәлімгер ұстаз өз бойындағы білімді оқушы жүрегіне еркін ұялата аларлықтай әдіскерлік шеберлігі қажет, үшіншіден, мұғалім оқу - тәрбие үрдісін жүргізу кезінде оқушының психологиялық ой-өрісінің өсу, даму дәрежесін бақылай, тамыршыдай тап басып білетіндей сезімтал психолог болуы керек.
Тәуелсіз ел болып, етек-жеңімізді енді ғана жинап болған қазіргі шақта халқымыздың тәлім - тәрбиесін игерген, рухани бай, ел болашағын ойлайтын, парасатты да саналы азамат тәрбиелеу - біздің, ұстаздардың басты міндеті. Білім мен тәрбиені сабақ барысында ұштастырып, бірлікте оқыту әрбір ұстаздың басты шарты болса, сынып жетекшілері тек сабақта ғана емес, сабақтан тыс уақытта да іздене жүріп, оқушылардың бойына тәрбиенің, соның ішінде ұлттық тәрбиенің, ең ізгісін, ең асылын сіңіре білуі керек.
Қазіргі таңда тәрбиенің теориясы мен практикасының өзекті мәселелерінің бірі білім - тәрбие жүйесінің мақсатын белгілей білу. Мәселен, мен оқушыларымның бойынан қандай қасиеттерді көргім келеді немесе болашақта қандай азамат болып өссе екен деп ойлаймын, осындай сауалдарға жауап іздеу барысында оқушыларға тәлім-тәрбие берудегі басты-басты мақсаттарды анықтап алуға болады. Жаңа заман адамдарын тәрбиелеуде ұстаз қауымына өмірдің өзі осыны талап етіп отыр. Ал ұстаздардың осы талап тұрғысынан табылуы, олардың адам тәрбиесіне өнер деп қарап, үнемі шығармашылықпен іздене жүргізуіне, мектеп басшыларының күнделікті бақылау басшылығына, әр ұстаздың бойындағы жақсы қасиетті, өнегелі істі танып көре білуіне, оны үлгі-өнеге етуіне байланысты демекпін.
Тәуелсіз еліміздің ертеңі өткен тарихымызбен тығыз сабақтасып келеді. Жаста берген тәрбие - жас шыбықты игендей,- деп Ы. Алтынсарин айтқандай халқымыздың сан ғасырлық тарихынан өзек тартатын рухани мұрасын ұрпақ бойына сіңіргенде ғана еліміздің жұлдызы жанып, әлемдік мәдениетке ұмтылары айқын. Ел басшысынан бастап даладағы еңбекшіге дейін мектеп босағасынан өтіп, тәрбие алып шығатыны белгілі.
Тәрбие жолы - қиын жол. Өмірді өрнектейтін адам - ұстаз шәкірт алдындағы парызын ешуақытта ұмытпайды. Мүлт кетсе үлкен қателік жіберіп алатынын біледі. Ал, тәрбиеде кеткен қателікті түзеу оңай іс емес. Мектептегі әр ұстаз ізденуді, білім беруді, баулуды, тәрбиелеуді, шығармашылықпен еңбек етуді абыройлы міндет, айбынды мақсаты деп біледі. Жас ұрпақты білімді, жан-жақты етіп өсіруге әрбір ата-ана, мектеп және бүкіл жұртшылық болып қатысу керек. Сондықтан да ұстаздар қауымы, сапалы білім бере отырып, еліміздің болашақ жастарын ұлағаттылыққа тәрбиелейік!
Ұрпақ тәрбиесі - келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени, ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу - біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
Мектепке дейінгі адамгершілік тәрбие - балалардың адами сана-сезімін, мінез-құлқын қалыптастыруды қамтиды. Дәлірек айтқанда, адалдық пен шыншылдық, адамгершілік пен кішіпейілдік, қарапайымдылық пен сыпайылық, үлкенді сыйлау мен ибалылық адамзат тәрбиесінің жүйелі сатылап қамтитын мәселелері.
Ата-ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда. Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер не айтса, соны айтатыны, не істесе, соны істегісі келетіні белгілі. Баланың үйден көргені, етене жақындарынан естігені ол үшін адамгершілік тәрбиенің ең үлкені. Демек, жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға берер тәлімі мол болмақ.
Бүгінде көгілдір экранның, жалпы бұқаралық ақпарат құралдарының адамзат баласы үшін маңызы зор. Алайда аталмыш дүние адам психологиясына, тәрбиесіне кері әсерін тигізіп жататыны жасырын емес. Өйткені, батыстан әкелініп жатқан айқай-шуға, қатігездікке толы, мағынасын түсініп болмайтын мультфильмдер бүлдіршіндердің санасына айтарлықтай әсер етуде. Шетелдің мультфильмдерінде балаларды қызықтыру аясы өте жақсы ойластырылған. Аталмыш дүниелер балалардың орнынан тапжылмай отырып көрулеріне арналғандай.
Мамандардың пікіріне сүйінсек, балалар мен жасөспірімдер теле-аудиторияның ең белсенді көрушілері екен. Әрбір бала шамамен өз уақытының 30 пайызын экранның алдында өткізеді. Ол орта есеппен мектепке барғанша 5 мың сағат, мектеп бітіргенше 19 мың сағат теледидар алдында отырады екен.
Ел боламын десең, бесігіңді түзе демей ме? Мультфильм - жас ұрпақты тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады. Балаларымызтеледидардан не көрсе, соғанеліктейді, жақсы мен жаманды да соданүйренеді. Ендешежасбуынныңбойындатуғантіл, мәдениет пен тарихқадегенқызығушылығынарттыруүші н, сондай-ақ, баланың ой-өрісіндамытуға, ұлттықрухтағытәрбиесініңбекуінежолс алатынқазақтіліндегіанимациялықфиль мдеркөпшығарылукерек. Қазіргіақпараттықзамандакөгілдірэкр анныңкүштінасихатқұралынаайналғанын ескерсек, отандықтелеарналарғабалағаұлттықтәр биеберетінқазақтіліндегімультфильмд ершығарукезеккүттірмесмәселеекеніна тапайтқымкеледі.
Балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі тұтады. Халық педагогикасына нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял-ғажайып ертегілері, ой-өрісті дамытатын ойындар, ұлттық тәрбие негіздері жатады. Міне, мұның барлығы адамгершілікке баулиды. Олай болса, тәрбие кілті - халық педагогикасында деуге толық негіз бар. Өйткені халқымыздың тәлім-тәрбиелік мұрасы адамгершілікті, қайырымдылықты, мейірбандықты дәріптейді.
Баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық сынды адамгершіліктің құнды қасиеттерін сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен мұғалімдер шешуші рөл атқарады. Яғни рухани-адамгершілік тәрбие - екіжақты процесс.
Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген. Ешқандай жоғары білімсіз-ақ дана халқымыз тәрбиенің небір оңтайлы әдістерін бесіктен бастаған.
Әңгімелер, ертегілер баламен қатынасының ең нәтижелі құралы болып табылады. Атақты педагог Ы.Алтынсарин: Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады, - деп атап айтқан. Ертегілерде жақсылық пен жамандық, батырлық, жауыздық, қорқы-ныш пен әділетсіздік бар екендігі белгілі. Сондай-ақ, олардың бір-біріне қарсылығы, ең бастысы, небір қиын-қыстау жағдайда қалай жеңіп шығу мүмкіндігі көрсетіледі.
Сонымен қатар, балалардың танымдық қабілетін дамытуда ойындардың да атқаратын маңызы зор. Ойын - мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал тигізетін басты құбылыс. Ойын - баланың бірінші әрекеті. Ол баланың қабылдау, ойлау, қиял, есте сақтау сияқты даму үрдістерінің жетілуіне көмектеседі. Баланың ақыл-ой белсенділігін қалыптастыратын, алған білімдерін тереңдететін де - ойын. Соның ішінде, ұлттық ойындардың орны ерекше. Қазақ халқының ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, шапшаңдықты, логикалық ойлау қабілетін, ізденімпаздықты дамытады. Сонымен бірге, ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принциптеріне негізделген. Сондықтан болар, ойын үстінде бала өзін-өзі ұмытып, ортадағы іс-әрекетке ден қойып, өзгелермен еркін ынтымақтасып, бірге еңбек етуге құштар болатындығы байқалады.
Ұлттық ойын түрлері мен ауыз әдебиеті үлгілерін сабақта пайдаланудың арқасында жасөспірімнің салт-дәстүрге деген саналы көзқарасы кеңейіп, ана тіліне қызығушылығы мен ықылас-ынтасы артады. Көкпар, Алтын сақа, Бәйге, Тапқыр болсаң, талас жоқ, Кім жылдам? сынды түрлі зияткерлік ойындар бала қиялын дамытып, мүмкіндіктерін ашып, жаңалыққа, бәсекелестікке ұм-тылуға мүмкіндік береді.
М.Жұмабаев: Жас бала - жас бір шыбық, жас күнде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ, - деген екен. Демек, халық педагогикасына сүйене отырып, баланы патриоттыққа тәрбиелеу, отансүйгіштік пен ұлттық намысын ояту - ең басты мәселелердің бірі. Бәсекеге қабілетті дамыған 50 елдің қатарына қосылу үшін де бұл мәселенің маңызы зор. Ендеше ұрпақ тәрбиесіне бүкіл халық болып жұмылғанымыз жөн. Сонда ғана көтерер жүгіміз жеңілдеп, көкжиегіміз кеңеймек.

1.2 Ақыл-ой тәрбиесі
Ақыл-ой тәрбиесі -- балалардың ойлау қабілетін дамыту, интеллектуалдық ақыл-ой санасын, дүниеге ғылыми көзқарасын жетілдіру, ой еңбегі мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет. Ақыл-ой тәрбиесі жеке тұлғанықоғамның өркениетті даму бағытына сай жан-жақты тәрбиелеудің құрамды бөліктерінің бірі. Ол білім жүйесін меңгеруге, оқушылардың рухани күшінің дамуына ықпал жасайды. Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат, қоғам, адам жайындағы ғылым негіздерімен қаруландыру; қоршаған ақиқат дүниеге ғылыми көзқарасын, сенімін қалыптастыру; балалардың ойлау қабілетін (абстрактылы ойлау, ойлау операциялары -- талдау, синтездеу, салыстыру, жинақтау, топтау, негізгісін ажырату, жіктеу т.б.), таным іс-әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазу т.б.) дамыту. Ол ой еңбегі мәдениетін меңгеруге, интелектуалдық іс-әрекетпен ұзақ шұғылдана білуге, оқушыларды дербес жұмыс істеуге дағдыландырады. Ақыл-ой тәрбиесі шәкірттердің ерекшеліктеріне қарай дидактикалық талаптар (саналылық, белсенділік, өздігінен жұмыс істеуге үйрену, ұғыну т.б.) қояды. Бұл талаптар оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар арқылы іске асады.
Ақыл-ой тәрбиесі дегеніміз - оқушылардың ақыл-ой күшін, ойлауын дамыту және ақыл-ой еңбегі мәдениетін дарыту үшін мұғалімнің атқаратын мақсатты іс-қызметі. Ақыл-ой тәрбиесі білім қорының жинақталуына, оқу-танымдық операцияларды меңгеруге тікелей ықпал етеді. Адамның ақыл-ойы -барлық адамдарға тән адам миы қызметінің өнімі. Педагогтар және психологтар ойды және оның жеке түрлерін дамытуды ұсынады.
Ақыл-ой тәрбиесінің мазмұны - оқушылардың ақыл-ой күшін дамыту: ақыл-ойдық даму деңгейі, адамның білімді жинақтай білу қабілеті, негізгі ойлау операцияларын меңгеруі, ақыл-ой іскерлігі. Ақылдық белгілі бір даму дәрежесін ақыл-ой күштері деп атайды. Ақыл-ой күштері адамды білім қорын жасауға, негізгі ойлау операцияларын жүзеге асыруға, зиялылық білік-тілікті меңгеруге қабілетті етеді. Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері де осыдан шығады.
Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері:
- ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорын жинақтау;
- ақыл- ой түрлерін дамыту;
- негізгі ойлау тәсілдерін меңгеру;
- зиялылық біліктерді қалыптастыру
- дүниетінымды қалыптастыру.
Оқушы нақты оқу материалын - фактілерді, оқиғаларды, символдарды, терминдерді, есімдерді, заңдарды, теоремаларды меңгеріп, білім қорын жинақтайды. Білім оны қолдану саласымен, қолдану әдістемесімен байланысты. Білім қорын меңгеруде баланың мақсатқа жетуге ұмтылуы, білімді ала білуі, ақыл-ой еңбегінің мәдениеті үлкен рөл атқарады. Мұғалім ақыл-ойды және оның жеке түрлерін дамытуға міндетті.
Ақыл-ойдың түрлері: диалектикалық, логикалық, абстрак-тылық, категориялық, теориялық, индуктивтік, дедуктивтік, алгоритмдік, техникалық, өнімдік және репродуктивтік, жүйелілік.
Диалектикалық ойлау - құбылыстардағы қарама-қайшылықтардың бірлігін көру, даму бағыттарын анықтау, жаңаның пайда болуын көру, құбылыстардың өзара байланысын, пайда болу себептерін табу.
Логикалық ойлау - білімді өңдеудің логикалық тәсілдерімен байланысты. Талқылау, дәлелдеу, теріскешығару, қорытынды, болжам жасау тәсілдері байланыстарды табуға, жаңа білім алуға көмектесіп, білімді жүйеге келтіреді.
Абстрактылы ойлау- адамға мәнсіз белгілерді көріп, жалпы және мәндіні бөлуге, абстрактылы ұғым қалыптастыруға көмек-теседі.
Категориялық ойлау - айырмашылықтары мен ұқсастықтары негізінде ұғымдарды топтарға біріктіру іскерлігі.
Теориялық ойлау - білімнің ғылыми негіздерін, даму принциптерін түсініп, заңдылықтарды көріп, құбылыстар арасындағы мөнді байланыстарды түсіну іскерлігі.
Индуктивтік ойлау - ойдық жекеден - жалпыға, фактілерден - корытындыға қарай қозғалысы.
Дедуктивтік ойлау - ойдық жалпыдан - жекеге, қорытындыдан - фактілерге қарай қозғалысы.
Алгоритмдік ойлау - нұсқауға, ережеге толықтай сүйеніп, міндеттерді бөліп, іс-әрекет стратегияларын анықтау.
Ақыл-ойдық дамуы талдау (тұтасты жеке бөліктерге ойша бөлу), синтез (бөліктерді тұтасқа ойша біріктіру), салыстыру (ұқсастықтарды және айырмашылықтарды табу), жүйелеу (заттарды, құбылыстарды топтарға бөлу) сияқты негізгі ойлау тәсілдерін меңгеруге байланысты.
Зиялылық біліктілік оқушының сапалы білім алуына көмектеседі. Оқу іскерліктері жалпы - барлық оқу пәндерінде қолданылатын және арнайы - белгілі бір білім саласынан білім алуға керекті іскерліктерге бөлінеді. Бұл іскерліктер оқу бағдарламасында жазылады.
Жалпы (жалпы педагогикалық) іскерліктер - оңи білу, тыңдау, өз ойын ауызша баяндау, жазу, кітаппен жұмыс істей білу. Қазіргі уақытта оқушының өз жұмысының қорытындысын шығара білу іскерлігіне үлкен маңыз берілуде.
Арнайы іскерліктер - ноталарды тез оқу, техникалық сызбалар, тарихи және жағрафиялық карталарды оқу, музыкалық шығармаларды тыңдау, сөздіктерді және анықтама әдебиеттерін қолдану. Бұл іскерліктерге оқушыларды үйрету керек. Оқулықтағы "Мәтіндібаянда", "Жоспаржаса", "Дәлелде" деген тапсырмаларды орындату үшін мұғалім оқушы іс-әрекетінің стратегиясын белгілейді. Осы іскерліктер оқушының ақыл-ой еңбегі мәдениетін дамытады. Бұл: уақытты тиімді пайдалану, оңтайлы жұмыс ырғағы, жұмыстағы жүйелілік, жұмыс орнын тәртіппен ұстау, ақыл-ой іс-әрекетінің ережелерін білу, жұмысқа кірісе білу, жұмысты зейін қойып, мұқият атқару, қиыншылықтарды жеңе білу.
Ақыл-ой тәрбиесінің маңызды міндеті - оқушыларға табиғат пен қоғам дамуының заңдарын меңгертетін ғылыми дүниетінуды қалыптастыру.
Ақыл-ой тәрбиесінің құралдары.
Ақыл-ой тәрбиесінің ең басты құралы - оқыту.
"Дамыта оқыту" ережелеріне сүйеніп жасалған оқу бағдарламалары оқушыларды ақыл-ой жұмысына үйретеді.
Ақыл-ой тәрбиесін беру жолдарын Л.С.Выготский, Л .В.Занков, т.б. терең зерттеді. Л.В.Занков оқушының ақыл-ойын өсіру үшін өілімді бере берудің жеткіліксіздігін, ақыл-ой жұмысының тәсілдеріне үйрету керектігін дәлелдеді.Д.Б.Эльконин ақыл-ойды білімнің мазмұны дамытатынын дәлелдеп, оған анықтама, фактілерді енгізумен шектелмей, оқушы өзі білім алатын таным қызметін ұйымдастыру үшін сабақты мәселелі пікірталас әдісімен өткізуді ұсынды.
Л.В.Занков және оның ізбасарлары ұсынған дамыта оқыту принциптері:
:: бағдарламаны тез қарқынмен оқып, оқушыларға жаңа білімдерді бере
беру. Ең бастысы - танымның үздіксіздігі және жүйелілігі.
:: бастауыш сыныптардағы теориялық білімнің жетекші рөлі. Оқушылар таным, ақыл-ой жұмысымен айналысып, бақылаулары арқылы ұғым, анықтама шығарып, білімдерін тәжірибеде қосарлданады. Мысалы, абстрактылық алгебралық операциялар тәжірибелік жұмыстар үшін қолданылады.
Зиялылық іскерліктерді қалыптастыруға көмектесетін тапсырмалардың негізгі түрлері:
:: оқушының дербестігін, индуктивтік ойлауын дамытатын зерттеу сипатындағы тапсырмалар: бақылау, эксперимент жүргізу, саяхаттар, экспедициялар, ауылшаруашылық тәжірибелік жұмыстар, приборларды құрастыру, сурет бойынша сөйлем құрастыру, шығарма, рефераттар жазу, сурет салу, т.б.
:: логикалық және жинақтай ойлау іскерлігін дамытатын салыстыруға берілетін тапсырмалар: шығарма кейіпкерлерін, импметриялық фигураларды, оқиғаларды салыстыру.
:: ойлау әрекеттерін реттеуге бағытталған ақыл-ойдың алгоритімдік түрін дамытатын тапсырмалар: оқиғаны жоспар бойынша баяндау, суретті үлгіге қарап сипаттау, есепті шығару жоспарын жасау, алгоритмдік нұсқамаларды пайдалану, оларды өз бетімен құрастыру, т.б.
:: талдауға байланысты тапсырмалар: заттарды, құбылыстарды топқа бөлу.
Ақыл-ой тәрбиесін беру үшін мұғалімдер, ғалымдар ғылыми тақырыпта лекциялар оңиды, ғылыми кинолар көрсетеді, оқырмандар конференциясын өткізеді, кітап көрмесін ұйымдастырады, физика, химия, математика, т.б. пәндерден апталықтар, байқаулар, олимпиадалар өткізеді. Топтар шеберханаларда көрнекі құралдар жасайды. Үйірмеде қиын есептерді шығарып, оқушылар сөзжұмбақ, ребус, сөзөрім, сөзтуымдар шешеді.
Жеке оқушылар ғылыми кітаптар оқиды, техника жасайды, үлгілер құрастырады, шығармашылықты талап ететін тапсырмалар орындайды, ғылыми тақырыпта баяндама, рефераттар оқиды.
Ақыл-ой тәрбиесі мен ақыл ойды дамытуға арналған тапсырмаларды түрлендіріп, үйлестіріп берудің маңызы зор. Мұғалім осы талап тұрғысынан оқушы тұлғасын қалыптастырғысы келсе, өзі бұл тұрғыдан жоғары болуы тиіс.
Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттерін шешу мұғалімнің біліміне, жалпы және әдістемелік мәдениетіне, өзінің танымдық күшінің дамуына байланысты екендігі сөзсіз. Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке тарту, түрлі тапсырмаларды пайдалану, оқытуды дұрыс ұйымдастыру, олардың жалпы дамуын және рухани қажеттерінің өсуін қамтамасыз етеді.
Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруда ақыл-ой еңбегінің мәдениетін қалыптастыру айрықша орын алады. Оқу еңбегінің мәдениеті оқушылардың ақыл-ой іс-әрекетінің сапасын сипаттайды. Еңбектену мәдениеті - бұл оқу еңбегін дұрыс жоспарлау және тиімді ұйымдастыру, оқу ережесін сақтау, жұмыс орнын және қажетті материалдарды реттеу, оқу құралдарын пайдалана білу.
Ақыл-ой жұмысының дұрыс ұйымдастырылған ырғағы демалыс пен еңбек түрлерінің ретпен жүргізіліп отыруын қажет етеді. Оқушы осылардың бәрін біріздік пен жүйелі түрде басшылыққа алып отырса, оқу еңбегінің тиімділігі артады.
Ғылыми және әдеби кітаптармен жұмыс істегенде оқушылардың ақыл-ой мәдениеті байқалады. Оқушыларды жұмыс істеуге дағдыландыру үшін оларды кітаппен жұмыс істеудің көптеген тәсілдеріне үйрету қажет. Олар: кітап мазмұнын ұтымды пайдалану, мәтіннің түсініксіз жерлерін бөлу, мәтінге сұрақтар қою, оларға жауап қайыру, жұмысты жоспарлау, конспектілеу, қысқаша желісін дайындау, т.б. Жұмыс барысында жинақы болу, қиыншылықты жеңу, ақыл-ой қабілетін дамыту, естің әр түрлі нысандарын пайдалану - тұлғаның өзін-өзі ұстай білуіне және жан-жақты сауаттылығына байланысты.

2 Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі
2.1Ақыл-ой тәрбиесі және оның міндеттері
Халық педагогикасыңда тәрбие, оның бөліктері туралы ұғымдардың анықтамаларының да ғылыми педагогиканың анықтамаларымен сәйкес кенетіндігі байқалады. Халық педагогикасы бойыиша ақыл-ой тәрбиесі деп шәкірттердің ойлау қабілеттерін, сана-сезімін оқу және еңбек процесінде дамытуды айтады. Ғылыми педагогикалық анықтамасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп оқушылардың ақыл-ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл-ой еңбек мәдениетін дарытудағы тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекетін түсіндіруді айтамыз.
Бірақ оқушы өмірінің іс-әрекеті тек тәрбиешілердің мақсатты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру жолдары
3 жас кезеңіндегі балалардың сөйлеуін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі
Қазіргі қоғамдағы ақыл-ой тәрбиесінің жеке тұлғаны тәрбиелеудегі маңызы
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің міндеттері
Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы
ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК САБАҚТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Дене тәрбиесінің әдістемесі
Сенсорлық білім - сенсорлық танымның қалыптасуын және сезімдер мен қабылдауды жетілдіруді қамтамасыз ететін мақсатты педагогикалық әсерлер
Пәндер