Эмоция және оның балалық шақта дамуы.


Жоспар
Кіріспе . . . 3-4
- Эмоция
1. 1 Эмоция жайындағы ілім . . . 5-8
1. 2. Эмоция баланың жекелік дамуындағы негізгі этап ретінде . . . 8-16
2 Эмоция және оның балалық шақта дамуы .
2. 1 Н. Н. Ланге мен У. Джемстің теориясы . . . 17-30
2. 2 Эмоция теориялары . . . 30-34
3 Бастауыш мектеп оқушысы қобалжулығының негiзгi көрiнiстерi
3. 1. Қобалжулық психологияның зерттеу пәнi ретiнде . . . 35-40
3. 2 Төменгi сыныптағы оқушының қобалжушылығы . . . 40-45
Қорытынды . . . 46-47
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 48-49
Кіріспе
Бұл курстық жұмыста кіші мектеп жасындағы оқушылардың эмоционалдық дамуы, мектепеке, сабаққа деген эмоционалдық көзқарастары қарастырылған.
Қазіргі кезде төменгі сыныпта оқитын балаларда оқу мәселесіне байланысты әр түрлі эмоционалдық жағдайлар көрініс тауып отырады. Осындай жағдайлардың бірі қобалжушылық болып табылады.
Балалардың жағымсыз эмоционалдық жағдайы, олардың бірі уайымшылдық жағдайы болып табылады.
Уайымшылдық қаболжушылық сезімін тудырады, кейіннен ол баланың психикалық дамуының орталық буыны болып қалыптасады. Осы даму жолында баланың қажеттіліктері көрініс табады - оның талпынысы, тілектері, ниеттері және де олардың өзара күрделі байланысы мен олардың қанағаттандыру арақатынасы болып табылады. Сонымен қобалжушылық баланың қажеттілігі мен талпынысына және де оқуының жемісті болуына да әсер етеді. Қобалжушылық әрқашан да балалар педагогикалық психологиясының зерттеу пәні болып келген.
ХХ ғасырдың басынан шетелдік және отандық психологияда бірқатар теріс эмоционалдық жағдайлар, ашу - ыза, агрессия, айыптылық сезімі, қобалжушылық, психикалық ыңғайсыздық, стресс және дистресс секілді жағдайларды зерттеу мәселелері актуальды болып табылады.
Қобалжушылық жағдайды зерттеушілер өте көп болды, олардың қатарында З. Е. Фрейд және К. Корни, Г. С. Салливан, Э. Э. Фромм болды. Сонымен қатар С. Кьеркегор, Л. Г. Сэразон, Х. Хекхаузен, И. Сарасан, К. Э. Изар, Е. Д. Спилбергер , Э. Гельгорн және басқа да зерттеушілер зерттеді.
Қобалжушылық мәселесіне гумманистік бағыттың психологтары да бет аударды - К. Роджерс, А. Маслоу және т. б. Қобалжушылық жаңаша түрде болса да орыс нейрофизиологтарының еңбектерінде де қарастырылды, И. М. Сеченовтың, И. П. Павловтың және В. М. Бехтеревтің еңбектерінде кездеседі.
Жалпы психологияда эмоционалдық жағдай мәселесі Б. Г. Анатьевтің, Л. С. Выготскийдің, П. Я. Гальпериннің, В. К. Вилюнастың, А. Н. Леонтьевтің, А. С. Рубинштейннің және басқалардың еңбектерінде эмоционалдық жағдайлардың базалық теориялық негіздері қарастырылады.
Қазақстанда төменгі сынып оқушыларындағы қобалжушылық деңгейін зерттеумен орыс тілінде оқыту М. В. Кузубова (1999), М. С. Искакова (2001) айналысқан, олар сөйлеуі бұзылған балалардың қобалжушылығын зерттеген. Қазақстанда төменгі сынып оқушыларындағы қобалжушылық деңгейін орыс тілінде оқыту арқылы зерттеген, М. В. Кузубова (1999), ал сөйлеуі бұзылған балалардың қобалжушылығын зерттеген М. С. Искакова (2001) болып табылады.
Қобалжушылық, тұрақты білім ретінде адамның Мен - концепциясымен, «Қатысты - Мен», астамшылдық, өзіндік бақылаушылық қызметке кедергі жасаушы, өзінің уайымдарына көңіл аударумен тығыз байланыста болып келеді. Қобалжушылықтың ерекше сипаттамасы болып, оның белгісіздігі мен қауіп алдында көмексіздігі болып табылады.
Қобалжушылық - жеке ның өзіндік өміріне қажет деп есептейтін құндылықтарына төнетін қауіп ретінде көрініс табады.
Қобалжушылық - жосықсыз болып табылады, өйткені сыртқы әлемнен бөлек, «Мен» қабылдауы қалыптасатын психикалық құрылымның негізіне соққы береді. Ауыр клиникалық жағдайларда қобалжушылық «Мен» ұғымының жоғалуымен де байланысты болып келеді.
Әр түрлі жас кезеңдегі балалардың қобалжушылығы зерттелуде, бірақ Қазақстанның төменгі сынып оқушылары зерттелмеген, яғни қазақ балаларының қазақ тілінде оқитын оқушылар санының артуымен байланысты оқу ісіне қатысты эмоционалды көріністерінің ерекшеліктерін анықтау мақсатында осындай балалардың қобалжушылығын зерттеу қажеттілігі пайда болды.
Зерттеу обьектісі - қазақ тілінде оқитын төменгі сынып оқушыларындағы қобалжушылық деңгейінің эмоционалдық көрінісі.
Зерттеу пәні - қобалжушылықтың көрініс табу ерекшеліктері және оның қазақ ұлтының төменгі сынып оқушыларының оқу ісімен байланыстылығы.
Зерттеудің мақсаты - қазақ тілінде оқитын төртінші сынып оқушыларындағы эмоцияның жеке лық және реактивті қобалжушылық ретінде көрініс табу ерекшеліктерін психологиялық түрде зерттеу.
Зерттеудің пәні мен мақсаты келесі гипоттезаны негіздеді: Төменгі сынып оқушыларының эмоционалдық көрсеткіштері, жеке білімділік және іскерлі үлгерушілікке байланысты бола отырып, оқушының тұрақты мінез - құлқы мотив негізінде көрініс береді.
Жетектеуші ой: балалардың эмоциолық көріністері - төменгі мектеп жасындағы жекелік қобалжушылық, іскерлікпен байланыса отырып оқыту мен тәрбиеге әсер етеді.
Зерттеудің қайнар көздері - психологтар, педагогтар, психиаторлардың зерттеу мәселелері жөніндегі еңбектері, басылымдар, журналдар, авторефераттар.
Зерттеу әдістері : қобалжушылықтың деңгейін анықтауға арналған Ч. Д. Спилбергер - Ю. Л. Ханиннің әдістемесі бойынша психологиялық эксперимент. Бақылау, әңгіме, анкеталау, математикалық және статистикалық өңдеу әдістері, салыстырмалы анализ әдісі.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы мен ғылыми жаңашылдылығы: төменгі сынып оқушыларының қобалжушылық деңгейі оқыту барысы мен оқу іскерлігінің жетістігімен байланысуымен ерекшеленеді.
Жұмыс құрылымы : курстық жұмыс кіріспеден, 2 негізгі бөлім, қорытындыдан, әдебиеттір тізімінен тұрады.
1 Эмоция
- Эмоция жайындағы ілім.
Эмоция деп айналадағы заттар мен құбылыстарға жағымды жағымсыз қатынастын сәулеленуін айтамыз.
Эмоциялар шындықтын жүйкеде сәулеленуін айрықша бір түрі. Сыртқы дүниенің әсері адамның миында тек қана сәулеленіп қоймай, оған толғанып тебіреніп, өзінің қатысын білдіреді. Бұдан адамға жағымды не жағымсыз сезімдер туып отырады. Эмоция адамның сыртқы келбеті, бет әжімі қимылдары, дауысы арқылы айқын көрінеді. Эмоция үшін адам организімің ішкі мүшелері әрекетінің әсері зор . Мысалы қанның жүруі тамырлардың жүрекке ерекше соғуы, бездер әрекетіне Физиологиялық әрекеттерге эмоция үлкен әсер етеді. Эмоция хайуанаттарда да бар олардың эмоциясы, инстикт деп аталады. Олар мұқтаждықтарын биологиялық қанағаттандырумен байланысты, мысалы мысық пен иттің еркеленуі, олардың үйреленіп бір нәрседен қорқуы, олардың сыртқы келбетінен жақсы көрініп тұрады. Адам эмоциялары хайуанат эмоцияларына қарағанда өте бай болып келеді, әрине адамдардың эмоциялары біркелкі болмайды, өйткені олардың айналадағы нәрселерге қатынасы бірдей емес. Әрбір адамның темпераментіне, мінезіне олардың басынан кешкен тәрбиесіне қарай сыртқы дүние әсеріне жауап қайтару түрліше болады. Адам эмоцияларынын бір бірінен айырмашылығы сезімдердің күш жағынан, әрекет ету мерзімінің уақыт мөлшері жағынан, олардың сыртқы қимылдары, бет әжімі арқылы білініп көрініп тұрады. Эмоция адамның тұрмысында үлкен орын алады, олар адамға адамдық сипат беріп, оның әрекетін жылытып көрік беріп отырады.
Эмоция адамның түрлі органикальіқ қажеттіліктеріне байланысты оқтын-оқтын туып отыратын, кейде шағын, кейде күрделі, ситуациялы көріністері. Мәселен, адам қуанғаннан немесе қамыққаннан козіне жас алады, не болмаса бір нәрсеге мәз болып шек сілесі қатқанша күледі, әрине мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтыны белгілі. Бұл сезім мен эмоцияның бірінші ерекшелігі. Сезімдерде мәнерлі қозғалыстар (мимика, пантомимика) жонді байқалмайды, тұрақты терең әсерлі сезім адам психологиясындағы басты белгілердің бірі, ал эмоция болса мәнерлі қозғалыстарға бай келеді, мұнда адам өзін тек организм тұрғысынан көрсете алады. «Эмоция» ұғымының төркіні-«емовера» латын сөзінен, «эмоцион» дейтін француз сөзінен шыққан. Қазақша мәні- тітіркену, толқу. Эмоция- жан дүниесінің сыртқы және ішкі салдарынан ызалану, қаhарлану, қорқу мен шаттану сияқты жағдайларының көрініс беруі. Бұл- адамдар мен жануарлар дүнйесінде көрініс беретін кейіп. Эмоциялық күй адамды іс-әрекеттерге шабыттандырып, тиісті нәтижелерге жеткізеді немесе көңіл-күйін жабырқатып, іс-әрекетін бейбірекетсіздікке ұшыратады. Эмоция адам есімен де тығыз байланысты. Біздің алған барлық әсерлеріміз яғни белгілі бір сезіммен қабылдасақ, есімізде жақсы қалса, онда өткендерді еске алудың өзі де бізде қандайда бір сезім туғызады. Сезіммен эмоцияның адам іс-әрекеті мен көңіл-күйіне ұнамды әсер етуі стеникалық - күшті сезім тудырса, ал ұнамсыз не теріс әсер етуі астеникалық - әлсіз, жағымсыз сезім дудырады. Стеникалық сезім жүйке жүйесіндегі қозуды күшейтсе, астеникалық сезім жүйкеге тежелу.
жасап, адамның әрекетшілдігін әлсіретеді. Сөйтіп, адамның сезім күйі және оның қысқа мерзімді айқын көрінісі эмоция жан дүниесінің жандануы мен тіршілік ағымында айтарлықтай маңызы бар психикалық процесс. Сонымен, эмоция дегеніміз- адамның органикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыру не қанағаттандырмауға байланысты туатын психикалық туатын күйлер.
Эмоция да адамның айналасындағы өмір шындығына және өз басына деген қарым-қатынасы болып табылады. Және оның жүзеге асуына сезімдей әсер етеді. Жалпы, осы эмоция мен сезім ұғым-дарының өзіндік айыр-машылықтары бар. Эмоцияда мәнерлі қозғалыстар (адамның сырт пішінінен байқала-тын ым-ишаралар) көбірек байқалады. Мұнда адам өзін тек ағза тұрғысынан көрсете алады.
Қазіргі кезде психологияда эмоция жайындағы ілім және оның теориялық дамуы жалпы психологияның өзге тақырыптарымен салыстырып қарағанда өзіндік сипаты бар күрделі мәселелер қатарына жатады.
Эмоцияға арналған тақырыптарға психологияның өзге тақырыптарында арнайы мәселе ретінде сөз болмаған, таза натурализм үстемдік туралы мәселелеге тоқталамыз. Бұл тақырып эмоцияға натуралистік теорияаіын еңуімен психологиядағы бихевиоризм және мінез-құлық туралы бағыттардың пайда болуымен сабақтас. Осы тұрғыдан іздестірсек бұрынғы психологиядары эмоция тақырыбы методологиялық жағынан белгілі бір жағдайда бихевиоризммен жіптес. Өйткені психологиядағы бихевиористік бағыт бұрынғы спиртуалистік интроспекциялық психологияға тікелей қарсы шығады. Біздің өмірімізде болып жатқан әр түрлі өзгерістер эмоциялар мен сезімдердің қайнар көзі екені мәлім. Тек, бір жағдайдың, бір заттың әр адамға әрқилы әсер ететін де кездер болады. Біз олардың кейбіріне тоқталсақ: шөлдегенде ішкен бір стақан су адамның жанын рахат сезіміне бөлейді. Ал енді шөлдемеген кісіге зорлап ішкізсе, оның бойында ашу, наразылық сезімін туғызады. Әрбір адам музыканы тыңдағанда сүйсініп, етжүрегі елжірегенімен, жақсы сезімдер құшағында бол-ғанымен, барған концерті тым ұзаққа созылып кетсе, қалжырап, жалығып кететіні өтірік пе? Яғни, эмоция мен сезімнің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол адамның еркімен, ниетімен, мінезінің ерекшелігімен, талап-тілегімен әр түрлі көріністе, сипатта анықталады. Олай болса, эмоция мен сезім әлемі өте күрделі, алуан түрлі, таңғажайып сырларға толы. Зерттеуші мамандардың пайымдауынша, адамның эмоциясы мен сезімі қоғамдық-тарихи сипатта болса, жануарлардың эмоциясы биологиялық күйде, тек есте болатын бір жағдай, адам сезімдеріне лайықты көріністер жануарлар психикасында ұшыраспайды. Оның сәл ұшқыны сезілгенімен, ол адамның сезімдеріндей нәзік те ұзақ, ұлы емес. . Егер біздер эмоцияны биологиялық жағынан іздестіріп, оның психикалық тіршіліктің тұтас бір саласы ретінде жойылып бара жатқандығына көз жіберетін болсақ оңда тікелей жүргізілген психологиялық тәжірибелер, онан кейінгі тәжірибелік зерттеулер мұндай ойдың құрғақ сандырақ екенін әшкерелейді.
Бастауыш мектеп оқушыларының эмоцияларының басты ерекшелігі - тұрақсыз, тұрлаусыз, нақтылы да мәнерлі қозғалыстарға толы келетіндігі. Мектепке түсу бала сезімдерін жүйелі, жоспарлы түрде тәрбиелеудің негізгі жолы болып табылады. Төменгі сынып оқушылары да (әсіресе 1-2 сыныптағылар) аса сезімтал, эмоциялы келеді. Бұл балалар сергек те жайдары, аң көңіл де сенгіш, аңқау да әділ болып келеді. Олар кез келген нәрселердің бәрін қабылдап, қызықтап таңырқайды және өзінің қатынасын белсенділікпен білдіріп отырады. Бала сабақ, үстінде де бір қалыпты отыра алмайды, өйткені, өзіне ие бола алмай сезімінің жетегінде еріп кетеді. Мәселен, бірінші класс оқушыларының арасынан сабақ үстінде қатты дауыспен күлетін не жылап жіберетін оқушыларды кездестіруге болады. Бұлар - жүйкесі қозғыш, өздерін ұстай алмайтын балалар. сыныбы жоғарылап, есейген сайын оқушы мұндай қылықтарынан арыла бастайды. Осы жастағылар да бірінің істегенін екіншісі де істегісі келетін бір қасиет бар. Мектепте баланың жоғары сезімдерінің негізі мектепке дейінгі тәрбиеде қаланады. Осы кезде бала біреуді жақсы көреді. Бала жақсы адамдардай болғысы келеді. 3-4 сынып оқушыларының сезімдері бірте-бірте күрделене түседі, олар көңіл-күйін бір қалыпты етіп ұстауға үйренеді [5, 123 б] .
Интеллектік сезімдердің дамуы баланың рухани қажеттерінің өсуі үшін аса қажет. Егер бала оқыған кітабынан, өз бетімен шығарған есебінен ләззат алып отырмаса, оның эмоциясы көрінбейтін болса, оқуға қызықпайтын жаман әдет қалыптасуы мүмкін. Мұғалім осы жайды әр кез есіне қатты ұстауы қажет. Сабақ үстінле. сабақтан тыс жерлерде оқушылардың эстетикалық сезімдер::-: тәрбиелеп отырудың да қаншама маңызды нәрсе екендігі белгілі. Оқу кітаптарының бетіндегі түрлі суретгер мен иллюстрациялар, мұражайларға, саяхатқа апару т. б. -сынып оқушыларының эстетикалық сезімдерік тәрбиелеуде таптырмайтын әдістер. Бала эмоциялары мен сезімдерін тек құрғақ сөзбен жалаң үгіт арқылы тәрбиелеуге болмайды. Мүмкіндігінше бұл сезімдерді бала өз басынан кешіруі тиіс. Сезімдерді тәрбиелеудегі басты жолдардың бірі - балаларды өз эмоцияларын басқара алуға, өзінің аффектерін тежей білуге дағдыландыру. Олардың өмірінде іс-әрекетінде шынайы жақсы сезімдер орын тепсе, балаға да үлгі-өнеге болатын табиғи нәрсе. Бала еліктеуге жарарлық үлгі-өнеге көрмесе, оның сезімдері де дұрыс дамымайтын болады. Оқу - тәрбие жұмысында сезімнің қаншалықты маңызды екендігі педагогтың есінде болуы қажет. Мектеп оқушыларын немқұрайлылық туғызатын сабақтан гөрі, оларда күшті жағымды эмоция туғызатын білім тез де баянды игеріледі. Сабаққа үлгірімі және тәртібі үшін мақтау алудан балада, әдетте жақсы сезім пайда болады, ол оқуын одан әрі күшейте түсуге жақсы ықпал жасайды: құптамау, ұрысу, жазалаудан, әдетте, оқушыларла жағымсыз эмоциялық жағдай туады, осындай ренішті істі қайталамауға итермелейді. Тәжірибелі мұғалім, тиісті әдетті сақтай отырып, балалардың жағымсыз эмоциясын да пайдаланады. Әдебиет, ән-күй, музыка ерлік істерге ұмтылдырады, бос уақытты қызықты етіп, көңілін шаттандырады. Оқушылардың кластан және мектептен тыс жүргізетін өнерпаздың жұмысының түрлері көп. Бұларға хор, оркестр, балалар театры, бейнелеу студиясы, сөзді мәнерлеп оқу және әдебиет үйірмелері жатады. Эстетикалық тәрбие беру ісінде - өмір мен өнердегі әдепсіздік пен талғамсыздықтық көріністерін айыра білетін етіп тәрбиелеу басты орын алады. жесінің жоғары екендігінің айғағы болмақ. Еңбекшілерге, Отанға, отбасына деген сүйіспеншілік сезім, жолдастық және достық сезім, ұжымдық, патриотизм, гуманизм, мейірімділік, қайырымдылық сияқты жоғары адамгершілік сапаларына ауысады.
1. 2. Эмоция баланың жекелік дамуындағы негізгі этап ретінде.
Эмоция сөзі, латынның еmovere, толқыту, қоздыру деген мағынаны білдіреді. Уақыт өте бұл сөздің мағынасы шамамен өзгерген, қазір эмоция - бұл, әртүрлі экзогендік (қоршаған ортадан шығатын) және эндогендік (өзіндік органдардан ұлпалардан шығатын) сигналдарға жауап ретінде пайда болатын, міндетті түрде организмде айқын физиологиялық өзгерістерді алып жүретін, сезімдер реакциясының жалпыламасы. (15, 31, 37, 42, 18 бет)
К. К. Платонов көрсетуі бойынша «эмоция» шындық әлемінің заттары мен құбылысын көрсетпейді, сол заттар мен құбылыстардың адам ағзасына тигізетін әсерін көрсетеді. Эмоция таным процесінің формасы болса да, ол санамызда, сол зат немесе құбылысқа әсерленушілікті білдіреді.
Эмоция - ой сияқты - шынымен объективті (әділ) өмір сүретін құбылыс. Бұның диапазоны мен формалары өте кең. Қауныш және қайға, рахаттану және жиіркенушілік, ашу және қорқыныш, сағыныш және қанағаттанушылық, үрей және түңілу - осының бәрі әртүрлі эмоциялық күйлер.
Эмоция - мотивация мен әуестенушілік, талаптанушылық немесе И. П. Павлов айтқандай, «рефлекс мақсатымен» тығыз байланысты. Элементарлы эмоциялар адамға ерте сәбилік шақтан бастап тән. Нәрестенің ең алғаш дүниеге жылап келуін эмоционалдық өмірінің ең алғашқы басқышы деп есептеуге болады. Әрбір адамның эмоционалдық өмірі шектеусіз және бір мөлшерде жұмбақ. И. Канттың ұсыныстарына қарай эмоцияны «стеникалық» (гректің «стенос» - күш), сергіткіш, қоздырғыш, энергиялық әрекетпен қамсыздандыратын, астеникалық (а жалғауы қарсылықты білдіреді) - сөндіруші, адамның белсенділігіне кедергі келтіретін, тежейтін, босаңсытатын, мақсатқа жету жолында қиындықты жеңуге кедергі келтіретін, етіп бөлуге болады. Осы классификацияны отандық ғалымдарда мойындайды.
Стеникалық эмоцияға, қуаныш, ашу, ыза кірсе, астеникалыққа - сағыныш, үрей, аққөңілдік кіреді.
Стеникалық және астеникалық эмоциялар адамның саналы бағалауына қарай жағымды және жағымсыз болуы мүмкін. Эмоцияның көп түрлігінен басқа оны: көңіл күй, құштарлық және аффект деп білдіреді.
Көңіл-күй - бұл қатты білінбейтін, тұрақты эмоционалды қалып. Көңіл - күй түсіңкі немесе сабырлы, қобалжулы немесе жабырқаңқы, салтанатты немесе көңілді болуы мүмкін. Бұл эмоционалды қалыптың - эмоциялық фоны болып табылады.
Құштарлық - күшті және терең ұзақ мерзімді эмоциялық қалып. Құштарлық адамның ойы мен әрекетінің бағытын басқара отырып, тілегін қажеттіліктерін қанағаттандыратын әрекет.
Аффект - бұл айқын байқалатын, эмоцияның қарқынды жарқ ететін ашу, ыза, шаттық үрей т. б. көрінетін, эмоцияналдық қозудың жоғарғы дәрежесі (44) .
Эмоция түйсік секілді - шындықты бейнелеу формасы.
Сондықтан адамның уайымсыздануы, басқада психикалық әрекет секілді, тәуелсіз, және шындықпен байланысты.
Эмоция И. П. Павловтың көрсетуі бойынша үлкен мен сыңары жарты шарлары қабығының «қайнар күші» болып есептеледі.
П. К. Анохин 4 негізгі факторды көрсетті, олар эмоцияның жоғарғы қозу деңгейінен, ұзақ уақыттың, «ұю қалпына» өтуінің міндетті физиологиялық шарты болады, артынша аурудың дамуына әкеп соғады.
1 . Берілген жүйке клеткаларының қозуының биологиялық оптимумына (жақсы жағдайлар жиынтығы) және тиггерлі механизмдердің сынуына шыдау. Осы қозудың жоғарғы деңгейін «құлыптау» немесе оның ұзақ уақытқа созылуы,
2. Алғашқы және шамадан тыс қозған жүйке элементтерін, жүйке құрылысына одан әрі немесе кең көлемді енгізе;
3. Қан арналарындағы сергітетін гормондардың талпына жоғарылауы, алғашқы қозған жүйке элементтерін «қамшылауға» әкелді, және патологиялық эмоция ағым формасын созылмалы «кесірлі шеңбер» түріне ауыстырады.
4. Қоршаған орта факторларының бас ми сығарларына әсер ету арқылы, қабық асты потологиялық комплексінің жіңішкерген және біршама кеңіген сигналдармен байланысты қалыптасады. Осы кезіңнен бастап патологиялық эмоция, психикалық құрылымы бұзылған, психологиядық комплекске айналады.
П. К. Анохин пікірінше адамға жағымды эмоцияналды сфера қалпын туғызу үшін «жағымсыз эмоция тудыратын стимулдарды болдырмау арқылы, немесе сол стимул мен эмоция арасына жағымсыз эмоцияны болдырмауға тырысатын интеллект, логиканы кіргізу жолдары арқылы . . . Соңғысы тәрбиелік жұмысқа да кіреді, эмоция мәдениетін қалыптастырады.
Қалыпты өсіп, келе жатқан нәресте өте эмоцияналды. Ол үшін өмір жаңалыққа тола; білетіні аз болғандықтан оған барлық нәрсе өзгеше және маңызды болып тұрады. Ересектер тарапынан көп көңіл бөлінбесе оған қатты әсер етіп, эмоционалдық сферасының қалыптасуына әсер етуі мүмкін. Нәресте жанұядағы психологиялық жағдайды ықыласпен қабылдайды, қоршаған ортадағы тез қаунып, тез қайғысын өзінікі сияқты қабылдай алады. Ол қайғыға ортақтаса біледі, және жаны аши алады. Жылдар өте келе өзгеретін бұл әсершілдікті қолдап, нәрестенің осал, нәзік, таза, мөлдір эмоцияналдық өмірінің құламауына көмектесу керек.
Әсіресе белгілі бір заттар мен, мысалы егер жыласаң бір «кісі» алып кетеді, қорқыту, ұрып шошыну эмоцияналды сферасының құрылуына жаман әсер етеді. Балаларды қорқыту, оларда өзіне деген сенімсіздікті, қорқақтығы, қараңғыдан, жалғыздықтан қорқуды қалыптастырады.
Біздің эмоцияналдық қалпымыз аз өмір сүретін, жұмыс істейтін, еңбек ететін, дем алатын жағдайымызға және біздің қоршаған заттарға да байланысты.
И. Гете былай жазды: «Түстер адамның жанына әсер етеді: олар сезімді көтереді, эмоцияны және ойды оятады, бізді қуандырады да, қобалжыта да, мұнайта да алады»
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz