Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы
Кіріспе
2.1 Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы
2.3 «Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» кітабы
2.2 Алып медициналық энциклопедиялық еңбек:
2.4 Ғұлама ғалым, қазақтың қараүзген шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы

Жобаның өзектілігі. Ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» еңбегін зерттеуде Қазақстан мен Қытай еліндегі қандас ғалымдардың қөп салалы ғылымдар бойынша ғалымдары жеке ғылыми тұжырымдамаларын жазып, әділ болжамдарын беруде. «Шипагерлік баянның» тұңғыш араб әрпінде шыққан баспалық нұсқасына сарапшылық пікірін білдірген, кітаптің жауапты редакторы Шыңжаңдық Қаби Ыбырайұлы Қуаныш: «Шипагерлік баян» – шипагерлік тілсімін таза, анық, дәмді нағыз тілмен шеше білген, ұстана білгенге қолға түспес халықтық мұра. «Шипагерлік баян» бізге ұмытылған, аламышталған тіл, араластырылған әдеп-ғұрып, жоғалған салт-сана дәстүрлерді бір емес, мың жерде бадырайтып отырып көрсететін «Шарайна». «Шипагерлік баян» – дүниенің қызығын мүлде ұмытқан, сынақ атаулыны әуелі өз басына жасап, талай жол уланған, өлмегеннен басқаның бәрін көрген, ат басындай алтын, ада көз қырын салмаған, жарқұлағын жастыққа тигізбей жаһан кезген, елден қөрген білгенін саралап түйіндеген, қайраты қайтпас, жігері мұқалмас, ақылы телегей теңіз, ойы толғамы әрі тиянақты, Бойдекеңнің ел жұртының, болашақ ұрпағының мәңгілік кемістік, мүсәпірлік, ғарыптық көрмеуі, азап тартпауы үшін артына қалдырған, растығына шүба келтірмес ғылыми өресі кең, төл тәжірибелерінің туындысы» - деген, шын ықыласты талғамдық пікірі ғұлама еңбегінің қазақтың философиялық шипагерлік ілімінің ұзақ тарихының куәсі әрі айнасы екенін дәлелдейді.

Пайдаланған әдебиеттер
Қазақстан тарихы 5 том
Қазақстан тарихы 5 том
Кіріспе
Жобаның өзектілігі. Ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының Шипагерлік баян еңбегін зерттеуде Қазақстан мен Қытай еліндегі қандас ғалымдардың қөп салалы ғылымдар бойынша ғалымдары жеке ғылыми тұжырымдамаларын жазып, әділ болжамдарын беруде. Шипагерлік баянның тұңғыш араб әрпінде шыққан баспалық нұсқасына сарапшылық пікірін білдірген, кітаптің жауапты редакторы Шыңжаңдық Қаби Ыбырайұлы Қуаныш: Шипагерлік баян - шипагерлік тілсімін таза, анық, дәмді нағыз тілмен шеше білген, ұстана білгенге қолға түспес халықтық мұра. Шипагерлік баян бізге ұмытылған, аламышталған тіл, араластырылған әдеп-ғұрып, жоғалған салт-сана дәстүрлерді бір емес, мың жерде бадырайтып отырып көрсететін Шарайна. Шипагерлік баян - дүниенің қызығын мүлде ұмытқан, сынақ атаулыны әуелі өз басына жасап, талай жол уланған, өлмегеннен басқаның бәрін көрген, ат басындай алтын, ада көз қырын салмаған, жарқұлағын жастыққа тигізбей жаһан кезген, елден қөрген білгенін саралап түйіндеген, қайраты қайтпас, жігері мұқалмас, ақылы телегей теңіз, ойы толғамы әрі тиянақты, Бойдекеңнің ел жұртының, болашақ ұрпағының мәңгілік кемістік, мүсәпірлік, ғарыптық көрмеуі, азап тартпауы үшін артына қалдырған, растығына шүба келтірмес ғылыми өресі кең, төл тәжірибелерінің туындысы - деген, шын ықыласты талғамдық пікірі ғұлама еңбегінің қазақтың философиялық шипагерлік ілімінің ұзақ тарихының куәсі әрі айнасы екенін дәлелдейді.
2.1
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы (1388 - 1478) - қазақтың әйгілі шипагер ғалымы, елдің әлеуметтік-саяси өміріне жүйрік тарихшысы. Райымбек ауданы, Шалкөде жайлауында ғұмыр кешкен. Адам ағзаларында кездесетін кейбір кеселдерді емдеу үшін төрт түлік малға тәжірибе жасап, шипа дарыту амалдарын тапқан. Соның нәтижесінде жазған Шипагерлік баян атты еңбегі 7 рет көшірілу арқылы бүгінгі күнге жетіпті деген дерек бар. Бірақ Өтейбойдақтың төл еңбегі екенін дәлелдейтін факсимиляциясы (авторлық қолтаңба нұсқасы) сақталмаған. Кітап тұңғыш рет 1994 жылы Үрімші қаласындағы (ҚХР) Шыңжаң ғылым-техника баспасынан жарық көрді. 1996 жылы оны жалын баспасы шығарды. 2002 жылы емшіге Шалкөдеде ескерткіш белгі орнатылған.
Өтейбойдақ өз тұсында Жәнібек хан, Жиренше шешен сияқты тарихи тұлғалармен бастас болып, ел қамы, халық тағдырына қатысты келелі істерге араласқан қоғам қайраткері. Автор Шипагерлік баян кітабын Жәнібек ханның тапсыруы бойынша 70 жасында жаза бастағандығы туралы, содан Жәнібек хан дүние салған 1473 жылы кітапты 85 жасында жазып бітіргені жөнінде дерек қалдырған. Сондай-ақ, Өтейбойдақтың 90 жасқа жақындап, дүние салғаны жөнінде де дерек бар. Демек, Тіеуқабылұлы Өтейбойдақты 1366 жылы дүниеге келіп, 1478 жылы дүние салды деп жобалауға болады.
Өтейбойдақ Шипагерлік баян кітабында өзі туралы былай дейді: Өтейбойдақ Тілейқабылдың ұлымын. Ата тегім Ұлы жүз Зарман, Зарманішінде Албан. Мекенім Жетісу. Ауылымда құрбы-құрдас, таныс-білістерім аз емес. Жанымда Жиренше шешен, Жәнібек ханның қарашасымын. Жылым - иіртек, сексен беске келдім. Бойым ұзын, қара торы, қоңқақ мұрынды, кең иықты, қап сақалды, ұзын қасты, кем сөзді жанмын.
Емшілік, шипагерлік қасиет Өтейбойдаққа ата-тегінен жұғысты болған. Ата-баба әулетінің жинақтаған мол тәжірибесін бойына дарыта білген Өтейбойдақ бұл салаға бар ғұмырын арнап, халық медийинасын ғылыми жүйеге келтірген. Сөйтіп шипагерліктің өз заманындағы биік деңгейіне көтеріле білген. Бұл жолда ол Әл-Фараби сияқты атақ-даңқ, дүние-мүлік, бас құрап, үйлі-баранды болу дегендей, пендеге тән қасиеттердің бәрін тәрк етіп, бүткіл өмірін шипагерліктің қыр-сырын игеруге сарып еткен.
Шипагерлік баян бүгінгі күнге Өтейбойдақтың ағайын ұрпақтары арқылы жеткен. Кітап уақыттың алуан түрлі зобалаңынан өтіп, мейлінше көлемді мұраның төрттен бір бөлігі Қытайдағы атышулы мәдени төңкеріс кезінде хуң-уейбиндер тарапынан өртелген.
Өтейбойдақтың Шипагерлік баян кітабы қазақтың дәстүрлі медициналық тәжірибесі туралы мейлінше мол мағлұмат береді. Бұл ретте, автордың мыңнан астам дәрі түрлерін тоғыстыру арқылы 4 мыңнан астам шипалық шаралардың қолданымын (рецепт беру) ұсынуы, оның білікті шипагер, ғұлама ғалым болғанын пайымдатады. Сондай-ақ Шипагерлік баян кітабында өсімдіктен алынатын 728 түрлі, жан-жануарлардан алынатын 318 түрлі, метал-металлоидтардан түзілетін 318 түрлі шипалық қасиеті бар дәрілердің аталуы, 500-ге тарта анатомиялық атаулардың келтірілуі, бұл еңбектің тарихи-этнографиялық мән-маңызының ерекше екенін білдіреді. Теңдесі жоқ Шипагерлік баян ол заманда да қазақ тілінің қаншалық тұнық, бай болғанының айқын дәлелі.
Шипагерлік баян кітабы арқылы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының тек қана ғұлама шипагер ғана емес, сонымен бірге халықтың өмір салтына, дүние танымына, рухани мәдениетіне мейлінше қанық болғаны, өз заманының терең ойлы, ұлтжанды тұлғасы болғаны айқын аңғарылады. Шипагерлікбаянда өсімдіктерден алынған 854 түрлі, жануарлардан алынған 455 түрлі шипалық қасиеті бар емдік дәрілердің тізімі, адам мүшелерінің 430-ға тарта атаулары, мыңнан аса дәрі және 4577 рецепт берілген.
Бұл қолжазбаны Райымбек, Шыбыл, Қоңырбөрік, Тама, Бұршақ би бір-біріне өсиетпен тапсырып, хижраның 1170-жылына келгенде (Григорий күнтізбесі бойынша 1827 - 1828 ж.) бесінші рет, 1952 ж. Түменбай Ыстанбайұлы (Іле аймағы, Текес ауданы Шиліөзек а.) алтыншы рет, 1991 ж. Нұртай Түменбайұлы 1952 жылғы нұсқаның 1968 ж. өртелгеннен кейін қалған бөлігін жетінші рет көшірген. Бұдан кейін 1994 ж. араб әрпімен Үрімшіде (Қытай), 1996 ж. Алматыда (Жалын баспасында) қазақ тілінде басылып шықты.
Қытай үкіметі Шипагерлік баянның құндылығын бағалап Мемлекеттік бірінші кітап деген сыйлықпен марапаттады (1997').
Қытайда Өтейбойдақтың мұрасын зерттеу үшін 2 мемлкеттік медицина орталығын құрылған.
2.2
Алып медициналық энциклопедиялық еңбек: Тұрлаулар Ауыз Таңдай тұрлау - Дәстүр туылма және Көз Маңлай тұрлау - Адамзаттың жаралысы деген кіріспеден және Қанықталғы, Нарықталғы, Дарымдылығы деген үш бөлімнен құралған. Ғұлама шипагердің медициналық энциклопедиялық еңбегінің үштен төрт бөлігінің жоқтығына қарамастан, Қанықталғы бөлімінде шипагерлік жөніндегі анықтама беруі, екінші Нарықталғы бөлімінде адамдардың ауруын анықтаудың нақтылы ілімдік әдіс - тәсілдері, ал Дарымдылығы бөлімінде сырқат адамның ауруын емдеп жазудың әдіс - тәсілдік жолдарын түсіндіреді. Осы еңбегіндегі ғұлама ойының бүгінгі ғылыми медицинаның жетістіктерінен ешқандай алшақтығы мен өзгешелігі жоқтығы айқындалып келеді. Қазақтың қарапайым халық емінің әлемдік деңгейге іліми жағынан көтерілуіне қараүзген шипагер Ө. Тілеуқабылұлының Шипагерлік баян еңбегінің ғылыми жетістігі ұлттық шипагерліктің рухын биіктетіп, ғылыми жолға түсуіне негіз болды. Ұлы шипагер қазақтың ұлттық мәдениетінің философиясының бүгінде бір құрамдас бөлігі аталған, халықтық шипагерлік философиясының негізін қалады.
Қазақ халқының шипагерлік ілімін ғылыми жолмен дамытуда Ө.Тілеуқабылұлы дала зертханасы арқылы 1108 түрлі дәрі - дәрмек түрін 858 түрлі дәрілік өсімдік пен 318 жан-жануар мүшелері және 60-тан астам металл-металоидтар қоспасынан бұдан көп болуы мүмкін жасаған.
Шипагер науқас адамдарға арнап 1050 түрлі шипа ем аты және 4577 шипалық дәрілік емдік тізбесін нақтылығы - 13000 дай екен ұсынып, 430-дан аса адамның сыртқы және ішкі денесінің анатомиялық тұлғалық атауын жазып қалдыруы, біріншіден, қазақ жерінде XV ғасырда-ақ фармакология ілімінің алдыңғы қатарда дамығандығын дәлелдейді. Екіншіден, ғұлама шипагердің тұжырымдары оның өзіне дейінгі және бүгінгі шипагерлік ғылымнан алшақтығы жоқтығын айқындайды. Үшіншіден, адам денсаулығын қорғау, сақтау, дамыту мен жақсартудың терең ілімдік жетістіктігін мәңгі өз ұлтына қалдыруы, қазақтың шипагерлік өнеріне жол салғандығын білдіреді.
Халық шипагерлігі де халықтың қанымен аралас, атадан ұрпаққа берілетін тектік генетикалық қасиет. Ө.Тілеуқабылұлы шипагерлік ілімін өз халқын аралай аурудың сырқатын анықтап, емдеп әрі тәжірибе жасай жүріп өзінің жеке бойындағы көп ғылымдар саласы бойынша біртұтас ілімді байытты. Көргенін, естігенін және білгенін қағазға түсіріп, халқымен ұрпағының денсаулығы болашағын қадірлей, сол замандағы қазақ ханы Әз Жәнібектің тапсырмасымен 1466-1473 жылдары аралығында ханның Ақ ордасында Шу, қозыбасы 78 жасында бастап 85 жасында бітірген 5000 беттік қолжазбасы "Шипагерлік баянын" бітіргенімен, ханның кездейсоқ қазасы қолжазбаны ханға көрсетіп оқып беруге жазбады.
Әз Жәнібек хан ғұлама шипагер Ө.Тілеуқабылұлымен алғаш танысқанда шипагерді сынап, байқап, әрі іліміне баға бере келе Ө.Тілеуқабылұлына "Қараүзген шипагер" екенсің деген мәртебелі атақ береді. Бұл құрмет оның көп салалы гуманитарлық т.б. ғылымдардан да сауатты білімі барлығын, ілімді ірі тұлға екендігін білдіреді. Шипагер: Іске аспады арманым, қараң қалды. Шың басына шыққанда арандалды- деген [1,16 б.], зарлы арманы бес ғасыр өткенде орындала бастады. Қараүзген шипагер өзінің "Шипагерлік баянын" жазарда ғылыми шипагерлікті негізгі арқау етіп алғанымен, тіл, діни тәрбие, мәдениет, әдебиет, тарихи шежіре, этнография, эстетика, этика, философия, психология, астрономия, заң, метеорология, математика, анатомия мен физиология, фармацевтика т.б. ғылымдар саласын бір арнаға топтастырып, адам денсаулығын жақсартып дамытудың негізгі іліміне пайдалану мүмкіндігін, ұлттық этникалық стилді сақтай отырып ұсына білді.
Бес жарым ғасырдан кейін халқымен қайта қауышқан, бес мың беттік қолжазбаның тек қана бір мыңдай ғана бетімен ғана баспадан кітап болып шыққан Үрімжі, 1994. араб қарпіндегі Ө.Тілеуқабылұлының "Шипагерлік баян" кітабы қазақ елінде де баспадан шығып "Жалын",Алматы, 1996, еңбек ғалымдар мен зерттеушілердің ғылыми көзқарасына бірден ілінді. Көп салалы ғылыми талдауға ұсынылды, зерттеуге және тұжырымдамалар жасау жоспарына енді. Өйткені, ХV ғасырда-ақ ғылыми негізі толық жасалған бұл кітап қазақтың шипагерлік өнерінің тарихы анау ертеден басталғандығын дәлелдейді. Ө. Тілеуқабылұлының "Шипагерлік баян" еңбегі қазақ халық шипагерлігінің ғылыми әрі тәжірибелік негізін қалап қана қалмастан, ұлттың шипагерлік өнері ілімін, мәдениетін, әдіс-тәсілін әлемдік дәрежеге жақындатқанның белгісі, бұл еңбек көптеген шет елдер ғалымдарының ғылыми талдамалық назарына айналуы да кездейсоқтық емес.
Оның дәлелі ғалымның "Шипагерлік баян" кітабының көрші қытай елінде 1997 жылы маусым айында "1-дәрежелі мемлекеттік таңдаулы ұлттық кітап" сыйлығына ие болуы, шипагер ілімінің ғылымдығы мен ғұмырлық ұзақтығын көрсетеді. Ғұлама шипагердің Шипагерлік баян еңбегіне алғаш өз пікірін білдірген Шыңжаң ұйғыр автономиялы аудандық партия комитеті үгіт - насихат Министрлігінің орынбасар бастығы, зерттеуші - ғалым Төлеуқан Ыбырайұлы: Ұлтымыз тарихында сирек кездесетін, ұлы медициналық еңбек әрі ғылымнама тек шипагерлік жағынан ғана емес, ол хақымыздың тіл, мәдениет, тарих, философия, психология, астрономия, этнография, метеорология, әскери ғылым, этика, эстетика, тағы басқа жақтардан да қыруар білім, мәлімет береді. Өнер білім тарихы ел тарихынан айрылмайды. Ұлтымыз тарихында сирек кездесетін ғылымнама Шипагерлік баян да өз дәуірінің жемісі - деп әділ бағасын берді.
Миллиардтаған қытай халқы ғалымдарының қазақ шипагері іліміне ірі ғылыми баға беріп құрметтеуі, ұлттық шипагерлік дәстүріміздің теориялық және мәдени-тарихи тұрғысынан биік мәртебесін айқындайды. Ө. Тілеуқабылұлы көп оқыған, өзінің жеке философиялық танымы кемелденген, әр салалы ғылымдардан хабары мол, өзіндік мәңгілік өшпес философиялық тұжырымдамаларын қалдырған ірі тұлға және шипагер ғалым.
Расында, Шипагерлік баян туралы, бұл еңбекті жазған ғұлама туралы ғылыми талдау жасау енді пәрмен алуда. Түрлі тартымды ой-тұжырымдарға сілтеме жасадық та. Дегенмен, ғұламаның дүниетанымы мен өнеріне толығырақ сипаттама беру үшін, созылыңқы болса да, мына сілтемені келтіруді жөн көрдік. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы емші ғана емес, шипагер, ұлы шипагер және ғұлама ғалым. Оны кейінгі ұрпақтар қараүзген шипагер, жаһангер, тарихшы, этнограф, ұстаз, философ, ақын, астроном, тарихшы, биолог, химик, психолог, географ, этика мен моральдің асқақ білгірі деп жатады. Өтейбойдақтай дананы түсіну өте қажет, әрі алдымен оның өзіндік себептері мен жауаптары бар.
Шипагерлік жөніндегі анықтамаларды көбейте беруге болады. Дегенмен, бұл өнердің тұтас және тартымды түрі. Шипагерлік - білім, ғылым, өнер, ұлттық дәстүр, жеке бас қасиеттері қабілеттілігі мен шеберлігінің жиынтығы мен жалғасы. Қараүзген шипагер емшіліктің көптеген жаңа түрлері мен заңдылығын ашты. Шипагерліктің маңызын толық бағалау үшін еуропалық медициналық білім мен тәжірибені білу жеткіліксіз, оны шығыстық (қытай және тибет) тәжірибемен толықтыру шарт.
Шипагерлік мәдениеті - адамды сауықтыратын, болашақты болжайтын және дарымдаулықты қондыратын қабілет-қасиет;
- науқас пендеге тілеулестік ұғымымен қоса жанашырлық таныту;
- жан мен тәннің саулығына, рухтың арлығына жол табу, соған қызмет ету;
- емдеу білімі мен тәжірибесінің озық түрі. Сол негізде ғұлама емделудің дарымалы және болжамалы 24 түрлерін қатар алып жүреді және жетілдіреді;
- адамның мүшелік жастағы жаратылысын, оның ерекшелігін ұлттық рәсім-салтпен үйлестіреді. Ол елдегі жарғыға жүгінеді, оны мұқият орындайды;
- алдына келген адамды елдің азаматы, ұрпақтың болашағы тұрғысында қабылдап, ерекше ілтипат білдіру;
- ел мен жердің емдік және демдік қасиеттерін табандап жинақтап, оларды өз отандастарының игілігіне бағыштай алу;
- ислам діні тыйым салған тиіспеу мен жұғыспаға тәрбиелеу. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы шипагерліктің осындай ауқымды да өмірлік үлгісін көрсетті және таратты. Ол үшін емшілік - ауруды емдеу ғана емес. Ал шипа жазады, дариды, дару болады. Шипагерлікті ширататын тағы бір шарт бар. Оның арқауы: Қателіктен сақтан, кемшілікке бола кеміме. Озбырлыққа берілме, осалдықты үйіріп бапта, - деген өсиетте.
Халықтың шипагерлік дәстүрлері мен мәдениетін дамытуда ғұлама шипагер оны ғылыми жағынан дала тәжірибеханасында сынақтан өткізуде, өзінің ар-намысына айтылған кекесін сөз бен әрекеттерге мойымай, өлген адамның денесін боршалап, Омбыда тірі түлкінің терісін сыпырып алып, ал Шалкөде де Жетісу аймағы тірі қойдың басына таспен ұрып өлгенін көріп немесе қойдың кеудесін пышақпен тірідей жарып жүрегін жұлып алу арқылы жүрек, ми, қан тамырлары қызметінің өзара қатынасындағы тіршілік иесінің өмір сүруіне байланысын зерттеп өз тұжырымдамасын жасайды.
Шипагер адамның денінің саулығы мен өмірінің ұзақтығының негізгі оның Қан сөлі мен без сөлі - пенделік тұлғалық тұтас сөлдіңатасы - деген тұжырымдамасына сүйеніп, Қан сөлі - жан сөлі немесе Ми - басқарушы - деуін бүгінгі медицина ғылымы да қуаттайды.
Ө. Тілеуқабылұлы адамдар арасында үсіген, өлдіге есептеп үсікке қатты ұшырағандарды шипагер өзінің сусыз жерлерде "Тұншықтырма" әдісін пайдаланып адам есін жиарда алғаш "Мұздадым", "Қалшылдадым", "Қызып кеттім", "Терлеп кеттім", "Шөлдеп кеттім" ақыры "Терлеп сүмек болдым" - дегенде ғана, барып құтқару әдістерін тоқтатып сырқатқа киім киіндіріп, сусынға ыстық шай беру арқылы шипагер емін жалғастырып жеке адамның жағдайы толық қалпына келгенше бақылауға алумен, халықтық шипагерліктің емдік жүйесін байыта білді. Ал шипагер өзен суы бар жерлерде "Малма" әдісімен үсіген адамды жалаңаштап, мұздан ойылған шұңқырға салып оның жағаласқанына, арпалысқанына қарамай сөзі түзеле бастағанда ғана шұңқырдан шығарып алып, сырқатқа біртінден жылы тамақтан ыстық тамаққа қарай тамақтандырып, өзінің ілімдік тәжірибесін байыта білді.
Суықты - суық алады деген халықтық тәжірибе тәсілімен суықтықтан үсіген адамды емдеуде суық үйде, суық далада ұстап немесе суық суға малып біраз суда ұстаған. Бұл адамның тәнінің төмендеген әлсіз қуатын қайтадан тепе-теңдік қалыпқа келтіру арқылы, оның өмірін сақтап қалу идеясы болатын. Бұл тәсілдің қаншалықты пайдасы мен зияны барына ол заман да өте қиын болғанымен, ұлы шипагердің осы әрекетінің пайдалы болғанын да бүгінгі медицина да теріс көрмейтін сияқты. Осы күні таңғалдырып жүрген П.Ивановтың суық сумен емдеу тәсілі де, қазақтың шипагерінің әдісіне өте жақын екені аңғарылады. Міне осылай неше түрлі үсінудің әр түрлі мүшелік емдеу тәсілдерін ұлы шипагер өзінің емдік тәжірибесінде пайдалы нәтижеге жетіп отырғаны, оның еңбегінде айтылады. Денесіне күйіктің әр түрлі мүшелік қауіпті дәрежесін алғандарды өзінің жасаған дәрі-дәрмектері бойынша аман алып қалып, шипагерліктің білімділігі мен адалдығын көрсетеді. Адамның тіршіліктегі өмірін сақтап қалуда, шипагер көптеген емдік әдіс-тәсілдерді жүзеге асырды. Оған батыл кірісті. Суға кетіп өлдіге есептегенді және есінен танған адамды басын төмен қаратып, екі аяғынан ағашқа іліп қойып ішіндегі суын ағызып, денеде бір тіршілік қимылы сезілгенде ғана адамды жерге түсіріп қозғау, ары-бері аунату, уқалау және жасанды дем беру әдістерін пайдаланып тірілтіп алу жолдарын меңгере білген.
Ұлы шипагер өз жанын, тәнін, өмірін басқалардан артық санамады. Ол көбінде ауру адамдарға дәрі-дәрмегін емге ұсынардың алдында кейбіреуін өзі ішіп, денесіне жағып кейде улана есінен тана жаздап жүріп шипалық емін жалғастыру арқылы, қазақтың шипагерлік ілімінің өркендеуінің жаңа әдіс тәсілдік жолдарын таба білді.
Ө.Тілеуқабылұлының өзінің өсиетнамасындағы: Тапқысыз баға гауһардай асылдарға да, пысқақ, бықсыққан, жасықтарға да шипа ем дарымдадым. Қол ласы дәулетке, лас нілі сәулетке де қызықпадым - деуі шипагердің адал жүректі, байлыққа қызықпас қол кірін ары тазалығына айырбастамас, өз көмегін адам дәрежесіне, жасына, жынысына, байлығына қарамай кісілік тұлғалық парасаттылық қасиетпен еңбектенгенін аңғартады.
Ө.Тілеуқабылұлы шипагерлік атауын емшілік атауынан жоғары қояды. Ол нағыз шипагер науқас адамды емдеп қана қоймай, сырқаттың пайда болуынан бастап, оның дамуын, өршуін, асқынуын, емдеу кезіндегі адамның сырқатынан жазылу әрекетін немесе кері әсерін асқынуын бақылап есепке алып ауру жанға мейірмандылықпен күтіп қараудағы шипагерліктің мәдениетін үйретеді.
Ө.Тілеуқабылұлы: шипагерлік - өнердің бір түрі. Ал емшілік - қақалақтың ешкінің-З.Қ өзін көрмей, мүйізін ғана көргендік. Шипагерлік атауы дұрыс. Өйткені, шипа жазады, қонады, дариды, дәру болады деп шипагерлікті екіге бөліп қарайды: Дарымдаулық шипагерлік жәнеБолашақты болжайтын - болжамалы шипагерлік деп екіге жіктейді. Сонымен шипагерлерді: Теңдессіз шипагер, нағыз шипагер, қараүзген шипагер, шипагер, емші, емкөс, жарғышы, қараемші, қаншы, тамыршы, сынықшы, оташы, іш сипағыш, көзқарақшы, ішірткіші, бақсы, жауырыншы, балгер, құмалақшы, болжағыш, аяншы, құшнаш, әулие, әнбие деп 24 түрге бөліп оларға жеке-жеке анықтама беріп талдай отырып, әр емшінің өзінің жеке қасиетіне баға беріп, оның шипалық ерекшеліктерін тұжырымдамалы ой талғамымен түйіндейді.
Ғұлама шипагердің анықтамасы бойынша Дарымдаулық шипагерлер сырқат адамға тікелей өз шешімімен шипалық емдерін жасап дарымдап, оның жағдайын жеңілдетсе, кейде толық айықтырып жібере алатынына жеке талғамдық ойын ұсынады. Болжамалы шипагерлер келешекте не болатынын болжап, сырқатқа болжамдық ем - дом айтып, жеңіл - желпі емдік шаралар көмегін көрсетеді, емдері болжамдық негізде болады деген ұғымда болған. Шипагер ғұлама Ө.Тілеуқабылұлы 18 мың ғаламның түпкі негізі алғашқы алты несіптік тұғырлықтан оның ішінде үш - ыстықтық Арқау, су, ұштасым және үш - суықтық Бітім, қимыл, әужал өзегінің байланысы әсерінен болатынына сілтеме жасайды. Мәселен, Арқау - өзегі ыстық тұғырлық, су - өзегі суық тұғырлық, ұштасым - өзегі қараңы тұғырлық, ал бітім -өзегі тұрақ тұғырлық, қимыл - өзегі- кеңістік тұғырлық, әужал - өзегі жарық тұғырлық. Сондай-ақ, адамның соңғы алты тұғырлық несібесінде: үш - ыстықтық ләм, мекен, ылпа және үш - суықтыққа тыныстық, қару-жарақ, ұрпақтастық бөліп, өзегі қарағы тұғырлық - ләм, өзегі тұрақ тұғырлық - мекен, өзегі ыстық тұғырлық - ылпа, өзегі кеңістік тұғырлық - тыныстық, өзегі жарық тұғырлық - қару-жарақ, өзегі суық тұғырлық - ұрпақтаныс екендігіне тоқтам жасаған қараүзген шипагер ыстықтық пен суықтықтың негіздері адамның мінсіз бітімінің тұлғалық өсу дамуына, денсаулығының жақсы болуына және сырқаттың пайда болу себептеріне нақтылы жоғарыдағы алты несіптік пен алты несібелік немесе он екі өзектік тұғырлыққа тәуелді болатынына тоқталып шипагерліктің негізгі шартын анықтап береді.
Шипагер ғұламаның анықтауынша: "Сырқат сыпаты - мәннілі суықтық, шипа ем дарым зәруаты сыпат мәннілі - ыстықтық, дарулық дарымдылығы терлетімдік болмақ" - деп, сырқаттың туу себебі ыстықтық пен суықтық әсерінен болатынына одан сақтанудың жолдарын шипагерліктік, танымдық тәжірибесімен терлетудің онға жуық тәсілін ұсынып түсіндіреді.
Осындай күрделі медициналық энциклопедиялық алып кітапты жазған Ө.Тілеуқабылұлы көп ұлт тілін білетін, түсінетін көп салалы ғылымнан терең білімі бар нағыз философиялық ой-толғамы мол ғұлама ғалым екендігіне күман келтіруге болмайды. Көрші елде тұратын Шипагерлік баян кітабының баспадан басылып шығуына тұңғыш көмектескен, кітаптың құндылығын жоғары бағалаған Шыңжаңның Алтай аймағының уәлиі, ғалым Қадыс Жәнәбілұлы: Ұлтымыздың шипагерлік, тарих, философия, астрономия салаларынан жосылатын жол салған, сан ғасыр сақталған бұл бағалы мұраның жарық көруі кейінгі ұрпағымызға ұшан-теңіз болатындығы даусыз - деген, қуанышты тілегін білдірді.
Орта ғасырда Отырар, Түркістан, Тараз, Баласағұн, Сайрам, Сауран, Сығанақ, т.б. қалалар шығыс пен араб әлемін мойындатқан білім мен ғылым және мәдени рухани орталықтар болғаны белгілі.
Орта ғасырлық ғұлама ғалым, әлемнің "Екінші Аристотель" атанған Әбунасыр әл-Фараби мен медицина ғылымының атасы, Философ, жаратылыстанушы Әбу Әли Ибн Сина математика ғылымының атасы, астроном Хорезми ( IХ ғасыр ), Әбу Райхан Бируни (973-1051 ж.ж), ғұлама ғалым әрі ақын Жүсіп Баласағұни еңбектері негізінен араб тілінде жазылса да, өз елдерінде көп тараған-ды. Әбу Райхан Бируни "Емдік заттар жөніндегі кітап" атты еңбегінде Орта Азия аймағында өсетін емдік шипалық шөптерге толық анықтамалық сипаттама берсе, ал Әбу Әли Ибн Сина "Шипагерлік ғылымның негіздері" атты кітабында адам ауруларының түрлеріне, олардың емдеу әдістері мен сақтану жолдарына және көптеген дәрі-дәрмектерге тоқтағанын ескерсек, Ө.Тілеуқабылұлы да осы ғұламалардың еңбектерін оқып, зерделеп өзінің "Шипагерлік баянын" жазарда басшылыққа алып пайдаланғандығын, өзінің түсінігі бойынша жеке ілімін дамытқанын әрі өзінің ұлы ғұламалар ілімін құрметтей бағалағандығын аңғаруға болады.
Бұл, Шығыстың және Орта Азия ғұламаларының медициналық және көптеген гуманитарлық еңбектерінің әсері мен ұлттық этникалық ерекшеліктері қазақ шипагерінің ой өрісінің өсуіне, ойлау идеяларының дамуына және оның нағыз ұлттық бағыттағы философиялық этникалық ұлттық шипагерлік ілімін жазуына әсері мол болғанын көрсетеді. Шипагер ғұлама өзінің парасатты ілімі арқылы шипагерлік саласының сырқаттың ауруын емдеу саласында оның түрлеріне қарай әр түрлі емдеу әдіс-тәсілдерінің жеке түрлерін де бірнеше салаға бөліп, шипалық емінің нәтижесіне жеткендігін аңғаруға болады. Ол сырқаттың пайда болу салдарының себептерін көбінесе мезгілдік өзгерістерге және жарық пен қараңғылыққа да байланысты өзгеріп тұратынына өз тұжырымдамасын жасады. Адам организміне ыстықтық мезгілдік, күн көзінің ыстығы, топырақтық ыстықтық, тұлғалық қызу пен суықтық тоң өту, аяз, ызғар, сыз өту өзгеріміне қарай, жазда, күзде, қыста және көктемде әр түрлі құбылыстар болатынына мән беріп қорытынды шығаруы, шипагерліктің негізіне іліми көзқараспен қарағандығын сипаттайды. Шипагер жаны сауаттылықты сүйді, ұнатты, адалдық пен жауапкершілікті басты міндетінің парызы санады. Оның әрбір әрекеттік ісі де шындыққа ұласты. Ол өшпес, өлмес, өте қажетті ұлттық денсаулықтың ғылымнамасын ұрпағына тарту ете білді. Заман өзгереді, жылдар жылжиды, бір-ақ қараүзген шипагер Өтейбойдақтың мұрасы күн нұрындай мәңгі шапағатын шаша берері анық.
Ө.Тілеуқабылұлының Шипагерлік баянын Қазақстанда зерттеп жеке ғылыми зерттеулік ойларын жазба түрде білдірушілердің де саны көп салалы ғылымдар бойынша көбеюі қуанарлық. Бұл жаңадан тарихқа енетін қазақ шипагерлік дәстүрінің философиясына ықпал етері анық. Академик, Ә. Нысанбаев: Әрбір философиялық жүйе адамзат тарихының белгілі бір даму сатысында қажеттіліктен пайда болатын құбылыс. Сондықтан да өткен дәуірдегі философияық жүйелердің өзіндік танымдық, саяси-әлеуметтік негізі бар, сол себептен әр дәуірдің философиялық жүйесін талдай отырып, оған нақтылы-тарихи тұрғыдан көз салуымыз керек, - деген ой толғамы, осы жұмыстағы қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының философиялық ой жүйесіне де ғылыми зерттеу қажеттігін аңғартады. Шипагер ғалым еңбегіне ғылыми зерттеу жұмыстарын бастау қажеттігі ұлттық шипагерліктің тарихының жаңа өркендеуіне жол ашқандық әрі шындыққа ұласқандығын білдіреді.
Шипагер өз қызметінде халқымыздың: "Сынықтан басқаның бәрі жұғады" деген дана сөзін әрқашанда өзінің шипагерлік ілімінде басшылыққа алып, сырқат адамның ауруларын жұқпайтын және жұқпалы деп екі топқа бөлу арқылы шипагерліктің тазалық, сақтық және ұйымдастыру жолдарының жаңа стилін ұсынды. Шипагер ғалымның "Шипагерлік баян" кітабында сырқатты анықтаудың 32 түрін Есекжем, ауызжара, алапес, қызылша, сүйел, ... ... ...т.с.с, сыртқы дене жарасының алты түрін шиқан, жалғыз жара, жақ рагы ... ... .т.с.с., зерттеп аурудың 5 түрін, күйіп қалудың 3 түрін, улы жәндіктер шағуынан болатын ауруының 3 түрін жылан, шаян, бүйе, сіреспе талма ауруының 2 түрін, үсіп кеткеннің 3 түрін, есі ауысқандықтың 4 түрін қояншық, бұқпа, есалаң, жынды, ата-анада кездесетін белсіздік ауруының 5 түрін, жүйке ауруының 2 түрін нерв әлсіздігі, ұйқы қашу, мүшелерде өзгерістен болатын аурудың 9 түрін тістің етіне қосымша өсетін ет, әр түрлі мүшеде ет өсу ... ... т.с.с., іш кебу мен асқазан қыжылдау, мұрын қанау мен бой бұзылу, қансырау, дәретке қан араласудың 4 түрі, дене-ағзалардың қақсауының 5 түрі тіс қақсау, шеке ... ... т.с.с, жазымдық сынықтың 4 түрі сыну, шорт сыну, быт-шыт сыну ... ... .т.с.с, құсудың 3 түрі ұшықтан, тамақтан, жүктіліктен, жұқпалы қауыпты аурудың 10 түрін құлғана, мерез, соз, жіңішке, көктүйнек, көкшешек, түйнек ... ..т.б кездестіреміз. Бұдан көп сырқат түрін талдап жазу кітаптың төрттен үш бөлігінің өртенуі ұлттық халық шипагерлік емінің орын толмас қасіреті демеске амал жоқ.
Елі мен жерін сүйген Ө.Тілеуқабылұлы: Ел - білім дәулетінің қайнары. Ел айтса - елт айтпайды қағидасын сырқаттың ауруын емдеуде бұлаудың 6 түрін: Қапталғы бұлау борсыма бұлау - З.Қ, бапталғы бу бұлау З.Қ, Сақталғы су бұлау - З.Қ., Қақталғы құрғақ бұлау - З.Қ , Нақталғы түйіндеп - З.Қ., Шапталғы құм бұлау - З.Қ., уқалаудың 11 түрін түйіндеме, батырма, дөңгелендіргі, ысқалғы, сыдырғылау, жылдырытқы, қақпаулығы, мыйтыңқыл, шымшыл, қос алақан, бөгделеме және үзудің онға жуық емдеу түрлері өте қарапайым, әрі түсінікті түсіндіріледі.
Шипагер еңбегінде көбінесе көз сұғы бар адамдар мен тіл сұғы бар адамдардың кері әсерлі қуаттарынан жас балалардың көбірек зардап шегіп ауратыны туралы дәлелдей келе, ондай кері қуатты адамдардың белгісі мен денесіндегі айырықша ерекшелігі туралы тоқталып, олардан сақтану жолдарына тоқталады [1, 146 б.]. Шипагер ғұламаға Жаратушы иеміз өмірдің қызығы жар сүю, балалы болу, жанұя рахатын көруді жазбаса да, ол барлық өмірін шипагерлік ілімге арнады.
Өз әкесі шипагер Тілеуқабылдан алған тәрбиесі бойынша Қырықтың бірі қызыр, жетінің бірі әулие қағидасымен 41 өскін мен жеті шипалы шөптің қоспасынан жасалатын шипалық дәрі-дәрмегін жердің 40 түрлі қыртысынан тау, төбе, ойпаң, құмдауыт, тасты, сулы,теріскей, орманды т.с.с. жинап, дәрі-дәрмегін жасап, шипалық емнің мерзімдік 3,5,7,13,21,25,41 үлесімдік емдік әдіс-тәсілін ұсынды. Қорыта келгенде Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы өз еліндегі барлық дәрілік шөптердің емдік қасиеттерін толық меңгеру арқылы, шипагердің білімінің тереңдігі мен тәжі-рибесінің сауттылығын таныта білген ірі фармакология саласы маманы екендігін таныта білді.
Қазақтың фармакология ғалымы М. Қожабеков өзінің Дәрілік өсімдіктер кітабында дәрілік шипалық өсімдіктер жайлы былай дейді: Дәрілік өсімдіктер жайында тұңғыш рет біздің дәуірімізге дейін ертедегі грек дәрігері Гален алғаш рет жауап берді. Ол өз дәуірінде қолданылған екі жүзден астам өсімдікке сипаттама берді. Бір-ақ ғалым өсімдіктерде неліктен шипалық қасиет болатынын айтып бере алған жоқ. Әрине өсімдіктердің дәрілік қасиеті жөнінде дәрігер-ғалым П. Массагетов: Тегінде бір нәрсеге бас ию керек болса, онда өсімдікке бас иіп, тәжім ету керек. Өмірге қажеттіктің бәрін адам осы өсімдіктен алады,- деп табиғаттың берген сыйына ерекше сүйіспеншілігі, адам мен табиғаттың өзара қатынасында өмір жалғасы жатқанын аңғартады. Табиғатты аяла, адамзат деген нақыл сөз де осыны білдіргендей.
Шипагер Ө.Тілеуқабылұлының да дәрілік өсімдіктер жөніндегі кейбір танымы мен көзқарасы жағынан грек дәрігері Галенмен ұқсастығы мен үндестігі барлығы байқалады. Шипагер дерліктей көптеген ауруларды емдегенде шипалық емі қонғанын, бірақ та қылтамақ ауруының белгісіне тоқталып: Әттең, шіркін кеудені тіліп, сырқат қайнарлығын сылып, өңештің тарылған көлгімін селебелеп кескі алғы боп жалғамдаса, қайтерлік болмақ?, бұл қолдан келерлік. Тілгілік, тіккелік жоқ. Қандай қару қажет жарағы шарты. Ойланып тапсақ, жасарлық кім болмақ? қол қысқа, заман тысқа. Бұл Алланың жазуы ғой, амал не? деуінен шипагердің оташылыққа да терең ғаламат философиялық тұжырымдық идеялық ұсынысын аңғартып, оташыға қажеттің бәрі болса бұндай ауруларды да емдеп жазуына мүмкіндігі барын сезіндіреді. Ө.Тілеуқабылұлы өзінің кіндік қаны тамған, өскен жері Шалкөдесінде ғана дәрі-дәрмегін жасап шипагерлік емін жалғастырмаған. Шипагер қазақтың кең даласының Сырдария, Мұзтау, Хорасан, Омбы, Нұра, Жезқазған, Торғай, Шу, Жаркент т.б. жерлерінде болып білімділігімен көптеген ауру адамдарға сырқатынан жазылуына көмегін беріп, сол аймақтарда да өзінің шипагерлік тәжірибелерін сынақтан өткізуді де ұмытпағаны, оның шипагерлік өнерінің негізін қалаушы екендігін көрсетеді.
Шипагер бір ғана ауруды емдеумен айналыспай осы заманғы акушер дәрігерлердің қызметіне де еңбегін арнағаны, Бала теріс болса онда әйелді тулаққа салып орап, оңға үш рет және солға үш рет шайқаса бала орнына келеді - дегені осы заманғы медицинаға қосқан оның алғашқы тәжірибелік үлесі болмақ. Шипагер еңбегінің қамтыған ауқымы кеңдігін 4600-ден аса шипалық емі мен оның ішіндегі тағамдық емдік рецептердің кездесуі қазақтың халықтық шипагерлігінің сол уақыттан да ары дамы-ғандығын айқындайды.
Ө.Тілеуқабылұлының шипагерлік ілімін бір ғана ғылыми талдаумен баяндап беру мүмкін емес. Шипагер өзі құрметтеп ұстаз еткен, білімдерін жоғары бағалаған бабаларына арнап: Әбунәсір әл-Фараби айтқандай, меніңше де талас-тартыссыздық нәрсені алла жаратпаған. Бірақ Баласағұн айтқылық осынаулық кейбір аталымдық дәуірлік тіл өзгерімдік айтылғысы ұқсамаулық болғанымен, түпкі мәні бір деулік - деген данышпандық ойында инабаттылықты сақтап философиялық ұғымында қарағанын аңғартады.
Сондықтан да Ө.Тілеуқабылұлының ой талғамы да өзінен бұрынғы ғұламалардың негізгі идеяларымен жалғасып сабақтасып әрі үндесіп жатқандығын сеземіз. Шипагердің: Мейлі Әбунәсір Әл-Фараби болсын, мейлі Жүсіп сақ Баласағұн болсын, мейлі мен болайын, біріз, бір тілетік-терміз. Ол екеуінің менен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz