Біз – тәуелсіздіктің бақытты балаларымыз



МАЗМҰНЫ

I.Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3.4

II.Негізгі бөлім
2.1.Біз бақытты баламыз. . . . . . . . . . . . . . . . ... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ..5.8
2.2. Біз . тәуелсіздіктің бақытты балаларымыз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8.11
2.3. Қазақстанның болашағы . жастардың ұолында . . ... ... ... . ... ... ... ... 11.14
2.4. Ел жастарға сенеді ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14.15
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ... . . . . . . . 16

Пайдаланылған әдебиеттер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. ... ... . . . . . . . . . .17
Кіріспе
Ғылыми жобалық жұмыстың мақсаты:
Жастардың тәртіпті әрі белсенді, орташыл болып өсуіне де баса назар аударылып, мектептерде оқушы жастардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түрлі тәрбие сағаттары, ашық сабақтар, заң органдарының қызметкерлерімен кездесулер, пікірсайыстар өткізіліп, оң нәтиже беріп келеді. Бұл орайда оқырмандар конференциялары мен кітап көрмелерінің де орны ерекше.
Мемлекетіміздің басшысы Н.Назарбаевтың «Еліміздің келешегі жастардың қолында» деген сөзі жастарымызға қандай жауапкершілік жүктеліп отырғанын айқын көрсетеді. Ел ертеңі-бүгінгі ұрпақ екенін үнемі жадымызда сақтайтын біздер Президентіміз бағыт-бағдар берген сара жолмен ілгері басайық. Жас ұрпақты талапты да тапқыр, талғампаз да терең ойлы, төзімді де табанды етіп тәрбиелеу – біздің басты мақсатымыздың бірі болып қала береді. Ғылыми жобалық жұмыстың өзектілігі:
Егемен еліміз демократия жолымен алға жүріп, әлемде өзіне лайықты орын алу үшін жұмыстанып келеді. Сан жүздеген жыл халқымыз бодандықтың бұғауын бұзуды армандап, тәуелсіздік жолында мыңдаған арыс құрбан болды. Бостандыққа барар жолда алдыңғы буын ағалардың жолын жастар да лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеді.
Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеялармен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне лайықты үлес қосып келеді. Өйткені, олардың алдында үлгі алар аталары, әже-ағалары бар. Егемендік жолында көш бастаған да жалынды жастар еді. Тоталитаризмнің тас бұғауын бұзуға алғашқы болып кіріскен де халқымыздың қайсар ұлдары мен қыздары екенін біз үнемі мақтанышпен айтуға тиіспіз.
Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер», – деген сөзі мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды.
Зерттеудің мақсаты. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Елдің ертеңгі сенімі де солардың мойынында. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Осы ретте Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Мен, сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Егемен Қазақстан, 2013
2. Алаш Айнасы, 2013
3. Ұлан, 2013
4. Жас Алаш, 2013

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

I.Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3-4

II.Негізгі бөлім
2.1.Біз бақытты баламыз. . . . . . . . . . . . . . . . ... . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . ..5-8
2.2. Біз – тәуелсіздіктің бақытты
балаларымыз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8-11
2.3. Қазақстанның болашағы – жастардың ұолында . . ... ... ... .
... ... ... ... 11-14
2.4. Ел жастарға
сенеді ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..14-15
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . ... . . . . . . . 16

Пайдаланылған әдебиеттер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ..
... ... . . . . . . . . . .17

Кіріспе
Ғылыми жобалық жұмыстың мақсаты:
Жастардың тәртіпті әрі белсенді, орташыл болып өсуіне де баса
назар аударылып, мектептерде оқушы жастардың арасында салауатты өмір салтын
қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түрлі тәрбие
сағаттары, ашық сабақтар, заң органдарының қызметкерлерімен кездесулер,
пікірсайыстар өткізіліп, оң нәтиже беріп келеді. Бұл орайда оқырмандар
конференциялары мен кітап көрмелерінің де орны ерекше.
Мемлекетіміздің басшысы Н.Назарбаевтың Еліміздің келешегі жастардың
қолында деген сөзі жастарымызға қандай жауапкершілік жүктеліп отырғанын
айқын көрсетеді. Ел ертеңі-бүгінгі ұрпақ екенін үнемі жадымызда сақтайтын
біздер Президентіміз бағыт-бағдар берген сара жолмен ілгері басайық. Жас
ұрпақты талапты да тапқыр, талғампаз да терең ойлы, төзімді де табанды етіп
тәрбиелеу – біздің басты мақсатымыздың бірі болып қала береді.
Ғылыми жобалық жұмыстың өзектілігі:
Егемен еліміз демократия жолымен алға жүріп, әлемде өзіне
лайықты орын алу үшін жұмыстанып келеді. Сан жүздеген жыл халқымыз
бодандықтың бұғауын бұзуды армандап, тәуелсіздік жолында мыңдаған арыс
құрбан болды. Бостандыққа барар жолда алдыңғы буын ағалардың жолын жастар
да лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеді.
Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеялармен қаруланып,
еліміздің дамып, өркендеуіне лайықты үлес қосып келеді. Өйткені, олардың
алдында үлгі алар аталары, әже-ағалары бар. Егемендік жолында көш бастаған
да жалынды жастар еді. Тоталитаризмнің тас бұғауын бұзуға алғашқы болып
кіріскен де халқымыздың қайсар ұлдары мен қыздары екенін біз үнемі
мақтанышпен айтуға тиіспіз.
Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп
келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің
көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа
деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер, – деген сөзі мемлекет пен
ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды.
Зерттеудің мақсаты. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы
білімді де, білгір жастардың қолында. Елдің ертеңгі сенімі де солардың
мойынында. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Осы ретте
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың: Мен, сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ
екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын.
Зерттеудің міндеттер:
- Біз бақытты баламыз;
- Біз – тәуелсіздіктің бақытты балаларымыз;
- Қазақстанның болашағы – жастардың ұолында;
- Ел жастарға сенеді;
Зертеудің әдіс-тәсілдері.
Жұмыс барысында сипаттамалы, салыстырмалы, жүйелеу сияқты түрлері
қолданылды.
  Зерттеудегі ұстанымым:
Тақырыпты зерттеп тәуелсіздіктің балаларымыз мән-мазмұнына терең
үңілу. Зерттеудегі жетістіктеріммен көпшілікпен бөлісу.

II.Негізгі бөлім

2.1. Біз бақытты баламыз

Қазақтың ең басты қазынасы – Тәуелсіздігі. Тәуелсіздік бізге
оңайлықпен келген жоқ. Қазақ деген ұлтқа ғана тән асыл қасиеттер – асқан
қайсарлық, болаттай берік күш-жігер, табанды рух – егемендікке қол
жеткізді. 
Жиырма жыл ішінде көптеген жетістіктерге жетіп, өз орнымызды әлемдік
аренада белгілеп, дамыған елдер қатарынан бой көрсетіп, иық тіресердей
межеге жақындадық. Еліміз дамыған үстіне дами түсуде. Әлеуметтік,
экономикалық жағынан бірнеше табыстарға жетіп, халықтың хал-ахуалы түзеле
бастады. 
Жастар – ел тұтқасын ұстар болашағымыз. Қазақстан Республикасы
Президенті Н.Ә.Назарбаев 2008 жылы мамыр айында жастар саясаты жөнінде
кеңес құрды. Нұр Отан ХДП-ның жанындағы Жас Отан жастар қанатының I
съезінде сөйлеген сөзінде Тәуелсіз Қазақстанның жастары, нақ сендер елдің
ең басты байлығы болып табылатындарыңды және біздің Отанымыздың болашағы
сендерге байланысты екенін естен шығармаңдар! Ата-бабамыз соңғы екі жарым
ғасырда ірілі-кішілі 300-ге жуық көтерілісті бастан кешкен. Соның дені ұлт-
азаттық шайқас еді. Найзасы айға шағылысқан сол бостаншыл бабалардың рухы
алдында біз мың мәрте тағзым етуге тиіспіз. 
Аталардан қалған арманды, тәуелсіздікке деген аңсарды жүзеге асыруды
тағдыр біздің маңдайымызға жазды. Тәуелсіздік атты киелі ұғымның төрт аяғын
тең басып келмегенін сендер жақсы білесіңдер. Тәуелсіздіктің қыран қанат
көк туын әлемнің әр түкпірінде жүрсеңдер де шырқау биікте ұстап өтулерің –
парыз. Қанмен жазылған, арманмен әдіптелген, күреспен көмкерілген,
болашақпен баянын табар тәуелсіздік шежіресін сендердің қуатты қолдарыңа
табыстамақпыз. Бұл – ұлы сенім! Бұл – аталардың аманаты! Бұл – туған жердің
мәртебесі, мерейі, – деп үлкен аманат жүктеген болатын. 
Тәуелсіздікті қастерлеу тек міндет емес, үлкен жауапкершілік. Ынтымағы
– ырысы, берекесі бірлігі болған осынау нұрлы Отанымыз – Қазақстанның
шаңырағында 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүріп жатыр. Олар
тату, бейбіт тұрмыс кешуде. 
Тәуелсіздігіміздің тарихы тереңде сайрап жатыр. 20 жыл дегеннің өзі де
аз жыл емес. Сол 20 жыл ішінде ел үшін жасалған барлық жақсы істер көзбен
көрмеген адамға түс секілді болары хақ. Астананың Елордамыз атанып, алып
шаһарға айналуы, қалаларымыздың көркейіп, гүлденіп, құдды бір ертегілер
еліндей күйге бөленуі, шет елдермен сауда-саттық, ынтымақтастық мәмілесіне
қол қойып, келіссөздер жүргізуі, көптеген ұйымның мүшелігіне еніп,
төрағалық етуі де тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері жүзеге асқан
ғажайыптар. 
Сан мыңдаған тарам-тарам жолдардан өтіп, талай сын сағаттарды бастан
кешіп, еліміздің төріне орныққан тәуелсіздікпен бірге біз де 20 жасқа шығып
жатырмыз. 
Біз, сонау 1991 жылы еліміз бодандықтың бұғауынан азат етіліп,
тәуелсіздік деген зор мәртебеге қол жеткізген жылы дүниеге келдік.
Тәуелсіздігімізбен бірге өсіп келеміз, тәуелсіздік құрдастарымыз.  Біз
бақытты елдің ұрпағымыз, барға қанағат етіп, шүкіршілік айтып, күпірліктен
сақтанайық. Ақын болу – өз еркің, ал азамат атану – міндетің демекші,
егеменді еліміздің өскелең ұрпағы ата-бабамыздың асыл қасиеттерін жанымызға
медет тұтып, Отанымыздың, еліміздің, жеріміздің өркендеп өсуі жолында көп
тер төгуіміз қажет. Әрине, ол үшін көп оқып, ізденген жетер мұратқа
демекші, көп ізденіп, ерінбей еңбектену – басты талап. 
Ауыл деген алтын бесіктің қара топырағына аунап-қунап өскен жан үшін туған
мекеніңнің өсіп-өркендеп, қай саласы жағынан болмасын дамып, алдыңғы
межелерді бағындырып жатса, ол да көңілге қуаныш, жүрекке сенім ұялатады.
Яғни, ел дамуы жолында тамшыдай болса да өз үлесіңді қосу дегеніңнің өзі
түсінген адамға үлкен абырой емес пе? 
Ауданымыздан әрбір түлеп ұшқан ұл-қыздардың арманы да сол. Өз туған
жерлерінің көркеюі, дамуы. Олар қазір жан-жақта оқып, білім алып жатыр.
Барлығындағы мақсат біреу – елге адал қызмет ету, ауданның, ауылдың атын
айға болмаса да, алысқа шығару. Қай елде, қай салада қызмет атқарса да,
жүректегі Отанға, елге, жерге деген ыстық ықылас, махаббаты өзгермейді!
Себебі, туған ел, туған жер, туған тіл әрқайсымызға ыстық болатыны мәлім.
Коммунистік режим 70 жылдан астам өмір сүрсе де бірыңғай Кеңес қоғамын
қалыптастыра алмады... Мой адрес не дом, не улица, мой адрес Советский Союз
(70-жылдардағы орыс өлеңі) деп әндетсе дЕ әр ұлт өз отауын тікті. Сол
жаңадан отау көтерген жас мемлекеттерінің бірі – менің Қазақстаным еді. 
Күштімін деген сенімнің өзінде күш жатыр (Бауви). Халқымыз
тәуелсіздікке әп дегеннен сенім артты. Ал, сенімнің отын жаққан әлем
таныған қайраткер, тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев. Бар-жоғы 20 жыл.
Халқымыз айтады: Шапшаң жүргенге шаң жұқпас деп, мұратына жүрген жетеді.
Аз уақытта ұлт бойындағы кернеулі күш әлемді таңдандырған жеңістерге
жетеледі. Ерке Есілдің толқындары тербеген, еңсесі биік Ақ Орда әлем
назарын аударды. Біз Алатаудың бауырына симай кеткен жоқпыз, қайта жер
жәннаты – Жетісуды қимай-қимай кеттік. Табиғаттың қатал талабы осындай –
деген-ді кемеңгер көшбасшымыз. 
Жүз ойланып, мың толғанып барып, керуен басын кіндік қала – Ақмолаға
тіреген Президентіміздің бұл шешімі бірден-бір көреген екендігіне тарих
куә. Енді, бұл қала xxi ғасырдағы әлем өркениетіне қадам басқан бірегей Ақ
Орда болмақ. Болашақты көрегендікпен көрген Елбасына қалай бас имейсің?! 
Айбарлы Абылайдың ақ туы аспан түске боялып, киелі дала төсінде қайта
желбіреді. Әнұран бойға қайрат, жүрекке жігер құйды. Алдыңда не күтіп тұр,
соны ойла, игі мақсатқа тура жүрген жетеді демекші, Қазақстан-2050
бағдарламасы ұлы далада өмір көшін алға жылжытты. Сенім – Дәстүр – Ашықтық
– Төзімділік ұранымен өткен ҚР Еуропаның Қауіпсіздік және ынтымақтастық
ұйымына төрағалығының жетістігіне еліміз ғана емес, бүкіл әлем куә болды.
Астанада серіктес елдерден 73 ресми делегация қатысқан Еуропалық
қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы саммитінің өтуі – барша
қазақстандықтардың жетістігі мен мақтанышы. 
Тәуелсіздіктің 20 жылдығының шымылдығы ретінде 7-қысқы Азия
ойындарының Қазақстанда өтуі тамаша жетістік емес пе?! Одан да қуаныштысы,
нәтижесіндегі 32 алтын, 21 күміс, 17 қола медальмен топтық сайыста жеңіске
жеткендігіміз. ЕҚЫҰ-на төрағалығымыз – еліміздің әлем алдындағы саяси
беделі. Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төраға болған алғашқы Азия мемлекеті. 
Қазақстан Ислам дініндегі – иманды ел. Жаратқан бізге қырын қарамай,
халқымыздың пейіліне сай ұланғайыр жер берген, асты-үстін толтырып кен
берген, елі үшін жанын сауда ететін есті де кемеңгер ұл берген. 
Елбасымыздың ұлылығын тарих әлдеқашан-ақ мойындаған. Тәуелсіздік –
тарихтың мәңгіге бөліп берген еншісі емес, халықтардың мамыражай өмір
сүруіне берілген кепілдік те емес, аңғал болмағанымыз абзал – деген-ді
Елбасы. Ақ жұмыртқа, сары уыз тәуелсіздігімізді абайлап әлдилейік, сындырып
алсақ, енді қайтіп келер ме?! 
2.2 Біз – тәуелсіздіктің бақытты балаларымыз
Тәуелсіздік таңы атқалы еліміздегі жастар саясатының жүзеге асуы
жолында ауыз толтырып айтарлықтай қадамдар жасалды деуге толық негіз бар.
Елбасының бастамасымен Болашақ бағдарламасы бойынша дарынды ел жастары
шетелде білім алуға мүмкіндік алып, жас буынның болашағы үшін жасалған игі
бастама болды. Қазақстан Жастар Конгресі, Қазақстан Студенттер Альянсы,
Жасыл ел әрі Құрылыс жасақтары сынды бірқатар ұйымдар өз ықпалының
деңгейін арттырып, түрлі жастар топтарының шын мәнінде де әлеуметтік
қорғаушысына айналуы үшін барлық күш-жігерін салған жұмыстар атқаруда. 
Кез-келген қоғамның қозғаушы күші жастар екені баршаға мәлім.
Елбасымыздың өзі 2010 жылғы дәстүрлі халыққа Жолдауында: Әрбір
қазақстандық Отанының патриоты болуы керек, - деп атап көрсеткен болатын.
Ал осы жастарды отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеуде Жас Отан
жастар қанатының орны айрықша. Бүгінгі таңда құрамын ек жүз мыңнан астам
жастар құраған Жас Отан жастар қанаты еліміздегі барлық жастар
ұйымдарының басын біріктіріп, ең ірі жастардың саяси ұйымына айналып отыр.
- Мемлекет тарапынан жасалудағы барлық мүмкіндік сендердің араларыңда
тоғышарлық тудырмаса игі еді. Бүгінгі заманның ата-анасы баласына
қатарластарынан қалмасын деп барын аямауда: түсе алмаса оқуын да төлеуге
тырысып бағады, диплом ала салысымен – жұмысқа да орналастырып жатыр.
Жауапкершілікті сезіну керек, өз болашағыңды тек білімің мен мақсатыңа
жетуге деген ұмтылысыңның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заманауи балалар киносы
«Мен жастарға сенемін» - ұлтжандылықтың ұраны
«отбасым-бақыт мекені!»
Білімдіден шыққан сөз
Н. Ә. Назарбаев шығармаларындағы көркемдік айтылымдар
Қазақстан мемлекеті – Мәңгілік ел!
ҚР Президентінің «ҚАЗАҚСТАН-2050» – стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауы
Отбасының типтері, отбасының түрлері
Патриотизм - санаға біртіндеп қалыптасатын, тынымсыз тәрбиенің нәтижесінде орнығатын ұлы сезім
Отбасында сыйластық, жарастық орната білейік
Пәндер