Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс-әрекетінің әдістемесі



МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.6
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс.әрекетінің теориялық негіздері
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың ойынының зерттелуі ... ... ... ... 7.11
1.2 Ойынның педагогикалық тәрбиелік мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11.13
2 Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс.әрекетінің әдістемесі
2.1 Ойын арқылы балалардың оқуға қызығушылығын арттыру ... ... ... ..14.22
2.2 Оқыту барысында қолданатын ойын элементтері ... ... ... ... ... ... ... ..22.30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31.32
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Ойын – бала қызығушылығына негізделген оқыту тәсілдерінің бірі. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын баласы екенін ескере келе, дидактикалық ойындардың жүйелі қолданылуы жақсы нәтиже береді. Дидактикалық ойындарды пайдалану мселесі педагогикалық теорияда кеңінен қарастырылған. Атап айтсақ, Ахметов С., Алдабергенов А., Ахметов Н.К., Хайдаров Ж.С., Кларин М.В., Қайырбекова А., Төлтаева Г., Әбселемова А., Әбішова А. т.б. ғалымдар дидактикалық ойындардың маңызын, түрлерін қолдану жолдарын көрсеткен[1]. Педагогикалық процесте ойын балалар іс-әрекетінің басқа да түрлерімен, бәрінен бұрын еңбекпен, оқу үстіндегі оқытумен өзара тығыз байланыста болады.
Қоғамның болашақ азаматын өсіру үшін отбасы, қоғамдық орындар, қоршаған ортаның тигізер ықпалы ұшан-теңіз. «Үлкендер өсіп келе жатқан балдырғанға адамгершілік сезімдерін дер шағында дарыта беру үшін оны қоршаған ортасында көңілді, қуанышты жайларды жасай білуі шарт»-дейді Е.А.Аркин[2]. Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың ең басты іс-әрекеті болып табылады. Атап айтқанда ойын арқылы балалар өмірді таниды, ойын оларды үлкен өмірге дайындайды. Сонымен қатар баланың шығармашылық дамуында маңызы өте зор. Ойын мәнін балалық шақтан есейген шаққа өтетін көпір ретінде сипаттауға болады. Сонымен қатар мектепке дейінгі балалардың іс-әрекетінің дамуы үшін, тәрбиелеу үшін де ойынның мәні өте зор.
Сапалы ұрпақты өсіру әсіресе, педагогика ғылымының дамуына ерекше көңіл аударуды талап етеді. Педагогиканы дамыту арқылы өскелең ұрпақты өз дәрежесіне әлем елдеріне таныту бұл біздің әрбір азаматтың міндеті. Психолого-педагогикалық қызметте негізгі әрекет түрі баланың логикалық психикалық дамуы болып табылады. Мұнда баланы тәрбиелеу процесіндегі шығармашылық дамыту ойын іс-әрекетімен тығыз байланыста болуы тиіс. Тәжірибеде нақты әрекет баланың жеке психикалық және белгілі әлеуметтік-педагогикалық кеңістіктегі дамуына сүйенеді.
В.А.Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ.» және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе icпетті, ол арқылы баланың рухани ceзімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз-ұшқын, білімге құмарлық пен іліктеудің маздап жанар оты.
¥лы педагог А.С. Макаренко ойынға үлкен мән бере отырып, өзі басқарған мекемелерінде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп отырады. Ойын баланың өмipiн қызыққа, қуанышқа бөлеуін камтамасыз eту үшін ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын тәрбиелейді- деп қарастырады[3].
Ойынды зерттеу мәселесімен педагогтар мен психологтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар т.б әcipece өнер қайраткерлері түрлі саладағы ғалымдар ерекше шұғылданған. Біздің қарастырып отырғанымыз-танымдық ойындар. Танымдық ойындардың түрлері көп. Мысалы, сөз жүмбақ, сөз тізбек, крассворд, викторина, психологиялық жаттығулар, логикалық есептер, тренинг, тест, т.б Танымдық ойындар жас ерекшеліктеріне қарай күрделене түседі. Адам бойындағы қызығушылығын, қабілеттерін арттыруға, білімін шыңдауда танымдық ойындардың алар орны ерекше.Адамның танымы биіктеген сайын, дүниеге көзқарасы да кеңейе түседі.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. – А., 1991.
2. Айтмамбетова Б., Бозжанова К., т.б. Балаларды семьяда адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. – Алматы, 2000.
3. Айтмамбетова Б., Бейсенбаева. Тәрбиенің жалпы әдістері. – А.,1991.
4. АйғабыловаН. Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары. – А., Өнер. 1972.
5. Ахметов Ж. Балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу жолдары. //Қазақстан мұғалімі, А., 1994.
6. Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. Астана,1998.
7. Е. Сағындықұлы. Педагогика. - А, 1999.
8. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері.-А., 1991.
9. Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. - А.. 1999
10. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.-123б .
11. Педагогика. Оқулық. Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының ұжымы, -Алматы,2005. - 152-162б
12. М.Қалиева. Білім беру технологиялары және оларды оқу-тәрбие үрдісінде енгізу жолдары. Алматы.2002.
13. Хмель Н.Д., Хайруллин Г.Т., Муканова Б.И. Педагогика: Оқулық/Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедралар авторлар ұжымы.- Алматы. 2005.430 б.
14. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика: Университеттер студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы, 2004-420б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-6
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс-әрекетінің теориялық негіздері
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың ойынының зерттелуі ... ... ... ... 7-
11
1.2 Ойынның педагогикалық тәрбиелік
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11-13
2 Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс-әрекетінің әдістемесі
2.1 Ойын арқылы балалардың оқуға қызығушылығын арттыру ... ... ... ..14-22
2.2 Оқыту барысында қолданатын ойын
элементтері ... ... ... ... ... ... ... ..22-30
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..31-32
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .33

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Ойын – бала қызығушылығына негізделген
оқыту тәсілдерінің бірі. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын баласы
екенін ескере келе, дидактикалық ойындардың жүйелі қолданылуы жақсы нәтиже
береді. Дидактикалық ойындарды пайдалану мселесі педагогикалық теорияда
кеңінен қарастырылған. Атап айтсақ, Ахметов С., Алдабергенов А., Ахметов
Н.К., Хайдаров Ж.С., Кларин М.В., Қайырбекова А., Төлтаева Г., Әбселемова
А., Әбішова А. т.б. ғалымдар дидактикалық ойындардың маңызын, түрлерін
қолдану жолдарын көрсеткен[1]. Педагогикалық процесте ойын балалар іс-
әрекетінің басқа да түрлерімен, бәрінен бұрын еңбекпен, оқу үстіндегі
оқытумен өзара тығыз байланыста болады.
Қоғамның болашақ азаматын өсіру үшін отбасы, қоғамдық орындар,
қоршаған ортаның тигізер ықпалы ұшан-теңіз. Үлкендер өсіп келе жатқан
балдырғанға адамгершілік сезімдерін дер шағында дарыта беру үшін оны
қоршаған ортасында көңілді, қуанышты жайларды жасай білуі шарт-дейді
Е.А.Аркин[2]. Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың ең басты іс-әрекеті
болып табылады. Атап айтқанда ойын арқылы балалар өмірді таниды, ойын
оларды үлкен өмірге дайындайды. Сонымен қатар баланың шығармашылық дамуында
маңызы өте зор. Ойын мәнін балалық шақтан есейген шаққа өтетін көпір
ретінде сипаттауға болады. Сонымен қатар мектепке дейінгі балалардың іс-
әрекетінің дамуы үшін, тәрбиелеу үшін де ойынның мәні өте зор.
Сапалы ұрпақты өсіру әсіресе, педагогика ғылымының дамуына ерекше
көңіл аударуды талап етеді. Педагогиканы дамыту арқылы өскелең ұрпақты өз
дәрежесіне әлем елдеріне таныту бұл біздің әрбір азаматтың міндеті.
Психолого-педагогикалық қызметте негізгі әрекет түрі баланың логикалық
психикалық дамуы болып табылады. Мұнда баланы тәрбиелеу процесіндегі
шығармашылық дамыту ойын іс-әрекетімен тығыз байланыста болуы тиіс.
Тәжірибеде нақты әрекет баланың жеке психикалық және белгілі әлеуметтік-
педагогикалық кеңістіктегі дамуына сүйенеді.
В.А.Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты
дамуы да жоқ. және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен
жарық терезе icпетті, ол арқылы баланың рухани ceзімі жасампаз өмірмен
ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз-ұшқын,
білімге құмарлық пен іліктеудің маздап жанар оты.
¥лы педагог А.С. Макаренко ойынға үлкен мән бере отырып, өзі басқарған
мекемелерінде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп
отырады. Ойын баланың өмipiн қызыққа, қуанышқа бөлеуін камтамасыз eту үшін
ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын тәрбиелейді-
деп қарастырады[3].
Ойынды зерттеу мәселесімен педагогтар мен психологтар ғана емес,
философтар, тарихшылар, этнографтар т.б әcipece өнер қайраткерлері түрлі
саладағы ғалымдар ерекше шұғылданған. Біздің қарастырып отырғанымыз-
танымдық ойындар. Танымдық ойындардың түрлері көп. Мысалы, сөз жүмбақ, сөз
тізбек, крассворд, викторина, психологиялық жаттығулар, логикалық есептер,
тренинг, тест, т.б Танымдық ойындар жас ерекшеліктеріне қарай күрделене
түседі. Адам бойындағы қызығушылығын, қабілеттерін арттыруға, білімін
шыңдауда танымдық ойындардың алар орны ерекше.Адамның танымы биіктеген
сайын, дүниеге көзқарасы да кеңейе түседі.
Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірибесі ойынның білімдік
құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу сырын ғалымдар жүздеген жылдар бойы
зерттеп келеді. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер бар.
Көп тұжырымдардың бірі бойынша ойын қоғамның діни, әлеуметтік-
экономикалық және мәдени дамуы кезіндегі бос уақыт пен демалысты өткізу
мәселесінен туындаған. Ерте заманда ойын қоғамдық өмірдің бір бөлігі болып,
оған діни-саяси маңыз берілген. Ерте гректер ойынды Құдайлар қолдаған десе,
Қытайда мерекелік ойындарды император ашып, өзі де қатысқан.
Кеңес өкіметі кезінде халық мәдениетінің ойын салт-дәстүрлерінің дамуы
мен сақталуы қала сыртындағы жаздық лагерьлерді ұйымдастыру тәжірибесінен
басталды.
Әлем педагогикасында ойын - белгіленген ережелері бар, бір мақсатқа
жету үшін ойыншылар арасындағы сайыс пен жарыс ретінде қарастырылады.Ойын
ең алдымен қарым-қатынас жасау, үйрету, өмірлік тәжірибені жинақтау
жолындағы әлеуметтік мәдени феномен болып табылады.
Ойынның қиыншылығы оның түрлерінің көптігінен, қатысушылар санынан,
ойын өткізу алгоритмінен туындап отыр. Ойын әрекеті сәби кездегі қарапайым
сылдырмақтардан басталып, бірте-бірте күрделену арқасында фантастикалық
шындық деңгейіндегі видео-компьютерлік ойындарға айналады. Ойынның
табиғилығы сонша, ол оқу элементінің таптырмас бөлігі. Ойын үрдісі кезінде
сыныптағы топтардың әлеуметтік рөлі және ойын тәртібі игеріледі. Ойын
мақсаттарына жету жолында ұжымның бірлескен іс-әрекетінің дағдысы,
оқушылардың жеке мінез-құлқы қалыптасады. Ақыл-ойды дамыту ойындарынан
бастап бизнеске, мәдениетке, қоғамтануға және басқарудың барлық салаларына
сәйкес мамандар даярлауға қатысты бағдарламаларды меңгеруге көмектеседі.
Ойыншылар, мұғалімдер қосымша материалдар, оқулықтар, көрнекі
құралдар, компьютерлік технологияларды енгізе отырып, мәдени салт-дәстүрді
жинақтайды.
Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар,
психологтар, социологтар зерттеуде.
Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті көрініс-құбылыс.
Сабақта тиімді қолданылған ойын элементтері – мұғалімнің түсіндіріп
отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы
меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас
ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп,
тапсырмаларды тез әрі қызығып орындайтын болады.
Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын
арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі,
шығармашылығы артады.
Ойын проблемасымен шұғылданған көрнекі ғалымдар Р.М. Жуковская, Д.В.
Менджерицкая, Т.А. Маркова, Н.Я. Михайленколардың айтуынша балалар игерген
білімдерін ойынға пайдалана білу керек. Ал мұғалімнің міндеті - балаларды
ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету[4].
Зерттеу нысанасы: мектепалды даярлық топ балаларын оқу және тәрбиелу
үрдісі.
Зерттеу пәні: мектеп жасына дейінгі балалардың ойын тәрбиесін беру
ерекшеліктерін қалыптастыру.
Жұмыстың мақсаты:
Ойын іс-әрекетінің мектеп жасына дейінгі балаларға педагогикалық
әсерінің ерекшеліктерін, оның ішінде қиял процессінің дамуына әсерін
зерттеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды
ойын процесі арқылы оқуға тәрбиелесе, оның мазмұны теориялық-әдістемелік
тұрғыдан негізделіп, іс жүзінде тәжірибеге енсе, онда мектеп жасына дейінгі
балалардың ойын арқылы білім беру ерекшеліктері қалыптасады.
Зерттеу міндеттері:
1.Іс-әрекет және оның әдіснамалық негізі қарастыру.
2. Ойынның педагогикалық-тәрбиелік мәні жан-жақты ашу.
3. Ойын іс-әрекетінің баланың психологиялық дамуына әсерін көрсету.
4.Ойын іс-әрекетінің баланың қиялын дамытуда алатын рөлін айқындау.
Зерттеудің жетекші идеясы: Ойын арқылы мектеп жасына дейінгі
балалардың білімге деген қызығушылығын оятса теориялық-әдістемелік тұрғыдан
негізделуі балалардың жалпы адамзаттық, адамгершілік құндылықтарын
қалыптастырды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық маңыздылығы:
- теориялық-әдістемелік әдебиеттерді талдау негізінде мектепке дейінгі
ұйымдарда балаларды ойын арқылы тәрбиелеудің мүмкіндіктері, ерекшеліктері
айқындалды;
- мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы білімге деген
деңгейлерінің өлшемдері мен көрсеткіштері айқындалды.
Зерттеудің көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың,
педагогтар мен психологтардың еңбектері; педагогиканың ғылыми жетістіктері
мен озық педагогикалық тәжірибелерді мектепке дейінгі ұйымдардың ресми
құжаттары; Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық-нормативтік
құжаттары; оқу-әдістемелік кешендер; оқу-тәрбие үрдісіндегі озат
педагогикалық тәжірибелер.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша ғылыми-әдістемелік
әдебиеттерге, білім стандартына, оқу бағдарламаларға теориялық талдау,
мұрағат құжаттарын зерделеу, талдау жинақтау, қорыту және жүйелеу,
балабақша тәжірибесінен жинақталған материалдарға салыстырмалы талдау
жасау, іріктеу, тұжырымдау, сауалнама жүргізу, эксперимент нәтижелерін
өңдеу, бақылау, әңгіме, анкета, т.б. әдістері қолданылды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
1. мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды ойын арқылы білім беру
ұсыныстары, үлгі жоспарлары жасалды;
2. балаларды оқуға тәрбиелеуде ата-аналармен жұмыс бағдарламасы
құрастырылды.
Зерттеу базасы. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс Тараз қаласының №8
балабақшасының ересектер тобы балаларымен жүргізілді.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Кіріспе бөлімде зерттеудің өзектілігі, ғылыми аппараты, зертеудің
мақсаты, нысанасы, пәні, міндеттері мен зерттеу болжамы, әдістері,
кезеңдері көрсетілді.
Бірінші кезеңде зерттеу мақсатында мәселенің теория мен
практикадағы жағдайы зерттелді, теориялық тұжырымдамалар талданды,
зерттеудің ғылыми аппараты, болжамы мен жетекші идеясы нақтыланды.
Екінші кезеңде зерттеудің теориялық негізі нақтыланып, мектепке
дейінгі білім беру жүйесіндегі зерттеу мәселесіне талдау жүргізілді,
тәжірибелік жұмыс жасалынды.
Қорытындыда ғылыми жұмыстың нәтижелері негізінде әзірленген
тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.
Курстық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, тәжірибелік
эксперименттен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Мектеп жасына дейінгі ойын іс-әрекетінің теориялық негіздері

1.1. Мектеп жасына дейінгі баланың ойынының зерттелуі

Белгілі педагог В.А.Сухомлинский айтқандай: Ойынсыз, музыкасыз,
ертегісіз, шығармашылықсыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі
болмайды!. Ендеше баланы ойынға үйрету, ойынға қатыстыру арқылы ойыны
қайсы, үйретуі қайсы екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп үйрету
керек[5].
Ойын әрекеті балалардын бағалы өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ
маңызды орын алады. Ойын балабаұша тәрбиешілерінің бірден-бір көмекшісі
болу керек.
А.С. Макаренконың айтуы бойынша, ойынға бір жақты көзқарас
педагогикалық процесте ойынды дұрыс пайдаланбауға әкеп соғады, көп ретте
тәрбиешілер ойынның негізгі мәні балаларға қуаныш сыйлау екенін ұмытады.
Ойын бала үшін жаңа ортаға тезірек үйренуіне мүмкіндік береді. Ал Ю.К.
Бабанский - ойында балабақша тәрбиеленушілерінің барлық әрекеттерін
ынталандырудың түрлері мен әдістері ретінде ұсынады[6].
Халық жасаған мұралар сан алуан. Солардың бірі ұлт ойындары. Ойынға
тек ойын деп қарамай халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір
жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қарау керек. Ұлт ойындары
отбасы тәрбиесінен бастап, мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында қосымша
материал үшін, баланың сол пәнге қызығушылығын арттыру үшін пайдалануға
болады.
Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін
жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын элементтерін оқу
процесін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау
сабақтарында пайдалануға болады. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың
тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызы да
арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдығын
күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Ойынмен
ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді. Ойынды іріктеп алуға
нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше
назар аударға жөн. Баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын,
белсенділігін арттыру үшін бастауыш сынып мұғалімінің басты қолданатын
тәсілі - ойын.
Н.К. Крупская өзінің көптеген еңбектерінде ойынның бала
өміріндегімаңызына үлкен мән берген. Қандай ойын болмасын, әйтеуір бір
нәрсеге үйретеді, ең бастысы - баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдастарымен
ынтымақта болуға үйренеді[7].
Демек, мектеп жасына дейінгі балалардың оқуға, білімге деген ынтасы
мен мүмкіндіктерін толық пайдалану, Оларды оқу процессінде үздіксіз дамытып
отыру жєне сабақ барысында алған білімдерін практикада қолданудың,
пайдаланудың орны бөлек.
Тиімді қолданылған ойын түрлері тәрбиешінің түсіндіріп отырған
материалын балалардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі.
Өйткені балалабақша балаларының аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап
тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыласпен
орындайды.
Сабақ барысында ойын түрлерін дидактикалық материал ретінде
пайдаланудың маңызы зор. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік
қасиеттермен қатар, білімге, өнерге деген құштарлығы қалыптасады. Тіпті
нашар оқиды-ау деген балалардың өздері де ойын түрлері араласқан сабаққа
зер салып, ынталана түседі. Ойын араласқан жерде жарыс болмай тұрмайды.
Балалар жолдастарынан қалып қоймау үшін сабаққа белсенді қатысып, қойылған
сұрақтарға жауап іздеп, ойлана бастайды. Сабақта ойын түрлерін пайдалану
балалардың ой-өрісін дамытуға әсер етеді.
Тілдің дамуына ойын өте үлкен әсер етеді. Ойын ақыл-ой дамуына да
әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды, сөздің
жалпылама мағынасын қолдануды т.б. үйренеді. Ойын жағдайына ену баланың
ақыл-ой әрекеттерінің түрлі сипаттарынын шарты болып табылады. Ойын баланың
психикасына сапалы өзгерістер туғызады: онда балабақша жетекші болатын оқу
әрекетінің негіздері қаланады. Сабақты ойын түрінде өткізу шәкірттердің
білімге ынта-ықыласын арттырады. Оқытудың түпкі мақсаты - оның сапалы
болуы. Яғни, сабақтың түрлері мен әдістерін, мазмұнын жетілдіруге оны
әдіскерлік, танымдық, білімдік, тәрбиелік жағынан сапалық жаңа деңгейге
көтеру. Оқытудың тәрбиелік қызметі мен практикалық бағытын күшейту де осы
міндеттерден туындайды. Сабақта ойын түрлерін пайдалану - сабақтың
әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Дидактикалық
ойындар барлық сыныптарда қолданылады. Әсіресе алты жастан бастап оқытудың
ойын әдістеріне көп көңіл бөлу керек. Демек, ойын деген аты ғана, ал
шынында да, ол сабақтың, еңбектің жиынтығы. Ойын түрлерінен тәрбиенің түп
мақсатын байқауға болады.
Ресейлік педагогика мен психологияда ойын іс-әрекетінің негізін
К.Д.Ушинский, П.П.Блонский, С.Л.Рубенштейн, Д.Б.Эльконин салды.
Қазақстандық ғалымдар Н.К.Ахметов, Ж.С.Хайдаров еңбектері берік білім
берудің, оқу белсенділігін арттырудың маңызды жолдарының бірі ойын
элементтерін тиімді пайдалану екенін атап көрсетті. Шетелдің К.Гросс,
Ф.Шиллер, Г.Спенсер, К.Бюлер, З.Фрейд, Ж.Пиаже және тағы басқа ойшылдары
мен зерттеушілері де ойын теориясы туралы әртүрлі пікірлер білдірді[8].
К.Гросстың теориясы кеңінен танымал. Ол ойын келешектегі іс-әрекетке
дайындық ретінде қызмет етуінің маңыздылығын айқындаған. Ойында адам
жаттығу арқылы өз қабілетін шыңдайды. Бұл теория бойынша ойын дамумен
байланысты. Бұл теорияның кемшілігі – ойынды тудыратын себеп, түрткілерді
ашпауы[1].
Ф.Шиллердің ойын дамытып, Г.Спенсер қалыптастырған ойын теориясында
ойын бастауы күштің артықтығынан көрінеді. Олардың пайымдауынша өмірде,
еңбекте қолданылмаған күш ойында шығады. Шаршаған адамның демалу үшін
ойнауы, күшті басқа арнаға бұрмай ойынға жіберу себебі анықталмаған[9].
С.Л.Рубинштейннің пікірі бойынша, ойынның жиналған күшті шығаруы
формалды түрде, ойынның динамикалық аспектісі мазмұнынан бөлек бастау
алады. Сол себепті бұл теория ойын жайын толық түсіндіріп бере алмайды[1].
Ойын түрткілерін ашуға ұмтыла отырып, К.Бюлер нәтижесіне қарамастан
әрекеттің өзінен қанағат алу, басқаша айтқанда, функционалды қанағаттану
теориясын ұсынды. Бұл ойын түрткісінің негізі деп түсіндірді. Бұл теория
ойынды ағзаның қанағаттануы ретінде ғана көреді.
З.Фрейд теориясы өмірде жүзеге аспаған тілектерді ойын арқылы іске
асыру деп біледі. Адлерлік түсінік бойынша ойында өмірде шамасы жетпеген
кедергілерден қашқан адамдардың әлсіздігі көрінеді. Сөйтіп, ойын өмірдің
әдемілігі мен сәнін мадақтайтын шығармашылық белсенділіктен өмірге керексіз
қалдыққа айналады; даму факторы мен өнімінен жетіспеушілікке, өмірге
дайындықтан қашуға айналады[10].
Л.С.Выготский мен оның оқушыларының пікірінше ойында ең маңыздысы адам
ойнай отырып, өзіне қандай да бір жағдаят тудыру арқылы белгілі бір рөлді
ойнайды[11].
Ойынның спецификалық формаларын дамыту үшін қалыпты жағдайды қиялдағы
жағдаятқа көшу сипатымен айқындалады, бірақ ол ойын негізіне жатпайды.
Ол ойынның бастауларын ашпай ойын жүйесіне басты назар аударады. Бұл
теория баланың қалыпты жағдаяттағы ойынын есепке алмайды және ойынды даму
үстінде сипаттай алмайды.
Педагогикалық ойынның маңызы зор. Ойын біріншіден, білу және үйрену,
екіншіден, адамның ойнай отырып, өзіндік білім алуы өмір тәжірбесін
жинақтауға көмектеседі. Ойынның кәсіптік, әуестену, оқу-жаттығу ойындары
сияқты түрлері бар. Ол дем алу, көңіл көтеру бола тұра оқуға,
шығармашылыққа, емдеуге, адам қарым-қатынасының типтерінің модельдеріне,
еңбекте көрініс табады.
Ойынды ерте заманнан үлкендердің іс-тәжірибесін жеткіншек ұрпаққа
жеткізу үшін пайдаланған. Ойын халық педагогикасында, мектепке дейінгі және
мектептен тыс мекемелерде кеңінен пайдаланылады. Қазіргі балабақшада ойын
әрекеті ойын пәнінің тарауын және тақырыбын түсіну үшін өздік технология
ретінде, жалпы технологияның элементі ретінде, сабақ немесе оның бір бөлігі
ретінде, жұмыстың технологиясы ретінде қолданылады.
Ойын педагогикалық технологиялары ұғымы әртүрлі педагогикалық
ойындар түрінде педагогикалық үрдістің әдіс-тәсілдерін ұйымдастыруды
қамтиды. Жалпы ойыннан педагогикалық ойынның ерекшелігі - оқу-танымдық
бағытта сипатталған, педагогикалық қорытындыға ие нақты оқыту мақсаты
қойылады. Оқу әрекетіне қызығушылық сезімін ояту мақсатында сабақ ойын
түрінде ұйымдастырылады.
Сабақтың ойын түрінде өтуін жүзеге асыру үшін төмендегі бағыттар
айқындалған:
Балаларға дидактикалық мақсат ойын түрінде қойылады.
Оқу материалы ойын құралы ретінде қолданылады.
Оқу іс-әрекетінде дидактикалық мақсатты ойын мақсатына айналдыратын
жарыс элементтері енгізіледі.
Дидактикалық тапсырманың табысты орындалуы ойын қорытындысымен
байланыстырылады.
Ойын – адамдардың қарым-қатынасы, кәсіби және жанұялық өмірдің мектебі
болып табылады. Адам ойын арқылы өзінің бір нәрсені үйреніп жатқанын
білмейді. Балабақшада тәрбиеші монолог, диалог түрінде балаларға білім
береді. Бір-бірімен белсенді байланысу арқылы ойынға қатысушылар бір-бірін
үйретіп, өздері де үйренеді. Ойын түрінде оқыту жалықтырмайды, қызықты және
ерікті түрде жүреді.
Сабақ процесінде пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлерін атап
көрсетуге болады. Балабақша тәрбиешілерінің оқу – тәрбие жұмысының негізгі
саласы сабақ. Сабақ үстінде балалардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы,
дүниетанымы қалыптасады. Негізгі бетбұрыс бала білімінің сапасын арттыру,
ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни балаға берген біліміміздің
қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа топтағы баланың барлығын қызықтыра отырып
қатыстыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа
қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан балалардың
осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері
кез -келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының
өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен
орындайды. Балалардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі -
дидактикалық ойындар.
Дидактикалық ойындар – көп салалы, күрделі педагогикалық құбылыс. Оны
- балаларды оқытудың бір әдісі, оларды жан-жақты тәрбиелейтін құралдардың
бірі деп айтуға болады.
Ойын элементтерін қолдана отырып тәрбиеші балалардың сабаққа деген
қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді
қолданады. Атап айтқанда, тәрбиеші ойын жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі
заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын
сюжетін құрастырады.
Дидактикалық ойын оқу процесінде екі түрлі мақсатпен қолданылады: оқу
(танымдық) мақсатта, екіншісі ойын ойнау мақсатында. Тәрбиеші өзі де
ойынға қатысады, балаға үйретеді. Бала ойын ойнай отырып үйренеді.
Мектепке дейінгі тіл сабактарында дидактикалық ойындарды жаңа
тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да
пайдалануға болады. Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын баласы, сондықтан
мұғалім оларды жалықтырмай әртүрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізуге
тырысуы қажет.
Дидактикалық ойындар балалардың ой - өрісін дамытып, ойлау қабілетін
арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік
меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар балалардың шығармашылық ойлау
қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға
да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана
қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің
мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.

1.2 Ойынның педагогикалық тәрбиелік мәні

Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту,
қазіргі заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтар
еншісінде.
Мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын
ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін
жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген
жөн. Сәбилердің дүниетанымын кеңейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын
жетілдіруде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Балабақшада балаларды
дұрыс сөйлей білу мәдениетіне айнала қоршаған ортамен, сондай-ақ көркем
әдебиетпен теңестіру арқылы жүзеге асыруға болады. Әрбір ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінде дидактикалық ойындарды қолдану арқылы балалардың қиялын
шарықтатып, ойлау қабілетін ұштауға болады.
Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік
қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін
күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі
тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.

Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл
дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы
заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және
пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар
жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-
қатынас жасай білуге үйретеміз.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде
тәрбиешінің:
- балалардың сөздік қорларын дамыту;
- жаңа сөздерді меңгерту;
- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет
саналады.
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде
басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын,
тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын
тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына
ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш
жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным
белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені
бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге
тәуелсіз.Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың
баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге
деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.
Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын
алады.Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және
құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік
қорларын дамытады[12].
Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы
ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен
салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге
үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті
меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, балаларды
ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға
бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады,
ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады.
Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-
қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да
ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке
ерекшелігін ескерген жөн.
Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш
түрлі етіп өткізуіне болады.
Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы
өті леді. Мысалы: Дәл осындайды тауып ал, Салыстыр да, атын ата, Қай
ағаштың жапырағы, Бірдей ойыншықты тап, Қайсысы көп, қайсысы аз, т.б.
Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады.
Мысалы: Суретті құрастыр, Қандай затқа ұқсайды?, Қай сурет тығылды?,
Бір сөзбен ата, Кім байқағыш, Қиылған суреттер, Ұқсасын тап, 4-ші
не артық?, Есіңде сақта.
Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз
мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: Сөз ойла, Сөз
құра, Жұмбақ ойла, Жақсы-жаман, Жалғастыр, Үш сөз ата.
Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды
қолданумен қатар, Пішіндер көрмесі, Өрнекті есіңде сақта, Қиын
жолдар, Суретті жалғастыр, Биші адамдар, Көңілді таяқшалар тәрізді
жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін берді. Бұл аталған
жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным
белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады.
Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды
талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау
ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.
Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды
талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және
олардың іс-әрекеті болып табылады.
Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-
жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік
қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса
түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына
сіңіреді[13].
Педагогикалық ойындардың функциясын мұғалімнің дұрыс түсінуі оқу
үрдісіндегі ойын технологиясының орны мен рөлін анықтайды. Ойын элементтері
мен оқытуды ұштастыру мқғалім шеберлігіне байланысты. Кез-келген ойынның
өзіндік пайдасы бар. Ойынның бірнеше маңызды функцияларына тоқталайық.
1. Ойынның әлеуметтік-мәдени белгілері.
2. Ұлтаралық қарым-қатынас функциясы.
3. Ойында адамның өзін іс жүзінде көрсетуі.
4. Коммуникативтік ойын.
5. Ойынның диагностикалық функциясы.
6. Ойынның емдеу функциясы.
7. Ойынның түзету функциясы.
8. Ойынның көңіл көтерту функциясы.
Енді әр функцияны қысқаша сипаттайық[14].

2. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс-әрекетінің әдістемесі

1. Ойын арқылы балалардың оқуға қызығушылығын арттыру

Сабақта ойын элементтерін қолдану оқушылардың белсенділігін арттырып,
оларды ынталандырады, теориялық білімдерін практикада қолдануға
үйретеді,іздендіреді.Ойынның басты мақсаты баланы қызықтыра отырып, тіл
үйрету.Біз ойын элементтері сабақта екі түрлі мақсатты пайдаланамыз.Оның
біріншісі-оқушының сабақққа қызығушылығын, ынтасын арттыру, тілін дамыту,
екіншісі-оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, байқампаздығын арттыру
және ойлау қабілетін дамыту.Ойын арқылы оқушылардың білім-білік дағдылары
қалыптасады[1].
Оқытудағы ойынның міндеті:
Білім деңгейі мен дағдыларын жетілдіре отырып, ойын арқылы оқу және
тәрбие ұштасады.
- Ойната отырып жаңа білімді меңгертеді.
-Танымдық қызметі мен ой-өрісі кеңейеді.
- Оқушының өзіне деген сенімі артады, оқуға деген қызығушылығы ,
белсенділігі дамиды.
- Оқушыларды адамгершілікке, бір-бірін сыйлай біліп, көмектесуге
үйретеді.
Балаларды оқытудағы ойынның ерекшелігі:
Сабақ сапасы жақсарады, пәнге деген қызығушылығы артады, логикалық
ойлай білуге итереді, тәртіп сақтау дағдысы қалыптасады, есте сақтау
қабілеті дамиды.
Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:
- Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн
ілгері дайыдалып,оңтайлы жерге қою.
- Ойынға кірер алдында оың жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден
түсіндіру.
- Ойынға оқушылардың түгел қатысуын қамтмасыз ету.
- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне,ойлана білуіне жетелеу.
- Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.
- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
- Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.
- Міндетті түрде ойының қорытыдысы жариялау қажет[15].
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын айналадағы
дүниені танудың тәсілі.Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды
жеңіудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін
қалыптастырады дегенді айтады. А.С. Макаренко: Ойын –балалар өмірінде өте
маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды
болса,балалардың ойыны да сондай маңызды.Ойында бала қандай болса , өскен
кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады.Сондықтан болашақ қайраткер, ең
алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады, - деп балалар ойынын жоғары
бағалаған[16].
Тәрбиеші үшін басты міндет баланың қызығушылығын арттыру,оның дамуына
жағдай туғызу, сөйлеу қабілетін дамыту. Мектепке дейінгі балалардың –
балалықпен толық қоштаспаған, балабақшаға жаңа бейімделе бастаған ойын
баласы. Сондықтан оқу орыс және өзге тілдерде жүргізілетін мектеп жасына
дейінгі балалардың жас ерекшелігіне сай сабақты ойын түрінде өткізу қазақ
тілі сабақтарында жақсы нәтиже береді. Ойын арқылы баланың сана-сезімі,
ақыл-ойы өседі.
Тақырыбы: Ертегілер әлеміне саяхат
Мақсаты: кітаптың пайда болуы жайлы әңгімелеу, қазақ ертегілерін көп оқуға
баулу.
Дайындық: балалар ата-аналарымен бірігіп кітаптар оқиды, мақал-мәтелдер,
жұмбақтар жаттайды.
Көрнекілігі: ертегі кітаптарының сөресі.
Қажетті қосымша заттар:
Ертегі авторларының фамилиясы мен ертегі атаулары жазылған карточкалар,
ертегі кейіпкерлерінің заттары

Қызмет кезеңдері Тәрбиеші қызметі Балалар қызметі
Ұйымдастырушы Қымбатты балалар! Бүгінгі Балалар тәрбиеші
қозғаушы қызмет кездесуге келгендеріңіз үшін сұрақтарына жауап берді.
өте қуаныштымыз. Сіздер бұл
мерекеге көптен бері
дайындалып: ата-аналарыңмен,
әже-аталарыңмен бірігіп
ертегілер оқыдыңдар.
Тәрбиеші сабақтың барысын-да
алдымен балаларға ертегілер
жайлы сұрақтар қойды,
Ұйымдастырушы Ғажайып ертегілер әлемінде Әр бала өзіне берілген
ізденушілік жақсылық әрқашанда зұлымдықты сурет бойынша әңгімелейді
жоятынына көз жеткіздіңдер.
Енді біраз уақыттан соң,
өздерің бірте-бірте ешкімнің
көмегінсіз-ақ кітап оқып, оның
мазмұнын айтуды үйренесіңдер.

Кітап қалай пайда болды?
Әңгіме
Бүгін біз сендермен өздерің
оқыған ертегілерге саяхат Балалар жауап береді
жасаймыз. Сендердің
мерекелеріңнің қызықты да,
көңілді болуы үшін мұнда
сендердің ата-аналарың да Балалар сұрақтарға жауап
келген екен. беріп, тақырып таңдайды.
Қымбатты бүлдіршіндер! Қазір
сендер өздеріңнің қаншалықты
кітапқұмар екендіктеріңді
көрсетуге тиістісіңдер.
Ертегілер еліне саяхат
ойынын бастаймыз.
балалар екі топқа бөлінеді:
1-і топ - Ақылдылар
2-і топ - Білгіштер
Екі топтың әрбір дұрыс жауабын
бақылау үшін, дұрыс жауапқа
бір жетон беріледі. Мына
жетондарды кім көбірек Қанапия Дәрібаев Шөже
жинаса, сол кітапқұмар
атанады.
Саяхат-ойынымыз 3 кезеңнен
тұрады.
1-ші кезең: Кейіпкерлермен
сырласайық. Ертегіден
үзінділер оқылады. Балалар
бұл қай ертегіден оқылған
үзінді екенін тауып, Ақсақ құлан
ертегінің атын атайды.
1 Ненің дәні бұл?- деді
Бірақ ешкім білмеді.
Шөже дәнді көрсетіп,
Қай ұяға кірмеді?

Бара жатқан жұмысқа,
Өз ісіне шын ұста-
Ненің дәні екенін. Ғ.Мүсірепов Жас бала қыз
Айтып берді құмырсқа. Наргөз бен бала күшік
Құмай,
Жауабы: Тамаша олжа тапқаның, бала мысық Мияу
Дәні ғой бұл мақтаның.
Қабат-қабат қабыршақ
Қауашағы қап-қалың.

2 Шыңғысхан ұлын ұзақ күтеді,
бірақ ол қайтып оралмайды, Алтын мүйізді киік.
сонда ол жасауылдарын жоқ
іздеуге жұмсап тұрып, оларға:
Егер кімде-кім батылы барып
маған суық хабар жеткізетін
болса, соның көмейіне
балқытылған қорғасын құямын,
-деп қаһарлана жарлық береді.

3 Наргөздің Құмай дейтін қара Мақта қыз бен мысық
ала күшігі, Мияу дейтін өзі
аппақ, көздері қап-қара бала
мысығы бар еді.Сол бала күшік
Құмай бала мысық Мияуды қуып
келе жатыр екен. Аузын ашып Екі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету
Танымдық белсенділіктің теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі баланың қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесінің теориялық негізі
Қызықты математикалық ойын-жаттығулар арқылы балалардың ойы мен таным деңгейлерінің дамуын анықтау
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау қабілеттерінің даму ерекшеліктері
Ересек топтарында қимыл - қозғалыс ойындарын ұйымдастырудың ерекшеліктері
3 жас кезеңіндегі балалардың сөйлеуін дамыту
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТІЛІН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Мектеп жасына дейінгі балаларға үйретілетін арифметикалық амалдардың ерекшеліктері
Пәндер