Тауарлы балық шаруашылығы



Жаңа бөгет салар алдында оның жобасын дайындаған кезде төменгі жағдайларды ескеру кажет:
1. Бөгет жасауға келісілген учаскіде гидротехник пен балық өсіру маманының рұқсатынсыз құрылыс жұмысын бастауға болмайды;
2. Тоғандардың шаруашылық қажеттерін өтеумен қатар, балық өсіру мүмкіндіктері ескеріледі.
3. Су ауыл шаруашылығына пайдалануға жарамсыз жерлерге атап айтқанда, бос жатқан өзен арнасына, бұлақ алабына, сайларға толтырылады. Ал енді фабрика, заводтағы басқа өндіріс орындарының қалдық сулары құйылатын өзен мен бұлақтардың бойына бөгеттер салуға болмайды.
Кіріспе
Қазақстанда тауарлы балық шаруашылығы соңғы жылдар ішінде дами бастады. Қазіргі кезде су айдының көлемі 6 мың гектардай болатын тоған шаруашылықтары бар. Оларда негізінен тұқы тұқымдас балықтар өсіріледі. Ішкі су көздерінен ауланатын балықтар жоғарғы сапалығымен құнды. Оларда адам организіміне аса пайдалы белокты заттар көп болады. Қортпа, бекіре, көксерке, сазан сияқты тағамдық сапасы жоғары балықтар тек қана ішкі су көздерінен- тоған, су қоймалары, өзен-көл, қара сулардан ауланады. Сондай-ақ бағалы қара уылдырық та осы ішкі су көздерінің байлығы.
Орта Азия мен Қазақстан территориясындағы өзендердің ағын суын толығымен егіске және басқа халық шаруашылығы мақсаттарына пайдалану нәтижесінде табиғи су көздері жыл сайын азайып, олардан балық аулау мөлшері де күрт кеми түсуде.Республикадағы ірі табиғи су көзі- Арал теңізі осылайша балық шаруашылығы жөніндегі өз мәнінен айырылды, ал Балқаш пен Алакөл және Бұқтырма су қоймасының деңгейі төмендеп келеді. Әйтсе де балық өндірісі өз мәнін жоймақ емес. Алдағы кезде балық өнімдерінің елеулі бөлігі ішкі су көздерін тиімді пайдалану, таурлы балық шаруашылығын өркендету арқылы алынбақ.
Еліміздің азық-түлік программасындағы: « Тоған балық шаруашылығын интенсивтендіру негізінде балық өсіретін шаруашылықтарда таурлы балық өндіру он жылда шамамен есе ұлғайтылсын...»-деген жолдар осы мақсатқа сай атқарылатын шаралар комплексінің жиынтық мазмұнын бейнелейді.
Республикамызда тағамдық сапасы жоғары балық өнімін молайтудың болашағы зор тиімді көзі – ішкі су жүйелері мен су қоцмалары екендігі мәлім. Он жеті облыстың территориясынан үлкенді-кішілі ондаған өзендер ағып өтеді. Жалпы, Қазақстан су қорына бай, алайда, тауарлы балық дайындау мөлшерін молайтуда қолда бар мүмкіндік әлі де болса дұрыс пайдаланылмай келеді. Бұл орайда ауыл территорияларында тоғандар мен ретке келтіру, оларды балықтандыру және өсіріп, аулау жұмыстарын ұйымдастыру шараларын жүйелеп, жүзеге асыруға баса көңіл аударуы қажет. Су қоймаларында, тоғандарда жылу –электр станциялары пайдаланған су көздерінде, шағын көлдер мен елемендерде балық өсіру- ішкі сулар ресурстарын балық шаруашылығына пайдалану ең тиімді жолы.Мұнда су айдының әр гектарынан табиғи сумен салыстырғанда
Қолданылған әдебиеттер

1. Мырзабеков Ж.Б., Ибрагимов П.Ш. Ветеринариялық гигиена, Алматы, 2005ж.
2. Т.М. Телеуғалиев Балық өсіру, Алматы ,1990
3. Мырзабеков Ж.Б. и др. Учебно-методическое пособие “Зоогигиена”, 2003, 2005;
4. www.google.ru

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Қазақстанда тауарлы балық шаруашылығы соңғы жылдар ішінде дами бастады. Қазіргі кезде су айдының көлемі 6 мың гектардай болатын тоған шаруашылықтары бар. Оларда негізінен тұқы тұқымдас балықтар өсіріледі. Ішкі су көздерінен ауланатын балықтар жоғарғы сапалығымен құнды. Оларда адам организіміне аса пайдалы белокты заттар көп болады. Қортпа, бекіре, көксерке, сазан сияқты тағамдық сапасы жоғары балықтар тек қана ішкі су көздерінен- тоған, су қоймалары, өзен-көл, қара сулардан ауланады. Сондай-ақ бағалы қара уылдырық та осы ішкі су көздерінің байлығы.
Орта Азия мен Қазақстан территориясындағы өзендердің ағын суын толығымен егіске және басқа халық шаруашылығы мақсаттарына пайдалану нәтижесінде табиғи су көздері жыл сайын азайып, олардан балық аулау мөлшері де күрт кеми түсуде.Республикадағы ірі табиғи су көзі- Арал теңізі осылайша балық шаруашылығы жөніндегі өз мәнінен айырылды, ал Балқаш пен Алакөл және Бұқтырма су қоймасының деңгейі төмендеп келеді. Әйтсе де балық өндірісі өз мәнін жоймақ емес. Алдағы кезде балық өнімдерінің елеулі бөлігі ішкі су көздерін тиімді пайдалану, таурлы балық шаруашылығын өркендету арқылы алынбақ.
Еліміздің азық-түлік программасындағы: Тоған балық шаруашылығын интенсивтендіру негізінде балық өсіретін шаруашылықтарда таурлы балық өндіру он жылда шамамен есе ұлғайтылсын...-деген жолдар осы мақсатқа сай атқарылатын шаралар комплексінің жиынтық мазмұнын бейнелейді.
Республикамызда тағамдық сапасы жоғары балық өнімін молайтудың болашағы зор тиімді көзі - ішкі су жүйелері мен су қоцмалары екендігі мәлім. Он жеті облыстың территориясынан үлкенді-кішілі ондаған өзендер ағып өтеді. Жалпы, Қазақстан су қорына бай, алайда, тауарлы балық дайындау мөлшерін молайтуда қолда бар мүмкіндік әлі де болса дұрыс пайдаланылмай келеді. Бұл орайда ауыл территорияларында тоғандар мен ретке келтіру, оларды балықтандыру және өсіріп, аулау жұмыстарын ұйымдастыру шараларын жүйелеп, жүзеге асыруға баса көңіл аударуы қажет. Су қоймаларында, тоғандарда жылу - электр станциялары пайдаланған су көздерінде, шағын көлдер мен елемендерде балық өсіру- ішкі сулар ресурстарын балық шаруашылығына пайдалану ең тиімді жолы.Мұнда су айдының әр гектарынан табиғи сумен салыстырғанда балық өнімін әлдеқайда көп алуға және сол балық өнімінің молаюына қолма - қол ықпал жасауға
болады.Оның үстіне тоғанда балықтың тез өсіп-жетілетін тағамдық қасиеті жоғары тұқы, сазан, ақ амур, дөңмаңдай,буффало т.б. түрлерін өсіруге мүмкіндік мол.
Ішкі суларда балық өсірудің тағы бір тиімділігі-ауланған балықты тұтынушыларға тез жеткізуге болады.Бұл күндері арендалық малдәрігерлік әдіс республикамызда кеңінен өріс алып, оның нәтижесі де көзге көоіне бастады. Шелек тоған шаруашылығының Ұзақбай Мырзағұлов, Әбдібай Айтжанов, Кәден Көпешовтар басқаратын бригадалары шаруашылық есепте еңбек етіп, табыс биігінен көрініп жүр. Мәселен, Ұзақбай Мырзағұловтың бригадасы 1988 жылы жоспардағы 410 тонна балықтың орнына 418 тонна балық аулады. 835 тонна жем жұмсаудың орнына 635 тонна ғана жем жұмсады. Ал енді 1989 жылдан бастап бригада арендалық әдіске көшіп, шаруашылықпен 5 жылға шарт жасасты.
Арендалық әдістің тиімділігін Әбдібай Айтжанов пен Кәден Көпешовтың бригадасы да дәлелдеуде. Балықшылардың бұл үш бригадасы шаруашылық жүргізудің жаңа әдісінің республикадағы алғашқы қарлығаштары.

\2.1.1 Жоба тапсырмасын жасау
Жоба дегеніміз- құрылыста тиімді іс-жүргізудің әдісімен объектіні дұрыс пайдаланудың жолдарын көрсететін құжаттар жиынтығы болып табылады. Жоба түрлері :

1. Дербес жоба
2. Экспериментальдық жоба
3. Қайта қоланылатын жоба
4. Типтік жоба

Дербес жоба-айрықша сирек объектілер үшін жасалынады. Оны ғимаратты, немесе кешенді құрылыстарда тек бір-ақ рет салу үшін қолданылады.
Экспериментальдық жоба--- тікелей өндірістік жағдайларда жаңа техникалық шешімдерді мұқият тексеру қажет болған жағдайда жасалады. Оның зерттеу негіздеріне: жануарларды күтіп-бағудың жаңа технологиясы, өндірістік процестерді механикаландыру мен автоматтандырудың айырықша жүйесі, құрылыстық жаңа шешімдер т.б.
Қайта қолднылатын жоба--- жобалар барынша сәтті жасалған дербес жобаларды қайтадан қолдану керек болған кезде пайдаланылады.

Типтік жоба--- біртекті объектілерді жаппай салуға және қолдануға арналған. Олар өзінің орны мен негізгі парамертрлері жағынан көп қолдануға болатын жобалық шешім.
Типтік жобаның құрамы- ғимараттың немесе құрылыстың типтік жобасына құжаттардың мынадай түрлері жатады: жұмыс сызықтары, сметалар, құрал жабдықтарға анықтама.
Негізгі жоба мына талаптарға сай болуы керек:
+ Технологиялық: негізгі және қосымша зоналардың орналасуында;
+ Көліктік: жүк тасымалдауға ыңғайлы;
+ Экономикалық: кешендердің болашақта дамуын ескере отырып;
+ Инженерлік-техникалық: өрт қауіпсіздігі және т.б ережелерді сақтай отырып;
+ Санитариялық- гигиеналық және зооветеринарлық.

Негізгі жоба: жобалық құжат, онда қажетті территориялардың көлемі барлық ғимараттар мен құрылыстар, олардың орналасуы, жалпы шешімдердің экономикалық тиімділігі белгіленеді.
Жобаны сараптаудан өткізудің негізгі мақсаты: Мал денсаулығын қорғауға және өнімділігін арттыруға бағытталған ветеринариялық-санитариялық және зоогигиеналық талаптарды қатаң сақтай отырып жобалық шешімдердің жоғары техникалық дәрежесін қамтамасыз ету, фермаларды індеттен және басқа аурулардан сақтау, жұқпалы аурулардың алдын-алу және мал өлімінен сақтандыру, ветеринариядағы ауыр еңбекті механикаландыру, сол сияқты қоршаған ортаны қорғау, ағын суларды өндірістік қалдықтармен ластанудан сақтау.
Жобалық тапсырма- жобаға талаппен негізгі міндеттер көрсетілген жобалаудың алғашқы сатысы. Жобалауға тапсырманы заказ беруші белгілейді және мынандай маңызды деректерді көрсетеді: кәсіпорынның атауы, жобаға негіз болған себептер, құрылыс салатын аудан және алаң, объектінің өндірістік қуаты, мал шаруашылығын дамытудың келешектік жоспарлары, жануарларды күтіп-бағу технологиясы, табынның саны, құрамы мен өнімділігі, санитариялық-гигиеналық режимі, жобаланған азықтандыру рационы, ветеринариялық сақтау жүйелері, ветеринариялық- санитариялық
талаптар мен зоогигиеналық параметрлер. Тапсырмада құрылыс салудың айрықша жағдайларына байланысты негізгі деректер(топырақтың құрамы және т.б), өнім түрлері мен оларды пайдалану аймақтары, кәсіпорын іске қосылғаннан кейін және оны салу кезінде шикізатпен, сумен, жылумен, газбен, электор қуаты мен қамтамасыз ететін негізгі көздер, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар жүргізу үшін негізгі мүмкіндіктер, ағын суларды тазарту мен ағытып қалпына келтіру жобасын жасау туралы талап, кәсіпорынды кеңейту мүмкіндігі, құрылыс объектілерін іске қосу кезегі, құрылыс және монтаждау жұмыстарын аяқтаудың белгіленген мерзімі, жобалау сатылары, жоба түрлерін жасауға талап атап көрсетіледі.
Түсініктемелік жазба- шындап келгенде бұл жобалаушылардың негізгі түпкі құжаты. Онда мынадай деректер келтіріледі: таңдап алған құрылыс алаңын негіздеу, отынға, суға, жылу және электор көздеріне, еңбек ресурстарына қажеттілік және осы қажеттілікті қамтамасыз ету мүмкіндіктері, технологиялық процестермен және жалпы көлікпен, энергетикалық және санитариялық-техникалық құрылғылармен біріктірілген барлық өндірістік және қосымша құрылыстар мен құрылғылардың өзара орналасуын көрсететін бас жоспар бойынша мәліметтер, қоршаған табиғи ортаны қорғау жөніндегі шаралар енеді.

Тауарлы балық тоғандарының типтік жобасы

Тауарлы балық тоғандарының типтік жобасы

Жаңа бөгет салар алдында оның жобасын дайындаған кезде төменгі жағдайларды ескеру кажет:
1. Бөгет жасауға келісілген учаскіде гидротехник пен балық өсіру маманының рұқсатынсыз құрылыс жұмысын бастауға болмайды;
2. Тоғандардың шаруашылық қажеттерін өтеумен қатар, балық өсіру мүмкіндіктері ескеріледі.
3. Су ауыл шаруашылығына пайдалануға жарамсыз жерлерге атап айтқанда, бос жатқан өзен арнасына, бұлақ алабына, сайларға толтырылады. Ал енді фабрика, заводтағы басқа өндіріс орындарының қалдық сулары құйылатын өзен мен бұлақтардың бойына бөгеттер салуға болмайды.
Тоған салу жұмыстары гидротехниктің немесе аудандық су шаруашылығы мекемелерінің басшылығымен жүргізіледі.Балық шаруашылығының тоғандық қоры су қоймаларынан тұрады. Ежелгі әдіспен жасалған азын-аулақ тоғандар жыл сайын жаңа конструкциялық құрылыс әдістері бойынша салынған тоғандармен молыға түсуде.Тоғандарды көлеміне қарай үш топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа, негізінен, еліміздегі алғашқы бесжылдық кезінде құрылған балық өсіру шаруашылықтары жатады.Олардың әрқайсысының көлемі 500 гектар шамасында, балық қоңдандыратын тоғандарының аумағы 25-30 гектар, ал кей жағдайда 50 гектарға жетеді. Мұндай тоғандардан балық мол ауланады.
Екінші топқа көлемі 700-1200, тіпті 1500 гектарға жететін балық шаруашылықтары жатады. Мұндай шаруашылықтар негізінен соғыстан кейінгі кезеңде, тауарлы балықты мол аулап, оны тірідей сату мақсатымен өндіріс орталықтарына жақын жерден салына бастады.
Үшінші топқа жататын шаруашылықтар тоғаны өте көлемді келеді. Жалпы, тоған неғұрлым көлемді болса, оның экономикалық тиімділігі де солғұрлым жоғары

2.1.2 Комплекстік маңызы бар тоғандар. Орналасқан орындарына қарай комплекстік маңызы бар тоғандардың өздері түр-түрге бөлінеді. Бұлақ тоғандары бұлақ суын тоқтату арқылы салынады. Оның тереңдігі негізінен біркелкі болып, тек бөгеттің тұсы ғана тереңдеу келеді (1-1,5м). Мұндай тоғанның көлемі шамамен 5 гектардан аспағанмен, кейде едәуір көлемділері де кездеседі. Бқлақ суы - суық, химиялық құрамы құбылмалы. Бұл жағдай негізінен су қоймасының түбіндегі топырақтың химиялық құрамына байланысты.
Бөгетті қайнар басын қайнардан алады. Қайнардың алабын көлденеңінен бөгеп тоған жасайды. Мұндай тоған бөгеудің тұсында терең болғанмен, одан алыстаған сайын таяздай береді. Жағалау тұстары балыққа жайлы . Судың температурасы оның қанша қашықтықтан ағып келетіндігіне байланысты. Қайнардың бастауында су салқын болғанымен, аға келе жылиды, тіпті тегістіктегі өзен суларының жылығындай болады. Көлемі жөнінен мұндай тоғандар шағын 5-10 гектардың шамасында, кейде 25 гектарға жетеді.Одан асатындары өте сирек.
Өзен тоғандары өздерінің құрылыс ерекшеліктеріне қарай иірімді тоған және жайылма тоған деп екіге бөлінеді. Иірімде тоғанды салғанда өзеннің алабын көлденең бөгетпен бөгейді де, судың ағыс қуатын кішігірім су электр станциясы мен майшайқағыш және диірмен үшін, ал бөгеттің жайылма тұсын тоған балық шаруашылығы үшін пайдаланады.Мұндай тоғандардың көлемі әрқалай -5 гектардан 300 гектарға дейін жетеді. Су қоймасының тереңдігі - оны пайдалану тәсілдеріне байланысты, әдетте 3-4 метрден кем болмайды, жағасына қарай бірте-бірте тайыздай береді. Бұл тоғандардың суы жылы және көпшілік жағдайда ағысты келеді. Суының құрамы өзен суының сапасына, жер астынан және жер үстінен жанамалай ағып келіп қосылатын су көздері мен тоған түбіндегі топырақ құрамына байланысты. Мұндай тоғандарда әр түрлі балықтар, атап айтқанда, өзен суларын мекендейтін алабұға, табан, шортан, торта өсіріледі.
Жайылма тоғандар су жайылатын жазықтың ойпаңдау жерінде орналасады. Ол негізінен балық өсіру мақсатында жасалынады. Кейбір жағдайда тоғанның төменгі жағындағы жайылған су жерді нәрлендіру үшін де пайдаланылады. Көлемі жағынан ондай тоғандар әрқалай. Балық өсіру шаруашылықтарында олардың көлемі 30 гектардан 100 гектарға дейін жетеді. Бөгет тұсындағы суының тереңдігі 1,5-2 метрден аспайды да, жағасына қарай таяздайды.
Жер бетімен аққан суға толатын тоғандары, көпшілік жағдайда, атмосфералық тоған деп атайды. Әдетте, олар көктемде суға толады, ал жаз мезгілінде азайған су орнын жер асты суы мен жауын суы толтырылады. Мұндай тоғандардың көлемі әдетте 10-15 гектар, кейде онан да көп, тіпті 50 гектарға дейін жетеді. Қыс кезінде мұндай тоғандардағы балықтар оттегінің жеткіліксіздігінен апатқа ұшырайды.
Тауарлы балықты өсіру арнайы тоған шаруашылықтарына, өзенді тауарлы шаруашылықтарда, су қоймаларында, шағын су әуеттерінде және бассейндерде жүргізіледі. Тоғандық балық шаруашылықтары толық жүйелі толық емес жүйелі болуы мүмкін. Толық жүйелі шаруашылықтарда балықты уылдырықтан тауарлық кондицияға дейін өсіреді. Бұған сонымен қатар, асыл тұқымды шаруашылықтар да жатады. Толыө емес жүйелі шаруашылықтарға балық питомниктері және семірткіш шаруашылықтар жатады. Балық тәлімбақтарында жас балықтар өсіріледі, ал олар жетілген соң басқа арнайы су қоймаларын балықтандыру үшін семіртуге арналған шаруашылықтарға жіберіледі.Балық шаруашылық тоғандарды қызметіне қарай- басты сумен қамтылатын, өндірістік ( қысқы және жазғы), санитарлық-профилактикалық (каратинді-изоляторлық) және қосалқы түрлерге бөледі. Жазғы өндірістік тоғандарға уылдырық шашатын, майда балық өсірілетін, семіртетін және ата-аналық тоғандар жатады. Қысқы өндірістік тоғандар балықтарды қысқы уақытта сақтау үшін қолданылады. Балық шаруашылық тоғандарының көлемі, тереңдігі және ағыны онда өсірілетін балықтын биологиялық ерекшелігіне байланысты. Тоғанда қойылатын талаптар балықтардың жасына байланысты өзгеріп отырады.
Уылдырық шашылатын тоғандар балықтарды көбейту үшін қажет. Олардың ауданы 0,1 (0,5-0,2)га, ал тереңдігі 0,5-1,1м. Уылдырық шашылатын тоғандарды көлік жүретін жолдардан алыс орналастырады, бұл жер алабы батпақтанбаған, сәл ғана сілтілі немесе бейтарап топырақты болуы керек. Мұндай тоғандарды балықты уылдырық шашуға жіберуге 10-12 сағат қалғанда толтырады. Тоғандарды алдын ала толтыруға болмайды, себебі ертерек суландырған жағдайда балық уылдырығы мен дернәсілдеріне зиянды микроорганизмдер көбейеді.
Майда балықты тоғандарда уылдырық шашылатын тоғандардан алынған немесе зауыттық әдіспен алынған майда балықтарды 6-7 тәуліктің жасынан 15-18, кейде 30-40 тәулікке дейін өсіреді. Майда балық тоғандарының ауданы 0,2-1,0га, орташа тереңдігі 0,8-1,0м .
Өсіретін тоғандар жас балықтарды өсіру үшін қолданылады. Оның ауданы 10-15га, орташа тереңдігі 1,0-1,2м. Балық тәлімбалықтарында өсіретін тоғандар барлық тоғандық ауданның 80-90% құрайды.
Семіртетін тоғандар тауарлық балықтарды өсіру үшін қолданылады. Олар- көлемі бойынша ірі су қоймалары, мұнда балықтар таурлы соңғы кондицияға жететін даму кезеңін өтеді. Бұл жерге балықтар қысқы кезеңінен өткен соң бір жасында түседі. Екінші жаз кезеңінде балық семіртіліп күзде ауланғаннан кейін сату орындарына түседі. Олардың ауданы 50-100 га, ал орташа тереңдігі 1,3-1,5м.
Ата-аналық тоғандарда өндірушілерді аналық топты және өсіруге арналған балықтрды ұстайды, оларға жақсы жағдайлар жасайды. Олардың ауданы өндірушілермен уылдырық шашатын жас балықтардың санына байланысты болады, ал орташа тереңдігі 1,3-1,5м.
Қыстық тоғандар жас және кәрі балықтарды қысқы уақытта ұстау үшін керек. Шаруашылықтың көлеміне байланысты қыстық тоғандардың ауданы 0,2-1,5га аралығында ауытқиды. Олардың тереңдігі ондағы қатпайтын су қабаты 1-1,2 м кем болмайтындай болуы керек. Оңтүстік аудандарды қыстық тоғандардың тереңдігі 1,5м болса жеткілікті.
Карантиндік тоғандар басқа шаруашылықтардан әкелінген өндіруші және уылдырық шашатын балықтарды уақытша ұстау үшін қолданылады. Оның ауданы 0,2-0,4 га құрайды, ал тереңдігі 1,0-1,3м. Карантиндік тоғандарды басқа тоғандардан оқшаулап, ағынның ең төменгі жағына орналастырады. Олар балықпен бірге келетін әртүрлі ауру қоздырушыларының таралуын алдын алу үшін арналған. Карантиннің ұзақтығы 30 тәулік (12С төменгі температурада карантин уакытын ұзартады), ал қысқы уақытта карантин қыс бойына созылады. Басқа мемлекеттен әкелінген балықтар үшін крантин ұзақтығы 1 жыл. Карантин уақытында балық денсаулығының жағдайы ұдайы бақылануда болады. Егер карантин уақытысында жұқпалы аурулар анықталса, онда балықтарды емдейді немесе толық жойып жібереді.
Шағын су әуіті тауарлық балықты аулағаннан кейін тұтынысқа жіберуге дейнгі арлықта уақытша ұстайтын үлкен емес ағынды тоғандар. Шағын әуіттерде тауарлық балықтарды орналастыру тығыздығы 100-125кгм3

2.2 Балық өсіретін тоғандардағы ветеринариялық-санитариялық талаптар.
Сарқынды сулар су қоймасына түсіп, оның гидрохимиялық құрамын өзгертеді, биологиялық тепе-теңдігін және судың өзіндік тазалану процесін бұзады.Көп жағдайда сарқынды сулармен бірге су қоймаларына улы заттар да келіп түседі, олар балық өнімінің сапасын төмендетеді, балық пен уылдырықты өлімге ұшыратады.
Тоғандарды сумен толтыру барысында сумен бірге жыртқыш балықтар, кейбір жұқпалы аурулардың аралық иелері, сондай-ақ зиянды гидрокарбонаттар да тоғанға түсуі мүмкін . Сондықтан да мұндай жағдайдың алдын алу үшін су жолдарына торлар қояды. Балықтарды, уылдырықтарды және азықтық омыртқасыз жәндіктерді инфекциялық және инвазиялық аурулардан таза шаруашылықтан әкеліп жібереді.Әрбір тоған түрлеріне өзіне тән санитарлық-профилактикалық және балық шаруашылық-мелиорациялық шаралар кешені жүргізеді.Уылдырық шашылатын тоғандарды майда балықтарды аулап алғаннан кейін, суды жіберісімен бірден зарарсыздандырады. Қысқа қарай уылдырық шашылатын тоғандар құрғақ болуы керек, сонда оларды түбі мұздап қатады, ал ондағы паразит жұмырқалары мен цисталары өліп қалады.Келесі жылы көктемде уылырық шашылытын тоғандарды толтырар алдыында дезинфекциялайды.
Қыстық тоғандарды көктемде босаған кезде дезинфекциялайды, жазда өсімдіктерден тазартады, ал кейбір жұқпалы аурулар таралған аймақтарда тоғанда екінші рет күзде су жіберер алдында дезинфекциялайды. Тоғандарды үзіліссіз пайдаланудың нәтижесінде олардың түбінде органикалық заттар жинақталады, соның салдарынан су қоймасының санитариялық-гигиеналық жағдайы төмендейді. Осыған орай , тоғандарды 5-6 жылда 1 рет демалдырады. Күзде тоған суын жіберіп, түбін тазалайды, ал көктемде оған ауыл шаруашылық дақылдарын егеді. Қыстағы қатты суықтың және жаздағы күн сәулесінің әсерінен тоған түбіндегі жұқпалы ауру қоздырушылары және олардың аралық иелері өледі. Профилактикалық демалдыру, әдетте, семіртетін және өсіретін тоғандарда жүргізіледі. Ал қыстық және уылдырық шашатын тоғандар демалтуды өажет етпейді, себебі олар өзі де уақытша ғана қолданылады. Суы ағызылмайтын және кішкентай тоғандарды біртіндеп өсімдіктерден тазартады және ағынын күшейтеді. Әрқашан судың газ және тұз құрамын бақылап отырады. Асыл тұқымды балық өсіретін шаруашылықтарға бөтен адамдарға және күш - көліктердің кіруіне тиым салынады.Қызмет көрсетушілер шаруашылық аумағынан санөткелік, ал күш-көліктер - дезтосқауыл арқылы өтеді. Барлық қызмет көрсетушілер арнайы киімдермен қамтамасыз етіледі. Балық шаруашылықтарында жүйелі түрде балықтың өсуін, қоңдылығын және физтологиялық жағдайын тексеріп отырады, сондай - ақ клиникалық, паразитологиялық және патологиялық тексерістер жүргізеді. Балықтың әлсіз өсуінің негізгі себептері, ол балықтардың азықты нашар қабылдауы, су қоймаларының гидрохимиялық режимінің қолайсыздығы және қандайда да бір жұқпалы аурудың шығуы. Балықтардың азықты дұрыс қабылдамауы суда еріген оттегі мөлшері мен су температурасы төмендегенде, азықтың бір түрінен бірден екінші түріне ауысқаны байқалады.
Балықты азықтандыру үшін өсімдік және жануар тектес азықтар, құрама жем, тағамдық өнеркәсіптік қосалқы өнімдері қолданылады. Құрамында ет-сүйек және бидай ұны бар қоспаларды ұзақ сақтағанда, ондағы майлар қышқылданып, кетоқышқылдар, альдегидтер, оттегі қышқылдары түзеді.Бұл қосылыстар балық организіміндегі А, Е витаминдерін және басқа да жеңіл тотығатын заттарды да бұзады. Соның салдарынан балық организімінде гиповитамигоз және зат алмасуының бұзылуы дамиды.

Тауарлы балықтарды арнайы аулау

Балық шаруашылық еңбекшілерінің балық аулауы

2.3Тоғандардағы балықтарды азықтандыру.
Балықтың табиғи қоректері. Балықтар әр түрлі су жәндіктерімен, өсімдіктермен қоректендіреді. Балықтың су ішіндегі жемінің сапасы, тоған топырағының құнарлығы, зоопланктон мен фитопланктондарға қорек органикалық заттардың молшылығы су ішіндегі балық жемінің сапасы жоғары екендігін көрсетеді.
Су қоймасында өсірілетін балықтың түрін ондағы азық түрлері мен қорына қарап анықтайды. Мысалы, тұқы 1 кг салмақ қосу үшін 6-7 кг жем жесе, көксерке 15кг, алабұға 5кг жем жейді. Қоректенуіне қарай балықтар жыртқыш және жыртқыш емес балықтар деп екіге бөлінеді. Балықтың личинкалары мен шабақтары планктондармен қоректенеді. Өсе келе жыртқыш балықтар әлі жеткен басқа балықтарды жейді, ал жыртқыш еместері зоопланктон мен бентосты жеп күнелтеді.
Тоғанда қолдан өсірілетін балықтарды тек табиғи жемнің өзімен ғана қалдыруға болмайды, әйтпесе арықтап кетуі мүмкін, сондықтан оларды құрама жеммен т.б. азық түрлерімен қолдан қоректкндіру керек. Балықты қолдан азықтндырғанда оның өнімділігі артады, құрамындағы фосфор мен магний молшылығы арқылы етінің сапасы жақсарып, қоңдылығы жоғарылайды.Мал шаруашылығының жармсыз азықтарын балыққа пайдалануға болады. Балықтың қосымша 1 кг салмақ қосуға кететін азықтың мөлшері, малдың 1кг салмақ қосуға кететін азығынан әлдеқайда кем. Өйткені балық денесінің температурасымен бірдей болатындықтан, ол өз бойын жылытуға немесе ыстығын түсіруге ешқандай энергия жұмсамайды, осыған орай жем де біршама үнемделеді. Судың температурасы 15-25С болғанда тұқы жемді жақсы жейді. 10-12С градусқа дейін салқындағанда мардымсыз қоректенеді, ал 3-4 градусқа жеткенде жем жеуді мүлде қояды. Судың температурасы төмендеген кезде қоректенген тұқы мен сазанның денесінде май жиылады. Тұқының азықтануы мен жедел өсуі су ішіндегі еріген оттегінің мөлшеріне байланысты. Суда оттегі мол болған жағдайда тұқы жемді жақсы жеп, жедел өседі.Ал оның жеткіліксіздігі балықтың жеген жемін бойына сіңіріп, өсуіне жағдайсыз әсер етеді. Балықты молынан азықтандыра бастағаннан-ақ оның нәжістері көбейіп, су ластанатынын, бұл шабақтардың өсіп-өнуіне жағдайсыз тиетінін ескеріп отыру керек. Тұқыны азықтандыру үшін күнжара мен жомның көптеген түрлерін, тағамның артылғанын, дән ұшықтарын, шаруашылықта диірмен болса, одан түскен қалдықтарды, сондай-ақ ұсақ балықтарды, ет пен сүйек ұндарын, малдыңқаны,көк бауырды қолданады. Тұқы азығынын құрамына су өсімдіктерін, жас қалақай, капуста жапырағы, сиыржоңышқа, беде, жүгері дәнінің сүт кезеңін және сүрлемін қосып береді. Бахтаққа көк өсімдіктерден жас қалақайды беруге болады. Қазіргі уақытта балыққа құрама жемді түйіршіктелген түрінде қолданып келеді. Жеген азығы балық бойына жақсы сіңуі судың температурасына байланысты болатындықтан оның көрсеткішін күніне 3 рет :
таңертен сағат 7-де
түскі 1-де
кешкі 7-де арнаулы журналға жазады.
Пайдаланатын жемдер. Тұқы ешқандай жем таңдамай, ауыздарына түскен су жәндіктерін жей береді. Құрама жемді де дақсы жейді. Белок, май, углевод, сондай-ақ минералды заттар балық организмі үшін аса қажет, мұнсыз олар тіршілік етіп, күн көре алады. Сондықтан балықтың күнделікті азық нормасына 1-2% ұсақталған бор, моллюсканың ұнтақталған сауыты, уатылған әк қосады. Балық жеміне кальцийді қосқанда белок пен углеводтың тұқы организімінде қотытылуы жақсарады, азық үнемделеді. Жас балықтың рационында кальций мөлшері фосфордан көп болуы шарт. Ұсақталған борды ең алдымен ішінде ұнтақталған өсімдіктері бар сумен араластырады да, құрама азыққа қосады.
Микроэлементтер. Кобальт тұзы тұқының қай жылдығы болмасын жақсы әсер ететіндігі ғылыми тұрғыда дәлелденіп, іс жүзінде байқалды- балық жақсы өседі, салмағы тымтәуір артады, азығы да үнемделіп, оның өзіндік құны арзандайды.
Витаминдер. Балық жемінің құрамында витвминдердің болуы шарт, ол үшін балауса көк өскіндер мен өсімдіктерді ұсақтап немесе ұнтақ түрінде жемге қосып береді. Бұдан балық жемінің сапасы артады және үнемделеді. Азық құрамында В12 витаминінің маңызы зор, ол балықтың жалпы жағдайын, жем жеуін жақсартады. Құрамы азық түрлерін өндірістік жолмен дайындағанда балық организіміне қажеттігін ескеріп А, Д, Г, В1, В2,В3, РР, В6, В12 витаминдкрін қосады.
Құрама жемді тасымалдау және сақтау. Құрама жем дайындайтын заводтардан азық балық шаруашылығына жолдың жағдайына, алыс-қашықтығына қарй поезбен, не автомашинамен жеткізіледі. Шаруашылық заводқа жақын орналасқанда, сондай-ақ ткмір жол станциясына түскен жемді тасымалдауға автотранспотр қолданылады. Құрама азықты балық шаруашылығында қоймаларда сақтау керек. Ал су тисе-ақ болды, ол әдепкіде қызады да, кейін шіри бастайды.Тоғанның тұқыға жем беретін орнын уақытылы дайындау керек, бұл жұмысқа кузден бастап кіріседі. Жыл сайын тоған суын ағызып жібергеннен кейін, оның түбін жақсылап кептіріп, батбақты жеріне әк шашып, мелиорация жұмысын жүргізеді. Тоғанның табиғи балық қорын жоғары сатыда ұстау үшін айдын табанының шалшықтанып, қажетсіз өсімдіктер басып кетуіне, балықтың ауруға шалдығуына жол бермеу керек. Ол үшін тоған табанын жыл сайын өңдеп, тыңайтып, кептіріп және арпа, сұлы, жоңышқа егіп отырады.

Балықтың түрлері
Қоректену аймағы
Негізгі қорегі
Қосымша қоректер
Бентос жейтін балықтар
Сазан және тұқы оның будандары
Тоғандардың түбі және одан сәл жоғарылау
Хирономид личинкалары,құрттар
Зоопланктон, ашамұртты шаян
Оңғақ
Тоғандардың түбінде, тосптың ішінде
-
Зооплпнктон, фитопланктон, өсімдік қалдықтары
Қызғылт сары және өзен бахтахтары
Тоғанның ашық бөлігі, судың келіп құйылатын жері
Қыл қанатты насекомдардың личинкалары,ересек қоңыздар, қандалалар, инелік
Ұсақ балықтар
Бекіре тұқымдастар
Тоғанның түбі әсіресе құмды жерінде
Моллюскалар, құрттар, хирономид личинкалары
Шаян тәрізділер
Ақсаха
Тоғанның терең жерінде
Хирономид личинкалары, олигохеттер,зоопланктон
балдырлар
Тұрпа
Тоғанның түбі
Хирономид личинкалары, құрттар
Зоопланктон, балдырлар
Өсімдік жейтін балықтар
Ақ амур
Су асты өсімдіктерінің қалың өскен жері
Шалау, мүйіз жапырақ, лапыз, қырықбуын
Су бетіндегі өсімдіктер
Ақ дөңмаңдай
Судың қалың қабатында
Жасыл балдырлар
Дара клеткалы ұсақ балдырлар

Тоған балықтарының табиғи қоректері

0.4 Балық өсірілетін тоғандардың суына қойылатын гигиеналық талаптар
Су- балық тіршілік ететін табиғи орта, сондықтанда балық өсірудің нәтижелері су сапасына тікелей байланысты.Балық тіршілігіне қажетті көптеген қоршаған орта факторларының ішінде су температурасыныңғ газ және тұз мөлшерінің маңызы зор.Тұщы су қоймаларында су температурасы 0-30С дейін болады және ол географиялық аймақтарға, ауа райына, жыл мезгіліне және тәулікке байланысты болады. Ағынды су қоймаларында су температурасы жазда тұрақты, ал ағынсыз су қоймаларында ол өзгеріп тұрады. Ауа-райы қалыпты жағдайда судың беткі қабаты тез жылынады. Су шамалы тереңдікте басқа жерлерге қарағанда жылырақ келеді. Желді ауа райында су температурасы әртүрлі учаскелерде бірдей болып келеді, себебі бұл кезде су араласады. Балық шаруашылығының 2 түрі бар: жылы сулы және суық сулы. Мұндай бөліну сонда өсірілетін балықтардың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Жылы су тоғанды шаруашылықтарда жылу сүйгіш балықтар өсіріледі, олардың көбеюі және өсуі үшін судың оптимальді температурасы 20С жоғары болу керек.
Суық сулы балық шаруашылығының негізгі объектісі бахтах. Суық суды тоғанды шаруашылықтарда көл көк шұбарын, сүйрік, чуд ақ-сахасын және басқа да албырт тұқымдас балықтарды өсіреді. Суық сулы балықтарлың эмбрион инкубациясы 0,2-0,9С, ал еталуы 12-15С өтеді.
Балық түріне байланысты оның тіршілік етуіне және өсіп-өнуіне қолайлы температурада да әртүрлі. Балықтардың көшуі және уылдырық шашуы су температурасына байланысты болады. Егер су температурасы уылдырық шашу кезінде қолайлы болмаған жағдайда процесс азаяды немесе мүлдем тоқтайды. Салқын ұзаққа созылса личинкалардың дамуы әлсірейді, сонымен қатар табиғи азық базалардың дамуы да нашарлайды. Температура балықтардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда балық өсірудің қазіргі жағдайы
КӨЛ ТАУАРЛЫ БАЛЫҚ ӨСІРУ КӨЛДЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ
Тауарлы балықтарды өсіру
Тоған шаруашылығы
Қазақстанда тұқы балық өсірудің қазіргі жағдайы
Мал шаруашылығы және балық шаруашылығы
Балықтың құрылымы мен физиологиялық ерекшеліктері
ҚҰБЫЛМАЛЫ БАХТАҚ БАЛЫҒЫН SALMO GAIRDNERI R., БАССЕЙНДЕ ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақстанның балық шаруашылығы
Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешенінің тұрақт дамуының аймақтық бағдарламасы
Пәндер