Араб халифатындағы феодалдық қатынастардың қалыптасуы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: КІРІСПЕ
3
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: 1. АРАБ ХАЛИФАТЫНДАҒЫ ФЕОДАЛДЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ.
МАЗМҰНЫ: 1. 1 Мұсылмандыққа дейінгі Аравия.
6
МАЗМҰНЫ: 1. 2 Ислам дінінің қалыптасуы.
7
МАЗМҰНЫ: 1. 3 Арабтардың тақуа халифтар кезіндегі жаулап алушылықтары.
8
МАЗМҰНЫ: 1. 4 Омейядтар мен аббастар халифаттары.
9
МАЗМҰНЫ: 1. 5 Халифаттың ыдырауы.
10
МАЗМҰНЫ: 1. 6 Арабтар мәдениеті.
11
МАЗМҰНЫ: 2. X - XV ҒАСЫРЛАРДАҒЫ АРАБ МЕМЛЕКЕТТЕРІ.
МАЗМҰНЫ: 2. 1 Араб халифатының ыдырай бастауы.
14
МАЗМҰНЫ: 2. 2 Бағдатты Буидтердің, кейін селжук түріктерінің басып алуы.
14
МАЗМҰНЫ: 2. 3 X-XV ғасырлардағы Магрибтегі фатимилер мен мәмлүктер билігі кезіндегі кресшілермен, монғолдармен күрес.
16
МАЗМҰНЫ: 2. 4 Бейбарыс сұлтан билігі кезіндегі Египет.
22
МАЗМҰНЫ: 2. 5 X - XV ғғ. араб мемлекеттерінің мәдениеті.
22
МАЗМҰНЫ: 3. КЕЙІНГІ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ АРАБ ЕЛДЕРІ.
МАЗМҰНЫ: 3. 1 Түрік османдардың араб елдерін жаулап алуы.
24
МАЗМҰНЫ: 3. 2 Осман империясының құрамындағы Ирак.
25
МАЗМҰНЫ: 3. 3 Сирия мен Ливан - Осман империясының құрамында.
25
МАЗМҰНЫ: 3. 4 Түріктер қол астындағы Солтүстік Африка.
26
МАЗМҰНЫ: 3. 5 Түріктер қол астындағы Египетте кейінгі орта ғасырларда қолөнері мен сауданың дамуы.
28
МАЗМҰНЫ: 3. 6 Кейінгі орта ғасырлардағы араб елдерінің мәдениеті.
29
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: ҚОРЫТЫНДЫ
30
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
35

КІРІСПЕ

Араб халифатының тарихын шартты түрде 3 кезеңге бөлуге болады: Мұхаммед пайғамбар (570 - 632 ж. ж. ) мен алғашқы төрт халифтің (Әбу Бәкір (632 - 634 ж. ж. ), Омар (634 - 644 ж. ж. ), Осман (644 - 656 ж. ж. ) ) Әли (656 - 661 ж. ж. ), билігі; Омейядтар династиясының билігі (661-750 ж. ж. ) ; Аббасидтер династиясының билігі (750 - 1258 ж. ж. ) .

VII ғасырда араб тайпаларында рулық - тайпалық қатынастардың ыдырауы басталды. Араб тайпаларының негізгі бөлігін малшы - көшпенділер (бедуиндер) мен сулы жерлерде, қалаларда өмір сүрген жер өңдеушілердің аз бөлігі құрады. Аталған уақыттан бастап әлеуметтік теңсіздікке алып келген мүліктік теңсіздік басталды. Шейхтар (тайпа басшылары) мен саидтар (тайпа ақсақалдары) жақсы сулы жерлер мен малдың көптеген бөлігін өздеріне иемденіп алды. Рулық - тайпалық ыдыраушылықты жеңу мен біртұтас араб мемлекетін құру талпынысы әртүрлі уағыздаушылардың көбеюіне алып келді. Олардың ішіндегі аса әйгілісі - ислам дінінің негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбар болды. Мұхаммед барлық арабтарды бір дінге және пайғамбары - “жер бетіндегі жалғыз құдайдың жердегі елшісі” басында тұрған теократиялық мемлекетке (діни қауым түріндегі) бірігуге шақырды.

VII ғасырдың ортасында Аравияның бір исламдық мемлекетке - халифатқа бірігуі аяқталды.

Омейядтардың басқару жылдарында халифаттың қуатты әрі гүлдену кезеңі болды, көптеген елдер жауланып, ислам дініне тартылды.

640 жылы арабтар Сирияны, Палестинаны, Египетті, ал 649 жылы бүкіл Солтүстік Африканы жаулап алды. 651 жылы Иранды бағындырды. 658 жылы Арменияны, Грузияның бір бөлігін, Азербайджанды, ал Кавказдың арғы жағынан Хазар жерлеріне де қол жеткізді. 715 жыды Хорезмді толығымен және Мауераннахрдың (Сырдария мен Амудария өзендерінің аралығы) басым көпшілік аумағын жаулап алды. 751 жылы Орта Азияны өздеріне бағындырды. 712 жылы Үндістанға басып кіріп, Синд қаласын жаулап алды. 711 жылы Испанияны өздеріне бағындырды. Арабтармен жаулап алынған ұлан - ғайыр аумақта халықаралық тіл болып араб тілі танылды. Ислам құқығы - шариғат жергілікті әдет - ғұрып нормалары мен институттарына еніп, оларды да өзінің бойына сіңіре бастады. Ислам халифаттың бүкіл аумағында үстемдік құрушы дінге айналды.

Халифаттың мемлекеттік құрылымы. Мемлекеттік билік орталықтандырылған сипатта болатын. Мемлекет басында жоғарғы діни (имамат) және мемлекеттік (эмират) билікті жүзеге асыратын халиф тұрды. Мемлекеттік басқарудың орталық органдары ретінде диуандар (ведомстволар) қызмет етті:

  1. диуан - әл - джунд - әскерді қаруландыру мен жабдықтау бойынша ведомствосы;
  2. диуан - әл - харадж - қаржылық - фискальдық (салықтық) ведомствосы;
  3. диуан - әл - барид - жол және пошта бойынша ведомствосы.

Жоғарғы шенеунік болып уәзір табылды, ол тек халифтың алдында ғана есеп беретін болған. Провинцияларды әмірлер басқарған. Кез келген империя сияқты халифатқа да бірнеше ұсақ мемлекеттерге бөлінуге тура келді, оған сонымен қатар халифаттың тұрғылықты халықтарының үздіксіз көтерілістері де әсер етті. Жергілікті әмірлер қол астындағы әскери күштерін нығайтып, өздерін дербес басы ретінде жариялауға тырысты. Мұндай жағдайда Хорасандағы (Иранның бір бөлігі) тахиридтарда, Орта Азиядағы саманидтарда, Египеттегі тулунидтарда, Армениядағы және Грузияның бір бөлігіндегі багратидтарда, Ирандағы буидтарда кездесті. X ғасырдың басында Аббасидтердің қолында тек Араб Ирағы мен орталығы Бағдаттағы Батыс Иран ғана қалды, мұның алдында, VIII ғасырдың аяғында Испаниядағы Кордова әмірлігі (астанасы Кордова қаласы) бөлініп шықты. Нәтижесінде Аббасид халифтері саяси биліктен айырылды, оларда тек қана діни билік сақталып қалды.

Халифаттың құқығы. Шариғаттың діни ережелер жиынтығы екенін ескере отырып, шариғатты құқық пен діннің тоғысуы ретінде түсінуге болады. Шариғаттың негізгі қайнар көздері болып мыналар табылған:

Құран - діни - моральдық ережелерден құралған, мұсылмандардың басты қасиетті кітабы;

Сүннет - Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен жүріс - тұрысы туралы хадистердің (аңыздардың) жиынтығы, мұнда отбасылық - мұрагерлік және сот құқығының ережелері көрініс тапқан, ол белгілі бір дәрежеде сот прецендентіне ұқсас болып келеді, яғни, Мұхаммед пайғамбардың белгілі бір істерге қатысты шығарған шешімдері кейінгі соған ұқсас істерге үлгі ретінде қолданылатын;

Иджма - беделді ислам заңгерлерінің шығарған шешімдері, ол жоғарыда аталған қайнар көздер қамтымай өткен мәселелерге қатысты шығарылатын, бұл жағдайда судьялардың (иджтихад) дербес қалауы қолданылатын.

Фетва - қоғамдық өмірдің жекелеген мәселелеріне қатысты ақсүйектер билігінің шығарған шешімдеріне қатысты беделді жоғарғы дінбасыларының жазбаша қорытындысы.

Шариғаттың ережелері жеткіліксіз болған жағдайда, әдет құқығын (әсіресе, бағындырылған жерлерде) немесе исламға қайшы келмейтін басқа да жергілікті заңдарды қолдануға рұқсат етілетін. Мұсылманның әрекеттері төмендегідей болып бөлінетін: қатаң міндетті (орындауға міндетті діни рәсімдер және ережелер) ; қалаулы (діни тұрғыдағы жағымды жүріс - тұрыс) ; рұқсат етілген (мысалы, исламның жауларын өлтіру) ; қалаусыз, алайда жазаланбайтын (мысалы, әйелін ұрып - соғу) ; тыйым салынған және қатаң жазаланатын (діни нанымға қарсы және дінге қарсы басқа да қылмыстар) . Исламның басты құндылықтары болып дін, өмір, сана, жеке меншік және отбасы табылған.

Жауапкершілік сипатына қарай барлық қылмыстар шартты түрде үш топқа бөлінген:

  1. дінге, отбасына, жеке меншіккке және мемлекетке қарсы қылмыстар, олар үшін қылмыскер дене жазаларымен немесе өмірімен жауап беретін. Мысалы, ұрлық қолды шабумен жазаланатын; әйелдің зинақорлығы, құдайға күмән келтіру - өлім жазасымен жазаланатын. Мұндай қылмыстар үшін нақты жазалар -хаддқолданылған;
  2. жекелеген тұлғаларға қарсы қылмыстар, бұлар үшін әдетте айыппұл немесе құн төлеу (қан үшін төлем) түріндегі жазалар қолданылатын. Қылмыстардың бұл түріне, ең алдымен, қасақана және абайсызда адам өлтіру, дене жарақаттары мен зақым келтіру жататын. Қан үшін кек алу рұқсат етілетін, бірақ, аса кең қолдау таппаған - бұған қарағанда құн төлеу жөн деп саналатын.
  3. жазасы соттың қарауымен тағайындалатын (тазир) қылмыстар мен құқықбұзушылықтар.

Шариғатта міндеттемелік құқық жақсы дамыған. Шарттан шығатын міндеттемелер екі топқа бөліп қарастырылады: бірінші топқа - затты біреудің пайдалануына берумен байланысты міндеттемелер, оған айырбас, қарыз, сыйға беру, жалға алу, сату - сатып алу шарттары жатады; екінші топқа - затты біреудің пайдалануына беру міндеті жоқ шарттар жатады, ол сақтау, серіктестік және тапсырыс шарттары. Исламдағы меншік құқығының өз ерекшелігі бар. Мұнда меншік иесінің мүлікті пайдалану және билік ету құқығы бар, ал иелік ету құқығы тек құдыретті құдайға ғана берілген. Отбасылық қатынаста шариғат еркек пен әкенің билік жүргізуін толық қолдаған. Ер адамдарға заңды некемен төрт әйелге дейін және саны шектелмеген некеден тыс әйелдерді алуға рұқсат берілген. Мұрагерлік қатынаста мұра беруші мүліктің тек үштен бір бөлігімен билік еткен, сонымен қатар, мұрагерлерге мұра қалдырушының міндеттері емес, тек құқықтары ғана беріліп отырған, яғни, қайтыс болған адамның мүлкі барлық қарыздары өтелген соң ғана берілетін. Сонымен, мұраның үштен екі бөлігі заңға сәйкес мұрагерлікке (заңды мұрагерлеріне) және үштен бір бөлігі мұра берушінің тілегі бойынша (өсиет бойынша) берілетін.

Жердің құқықтық режимі де мәртебесінің әртүрлілігімен ерекшеленетін:

  1. хиджаз - Мұхаммед пайғамбар өмір сүрген жерлер, ол жерде тұратын мұсылмандардан ондық салық алынатын;
  2. вакуф - діни мұсылман ұйымдарына тиесілі жерлер;
  3. мүлік - мұсылмандардың жеке жерлері;
  4. икта-қызметі үшін уақытша берілген жерлер, бұл жерлерді пайдаланғаны үшін халықтан салық алынатын.

Сот өндірісі кәсіби судьялармен - кадилармен жүргізілетін. Судья қатаң іс жүргізушілік ережелерін сақтамайтын. Исламдың іс жүргізуде прокурор мен адвокат болмаған. Cудья барлық істерді өзі дербес шешетін. Осыған сәйкес кассациялық және апелляциялық инстанциялар мұсылман құқығында орын алмаған. Дәлелдемелердің ішінде ант беру, куәлардың көрсетулері мен айыпталушының мойындауы ерекше маңызға ие еді. Куә ретінде әдетте ер адам ғана қатыса алатын, әйелдер мен басқа дін өкілдері куә ретінде көрсете бере алмайтын, үкімнің айыптылығын анықтауда ұқсастық бойынша талқылануға рұқсат етілетін. Анттар қасиетті кітапты ұстай тұрып берілетін, және әдетте шынайы болып табылатын, себебі, бұл жерде мұсылмандардың құдайдан қорқумен сипатталатын дүниетанымы мен түсінігі көрініс табатын.

1. АРАБ ХАЛИФАТЫНДАҒЫ ФЕОДАЛДЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ.

1. 1 Мұсылмандыққа дейінгі Аравия.

Ұлан - ғайыр Аравия түбегінің көлемі 3 млн. км². Ол шөл дала, құмды жер. Теңіз жағалаулары ғана егіншілікке жарамды. VI ғасырда арабтар 1) көшпелі мал шаруашылығымен айналысушыларға және 2) отырықшы диқандарға бөлінетін, оның ішінде араб қоғамының басым көпшілігі мал бағатын көшпелілер болатын. Олар бедуиндер деп аталатын. Малдан жылқы, қой, ешкі, түйе өсірілетін. Шонжар бедуиндердің қора - қора малы, үйір - үйір асыл тұқымды жылқылары болды. Әр тайпада түк малы жоқ, тақыр кедейлер де жеткілікті еді. Олар көбінесе кесіртке мен жабайы құрманы қорек етті. Тайпалар руға бөлінетін. Рудың бақуатты отбасылары кедей туысқандарына қарайласуы керек болды. “Қанға - қан” деген кек алу дәстүрлі болды. Тайпа басшысы шейх, ру басшысы - саидтар өз қалауы бойынша басқарды (барлық мәселені өзі шешетін) .

Қолөнері, егіншілігі Аравияның оңтүстік - батысында - Иеменде жақсы дамыды. Иеменнің ертерек дамуына оның сауда жолында делдалдық рөл атқаруы әсер етті. Ол Египет пен Палестинаның, Сирияның арасында, ал II ғасырдан бастап бүкіл Жерорта теңізінде делдалдық рөл атқарды.

Үндістаннан теңіз арқылы әкелінген тауарлар Иеменде түсіріліп, түйелерге артылып, Палестина, Сирия арқылы Батыс Еуропа елдеріне дейін жетіп жататын.

Аравияның батысындағы Хиджаз облысында Иеменнен Сирияға баратын жолда үлкен сауда - саттық қаласы - Мекке орналасты. Оның көпестері көрші елдерге жылына бірнеше рет үлкен керуендер жабдықтап жіберіп отырды. Меккенің орталық алаңында да куб тәріздес Кааба мешіті болды. Оның төрінде қасиетті “қара тас” тұрды, ал айналасында араб тайпаларының құдайларының мүсіндері қойылған болатын. Әр тайпа өз құдайына құлшылық етті. Бұл арабтар арасында алауыздықты күшейте түсті. Каабаның маңында жанжалға, айтыстартысқа, ұрыс - керістерге қатаң тыйым салынды.

V - VI ғасырларда арабтар елінде алғашқы қауымдық құрылыспен қатар, құлдық қоғам да орын алды. Бірақ құл иеленушілік қатынас дамып, жетілмеді. Алғашқы қауымдық құрылыс негізінде феодалдық қатынастар да қалыптаса бастады.

Арабтардың жеке топтары біздің заманымызға дейін - ақ көршілес Палестина, Сирия елдеріне қоныс аударып, тіпті Иорданияда арабтардың Гассанид патшалығы да құрылған болатын. IV ғасырға қарай Месопотамия мен Сирия шекарасында Лахмидтер әулеті басқарған араб патшалығы құрылды. Ол VII ғасырдың басына дейін сасанидтік Иранға вассалдық тәуелділікте болды.

Біздің заманымызға дейінгі I ғасырда арабтар Египетке де қоныс аударды. Мысалы, Копт қаласындағы тұрғындардың жартысына жуығы арабтар болды. Бұл жағдай кейін араб жаулап алушылығын жеңілдетті.

Шонжар арабтар көршілес бай елдерді - Сирияны, Египетті, Иранды жаулап алуды аңсады. Бұл жерлерден бағалы олжа, жер, мал басып алуға болатын еді. Бұл елдердің байлығына қызықтырып, өз кедей - кепшіктерін жорыққа әкетуге тырысты. Соғысты ойдағыдай жүргізу үшін бүкіл араб тайпаларын біріктіру керек болды.

Бірігуге араб көпестері де ынталы болды. Өйткені VII ғасырдың басында Аравияның оңтүстік бөлігі мен Қызыл теңізге шығатын жолды Иран басып алды, ал Аравияның солтүстігінде Византия үстемдік етті. Сауда барған сайын нашарлай берді. Көпес керуендері Қызыл теңіз жағасына сирек кететін болды. Сондықтан да бай көпестер бұрынғы сауда жолдарын қалпына келтіру және жаңа жолдар басып алу үшін араб халықтарын біріктіріп, жорыққа аттандыруға мүдделі болды.

1. 2 Ислам дінінің қалыптасуы.

Араб тайпаларын біріктіріп, көршілес бай елдерді басып алу үшін шонжарлар жаңа дінді - ислам дінін пайдаланды. Ол діннің негізін Мұхаммед пайғамбар қалады.

Мұхаммед пайғамбар 570 (571) - 632 жылдары өмір сүрген. Ол Меккеде үстемдік құрған корейшиттердің кедейленген отбасында өмірге келген. Әкесінің аты - Абдулла, анасының аты - Әмина. Ана құрсағында пайда болғанына жеті ай толғанда әкесі дүние салады. Мұхаммед пайғамбар туғанда күн шықпай тұрып - ақ оның жүзіне рисалат нұры құйылған (жамандықтан айырылтушы сәуле) делінеді.

Төрт жасына дейін сүтанасы Халиманың бауырында болды. Содан соң өз үйіне табыс етілді. Алты жасында туған анасы Әмина дүние салды. Енді оны атасы Абдулмүтәлип қолына алды. Бірақ анасы қайтыс болғаннан кейінгі екі жылдан соң, сегіз жасқа келгенде атасы да дүниеден өтті. Бұл жолы ол немере ағасы Әбутәлиптің жанында қалды.

Жиырма бес жазында Хұбайлид қызы Хадиша-Кубраға (Аллаға сыйынушылар анасы) үйленеді: Хадиша анамыз Мұхамедтен 15 жас үлкен болған. Мұхаммед пайғамбар Хадишамен жиырма бес жыл өмір сүрген. Алла тағала Мұхаммед пайғамбарға құранды - мұсылмандардың қасиетті кітабын - ол қырық жасқа келгенде жібере бастады делінеді.

Мұхаммед пайғамбарға Алла тағала атынан Кәрімнің уағыздарын біртіндеп төбе періштелерінің бірі Жәбірейіл Ғалайһи уәссалам әкеліп тұрған деп, құран 23 жыл ішінде түсіп болған деп есептеледі. Құранда 114 сүре бар. Ол сүрелер меккелік және мединелік болып екіге бөлінеді. Меккелік сүрелердің саны - 90, ал мединелік сүрелердің саны - 24. Сүрелер аяттардан тұрады. Аяттар (өлеңді сөз жолдары) саны әрқайсысында әртүрлі. Мысалы, “Фатиха” деп аталатын бастаушы сүреде жеті аят болса, ең ұзақ екінші сүре “Бахарада” 286 аят бар.

“Мұхаммед пайғамбарымыздың тірі кезінде Алла тағаланың сөзі қағаз бетіне түспей, ауызша тараған. Алланың сөздерін жатқа білетін мұсылмандарды “кари” деп атаған. Алайда, Мұхаммед пайғамбар қайтыс болғаннан кейін қасиетті сөздердің жоғалып кету қаупі төнеді. Сондықтан Әбу Бәкір халиф Мұхаммед пайғамбардың хатшысы болған Зәид ибн Сәбитке Алла тағаланың сөзін жинап, кітап етіп құрастыруды аманаттайды. Үшінші Халиф тұсында Зәид ибн Сәбит көмекшілерімен бірге Құранды төрт дана кітап етіп жазып шығады. Осман Халиф бұл төрт дана кітапты заңды Құран деп жариялап, Медине, Димашық, Куфа, Басыра қаларында сақтауға әмір етеді”.

Өз уағызын 610 жылы бастаған Мұхаммед пайғамбар 622 жылы Ясрибке (Медине) қоныс аударуға мәжбүр болды. Осы жыл - 622 жыл - мұсылмандардың бірінші жылы болып саналады. Бұл “хижра”, яғни “көшу” жылы деп аталады. Ясриб сол жылдан бері Медина - “пайғамбар қаласы” деп аталады.

Айша - Мұхаммед пайғамбардың сүйікті әйелі. Оған тоғыз жасында үйленген. Мұхаммед пайғамбардың төрт қызы болды: Зейнеп, Рұқия (Ұрқия), Үмму Күлсім, Фатима (Аллаға сыйынушылар сүйіктісі) . Үш ұлы болды: Ибраһим, Қасым, Абдулла. Мухаммед пайғамбардың уағыздаған діні ислам деп аталады. Ислам деген сөз құдайға құлшылық дегенді білдіреді. Ол дінді ұстанушылар мүсілімдер, мұсылмандар деп аталады.

1. 3 Арабтардың тақуа халифтар кезіндегі жаулап алушылықтары.

Мұхаммед пайғамбар арабтарды бір ғана құдайға табынуға, өзара жауласуды тоқтатуға, бірігуге шақырды. 630 - жыл шамасында араб тайпаларының көпшілігі ислам дінін қабылдады, Мұхаммед өкіметін мойындады. Мекке мұсылман дінінің орталығына, бүкіл мұсылмандардың “қасиетті” қаласына айналды. Мұхаммед мемлекет пен мұсылман мешітінің басқарушысы болды. Мұхаммед өлгеннен (632) кейін көп ұзамай, мұсылмандар бүкіл Аравияны өздеріне бағындырып алды. Араб мемлекетін “халифтар” (“пайғамбардың орынбасары”) басқарды. Арабтар Византия мен Иранға шабуыл жасады. Ол елдердің көптеген қалалары жаулаушыларға ұрыссыз берілді. Арабтар 636 жылы Ярмуктегі шайқастан кейін Византияның аса бай провинциялары - Сирия мен Египетті - басып алып, 637 - 651 жылдары Иранды жаулап алды. Араб әскерлері Константинопольды бірнеше рет қоршап, шабуылдағанымен, оны ала алмады.

Мұхаммедтің үшінші мирасқоры халиф Осман (644 - 656) өте кәрі шал еді. Ол Мекке ақсүйектерінің өкілі болатын. Оны Сирия арабтары да қолдайтын. Сирияның әкімі - Муавия әмір оның жақын туысы болатын. Мединеліктер жек көретін кәрі халиф Османды қастандық жасаушылар (656) өлтірді. Оның орнына Мұхаммедтің күйеу баласы Әлі халиф болды (Фатиманың күйеуі) . 661 жылы ол да қастандықшылар қолынан қаза тапты. Енді Муавия өзін халиф деп жариялады. Бірақ ол халифатты Меккеге де, Мединеге де бармай, Дамаскіден басқара берді. Сөйтіп, араб халифатының жаңа тарихи кезеңі басталды. Арабтардың саяси өмірінің орталығы араб қаларынан Сирия қалаларына ауысты.

1. 4 Омейядтар мен аббастар халифаттары .

Дамаск халифаты 661 жылдан 750 жылға дейін өмір сүрді. Бұл тоқсан жылдық билік Омеядтар халифаты деп аталды. Бұл кезде халифаттың иелігі орасан зор ұлғайды. VIII ғасырдың басына қарай бүкіл Солтүстік Африка жаулап алынды. 711 жылы арабтар Гибралтар бұғазы арқылы вестготтардың әлсіреп қалған мемлекеті орналасқан Пириней түбегіне өтті.

Олар бірнеше жылдың ішінде Испанияны түгелдей дерлік жаулап алды. Оның тек солтүстік таулы бөлігінің тұрғындары ғана бағынбай, күресе берді. Одан соң арабтың атты әскері Пириней тауларын басып өтіп, франктер корольдігіне бас салды. Бірақ Пуатье түбінде болған 732 жылғы жойқын соғыста франктер арабтарды жеңіп, оларды оңтүстікке ығыстырып тастады.

750 - 754 жылға дейін Аббул - Аббас тақта отырды. Ол 1055 жылға дейін билік құрған аббаситтер әулетінің негізін қалады. Жаңа халифаттың астанасы Бағдад қаласы болды. Оны 768 жылдан бастап халиф Мансұр (754 - 775) тұрғызды.

Осы аббасидтер тұсында Араб мемлекеті өзінің шырқау шегіне жетті. Араб мемлекетінің гүлденуіне зор еңбек сіңірген халифтер: Мансұр (754 - 755), Харун - ар - Рашид (786 - 809), Аль - Мамун (813 - 833), Мұтадид (892 - 902) болды. Мұтадидтен кейін халифаттың құлдырауы басталады. Халифаттағы барлық жер әуелде халифтың меншігі болып есептелді. Ол елді наместниктері арқылы басқарды. Наместник өзі қызмет атқаратын мерзіміне қарай пйадалануға жер алып отырды. Халықтан жиналған салықтардың есебінен ол чиновниктер мен әскер ұстады. Бертін келе халиф жердің бір бөлігін шонжарлардың тұрақты иемденуіне берді. Шығыс елдерінде егіншілікпен суармалы жерлерде ғана шұғылдануға болатын еді. “Сусыз жер - өлі жер” - дейді араб мақалы. Үлкен суландыру құрылыстары салынды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алғашқы төрт тақуа халифаттарының тұсындағы Араб жаулап алушылықтар
Мұсылман мәдениетінің қалыптасуы, халифаттық кезең орнауы
Әл - Фарабидің философиялық ойларының мәні
Мемлекетті жіктеудің хронологиялық тәсілі
Мемлекет дамуы кезеңдері
Халифат территориясынң кеңейуі
МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мұсылмандық құқықтың қайнар көздері
Араб халифатының пайда болуы
Мұсылман құқығының діни жинақтарындағы құқықтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz