Бастауыш сыныпта математика сабақтарында оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекет



МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1. Бастауыш сыныпта математика сабақтарында оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс.әрекеті
2. Танымдық ойындар
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ

Тәрбиенiң негiзгi қағидаларының (принциптерi) болуы занды құбылыс. Халық педагогикасының негiзгi қағидаларын арнайы сөз етсек, олар мыналар демекпiз:
1. Келер ұрпақтың ақылды, намысқор, арлы, өмiршең азамат болуын тiлеу.
Жас нәрестенiң дүниеге келуi ата-ана, ағайын-туыс, қауым-көпшiлiкке зор қуаныш әкелумен бiрге, борыш та жүктей келедi. Дәлiрек айтсақ ұрпақты тәрбиелейтiн халық мектебiнiң есiгi сәбидiң алғаш дүниеге келген күнiнен бастап айқара ашылады. Ол белгiлi мақсат-тiлекпен байланысты туындайды.
Отбасы үлкендерiнiң бәрi жаңа туған жас баланы отанның, елдiң асыл азаматы болуын аңсап армандайды. Өнегелi үлкендерге ұқсасын деп, дарынды, өнерлi, ақылды ақсақалдарға баланың аузына түкiртiп, азан шақыртып, атын қойғызады. “Ақылын, жасын берсiн” деп, жаңа туған нәрестенi қарияның шапанының етегiне орайды. Ұрпағы өскен қадiрлi анаға кiндiгiн кестiредi, бесiкке салдырады, қырқынан шығарту ырымдарын жасатады, тұсауын кескiзедi. Үлкендерден бата алғызады. Халықтың балаға арналған ырым, бата-тiлектерiнде келешектен күткен үлкен үмiт, аңсау арман бар. Тәрбиенiң алғашқы қағидасы ата-ананың аңсау арманымен, баладан күтер үмiтiмен үндесiп жатыр.
2. Баланы жастайынан еңбек сүйгiш, елгезек азамат етiп тәрбиелеу көзделген. Ол бесiк жырлары мен тұсау кесер жырларынан, бата, тiлек, терме өлеңдерден өзектi орын алған. Еңбек қағидаларын жастардың бойына сiңiру отбасындағы еңбектiң қарапайым түрлерiнен басталып, қоғамдық маңызды iстермен ұштасқан. Ұл баланы қозы, лақ қайтаруға, отын-су әзiрлеуге, мал өнiмдерiнен тұрмысқа қажеттi құрал-жабдық (қамшы, шiдер, жүген өру, терi илеу, қару-жарақ т.б.) жасауға әзiрлеу, қора салу, киiз үйдiң ағашын iстеу, ұсталық, зергерлiк өнерге үйрету т.б. көзделсе, ал қыз балаларды ыдыс-аяқ жуу, үй сыпыру, шай қою, төсек жинау, кесте, өрмек тоқу, ас пiсiру, бала күту, қонақ күту т.б. үйреткен.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Аймағамбетова Б. Көңілге қонған көрнекілік / Б. Аймағанбетова // Бастауыш мектеп. - 1989. - № 8.-14-17 бет.
2. Бантова М.А. Бастауыш кластарда математиканы оқыту методикасы / М.А. Бантова .- Алматы: Мектеп, 1978.
3. Баржықпаева С. Көрнекілікті тиімді пайдалану / С.Баржықпаева // Бастауыш мектеп.- 1991.-№ 8.- 46-48 бет.
4. Бидосов Ә. Математиканы оқыту методикасы / Ә. Бидосов.-Алматы: Мектеп, 1981.-221 бет.
5. Гоноболин Ф.Н. Психология / Ф.Н. Гоноболин.- Алматы: Мектеп, 1976.
6. Дарменова Қ. Көрнекілік арқылы ойлау қабілетін арттыру / Қ. Дарменова // Бастауыш мектеп.- 1991.- № 4.- 12-14 бет.
7. Корпешова Г. Оқушылардың қызығушылығын арттырудағы көрнекіліктің рөлі / Г.Корпешова // Қазақстан мектебі. - 1986.- № 4.- 20-21 бет.
8. Қаниева Г. Оқушының ойлау қабілетін дамыту / Г.Қаниева // Қазақстан мектебі.- 1991.-№ 5.- 3-10 бет.
9. Ушинский К.Д. Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі пікірлері / К.Д. Ушинский .-Алматы: Мектеп, 1951.

Пән: Математика, Геометрия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1. Бастауыш сыныпта математика сабақтарында оқушылардың білім деңгейін
арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеті
2. Танымдық ойындар
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Тәрбиенiң негiзгi қағидаларының (принциптерi) болуы занды құбылыс.
Халық педагогикасының негiзгi қағидаларын арнайы сөз етсек, олар мыналар
демекпiз:
1. Келер ұрпақтың ақылды, намысқор, арлы, өмiршең азамат болуын тiлеу.
Жас нәрестенiң дүниеге келуi ата-ана, ағайын-туыс, қауым-көпшiлiкке зор
қуаныш әкелумен бiрге, борыш та жүктей келедi. Дәлiрек айтсақ ұрпақты
тәрбиелейтiн халық мектебiнiң есiгi сәбидiң алғаш дүниеге келген күнiнен
бастап айқара ашылады. Ол белгiлi мақсат-тiлекпен байланысты туындайды.
Отбасы үлкендерiнiң бәрi жаңа туған жас баланы отанның, елдiң асыл
азаматы болуын аңсап армандайды. Өнегелi үлкендерге ұқсасын деп, дарынды,
өнерлi, ақылды ақсақалдарға баланың аузына түкiртiп, азан шақыртып, атын
қойғызады. “Ақылын, жасын берсiн” деп, жаңа туған нәрестенi қарияның
шапанының етегiне орайды. Ұрпағы өскен қадiрлi анаға кiндiгiн кестiредi,
бесiкке салдырады, қырқынан шығарту ырымдарын жасатады, тұсауын кескiзедi.
Үлкендерден бата алғызады. Халықтың балаға арналған ырым, бата-тiлектерiнде
келешектен күткен үлкен үмiт, аңсау арман бар. Тәрбиенiң алғашқы қағидасы
ата-ананың аңсау арманымен, баладан күтер үмiтiмен үндесiп жатыр.
2. Баланы жастайынан еңбек сүйгiш, елгезек азамат етiп тәрбиелеу
көзделген. Ол бесiк жырлары мен тұсау кесер жырларынан, бата, тiлек, терме
өлеңдерден өзектi орын алған. Еңбек қағидаларын жастардың бойына сiңiру
отбасындағы еңбектiң қарапайым түрлерiнен басталып, қоғамдық маңызды
iстермен ұштасқан. Ұл баланы қозы, лақ қайтаруға, отын-су әзiрлеуге, мал
өнiмдерiнен тұрмысқа қажеттi құрал-жабдық (қамшы, шiдер, жүген өру, терi
илеу, қару-жарақ т.б.) жасауға әзiрлеу, қора салу, киiз үйдiң ағашын iстеу,
ұсталық, зергерлiк өнерге үйрету т.б. көзделсе, ал қыз балаларды ыдыс-аяқ
жуу, үй сыпыру, шай қою, төсек жинау, кесте, өрмек тоқу, ас пiсiру, бала
күту, қонақ күту т.б. үйреткен.
3. Халық педагогикасында “Бiрiншi байлық — денсаулық” деген ұғым
өзектi орын алған. “Денi саудың жаны сау”, “Ас адамның арқауы”, “Ауру
астан” деп рухани, материалдық байлықтың негiзiн жеке бастың,
яғни тәннiң саулығына байланысты қарастырған. Баланы туған күннен бастап
тұзды сумен шомылдыру, маймен сылау, дене күтiмiне ерекше мән берiп
шынықтыру, мерзiмiнде жақсы ас берiп тамақтандыру мен ұйықтатудың бәрi тән
саулығы үшiн жасалған әрекеттер.
4. Халық педагогикасында адамгершiлiк қасиеттердi баланың бойына
дарыту, iзгiлiкке, имандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу, ар-ожданды қастерлеу
басты қағида болып есептелген. “Жаным — арымның садағасы” деп, арды
адамгершiлiк қасиетiнiң үлгiсi санаған.
5. Гуманизм мен патриотизм — халықтық тәрбиенiң басты қағидаларының
бiрi. “Отан от басынан басталады” деп ұққан ата-бабамыз от басының,
ананың, рудың, отанның намысын қорғауды, қарттарға, ауру, кемтарларға
көмектесудi, басқа ұлт өкiлдерiн сыйлауды отбасы тәрбиесiнiң өзектi
принципi деп бағалаған. “Атаның баласы болма, адамның баласы бол”, “Жақсы –
көпке ортақ”, “Ел үшiн еңбек ет, халқын сүйген қор болмайды” деген өсиет
тәрбиеден өзектi орын алған.
6. Елдi, жердi қорғайтын, еңбек ете алатын азамат болу
үшiн дененi шынықтыру қажет. Халық педагогикасында “Шынықсаң шымыр боласың”
деп ой қорытқан ата-бабамыз ұлттық ойынға жаттықтырып үйрету (аударыс,
күрес, теңге алу, қыз қуу т.б.) арқылы дене тәрбиесiне баса көңiл бөлген.

Бастауыш сыныпта математика сабақтарында оқушылардың білім деңгейін
арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеті

Еңбек пен жаңалықтар ашудың байтақ және көз жеткіліксіз қиырларына
апаратын кең жол мектеп берген математикалық білімдер арқылы өтеді - деп
мектеп математикасына баға берген әйгілі ғалым Маркушевич А.И.
Адамның жеке басын қалыптастыру негізі бастауышта қаланатыны бәрімізге
белгілі. Бастауыш мектептің негізгі міндеттері – баланың жеке басының
алғашқы қалыптасуын қамтамассыз ету; олардың қабілеттерін ашып, дамыту,
оқуға деген ынтымақтастық тәжірибесінің берік дағдыларын меңгерту,-
делінген Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасында.
Осы міндетті ойдағыдай орындау үшін, әрбір жас балаға, оқыту, тәрбиелеу,
дамыту жұмыстарын ұштастыра жүргізіп, оқушыны жан-жақты қамтамасыз етуге
дайын болуымыз керек,- дейді көптеген педагогтарымыз (С. Рахметова, Ж.
Адамбаева).
Оқушыларға математика білімінің қыр-сырын жетік таныту, қабілеттерін
шыңдау, кез-келген ортада өзін еркін ұстауға, Қазақстан Республикасының
азаматы деген атқа лайық болатындай етіп тәрбиелеу – біздің міндетіміз
болмақ. Осы орайда оқушылардың білім деңгейін арттыру – маңызды іс. Бұл
мәселе көптеген жылдар бойы қарастырылып келе жатыр. Математика, оқыту
әдісіне сан алуан жетілдірулері болатындығына қарамастан, шәкірттер үшін
әрдайым қиын жұмыс болып қала береді - деген атақты ғалым Писарев Д.И.
Сондықтан, матеметиканың қиындығына, күрделілігіне қарамастан, болашақ
ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру біз үшін орасан зор
жауапкершілікті қажет ететін оқыту әдісі болуы тиіс. Бұл бастауыш сыныпта
оқытуда орындалады.
Бүгінгі бөбек – ертеңгі азамат – қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол
көрсетуші, бағыт беруші – бастауыш мектеп мұғалімдері. Ақ жүрек балғын
бөбектерге білім мен тәрбие есігін ашу бастауыш мектеп мұғалімдеріне
абыройлы да жауапты жұмыс жүктейді.
Ұстаздың әрбір қылығы оқушыға әсер қалдырып, оның ары қарай жетілуіне ықпал
ететіні бәрімізге белгілі. Мұғалім – оқушы атаулыға үлгі болатын өмірінің
сан алуан жолынан адаспай өтуде оған бағыт беріп, жөн сілтеуші, баланы
адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа және басқа да сол сияқты ізгі
қасиеттерге баулитын жан.
Қазіргі заманымызда оқушының білім деңгейін көтеру мәселесі ең басты
мәселелердің бірі болып отыр. Оқушының білім деңгейін көтерудегі басты
тұлға – ұстаз екені бәрімізге белгілі.
Оқушының білім деңгейін көтеру дегеніміз – оқушыны жан-жақты тәрбиелеп,
ғылым негіздерінен берік білім беру, болашақ қоғамға пайдалы қызмет ететін
азамат етіп шығару. Оқушының бойындағы білімін ары қарай тереңдетіп,
жетілдіре түсу.
Оқушының білім деңгейін көтерудегі мұғалімнің іс-әрекеті деген не?- деген
сұраққа жауап іздеп көрейік.
Ғылыми-педагогикалық және психологиялық әдебиеттерді зерттеу барысында біз
ең алдымен іс-әрекет дегеніміз не деген сұраққа жауап іздедік. Адамның
психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына
байланысты болады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен
жарыққа шығарады.
Психология ғылымының докторы, профессор Қ. Жарықпаевтың пікірінше: Әрекет
дегеніміз түрлі қасиеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге
бағытталған процесс.
Бір мақсатқа біріккен әрекеттердің жиынтығын ғана іс-әрекет деп,-
анықтама берді психолог Ф.Н. Гоноболин. Ол белгілі бір ұзақ уақытқа
созылуымен сипатталады. Педагогикалық іс-әрекет туралы айтқанда біз
мұғалімнің бір рет жасаған әрекетін емес, ұзақ уақыт бойы педагогтік толып
жатқан қылықтары мен әрекеттерінен тұратын оның мектепке жасаған күнделікті
жүйелі еңбегін айтамыз.
Сонымен, оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеті
дегеніміз – оқушының білімін жетілдірудегі, түрлі қажеттерді өтеуге
байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процессті айтамыз. Яғни
мұғалімнің сабақ үстінде оқушыға білім беру мақсатымен жүргізілетін жұмыс
түрлері. Оқушылардың білім деңгейін арттырудың жолдарына тоқтала кетейік.
Ауызша есептеуге үйрету тәсілдері.
Бастауыш сынып математикасын оқыту үрдісінде есепті шығара білу шеберлігін
қалыптастыру, жетілдіру және дамытудың шешуші бағыттарына тоқталайық.
1. Есеп шығаруға үйрету – математиканы оқытудағы ең қиын әрі күрделі
мәселелердің бірі. Бұл балалардың шама-шарқына, психологиялық жас
ерекшелігіне сәйкес салыстыру, жан-жақты талдау жасау, қарама-қарсы қою.
Жалпылау, түрлендіру, зерттеу, әр алуан категорияларға біріктіру,
қорытындылау, абстрактциялау сияқты түрліше меңгеруіне байланысты бірдей
дәрежеде орындала бермейді.
2. Балалардың топтық, өзіндік ерекшеліктері қабілет деңгейлерінің әр
түрлілігіне байланысты, олардың бәрінен де бір тарақтың жүзінен шыққандай
есепті шығара білуге біркелкі үйренеді деуге болмайды.
3. Есеп шығаруға үйрету алғашқы сабақтардың өзінде-ақ басталып, сынып
ілгерілген сайын бірте-бірте сәйкес шеберлік те қалыптаса бастайды.
Ауызша есептеуге үйрету бастауыш сыныптан басталатыны бәрімізге мәлім. Ол
уақыт үнемдеу тұрғысынан тиімді. Бір ғана мысалдың нәтижесін бірнеше
тәсілмен есептегенде берілетін түсіндірмелер, аралық нәтижелердің қалай
шығатыны, ақтық нәтижеде не болатыны ауызша айтылады да, оларды жазуға
уақыт жұмсалмайды. Оған қоса қай тәсілді қолдану оқушының өз еркінде
болғанымен, олардың барынша тиімдісін іріктеп алуды үйретуге де мүмкіндік
мол.
Математика сабағында ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын
жүргізудің маңызы зор. Сабақта оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін есеп
шығарғанда орындайтын амалдарды ойша шешіп алуды дағдыландырған жөн.
Бастауыш сыныпта математиканы оқыту тек математикалық білімді берумен
шектелмейді. Бұл пән оқушылардың логикалық ойлауын дамытуда маңызы өте зор.
Оқушылардың ойлау процесінің нақтылығын, тереңдігін анықтау үшін олардың
белсенді іс-әрекетімен бірге өз бетінше жұмысын ұйымдастыру керек.
Ауызша есептеуге үйретуде оқушылардың білімі мен дағдысын тексеру кезінде
арифметикалық диктант ретінде қолдануды ескеру қажет. Диктанттан кейін
тексеруді ауызша жүргізген қолайлы.
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту мектепке сабақ және сабақтан тыс
жүргізілетін сабақтар формасында жүзеге асырылады. Сабақтарда балалардың
математикаға деген ынтасын арттыруға,олардың өз бетінше жұмыс істей білу
дағдысын тәрбиелеуге ерекше назар аударылады. Пәнге деген ынтасы мен өз
бетінше ойлай білу өзара тығыз байланысты. Сабақ балалар үшін қызықты
өткенде, олардың оқу жұмысында да белсенділігі артып, өз бетінше жұмыс
жасап, белсенділігін арттырғандығынан олардың пәнге деген ынтасы өседі.
Оқушыларды өз бетімен ойлауға тәрбиелеп, математикаға деген ынтасын арттыру
үшін оқыту әдістерін дұрыс таңдап алудың маңызы зор. Оқудың белсенді
әдістерінің бірі – оқушыларға өз бетімен жұмыс істете білу.
Барлық сабақтың елеулі бөлігінде өз бетімен жұмыс істегенде оқушы жұмыстың
мақсатын айқын түсіне білуі, оны орындауы, тексеруі және қателіктерді
түзетуі сияқты өз бетімен істелетін жұмыстың жалпы әдістерін бірте-бірте
игеріп алуы тиіс.
Оқушылардың сабақта өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін
математика кабинеттерінде дидактикалық материалды, үлестірмелі материалдар,
баспа негіздегі дәптерлер, тағы басқа оқу құралдары жинастырылуы қажет.
Дегенмен оқушыларға оқулықпен жұмыс істеуді үйретудің орны ерекше. Барлық
ғылыми-техникалық білімнің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математика сабағында көрнекілік принципті қолдану технологиясы
Бастауыш сынып оқушыларының есептерді шешу біліктіліктерін қалыптастыру ерекшеліктері
Математиканы көрнекі түрде оқыту
Бастауыш сыныпта математика сабақтарында оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеті
Бастауыш сыныпта математика сабақтарында оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімні іс-әрекеті
Көрнекі құралдар арқылы орта мектеп оқушыларының зейінін ашу
Бастауыш мектеп математикадағы арифметикалық ағымдар оқыту әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларына сандарды оқытудың тиімді әдістері
Бастауыш сынып математика сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігін ұлғайту
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістеме
Пәндер