Күлтегін жазбалары- түркі халықтарының баға жетпес байлығы



МАЗМҰНЫ

Анотация
I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.4
II. Негізгі бөлім
2.1. Күлтегін жазуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ..5.7
2.2. Күлтегін жазбаларындағы эпикалық дәстүр ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ..8.15
2.3. Орхон ескерткіштерінің фольклорлық тұрғыдан зерттелуі. . ... ... ... ..15.19
2.4. Көркемдік тілдегі ортақ қолданыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19.23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 24.25
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27.33
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазақ халқы – дүниенің төрт бұрышын адамзат баласының ең озық өркениетке жеткен ұрпақтарымен терезесі тең, телегейдей тарихы бар, тебірентер мәдениеті бар ел. Қазақтың ілкі ата-бабалары – түркілер, ғұндар, сақтар. Солар жасаған мәдениетке ортақпыз. Өз алдына қазақ хандығы құрылғанға дейінгі (ХҮғ.) дәуірлерде бізді жалпы атпен түріктер деп атаған. Көк Тәңіріне табынып, Көк бөріден тарағандықтан, Көк түріктер атанғанбыз.
Шамамен ҮІ ғасырдың орта кезінде, Жетісу, Алтай, Орталық Азияны мекен еткен түрлі ру-тайпалар бірігіп, Түрік қағанаты деп аталатын мемлекет құрғаны тарихтан бізге мәлім.
Міне, сол ежелгі түркі дәуірінің қоғамдық, әдеби, мәдени өмірін жыр еткен ғажайып жыр-дастандар бар. Бұлар – “Күлтегін”, “Тоныкөк”, “Білге қаған” жырлары. Бұл тарихи ескерткіштер бұдан 1250 жыл бұрын тасқа қашалып жазылған әдеби мұра. Осы ескерткіштер идеялық мазмұны жағынан да, көркемдік шеберлік тұрғысынан да күні бүгінге дейін өз оқушысын таңдандырып, тамсандырып келеді. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін оқу, басқа тілдерге аударма жасау және ғылыми текстін дайындау ісіне В.В.Радлов, В.В.Томсен, Ю.Немет, Х.Н.Оркун, т.б. орыс және шетел ғалымдары қыруар мол үлес қосты. Әсіресе көрнекті ғалым С.Е.Малов көне түркі жазуындағы тексттердің орыс тіліне дұрыс тәржіма жасалу жағына көбірек назар аударды.
Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілін қазіргі қазақ тілі фактілерімен салыстыра отырып, зерттеуші бір топ ғалымдар Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк құрметіне жазылған жыр жолдарының тілі дыбыстық жағынан да, лексикалық және морфологиялық тұрғыдан да қазақ тіліне жақын деген ғылыми пікірді айтқан.
Аталмыш ескерткіштер сол дәуірдің өзіне тән поэзиялық дәстүрімен жазылған әдебиет үлгілері деген түйін жасаймыз.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Әдебиет тарихының мәселелері. Алматы 1958ж.
2. Батырлар жыры ІІ том. Алматы, “Жазушы” 2000ж.
3. Батырлар жыры, “Бөген батыр” Алматы. 2000ж.
4. Дүйсен Сержан, Яван Кенан. Түркі тілінің толық жүйеленген ережелері жинағы жазба ескерткіші (ХІІІ-ХҮғ.ғ) Түркістан 2004
5. Дербісәлиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары., А., “Рауан” 1995ж.
6. Егеубай А. М.Қашқари. Диуани лұғат-ит-Түрік. І, ІІ, ІІІ,. А., “Хант”, 1997-1998.
7. Жолдасбеков М. Асыл арналар. Әдеби мақалалар. Алматы “Жазушы” 1990ж.
8. Жолдасбеков М. Тастар сөйлейді.
9. Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. Алматы, “Мектеп” 1986ж.
10. Келімбетов Н. Ежелгі әдеби жәдігерліктер. Астана. “Фолиант” 2004
11. Керімұлы Ә. Ескі түркі ескерткіштері тіліндегі сөз жасайтын жұрнақтар. Түркістан 2005
12. Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің бастаулары. Алматы. “Ана тілі” 1998
13. Қаржаубай С. Орхон мұралары. Астана-2003ж.
14. Қыраубаева А. ІІ кітап. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы. “Ана тілі”, 1991ж.
15. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. Алматы. “Ана тілі” 1991ж.
16. Құрышжанұлы Ә. Ескі түркі жазба ескерткіштері. Алматы, 2001
17. Қыраубаева А. Ғасырлар мұрасы. Алматы. “Мектеп” 1988ж.
18. Қыраубайқызы А. Ежелгі әдебиет. Астана “Елорда” 2001ж.
19. Қоңыратбаев Т., Қоңыратбаев Ә. Көне мәдениет жазбалары., А., 1992.
20. Махмұд Қашқари. Түбі бір түркі тілі. Алматы. “Ана тілі” 1993

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Күлтегін жазбалары- түркі халықтарының баға жетпес байлығы

МАЗМҰНЫ

Анотация
I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4
II. Негізгі бөлім
2.1. Күлтегін жазуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... . ..5-7
2.2. Күлтегін жазбаларындағы эпикалық дәстүр ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ..8-15
2.3. Орхон ескерткіштерінің фольклорлық тұрғыдан зерттелуі. . ... ... ... ..15-19
2.4. Көркемдік тілдегі ортақ қолданыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19-23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24-25
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27-33

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазақ халқы - дүниенің төрт бұрышын адамзат баласының ең озық өркениетке жеткен ұрпақтарымен терезесі тең, телегейдей тарихы бар, тебірентер мәдениеті бар ел. Қазақтың ілкі ата-бабалары - түркілер, ғұндар, сақтар. Солар жасаған мәдениетке ортақпыз. Өз алдына қазақ хандығы құрылғанға дейінгі (ХҮғ.) дәуірлерде бізді жалпы атпен түріктер деп атаған. Көк Тәңіріне табынып, Көк бөріден тарағандықтан, Көк түріктер атанғанбыз.
Шамамен ҮІ ғасырдың орта кезінде, Жетісу, Алтай, Орталық Азияны мекен еткен түрлі ру-тайпалар бірігіп, Түрік қағанаты деп аталатын мемлекет құрғаны тарихтан бізге мәлім.
Міне, сол ежелгі түркі дәуірінің қоғамдық, әдеби, мәдени өмірін жыр еткен ғажайып жыр-дастандар бар. Бұлар - "Күлтегін", "Тоныкөк", "Білге қаған" жырлары. Бұл тарихи ескерткіштер бұдан 1250 жыл бұрын тасқа қашалып жазылған әдеби мұра. Осы ескерткіштер идеялық мазмұны жағынан да, көркемдік шеберлік тұрғысынан да күні бүгінге дейін өз оқушысын таңдандырып, тамсандырып келеді. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін оқу, басқа тілдерге аударма жасау және ғылыми текстін дайындау ісіне В.В.Радлов, В.В.Томсен, Ю.Немет, Х.Н.Оркун, т.б. орыс және шетел ғалымдары қыруар мол үлес қосты. Әсіресе көрнекті ғалым С.Е.Малов көне түркі жазуындағы тексттердің орыс тіліне дұрыс тәржіма жасалу жағына көбірек назар аударды.
Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілін қазіргі қазақ тілі фактілерімен салыстыра отырып, зерттеуші бір топ ғалымдар Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк құрметіне жазылған жыр жолдарының тілі дыбыстық жағынан да, лексикалық және морфологиялық тұрғыдан да қазақ тіліне жақын деген ғылыми пікірді айтқан.
Аталмыш ескерткіштер сол дәуірдің өзіне тән поэзиялық дәстүрімен жазылған әдебиет үлгілері деген түйін жасаймыз.

Ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Көне түркі жазба ескерткіштерін әдебиеттің басқа жанрларымен салыстыра отырып қазақ ауыз әдебиетінің мұраларымен, оның ішінде батырлық жырлармен байланысын, ұқсастығын айқындау, тілдік ерекшеліктерін, құрылымын, қолданысын көрсету ғылыми жұмыстың басты мақсаты мен міндеті болып табылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Жұмыс барысында көне түрік жәдігерліктерін зерделей отырып, Күлтегін жазбасының шағын фольклорлық жанрлармен байланысы, көркемдік тәсілдеріндегі ортақ қолданыстары, Күлтегін жазбасындағы эпикалық дәстүр көрінісі, Орхон ескерткіштерінің фольклорлық тұрғыдан зерттелуі идея мен композициялық құрылымын ашуға жіті көңіл бөлінді.
Тақырыбы пен көркемдік шешімі және де шеберлік мәселелелері туралы кеңінен сөз қозғалды.
Ғылыми жұмыстың практикалық маңызы: Зерттеу жұмысын мектеп оқушыларына, филологтарға көне түркі жазба ескерткіштері жөнінде сабақ барысында қосымша әдебиет ретінде ұсынуға болады.
Диплом жұмысының дерек көздері: Жұмыста әртүрлі дерек көздері қолданылды. Негізгі деректердің бөлігі Қаржаубай С. Орхон мұралары. Астана-2003ж, Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. Алматы, "Мектеп" 1986ж, Әдебиет тарихының мәселелері. Алматы 1958ж, Жолдасбеков М. Тастар сөйлейді, Батырлар жыры ІІ том. Алматы, "Жазушы" 2000ж. Батырлар жыры, "Бөген батыр" Алматы. 2000ж, Қыраубаева А. ІІ кітап. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы. "Ана тілі", 1991ж, Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. Алматы. "Ана тілі" 1991ж, Керімұлы Ә. Ескі түркі ескерткіштері тіліндегі сөз жасайтын жұрнақтар. Түркістан 2005ж, Дүйсен Сержан, Яван Кенан. Түркі тілінің толық жүйеленген ережелері жинағы жазба ескерткіші (ХІІІ-ХҮғ.ғ) Түркістан 2004ж, Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Қазақ университеті. Алматы, 1992ж еңбектері негіз болды.

2.1 Күлтегін жазуы
Күлтегін жазуы -- ежелгі түркі жазба ескерткіші. Моңғолиядағы Қарабаласаған қаласының қираған орнынан 40 км жерге, Орхон өзені бойындағы Эрдени Цзу монастырының (8-ғасыр) жанына орнатылған. Ескерткіштің биіктігі 3,15 метр, ені 1,34 метр, қалыңдығы 0,41 метр. Алғашқы мәліметтер 19-ғасырдағы батыс зерттеушілерінің еңбектерінде жариялана бастаған. 1893 ж. 25-қарашада Дания Ғылым академиясының мәжілісінде Вильгельм Томсен Орхон жазба жәдігерлерін оқудың кілтін тапқандығын әрі оның көне түркі тілінде жазылғандығын, алдымен оқыған сөздері "тәңірі" және "түрік" деген сөздер екенін жариялады. Сонан кейін академик Василий Радлов мәтінді тәржімалады. Осы зерттеулерден кейін құлпытастарға қашалған жазулар Күлтегін батырдың ерлік істері туралы қаhармандық дастан екендігі белгілі болды. Күлтегін қабіріне қойылған екі ескерткіштің бірі ғылымда "кіші жазу", ал екіншісі "үлкен жазу" деп аталып кеткен. Бұл екі дастанның да авторы -- өз дәуірінің аса дарынды ақыны, көрнекті қоғам қайраткері Иоллығ тегін (8-ғасыр). "Күлтегін" (кіші жазу) жыры әрқайсысы өз алдына дербес әрі сюжеттік жағынан бір-бірімен тығыз байланысты 8 топтамадан тұрады. Әрбір топтама -- мазмұны жағынан бір-бір хикая. "Күлтегін" жырының үлкен жазуы көлемі жағынан 428 өлең жолынан (құлпытастағы руналық жазу бойынша есептегенде 53 қатар) тұрады. Бұл жыр дербес алты хикаядан, яғни алты оқиғадан құралған. Жырда Күлтегін түркі елінің "төрт бұрышындағы" барлық жауды жеңіп, елде тыныштық, бейбіт өмір орнатады. Ақын Күлтегіннің ерлігі туралы: "Бастыны -- еңкейтті, Тізеліні -- бүктірді", -- дейді. Жыр соңында Күлтегін батыр қайтыс болғанда бүкіл түркі халқы қатты қайғырып, аза тұтқаны, оны жоқтап, жерлеу салтанатына әлемнің төрт бұрышынан көптеген атақты адамдар -- елшілер, батырлар, бектер, тас қашайтын шеберлер, т.б. келгені айтылады. Күлтегін жырының кіші жазуындағы екінші топтаманың алғашқы үш жолы Білге қағанның түркі халқына айтқан үндеу сөзі, одан кейінгі төрт жол өлеңде Түрік қағандығы жерінің ұланғайыр кең екендігі, одан кейінгі екі жол осы топтаманың түйіні - түркі елінің жері мол, ал халқы көп екендігін баяндауға арналған. Күлтегін жырының үлкен жазуы көлемі жағынан 428 өлең жолынан тұрады (құлпытастағы руналық жазу бойынша есептегенде 53 қатар).
"Күлтегін" жыры -- елдің ішкі бірлігін жыр еткен, идеялық мазмұны терең, көркемдік дәрежесі биік поэзиялық туынды. 2001 жылдың 18 мамырында Астанадағы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне Күлтегін жазба ескерткішінің көшірмесі қойылды.
Әр халықтың қалыптасу, даму жолында өзіне тән ерекшеліктері бар. Бұл тарихи құндылықты зерделеп жарыққа шығару қай мемлекетте болмасын маңызды мәселелердің біріне айналған.
Бізге жеткен Түркi тарихы да осы VII-VIII ғасырларда жазылған Орхон-Енисей жазба ескерткіштері арқылы белгiлi болды. Ескерткiш бiр заманда түркiлер мекендеген Енесей өзенiнiң бойы мен қазiргi Монғол Халық Республикасының астанасы Улан-Батордың батысындағы 400 километр жердегi Орхон өзенi бойындағы Кошо-Цайдам ойпатында орналасқан. Оны алғаш тауып, ғылым әлемiне мәлiмдеушi-орыс ғалымы Н. М. Ядринцев. 1890 жылы Гейкель басфин - угор қоғамының, 1901 жылы В. Радлов бастаған Орыс ғылым Академиясының Экспедициялары ескерткiш орнатылған жерге барып, жазуды өз көздерiмен көрiп, тексерiп қайтады. 1902 жылы Ужчжоудағы ағылшын консулы К. Кэмппель Күлтегiн ескерткiшiне бiрсыпыра зертеу жұмысын жүргiздi. 1909 жылы француз саяхатшысы Де Ля Кост келiп тексе, 1912 жылы ғалым В. Л. Котвич зерттеу жұмыстарын жүргiздi. 1958 жылы монгол - чехославак бiрiккен ғылыми экспедициясы Күлтегiн ескерткiшiнiн орнына қазба жұмыстарын жүргiздi. Бұған басшылық еткен чех археологы Л. Иисль. Бұл В.В. Радловтан кейiнгi жасалған қазба жұмысы едi. Қазба жұмыстары үстiнде қорған астынан екi кiсiнiң тасқа әдемi ойылып жасалған бас мүсiнiн кездестiрдi. Оның бiрi Күлтегiнiң, екiншi әйелiнiң мүсiнi екені анықталды.[1,13-б]
Күлтегiнге арналған ескерткiш пирамида тәрiздi. Биiктiгi 3,15 метр, енi 1,24 метр, қалыңдығы 0,41 метр. Ескерткiштiң жоғарғы жағы бес бұрышты, қырларында айдаһардың суреттерi мен қаған таңбалары бейнеленген. Екiншi жағында ескерткiштiң орнатылған күнi - бiрiншi тамыз, 732 жыл деп жазылған.
Ескерткіштің негізгі бетінде 40 жол жазу бар, ол ескерткіштің сол жақ бетіндегі 13 жол жазудың жалғасы. Түркологиялық әдебиеттерде ескерткіштегі 40 жол Үлкен жазу КТБ, ал 13 жол жазу кіші жазу КТМ деп аталады. [2, 450-458-б]
Ескерткiш негiзiнен табғаш (Қытай) және көне түркi жазуымен толтырылған. Ескерткiш бетiндегi Қытай жазуы 732 жылы Қытай императоры Хусен-Цунг тарапынан бедерленген. Мұнда қытайша ескерткiштiң қысқаша мәнi айтылған. Қытай жазуы алғаш орысша, французша, содан кейiн немiс, ағылшын және кейiнгi кездерi түрiк тiлдерiне аударылды. Жазудын үстiнде қытайша бiр сөйлем бар, онда Марқұм Күлтегiн жазуы делінген. [3, 177-б]
Күлтегін ескерткішін зерттеуші ғалым Мырзатай Жолдасбековтың аудармасында:
Он оқүлым, түргiс қағанынан
Мақраш таңбашы.
Оғуз Бiлге таңбашы келдi;
Қырғыз қағанынан
Тардуш ынаншы, Чур келдi; Мазар тұрғызуға, Зер салынған жазба тасты тұрғызуға Табғаш қағанынан зергершiсi Чаң сеңун келдi. Күлтегiн қой жылы, он жетiншi күнi өлдi. Тоғызыншы айдың жиырма жетiсiнде жерледiк. Мазарын, ою - өрнегiн, жазба тасын, Мешiн жылы жетiншi айдын жиырма жетiсiнде тегiз аяқтадық. Күлтегiн өлгенде қырық жетi жаста едi. деп келтіреді. [4, 55-б]

2.2 Күлтегін жазбаларындағы эпикалық дәстүр
"Күлтегін жырындағы эпикалық дәстүрді қарастыру мақсатында Көне түркілердің шынайы көне тарихы мен тасқа қашап жазылған дастандарды өзара салыстыра отырып, Күлтегін жәдігерліктер жылнамасы емес, сол дәуірдің өзіне тән поэзиялық дәстүрімен жазылған әдеби үлгілер деген түйін жасаймыз"1,51 Н.Келімбетов. Осындай ойдан кейін мына пікір соның дәлелі шынын айтқанда, - деп жазды А.Н.Веселовский, батырлардың ерлігін жазған эпостар халықтың қалыптасуымен қатар туа бастаған. Тарихи кезеңдердің елеулі тұлғалар төңірегінде неше түрлі өлеңдер құрастырылып, солардың негізінде бүтін цикл жасалған деп атап көрсеткен. Бұл көрсетілген циклдар бойынша топтаманы түрколог ғалым Н.Келімбетов үш циклға бөліп көрсетеді.
Демек, А.Веселовский айтқандай, ерлік жырлары халықтың қалыптасуымен бірге қатар туған болса, "Күлтегінге арналған жыр, дәл осылай түрік халқының қалыптасу кезінде жазылған. ҮІ-ҮІІІ ғасырлардың түрік қағанаты астына топтасқан үйсін, керей, қаңлы, найман, жалайыр, алшын руларының мұралары еді деген тұжырым жасайды"- М.Жолдасбеков 3,48.
Сол себепті біз қазақ эпостарының әдепкі арналары түрік қағанатының кезінен басталады дейміз. Қырғыз әдебиетіне қатысты бұл пікірді академик М.Әуезов баяғыдан-ақ айтқан болатын.
"Түрік рулары мен қағанатының тілсіз таста қалдырған осынау жорықтары қырғыздың сол кезіндегі эпостық аңыздарының тууына ықпал жасаған. Егер мұндай ескерткіштер қара тастан ойылып, қашалып тұрып жазылған болса, сол жырлардың ауызша айтылып таралған әрі бұдан да толық нұсқалары болуы мүмкін. Егер мұндай жыр аңыздарды оғыздар, түргештер және басқа да тайпалар шығара алмаған болса, сондай аңыздарды сол дәуірде, тіпті ІХ ғасырда емес, ҮІ-ҮІІІ ғасырда соншалықты бұғауда болған, халықты қорғаушы батырға әсіресе, ділгір болған қырғыздар қайтіп шығармайды? ...Эпостың туу дәуірін айқындап, анықтағанда осындай жәйттерді ескерту қажет" деп атап көрсетті М.Әуезов "Уақыт және әдебиет" атты еңбегінде. Бұл пкірге біздің жылдардың берер бағасы құнды.
Осы айтылғандардың бәрі де тегі бір түрік тілдес халықтар эпосының, оның ішінде қазақ эпосының тууына қатысты екені сөзсіз. Түрік руларындағы Азман атты Күлтегін, қыпшақтағы Тайбурылды Қобыланды, Қоңыраттағы Байшұбарлы Алпамыс жалпы түркі халықтарының М.Әуезов айтып отырғандай қаһарманы еді 5,41 М.Жолдасбеков. "Тастар сөйлейді" атты еңбегінде "Сөз тапқанға қолқа жоқ" деп, қашанда тұрлаулы сөздің мінін тосып оған төрелік беретін, өлмес-өшпес мол жырлар тудырған қазақ халқы ежелден-ақ шешен сөйлеген.
Халқымыздың осы жыршылық, шешендік қасиетін ғалымдардың көбі тамсана жазған еді. Соның бірі академик В.Радлов былай дейді: "Қазақ, қырғыз шешен болған, олар түркі тектес басқа халықтардың қай-қайсысынан басым сөзге ұста келеді. Сөйлей тұрғанда кідіру, күрмелу дегенді білмейді... Көп уақытта қазақ, қырғыздың сөзі өлең жыр тәрізді болып келеді; сөздері ырғақты, ұйқасты шығады.
Қазақ, қырғыз халқы шешен, өткір көркем сөзді сүйеді. Поэзияны қадірлейді. Сондықтан оларда халық поэзиясы мейілінше өркендеген. Қазақ-қырғыздың мақал-мәтелі болсын, айтыстары мен билік сөздері болсын бәрі де өлең, жыр болып келеді" В.Радлов айтқан пікір біз үшін құнды.
Орхон ескерткішінің жанрлық ерекшеліктері туралы соңғы кезге дейін өзара қарама-қайшы екі түрлі көзқарас орын алып келді. Бірі - Күлтегін, білге Қаған, және Тоныкөк ескерткіштері көркем әдебиетке, соның ішінде поэзияға ешбір қатысы жоқ. Түрік қағанатының дәлме-дәл жазылған тарихы деп қарады. Екіншісі - руна жазуындағы бұл ескерткішті поэзиялық туындыға қатысты барлық белгілер бар, ежелгі түркілердің әдеби дәстүріне негізделген көркем туынды деп таныды.
Бұл екі түрлі көзқарас ұзақ жылдар бойы әдебиетшілер, тілшілер, тарихшылар т.б. арыснда түрлі пікір таластар тудырып келеді. Ал, қазір Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк жырлары эпикалық дәстүрдегі көркем туынды екені сөзсіз 7,39 Н.Келімбетов
Орхон ескерткішін, поэзия, ерлік жыры деп алғаш бағалаған М.Әуезов руна жазуындағы ескерткіштердің мазмұны мен сипаты туралы айта келіп Күлтегін жырларындағы жеңілуді білмейтін батыр болғандығы баяндалады. Ол жазуларда хронологиялық тәртіптер де бар. Күлтегіннің 16 жастан 47 жасына дейін, яғни өлгенге дейінгі өмірдегі ерлік қимылдары баян етіледі. Мұнда батырдың жас шағынан бастап, өмірінің ақырына дейінгі ерліктерін жырлайтын батырлық дастандардың сюжеттік құрылысында ұқсастық барын атап көрсетті.
Көне түрік жырының дыбыстық құрылысы қалай болғанын айқынырақ танып-білу үшін осы орхон ескерткіштерінің бірін айталық, Күлтегіннің үлкен және кіші жазуларына әдеби талдау жасап көрейік.
Өлеңде бірыңғай дауыссыз дыбыстардың қайталанып қиысуы, жырдағы үндестікті, мәнерлікті күшейте түсетін ежелгі түрік сөз зергерлері жақсы түсініп, жақсы меңгергені анық. Күлтегін жырындағы әдеби тілге дауыс ырғағы түгіл, тіпті дыбыс қайталаулар арқылы әжептәуір ажар береді.
Қырық, құрықан, отуз татар,
Қытай, тотабу коп йағы ерміс.
Қоңым қаған бунча...
Қырық артук кіті йолы сүлеміс КТҰ. 14,15
Аудармасы
Қырғыз, құрықан отыз татар,
Қытай, тотабы - бәрі жау еді.
Әкем қаған осынша (жауға)
Қырық жеті рет аттанды.
Мұндай жыр жолдары қазақ жырауларында да жиі кездеседі. Доспамбет жырау (ХҮІ-ғасыр).
Тоғай, тоғай, тоғай су,
Тоғай қондым, өкінбен.
Толғамалы ала балта қолға алып,
Топ бастадым өкінбен.
Тобыршыға биік жай салып,
Дұшпан аттым өкінбен.
Күлтегін жырында бірыңғай дауыссыз дыбыстары қатар тұратын қайталанатын екі сөз өлең жолының басында да, ортасында да соңында да тұрып қиыса береді. Мысалы, Күлтегін ескерткішінің кіші жазуында мынандай жыр жолдары жиі кезедеседі:
Сучіг сабын, йумшақ ағын ағып... (КТК5)
(Шырын сөз, асыл қазынасын беріп)
немесе Күлтегін ескерткішінің үлкен жазуында былай делінген:
Қоңун қаған сусі бөрі тек ерміс (Ктү,12)
(Әкем қағанның әскері бөрідей бопты)
Дауыссыз дыбыстары қайталанып, қиысатын екі сөз өлең жолының ортасында тұруы да мүмкін:
Осыған ұқсас жыр дәстүрін ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген жауынгер-жырау Ақтамберді де кезінде өз жырларында кеңінен қолданылған:
Балпаң, балпаң, кім баспас,
Басарға батыр шыдамас.
Батырмын деп кім айтпас,
Барарға жүрек шыдамас.
Орхон ескерткіштеріндегі ұйқастың өзіндік ерекшеліктері бар. Қалай болған күнде де өлеңге қойылатын негізгі шарттардың бірі- тармақтағы сөз соңының үндестігі, дыбыстас естілуі болып табылады. Ежелгі жырындағы ұйқас ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген даңқты жырау, Абылай ханның ақылшысы Бұхардың жырларынан айқын сезіледі.
Ай болар күннен соң,
Күн не болар айдан соң,
Құлпырып тұрған бәйшешек
Қурай болар солған соң.
Немесе
Қара арғымақ арыса,
Қарға алдын жер мұң болар.
Есіл көзден нұр тойса,
Бір көруге зар болар.
Тоныкөк жырының авторы құбылтудың гипербола, яки ұлғайту әдісін шебер қолдану арқылы сөздегі суретті түрлендіріп жібереді.
Табғаш, оғыз, қутан -
Бұл үшеуі бірге қалса, біз
Өз іші-тысымызды ұстап қона қаламыз.
Ежелгі түркі поэзиясындағы кейбір сөз тіркестері перифраз секілді болып келеді. Мәселен, Күлтегін жырында автор адамдар деп айтудың орнына ел-жұрт, адамзат ұлдары деген сөз тіркестерін қолданылады.
Жоғарыда тәңірі баспаса,
Төменде жер айырылмаса
Ежелгі түркі поэзиясының біз әңгіме етіп отырған үлгілерінде метонимия да, антитеза да, эпитет те кеңінен қолданылады. Мәселен, мынандай тұрақты эпитет сөздер жиі ұшырайды: мәңгі жас, пәк қыздар, көрер көзім, қасиетті жер-су (Отан деген мағынада), көк тәңірі, қара жер, шырын сөз, қызыл қан, т.б. Енді әдеттегі қарапайым эпитетке мысал келтірейік: боз ат, торы ат, жалтақ кісі, білгір қаған, т.б. [3. 12]
Сөйтіп, Күлтегін жырындағы шығарманың басты қаһармандарының бірі ретінде батырдың жорыққа мінетін сәйгүлік аттары бейнеленген. Күлтегін соғысқа мінген Торы ат, Алып Шаншы мен Арғымақтар туралы Иоллығ-тегін сүйсіне жырлайды.
Сонымен Орхон жазба жәдігерліктері мен қазақтың батырлық жырлары арасындағы дәстүр жалғастығы екеніне дау жоқ.
Эпостық батырдың бойынан табылатын асқақ қасиеттер: батылдық, адалдық, алыптық сияқты болып келетіні мәлім:
Күлтегін ақбоз (аты) Азманға мініп,
Шабуылға ұмтылды
(Жаудың) алты батырын шаншып
Жекпе-жекте жетіншісін қылыштады (Ктү, 45)
Немесе Күлтегін туралы
Күлтегін боз ат мініп шапты,
Ол ат сонда өлді.
Ерттеулі торы атын мініп шапты,
Ол ат сонда өлді. КТү, 32-33
"Күлтегін" жырының ерлікті, елдікті мадақтаған дәстүр қазақтың батырлық жырында өз жалғасн тапты. Батырлық жыр мен шешендік толғаулар соның дәлелі.
Қазақ халқы осындай ақындық қабілет-дарынды өзінің ата-тегі байырғы түрік тайпаларынан мұра тұтқан.
Олай дейтініміз, соншалықты ерте туғанына қарамастан, Орхон ескерткіштерінде шешендік арнаудың, келісімді ырғақтың, ойлы мақалдың, азалы жоқтаудың, жойқын соғыс суретінің сан үлгілері ұшырасады. Солардың қай-қайсысының да дамыған, жетілген түрлерін әдебиетіміздің әр саласынан қиналмай-ақ тауып жатамыз.
"Тәңірдей, тәңірдей жаралған,
Түрік білге қаған,
Бұл шақта отырдың (таққа),
Сөзімді түгел естіңдер!" 10-5 Хрест А.Қыраубаева Еж дәуір әдебиеті
немесе
"Тоғыз ағыз бектері, халқы!
Бұл сөзімді мұқият тыңда, терең ұқ" 11,6
деген жолдарды қазақ әдебиетінде ерекше дамыған шешендік сөздердің жоралғысын танимыз. Риторикалық сұраққа негізделген шешендік арнаудың мұндай түрлері Орхон ескерткіштерінде көп-ақ. Тағы мысал:
Түрк халқы тыңдаңдар!
Көктен тәңірі баспаса,
Төменде жер айырылмаса,
Ел-жұртыңды кім қорлайды?! 12,9 (Сонда хрестоматия тексінде)
О, қасиетті Өтүкен қойнауының халқы!
Біресе ілгері шаптың,
Біресе кері шаптың,
Барған жерден не пайда таптың? (КТү)
Осының бәрі де кейде адасып, быт-шыт болған, кейде ес жиып іргелі ел болған түрк халқына, оның ерлігіне арналған.
Осындай арнау түрінде жазылғандығына байланысты Орхон ескерткіштерін ерлік жырына жатқызғандығының өзінде үндеу, үгіттеу мақсатында туған деп есептейміз. Бұл олардың эпостық құнын төмендете алмайды. Өйткені қазақ эпостары да негізінен арнаумен байланысты туған.
"Халық арасында әлдебір батырдың қоштасуы және жоқтауға байланысты өлең жырда алғашқыда бір ақын жинап, басын құрауы, сөйтіп тұңғыш эпостық дастанның тууына негіз қалауы ықтимал"-деген еді. М.Әуезов өз зерттеуінде (Уақыт және қаламгер. 35- бет)
Дүние салған кісіні жыл бойына ас бергенге дейін жоқтау салты қазақта ежелден бар. әдетте жоқтау өлеңдерде өлген адамның жанкүйер жақындары шығарады да, ол өлеңдерде әлгі кісінің қадір-қасиеті, тіршілігі ардақталып, қазасының орны толмас өкініш, ауыр қайғы екендігі егіле айтылады. Ал ел арасында кең тараған даңқты ерлер жайындағы жоқтауларды сол тұстың атақты ақын-жыраулары шығарып отырған емес пе еді?
Міне, халықтың сондайлық аяулы батырының қазасына арналған, олардың тіршілікте істеген ерлігін баян еткен жұрт жорасы, ел шері - ежелгі жоқтау өлеңдерінде М.Әуезов айтқандай, бертінде қазақ эпостарының негізгі қазақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орхон-Енисей ескерткіштерінің зерттелу тарихы
Археологиялық, жазба мәліметтер, түркі тілдес халықтардың халық ауыз әдебиеті шығармашылығының ескерткіштері
Орхон-енисей жазуының зерттелуі
Орхон жазба ескерткіштерінің тарихи негізі
Көне Түркі ескерткіштері
Көне түркі руникалық жазба ескерткіштері
Түркі халықтарының жазба ескерткіші
Күлтегін ескерткіші - түркі тектес халықтардың баға жетпес байлығы
Орхон-Енисей ескерткіштерінің тарихы мен зерттелуі
Көне түркілердің жазба мәдениеті
Пәндер