Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеудің әдістемесі
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.6
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесінің педагогикалық негіздері
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесінің зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7.12
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесінің рөлі ... ... ... .. 12.16
2 Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеудің әдістемесі
2.2 Еңбек тәрбиесі арқылы балаларды шығармашылыққа баулу жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17.23
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесіне байланысты ертеңгіліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23.29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30.32
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің адамзат баласының жеке тұлғалық сапалық қасиеттерінің қалыптасуына ықпалы бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Ол туралы «Адам құқығы конвенциясында», қоғамымыздағы демократиялық жаңғыруларға сай жалпы азаматтық ұлттық құндылықтарға, адамгершілік ойларға негізделген «Қазақстан Республикасындағы гуманитарлық білім беру» тұжырымдамасында» (1996ж.) және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (2007ж.) қарастырылады. Білім берудің маңызды мақсаты – адамды әдеттегі үйреншікті сана-сезім шеңберінен алып шығып, мәдениеттің биік деңгейіне көтеру, өз гуманистік дүниетанымы мен адамзат табыстарына негізделген өзіндік сенім көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік тудыру, жеке тұлғаның ізгілік қасиеттері мен мәдениеті арқылы өркениетті көтеруін көздейді[1].
Жеке тұлға тәрбиесін ізгілендіру - бүгінгі заманның басты талабы. Еңбек негізі және оның тәлім-тәрбиелік маңызы туралы құнды ой-пікірлер туралы қазақ даласындағы ұлы ғұламалар әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Қ.А.Ясауи және т.б. ағартушылар Ы.Алтынсариннің, Ш.Уәлихановтың, А.Құнанбаевтың, қазақ зиялылары Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев т.б. болашақ ұрпақты адалдық, парасаттылық, шыншылдық сынды қасиеттерге тәрбиелеудегі халық даналығын жоғары бағалағандығы және соған талпынғаны да аңғарылады[2].
Мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие беру мәселесін зерттеуде Ш.Амонашвилидің ауқымды үлесін және жеке тұлғаны тәрбиелеу мен оның психологиялық жағы Л.М.Божович, Л.С.Выготский, С.Т.Шацкий, С.Л.Рубинштейн, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, Л.И.Рувинский, Ю.Азаров және т.б. ғалымдардың еңбектерінде баяндалған[3].
Оқу-тәрбие үдерісін еңбек тәрбиесі туралы көлемді зерттеу жұмыстарын жүргізіп, өздерінің зерттеулерінде ізгілік қасиеттердің, қарым-қатынастардың қалыптасуы мен дамуы, олардың заңдылықтары мен қалыптасу әдістерін қарастыру педагог-ғалымдардың назарынан тыс қалмады. Балалардың еңбек тәрбиесі мәселесіне қатысты А.А.Бейсенбаева балабақша білімін ізгілендірудің теориясы мен практикасы, Ш.С.Ахимбекова балабақша өмірінде балабақша кеңесін ізгілендіру іс-әрекеттері, Х.Т.Наубаева балабақша балалары тәрбиесін ізгілендіру мәселесі, Қ.Т.Әтемова балалардың тәрбиелік қасиеттерін қалыптастыруда балабақша мен отбасының бірлескен жұмысы, В.П.Карибжанова мекте пжасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу, М.Таубалдиева дүниетану арқылы балалардың еңбек тәрбиесін қалыптастыру, Л.К.Керімов қиын балаларды қайта тәрбиелеу арқылы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, М.Ералиева балабақшада оқу-тәрбие үдерісін ізгілендіру, Г.Ерғалиева рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде балалардың өзін-өзі тәрбиелеудің педагогикалық шарттары бағытындағы ғылыми-зерттеулерде рухани-мәдени дамуымыздағы тәлім-тәрбиенің мәні ғылыми тұрғыда қарастырылған[4].
Курстық жұмыстың мақсаты – балалардың еңбекке деген дұрыс көзқарастарын, еңбек етуте даярлыктарын, мамандықты саналы таңдауларын қалыптастыру.

Пайдаланылған әдебиеттер
1.Н. Назарбаев. Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан. Жолдау 2007 ж 28 ақпан.
2. Күнпеиіс Ж. Технология пәнін оқыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың негіздері. Монография. Түркістан-2011 ж
3. Омарова Р, т.б. Мектеп оқушыларының шығармашылық еңбегін қалыптастыру. Актөбе. 2005ж
4. Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбеков Б. Қ 26 Этнопедагогика: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2007. 302-б.
5. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы. 1923.
6. Әбиев. Педагогика. Алматы. 2004. 286-б.
7. Қоянбаев. Педагогика. Алматы.2001. 205-б.
8 . Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері.-А., 1991.
9 . Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. - А.. 1999
10. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.-123б .
11. Педагогика. Оқулық. Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының ұжымы, -Алматы,2005. - 152-162б
12. М.Қалиева. Білім беру технологиялары және оларды оқу-тәрбие үрдісінде енгізу жолдары. Алматы.2002.
13. Хмель Н.Д., Хайруллин Г.Т., Муканова Б.И. Педагогика: Оқулық/Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедралар авторлар ұжымы.- Алматы. 2005.430 б.
14. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика: Университеттер студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы, 2004-420б.
15. Педагогика Оқу құралы –Алматы: ҚазМҰУ, 2006
16. Ахметова Г.К., Исаева З.А., Әлқожаева Н.С.Педагогика:Оқулық.-Алматы:Қазақ университеті, 2006
17. Әлқожаева Н.С. Педагогика (оқу әдістемелік кешен) .-Алматы:Қазақ университеті, 2006
18. Педагогика. Оқу құралы (Ред. Пидкасистого.-М., 1998) Аударған Г.К. Ахметова, Ш.Т. Таубаева.-Алматы:Қазақ университеті, 2008
19. Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: Нұр әлемі, 2003
20. Бекгалиев Т. Педагогика . Тараз. 2001
21. Балғымбаева З.М. Білім берудің практикалық психологиясы: оқу құралы, Алматы: Қазақ университеті, 2008.
22. Қалиев С, Майғаранова Ш., Нысанбаева Г. Тәрбие хрестоматиясы Алматы, 2001

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-6
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесінің педагогикалық негіздері
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесінің зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7-12
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесінің рөлі ... ... ... .. 12-16
2 Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеудің әдістемесі
2.2 Еңбек тәрбиесі арқылы балаларды шығармашылыққа баулу жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17-23
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесіне байланысты ертеңгіліктер ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23-29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30- 32
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің адамзат баласының жеке тұлғалық сапалық қасиеттерінің қалыптасуына ықпалы бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Ол туралы Адам құқығы конвенциясында, қоғамымыздағы демократиялық жаңғыруларға сай жалпы азаматтық ұлттық құндылықтарға, адамгершілік ойларға негізделген Қазақстан Республикасындағы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында (1996ж.) және Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында (2007ж.) қарастырылады. Білім берудің маңызды мақсаты - адамды әдеттегі үйреншікті сана-сезім шеңберінен алып шығып, мәдениеттің биік деңгейіне көтеру, өз гуманистік дүниетанымы мен адамзат табыстарына негізделген өзіндік сенім көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік тудыру, жеке тұлғаның ізгілік қасиеттері мен мәдениеті арқылы өркениетті көтеруін көздейді[1].
Жеке тұлға тәрбиесін ізгілендіру - бүгінгі заманның басты талабы. Еңбек негізі және оның тәлім-тәрбиелік маңызы туралы құнды ой-пікірлер туралы қазақ даласындағы ұлы ғұламалар әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Қ.А.Ясауи және т.б. ағартушылар Ы.Алтынсариннің, Ш.Уәлихановтың, А.Құнанбаевтың, қазақ зиялылары Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев т.б. болашақ ұрпақты адалдық, парасаттылық, шыншылдық сынды қасиеттерге тәрбиелеудегі халық даналығын жоғары бағалағандығы және соған талпынғаны да аңғарылады[2].
Мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие беру мәселесін зерттеуде Ш.Амонашвилидің ауқымды үлесін және жеке тұлғаны тәрбиелеу мен оның психологиялық жағы Л.М.Божович, Л.С.Выготский, С.Т.Шацкий, С.Л.Рубинштейн, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, Л.И.Рувинский, Ю.Азаров және т.б. ғалымдардың еңбектерінде баяндалған[3].
Оқу-тәрбие үдерісін еңбек тәрбиесі туралы көлемді зерттеу жұмыстарын жүргізіп, өздерінің зерттеулерінде ізгілік қасиеттердің, қарым-қатынастардың қалыптасуы мен дамуы, олардың заңдылықтары мен қалыптасу әдістерін қарастыру педагог-ғалымдардың назарынан тыс қалмады. Балалардың еңбек тәрбиесі мәселесіне қатысты А.А.Бейсенбаева балабақша білімін ізгілендірудің теориясы мен практикасы, Ш.С.Ахимбекова балабақша өмірінде балабақша кеңесін ізгілендіру іс-әрекеттері, Х.Т.Наубаева балабақша балалары тәрбиесін ізгілендіру мәселесі, Қ.Т.Әтемова балалардың тәрбиелік қасиеттерін қалыптастыруда балабақша мен отбасының бірлескен жұмысы, В.П.Карибжанова мекте пжасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу, М.Таубалдиева дүниетану арқылы балалардың еңбек тәрбиесін қалыптастыру, Л.К.Керімов қиын балаларды қайта тәрбиелеу арқылы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, М.Ералиева балабақшада оқу-тәрбие үдерісін ізгілендіру, Г.Ерғалиева рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде балалардың өзін-өзі тәрбиелеудің педагогикалық шарттары бағытындағы ғылыми-зерттеулерде рухани-мәдени дамуымыздағы тәлім-тәрбиенің мәні ғылыми тұрғыда қарастырылған[4].
Курстық жұмыстың мақсаты - балалардың еңбекке деген дұрыс көзқарастарын, еңбек етуте даярлыктарын, мамандықты саналы таңдауларын қалыптастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- оқушыларды еңбек іс-әрекетінің әр түріне мақсатты бағыттайтын жалпыға пайдалы еңбек қажеттілігін қалыптастыру;
- белсенділік, іскерлік, еңбекті құрметтеу сияқты қасиеттерді дамыту;
- тұлғаның қайсарлығын, ұқыптылығын, тапқырлығын, ептілігін және басқа да жігерлік қасиеттерін дамытатын қажетті дағдыларды бекіту;
- балаларға кәсіптік бағдар беру, оқушыларды еңбек іс-әрекет түрлерімен уақытылы таныстыру;
- балалардың ұйымдастырушылық қабілеттерін, ұжымдық еңбекте ынтымақтастық және өзара көмектесу, өзара жауапкершілік сезімдерін дамыту.
Зерттеу нысаны: Балабақшада педагогиканы оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: Балабақшадағы балалардың еңбек тәрбиесінің маңыздылығы, оны оқытудың бала тәрбиесінде алатын орны.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесі оқу-тәрбие үдерісінде ізгілік қасиеттерін қалыптастыру теориялық тұрғыдан негізделсе және құрылымдық-мазмұндық моделі жасалып, өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері анықталса, оны іске асырудың ғылыми-әдістемелік кешені белгіленсе, оларды тәжірибелік-эксперименттен өткізіп, қорытындысы шығарылып, ғылыми негізделген ұсыныстар берілсе, онда, балалардың еңбек тәрбиесін қалыптастыру нәтижелі болар еді.
Зерттеудің жетекші идеясы: мектепке жасына дейінгі балалардың оқу-тәрбие үдерісін адамгершілік құндылықтар негізінде ұйымдастыру еңбек тәрбиесін қалыптастырудың басты тетігі болып саналады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: философиялық таным теориясы, жеке тұлғаның дамуы және өзін-өзі дамытуы жөніндегі ғылыми тұжырымдар, ізгілік қасиеттерді қалыптастырудың, рухани-адамгершілік және өзін-өзі тәрбиелеудің теориялық қағидалары, жоғары оқу орындарына енгізіліп отырған Өзін-өзі тану, педагогикалық, психологиялық пәндер кешені арқылы тәжірибелік жұмыстарының тұжырымдамалары; жалпыадамзаттық құндылықтар негізіндегі тәрбие тұжырымдамаларын анықтайтын құжаттар болып табылады.
Зерттеу көздері: философтардың, психологтардың, педагогтардың таным, тұлға туралы, танымдық әрекет, ізгілік қасиеттерді қалыптастыру, өзін-өзі тану теориясы мен тәжірибесі, рухани-адамгершілік құндылық туралы шетелдік және отандық зерттеулер, білім беруді демократияландыру мен ізгілендірудің нормативті құжаттары, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы, Қазақстан - 2030 стратегиясы, Мемлекеттік Білім бағдарламасы, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамалары, Қазақстан Республикасы жастар саясаты тұжырымдамасы, озық тәжірибелер, сондай-ақ, автордың педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, педагогика-лық, психологиялық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, нормативтік құжаттарды, озық тәжірибелерді, педагогикалық басылымдарды зерделеу, модельдеу, салыстырмалы талдау, сауалнамалар, тестілеу, эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін статистикалық өңдеу, талдап қорыту.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі:
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесі білім беру жүйесін ізгілендіру мақсатында тұлғалық-ізгілікті теорияның негізі айқындалды;
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды және педагогикалық шарттары айқындалды;
4. Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тірбиесіне оқу-тәрбие үдерісінде қалыптастырудың мазмұны айқындалып, әдістемесі жасалды және оның тиімділігі тәжірибелі-эксперимент жүзінде дәлелденді.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесін танып білу мақсатындағы даярлығын қалыптастыру үшін педагогикалық тапсырмалар жүйесі әзірленді;
2. Зерттеу нәтижелерін жоғары және орта арнаулы педагогикалық оқу орындарында, жалпы білім беретін мектептерде, мұғалімдердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттарында пайдалануға болады.
Зерттеу базасы: № 8
Диссертацияның құрылымы: диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, тұжырымдар мен қорытындыдан, пайдаланылған ғылыми әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, нысаны, пәні, мақсаты, ғылыми болжамы, міндеттері, жетекші идеясы, әдіснамалық және теориялық негіздері, дерек көздері, зерттеудің әдістері мен негізгі кезеңдері, ғылыми жаңалығы, практикалық мәні және қорғауға ұсынылатын қағидалары баяндалды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесінің педагогикалық негіздері атты бірінші бөлімінде мектеп жасына дейінгі баллалардың еңбек тәрбиесіне теориялық негізіне сипаттама жасалған; мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесіне педагогикалық мазмұны жөніндегі ой-пікірлерге талдау жасалумен, ізгілік қасиеттерді қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі әзірленіп, оның барысында қалыптастыру нәтижелерін анықтайтын құраушылардың мазмұндық ерекшеліктері, деңгейлері сипатталған.
Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеудің әдістемесі деп аталатын екінші бөлімде мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесін қалыптастырудың педагогикалық шарттары белгіленген; еңбек тәрбиесінің қасиеттерін қалыптастырудың әдістемелік жүйесі жасалынып, соның негізінде тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижелері баяндалған; тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижелері шығарылып, ғылыми-әдістемелік тұрғыда ұсыныстар сипатталған.
Қорытындыда теориялық және эксперименттік жұмыстардың нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар берілген.

0.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесінің зерттелуі
Тарихты білмей тұрып қазіргінің қадіріне жету, болашақты болжау қиын дейтін ғылымның өз қағидасы бар. Ол -- өмірлік өсиет, ұлағатты сөз. Бұл тарих тағылымының тәрбиелік үлгісі, еңбек етудің алғы шарты болса керек. Өміріміздің даму барысын дұрыс түсініп оның ішінде ғылымның, тәрбиенің, бүгіні мен сфтеңін танып, бағдарлап отыруда тәрбие мен еңбек бөлінбестей берік, маңызды да мәнді рөл атқарады. Расында, адамзаттың жинақталған материалдық байлықтары қандай ұшан-теңіз болса, оның рухани байлығының қоры да сондай көп. Бұлардың бірі баршаға бірдей қазына. Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) бұл қазынаның барлығын халық жасайды, ол адал да ерінбей еткен еңбектің жемісі деген болатын.
Әл-Фараби тәрбие мәселесін логикамен байланыстыра уағыздағанын білеміз[5]. Ол "Ақыл мен түсінік" атты еңбегінде ақылдылық пен адамгершілік үлгілі тәрбиеге байланысты, оның негізі таза еңбекте, еңбек өз кезегінде тәрбиенің негізінен туындайды деген еді.
Қоғамның даму тарихына байланысты, соған сәйкес еңбек тәрбиесі әр түрлі нысанда дамыды, жетілді, өзгерді, жаңарып отырды. Орта ғасырлық мектеп тәрбиесіне қарсы шыққан, чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменский (1592-1670) педагогикасының негізі - гуманизм мен демократизм болғаны педагогика тарихынан белгілі. Демек, бұл тек педагогика емес, бүгінгі қоғамды қайта құрудың басты принципі - гуманистік және демократиялық принциппен үндес келіп отыр. Я.Коменский мектеп - балаға сүйіспеншілік, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейтін "адамгершілік шеберханасы" болуға тиіс деген көзқарасты насихаттайды. Осы негізде ол тәрбиені, осыған сәйкес жүргізу қажет деп есептеді. Ағылшын педагогы Джон Локк (1632-1704) тәрбиедегі Коменский ұсынған "табиғатқа сәйкестілік" еңбек және дене тәрбиесі арқылы жүзеге асатынын дәлелдеп берді[6]. Ағылшын табиғат зерттеушісі, жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін табиғи сұрыптау арқылы пайда болуы жөніндегі эволюциялық ілімнің негізін салушы Чарльз Дарвин еңбектің, еңбекке баулудық, оның теориялық негізі - еңбек тәрбиесінің маңызын жоғары бағалаған еді. Швейцария педагогы Генрих Песталоцци (1746-1827) тәрбиесінің мақсаты - баланың күшін дамытады. Әр түрлі қимылға, қозғалысқа баланың өзі ұмтылады. Сөйтіп, Песталоцци дене тәрбиесін еңбек тәрбие-сімен ұштастыруа жүргізуді дәлелдеп береді. Сондай-ақ, оқуды өнімді еңбекпен ұштастыру, соның ішінде қол өнері және ауыл-шаруашылық еңбегімен ұштастыру Песталоццидің педагогикалық теориясы мен қызметінің негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Песталоцци еңбек адамгершілікке үйретеді, балалардың бір-бірімен өзара және олардың ересектермен дұрыс қарым-қатынаста болуын қалыптастырады деп санады. Дұрыс ұйымдастырылған еңбек балалардың ақыл-ойын дамытады, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады. Осы негізде ол -еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты қоғам өміріне белсене қатысатын жан-жақты дамыған адамды қалыптастыру деп уағыздады. Еңбек тәрбиесінің теориясын жасауда басты рөл атқарған К.Д.Ушинский болды. Ол өзінің еңбегінде адамның жан-жақты дамуы үшін еңбектің маңызының зор екендігін көрсетті. К.Д.Ушинский өзінің "Еңбектің психикалық және тәрбиелік мәні" деген мақаласында еңбек тәрбиесінің мәнін арнайы қарастырады: Ал "Балалар әлемі", "Ана тілі" оқулықтарында осы тәрбие жөнінен балаларға арнап сан алуан материалдар жазды. К.Д .Ушинский талаптарының ең бастыларының бірі - еңбек-сүйгіштікке, еңбек ете білуге және еңбекке ынталы болуға тәрбиелеу. Кімде-кім пайдалы еңбекпен айналысса, сол адам қоғамның лайықты азаматы бола алады деп білді Ушинский баланың санасына сәби кезінен-ақ, еңбек етудің қажеттілігі мен маңыздылығын ұялатуды, пайдалы іс істеуге тырысушылыққа және қандай істе болса да шын ниетпен және ұқыпты орындауға тәрбиелеуді ұсынды[7].
Еңбек тәрбиесінің ең басты да, негізгі міндеттерінің бірі -балаларды қоғамдық пайдалы, ауыл шаруашылығының жетістіктерін жете түсіну және оған өздері тікелей араласу, өндірісті білу, онымен жұмыс істеу тәжірибесін бойына сіңіріп отыру дейді. Сондай-ақ, ол "Балалар жұмыс істейтін бағы, бақшасы, аз да болса жері жоқ мектеп шын мәніндегі мектеп бола алмақ емес", - деп атап көрсетті. Сонымен бірге Ушинский ой еңбегі мен дене еңбегінің алмасып отыруына да ерекше мән бер-ді. "Ой еңбегінен кейін дене еңбегімен айналысу жанға жайлы ғана емес, ол өте пайдалы тынығу" - деп есептеді[7].
Қазақ ағартушыларының бірі Ы.Алтынсарин педагогикалық тақырыптағы өлеңдері мен әңгімелерінде, аудармаларында өнімді еңбек - еңбек тәрбиесінің құралы деп тұжырым жасады.
Абай нағыз пайдалы еңбек деп әр түрлі қолөнерді, егіншілікті және білім алуды, оқуды есептеді. Ақыл-білім алу күрделі еңбек арқылы келеді деп философиялық тұжырым жасады[8].
Ол жастарды ең алдымен отбасында, мектепте және әдебиет арқылы тәрбиелеуді маңызды рөлін ерекше бағалады.
Еңбектің бейнеті мен зейнетін басынан өткізген халқымыз баланы еңбекке тәрбиелеуді отбасынан бастаған. Ер бала мен қыз бала тәрбиесін бөлісіп алған.
Еңбекті дәріптеп жастарға еңбек адамын үлгі-өнеге ретінде ұсыну "Аяз би" ертегісіндегі Аяз би "Кер құла атты Кендебайдағы" Кендебай, т.б. бейнелері арқылы беріліп отырған.
Қазақ халқы жастарды еңбекке баулығанда күнделікті кәсібіне, тұрмыс тіршілігіне байланысты төрт түлік малды бағып-қағуды, аң аулап кәсіп етуді ойластырған.
Халқымыз еңбек пен өнерді егіз санаған. Жүн иіріп, өрнек тоқу, киіз басып, үй жабу, ою ойып, сырмақ, түс киіз өрнектеу, тері илеп, бас киім тігу қыздар, әйелдер үшін ерекше өнер санаған.
Ал тері, ағаш, темірмен байланысты кәсіптерді ер адамдар атқарған. Аяқ киім (етік, мөсі, кебіс, шоқай, шәркей тігетін етікшілік, қайыстан жүген тартып, өмілдірік, қүйысқан, қамшы, шідер секілді әбзел істейтін өрімшілік үлкен өнер болып есептелген.
Ағаштан - ашамай, арба, шанажасайтын балташыларды темірден - құрал-сайман еңбек құралдарын немесе әшекей зергерлік бұйымдар жасаушы ұсталарды халық жоғары бағалаған.
Халық педагогикасынан орын алған еңбек және еңбекке тәрбиелеу қазіргі педагогика теориясы принциптерімен ұштасып жатыр. Еркін еңбек барысында өзінің және бүкіл қоғам мүшелерінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін адам материалдық және рухани құндылық жасайды. Шығармашылық еңбек барысында адам өз күшінің шамасын және қабілетін анықтайды. Қоғамның басты талаптарының бірі - әр азаматтың өмірде өз орнында толық күш-жігерін жұмсап, қоғамдағы байлықты еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал, саналы қатынасу болып табылады. Балабақшада еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудық негізгі көзі болып табылады, осымен қатар мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет.
Еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты - балаларға еңбек туралы тәрбие беру және жеке адамды жан-жақты дамыту.
Еңбек тәрбиесінің мақсаты еңбекке даярлау ғана емес, сонымен қатар жас жеткіншектерді біліммен, іскерлікпен және дағдымен мен қаруландыру қабілеттілігін дамыту, мамандық таңдауға көмек беру болып табылады.
А.С.Макаренко тәрбиенің осы сияқты кейбір күрделі мәселелерін педагогикалық теорема деп атады. Мұндай теорияның қатарында "үш күш одағы"- мектепті, үйелменді, жұртшылықты жатқызуға болады. Мектеп оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырушы және үйлестіруші орталық. Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыратын-мұғалім, сынып жетекшісі, еңбек сабағының оқытушысы, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, яғни, бүкіл педагогикалық ұжым. Сынып жетекшісі барлық бағдар беру жұмысын басқарады. Оқушыларды белгілі мамандықты тыңдауға даярлайды. Сынып жетекшісі кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрылымына сүйеніп, оқу-тәрбие жұмысы жоспарында негізгі бағыттарды белгілейді. Мысалы: кәсіптік ақпаратты ұйымдастыру, кәсіптік ақыл-кеңес беруге көмектесу, мектеп бітірушілерді жұмысқа орналастыру, т.б. Еңбек пәнінің оқытушысы - еңбек тәрбиесі, оқыту және кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі тұлғасы. Еңбек сабақтарында алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуге, мамандықты таңдауға бағыт береді[9].
Төрт-бес жасар бала шамасының келгенінше аз да болса талаптанып, үй шаруасымен араласуға тырысады, үлкендерге көмек бергісі келеді.Бірақ кейбір ата-аналар: қой жайыңа отыр,есейген соң істерсің, онан да бар ойна деп баласының қолын қағады. Мектеп жасындағы бала сабақтан бос уақытында үйге көмек бергісі келсе,тағы да оған шешесі сабағыңды оқы деп басқа істің маңына жолатпайды.Кейбір үй қызметшісі бар семьяларда жағдай тіпті ерекше. Әкесі де,шешесі де үй шаруасына түк араласпайды.Барлық шаруаны үй қызметшісі істейді.Мұны көрген бала жасынан қара жұмыспен айналасу үй қызметшісінің міндеті екен,-деген ұйғарыммен өседі.
А.С.Макаренко өзінің лекцияларында,кеңестерінде;негізіне н баланы бес жасқа шейін дұрыс тәрбиелеуге қатты көңіл аудару керек. Бес жасқа дейін дұрыс тәрбиелемесе,қайта тәрбиелеуге тура келеді. Ал қайта тәрбиедеу қиынырақ деп ескерткен болатын. Тамаша педагогтің бұл өсиетінен баланы тәрбиелеуді өте ерте бастау керек,тек сонда ғана көптеген қателік,адасулардан арылуга болар еді деген қорытынды шығаруға болады.Мектеп бітірген оқушылардың еңбектен қашу себебі неде? Кей оқушылардың тәртіпсіздігінің негізі қайда жатыр?Мұның, әрине,көптеген түрлі себептер бар.Бірақ, ең негізгі себеп балаларды жас күнінен бастап дұрыс тәрбиелемеуде,еңбекке ерте кезде баулымауда жатыр[10].
Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды балабақшада және отбасында еңбек тәрбиесін ұйымдастырып адамгершілікке тәрбиелеу
Еңбек тәрбиесіне байланысты А . Мишарина өзінің ғылыми зерттеуінде
Еңбек баланың адамгершілік дағдыларын дамытумен қатар, нерв жүйесінің икемділігін арттырып қарапайым еңбек түрлерінің машық дағдыларын меңгертуі- деген болатын.
Балалар бақшасындағы еңбек тәрбиесі- тәрбиешінің ең маңызды құралы. Еңбек тәрбиесі арқылы баланың әдет-дағдысы және ынталығы, байқампаздығы,айналаны қоршаған өмірге қызығушылығы дамиды, адамгершілік қасиеттерімен бірге іскерлік, еңбекке мәдениеттілік қасиеттері қалыптасады.
Мектепке дейінгі педагогика балаларды еңбекке тәрбиелеудің мынандай негізгі міндеттерін бөліп корсетеді.
:: Ересектердің еңбегімен таныстыру және оған құрметтпен қарауға тәрбиелеу.
:: Қарапайым еңбек іскерлігімен дағдыларын үйрету.
:: Еңбекке ықыласшылдыққа, еңбек сүйгіштікке және дербестікке тәрбиелеу.
:: Еңбекті қоғамдық бағыттау, ұжымды және ұжым үшін еңбектене білуге
тәрбиелеу.
Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесі - тәрбиеленушілердің жалпы еңбектік біліктері мен қабілеттерін, еңбекке психологиялық дайындығын дамытуға, еңбекке және оның өнімдерінежауапкершілікті қатынасты қалыптастыруға, мамандықты саналы таңдауға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің бірлескен іс-әрекеті. Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесі -- балаларды еңбекқорлыққа, еңбекті құрметтеуге, еңбек мәдениетін үйренуге бейімдеп, олардың еңбек ету шеберлігі мен дағдысын қалыптастыруға бағытталған тәрбиенің бір саласы. Еңбек тәрбиесі барлық халықтар мен ұлттардың дәстүрлі халықтың педагогикасының негізгі құрамдас бөлігі ретінде дамыған. Мысалы, қазақ халқының дәстүрлі тәлім-тәрбие беру жүйесінде жас кезінен бастап еңбекке, белгілі бір кәсіпке баулынған әрбір жас сәби "Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей" деген мақал рухында тәрбиеленген (қ. Халықтық педагогика). 18 ғ-дың ағартушылары (Ж.Ж. Руссо, И.Г. Пестолоций) оқыту мен еңбек тәрбиесін ұштастыру мәселесін алғаш рет ғылыми тұрғыдан талдады. Қазақстанның халыққа білім беру жүйесінде Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесі отбасында, балабақшада, жүзеге асады. Отбасында бала кішкене кезінен еңбек тапсырмаларын орындауға, еңбекқорлыққа, төзімділікке баулынады. Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесі балабақшада білім берумен тығыз байланыста жүзеге асады. Оқу еңбегінің барысында балада ұқыптылық, еңбекқорлық, еңбек ету дағдысы қалыптасады. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай оқу процесінде өзіне-өзі қызмет ету, оқу құралдарын дайындау, табиғатты қорғау, т.б. қоғамдық пайдалы жұмысқа қатысуы олардың ой-өрісінің кеңеюіне, қабілеттіліктерінің, бейімділіктерінің дамуына мүмкіндік жасайды. Педагогика ғылымы мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесі жас ұрпақты отбасы мен балабақшада тәрбиелеудің жалпы үрдісінің бір бөлігі ретінде қарастырады. Балаларды еңбек етуге, еңбекқорлыққа баулу, оларға кәсіптік бағдар беру қазіргі таңда барлық оқу жүйесінде бала әрекетінің белсенділігін қамтамасыз етудің бір тәсілі болып табылады[11].
Балалар бойында еңбексүйгіштікті тәрбиелеу жайлы К.Д.Ушинскийдің құнды ойларын келтіруге болады. Тәрбиенің өзі, егер ол адамға бақыт тілейтін болса, оны бақыт үшін емес, өмір сүру еңбегіне даярлау керек...Тәрбие адам бойында еңбекке деген сүйіспеншілік пен әдетті дамытуы керек; ол адамға өмірдегі өзі үшін қажетті еңбекті табуға мүмкіндік жасауы керек... Тәрбие адамның ақылын ғана'дамытып, оны белгілі көлемдегі мәліметтермен таныстырып қана қоймай, адам жүрегінде еңбексіз адам өмірі абыройлы да, бақытты да болмайтындай еңбекке деген ынтаны жандыруы қажет[9].
Еңбек тәрбиесі отбасында да әр түрлі жолдармен іске асады. Балалар өзіне-өзі қызмет көрсетуге кеңінен қатыстырылады. Олар үй шаруашьшығында көптеген міңдеттер атқарады; отбасы бюджетіне, оның пайдалануына қатыстырылады. Балалар мен ересектердің бірлесіп жұмыс істеуінде отбасының мүмкіншіліктері зор. Еңбек тәрбиесінің құрамды бөлігі болып экономикалық тәрбие саналады.
Адамды - адам еткен еңбек. Жалпы адам баласы өмірге келген күннен бастап еңбекпен тығыз байланыста болады. Себебі, шыр етіп өмір есігін ашқан сәттен бастап ана сүтін емудің өзі еңбекке жатады.
Еңбек дегеніміз бойымыздағы энергия яғни күшіміз, осы күшті пайдаланудың өзі еңбек. Адамдар еңбек ету арқылы көптеген жетістіктерге жетеді. Күнделікті ішіп-жейтін тамағының киетін киімінің өзі еңбекпен келеді.
Балалардың еңбегі туралы айтатын болсақ, күнделікті өмірде кездесетін көзге көріне бермейтін, өзіміз мән бермейтін қарапайым еңбек түрлері өте көп.
Мысалы: 2 - 3 жастағы баланың өздігінен тамағын ішіп-жеуі, ойыншығын, киімін жинауының өзі олар үшін үлкен еңбек. Баланың өз-өзіне қызмет қыла білуінің өзі еңбекке жатады.
Еңбекке баулу арқылы баланың есте сақтау, көру, сезіну қабілеттері арта түседі.
Мысалы: Шұлығын, қолғабын, бас киімін, көйлегін киетін кезде оны қай жерге киетінін, ойлау, көру, есте сақтау қабілеттері арқылы жасалады.
Баланың әр жасаған еңбегін, қылығын мақтап отыру қажет.
Мысалы: Ой, жарайсың, бәрекелді, өте жақсы, керемет деген сөздер баланы еңбек етуге деген қызығушылығын оятады.
Н. К. Крупская мен А. С. Макаренко баланың мінез-қүлқындағы еңбекке бағыт алу мектептен кеп бұрын, отбасы мен балабақшада тәрбиеленуі тиіс деп есептеген. Бала ойластырып ұйымдастырылған еңбск тәрбиесі арқылы дұрыс әрекет жасап, қоршаған орта жайында алғашқы мағлұматтар алып, айналадағының бәріне қызыға қарайды, еңбекті жақсы көруге әдеттснеді.
Еңбек балалардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеумен қатар анализаторларын (көру, есту, түйсіну, Сезіну, иіс, дәм) дамытуға мәнді ықпал етеді[10].
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесінің рөлі
Баланы ойын арқылы да еңбекке баулуға болады. Баланың ойынына аса мән беру керек. Ұлы педагог, А. С. Макаренко айтқандай бала ойын кезінде қандай болса, кейін есейгенде жұмыс орнында да сондай болады. Сондықтан бала кезінде ойнаған кезде баланы қадағалап, ойынына мән беру керек. Егер дұрыс емес екеніне көз жеткізсеңіз, дұрыс жолға бағыттау керек. Бала ойын ойнағанда үлкендерден немесе теледидардан көргендерін қайталайды. Өйткені ойын кезіндегі іс-әрекеті қимыл қозғалысы бәрі өз отбасында көрген білгендерінің айқын дәлелі. Баланың ойыны арқылы отбасындағы беріп жатқан тәрбиенің қандай екенін аңғаруға болады және қандай мамандық иесі екенін білуге болады. Сондықтан баланың көзінше артық сөз, артық қимыл жасаудың қажеті жоқ. Балаға ата-ана жақсы жағынан көрінуі қажет. Сондай-ақ баланы еңбекке баулу арқылы адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу болып есептеледі[12].
Мысалы: Жерде жатқан нанды алып қоюы, киімін күтіп киюі бәрі адамгершілікке, үлкендердің еңбегін сыйлағаны болып есептеледі.
Балалардың еңбекке деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру, өз-өздеріне қызмет етуге үйрету, бір-біріне кедергі жасамай еңбек етуге үйрету. Ойнап болған соң ойыншықтарын орын-орнына жинауға тәрбиелеу. Балаларды балабақшадағы еңбек жұмыстарына араластыру ойын бұрышындағы кезекшілікті атқаруға үйрету. Үлкендердің көмегімен гүлдерді суару, ағаштарға су құю, оқу құралдарын тарату, ас ішу кезінде тарелка, қасықтарды қойып шығу сияқты жұмыстарды үйрету. Үлкендердің еңбегінің және еңбектің қажеттілігі жөнінде түсінік беру. Балаларды алдына мақсат қоя білуге, оған жетуге үйрету жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру.
Арнайы жабдықтарды дұрыс пайдалану, қадірлеу, қайта орнына қою, бір-біріне көмек көрсетуге тәрбиелеу. Балаларды жұмысты бастап оны аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу. Балабақшадағы еңбек жұмыстарына қатысу, ұжымдық еңбекке үйрету. Ертегі, әңгімелерді кейіпкерлер арқылы Еңбек түбі - зейнет екенін түсіндіру. Үлкендер еңбегін құрметтеуге баулу. Мысалы: Бір уыс мақта, Бұзау бақтым, Көйлекті маған кім берді?, Қайдан келдің, бауырсақ? деген әңгімелер арқылы барлық заттардың еңбекпен келетіндігін түсіндіру.
Балаларды еңбек түрлерімен және кәсіптермен таныстыру. Ұжымдық еңбекті татулықпен ұйымдастырып атқаруға үйрету. Еңбектің әр түріне баланың қызығушылығын ояту, ұжымда еңбек етуде белсенділік, ынта ықыласын көрсетуді қолдау. Өз қолымен жасаған еңбегіне қуаныш, мақтаныш сезімін тудыру. Еңбекке қызығушылығын тәрбиелеп жағымды көзқарас тудыру. Өз-өзіне қызмет етуі балабақшада және отбасында еңбекке араласу, яғни үлкендерге көмектесу.
Еңбек етуге жат қылықтар: Еріншектік, жалқаулық, шалағайлық, ұқыпсыздыққа жиренуге баулу, яғни жол бермеуге тәрбиелеу. Бақыт адамға еңбек арқылы келетінін ұғындыру.
Гүл өсірсең терлеп,
Бұның аты - еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Бұның аты - еңбек.
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек, деген өлең жолдарын айта отырып болашақ біздің ізбасарларымыз жас жеткіншектерге Еңбек түбі - береке, Еңбек ер атандырады, Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті екенін айтқым келеді[13].
Балабақшадағы балалар еңбегінің негізгі төрт түрі бар: өзіне - өзі қызмет көрсету, шаруашылық - тұрмыстық еңбек, табиғаттағы еңбек және
қол еңбегі. Еңбектің жекелеген түрлерінің үлес салмағы түрлі жас кезеңдерінде бірдей емес. Олардың әрқайсысының тәрбие міндеттерін шешуде белгілі өз мүмкіндіктері бар.
Өзіне - өзі қызмет көрсету өзін күтуге (жуынуға, шешінуге, киінуге, төсегін жинауға, жұмыс орнын әзірлеуге және т. с. с.) бағытталған. Еңбек қызметінің бұл түрінің тәрбиелік маңызы ең алдымен оның өмірлік қажеттігінде. Бұл іс - әрекеттер күн сайын қайталанатындықтан, балалар өзіне - өзі қызмет көрсету дағдысын мықтап игереді; өзіне - өзі қызмет көрсету міндет ретінде ұғыныла бастайды.
Мектепке дейінгі сәбилік шақта өзіне - өзі қызмет көрсету белгілі қиыншылықтарға байланысты (саусақ бұлшық еттерінің жеткілікті дамымағандығы, әрекеттердің бірізділігін игерудің қиындығы, оларды жоспарлай білмеушілік, көңілінің оңай бөлінуі), ал мұның өзі дағдылардың қалыптасу процесін тежейді, кейде баланың қажетті әрекетті орындауға құлықсыздығын туғызады. Алайда тәрбиеші балалардың осы жас кезеңінде - ақ өзіне - өзі қызмет көрсете білу қабілетін дамыта бастайды, қажетті әрекеттерді орындауда ұқыптылық пен мұқияттылық, дербестік болуына күш салады, тазалық пен мұнтаздыққа әдеттендіреді. Осының бәрі сабырлылықты, табандылық пен игі тілектестікті, көтермелеп отыруды талап етеді. Балалардың өзіне - өзі қызмет көрсетуіне орай тәрбиеші әрбір баламен жеке - дара жұмыс жүргізеді, онымен алуан түрлі байланыс жасайды, көтеріңкі көңіл күйін қолдап отырады. Киімнің және оның түрлі бөлшектерінің, қажетті құралдардың аттарын атай отырып, балалардың ана тіліндегі сөздік қорын кеңейтеді. Балалар өздеріне қамқорлық жасалғанын сезінеді, ересектерге сүйіспеншілік сезім мен сенімі қалыптасады.
Мектепке дейінгі естияр шақта балалар өзіне - өзі қызмет көрсетуде әжептәуір дербестікке ие болады, еңбектің бұл түрі олардың тұрақты міндетіне айналады. Тәрбиелік міндеттердің қиындатыла түсуі қимыл - әрекеттердің сапасына, өзін күту процесіндегі ұйымдасқан тәртіпке, оған жұмсалатын уақытқа қойылатын талаптың арттырылуынан көрінеді. Тәрбиеші балаларда өзара көмектесу тәсілдерін қалыптастырады, оларға
жолдастарынан қалай көмек сұрауды, қалай көмек көрсетуді, көмектескені
үшін алғыс айтуды үйретеді.
Адамның адам болып қалыптасуының құралы еңбек. Еңбектің нәтижесі әрбір адамға, оның еңбекке саналы, шығармашылық көзқарасына байланысты. Олай болса бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі -- жас ұрпақтың бойында еңбекке ынталандыруды тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға баулу. Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі оны еңбек тәрбиесіне баулуға тікелей байланысты.
Тәрбие тек адамның ақылын дамытып және белгілі бір мағлұматтар беріп қана қоймай, қайта саналы еңбекке деген ынтасын арттыра түсуі керек, мұнысыз оның өмірі ардақты да, бақытты да бола алмайды. Қейбір жағдайдың, әсіресе адамның балалық және жастық шақтарында алған әсерінің салдарынан еңбекке деген ынтасы өсіп те, өшіп те қалуы мүмкін, сондықтан баланы мектепке дейінгі кезеңде ұқыптылықпен баулу, еңбекке деген дұрыс ынта-ықыласын қалыптастырған дұрыс .
Мектепке дейінгі жас -- негізінен ойын кезеңі болғандықтан, еңбектің бала өмірінен алатын орны тым аз. Әдетте еңбек әрекетінің қарапайым элементтері көрініс тауып, бірте-бірте еңбек ойыннан бөлініп, айрықша сипатка ие болады.
Қазіргі физиология ғылымы еңбек әрекетінде бала ағзасы дамуының ішкі механизмін аша келіп, баланың денесі мен психологиясының дамуындағы бірлікті негіздейді. Бұлшықет қимылының бала денесі мен ақыл-ойының дамуына, тынысы мен жүрек жұмысы ықпал ететіндігі дәлелденген. Мектепке дейінгі балалардың еңбек қызметін ұйымдастыруда адам-гершілік тәрбиесі міндеттерін шешуге зор көңіл бөлінеді. Педагог балаларға олардың орындап жаткан ісінің коллектив үшін маңызды екенін ұғындырады, өз жұмысын уақтылы атқарып шығуға, маңайындағыларға қамқорлық жасауға ұмтылатын етіп тәрбиелейді. Ол кезекшілерге өзінің көмекшілері ретіңде қарайды, міндеттерін уақтылы орындағаны үшін ал-ғыс айтады, барлық балаларды кезекшілердің еңбегін құрметтеуді үйрете-ді. Кезекшілер жұмысының сапасына, оның уақтылы орындалуына, өзін-өзі ұйымдастыру дәрежесіне қойылатын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz