Құстар класы.


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

1. КІРІСПЕ4

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ5

2. 1 Құстар класы. 5

2. 1. 1 Құстар класына жалпы сипаттама. 5

2. 2 Құс жұмыртқасының құрылысы. 7

2. 3 Құстарды топқа бөлу. 8

2. 4 ЖЫРТҚЫШ ҚҰСТАР11

2. 5 Саят құстары және олардың жаратылыстағы ерекшеліктері13

2. 6 Құс шаруашылығы22

2. 7 Құстарды қорғау25

2. 8 ҚАЗАҚСТАН ҚҰСТАРЫ26

2. 9 ҚҰСТАРҒА ЖЕКЕ СИПАТТАМА28

3. ҚОРЫТЫНДЫ33

1. КІРІСПЕ

Қазақ атауының түп-төркінін әртүрлі жорамалдармен түсіндіруге болады. Нақты ешкім осылай түсіндірген дұрыс деп айтып бере алмай отырғаны және рас. Әйткенмен, маған ең жақын жорамал «Қаз-ақ, ақ қаз» ұғымы. Ақ қаздай тізіліп, керуен жетелеп, көшіп жүретін халықты, ақ шаңқан үйлер тігіліп, жағалай қоныс теуіп, жұрт жаңалап отырар ұлтты «қаз-ақ» демегенде, не дер еді. Тағы бір жорамалда арғы бабаларымыздың ақ қаздан тарағанын да айтады. Кім білген? Қалай болғанда да қазақтың құстар әлемімен байланысы тым тереңде жатқандығы осыдан-ақ белгілі. Құстың ұясын бұздырмаған, жұмыртқасын шақтырмаған елдің осы құстардай еркін күн көшуді көксейтіні тарихи тұрғыдан алып қарасаңыз да жасырын емес. Бұл біздің тереңде жатқан болмысымыз. Табиғатпен етене жағдайда тіршілік ету, астарласа өмір сүру, одан өзін бөлек сезінбеу - қазақ пәлсафасының негізгі тіні. Бағзыдағы бабаларымыз ең алғашқы жылқыны қолға үйретуімен ғана емес, құстарды, құс болғанда да қырандарын қолға үйретіп, аспан еркесін баулып, саят құрғаны тарихта айқын таңбаланған. Анау шексіз аспандағы бұлтты жолақты «Құс жолы» атауымыз да сондықтан. Құс жолына қарап, осы бағытпен адаспай ұшады дейтін танымның астарына үңілсек те, біраз нәрсені аңғаруға болады. Құс екеш құстың да адаспауын тілеп, құс қайтқанда дұға қылар ел-жұрт емес пе ек. Күні кешеге дейін.

Қазақ өлең-жырларының, әндерінің дені де осы құстармен байланысты. Ақан серінің «Қара торғайын» тыңдаған жанның жұлын-жүйкесін біртүрлі өксік пен сағыныш кернейтіні несі екен?! Сүйінбайдың «Бозторғайы» бозаң далада әлі де боздап тұрғандай күй кешетініміз неліктен? Сонау үйсін дәуірінен келе жатқан «Аққу» әнінің арғы мәнін қашан түсінер екенбіз? Мейрамбек қаршадайында боздатқан «Бозторғайды», Рамазан Стамғазиев әуелеткен «Дәриға-дәуренді» тыңдап егілмеген жүректі көрген емен. Ән - руханиятымыздың негізгі қайнары екенін мойындар болсақ, бұл әндердің табиғатынан далалық сағыныш есіп тұрғанына куәдүрміз.

Шындығында, кең даламыз бір кездері мың түрлі әуезге шомылып тұратын деседі. Құстардың құйқылжыта, құбылта салатын әндері тұтас даланы кернеп тұратын дейді көнекөз қариялар. Миуалы орман мен шалқар көлдердің үстінен қалықтаған сиқырлы әуен, сұңқылдар мен сымпылдарға бөгіп жатар даланың құс отаны атанар жөні де бар. Құс дауысымен оянып, құлқын сәріде құпиясы мол дүниеге көз жүгірткен халықтың әр таңы қандай нұрлы еді десеңізші… Тіпті, Алакөлдің аралдарында мекен еткен құстардың ақ ұлпа мамық қауырсыны өткен ғасырдың жетпісінші жылдарына дейін айдынын неше түрлі құс мамықтары көмкеріп тастайтын деп еске алу қандай қызық болса, мұңы да сондай басым екен-ау… Марқакөл мен Шайтанкөлде, Бурабай мен Каспийде, Ертіс пен Іледе, Еділ мен Жайықта мекен ететін құстардың санында қисап жоқ еді ғой деп армандайтын адамдар да аз емес. Қарға мен сауысқаннан басқа құсымыз қалмады деп шып-пыр боп жүрген ғалымдарымыз да жетерлік! [1]

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1 Құстар класы.

Құстар класы (птицы) - омыртқалы жануарлардың ұшуға бейімделген тобы. Денесі қауырсынмен қапталып, алдыңғы аяқтары қанатқа айналған. Қазіргі кезде дүние жүзінің түрлі аймақтарында құстардың 8 600-ға жуық түрі таралған. Зоология ғылымының құстарды зерттейтін саласы - орнитология (грекше "орнитес" - "құс") . Қазақстанда кұстардың 489 түрі мекендейді. Олардың дене температурасы - тұрақты, жылы қанды әрі жоғары (+41, +43°С) . Құстар барлық құрлықтарда кеңінен таралған. [2]

2. 1. 1 Құстар класына жалпы сипаттама.

Құстардың денесі бас, мойын және тұлға бөлімдеріне бөлінген. Дене салмағы 1, 5 грамнан (колибрилерде), 80-90 килограмға дейін (тұйеқұстарда) жетеді. Құстардың терісі жұқа, әрі кұрғақ, бездері өте аз. Тек қауырсындарын майлайтын кұйымшақ безі болады. Терінің қосалқы бөлімдеріне қауырсындар, тұмсықтарының мүйізді бөлігі, жіліншік, саусақтарындағы мүйізді қабыршақтар жатады. Құс қауырсындары бүкіл денесін жауып тұрады. Ірі қауырсындардың теріге еніп тұрған бөлігі қаламша. Мүйізді өзегі - сояуы. Оның екі бүйіріндегі ұсақ шашақ тәрізді түзілістер - пәрі. Пәрі мұрттан және мұртшалардан құралады. Қауырсындар құстардың ұшуына жағдай жасайды әрі денесіндегі жылуды реттейді. Құстардың қаңқасы жеңіл әрі берік. Қаңқасын бассүйек, омыртқа жотасы, иық белдеуі мен қанаттары, жамбас белдеуі мен аяқтары жөне кеуде қуысы деп бөледі. Бассүйектері бірімен-бірі қосылып кеткен, көз ұясы үлкен, сондықтан жеңіл болады. Қанаты иық белдеуіне, аяғы жамбас белдеуіне жатады. Омыртқа жотасының арқа, бел, сегізкөз бөлімдері жамбас сүйектерімен тұтасып, құстарға тән күрделі сегізкөзді қүрайды. Омыртқа жотасының мойын бөліміндегі омыртқалар бірімен-бірі өте қозғалмалы байланысқан. Құстардың кеуде қуысы көлемді. Ол жалпақ төссүйектен, қабырғалар және арқа омыртқаларынан құралады. Ұшатын, жүзетін құстардың төс сүйегі алдыңғы жағынан қырланып, қыртөс (киль) түзеді. Қабырғалары бірімен-бірі берік байланысқан. Қанаттарындағы тоқпан жіліктің ішкі куысы ауа қапшықтарымен байланысқандықтан, ішінде ауа болады. Аяқтарындағы толарсақ, табан сүйектері бірігіп, жіліншік сүйегіне айналған. Құстардың көпшілік түрлері үш не төрт саусақты, тек африка түйеқүсының (страус) саусағы - екеу. [12]

Құстардың бұлшықеттері жақсы жетілген. Әсіресе төссүйектегі кеуде, бұғана асты бүлшықеттері (қанаттарын қозғалысқа келтіретін) өте жақсы дамыған. Бұдан басқа мойын, қабырға аралық және сан бұлшықеттері де жақсы жетілген.

Құстар жақсүйектерінің сырты тұтас мүйізді тақташалармен қапталған. Оны құстардың тұмсығы деп атайды. Құс тұмсығы тұмсықүсті, тумсықасты бөлімдерінен қүралады. Қазіргі қүстардың жақ сүйектерінде тістері болмайды. Өңештің кеңейген бөлігі жемсау деп аталады, ол дәнмен қоректенетін құстарда айқын байқалады. Құстардың қарны безді және етті бөлімдерден тұрады. Қоректік заттар безді қарындағы асқорыту сөлдің әсерінен қорытыла бастайды. Етті қарындағы ұсақ қиыршық тастардың әсерінен ұсақталады. Етті қарын тістің қызметін атқарады. Оның қабырғасы қалың бұлшықетті, ішкі жағында тығыз қатты қабаты қоректі үсақтайды. Аш ішекке бауырдан келетін өт өзегі және ұйқы безінің өзегі ашылады. Аш ішек пен тоқ ішектің жуандығы бірдей. Тік ішегі клоакамен аяқталады.

Құстар түрлі қоректермен (бунақденелілермен, үсақ кемірушілермен, өсімдік тұқымымен, жемісімен, гүл шірнесімен) қоректенеді. Шағала - балықты, кептер дәнді тұтасымен ұстап, жұтады. Құстар қоректік заттарды тез қорытатындықтан, тынбай қоректенеді. Етті қарын құстарда ғана болады.

Құстардың тыныс жүйесінде де ұшуға бейімделген белгілері айқын байқалады. Өкпесінің көлемі шағын, іші ұяшықты болады. Ауатамырлардың ұсақ тармақтары түйықталып, тері астында, бұлшықеттердің арасында ауа қапшықтарын қүрайды. Ауа қапшықтарының көлемі өкпеден 10 есе үлкен. Бірақ ауа қапшықтарында газ алмасу жүрмейді. Ауа қапшықтары ауаның сыйымдылығын арттырып, ұшу кезінде құс денесін жеңілдетеді. Денесін қызып кетуден сақтайды. Құстар ұшқан кезде өкпеде ауа құрамындағы оттегіне қан екі рет (тыныс алған кезде де, тыныс шығарған кезде де) канығады. Құстардың мұндай тынысалу ерекшелігін қосарлы тынысалу деп атайды. Құстар ағаш басында қонып отырғанда, жерде жүргенде кеуде қуысының кеңейіп, тарылуына сәйкес тыныс алады. Құстардың жүрегі үлкен, әрі толық төрт қуысқа (екі жүрекшеге, екі қарыншаға) бөлінген. Артерия және вена қаны араласпайды. Сол жақ қарыншадан басталатын оң жақ қолқа доғасы ғана сақталған. Одан үлкен қанайналым шеңбері басталады. Оң жақ қарыншадан өкпе артерия тамыры түрінде кіші шеңбер басталады. Құстардың денесіне тек артерия қаны (оттегіне қаныққан) тарайды. [13]

Құстардың орталық жүйке жүйесі өте жақсы дамыған. Миының көлемі үлкен және алдыңғы ми айқын ми сыңарларына бөлінген. Оның сыртында ми қыртысы пайда болған. Осыған сөйкес кұстардың мінез-қылығы күрделенген (жылыстау, жұп құру, ұя салу, балапандарына қамқорлық жасау, т. б. ) . Ортаңғы мидың да көлемі үлкен. Ол көру мүшесінің жақсы дамуына әсер еткен. Мишығының сырты иірімдерге, сайшаларға бөлінген, ол күрделі қозғалыс қимылдарды реттейді. Құстардың көзі үлкен, өте жақсы көреді. Көздің айналасында қабағы бар. Күндізгі жыртқыш құстар мен түнде белсенді тіршілік ететін үкі, жапалақ, т. б. құстардың көзі өткір, заттың түсін де ажыратады. Есту мүшесі де жақсы жетілген. Құстарда есту мүшесі ішкі жөне ортаңғы құлақтан тұрады (бүл жағынан жорғалаушыларға үқсас) . Құстардың құлағы өте нәзік дыбыс тербелістерін қабылдайды. Иіс сезу мүшесі құстарда нашар дамыған. Тек кейбір құстарда ғана (дауылпаздар, киви, т. б. ) дамыған. Олар қорегін иісі арқылы іздеп табады. Құстардың жамбасқа жақын орналасқан екі бүйрегі жақсы жетілген. Ол зат алмасудың қарқынды жүруіне тікелей байланысты. Зәр заттарының құрамында су аз болады. Ұшуға бейімделуіне сәйкес құстарда қуық болмайды. Бүйректе түзілген зәр қышқылы екі несепағар түтігімен - клоакаға, одан нәжіспен бірге сыртқа тез шығарылады. Құстар - дара жынысты, іштей ұрықтанады. Құс мекиенінің аналық безі, жүмыртқа жолы біреу ғана. Ол тек сол жағында болады. Қораздың жыныс мүшелері (аталық безі, тұқым жолы) - екеу. Кейбір құстардың сыртқы түріне қауырсындарының түсіне қарап мекиен, қораздарын бірден ажыратуға болады (қырғауыл, дуадақ, т. б. ) . Құстар іштей ұрықтанып, тек ұрықтанған жұмыртқа арқылы көбейеді. Жұмыртқадан балапанның шығуы үшін белгілі температура, ылғалдылық қажет. Тауық жұмыртқасынан 21 тәуліктен соң балапан шығады. [2]

2. 2 Құс жұмыртқасының құрылысы.

Аналық безде жетілген жұмыртқажасушаның сарыуызы мол. Жетілген жұмыртқажасушасы жүмыртқа жолына түсіп, ұрықтанады. Жұмыртқа жолының қабырғасындағы бездерден бөлінген қалың нәруызды және өзге де қабықтармен жүмыртқажасушаның сырты әкқабықпен қапталады. Ондай жұмыртқажасуша сарыуызының жоғарғы шетінде ұрық табақшасы болады. Ол ашық түсті дақ тәрізді болып көрінеді. Сарыуыз қабығының екі бүйіріне тығыз нәруыздан түратын арқаншалар бекиді. Сарыуыздың төменгі бөлігі ауыр болғандықтан, ұрық табақшасы үнемі сарыуыздың жоғарғы бөлігінде жатады. Сарыуыз құрамында үрықтың дамуына қажетті қоректік заттар мен

су мол болады. [11]

Сарыуыз сыртындағы қалың нәруыз қабаты жұқа екі қабаттан түратын қабықпен қапталған. Жұмыртқаның доғал ұшында бүл екі қабықтың арасы ауа қуысын құрайды. Сарыуыз сыртындағы қалың нәруыз қабаты - ұрықтың дамуына қажетті су қоры. Сонымен бірге нәруыз

қабаты ұрықты сыртқы қапелімде зақымданудан қорғайды. Жұмыртқа сыртындағы әкқабықта көптеген өте үсақ тесіктер (шұрықтар) болады. Мұндай шұрықтар жұмыртқаның доғал ұшында көбірек шоғырланған. Осы шұрықтар арқылы дамып жатқан ұрық пен сыртқы орта арасында газ алмасу жүреді. Жұмыртқаның әкқабығының сыртындағы өте жүқа қабық микробтарды жұмыртқа ішіне өткізбейді. Жүмыртқаның сыртқы әкқабықтың біраз бөлігі еріп, ұрық қаңқасын түзуге қатысады.

Құс жұмыртқасының саны, түсі, салмағы да құс түріне сәйкес әр түрлі болады. Ірі құстар (бүркіттер, пингвиндер, т. б. ) - бір-екіден, ал ұсақ кұстар бірнеше жұмыртқа салады. Құстар жұмыртқаларынан шығатын балапандардың ерекшеліктеріне байланысты екі топқа бөледі. Олар: қызылшақа балапан шығаратын құстар, ширақ балапан шығаратын құстар. Қызылшақа балапандар әлсіз, көзі соқыр, қауырсыны жетілмеген болады. Мүндай балапан шығаратын қүстарға кептерлер, торғайлар, тоқылдақтар жатады. Ширақ балапандар атына сәйкес үлпілдек қауырсынды, әрі ширақ, жұмыртқадан шыға сала, тіршілік әрекетіне көшеді. Ондай құстарға тауықтектестер, қазтектестер, жыртқыш құстар жатады. Жұмыртқасы, бағалы мамығы, тыңайтқыштық қасиеті бар саңғырығы өзге өнімдері күнделікті түрмыс қажетімізді өтейді.

Өте ерте замандарда тіршілік еткен құстардың қаңқа қалдықтары, тасқа түскен дене таңбалары сақталған. Құстардың ең ежелгі арғы тегінің қаңқасы бұдан 225 млн. жыл бүрынғы жер қыртысынан табылған. Оны ілкіқұс (протоавис) деп атайды. Бұда 150 млн. жыл бұрын тіршілік еткен құстардың арғы тегі көнеқус (археоптерикс) деп аталады. Олардың қазіргі құстардан негізгі айырмашылығы - жақсүйектерінде тістері болған, құйрық омыртқаларының саны көп. Қанат саусақтарында мүйізді тырнақтары болған, бірақ төссүйегінде қыр болмаған. [2]

2. 3 Құстарды топқа бөлу.

Құстар - омыртқалы жануарлардың ішінде Жер шарында кеңінен таралған жануарлар. Құстарды дене құрылысына, тіршілік әрекетіне байланысты 3 топқа бөледі. Олар: қыртөссіздер (жүгіретін қүстар) ; жузетін, құстар (пинг-виндер) ; қыртөстілер (ұшатын құстар) .

Қыртөссіздер немесе жүгіретін құстар. Бұлардың төс сүйегі жалпақ әрі оның қыры болмайды. Олар үша алмайды, бірақ құрлықта (ашық алаңқай жерлерде) өте жылдам жүгіреді. Қанат қауырсындары доғалданып келген, аяқтары өте жақсы жетілген. Бұған барлық құрлықта кездесетін түйеқұстар жатады. Оларды тіршілік ететін аймақтарына сәйкес жеке отрядтарға топтастырады. Мысалы: африкалық түйеқұс (страус), америкалықтүйеқұс (нанду), (эму, казуар) және Жаңа Зеландияда кездесетін қанатсыз түйеқұс (киви) деп аталады.

Жүзетін құстар (пингвиндер) - кұстардың ішіндегі ерекше тобы. Олардың алдыңғы аяқтары ескекке айналған. Ескек аяқтарының көмегімен суда жақсы жүзеді әрі жақсы сүңгиді. Төссүйек қыры жақсы жетілген. Ондағы бұлшықеттер ескек аяқтарын қозғалысқа келтіреді. Олар ұша алмайды, құрлықта теңселіп әрең қозғалады. Аяқтары қысқа, әрі тұлғасының артқы жағында орналасқандықтан, денесін тік үстайды.

Қыртөстілер (ұшатын) құстар - қазіргі кездегі құстардың ең түрі көп тобы. Төссүйекте жақсы жетілген қыр болады. Қанаттары да ұзын, сүйірленіп келеді. Қаңқа сүйектері жеңіл. Ұшатын құстар тіршілік ететін орта жағдайларына байланысты бірнеше топтарға бөлінеді.

Сулы, батпақты жерлердегі құстар құрылысына тән белгілері - саусақтарының арасында жүзу жарғағы бар. Жақсы жүзіп, жақсы сүңгиді. Көпшілігінің тұмсықтары жалпақ және тұмсығының жиектерінде араның тісі тәрізді майда "тісшелері" болады. «Тісшелер» негізінен қоректі сүзіп ұстау қызметін атқарады, оны уйрек, қаз тұмсықтарынан айқын көреміз. Дауылпаздар, шағалалар, сұқсырлар су құстарына жатады. Олардың қорегі - ұсақ су жануарлары. Қаздар, бірқазандар, дегелектер, қоқиқаздар, тырналар - су жағалауы мен батпақты жерлерді мекендейтін кұстар. Олардың кейбір түрлері өсімдіктермен де, жануарлармен де қоректене береді. [14]

Орман кұстарының денелері көбіне шағын, қанаттары сүйірленіп келеді. Орман құстарына тоқылдақтар, көкектер, тотықустар, жапалақтар, торғайлардың көпшілігі жатады. Тоқылдақтар тікелей ағашта өрмелеп тіршілік етуге бейімделген. Тұмсықтары мықты, үшкір. Саусақтары қысқа, тырнақтары имек. Ағаш діңіне қонып отырғанда екі саусағы алға, екі саусағы артқа қарай бағытталады. Құйрық қауырсындары қатты. Ол тірек қызметін атқарады. Ұзын, үшкір тілінің көмегімен ағаш қабығының астындағы жәндіктермен қоректенеді. Кейде қылқан жапырақты ағаштардың тұқымдарын да қорек етеді. Қазақстанда қара, шұбар, кіші тоқылдақ кездеседі. Орман құстары зиянды бунақденелілермен қоректеніп, үлкен пайда келтіреді. [15]

Ашық далалы алқаптардағы құстардың қанаттары кең, қалықтап ұшуға бейім болады. Кейбір түрлерінің аяқтары жақсы жетілген. Сондықтан олар жылдам жүгіре де алады. Тұмсықтары қысқа доғал, кейде иіліп келген өткір. Бұлар (тазқара, бүркіт, жұртшы) - күндізгі жыртқыш құстар. Тауықтектестерге: бөдене, кекілік, улар, қырғауыл; дуадақтарға: безгелдек, жорға дуадақ; бұлдырықтар, бозторгайлар жатады.

Қүстардың тіршілігінде жыл маусымдарының алмасуының да ерекше маңызы зор. Осыған байланысты құстар тіршілігінде елеулі өзгерістер (көбеюі, жылыстау, т. б. ) байқалады. Құстарды жыл құстары, көшпелі құстар және қыстап шығатын құстар (отырықшы құстар) деп үш топқа бөледі. Құстардың жылыстауын аяқтарына сақина салу арқылы анықтайды. Қазақстанның оңтүстік еңіріндегі (Жамбыл облысы Жуалы ауданында) Шақпақтас асуында кұстарға сақина салу орталығы бар.

Жыл құстары күзде оңтүстіктегі жылы аймақтарға жылыстап, көктемде елімізге қайтадан оралады. Жұп құрып, ұя салып, жұмыртқадан балапан өргізіп, көбейеді. Көктемнің алғашқы айында жауған соңғы қарды, құс қанатының ызғары деп есептейді. Жылы жақтан ең алғаш қараторғайлар, "тыраулап" тырналар оралады.

Көшпелі құстар (үйектік үкі, кейбір жыртқыш құстар) күзде, қыста ауа райының қолайсыздығынан солтүстіктен оңтүстікке жылыстайды.

Қыстап шығатын құстар жыл бойы бір аймақта тіршілік етіп, көбейеді. Ешқайда жылыстамайды. Ондай құстарға қарғалар, торғайлар, сауысқандар, шымшықтар жатады. Кұстарға қыста қолдан қореқ беріп қамқорлық жасауды ұмытпаңдар!

Қазакстанның Қызыл кітабына (1996) 11 отрядқа жататын 56 құс түрлері тіркелген. Ол 6-сыныптың биология оқулығында берілген. Қызғылт жөне бұйра бірқазан Каспий, Арал, Балқаш, Алакөл, Зайсан, Маркакөл суларында кездеседі. Ақ жөне қара дегелек, сары жөне кіші құтан, қалбағай, қарабай барлық жерде мекендейді. Ақ дегелек (жыл кұсы) Қазақстанның оңтүстік өңірінде ғана (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облысында) таралған.

Қазақстанда сирек кездесетін құстың бірі - қоқиқаз ("қызылқаз" деп те атайды) . Аяғы, мойны ерекше ұзын. Тұмсығы имек болады. Топтанып тіршілік етеді. Каспий жағалауында, Шалқар теңізінде, Теңіз көлдерінде кездеседі. Қорғалжын корығын "қоқиқаздар мекені" деп атайды. Ол дүниежүзілік мәні бар батпақты-су айдындарына жатады.

Қараша қаз, қутұмсық қаз, сұңқылдақ және кіші аққу, мәрмәр, шурегей Қызыл кітапқа тіркелген. Бұлардың ішінде халық аққуды ерекше киелі құс санайды. Ол туралы аңыздар, әндер, күйлер кеңінен таралған. Аққу пәктіктің, сұлулықтың, адалдықтың белгісі деп есептеледі. Оның қоразы - "саһар", балапаны - "көгілдір" деп аталады. [16]

Сүңқартектестер - балықшы тұйғын, жылан-жегіш, бүркіт, кезқұйрық, аққұйрықты су буркіттер, сақалтай, жұртшы, құмай, ақсұңқар, ителгі, бидайық, лашын. Бұл құстарды халқымыз ерекше қадірлеп, қыран құстар деп те атайды. Жыртқыш құстардың тұмсықтары, аяқтарындағы тырнақтары өткір, қорегін бүріп ұстауға бейімделген. Қыран құстардың қоразы - "шәулі" мекиені "ұябасар", балапаны - "ақүрпек" деп аталады.

Қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі өнерінің бірі - саятшылық. Қыран құстарды қолға үйретіп баптау, оны аң-құсқа салу адамды табиғатпен етене жақындастыра түседі. Халық бүркітті жеті қазынаның бірі деп ерекше қастерлейді. Аспан түстес көгілдір туымыздагы бүркіт бейнесінің болуында да үлкен мән бар. Саятшылық өнер - қазақ халқының тарихи, әрі дәстүрлі ескерткіштерінің бірі. Оның танымдық та, тәрбиелік те мәні зор. Этнограф ғалым Жағда Бабалықұлы саятшылыққа, бүркітке байланысты тілімізде 2000-ға жуық сөз бар екенін атап көрсетті. Соңғы жылдары елімізде саятшылық өнерді жандандыру саласында ізгі шаралар қолға алынды. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданыңдағы Нүра аулында "Жалайыр Шора атындағы халықаралық құсбегілер мектебі" ашылды. Мүндай маңызды бастамалар басқа облыстарда да қолға алынып, саятшылық өнерге ерекше көңіл бөлінуде. Жас достар, сендер де халқымыздың ата кәсібін, өнерін қастерлей біліңдер!

Тауықтектестерге жататын алтай ұлары биік таулы алқаптарда кездеседі. "Ұлы тауға шықтың ба, ұлар етін жедің бе?" деген мәтел ұлардың таулы өңірде таралғанын аңғартады. Ұлар да киелі құс, олар шағын топ құрып тіршілік етеді. Еті де дәмді.

Тауықтектес кұстардың тұмсықтары қысқа, әрі доғалданып келеді. Тырнақтары да доғал, жіліншігінің артқы жағында мүйізді өскіні бар. Оны тепкі деп атайды, қорғаныштық қызмет атқарады.

Тырнатектестердің ақ, сұр, ақбас тырна сулы, батпақты жерлерде таралған. Дуадақ - ірі кұс, оның салмағы кейде 16 килограмға жетеді. Оны кейде "тоқтыбалақ" немесе "қозыбалақ" деп те атайды. Ертеде далалы өңірде көптеп ауланған.

Тарғақ, орақтұмсық және реликті шагалалар (қарамойнақ) Қызыл кітап тізімінде бар. Реликті шағала Қазақстанда Алакөл көлінде ғана таралған. Қорғау мақсатында Алакөл қорығы (1998) ұйымдастырылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хордалылар типіне жалпы сипаттама
Мақтаарал ауданының омыртқалы жануарларын зерттеу
Оқушыларға экологиялық білім берудің теориясы мен әдістері
Сырдария өзенінің мекен ететін балықтар
Зоология пәні бойынша дәріс кешені
“Зоология” курсының кіріспесі
Балықтардың қаңқасы
Биосфера және адамзат. Биосфера құрылысы
Миногалар (Petromyzoniformes) ішкі және сыртқы құрылысы
Элементарлы сенсорлы психика сатысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz