Еңбекақының теориялық негіздемесі және аудиті


Мазмұны
Кіріспе
Нарықтық экономикалық жағдайда мемлекеттің экономикалық әлеуметтік дамуындағы өзгерістер еңбек саясатына өзінің әсерін тигізеді. Яғни оның құрылымы мен жүргізілу есебінде байқаймыз. Еңбекақы төлемі- заңдылық нормалық тәртіпке сәйкес жұмысшымен көрсетілген қызметке төленетін сыйақы болып табылады. Қазіргі таңда еңбекақы және еңбек есебінің ұйымдық есеп жүйесініндегі орны ерекше зор. Алынған дипломдық жоба тақырыбының кәсіпорындағы алатын орны бөлек және қазіргі кезге өте өзекті проблемала болып саналады. Яғни экномикалық дағдарыс өінің ізін жалақы есебіне де қалдырып кетті, басқаша айтқанда дағдарыспен туындаған еңбек проблемалары ол: жұмыс орнымен қамтамасыз ету, жалақы сомасын уақытында төлеу, жұмыс орнын қысқартпау және т. б. проблемалар еңбек есебі опреацияларының жұмысын қиындата түсті. Осы жағдайларға байланысты көбейіп кеткен заң бұзушылық жағдайлары белең орын алып бара жатыр. Берілген дипломдық жоба тақырыбының мақсаты белгілі бір обьект мысалында жоғарыда аталған проблемаларды жою, яғни қателіктерді табуып мемлекеттік мекеме ұйымындағы еңбекақы есебінің ұйымдасуын ашып көрсету болып табылады. . Қойылған мақсаттарды орныдау барысында төмендегі келесі іс-шараларды орындауымыз қажет:
- қызметкерлермен еңбекақы есебінің теориялық аспектісін зерттеу;
- мемлекеттік мекемедегі ҚР ҚМ Салық басқармасының Павлодар қаласы бойынша салық басқармасының еңбекақы есебінің ерекшеліктерін қарастыру;
- жұмысшылардың жеке құрамының ұйымдық жүйесін зерттеу;
- заң бұзушылық жағдайларға шаралар қодану;
- жұмысшылармен еспайырысу есебін еңбекақы есебін бақылау методикасын ашып аудиторлық талдама жасау болып табылады;
- еңбекақы есебінің аудиторлық тесерісін жүргізу.
Еңбек уақыты есебі. Еңбекақы төлемі есептелуіне негізделген мәліметтер бухгалтерия бөліміне уақытында және еңбекақы аударымдарын жүргізу үшін де уақытында өткізілуі тиіс.
Еңбек және еңбек ақы есебінің негізгі мақcаты:
- өндірілетін өнімдер мен істелетін жұмысқа кеткен еңбек пен оған төленетін еңбекақы мөлшерін анықтау;
- еңбек өніміділігінің өсімін бақылау;
- жұмсалған еңбектің саны мен сапасын бақылау;
- жұмысшылармен қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін еңбекақы қорынан, қоғамдық тұтыну қорынан және тағы басқа қорлардан бөлінетін қаржыларды бақылау;
- жұмысшы және қызметкерлермен уақытылы дұрыс есеп айырысу;
- өндіріске жедел басшылық жасау үшін тиісті мәліметтер алу;
- еңбек және еңбекақы жайлы статистикалық және бухгалетрлік қорытынды есеп беру.
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Павлодар қаласы Салық Басқармасы мәтін бойынша келесіде Салық басқармасы салық және тағы басқа міндетті төлемдердің бюджетке толық мөлшерде түсуін; міндетті зейнетақы және алеуметтік төлемдердің сақтандыру қорына толық мөлшерде түсуін қамтамасыз етеді. Басқарма заңды тұлға түрінде қабылданып, регион аралық, облыстық, қалалық салық басқармаларынан тұратын территориялық салық органдарынан тұрады. ҚР Конституциясымен бекітілген заңнамалар ішінде іс-шаралар жүргізеді. Басқарма заңды тұлға түрінде тіркеліп, мекеме атына жеке дара мемлекеттік тілдегі мекеме атымен соғылған штамппен мөрге тиесілі . Басқарма өз атынан азаматтық- құқықтық қатынастарғатүсуге құқылы. Негізгі устав басқарма құжатының құрамдамасы болып табылады. Басқарма мемелекет атынан қаржыландырылады
Аталған мақсаттар төменде көрстілген ұйымда еңбекақы есебін мен аудитрлік сараптама жұмысын жүргізуде ұйымдастрыған. Зерттелгелі отырған еңбекақы есебінің обьектісі болып ҚР ҚМ Салық басқармасының павлодар қаласы бойынша Салық басқармасы болып табылады.
1 Еңбек ақының теориялық негіздемесі және аудиті
- Еңбекақының мазмұны, нысандары мен жүйелері
Еңбек ақының төленуі, өзімен бірге қызметкермен жұмыс берушінің арасындағы еңбек өнімін бөлу механизмін көрсетеді. Еңбек өнімін бөлу келесі кезеңдермен сипатталады:
- біріншіден- өнімділіктің жартсы өндіріс үрдісінде жұмысшымен берілген еңбек өнімділігімен бөлінеді. Бұл жұмысшының еңбек құштарлығын арттыруға қолайлы жағдай туғызады;
- екіншіден - бірдей еңбек уақытының үнемделуіне қарамастан жоғары квалификациялық еңбек көбірек төленеді төменгі квалификациялы еңбекпен салыстырғанда сондықтан бұл жұмысшылардың кәсіби дәрежесін жетілдіріп толықтыруына құлшыныс тудырады;
- үшіншіден - ауыр және зиянды шарттарда еңбек әдеттегі еңбекпен салыстырғанда көбірек мөлшерлерде төленіп мадақталады.
Жұмысшылардың еңбек ақысының төленуі, еңбек келісім-шартымен жүргізіледі.
Еңбек заңына сәйкес төлеу сонымен қатар өтем ақылық және ынталандырушы еңбек ақы ұғымын қосады. Ынталандырушы төлемдерге: сыйлықтар, үстеу жатады . Өтем ақылар жұмысшыға оның еңбек міндеттерін атқару салдарынан туындаған шығындарды өтеуге бағытталған.
Қызметкердің мамандылық дәрежесін анықтау мақсатында еңбек ақы төлеу тариф жүйесі қолданылады, тариф- қызметкердің мамандылық дәрежесімен жалақы сомасының арасында тәуелділікті орнатады, яғни жалақы.
Еңбек негізгі және қосымша ақы төлемі болып айырып танады .
Негізгі еңбекақы- жұмысшылармен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытына, яғни олардың істеген жұмысына, атқарған қызметіне төленеді. Негізгі еңбекақы мына төмендегі аталғандар жатады:
- мерзімді және кесімді еңбекақы;
- сыйлықтар мен сыйақылар;
- үстеме сыйлықтар.
Қосымша еңбекақы- еңбек заңына сәйкес шарттарда қаралып белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерердің жұмыс істемеген, қызмет атқармаған уақытына төленетін төлемдер жатады. Бұндай төлемдер қатарына:
- жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төленетін төлемдер;
- жұмысшылар мен қызметкерлердің мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарды атқарған үшін төленетін төлем;
- жас сәбилі аналарға берілітін демалысқа, баланы тағамдандыру үшін берілетін үзілістерге төленетін төлемдер;
- жас өспірімдердің қысқартылған жұмыс уақытына төленетін төлемдер;
- жұмысшылармен қызметкерлердің кінәсіз жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлемдер;
- тегін көрсетілген немесе тегін берілетін қызметтер мен заттың құны;
- жоғары немесе арнаулы оқу орындарында және басқада мамандығын көтеру курсына жіберілген уақытына байланысты жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін төлемдер;
- әскери жиындарға қатысқаны үшін, сондай- ақ демалыс немесе мейрам күндері кезекшілік атқаратын адамдарға төленетін төлемдер және тағы басқалар.
Мерзімді еңбекақылар жұмысшылармен қызметкерлердің жұмыс істеген уақытына, сағаттық немесе күндік еңбекақы мөлшері ойынша өнім өндіргені немесе өндірмегеніне байланысты емес, яғни оның жұмыста болған уақытына төленеді.
Мерзімді еңбекақы:
-жай мерзімді;
-мерзімді сыйлықтық.
Жай мерзімді жүйесі бойынша - жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы жұмыс істеген уақытына тарифте немесе штатта көрсетілген мөлшері бойынша төленеді.
Мерзімді сыйлықтық- жұмысшылармен қызметкерлерге олардың тарифтік немесе штатта көрсетілген тұрақты еңбекақысына қоысмша олардың өндірген өнімдерінің көлеміне, санына, сапасына, және тағы басқа көрсеткіштердің өсуіне қарай сыйлық беру болып табылады.
Кесімді еңбекақы- жұмысшалармен қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруге, өнімді өндіруге кеткен еңбек уақытын қысқартуға ынталандыру мақсатында қолданады. Еңбекақы есептеудің және төлеудің келісімді түрін қоданғанда жұмысшылармнен қызметкерерге тиісті еңбекақы, олардың өндірген өнімінің көлемін немесе санын тариф бойынша белгіленген кесімді бағаға көбейту арқылы табылады. Кесімді баға белгіленген жұмыс уақытында өндірілуге тиісті өнім көлемі мен сапасына негізделіп белгіленеді. Уақыт мөлшері бір жұмысты орындауға керекті, яғни қажет болатын, адам/ сағат, адам/ күн өлшемінде көрсетілген уақыт болып табылады. Кесімді еңбекақының мынадай жүйелері бар:
- тікелей кесімді;
- кесімді сыйлықты;
- үдемелі кесімді;
- аккордты;
- жанама кесімді.
Жұмысшылармен қызметкерлерге еңбекақыны есептеудің тікелей кесімді жүйесі бойынша бір жұмысшының немесе бір бригаданың өндірген өнімінің, істеген жұмысының бәрі тек қана белгіленген еңбек бағасымен есептелінеді.
Кәсіпорындарда жұмысшылармен қызметкерлерге кесімді еңбекақыны есептеудің үдемелі кесімді жүйесі бойынша төлем өнім өндіруге белгілі бір мөлшерден артық көлемде өндірген өнімдері үшін қосымша сыйақы ретінде төленеді.
Үдемелі кесімді жүйе бойынша төлем - өнім өндіруге белгілі бір мөлшерден артық көлемде өндірген өнімдері үшін қосымша сыйақы ретінде төленеді. Бұл жүйе көп жағдай қиын да-күрделі де, ауыр болып санадатын операциялар мен жұмыстарды орындағандары үшін және еңбек өнімділігін белгілі бір дәрежеден артық орындау қиынға түсетін өндіріс орындарында қолданылады. Жалпы бұл жүйе келген ұймдарда қолдана бермейді.
Аккордтық жүйесі - ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуде қолданылады. Кесімді еңбекақының бұл жүйесі жоғары сапалы өндірген өнімнің және орындаған жұмыстың санына, көлеміне қарай алыдын ала келісімді баға қоюды қажет етеді. Сондай- ақ бұл жүйе бойынша еңбекақы төлеу үшін алдын ала атқарылатын жұмыстың көлемі мен сапасын анықталуы тиіс. Кесімді еңбекақының аккордытқ жүйесі бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеу көбіне құрылыс салушы ұйымдарда, жөндеу жұмысымен айналасатын ұйымдарда және жүктерді тиеп түсірумен айналысатын өнеркәсіп орындарында қолданылады.
Жанама кесімді бойынша қосымша еңбекақы шаруашылықтың негізгі жұмысшылары мен қызметкерлеріне емес, оларға қызмет ететін көмекші өндірістің жұмысшыларына төленеді. Яғни бұл жүйе бойынша еңбекақы ұйымдағы станоктардың, жабдықтардың және тағы басқа да құралдардың тоқтамай жұмыс істеп, белгіленген мөлшерден артық өнім өндіргені үшін слесарьларға, операторларға және жөндейтін және оларды жұмысқа дайындайтын басқада жұмысшыларға төленеді.
Қосымша еңбек ақы есебі.
Мейрам күнінің алдындағы қысқартылған жұмыс уақытына еңбекақы есептеу және оны төлеу. Халық шаруашылығы салаларындағы ұйымда мейрам күнінің алдындағы жұмыс күні бір сағатқа қысқыртылады. Бұл күні жұмыс істеген жұмысшы қызметкердің еңбекақылары былай төленеді. Ұйымдарда еңбкақының кесімді түрі белгіленген жұмысшылармен қазметкерлерге өндіріп шығарған өнімдері мен детальдарының, сондай- ақ атқарған қызметінің санымен көлеміне байланысты белгіленген мөлшерде ғана еңбекақы есептелінеді. Ал кәсіпорындарда еңбек ақының мерзімді түрі бойынша еңбекақы есептелініп төленіп жүрген жұмысшылар мен қызметкерлерге бұл, яғни қысқартылған жұмыс күні үшін толық жұмыс күніне белгіленген мөлшердегідей еңбекақы төленуі тиіс.
Жасөспірімдерге еңбекақы төлеу.
Кәсіпорындарда аптасына алты күн жұмыс күні, бір күн демалыс күні болып белгіленген жағдайда осы ұйымда жұмыс істейтін 16-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге белгіленген жұмыс күнінің ұзақтығы алы сағаттан, 15-16 жас аралығындағы жасөспірімдерге 4 сағаттан аспауы керек. Егер кәсіпорын аптасына 5 күн жұмыс істеп 2 күн демалатын жағдайында жұмыс күнінің ұзақтығы 16-18 жас арасындағы жасөспірімдер үшін 7 сағатта, 15-16 жас 5 сағаттан апауы тиіс.
Жас сәбилі аналардың демалуы және баланы тамақтандыруы үшін берілетін үзіліс уақытына төленетін төлем. Еліміздегі заңға кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмыыс істейтін және қызмет атқаратын жұмысшылар мен қызметкерлердің арасындағы бір жасқа толмаған жас сәбилі аналарға демалуы және жас сәбиді тамақтандыруы үшін жұмыс уақытының барысында ұзақтығы 30 минуттан кем болмайтын үзіліс беріледі. Демалуға және сәбиді тамақтандыруға берілген уақыт үшін еңбекақы төленеді.
Түнгі уақытты істеген немесе атқарған жұмыстар үшін төленетін төлем. Кәсіпорындарда кешкі сағат 22. 00- ден ертеңгі, яғни таңғы 6. 00. сағатқа дейін істеуге белгіленген жұмыс уақыты түнгі уақытта істелген жұмыс уақыты болып саналады.
Орташа еңбекақыны есептеу тәртібі.
Ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін кейбір төлемдердің мөлшері олардың өткен уақыттағы алған еңбекақысының орташа мөлшеріне байланысты есептелінеді. Орташа еңбекақының сомасына байланысты есептелінетін мұндай төлемдерге мыналар жатады:
- мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді атқарған уақыты үшін төленетін төлем;
- қызметтік іссапарда болған уақыты үшін;
- жас сәбилі аналарға демалу және тамақтандыру үшін;
- жас өспірімдердің қысқартылатын еңбек уақытына төленеді;
- амалсыз жұмысқа шықпаған жағдайда;
- -жұмысшалр мен қызметкерлерге еңбек демалысы немесе пайдаланбаған еңбек демалысы үшін төленетін;
- зейнетақы, табыс салығы және жылдық жұмыс нәтижесі бойынша сыйақы есептеу және таға басқалары.
Біреудің орнына жұмыс істегені үшін төленетін еңбекақы.
Біреудің орнына уақытша атқарған қызмет деп өндіріс қажетін немесе басқару міндетіне сәйкес уақытша жұмыста жоқ адамның орнына оның қызметін атқару жатады. Уақытша жұмыста жоқ адамның жұмысын немесе қызметін атқаруды басқа жұмысшыға немесе қызметкерге жүктеу үшін кәсіпорын әкімшілігінің бұйрығы шығарылуы тиіс. Егер уақытша жұмыста жоқ адамның орнына тағайындалған қызметкер уақытша жұмыста жоқ адамның штатта қарастырылған орынбасары болып табылса немесе уақытша оның орнына жұмысты атқару мерзімі 12 күннен артық уақытқа созылмаса, онда бұл жағдайда біреудің орнына уақытша қызметті атқарғаны үшін ешқандай қосымша еңбекақы төленбейді. Егер уақытша жұмыста жоқ адамның орнына атқарған жұмысша штатта қарастырылған орынбасары болып табылса және жұмысты атқару мерзімі 12 күннен артық уақытқа созылса, онда уақытша біреудің қызметін атқарушы қызметкерлерге төлем төленеді. Бос орындағы қызмет пен міндетті атқарушы етіп тағайындау уақытша біреудің қызметін атқару емес ол жұмысшылармен қызметкерлердің басқа жұмысқа ауысуы болып есептелінеді де, ол жұмысшыға немесе қызметкерге міндетін атқарып жүрген, яғни бос жұмыс орнының қызметіне белгіленген еңбекақы мөлшерінде төлем төленеді.
Жұмысшылармен қызметкерлердің қан тапсырған күніне, яғни донорлық міндетті аиқарған күніне төленетін төлем.
Кәсіпорындарда жұмысшылармен қызметкерлердің қан тапсырған, яғни донорлық қызмет атқарған күні жұмыстан босатылуға тиіс. Қан тапсырған жұмысшылар мен қызметкерлердің қалауа бойынша оларға бұл күннен басқа тағы қосымша күн беріледі. жұмысшылармен қызметкерлер бұл күнді, яғни демалуға тиісті күннің кезекті еңбек демалысына да қосып алуына болады. Қан тапсырғаны үшін жұмысшылармен қызметкерлердің жұмыста болмғанына, бұл 2 күніне орташа еңбекақы мөлшерінде төленеді.
Жұмасшылармен қызметкерлерге жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлем. Ұйымдардың жұмысшылармен қызметкерлерге олардың кінәсінен жұмыстың тоқтап қалған уақытына еңбекақы төленбейді. Егер жұмыстың тоқтап қалуына жұмысшылармен қызметкерлердің ешқандай кінәсі немесе жазығы болмаса, еңбекақы мөлшерінің 50 % мөлшерінде төленеді. Жұмыстың тоқтап қалуына байланысты кәсіпорын жұмысшыарымен қызметкерлері уақытша басқа жұмысқа ауыстырылуы мүмкін. Егер жұмыстың тоқтап қалған уақытында жұмысшылармен қызметкерлер кәсіпорын әкімшілігі ұсынған басқа жұмысты орындаудан бас тартса онда ешқандай еңбекақы төленбейді.
Өнім өндіру барысында кездесетін ақау үшін төленетін төлем. Ақау деп өнім өндіру барысында сапасы жағынан белгіленген стандартқа сәйкес келмейтін немесе арнаулы мақсатқа сол дайындалған күйінде тікелей пайдалануға жарамсыз болып, тек қана түзеткеннен кейін немесе шығын шығарылған жағдайда ғана пайдалынатын бұйымдарды, тауарларды айтады. өндірілген өнімдер, орындалған жұмыстар ұйымдағы жұмысшылардың кінәсынан толығымен жарамсыз болып табылса, онда бұл өнімді өндіргені, жұмысты орныдағаны үшін жұмысшылармен қызметкерлерге еңбекақы төленбейді. Егер өндірілген өнімдер немесе дайындалған бұйымдар жартылай жарамсыз болып табылса, ол кезде өнімді өндірген жұмысшыларға төленетін төлем мөлшерін, кәсіпорынның әкімшілігі өнімнің жарамдылық пайызына байланысты анықтап белгілейді. Мұндай жағдайда төленетін еңбекақы мөлшері тариф бойынша осы өнімді өндірк үшін белгіленен еңбекақының 50 % -нан аспауы тиіс. Бұл төленетін төлем осы жұмысқа мөлшерленген уақытқа ғана есептелініп төленеді. Кәсіпорындарда жұмысшлардың салақтығынан болған бұзылған өнімдердің, заттардың құны олардың еңбекақыларынан ұсталуы тиіс. Бірақ бұл ұсталуға тиісті соманың мөлшері сол жұмысшының орташа еңбекақысынң 2/3 мөлшерінен аспауы тиіс. ал материалдарды. өнімдерді әдейі қастандықпен бұзған жағдайда келтірілген зиянның самасы заңда қаралған мөлшерде жұмысшының еңбекақысынан ұсталады. Егер кәсіпорында өндірілеген өнімдер жұмысшылармен қызметкерердің кінәсінсіз толық ақау қатарына жатқызылатын болса, онда бұндай өнімдер үшін ол өнімді өндіріп шығарған, дайындаған жұмысшылар мен қызметкерлерге мөлшерлеме бойынша белгіленген еңбекақысының 2/3 мөлшерінде еңбекақы төленеді. өндіріліп шығарғын өнімдердің, дайындалған бұйымдардың ақау болуы ол өнімдерді өндіру үшін пайдаланылған материалдардың материалдардың сапасының нашарлығынан немесе олардың жарамсыздығының есебінен болса немесе жұмысшылармен қызметкерлердің кінәсінсіз боған ақау өнімді немесе жұмысты ұйымның техникалық бақылау органдары қабылдағаннан кейін белгілі болса, онда ол өнімдерді өндіріп шығарған, дайындаған жұмысшылармен қызметкерлерге еңбекақы толық тарифтік, яғни жарамды өнімдерге төленетін мөлшерде төленеді.
Жұмысшылармен қызметкерлердің мерзімінен тыс уақытта орындаған жұмыстарына, атқаратын қызметтеріне төленетін төлем. Халық шаруашылық салаларында нақтылы жұмыс уақыты белгіленген кәсіпорындарда жұмысшылармен қызметкерлердің бекітілген уақытынан өзге уақытта істеген жұмыстары болып табылады. Мерзімнен тыс уақытта істелетін жұмысқа бір жасқа толмаған баласы бар аналар, жүкті әйелдердің қатысуы болмайды. Ал бір жаспен 8 жас аралығында балалары бар аналар мұдай уақыттағы жұмыстарға тек қана өздерінің келісімімен қатыстырылады. Жұмысшылар мен қызметкерлердің мерзімінен тыс уақытта жұмыс істеген еңбегі тек қана ақшалай түрде төленеді. Кәсіпорындарда еңбекақының мерзімді түрі белгіленген жұмысшылармен қызметкерлерге мерзімнен тыс уақытта істеген жұмыстың алғашқы 2 сағатына өзіне белгіленген тарифтік еңбекақының 1, 5 есе мөлшерінде еңбекақы есептелініп, төленеді. Ұйымда кесімді еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлер мерзімінен тыс уақытта істеген жұмысшыларының алғашқы екі сағатына сол уақытта атқарған жұмысына тиісті еңбекақының 50 пайызына, ал одан кейінгі сағаттарға 100 пайыздық мөлшерінде қосымша еңбекақы алады.
Жұмысшылармен қызметкерлердің жұмысқа амалсыздан шықпай қалған уақытта еңбекақы төлеу тәртібі. Кәсіпорындарда жұмыстан заңсыз босатылып, бұрыңғы жұмысқа қайта орнасқан жұмысшылармен мен қызметкерлерге сот органдарының шешімімен жұмыстан босатылған күннен бастап үш айға дейінгі жұмысқа шықпай уақытына орташа еңбекақы мөлшерінде төлем төленеді. Басқа жұмысқа келісімсіз ауыстырылып кейінен бұрыңғы жұмысына қайта келтірілегн жұмысшылар мен қызметкерлерге бұрыңғы еңбекақысымен басқа жұмысқа ауысқанда төмен дәрежелі жұмысты атқарғаны үшін алған еңбекақысының арасындағы айырма сомасы төленеді. Бірақ мұндай төлемдердің төленетін уақыты үш ай мерзімінен аспауы тиіс.
Ұйымдардағы жұмысшылармен қызметкерлердің еңбеккпе уақытша жарамсыздығына және сырқаттанған жанұя мүшелерінің күтімі үшін оларға берілетін уақытқа жәрдемақы төлеу. «Азаматтардың еңбекке уақытша жарамсыздығы» туралы заң негізінде 14 жасқа толмаған сырқат баланы күту үшін еңбекке жарамсыздық парақшасы оны күтімге алу қажет болатын уақытқа дейін беріледі, алайда оның ұзақтығы 10 күнтізбелік күннен аспауы тиіс. Егер бала 10 күннен аса күтімді қажет етсе онда күтім жасаған адамға уақытша жарамсыздық анықтамасы беріледі. 3 жасқа толмаған ауырған баланың ата-анасының біреуіне немесе күткен адамға еңбекке уақытша жарамсыздық парақшасы бойынша баланың ауырған күндерінің бәріне жәрдемақы тағайындалады. Кәсіпорныдарда еңбекке уақытша жарамсыздыққа жәрдемақы мына жағдайда төленбейді:
- өзіне берілген және басқа да міндеттерді атқарудан бас тартып өз денсаулығына зиян келтірген, сондай- ақ өтірік ауырған жұмысшылармен қызметкерлерге. Егер осындай жағдай бойынша бұрын жәрдемақы төленіп қойған болса онда сот шешімімен жәрдемақы қайтарылуы тиіс;
- еңбекке уақытша жарамсыздығы жұмысшылар мен қызметкерлердің ішімдік ішіп мас болуы салдарынан болса;
- еңбекке уақытша жарамсызыдғы қылмыс істеу салдарынан болған жағдайдағы зақымданудан болса;
- өз бетінше емделген жұмысшы қызметкерлерге.
Кәсіпорындарда жұмысшылармен қызметкерлердің кезекті еңбек демалысына немесе пайдаланбаған демалысына төлем төлеу үшін, сол демалысқа барар алдындағы 12 айдың еңбекақысының қосындысын 12- ге бөліп орташа жұмыс ақысын табамыз. Бұл табылған соманы әр жылдың жұмыс күндерінің санын (мейрам күндерінен басқа) 12 бөлу арқылы табылатын коэффициентке бөлу арқылы еңбек демалысының бір күніне тиісті төлем сомасының мөлшерін анықтаймыз.
Еңбекақы ұсталынатын және шегерілетін сомалар есебі. Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысынан кәсіпорынның бухгалтериясы арқылы ұсталуға болатын ұсталымдарға мыналар жатады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz